Технология пәні мұғалімінің оқытуды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Еңбек технологиясы және кәсіпке оқыту жүйелерінің ұғымы
1. 1 «Технология» пәні бағдарламасы мазмұнының айқындалуы . . . 5
1. 2 «Технология» пәнін оқытудағы өндірістік оқыту жүйелері . . . 8
1. 3 Технология пәні мұғалімінің оқытуды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары . . . 9
2 «Технология» оқу пәнін оқытуда қолданылатын принциптер, әдістер мен тәсілдер, оқытуды ұйымдастыру формалары
2. 1 «Технология» пәні мазмұны оқу материалдарын түзудегі және оны оқытудағы дидактикалық принциптер . . . 14
2. 2 «Технология» пәнін оқыту әдістері мен тәсілдері . . . 18
2. 3 «Технология» пәнін оқытуды ұйымдастыру формалары . . . 21
3 Сабақ жоспарын және графигін құру
3. 1 Сабақ жоспары . . . 25
3. 2 Нұсқаунама технологиялық карта . . . 28
3. 3 Құрылымдық-логикалық кесте . . . 29
Қорытынды . . . 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33
КІРІСПЕ
«Технология» оқу пәні - интегративті білім саласы. Оқушылардың математика, физика, химия және биология пәндерінен алған білімдерін синтездеу арқылы өндірісте, энергетикада, байланыста, ауыл шаруашылығында, жеңіл өнеркәсіпте, транспортта т. бт бағыттарда пайдалану жолдарын меңгеретін негізгі ғылым болып табылады.
Жалпы, техникалық-технологиялық білімнің болашақта дамуы графикалық ақпараттың қызметі мен өсу қарқынына байланысты, компьютерлік техниканы пайдалануды меңгереді. Оқушылардың интеллектуалды іс-әрекетін, графикалық модельдеу, ойша эксперименттеу, модельдің бейне-белгісін жаңаша пайдалану, жеке объектінің динамикалық өзгерісін бейне-модель бойынша зерттелуін технологиялық әдіспен дайындауда ерекше көңіл бөлінеді.
Бағдарлама мазмұнына сәйкес оқушылар қолмен өңдеу бойынша техникалықө материалдарды қарапайым әдіспен өңдейтін техникалық құрал-жабдықтармен танысады, өзіне-өзі қызмет етуді ұйымдастыруды іске асыру жолдарын меңгереді. Пәннің негізгі бағыты әртүрлі материалдармен бұйымдар жасаудың заңдылықтарын анықтау болып табылады.
Технология оқу пәні бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнында берілген графикалық және сараптамалық жұмыстардың тізбелері міндетті деңгейде орындалуы тиіс.
Сонымен қатар, оқушыларға кәсіптік бағдар мен кәсіптер туралы түсініктер беріледі. Мұнда оқушының өзі туралы пікірі, қабілеттері, іскерліктері, қызығушылықтары, шектеулі мамандық және оның себептері, әртүрлі мамандық туралы білім аймағы қалыптасады.
«Технология» білім беру саласының тұжырымдамасына сәйкес нақты білімдер, мәдениетті, шығармашыл, бастамашыл және озық ойлы, өз бетінше еңбек етуге даяр жеке тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу мақсаты негізгі болып табылады.
Технология пәні төмендегі міндеттерді алға тартады:
- материалдарды қолмен өңдеу технологияларымен, сондай-ақ материалдарды, энергияны, ақпаратты өзгертудің заманауи технологияларымен танысу;
- шешім қабылдау және практикалық міндеттерді орындау барысында өз бетінше әрекеттенуі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- өзіне-өзі қызмет ету және үнемді шаруашылық жүргізудің практикалық ебдейліктері мен дағдыларын жетілдіру;
- жобалық қызметті ұйымдастырудың жалпы тәсілдерін қалыптастыру және дамыту, осы негізде жасампаз өзгермелі қызметтің бір бөлігі болып табылатын технологиялық мәдениетті қалыптастыру, дамыту;
- сәндік-қолданбалы шығармашылықтың алуан түрлерімен, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы эстетикалық талғамға, көркемдік бастамашылдыққа тәрбиелеу;
- тұлғаның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу: адамилық, міндеттілік, жауапкершілік, еңбекпен өмір сүру салты, жүріп-тұру мәдениеті мен ынтымақтастық қарым-қатынас жасау мәдениетін бойларына сіңіру;
- кәсіби сыннан өту кезінде кәсіптер әлемімен, қызмет түрлерімен танысу негізінде кәсіптерді саналы түрде таңдауға дайындау.
«Технологи» оқушыларға негізгі мектепте, технологиялық даярлаудың барлық бағыттарына сай келетін еңбек қызметі тәжірибесін меңгертуі тиіс. Олар:
1. Жеке немесе қоғамдық маңызы бар еңбек нысандарын жасау тәжірибесі:
- Еңбек нысандарын таңдау;
- Іс-әрекет мақсатына сәйкес материалдар мен еңбек құралдарын іріктеу;
- Құрал-саймандар мен жабдықтарды қолдану;
- Технологиялық үрдісте қауіпсіз еңбек тәсілдерін пайдалану;
- өзіндік еңбек процесінің барысы мен нәтижелерін бақылау.
2. Жеке және ұжымдық еңбек қызметін ұйымдастыру тәжірибесі:
- қолда бар қорларды және жағдайды ескере отырып, жұмысты жоспарлау;
- ұжымдық қызмет атқарудағы жұмыс үлесі;
- аспаптар мен жабдықтарды тиімді орналастыру.
3. Технологиялық ақпаратпен жұмыс тәжірибесі:
- Оқу және анықтамалық әдебиеттермен қажетті ақпаратты іздестіру;
- Технологиялық міндеттерді шешуде қажетті ақпаратты дұрыс қолдану.
4. Материалдық нысандарды жасау және қызмет көрсету бойынша жобалық іс-әрекет тәжірибесі:
- Іс-әрекет мақсатын тұжырымдау;
- Мақсатқа жету құралдары мен тәсілдерін анықтау;
- Жобаны аяқталған бұйым түріне келтіру;
- Нысанды жасауға немесе қызмет көрсетуге қажетті шығындарды бағалау.
5. Кәсіби қызмет баспалдағын құру мүмкіндіктерін бағалау тәжірибесі:
- Қабілеттер мен бейімділіктерді өзіндік болжау;
- Түрлі кәсіби қызмет салаларында өз күшін сынап көру;
- Кәсіби білім алу және жұмысқа орналасу жоспарларын құру.
1 Еңбек технологиясы және кәсіпке оқыту жүйелерінің ұғымы
1. 1 «Технология» пәні бағдарламасы мазмұнының айқындалуы
Жасөспірімдерді еңбекке және кәсіпке баулу адамзат қоғамының даму кезеңдерінің барлығында жүргізіліп келеді. Егер өтіп бара жатқан ұрпақ өзін алмастыратын келесі ұрпаққа өзінің тәжірибесін бермесе, оларды тәрбиелемесе, еңбекке баулымаса, онда қоғамның өмір сүру жағдайының сақталуы мен дамуының болмауы мүмкін болар еді. Сол себепті еңбекке басты назар аударылады.
Еңбектің адам өміріндегі орны мен рөлін көптеген ұлы ғұламалар жазып қалдырғаны баршаға мәлім. К. Маркс пен Ф. Энгельс адамның дамуының ғылыми тұжырымын жасаған. К. Маркс «Капитал» атты еңбегінде: «Еңбек дегеніміз алдымен адам мен табиғат арасындағы процесс; мұнда адам өз өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасындағы заттардың алмасуына себепкер болады, оны реттеп, бақылап отырады . . . Табиғат затын өз басының тіршілік етуіне жарамды формада иемдену үшін адам өз тәнінің табиғи күштерін: қолдары мен аяқтарын, ақыл-ойы мен саусақтарын қимылға келтіреді. Осындай қимыл арқылы сыртқы табиғатқа әсер ете отырып, оны өзгерте отырып, адам сонымен бірге өз басының жаратылысын да өзгертеді. Ол осында мүлгіп жатқан күш-қабілеттерді өршітеді де, бұл күштердің құбылысын өз өктемдігіне бағындырады» - деп, шығармашыл іс-әрекетті түзуші адамның даму процесінің рөлін көрсетеді.
Адамның қалыптасуында еңбектің рөлі жайында айта келіп, Энгельс жануарлар патшалығынан адамды бөліп алу мүмкіндігі, ақыл-ой және дене еңбегінің ұштасуы мен бірлігінің арқасында екендігіне мән берді.
Адам сыртқы табиғатқа тікелей қолымен, яғни дене еңбегімен ықпал ете отырып, өзінің ақыл-ойының дамуын қамтамасыз етеді. Ол жөнінде Ф. Энгельс «Қолдың дамуымен бірге адымдап бас та дамыды, танып-білу туындады . . . Табиғат заңдарын танып-білудің жедел өсуімен бірге табиғатқа кері ықпал ету құралдары өсті; адамдар тек бір ғана қолдың көмегімен бу машиналарын еш уақытта жасамаған болар еді және қолдың арқасында адамның миы дамыды», - деп жазды. Терең философиялық талдаудың негізінде Энгельс мынадай қорытындыға келеді: қолдың, мидың, сөйлеу органдарының бірлескен іс-әрекетінің нәтижесінде ғана адамдар алдына жоғары мақсаттар қойып, оларға жетуде барлық күрделі операциларды орындау мен меңгеру қабілетіне ие болды.
Еңбек процесі жөнінде К. Маркс: «Еңбек процесінің жай моменттері мыналар: мақсатқа сай қызмет, яки еңбектің өзі, еңбек заты мен еңбек құрал-жабдығы», - деп атап көрсетеді (Капитал) .
Қазіргі заманғы еңбекке тән сипатты ерекшелік - оны одан әрі индустриаландыру. Индустриаландыру - барлық халық шаруашылық салаларында, әсіресе, өнеркәсіпте ірі машиналы өндірісті құру процесі.
Индустриалды еңбектің негізгі түрлеріне қол, механикаландырылған және автоматтандырылған еңбек түрлері қатысты. Қол еңбегі едәуір тарихи көне еңбек түрі. Қазіргі уақытта қол еңбегі қарапайым (арнайы дағды және ептілікті, сондай-ақ қазіргі еңбек құралдарымен және приборларымен жұмыс жасауды талап етпейтін) және күрделі (ұзақ дайындыққа, ғылыми-техникалық білімдерге және жұмысшының шеберлігіне негізделген) болып ажыратылады.
Адамның еңбек іс-әрекетінің құрылымы күрделі, иерархиялық тұрғызылған, көпдеңгейлі және бір деңгейден екінші деңгейге ауыстырылып қосылатын үлкен мүмкіндігімен динамикалық дамушы құрылым ретінде сипатталады. Осының бәрі оның формальді сипаттамасының әдістерін пайдалану үшін қиындық тудырады. Сол себепті тек іс-әрекеттің автоматтандырылғанына жеткен көшірмесі орындалатын әрекет реттілігінің қосындысы ретінде сипатталуы мүмкін. Бұл мәселе негізінен пәнді оқыту мазмұнын, ондағы оқу материалдары мен практикалық іс-әрекеттерді анықтауда назарға алынады.
Мектептік жалпы білім беру мазмұнын түзетін пәндер топтамасын үшке топтап көрсетуге болады. Олар: қоғамдық-гуманитарландыру, математикалық-жаратылыстану және адам іс-әрекетіне негізделген пәндер кешені. Адам іс-әрекетіне негізделген пәндер кешені ішінен «Технология» пәнінің мазмұны еңбектің сипаты, мазмұны және жағдайы тұрғысынан бағыттары анықтады. Сол себепті «Технология» пәні мазмұнын анықтау адамның кәсіби іс-әрекетінен туындайды. Бұл негізінен іс-әрекетке үйретуге бағытталатын талап тұрғысынан анықталады.
Талап - педагогикалық ықпал етудің әдісі ретінде мектеп оқушыларында сапалық қасиеттердің қалыптасуын анықтау мен ынталандыру үшін белгіленеді. Талаптың негізгі басты ерекшелігі оның мазмұнында және ол сөз түрінде қойылады. Оқушыларды еңбекке дайындауға, оның өзіне көптеген талаптар қойылады.
Қазақстан Республикасының орта білім стандартында, «Технология» білім саласында оқушыларды еңбекке және кәсіпке дайындауға сай стандарт талаптары: жалпы білім беретін орта мектеп бітірушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар «оқушылар мынаны білуге тиіс», «оқушылар мынаны орындауға тиіс», ал орта (толық) білім бойынша мектеп бітірушілер дайындығының деңгейіне сәйкес талаптар («оқушылар білуі тиіс», «оқушылар орындауы тиіс») деген ұғымдар ажыратылып белгіленген.
Білім стандарты «Технология» пәні бойынша білім мазмұнын анықтайтын негізгі башылыққа алынатын құжат болып табылады. Келесі құжаттың бірі оқу пәні бойынша типтік бағдарлама болып табылады. Типтік бағдарлама модулінің мазмұны «Адам-техника», «Адам-табиғат», «Адам-белгілер жүйесі», «Адам-адам», «Адам-көркем образ» типтері бойынша материалдарды қамтыған. Оның мазмұнының инвариант бөлігіне енетін негізгі ұғымдар төмендегідей:
- технология; материалдар, олардың қасиеттері және сақтау; құралдар мен бейімдеу құралдары; техника (станоктар, машиналар) ; ақпарат, бұйым, жоба, дизайн, техникалық құжаттар, технологияны таңдау; өндірісті дайындау және ұйымдастыру, технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру, өндірістегі компьютерлі технология, перспективті технология;
- өнімді өткізу және сату, оның құны, шикізатты, энергияны, еңбекті үнемдеу, өндірісті тиімді ұтымды ұйымдастыруды экономикалық талдау, кәсіпкершілік іс-әрекет;
- өндірістің экологиялық мәселелері; өндірістің қалдықтарын пайдаланумжәне пайдаға асыру; технологияны қолданудың әлеуметтік нәтижесі;
- жұмыс орнын ұйымдастыру және жоспарлау, жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; еңбек мәдениеті және өндірістегі қарым-қатынас;
- адамға кәсіптің қоятын талаптары, оқушының жеке тұлғалық сапасына, қызығушылығымен және икемділігімен кәсіби іс-әрекет жөніндегі алған білімдерінің қатынасы.
Бағдарламаның (модульдің) мазмұны әрбір тип бойынша төмендегідей көрініс тапқан. Ұлдар үшін «адам-техника» бойынша конструкциялық материалдарды (материалдардың түрі бойынша) өңдеуде.
Аралау, жону; сүргілеу; фрезерлеу; бедерлеу; механикалық, термиялық өңдеулер, пластикалық пішін түзу; пісіру; желімдеу; дәнекерлеу; ажарлау және жылтырату; күйдіру; бояу және лактау.
Техникалық құрылғыларды дайындау, жөндеу, реттеу, олардың элементтері мен бөлшектері.
Механикалық біріктірулер, механикалық құрастыру және монтаждау; ақауларды іздестіру; бөлшектерді және тораптарды алмастыру; дайындау және реттеу; өлшеу; тексеру және сынау; тұрмыстық техникаларды және санитарлық-техникалық құрылғыларды қарапайым жөндеу.
Электротехникалық және электронды құрылғылармен жұмыс.
Электрлік схемасын оқу және құру; электрлік өлшеу; бөлшектерді және өткізгіштерді монтаждау; өткізгіштерді дәнекерлеу және контактілі пісіру; құрылғыны сынау; ақауды іздеу және түзету.
Тұрмыстық радиоэлектронды аппаратуралармен, автоматты қондырғылармен, жеке ЭЕМ, пайдаланушы ретінде аралық басқару жүйелерімен жұмыс жасауды үйрену.
Қыздар үшін матаны және мата емес материалдарды, теріні және мехты өңдеуде.
Тоқымашылық; тоқу; өру; макраме; бастырмалау; кестелеу; пішу; тігу; желімдеу; сығымдау; сәндік элементтермен, фурнитуралармен көмкеру; киімді жөндеу.
Құрылыс-жөндеу және әрлеу жұмыстары.
Тұрғын бөлмелерді жөндеу, байланыстырушы араласпаларды, қалау тәсілдерін дайындау; ағаштан құрылыс бұйымдарын дайындау; қарапайым беттерді сылау; сәндік қаптамаларды енгізу; бояу; желімдеу; қаптау.
Ауыл шаруашылық өнімдерін және шала өнім (жартылай фабрикат) тағамдарды өңдеуде.
Дайындама; сақтау; механикалық және термиялық өңдеу; тағам және сусын дайындау.
«Адам-табиғат» типі бойынша төмендегідей тараулар қарастырылған.
Өсімдік өсіру. Топырақты өңдеу; егу және отырғызу; тыңайтқыш енгізу; ауылшаруашылық өсімдіктерінің ауруларымен және зиянкестерімен механикалық табиғи құралдармен күрес жүргізу; тәжірибелік жұмыстар; өнімді жинау және оны сақтауға өткізу.
Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы. Малдың және құстардың жас өнімдерін өсіру; азықты дайындау және сақтау; малдардың және құстардың рационын құру және азықтандыру; ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар.
«Адам-белгілер жүйесі» типі бойынша төмендегі тараулар қарастырылады.
Лингвистикалық және техникалық ақпаратты компьютерлік өңдеу. Мәтінді жинақтау және форматтау, принтерде шығару; ақпаратты жүйелеу; оперативті жүйеде файлмен жұмыс жасау; қолданбалы бағдарламамен жұмыс жасау.
Сызу және графика. Техникалық суреттерді, эскиздерді, сызбаларды, схемаларды, графиктерді, диаграммаларды оқу және орындау; сызба құралдарымен және компьютерлік құралдар көмегімен жұмыс жасау.
«Адам-адам» типі бойынша төмендегі тараулар қарастырылады.
Тұрмыстық қызмет. Тұрғын бөлмелерді сәндік жабдықтау; кітапханалық іс; тауарды сату.
Санитарлық-медициналық-профилактикалық жұмыстар. Ауырған және жарақат алған кездегі алғашқы медициналық көмек; аурулар мен балаларға күтім.
«Адам-көркем образ» типі бойынша төмендегі тараулар қарастырылады.
Қолданбалы көркем шығармашылық. Дизайн; киімді, аяқ киімді және аксессуарларды модельдеу; сәндік тоқыма; көркем өру; көркем кестелеу; ағашты, қабықты және сүйекті ою; фигуралы жону; бедерлеу; мозайка; инкрустация; бояма (роспись), күйдіру; сығымдау; көркем шекімелеу; терімен, таспен, сазбен және басқа да табиғи материалдармен көркем-қолданбалы жұмыс.
Білім мазмұнын анықтайтын басты құжаттар стандарт пен типтік бағдарламадағы сипатталған оқу материалдары мен іс-әрекеттердің ғылыми негізінің ашылуы мен түсіндірулер, орындалу тәртібі оқулықтар мен оқу құралдарында беріледі.
Мемлекеттік құжат - оқу жоспарларында 1) оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімі белгіленеді, 2) әр оқу жылдары (сыныптар) бойынша осы оқу пәндерінің өту тәртібі және реті анықталады, 3) әр жетіде әр пәнге бөлінетін сағаттардың (сабақтардың) мөлшері көрсетіледі.
1. 2 «Технология» пәнін оқытудағы өндірістік оқыту жүйелері
Мұғалім «Технология» пәні мазмұнында қарастырылған технологияны оқытудың ерекшеліктері негізінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, мектеп оқушысының жеке тұлғалық дамуына, оның азаматтық позициясының, ғылыми, экологиялық және экономикалық сауаттылығының қалыптасуына, өзінің болашақ кәсібін анықтауына мүмкіндік береді. Оқу мекемесінің статусына сәйкес мұғалім оқу жоспарын, оларға өзінің оқытатын пән бағдарламасын саналы таңдайды, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етеді.
Технология пән мұғалімдеріне қажетті оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы білім, іскерлік және дағдылар жоғары оқу орындарында қалыптастырылуы тиіс, ал білім беру жүйесінде практика барысында жетілдіріледі.
Мектептегі технология пән мұғалімдеріне орта мектепте оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру қажетті шарттың бірі болып табылуда. Сол себепті де технология мұғалімінен оқушыларға технологиялық білім беруді нәтижелі жүзеге асыру талап етіледі. Технологиялық білім беру өндірістік немесе оқыту жүйелері негізінде жүзеге асырылады.
Технологиялық білім беру үшін пән мұғалімінің оқытуға сәйкес аталған дайындығы кең, әрі терең болуы керек. Аталған бағыт бойынша дайындық кәсіптік оқыту деңгейінде жүзеге асырылады. Пәнді оқытуды терең түсіну үшін «өндірістік оқыту», «өндірістік оқыту жүйелері» жөніндегі ұғымдарының мәнін түсіну қажет.
«Технолология» пәні мазмұнындағы материалдарды өңдеу технологиясын оқыту кәсіптік оқыту жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Олар төмендегідей:
Заттық жүйе - оқушы өзі меңгеретін мамандығының сипатына байланысты, типтік бұйымдар жиынтығын әзірлеуге негізделген. Мұнда бұйымдарды әзірлеу біртіндеп күрделене түседі. Оларды әзірлеу барысы дидактикалық жоспары бойынша жеке операцияларға жіктеледі. Бұл жүйенің өзіндік кемшілігі бар. Олар: оқушының жеке еңбек тәсілдерін орындау ережелерімен арнайы таныстырылмайды; олар тек қана шебердің қозғалысы мен басқа да еңбек қимылдарын көшіруге ұмтылады. Мұндай оқытуда жаңа бұйым әзірлеу барысында оқушылар өздерінің іскерлігі мен дағдысын қолдана ламайды. Сол себептен де олар қайтадан оқытуды қажет етеді.
Операциялық жүйе - өндірісте қолөнершілік тәсілді айқындайды. Сондықтан да бұл оқыту жүйесі ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қолданылды.
Операциялық жүйе бойынша оқушылар өздері меңгеретін мамандық мазмұнын, еңбек операцияларын орындайды. Осыған байланысты оқушылар әртүрлі бұйымдарды әзірлеуді үйренеді. Тек қана жүйелілік тәсіл негізінде жұмыс жасау, мамандық аясында шектеледі.
1. 3 Технология пәні мұғалімінің оқытуды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары
Білім беру процесін жүзеге асырудың жолы, оқытудың негізгі формасы сабақ екендігі белгілі. Сабақ жөнінде П. Р. Атутов «әрбір сабақ оқушының білім ғимаратының бір бөлігі» ретінде қарастыру керектігін және оны әрбір мұғалімнің жадында берік ұстану қажеттігін айтқан болатын. Себебі сабақта білім берумен қатар, практикалық іс-әрекеттерді орындаудағы іскерлік пен дағдылардың, сапалық қасиеттердің қалыптасуы жүзеге асырылады. Сабақтың нәтижелі болуы мұғалім мен оқуышының қатынасына байланысты.
Технология пәні мұғалімі ұйымдастыратын сабақтар негізінен аралас немесе көбіне практикалық сипатта болады. Осыған байланысты пән мұғалімі сабақтың құрылымына сәйкес ұйымдастыру, үй тапсырмасын қайталау, білім мен іскерлікті тексеру, мақсат қою, жаңа материалды түсіндіру, түсінікті тексеру және оны оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырумен бекіту, үйге тапсырма беру кезеңдері бойынша даярланады.
Жалпы білім беретін мұғалімдердің апталық жүктемесіне сәйкес, олардың нақты сабақты ұйымдастырудан тыс уақыттарын тиімді пайдалану керектігі көбіне ұмыт болып жатады. Кейбір жағдайда мұғалім еңбегі басқа өндірістік, еңбек сфераларының қызметіне қарағанда оңай көрінеді.
Технология пәні мұғалімінің сабаққа дайындалудағы тақырыпқа сәйкес дайындық жұмыстарының мазмұны:
1. Бағдарлама және оқу құралдары бойынша бөлімнің, тақырыптың мазмұнын зерделеу.
2. Тақырыптың тәрбиелік, дидактикалық және дамытушылық функциясын анықтау, белгілеу.
3. Тақырыпты зерделеу кезінде қалыптастырылатын ұғымдар, білімдер іскерліктер тізбегін белгілеу.
4. Тақырып бойынша пәнаралық байланыстарды анықтау және тіректі білім мен іскерліктерді белсендіру тәсілдерінің мүмкіндігін анықтау, белгілеу.
5. Көрнекі құралдар мен техникалық құжаттарды іріктеп алу.
6. Бағдарламада шамамен алынған еңбек объектілерін іріктеу.
7. Алдағы сабаққа қажетті құрал-жабдықтардың, бейімдеу құралдарының, материалдар тізбегін анықтау.
8. Практикалық жұмыстар мазмұнын және оларды ұйымдастырудың формаларын белгілеу.
9. Кәсіптік бағдар жұмыстарының мазмұнын және формаларын іріктеп алу.
10. Оқу материалдарын сабақтар жүйесіне сәйкес үлестіру.
Технология пәні мұғалімі оқушыларды еңбек объектілерін даярлау процесіне қатыстырады. Сол үшін пән мұғалімі төмендегідей талаптарды қанағаттандырады:
1. Еңбек объектісінің технология пәні бағдарламасына сәйкестігін.
2. Еңбек объектісін дайындауда оның тәрбиелеу және дамыту функциясын атқаруды.
3. Еңбек объектісін дайындауда сабақтастықты жүзеге асыруды.
4. Еңбек объектісін дайындауда шамаға лайықтылық пен қажетті күрделіліктің үйлесімділігін.
5. Еңбек объектісінің педагогикалық мақсаты мен қоғамдық мақсаттылықпен үйлесімділігін.
6. Еңбек объектіліерінің оқушы шығармашылығы бастамасын дамытуды жүзеге асыруын.
7. Еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын.
Осыдан кейін де міндетті түрде бұйым дайындау үшін технологиялық карта түзіп, еңбек операцияларын, тәсілдерін, қозғалыстарын орындайды. Технологиялық картаны түзу және бұйым дайындау кезінде пән мұғалімі:
а) дайындама жасау жолдарын, тиімді тәсілдерін, материалды аз жұмсау нұсқаларын;
б) дайындаманы өлшеуді, бұйым материалын, формасын және оның өлшемін анықтауды; бейнелеу сауаттылығы бойынша оқу материалдарын сипаттауды;
в) бұйымды дайындау кезінде барлық операциялардың реттілігі мен мазмұнын белгілеуді;
г) карта түзудегі орындалатын бір операцияның мазмұнын зерделеуді, бұйым дайындаудағы оның орнын және мәнін белгілеуді;
д) осы операция шегіндегі өтпелердің реттілігі мен мазмұнын белгілеуді;
е) әрбір өтпелер үшін қажетті құрал-жабдықтарды, жұмысшы және бақылау-өлшеу құралдарын, бейімдеу құралдарын, жұмыстың режимін, нұсқаулық сілтемелерді және өзіндік бақылауды белгілеуді;
ж) әрбір өтпелер үшін қажет болған жағдайда эскиз дайындауды;
з) әдіп мөлшерін ескеруді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz