Сыйға тарту шартының мазмұны
Жоспар
Кіріспе 2
1 Тарау. Сыйға тарту шартының азаматтық – құқықтық мәні 5
1.1. Сыйға тарту шартының ұғымы, нысаны, элементтері,тараптары 5
1.2. Сыйға тарту шартының мазмұны 12
2 Тарау. Сыйға тарту шартының түрі, тоқтатылуы және жауапкершілігі 17
2.1. Сыйға тарту шартының бір түрі – қайырымдылық 17
Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24
Кіріспе
Сыйға тарту шарты күнделікті өмірде өте жиі кездесетін шарттардың бірі.
Адамзат табиғаты болар, адамдарға мейірімділік, жомарттылық, қайырымдылық
қасиеттері жат емес, сол себепті олар өздеріне ғана мәлім себептермен бір -
біріне арзан да, қымбат та сыйлықтар жасап жатады. Көп жағдайларда олар
Азаматтық кодекспен реттелетін қатынастарға түсіп отырғанын білмейді де.
Күрделі объектілерді, мысалы қозғалмайтын мүлікті сыйға тарту кезінде
тараптар сыйға тарту шартының бар екендігін әдетте біледі, себебі бұл шарт
формальдық процедуралардан өтуді қажет етеді. Ал қарапайым заттарға
келгенде және шартты жасасу мен оны орындау бір мезгілде жүзеге асқанда
тараптар азаматтық - құқықтық реттеудің әсеріне түсіп отырғанын көбіне
кейіннен біліп жатады. Айтайық, ерлі - зайыптылардың ортақ мүлкіне олардың
біреуіне берілген сыйлықтары кірмейді, ендеше ол ортақ мүлік ретінде
бөлінуге жатпайды. Басқа мысал, меншік құқығы жаңа меншік иесіне өзінің
барлық ауыртпалығымен қоса ауысады.
Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың
(сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік
құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттенеді не оны өзінің
немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе
босатуға міндеттенеді.
Сыйға тарту шарты біржақты шарттардың қатарына жатады. Шарт біржақты
болғандықтан, сый алушы сыйды алуға міндетті емес, бұл оның құқығы.
Дегенмен шарт жазбаша жасалған кезде шартты орындамау сый алушы үшін сый
берушіге келтірілген нақты нұқсанды өтеу түріндегі жағымсыз салдар туғызуы
мүмкін. Шарт нақты да, консенсуалды да бола алады. Шартты жасасу мен сыйды
беру бір мезгілде жүзеге асырылатын сыйға тарту - нақты шарт. Ал сыйды
келешекте беру уәдесін көздейтін шарт консенсуалды болады. Сый беру уәдесі
біржақты мәміле болып табылады. Бірақ уәдені көздейтін біржақты мәмілелер
сыйға тарту аясында ғана емес, басқа да салаларда, айтайық сыйға тартуға
ұқсас болып келетін сыйақыға жария түрде уәде беру кездеседі. Егер сыйға
тарту шартын жасаудың элементі ретіндегі сый беру уәдесі оферта болып
танылса, сыйақыға жария түрде берілген уәде дербес біржақты мәміле ретінде
қарастырылады. Екі уәденің екеуі де құқықтық мағынаға ие болу үшін олар
белгілі қасиеттерге ие болуы керек. А.Г. Диденко мұндай қасиеттер ретінде:
уәденің бастама сипатын; уәдедегі шарттарды келешекте іске асыруға
бағыттауды; уәденің міндеттілік мәнінің заңнамада немесе мәміледе
бекітілуін атайды.
Сыйға тарту шартының ең басты ерекшелігі ретінде оның барлық жағдайда
тек ақысыз болатындығын атауға болады. Шарттың ақысыз сипаты сыйға
тартылған мүліктегі кемшіліктер үшін сый берушінің жауапкершілік дәрежесіне
әсер етеді, басқа шарттарға қатысты қолданылмайтын негіздер бойынша сый
берушінің шартты орындаудан бас тарту, сыйға тартудың күшін жою мүмкіндігін
туғызады.
Қазіргі кезде сыйға тарту шартының пәні болып зат, сонымен қатар
мүліктік құқықтар да табылады. Нақты сыйға тарту затын көрсетпей - ақ
өзінің барлық мүлкін сыйға тартуға уәде беру жарамсыз болады. Бұл жағдайда
сыйға тарту пәні болмайды.
Сыйға тарту шартының тараптары сый беруші мен сый алушы болып азаматтық
құқықтың барлық субъектілері келуі мүмкін. Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар,
мемлекет, әкімшілік - аумақтық бөліністер.
Сый беруші болып әрекет қабілеттілігі бар адам бола алады. Сыйға тарту
мүмкіндігі 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар және сот әрекетке
қабілетсіз деп танығандар үшін барынша шектелген. Олардың атынан заңды
өкілдердің сыйға тартуына, сыйдың құны он айлық есептік көрсеткіштен
аспайтын жағдайды қоспағанда жол берілмейді. Онда да мұндай сыйды беру үшін
алдын ала қорғаушы мен қамқоршы органдардың келісімі керек.
Егер сыйға тартушы 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмаған немесе
әрекет қабілеттілігі шектелген кәмелетке толған болса заңды өкілі қорғаушы
және қамқоршы органның алдын - ала келісімінсіз сыйды беруге рұқсат ете
алмайды. Әрекет қабілеттігі шектелген және жартылай әрекет қабілетті
тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мәміле болып табылатын мәмілелерді ғана өз
бетімен (дербес) жасай алады. Әрекет қабілеттігі жоқ тұлға ешқандай
шектеусіз сый алушы ретінде бола алады, ал сыйды оның атынан қорғаншылары
(ата - аналары, асырап алушылары) алады. Қамқоршыларының келісімімен 14 пен
18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар және әрекет қабілеттілігі
шектеулі азаматтар сый алады (ал ұсақ сыйларды олар жеке өздері алуға
болады).
Сыйға тартушының құқықтары мен міндеттерінің, ол сыйға тарту шартының
реалды әлде консенсуалды түрін жасады ма соған қарап өзгешеленеді. Шарттың
мазмұнына шарттың нысанасы да әсерін тигізеді. Шартты жасасу және затты
беру сәттері бірдей болғанда (сыйға тартудың реалды шарты), сыйға
тартушының заттың өзін беруден басқа елеулі міндеттері болмайды. Сыйды
беру, оны сый алушыға беру оған қатысты белгілерді (кілті және тағы басқа)
беру немесе затқа құқықты растайтын құжаттарды ұсыну арқылы жүзеге асырылуы
мүмкін.
Сыйға тарту шартында сый беруші сый алушыдан ұзақ өмір сүрген жағдайда
сыйға тартудың күшін жою құқығы ескертілуі мүмкін. Егер шартта тікелей бұл
негіз көрсетілмесе, онда ол оған сілтеніп сыйға тартудың күшін жоюы мүмкін
болмайды. Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту және сыйға тартудың күшін
жою құны он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заттарға қолданылмайды.
Сыйға тартудың нысанасы болып бағалы қағазбен расталатын мүліктік құқық
келсе, бағалы қағаз ұсынушыға болса, сыйға тарту оны беру арқылы жүзеге
асырылады.
Сый алушының сый алуға құқығы бар. Егер сыйға тарту шартының нысанасы
белгілі бір зат болса және сый беруші өз уәдесін орындамаса, сый алушы оны
беруді талап ете алады. Егер заттар текті болса, немесе сыйға тартудың
нысанасы болып мүліктік құқық келсе, ол келтірілген залалдың орнын
толтыруды талап етуге құқылы.
1 Тарау. Сыйға тарту шартының азаматтық – құқықтық мәні
1.1. Сыйға тарту шартының ұғымы, нысаны, элементтері,тараптары

босатуға міндеттенеді [1].
Сыйға тарту шарты Азаматтық кодексте аталған және онда көп кездеспейтін
ақысыз шарттардың бірі болып табылады. Кейбір шарттар, айтайық, тапсырма,
заем, сақтау және тағы басқалары ақылы да, ақысыз да бола алады. Заң
шығарушы ол шарттарға қатысты ақылы болу не, керісінше, ақысыз болу
презумпциясын белгілейді не болмаса шартты ақылы не ақысыз деп белгілеу
мүмкіндігін толығымен тараптардың өздеріне береді. Бұнымен бір мезгілде
Азаматтық кодекстің 384 - бабында шарттардың ақылы болу презумпциясын жалпы
ереже ретінде ұстанады. Сыйға тарту шартының ең басты ерекшелігі ретінде
оның барлық жағдайда тек ақысыз болатындығын атауға болады. Шарттың ақысыз
сипаты сыйға тартылған мүліктегі кемшіліктер үшін сый берушінің
жауапкершілік дәрежесіне әсер етеді, басқа шарттарға қатысты қолданылмайтын
негіздер бойынша сый берушінің шартты орындаудан бас тарту, сыйға тартудың
күшін жою мүмкіндігін туғызады [2].

белгілі қасиеттерге ие болуы керек. А.Г. Диденко мүндай қасиеттер ретінде:
уәденің бастама сипатын; уэдедегі шарттарды келешекте іске асыруға
бағыттауды; уәденің міндеттілік мэнінің заңнамада немесе мәміледе
бекітілуін атайды [3].
Сыйға тарту шартының азаматтық айналымдағы ерекшеліктеріне қарай заң
шығарушы шарт нысанына арнайы талаптар қояды. Егер нақты сыйға тарту шарты
жасалса, жалпы ереже бойынша ауызша нысанда жасалады, бұл жағдайда
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 151, 152 - баптарының
нормалары қолданылады. Заң кейбір нақты сыйға тарту шартын жазбаша түрде
жасауды талап етеді. Жазбаша нысанда жасау, егер сыйға тартушы заңды тұлға
болып және сый мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен асатын болса талап
етіледі. Мүндай талап заңды тұлғаның балансындағы мүліктің тіркелу
ережелерімен байланысты. Егер мүлік заң негізінде қайтарымсыз берілсе онда
тиісінше дәлелдемелерде болуы тиіс (чек немесе құжаттардың болмауы анық) ал
кері жағдайда заңды тұлға органдары (материалды жауапты түлғалар)
жетіспеушілік үшін жауапты болады. Бірақ бүл міндетті талап емес, сыйға
тартудың жазбаша нысанын сақтамаған жағдайда шарт жасалғаны басқа да
жазбаша жасалған қүжаттармен дэлелденуі мүмкін. Сыйға тартуды заңды
тұлғалармен еңбек қатынастарында тұратын жұмысшылырды материалдық
нысанындағы көтермелеуден ажырата білу керек, бірақ та мұндай қатынастар
еңбек заңымен реттелмеген бөлігінде сыйға тарту нормаларымен реттелуі
мүмкін. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларында дәл
көрсетілмегендігіне қарамастан, егер сыйға тарту шартын мемлекеттік тіркеу
талап етсе, ол жазбаша басалады. Өйткені қозғалмайтын мүлікке құқықты
тіркеу үшін осы мүлікке құқықты беретін құжаттар керек. Алдағы уақытта
сыйға тартуға уәде беру - консенсуалды шарт болып табылады және әрқашан
жазбаша түрде жасалады. Осы шарттың заң талап ететін жай жазбаша нысанының
сақталмауы оның жарамсыздығына әкеп соғады [4].
Қазіргі кезде сыйға тарту шартының пәні болып зат сонымен қатар мүліктік
құқықтар да табылады. Нақты сыйға тарту затын көрсетпей - ақ өзінің барлық
мүлкін сыйға тартуға уәде беру жарамсыз болады. Бұл жағдайда сыйға тарту
пәні болмайды. Қандай да игілікті қайтарымсыз алу әрқашан сыйға тарту болып
танылмайды. Рим құқығында қайтарымсыз пайдалану, процентсіз займ жэне
қайтарымсыз сақтау сыйға тарту деп қарастырылмаған. Сыйға тарту болып бір
нәрсені уақытша пайдалануға беру немесе ақысыз қызметті жүзеге асыру болып
келмейді, тек сезілетін нәрсені (субстанцияны) беру сыйға тарту болып
бағалануы мүмкін. Айтылған Қазастан Республикасының азаматтық құқықтық
доктринасында қалыптасқан сыйға тарту шартының түсінігіне және оның пәніне
қарама - қарсы келмейді. Егер де сыйға тарту белгілі бір міндеттемеден
босатса, онда, бұл әрекетте біз азаматтық - құқықтық міндеттемені борышты
кешіру арқылы тоқтату сияқты Азаматтық кодексінің 373 - бабымен көзделген
әрекеттен өзгешелікті байқай алмаймыз [5].
Сый алушының міндеттемеден босатылу жағдайында әдетте сыйдың пәні
болмайды. Бұл кезде сый алушы сый берушіден мүлік алмайды. Сыйдың нысанасы
болып сый алушы жеткен жетістіктер саналады, бірақ оны азаматтық - құқықтың
қандай да бір объектісі ретінде бағалауға болмайды. Осы жағдайда сый алушы
сыйдың арқасында өзінің мүлкін сақтап қалады. Бірақ оның құрамы сый алушы
босатылған міндеттеме сияқты нақты емес сыйға беруші борышкерді үшінші
тұлғалар алдындағы міндетінен босатқан кезде де ұқсас жағдай пайда болады.
Осындай қайшылықтар салдарынан сыйға тартуды реттейтін заңнама біздің
ойымызша өзгертулерді керек қылады. Біздің ойымызша сыйға тарту шарттардың
қатарынан сыйға алушы сыйға беруші немесе үшінші тұлға алдындағы
міндеттемесінен босатылатын жағдайларды алып тастау керек. Сыйға тарту
шартының нысанасын ол қандай түрге жататындығы әсер етеді. Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 516 - бабына сәйкес жалпы пайдалану
мақсатында затты немесе құқықты сыйға тарту қайырымдылық деп танылады.
Қарастырылған норманың мазмұнын біз қайырымдылық нысанасы болып тек зат
немесе мүліктік құқық табылатынын көре аламыз. Ал қарапайым сыйға тарту
мұндай шектеулерді білмейді [6].

мемлекет, әкімшілік - аумақтық бөліністер. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
департаментінің 1998 жылғы 22 қазандағы 637 - қаулысымен жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуымен
ұйымдарға арендаға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген қолданылмайтын
өндірістік ғимараттар, объектілер және офистік ғимараттарды меншігіне беру
ережесі бекітілген болатын. Бұл ереже Қазақстан Республикасының
Президентінің Жеке кәсіпкерлік қолдануды күшейту және активизациялау
туралы 1997 жылғы 6 наурыздағы 3398 Жарлығына және Жеке кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
қабылданған болатын. Бұрын Қазақсатн Республикасында жекешелендіруге
жататын пәтерлерді (және басқа да үй - жайларды) қайтарымсыз азаматтың
меншігіне беру орын алған болатын. Жоғарыда көрсетілген жағдайда сый беруші
болып мемлекет немесе әкімшілік - аумақтық уәкілдік берілген орган арқылы
шартта қатысады [7].
Ал сый алушылар болып шағын кәсіпкерлік субъектілері табылады. Бүл
шартты қайырымдылыққа жатқызуға болмайды. Өйткені шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің жалпыға пайдалы қызметі жүзеге асыруы талап етілмейді. Ал
егер мемлекеттің басқа жағдайда сыйға беруі туралы айтатын болсақ, мынаны
ескеру керек: әкімшілік акт негізінде мемлекеттік мекемелер мен
кәсіпорындарға мүлік (компьютерлер, кітаптар, құрал - саймандар, ғимараттар
және тағы басқа) олардың жедел басқаруына шаруашылық жүргізуіне беріледі.
Бұл қатынастарда сыйға тарту болуы мүмкін емес, өйткені меншік иесі бар. Ол
- мемлекет. Бұл жағдайда қайырымдылық тек жеке меншік нысанындағы заңды
тұлғалар пайдасына жасалуы мүмкін [8].

қабілетсіз деп танығандар үшін барынша шектелген.Олардың атынан заңды

алмайды. Әрекет қабілеттігі шектелген жэне жартылай әрекет қабілетті
тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мәміле болып табылатын мэмілелерді ғана өз

18 жас аралығындағы кэмелетке толмағандар және әрекет қабілеттілігі

Ресей Федерациясының кәмелетке толмағандармен немесе олардың қатысуымен
жасалатын сыйға тарту біздің елге қарағанда басқаша тұрғыдан жол тапқан. Ол
кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттігі құқықтарын реттейтін батыс
елдерінің заңдылықтарына ұқсас. Мысалы, Ресей Федерациясыеың Азаматтық
кодексінің 26 - бабының 2 - тармағына сәйкес 6 жастан 14 жасқа дейінгі және
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өз беттерімен нотариаттық
куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап етпейтін ақысыз пайда алуға
бағытталған мәмілелерді жасай алады. Осындай шешімдермен келісуге болады,
бірақ балалардың тәрбиесіне, жүйкесіне, моральдық дамуына зиян келтіруі
мүмкін сыйларды табыс етуге тыйым салу керек [9].
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 509 - бабына сәйкес, құны
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын әдеттегі сыйлықтарды
қоспағанда, емдеу, тәрбиелеу олардың емдеуіндегі, асырауындағы не
тәрбиесіндегі азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарынан
сый алуға тыйым салады. Құны он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын
әдеттегі сыйлықтарды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілерге олардың
лауазымды жағдайына байланысты немесе олардың қызметтік міндеттерін
атқаруына байланысты сыйға тартуға жол бермейді. Сыйға тартуды пара алудан
айыра білу керек. Құқыққа қылықты пара алу (пара беру) қылып бағалау
мүліктің мөлшерімен бағасына байланысты емес. Параны қорқытып алу жағдайы
болмағанда заңға қайшы ниеттенулер екі тарапта бірдей болып келеді. Егер
сый коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функциясын атқаратын тұлғаға
берілсе де, жасалған әрекеттің қайшылығы орын алады.
Егер мүлік заңды тұлғаның жедел басқару (шаруашылық жүргізу) қүқығында
болса оны тек меншік иесінің келісімімен сыйға тартуға болады. Бұл шектеу
құны он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын әдеттегі сыйлықтарға
қойылмайды. Қайырымдылық шартының субъектісі, яғни сый алушы болып азамат,
емдеу, тәрбие беру мекемелері, әлеуметтік қорғау мекемелері жэне басқа да
сол сияқты мекемелер қайырымдылықпен айналысатын ғылыми, оқу, мәдениет
мекемелері, қоғамдық және діни бірлестіктері, яғни коммерциялық емес заңды
тұлғалар келе алады. Аталған норманың мағынасы бойынша сыйға алушылар болып
тізіп көрсетілгендей міндеттерді атқаратын коммерциялық заңды түлғаларда
келе алады. Қайырымдылық шарты мемлекет немесе экімшілік - аумақтық
бөліністің пайдасына да жасалуы мүмкін [10].
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 220 - бабына сәйкес сыйға
тартушы бірлескен меншіктің қатысушысы болса онда сыйға тартуға бірлескен
меншікке қатысушылардың барлығының келісімімен ғана жол беріледі. Мүлікке
билік ету жөніндегі мәмілені қатысушылардың қайсысы жасағанына қарамастан
бірлескен меншіктегі мүлікке билік етуге өзге қатысушылардың келсімі бар
деп есептеледі. Бірақ, сыйға тарту шартын қалған қатысушылардың келісімі
бар деп болжанылуы мүмкін шарттарға жатқызбау керек. Мүлікті жеке басымен
сыйға тартатын ортақ бірлескен меншік құқығының қатысушысы ортақ мүддеде
әрекет етпегесін қалған қатысушыларға мәмілені жарамсыз деп таныттыру
қүқығы берілуі керек. Нотариаттың куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді
талап ететін мәміле жасалғанда бұл мәселе туындайды, ондай жағдайларда
мәмілені жасауға бірлескен меншікте барлық қатысушылардың келісімі алдын
ала нотариатты расталуы тиіс [11].
Сыйға тарту қатынастарында өкілдікке жол беріледі. Сыйға тарту шартын
жасау үшін жалпы сенімхат қолданылуы мүмкін емес. Сый беруші берген
сенімхатта сый алушы аталуы керек және сыйдың пәні көрсетілуі керек, онсыз
сенімхат жарамсыз болып табылады. Сыйға тарту шартында әмбебеп құқықтық
мирасқорлық туралы ережелердің қолданылуында айырмашылықтар бар. Сыйға
тартудың консенсуалды шарты (болашақта сыйға тартудың уәдесі) оның
орындалуы жеке несие берушіге (сыйға алушыға) арналған міндеттеменің пайда
болуына әкеледі. Оның өлуімен (заңды тұлға таратылуымен) ол тоқтатылады.
Бұл норманың мінезі диспозитивті жэне ол тараптардың келісімімен өзгертілуі
мүмкін [12].
1.2. Сыйға тарту шартының мазмұны

тартушының заттың өзін беруден басқа елеулі міндеттері болмайды. Сыйды беру
оны сый алушыға беру оған қатысты белгілерді (кілті және тағы басқа) беру
немесе затқа құқықты растайтын құжаттарды ұсыну арқылы жүзеге асырылуы
мүмкін. Мұны сыйға тартушы барлық міндеттерден босатылған деп санауға
болмайды. Егер заттың керек жарағы болса онда сый тартушы оны беруге
міндетті болып табылады. Мүлікті берген уақытта сыйға тартушы оған қоса
тиісті қүжаттарды да беруі керек. Өйткені мүлік (бірінші кезекте заттар)
сый алушыға қайтарымсыз беріледі. Сыйға тарту шартында сыйға беруші сыйға
алушының мүлікке қүқықтарын ресімдейтіні қарастырылуы мүмкін. Сыйға тарту
шартының ақысыздығы сыйлаушыға сыйды алушының өзіне, оның мүлкіне қауіпті
заттарды сыйлау құқығын бермейді [13].

сыйға тартудың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz