Таразылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Жоспар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.Бастапқымәлімет ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1. Терминдер мен
анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .5-6

2. Таразының жалпы сипаттамасы,
классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... 7-12

1. Таразының техникалық талаптары. Сыналатын сапа параметрлері ... ... .13

1. Қазақстан Республикасының нарығында таразылар айналымының
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2. Метрологиялық
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 13-16

3. Таразылардың конструкциясына және құрылғысына қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16-18
4. Таразылардың қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

5. Таразының сыналатын сапа
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..18-24

2. Таразының сынау әдістемесін әзірлеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25-27

3. Сынау
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 28

1. Сынақтың
классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .28-29

2. Сынаққа үлгілерді
әзірлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..29-32

3. Таразыны сынау
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...32-33
4. Сынақ нәтижесін
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..33
1. Таразының сапасын жақсарту бойынша
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ...33-36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 6-37

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...38

Кіріспе

Таразы - дененің массасын оған әсер етуші ауырлық күшінің көмегімен
анықтайтын құрал.
Ертедегі адамда заттардың салмағын өлшейтін қазіргідей таразы мен
гирлер болған жоқ, нәрсенің ауыр-жеңілін көрсететін зілдей
қаңбақтайдеген сияқты салыстырма ұғым ғана болды(cурет-1).
Кейін адамдар азық-түлік сияқты салмақты заттарды айырбастап алыс-беріс
жасалғанда, оларды өлшеу (таразыға тарту) қажеттігі туындады, бірақ
таразыны және онымен өлшеу тәсілін табу оңай болмады. Таразының алғашқы
түрі рычагты таразы, ол адам рычагпен пайдалануды білген соң ғана шықты.
Вавилондықтар біздің эрамызға дейінгі 3000 жылдар шамасында рычагпен
пайдалануды білді, ал мысырлықтардың біздің эрамызға дейінгі 2000 жылдар
шамасында пайдаланған рычагты таразының суреті табылған.
Таразы —салмақ, ауырлық күшін әсерін анықтау арқылы денелер масса
анықтау үшін арналған құрылым немесе (өлшеу) құрал.
Бүгінде тұтынушыға таразылардың осындай біршама түрлерінен таңдау
жасау күрделi, өйткенi қазіргі таңда өлшеу техникалық шетел және отандық
өндiрушiлер зертханалық таразылар және олардың түрлендiрулерiнің үлкен
ассортименттерін ұсынады. Ең алдымен таразылардың осыншама көп түрлерінің
болуы сапалық көрсеткіштерінің әртүрлілігімен сипатталады: бөлу бағасы,
техникалық көрсеткiштерге өлшеудiң ең төменгi және максимал шегi, дәлдiк
класы және сенiмдiлiк және өлшегiш аспапты тағайындауды бағдарлау т.б.
Сондықтан осы курстық жұмыстың негізгі тақырыбы таразы, жасалу
технологиясы,тағайындалуы,жіктелуі жайлы болмақ. Таразы өлшеу құралының
зерттей келе ,оның сапасын, дәлдігін, ұзаққа жарамдылығын жоғарылататын
көрсеткіштерге ие болу ,олардың мәнін анықтап, бағалау деңгейлерін көрсету.

Сурет-1

1. Бастапқы мәлімет

Қарапайым машиналар, агрегаттар және приборлар жұмыс режимінің
ұзақтығы, температура, қысым, радиацияның деңгейі, жылдамдықтың тоқтаусыз
өсуі және тасымалдаудың ұзақтығы сияқты қиын жұмыс жағдайларында
эксплутацияланады.
Осындай тұрмыстық бұйымдар және материалдарды жасағанда олардың
тасымалдау процесіне әсер ететін негізгі факторларды анық қарастыру қажет.
Бұл мәліметтер сыртқы әсерлерді модельдеу кезінде жаңа материалдар мен
бұйымдарды жасау процесіндегі сияқты дайын болған өнімнің сапасын
бағалағанда да қажет. Сынаудың басты тапсырмасы болып сынау шарттарын
экстремалды тасымалдау шарттарына максималды түрде жақындату мен осы
жағдайдағы негізгі қасиеттердің, функциялардың және бұйымдар мен
материалдардың сипатының өзгеруін сандық жағынан анықтау табылады.
Әсер етуші факторлардың түрлері мен олардың мәні материалдар мен
бұйымдардың тасымалдану шарттарына байланысты стандарттарда және техникалық
шарттарда орнатылады, ал техникалық тапсырмаларда ол қайтадан жасалған өнім
үшін олардың жасалуына орнатылады. Негізгі әсер етуші факторларға
механикалық, биологиялық және арнайы орталар, сондай-ақ магнитті
шағылдыратын және иондаушы орталар жатады (1-сурет).
Механикалық әсерлер статикалық, вибрациялық және соғу салмақтарын,
түзусызықты үдеуді, акустикалық шуды білдіреді. Олар бұйым материалының
тұрақтылығы мен қысылуы жағдайынан, иілу, айналу және созылу әсерінен
бұзыла бастайды.
Механикалық салмақ түсіру жағдайында функцияланатын бұйымдар өте
тұрақты және берік болуы қажет. Ал аталмыш механикалық салмақ түсіру
жағдайында функцияланбайтын бұйымдар тек осы салмақ түсіру кезінде ғана
берік болуы тиіс.

1. Терминдер мен анықтамалар

Сапа ұғымы қолданылатын кез-келген объект квалиметрияның объектісі бола
алады. Бұл оқу құралында мұндай объектілер шеңбері өнім өндіру және қызмет
көрсетуге байланысты объектілермен ғана шектелген. Және де кез-келген
өнімдермен емес, тек қана өнеркәсіптік өнімдермен, дегенмен айта кететін
жәйт өнеркәсіптік өнімдерге қатысты қолданылатын көптеген әдістер мен
тәсілдер ауылшаруашылық өнімдеріне де, атап айтқанда табиғат өнімдері,
демек табиғат өндіретін – саңырауқұлақ, жидек, жабайы "Автоматты емес
салмақ өлшейтін аспаптарға қойылатын талаптар" техникалық регламентінде
Қазақстан Республикасының " Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы " 2000
жылғы 7 маусымдағы және " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9
қарашадағы Заңдарымен белгіленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ
мыналар пайдаланылады:
1) автоматты емес салмақ өлшейтін аспап - өлшеу барысында
оператордың іс-қимылын (қатысуын) талап ететін гравитациялық жүктеменің
әсер ету жағдайында дененің массасын анықтауға (осы денеге ауырлық күшінің
әсерін пайдалану жолымен) арналған өлшем құралы;
2) бөлу бағасы (d) - ұқсас есептегіш құрылғысы бар таразылар
шәкілінің екі көрші белгілеріне сәйкес келетін масса мәндерінің түрлілігі
немесе таразыларды есептеудің дискреттігіне сәйкес келетін массаның мәні;
3) дәлдік - олардың қателігінің нөлге жақындығын білдіретін
таразылар сапасының сипаттамасы;
4) дәлдік класы - жол берілетін негізгі және қосымша
қателіктердің шегімен, сондай-ақ мәндері таразылардың жекелеген түрлеріне
нормативтік құжаттарда белгіленетін дәлдікке әсерін тигізетін басқа да
қасиеттермен анықталатын таразылардың жинақталған сипаттамасы;
5) өнім беруші - өз атынан таразыларды өткізуді жүзеге асыратын
заңды тұлға, оның ішінде шетелдік немесе жеке кәсіпкер;
6) көп аралықты таразылар - жүктеменің көбеюінде де сол сияқты
азаюында да автоматты түрде белгіленетін шәкілдерінің әртүрлі аралықты
жекелеген кіші диапазондарға бөлінген өлшеудің бір диапазоны бар таразылар;

7) көрсетуші құрылғы - таразылаудың нәтижелерін тікелей есептеуге
болатын таразылардың құрамдас бөлігі;
8) пайдаланымға беру - таразыларды мақсаты бойынша қолдануға
дайындығын белгілейтін құжаттық рәсімделген оқиға;
9) нөлге орнату құрылғысы - таразыларды нөлдік жағдайға әкелуге
көмектесетін құрылғы;
10) өлшеу диапазоны - өлшеудің ең аз және ең көп шегі арасындағы
диапазон;
11) өлшеудің бірнеше диапазоны бар таразылар - әртүрлі барынша
көп қабылданатын жүктемесі және сол бір ғана жүк қабылдайтын құрылғы үшін
шәкілінің әртүрлі аралығы бар өлшеудің екі немесе одан да көп диапазоны бар
таразылар. Әр диапазон нөлден басталады және барынша көп қабылданатын
жүктеменің мәнімен аяқталады;
12) өлшеудің ең көп шегі (ӨКШ), өлшеудің ең аз шегі (ӨеАШ) -
төменнен және жоғарыдан (сол жағынан және оң жағынан) өлшеу диапазонын
шектейтін жүктеме шамасының мәні;
13) өндіруші - өз атынан таразыларды өндіруді жүзеге асыратын
заңды тұлға, оның ішінде шетелдік немесе жеке кәсіпкер;
14) салыстырып тексеруді бөлудің бағасы (е) - таразыларды жіктеу
және оларға қойылатын дәлдік талаптарын нормалау кезінде пайдаланылатын
масса бірліктерімен көрсетілген шартты шама;
15) салыстырып тексеруді бөлудің саны - өлшеудің ең көп шегінің
салыстырып тексеруді бөлудің бағасына қатынасы (n = ӨКШе);
16) таразыларды нарықта орналастыру - өндірушінің (өнім
берушінің) таразыларды айналымға шығаруға ұсынуы;
17) таразылардың нарықтағы айналымы - таразыларды өндіруді
аяқтағаннан кейін олар өтетін барлық процестерді қамтитын таразылардың
өндірушіден пайдаланушыға (тұтынушыға) қозғалысы.
Механикалық факторлардың әсеріне деген беріктілік – бұл механикалық
факторлар әсер еткеннен кейін өзінің параметрлері мен функцияларын сақтап
қалу қабілеті.
Механикалық факторлардың әсеріне деген тұрақтылық – бұл механикалық
факторлар әсер ету кезінде орнатылған нормалар шегінде өзінің функцияларын
орындап, параметрлерін сақтап қалу қабілеті.

1.2. Таразының жалпы сипаттамасы, классификациясы

Таразының үй жағдайында пайдалану үшін қолға ұстайтын, қабырғаға
ілетін және стол не еденге қоятын түрлері шығарылады. Пайдалануға ыңғайлы,
ықшам, құрылымы қарапайым келеді. Дегенмен, зертхана немесе дүкен
таразыларымен салыстырғанда дәлдігі төмендеу болады. Тұрмыстық таразылардың
серіппелі және иінді түрлері көбірек тараған. Серіппелі таразының негізіне
жазық не цилиндр спиральді серіппе алынады. Оның қызметі өлшенетің заттық
салмағы мен сығылған не созылған серіппе күшін теңестіруге негізделеді;
таразының көрсетуін шкала бойынша есептейді. Ал, шкала бойымен серіппе
арқылы жалғасқан көрсеткіш жыл жын отырады. Серіппелі қол таразысы 6 немесе
10 килограмдық (шкаласы 200 г және 250 г-дық бөліктерге бөлінген) болып
шығарылады. Тамақ дайындағанда не қайнатпа әзірлегенде қажетті өнім
мөлшерін білу үшін серіппелі стол немесе қабырға тарамысы.

Қазіргі заманауи аз массалы заттарды өлшейтін таразылар ГОСТ
29329-92 стандартына сай жіктеледі:

o Қолдану аймағына байланысты (эксплуатациялық талғамына сай):

• автомобильді.

• багаждық.

• тұрмыстық.

• вагондық.

• мал салмағын өлшейтін.

• сүт салмағын өлшейтін.

• крандық.

• лабораториялық.

• медициналық.

• монорельстік.

• тауарлық.

• сатылым.

• почталық.

• элеваторлық.

o Өлшеудің дәлдігіне байланысты:

• орташа дәлдік класымен

• қарапайым дәлдік класымен.

o Эксплуатациясы және орнында орналасу түріне байланысты:

• кірістірілген

• едендік

• үстелдік

• жылжымалы

• ілініп тұратын

• стационарлық.

o Теңестіретін құрылғы түріне байланысты:

• электромеханикалық (электрондық)

• механикалық.

o Жүк қабылдау түріне байланысты:

• бункерлік.

• монорельстік.

• конвейерлық.

• платформалық.

o Теңесу деңгейіне жету тәсіліне байланысты:

• автоматтандырылған теңесумен

• жартылай автоматтандырылған теңесумен

• автоматтандырылмаған теңесумен.

o Есептеу құрылғы түріне байланысты:

• аналогтық есептеу құрылғысымен

• дискреттік есептеу құрылғысымен.

Зертханалық таразыларға міндеттелген техникалық талаптары келтірілген
ГОСТ 24104-01 стандартына сай таразылар былайша классификацияланады:

o Дәлдік класына байланысты:

• арнайы

• үлкен

• орташа

Өлшеу процесінің қандай физикалық заңдарға негiзделгеніне байланысты
салмақ өлшейтін құралдар (тетiк қағидаларда негiзделген) тұтқалы, (қол
серiппелi салмақтары Гука заңда негiзделген) серiппелi, (электр
кедергiсiнiң өзгерiсiнде негiзделген, вагондардың үлкен жүктерi үшiн
қолданылады) электротензометрикалық, (архимедтiң күшiнiң әсерiне
негiзделген, денелердiң тығыздықтарының өлшемi үшiн қолданылады)
гидростатикалық, гидравликалыққа бөлуге болады.

Серіппелі таразы - серіппенің серпімді деформациялануын тудыратын күшке
байланысты дене салмағын өлшейтін құрал.

Таразылардың негізгі түрлері: зертханалық операцияларда қолданылатын
және өнеркәсіптік қолданыстағы таразылар.
Зертханалық таразы салыстыру дәлдігі бойынша келесі грамдарға дейін:
* дөл өлшеулерге арналған (дәлдігі 10 мг-ға дейін);
* аналитикалық (дәлдігі 0,2; 0,02; 0,001 мг-ға 10-9  торзиондық және т.б.)
Таразылардың 50 кг-ға дейінгі өнімдерді өлшеуге арналған және олардың
2%-ға дейінгі дәлдігі бар (циферблатты таразылардың дәлдігі - 0,5% ).
Өрескел өлшеу таразыларының құрылымы: табағы, бар үстелдік (а), шкалалық
(б), циферблаттыцстелдік (в) және тауарлық 3- ... 4-шкала; 5-көрсеткіш; 6-
отвес; 7-баланс ұстаушы гайка; 8-дога.
Жүк көтергіштігі 200 кг және ауа кронштейндерге орнатылуды талап етеді.
Олар қозғалыстағы темір жол көлік құралдарын таразылауға арналған таразылар
Шекті жүктемесі 1 кг аса жоғары дәлдіктегі метрологиялық құрылымы бар.
Ол салыстырылатын кірлердің орнын ауыстыруга және басқа да
әрекеттерге мүмкіндік береді. Бұл таразылар мемлекеттік эталонның массасын
тексергенде өте тез, әрі дәл
өлшеуде пайдаланылады. Арнаулы салмақ өлшегіш құрал-жабдықтардың құрылымы:
а - вагон таразы; б -төбелік таразы; в - автокөліктерге арналган таразы
Ал сату таразылары эксплуатация шарты мен құрылу орнына байланысты
бөлінеді:
• Үстелге қоятын таразы – жұмыс орны жазықтығының үстіне қойылатын
таразы. Көп жағдайда сатушының тұтынушыға тауарларды сату барысында
қолданылады. Ережеге сай стационарлы түрде қондырылады.

• Еденге қойылатын таразы - еден не жабынға орнатылатын таразы. Басқа
орынға ауыстырылатын, қол жүкпен, арбамен жуктелетін жүктерді өлшеу
үшін қолданылады.

• Жылжымалы таразы – жылжыту құрылғыларымен жабдықталған, жүкті тасудың
мобильді үлгісі болып табылады.

• Кiрiстiрiлген - жұмыс бет орнатылған саудалық салмақтар тұрақты болып
табылады.

• Аспалы таразы - мұндай таразылардың конструкциясы олардың монтажы
және аспалы кронштейнге қойылуы ескеріледi.
Дәлдiк класы бойынша саудалық таразылар жiктеледi:
• III-шi орташа класс• IIII-шi кәдiмгi класс

Көрсетулердi алу әдiсі бойынша саудалық таразылар болады: жергiлiктi
индикатормен (салмақ өлшеуші өнімнің салмағын жанында тұрып өлшей алады);
жойылған терминалмен (салмақ туралы мәлiметтер алып тастаған индикаторларға
берiледi).

Саудалық таразылар көрсетулердi есептеу нәтижесiнiң түрi бойынша
болады: салмақ туралы ақпаратты басқарудың визуалды түрі және чектерге
немесе лента мөрмен құжатталған түрі.

ГОСТ 29329-92 сай саудалық таразылардың өнім сапа көрсеткіштері:

1. Өлшеудің ең үлкен шегі (ӨЕҮШ) г, кг, т;

2. Өлшеудің ең кіші шегі (ӨЕКШ) г, кг, т;

3. Дәлдік класы;

4. Тексеріс бөлімінің бағасы e г, кг;

5. Дискрета d немесе бөлім бағасы г, кг;

6. Алғашқы тексеріс пен орын ауыстыру кезінде кететін шекті
қателік e, г, кг;

7. Сезімшілдік шегі электронды таразылар үшін 1,4e;

8. Санап шығару құрылғысының типі;

9. Теңестіретін құрылғының типі;

10. Масса-габариттік көрсеткіштер;

11. Қуат көзінің желісі;

"Автоматты емес салмақ өлшейтін аспаптарға қойылатын талаптар" техникалық
регламенттің талаптары қолданылатын өнімдердің тізбесі

СЭҚ ТН коды Позициялардың атаулары
1 2
8423 өлшенетін жүктің ауырлық күшімен қозғалысқа
келтірілетін есептік немесе бақылау машиналарын қоса
алғанда, өлшеуге арналған жабдық (сезгіштігі 0,05 г
немесе одан жоғары таразылардан басқа); барлық түрдегі
таразыларға арналған теңдестіргіш
8423 10 - емізілетін балаларды қоса алғанда, адамдарды өлшеуге
арналған таразылар; тұрмыстық таразылар:
8423 10 900 0 - өзгелері
- өлшеуге арналған жабдық, өзгелері
8423 81 - 30 кг-нан астам емес өлшеудің барынша көп массасы:
8423 81 500 0 -дүкендік таразылар
8423 81 900 0 -өзгелері
8423 82 -30 кг астам, бірақ 5000 кг аспайтын өлшеудің барынша
көп массасы:
8423 82 900 0 -өзгелері
8423 89 000 0 -өзгелері
9016 00 -сезгіштігі 0,05 г немесе одан жоғары, теңдестіргіштері
бар немесе жоқ таразылар:
9016 00 100 0 - таразылар

      Ескертпе: 
      * Өнімдердің кодтары "Кедендік тариф және Қазақстан Республикасының
сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы" жіктеуішіне сәйкес
көрсетілген.

2. Таразының техникалық талаптары. Сыналатын сапа параметрлері

1. Қазақстан Республикасының нарығында таразылар айналымының шарттары

1. Қазақстан Республикасының нарығында орналастырылатын таразылар
Заңның және осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келуі
тиіс.
Қолданылуы осы Техникалық регламенттің 1-тармағы 1) тармақшасында
санамаланған айналымдағы таразылар Заңда және осы Техникалық регламентте
белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс және осы Техникалық регламенттің 2-
қосымшасына сай таразылардың сәйкестігін растайтын құжаттары болуы тиіс.
Таразылар құрылғыларды қамтитын техникалық регламентте осы
Техникалық регламенттің 1-тармағы 1) тармақшасында санамаланған қолданудың
түрлері үшін пайдаланылмайтын құрылғылармен байланысты жағдайда мұндай
құрылғылар, сондай-ақ осы Техникалық регламенттің 1-тармағы 2)
тармақшасында санамаланған таразылар осы Техникалық регламенттің 4 және 5-
тарауларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген құрылғылар өлшем нәтижелеріне әсерін
тигізбеуі тиіс.

2. Таразылар пайдалану шарттары туралы ақпараты бар Техникалық
құжаттамаларға сәйкес және осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес
жинақталуы және пайдаланылуы тиіс.
3. Осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін осы
Техникалық регламенттің 7-тарауында келтірілген Заңның 17-бабына сәйкес
типін бекітудің белгісімен таңбаланған таразылар айқындалған жағдайда
техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган өлшем
бірлігін қамтамасыз ету саласында қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар
қабылдауы тиіс.

2. Метрологиялық талаптар

4. Масса бірліктері
Қолданылатын масса бірліктері Өлшемдер және салмақтар жөніндегі
бас конференция қабылдаған және Халықаралық заңнама метрология ұйымы
ұсынған Халықаралық бірліктер жүйесіне (бұдан әрі - СИ жүйесі) сәйкес келуі
тиіс.
Берілген шартты орындау кезінде мынадай бірліктерге рұқсат
берілген:
СИ жүйесінің бірліктері: килограмм, грамм, миллиграмм,
микрограмм;
СИ жүйесінен тыс басқа бірліктер: тонна, троялық унция,
метрикалық қарат (асыл тастарды өлшеу кезінде).
5. Дәлдік кластары
Мынадай дәлдік кластары белгіленген:
I - арнайы
II - жоғары
III - орташа
IV - қарапайым
Таразылардың сипаттамалары көрсетілген дәлдіктің кластарына
байланысты осы Техникалық регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.
6. Шәкілді бөлу бағасы
Шәкілді бөлу бағасының (есептеу дискреттігі) (d) және салыстырып
тексеруді бөлу бағасының (е) мынадай түрі болуы тиіс:
1*10 к , 2*10 к немесе 5*10 к масса бірлігі,
мұндағы к - бүтін сан немесе нөл.
Көмекші құрылғылары бар таразылардан басқа барлық таразылар үшін
мынадай шарттар белгіленген:
е=1*10 к г;
dе 10 d,
I дәлдік класының таразыларынан басқа, олар үшін d 10 -4 г; е =
10 -3 г.
7. Таразылардың түріне байланысты қойылатын метрологиялық
талаптар:
1) Өлшеудің бір диапазоны бар таразылар
Көмекші құрылғымен жарақтандырылған таразылар I дәлдік класына
немесе II дәлдік класына жатуы тиіс. Бұл дәлдік кластарының таразылары үшін
өлшеудің төменгі шегінің ең аз рұқсат етілген мәндері кестеде көрсетілген
осы Техникалық регламенттің 3-қосымшасына сәйкес келеді, мұнда 4-бағандағы
салыстырып тексеруді бөлу бағасы (е) шәкілді бөлу бағасына (d)
ауыстырылады.
Егер d 10 -4 г болса, онда I дәлдік класын таразылаудың ең көп
шегі 50000 е аз болуы мүмкін.
2) өлшеудің бірнеше диапазоны бар таразылар (шәкілдің бөлудің
түрлі бағасы бар таразылар)
Өлшеудің бірнеше диапазонының болуы, егер олар таразыларда нақты
көрсетілген жағдайда рұқсат етіледі. Өлшеудің әрбір жекеленген диапазоны
осы техникалық регламенттің 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жіктеледі.
3) Өлшеудің бірнеше кіші диапазондары бар таразылар (көп аралықты
таразылар)
Өлшеудің бір диапазоны бар таразыларда өлшеудің бірнеше кіші
диапазондары болуы мүмкін (шәкілді бөлудің түрлі бағасы бар таразылар).
Өлшеудің бірнеше кіші диапазондары бар таразылар көмекші
көрсетуші құрылғымен жарақтандырылуы тиіс емес.
Өлшеудің әрбір кіші диапазондары үшін мыналар белгіленеді:
салыстырып тексерудің бөлу бағасы е i , мұнда е (i+1) е i ;
өлшеудің ең көп шегі ӨКШ i , мұндағы ӨКШ i = ӨКШ белгіленеді;
өлшеудің ең аз шегі ӨеАШ i, мұндағы ӨеАШ i = ӨКШ (i-1) және ӨеАШ
i = ӨеАШ, мүнда і = 1, 2,... r,
і - өлшеудің кіші диапазондарының нөмірі;
r - өлшеудің кіші диапазондарының жалпы саны.
Өлшеудің барлық шектері әрқашан пайдаланылатын ыдыстың массасына
қарамастан жүктемелердің таза массасына сәйкес келуі тиіс.
Өлшеудің бірнеше кіші диапазондары бар таразыларды жіктеу осы
Техникалық регламенттің 4-қосымшасына сәйкес жүргізіледі. Өлшеудің барлық
кіші диапазондары таразылардың дәлдік класы сияқты сол дәлдік класына жатуы
тиіс.
8. Дәлдік
Таразылардың қателігі осы Техникалық регламенттің 5-қосымшасында
келтірілген таразылардың барынша көп жол берілетін қателігінің шегінен
артып кетпеуі тиіс. Сандық индикация жағдайында таразылардың қателігі
дөңгелектену қателігіне дейін түзетілу қажет.
Таразылардың барынша жол берілетін қателіктерінің шегі ыдыс
массасының алдын ала белгіленген мәндерін қоспағанда, барлық ықтимал
жүктемелердің нетто және ыдыс массасының мәндері үшін қолданылады.
Пайдалану уақытында таразылардың барынша көп жол берілетін
қателіктерінің шегі осы Техникалық регламенттің 5-қосымшасында келтірілген
барынша көп жол берілетін қателіктердің шегінен екі есе жоғары болуы
мүмкін.
Таразылардың көмегімен өлшеудің нәтижелері әртүрлі көрсетуші
құрылғыларды немесе әртүрлі өлшеу әдістерін пайдалану кезінде
қайталанылатын және жаңғыртылатын болуы тиіс.
Таразылар жүкті қабылдайтын құрылғыға жүктеме жағдайының
өзгерістеріне жеткілікті түрде сезімтал болмауы тиіс.
Таразылар жүктеменің ең аз өзгерісін сезінуі тиіс.
9. Әсер ететін ықпалдарға орнықтылық
II, III және IV дәлдік кластарының таразылары пайдалану кезінде
көлденең күйден кездейсоқ ауытқуын сезбеуі тиіс.
Таразылар, өндіруші белгілеген температуралық диапазонда
қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Температуралардың жұмыс диапазоны:
I дәлдік класының таразылары үшін - 5 о С-дан
II дәлдік класының таразылары үшін - 15 о С-дан
III немесе ІV-дәлдік кластарының таразылары үшін - 30 о С-дан
төмен болмауы тиіс.
Егер өндіруші мұндай сипаттамаларды белгілемеген болса, минус 10
о С-дан 40 о С-ға дейінгі жұмыс температурасының диапазоны қолданылады.
Ауыспалы тоқтың желісінен жұмыс жасайтын таразылар жол берілетін
тербелістер шегінде электрмен қоректенуді беру шартымен метрологиялық
талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Батареядан қоректенетін таразылар ең аз қажетті шамадан төмен
кернеудің кезкелген төмендеуінде дұрыс жұмыс істеуін жалғастыруы не
автоматты түрде өшірілуі тиіс.
I дәлдік класына және II дәлдік класына жататындардан басқа,
электронды таразылар е 1 г кезінде олардың температуралық диапазонының
жоғарғы шектерінде салыстырмалы жоғары ылғалдылық шартындағы метрологиялық
талаптарға сәйкес келуі тиіс.
II, III немесе IV дәлдік класы таразыларының жүктемесі ұзақ уақыт
бойында жүктемені алып тастағаннан кейін бірдей өлшеудің көрсеткіштеріне
және нөлдік мәнге елеусіз әсері болуы тиіс.
Басқа әсер етуші ықпалдар кезінде таразылар дұрыс жұмыс жасауын
жалғастыруы не автоматты түрде өшірілуі тиіс.

3. Таразылардың конструкциясына және құрылғысына қойылатын талаптар

10. Таразыларды жобалау және әзірлеу таразылар жұмыс жағдайында
қолданудың метрологиялық сипаттамаларын сақтайтындай және массаның мәндерін
көрсететіндей түрде жүзеге асырылуы тиіс.
11. Электронды таразыларда жаңылысулар болмауы тиіс немесе бұл
жаңылысулар автоматты түрде анықталуы және индикацияға шығарылуы тиіс.
12. Таразыларды пайдаланудың барлық кезеңінде осы Техникалық
регламенттің 13, 14-тармақтарында көрсетілген талаптар орындалуы тиіс.
Электронды таразыларда өлшеу процесінің, көрсетуші құрылғысы
жұмысының, барлық деректерді сақтау және беру дұрыстығына тиісті бақылау
қамтамасыз етілуі тиіс.
13. Егер сыртқы жабдық электронды таразыларға тиісті интерфейс
арқылы қосылған болса, бұл таразылардың метрологиялық сипаттамаларына кері
әсерін тигізбеуі тиіс.
14. Таразылардың оператор тарапынан әсер етуі өлшеу нәтижелерін
өзгертуге әкелетін бөлігі кездейсоқ және жосықсыз ықпал етуден барынша
қорғалуы тиіс.
15. Таразылардың өлшеу нәтижелерін және басқа өлшемдерін
индикациялау дәл, екі мағыналы емес болуы және адастыруға әкелмеуі тиіс, ал
көрсетуші құрылғы жұмыс жағдайында қолдану көрсеткіштерін оңай санау
мүмкіндігімен қамтамасыз етуі тиіс.
Техникалық регламенттің 9-тармағында келтірілген бірліктердің
атаулары мен белгілеулері, нормативтік құжаттарда (бұдан әрі - НҚ)
көрсетілген әрекеті таразыларға қолданылатын іс-әрекетке сәйкес болуы тиіс,
бұдан басқа метрикалық қарат үшін "ct" белгілеуі енгізіледі.
Көрсеткіштер 9 е үлкейтілген ӨКШ аспауы тиіс.
Қосымша құрылғыны ондық белгіден оң жаққа қарай орналастыруға
рұқсат етіледі. Шығарылатын көрсеткіш қондырғыны уақытша ғана қолдануға
болады. Оның жұмыс істеу уақытында баспа қондырғысының жұмысына тыйым
салынады.
Қайталама көрсеткіштер оларды бастапқы көрсеткіштер үшін қате
қабылдауға жол бермеу жағдайында орын алуы мүмкін.
16. Басып шығарылған нәтижелер дұрыс, сәйкес белгіленген және бір
мағыналы болуы тиіс. Басып шығару анық, оңай оқылуы және өшпеуі тиіс.
17. Қажет болған жағдайда таразылар теңестіретін құрылғысымен
және нөлге орнату құрылғысымен жарақталуы тиіс.
Бұл құрылғылардың жұмысы нөлге дәл орнатуды және ыдыс, брутто,
неттоның массасын дұрыс айқындауды қамтамасыз етуі тиіс. Ыдыстың берілген
массасын анықтайтын құрылғының іс-әрекеті неттоның мәнін дұрыс есептеп
шығаруды қамтамасыз етуі тиіс.
18. Таразыларда ыдысты алдын ала өлшеудің бір немесе бірнеше
құрылғысы және ыдыстың массасын өтеу құрылғысы болуы мүмкін. Ыдыстың
массасын өтеу құрылғысының жұмысы нөлге дәл орнатуды және неттоны дәл
өлшеуді қамтамасыз етуі тиіс. Ыдысты алдын ала өлшеу құрылғысының жұмысы
брутто немесе нетто массасын есептеп шығару және есептеу нәтижелерін
көрсету мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс.
19. Өлшеудің ең көп шегі 100 кг аспайтын тауарларды сатып алушыға
тікелей сатуға арналған таразылар мынадай қосымша талаптарға сәйкес келуі
тиіс:
1) өлшеу процесі туралы барлық елеулі ақпаратты қамтитын
индикациясының болуы, ал егер де таразыларда бағаның индикациясы бар болса,
олар сатып алатын тауар бағасының есебін анық көрсетуі тиіс;
2) егер таразылар төлеуге жататын соманы көрсететін болса, онда
ол сома дәл болуы және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында
көрсетілуі тиіс;
3) құнды есептейтін таразылар, сатып алушы тиісті түрде оқуға
жеткілікті уақыт кезеңі бойына барлық маңызды көрсеткіштерді индикацияға
шығаруы тиіс;
4) құнды есептейтін таразылар, егер осы функцияларға қатысты
барлық көрсеткіштер анық, бір мағынада басып шығарылған және сатып алушы
үшін ыңғайлы түрде чекте немесе түбіртекте жазылған жағдайда ғана тауар
бірлігін өлшеуден және құнды есептеуден басқа функцияларды орындай алады;
5) таразыларда дұрыс түсіну қиын немесе мүмкін емес
көрсеткіштерді бейнелеудің тура немесе жанама себептері болып табылатын
сипаттамалардың болмауы тиіс;
6) таразылар сатып алушыны өлшемнің теріс нәтижелерінен қорғауды
қамтамасыз етуі тиіс;
7) қосымша көрсеткіш құрылғыларды және шығарылатын көрсеткіш
құрылғыларды қолдануға болмайды. Қосымша қондырғылардың бар болуына оларды
пайдалану үшін қажет болған жағдайда ғана рұқсат етіледі;
8) осы Техникалық регламенттің осы тармағында жазылған талаптарға
сәйкес келмейтін сатып алушыға тікелей сату үшін қолданылатын таразыларға
ұқсайтын таразыларда "Сатып алушыға тікелей сату үшін пайдалануға тыйым
салынады" деген өшпейтін таңбалаудың болуы тиіс.
20. Тауардың бағасы көрсетілген затбелгілерді басып шығаратын
таразылар мүмкіндігінше осы талаптарды оларға қолдануға болатындай мөлшерде
болса, халыққа тікелей сатуға арналған таразыларға қойылатын талаптарға
сәйкес келуі тиіс. Өлшеудің ең аз шегінен төмен салмақтың мәні үшін бағаны
көрсетіп затбелгіні басып шығаруға жол берілмейді.

4. Таразылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

21. Таразылардың конструкциясы монтаждау (бөлшектеу) және
пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс, жекелеген
бөлшектердің және жүктеменің барлық көзделген режимдерінде жинақтаушы
бірліктердің бұзылу мүмкіндігін, олардың құлау, аударылу және пайдалану
шарттарында көзделген жағдайларда өз бетінше жылжу мүмкіндігін болдырмауы
тиіс.
22. Электронды таразылар тудыратын электрлік және
электромагниттік кедергілер басқа жабдықтың жұмысына және адамның
денсаулығына әсерін тигізбеуі тиіс.
23. Пайдалану процесінде шуды тудыратын таразылардың дыбыс
деңгейі:
60 дБА - тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың ішінде орналасқан
таразылар үшін;
80 дБА - өндірістік үй-жайларда және ашық алаңдарда орналасқан
таразылар үшін аспауы тиіс.
24. Таразыларда осы Техникалық регламентте көзделген міндетті
бақылау оңай орындауға болатындай конструкция болуы тиіс.
25. Электронды таразылардың конструкциясы пайдалану кезіндегі
электр қауіпсіздігін электрлік және электромагниттік кедергілерге
төзімділікті қамтамасыз етуі тиіс.

5. Таразының сыналатын сапа көрсеткіштері

Өнiмнің сапа деңгейiнiң көрсеткiштерiнiң номенклатурасын таңдаудың ретi
өнiмнiң (топ) түрiн анықтауды қарастырады; өнiмнің сапа көрсеткiштерiнiң
номенклатурасын қолданудың мақсаттары; әрбір топтағы өнiмнің сапа
көрсеткiштерінің бастапқы номенклатурасының топтары; бұйымдардың сапа
көрсеткiштерiнiң номенклатураларын таңдау әдiсi.

ГОСТ 29329-92 сай саудалық таразылардың өнім сапа көрсеткіштері:

1. Өлшеудің ең үлкен шегі (ӨЕҮШ) г, кг, т;

2. Өлшеудің ең кіші шегі (ӨЕКШ) г, кг, т;

3. Дәлдік класы;

4. Тексеріс бөлімінің бағасы e г, кг;

5. Дискрета d немесе бөлім бағасы г, кг;

6. Алғашқы тексеріс пен орын ауыстыру кезінде кететін шекті
қателік e, г, кг;

7. Сезімшілдік шегі электронды таразылар үшін 1,4e;

8. Санап шығару құрылғысының типі;

9. Теңестіретін құрылғының типі;

10. Масса-габариттік көрсеткіштер;

11. Қуат көзінің желісі;

Таразылардың метрологиялық талаптарына сай сапа көрсеткіштері: 

      1) Өлшеудің бір диапазоны бар таразылар 
      Көмекші құрылғымен жарақтандырылған таразылар I дәлдік класына немесе
II дәлдік класына жатуы тиіс. Бұл дәлдік кластарының таразылары үшін
өлшеудің төменгі шегінің ең аз рұқсат етілген мәндері кестеде көрсетілген
осы Техникалық регламенттің 3-қосымшасына сәйкес келеді, мұнда 4-бағандағы
салыстырып тексеруді бөлу бағасы (е) шәкілді бөлу бағасына (d)
ауыстырылады. 
      Егер d 10 -4 г болса, онда I дәлдік класын таразылаудың ең көп шегі
50000 е аз болуы мүмкін. 
      2) өлшеудің бірнеше диапазоны бар таразылар (шәкілдің бөлудің түрлі
бағасы бар таразылар) 
      Өлшеудің бірнеше диапазонының болуы, егер олар таразыларда нақты
көрсетілген жағдайда рұқсат етіледі. Өлшеудің әрбір жекеленген диапазоны
осы техникалық регламенттің 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жіктеледі.
      3) Өлшеудің бірнеше кіші диапазондары бар таразылар (көп аралықты
таразылар) 
      Өлшеудің бір диапазоны бар таразыларда өлшеудің бірнеше кіші
диапазондары болуы мүмкін (шәкілді бөлудің түрлі бағасы бар таразылар). 
Өлшеудің бірнеше кіші диапазондары бар таразылар көмекші көрсетуші
құрылғымен жарақтандырылуы тиіс емес. 

      Өлшеудің әрбір кіші диапазондары үшін мыналар белгіленеді: 
      салыстырып тексерудің бөлу бағасы е i , мұнда е (i+1)  е i ; 
      өлшеудің ең көп шегі ӨКШ i , мұндағы ӨКШ i = ӨКШ белгіленеді; 
      өлшеудің ең аз шегі ӨеАШ i, мұндағы ӨеАШ i = ӨКШ (i-1) және ӨеАШ i =
ӨеАШ, мүнда і = 1, 2,... r, 
      і - өлшеудің кіші диапазондарының нөмірі; 
      r - өлшеудің кіші диапазондарының жалпы саны. 

      Өлшеудің барлық шектері әрқашан пайдаланылатын ыдыстың массасына
қарамастан жүктемелердің таза массасына сәйкес келуі тиіс.  Өлшеудің
бірнеше кіші диапазондары бар таразыларды жіктеу осы Техникалық
регламенттің 4-қосымшасына сәйкес жүргізіледі. Өлшеудің барлық кіші
диапазондары таразылардың дәлдік класы сияқты сол дәлдік класына жатуы
тиіс. 

     Дәлдік 
Таразылардың қателігі осы Техникалық регламенттің 5-қосымшасында
келтірілген таразылардың барынша көп жол берілетін қателігінің шегінен
артып кетпеуі тиіс. Сандық индикация жағдайында таразылардың қателігі
дөңгелектену қателігіне дейін түзетілу қажет. 
      Таразылардың барынша жол берілетін қателіктерінің шегі ыдыс
массасының алдын ала белгіленген мәндерін қоспағанда, барлық ықтимал
жүктемелердің нетто және ыдыс массасының мәндері үшін қолданылады. 
Пайдалану уақытында таразылардың барынша көп жол берілетін қателіктерінің
шегі осы Техникалық регламенттің 5-қосымшасында келтірі лген барынша көп жол
берілетін қателіктердің шегінен екі есе жоғары болуы мүмкін.  Таразылардың
көмегімен өлшеудің нәтижелері әртүрлі көрсетуші құрылғыларды немесе әртүрлі
өлшеу әдістерін пайдалану кезінде қайталанылатын және жаңғыртылатын болуы
тиіс. 
      Таразылар жүкті қабылдайтын құрылғыға жүктеме жағдайының
өзгерістеріне жеткілікті түрде сезімтал болмауы тиіс.    Таразылар
жүктеменің ең аз өзгерісін сезінуі тиіс. 
     Әсер ететін ықпалдарға орнықтылық 
      II, III және IV дәлдік кластарының таразылары пайдалану кезінде
көлденең күйден кездейсоқ ауытқуын сезбеуі тиіс. 
Таразылар, өндіруші белгілеген температуралық диапазонда қойылатын
метрологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс. 
      Температуралардың жұмыс диапазоны: 
      I дәлдік класының таразылары үшін - 5 о С-дан 
      II дәлдік класының таразылары үшін - 15 о С-дан 
      III немесе ІV-дәлдік кластарының таразылары үшін - 30 о С-дан төмен
болмауы тиіс. 
      Егер өндіруші мұндай сипаттамаларды белгілемеген болса, минус 10 о С-
дан 40 о С-ға дейінгі жұмыс температурасының диапазоны қолданылады. 
      Ауыспалы тоқтың желісінен жұмыс жасайтын таразылар жол берілетін
тербелістер шегінде электрмен қоректенуді беру шартымен метрологиялық
талаптарға сәйкес келуі тиіс. 
      Батареядан қоректенетін таразылар ең аз қажетті шамадан төмен
кернеудің кезкелген төмендеуінде дұрыс жұмыс істеуін жалғастыруы не
автоматты түрде өшірілуі тиіс. 
      I дәлдік класына және II дәлдік класына жататындардан басқа,
электронды таразылар е 1 г кезінде олардың температуралық диапазонының
жоғарғы шектерінде салыстырмалы жоғары ылғалдылық шартындағы метрологиялық
талаптарға сәйкес келуі тиіс. 
      II, III немесе IV дәлдік класы таразыларының жүктемесі ұзақ уақыт
бойында жүктемені алып тастағаннан кейін бірдей өлшеудің көрсеткіштеріне
және нөлдік мәнге елеусіз әсері болуы тиіс. 
      Басқа әсер етуші ықпалдар кезінде таразылар дұрыс жұмыс жасауын
жалғастыруы не ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тиісті өндірістік тәжірибе
САЛМА ҚӨЛШЕУІШ ЖАБДЫҚ
Өнімді бұрмалаудың әдістері және түрлері
Стандарттау, метрология және сертификаттау пәнінен лекция жинағы
Өндірісті бағалау рәсімдерін метрологиялық қамтамасыз ету
Астық өндіру. Элеваторлар
Тамақ өнімдерінің құжаттары мен үлгілерін тексеру
Химиялық тін талшықтарын өлшеу аспапатары
Кедендік бақылау зертханалары
Астық кептіргіш
Пәндер