Балаңыз қанша жаста


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . .

ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫНДАҒЫ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Отбасы мәселесінің қазіргі психология ғылымында және тәжірибеде қарастырылуы . . .
  2. Толық емес отбасындағы жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері
  3. Отбасыныың тәрбиелеу тәсілінің бала тұлғасының қалыптасуына әсері

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А. Г. Харчев, А. Н. Антонов, З. И. Файнбург, Д. Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық ұғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.

Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы», - деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.

«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.

Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т. с. с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.

Қарым-қатынастың адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады (А. В. Мудрик, А. В. Запорожец, Қ. Жарықбаев, Ж. Ы. Намазбаева, С. М. Жақыпов, М. Мұқанов ) /1-2-3/

Қазіргі кезде отбасы проблемаларының арасында ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындауда. Сондықтан отбасынды орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу мақсатында зерттеу тақырыбын «Толық емес отбасындағы жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері», - деп анықтадық .

Зерттеу жұмысының өзектілігі: қазіргі кезде девиантты мінез-құлықты жеткіншектер саны өсуде. Оның бірден-бір себебі отбасының әлеуметтік психологиялық мәселесі болып табылады.

Зерттеудің мақсаты: Жеткіншектердің психологиялық жағынан үйлесімді жетілуіне отбасының құрылымының (толық емес) әсерін айқындау.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Толық емес отбасындағы жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктерін теориялық талдау;
  2. Толық емес отбасынан шыққан жеткіншектердің эмоциялық жағдайларын анықтау;
  3. Толық емес отбасындағы жеткіншектердің ата-анасы мен эскперименттік зерттеу жүргізу.

Осыған байланысты біздің зерттеуміздің объектісі анықталады.

Зерттеудің объектісі: толық емес отбасындағы жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері.

Зерттеу пәні толық емес отбасындағы жеткіншектердің эмоциялық күйі.

Зерттеудің болжамы:

Жеткіншек толық емес отбасында тәрбиеленуі оның эмоциялық күйіне өз әсерін тигізеді.

Зерттеу жұмысының әдістері мен әдістемелері:

  1. Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы (А. Я. Варга, В. В. Столин) ;
  2. Басқару стилін анықтау әдістемесі (Захаров, Журавлев) ;
  3. Агрессиялық күйді анықтауға арналған “Басса-Дарки” әдістемесі;
  4. Люшер тесті.

Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізін шетелдік және отандық психологиядағы негізгі принциптер, толық емес отбасындағы жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері туралы ғылыми ойларды, қазіргі эмперикалық зерттеулерді құрады.

Зерттеудің теориялық негізін отбасы туралы негізгі ғылыми - теориялық ойларды құрады: А. А. Бодалев, И. В. Гребенников, Л. Я. Гозман, А. Н. Обозова, А. Г. Харчев, Ю. А. Алешина, М. Земска, В. М. Бехтерев, В. Дружинин, С. В. Ковалев, А. Захаров, Э. Г. Эйдемиллер, В. В. Юстицкис, А. С. Спиваковская, Н. Аккерман, Д. Олсон, Барнхилл и Лонго, М. Боуэн, С. Минухин, З. Матейчик, З. Марова, отандық педагог - ғалымдар Қ. Сейсембаев Ж. Сәкенов Қ. Әтемова, А. Капенова, Ш. Шүйіншинаның, И. Корнилко, Л. Ибрагимова, А. Жумадуллаева, С. Қойырбаева, және психолог зерттеуші Ұ. И. Ауталипова және тағы басқалардың ғылыми көзқарастары.

І ТАРАУ. ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫНДАҒЫ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Отбасы мәселесінің қазіргі психология ғылымында және тәжірибеде қарастырылуы

Отбасы - адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасымен байланысты емес, ол - ерекше феномен. Отбасы феноменінің бір жолы оның құрылымын, тарихи уақыт талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік циклын логикалық түсіндірілуі. С. И. Голод (1998) пікірінше отбасы феноменінде құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар және ата - ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы -неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э. Г. Юстицкий В. В., 1990) . Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А. И өз зерттеу жұмысында /23/.

Терең тұлға аралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э. Фромм және ресейлік ғалым М. И Лисина ол өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі С. М. Жақыповтардың қойылған мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында бірлескен іс-әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-мағынылық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауға мүмкіндік берілді.

Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелері арасындағы бірлескен әрекет пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға негізделеді /4, 10/

Отандық ғалым Ұ. И. Ауталипова отбасы мәселесін психологиялық тұрғыдан зерттеуі біздің бітіру жұмысымыздың мазмұнын ашуға көмегі болды. Автор өзінің еңбектерінде отбасылық дау-дамай мәселелсін, әсіресе соның ішінде отбасындағы кикілжіңнің бала тұлғасына әсерін, ажырасудың себептерін, ерлі - зайыптылар арасындағы қарым-қатынас, отбасылық қақтығыстардың туындау себептерін ашады /8/.

Отбасы тәрбиесі мәселелеріне зерттеулер арнап, ғылыми-педагогикалық диссертациялардың тақырыбына арқау еткен бірнеше отандық педагог-ғалымдарды атап өтуге болады. Мысалы, Қ. Сейсембаева /9/ қазақ халқының педагогикасындағы озық ойлар мен тәжірибелері пайдалана отырып, отбасы тәрбиесі арқылы баларлады мектепке дайындау мәселесін қарастырса, Ж. Сакенов /10/ жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге даярлау үшін халық дәстүрлерін пайдалануды зерделеді. Оқушылар бойына гумандық қасиеттерді қалыптастырудағы отбасының өмірге даярлау үшін халық дәстүрлерін пайдалануды зерделеді. Оқушылар бойына гумандық қасиеттерді қалыптастырудағы отбасының рөлі тұрғысында зерттеу жұмысын жазған Қ. Әтемова /11/ отбасы тәриесінің маңыздылығын жақсы жеткізе білді. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жөніндегі еңбегінде А. Капенова /12/ педагогикалық -психологиялық мүмкіндіктерді молынан қарастырды. Оқушылардың білім сапасын арттырудағы отбасы мен мектептің бірлігінің педагогикалық шарттарын зерттеп - зерделеген Ш. Шүйіншинаның /13/ диссертациялық жұмысы бүгінгі мектептің тәрбие жүйесін қайта қарауға мүмкіндік береді. Осындай еңбектердің қатарына төмендегі жұмыстарды да жатқызуға болады. И. Корнилко /14/ кіші мектеп жасындағы балалардың бойында адамгершілік - әдеп дағдыларын қалыптастыруға отбасы мен мектептің бірлескен қазақтың отбасылық дәстүрлері арқылы жолға қою мәселесін зерттеді. Бұл мәселеде психологиялық - педагогикалық мүмкіндіктер ескерілген.

Ал, Л. Ибрагимова /15/ қазақ этнопедагогикасындағы отбасы тәрбиесі мәселесін жан-жақты қарастыруға тырысты. А. Жумадуллаева /16/ жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даярлаудың педагогикалық негіздері турасында зерттеу жұмыстарын жазса, С. Қоңырбаева /17/ дәл осы жастағы мектеп оқушыларын қазақтың этномәдени құндылықтары арқылы отбасылық өмірге даярлаудың педагогикалық шарттарын нақтылауға жұмыс жасады.

Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г. М. Свердлов және В. Л. Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.

Э. К. Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын қарастырады:шаруашылық-экономикалық, генеративті тәрбиелік, мәдени, репродукциялық. С. Д. Лаптеноктың пікірінше, (1967) отбасының маңызды қызметтеріне шаруашылық -тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады.

70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б. П. Парыгин, А. Г. Харчев. Ол « әйел адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді», - деген тақырыптарда С. Голод, З. Янкова т. б. зерттеді.

З. И. Файнбург «отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік қатынастың тұрақтылығына ықпалы, отбасының тұрақтылық жағдайы туралы Ю. Г. Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептерін және А. М. Уматинов және т. б. зерттеді.

70-шы жылдардың аяғына қарай отбасы мен неке психологиясында неке жұптарындағы әлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған Ю. Е. Алешина, «қалалық отбасыларда некелік рольдерді бөліп беруді», З. И. Янкова және т. б. қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың даму заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды, зерттегендер мысалға А. А. Бодалев, Н. Н. Обозов және т. б.

Соның қарым-қатынасындағы маңызды обьект бала. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді. Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі толқымалы кезең жеткіншектік кезең. Жеткіншектік кезеңді қазіргі зерттеулер оның әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген ғалымдар Фельдштейн Д. Л, Кондратьев және т. б. тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан Кон И. С. Дубровина зерттеді, ол жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Гаврилова Г. П., Драгунова Т. В. және т. б, ал танымдық эмоциялық - еріктік және мінез-құлықтың ерекшеліктерін Кучинский, жеткіншектегі өзіндік сананың құрылымы мен қызметі туралы Баруалкина В. В. тұлғаның анамальды даму механизмдері туралы Дозорцева Е. Г сияқты ғалымдар зерттеді. /18, 19/

Шужебаева А. И. «отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынасындағы қиындықтарын психологиялық-педагогикалық зерттеу» атты жұмысында:балаларды тәрбиелеу жүйесіндегі ең түйінді мәселелердің бірі қарым-қатынас проблемасы. Тұлға аралық қарым-қатынас сферасындағы сәйкессіздіктер психологиялық-педагогикалық бағытта болады, ондай балалар тобын проблемалары бар балалар деп анықтауға болады. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғааралық қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтау, психологиялық-педагогикалық ғылымда қажетті деңгейде.

Зерттеу жұмысында отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың ересектермен өзара қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық негіздері, бала мен ата-ана қарым-қатынасының құрылымы зерттелінген бала мінезіндегі қиындықтарды жеңу механизмдері жасалынып, балалар мен ересектердің қарым-қатынасының дербес бағытталған мәдени сәйкес жүргізудің әдістері мен тәсілдері анықталған. Зерттеу барысында толық емес отбасы жағдайындағы балалардың қарым-қатынастары зерттелген /20 21/ .

Айдарбеков Қ. А. «отбасындағы ішкі қарым-қатынас жүйесінде жасөспірімдердің өзіндік санасының диологиялық құрылымдардың дамуы» атты зерттеу жұмысында жасөспірімдік кезеңдегі өзіндік сана дамуының ерекшеліктерін және бүкіл тұлға дамуының ауытқу өзгешеліктерін тудыратын факторларды зерттеуге арналған.

«Баланы - жастан» дегенге мен де толық қосыламын. Бірде Бернард Шоудан: «Маған ақылыңызды айтыңызшы, баланы қай жастан тәрбиелеген қолайлы?» деп сұрамай ма, сонда атақты драматург қарсы сауал қойыпты: «Балаңыз қанша жаста?». «Өмірге келгеніне екі апта болды», депті оған сауал қоюшы. Сонда Б. Шоу: «Сіз дәл екі аптаға кешіктіңіз» деген екен. Мұның өзі достық нақышта айтылғанмен, астарында шындық жатыр.

Осылайша, отбасы бұл динамикалық күрделі жүйе, ол даму процесіне негізделген . Керісінше, ол өзгермелі, дамуға бағытталған жүйе.

Отбасы сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты бейімделіп тұратын күрделі және біртұтас жүйе.

Шетел зерттеушісі М. Уэдделл отбасын туыстық байланысымен біріктірілген, гетерогенді жұптың айналасында жүзеге асатын әлеуметтік- экономикалық бірлік, - дейді/23-24/. Осылайша, шетел зерттеушілері (М. Уэдделл мен Н. Аккерман) отбасын туыстық байланыстарға, қатынастар ж. үйесіне негізделген әлеуметтік- экономикалық бірлік болып табылады деген бір пікірге келеді.

Дәстүрлі отандық ғылымда отбасы мәселесі әлеуметтану ғылымымен тығыз байланысты.

Кеңес әлеуметтанушысы Н. Я. Соловьев отбасын жеке тұрмысты ұйымдастырудың формасы ерлі-зайыптылар мен туыстық байланыстарға негізделген (яғни әйелі мен күйеуі, туыстар мен балалар арасындағы ), бірге өмір сүріп, ортақ шаруашылығы бар қоғамның бір бөлігі ретінде қарастырған. /25/

Отбасы түсінігіне берілген бұл анықтаманы әлеуметтік - психологиялық көзқарасқа жатқызуға болады, яғни басқаша айтқанда отбасы бұл әртүрлі ортақ қатынастарға, қажеттіліктерге негізделген шағын әлеуметтік топ болып табылады. Оның өзіне тән қызметі мен құрылымы болады. Келесі белгілі әлеуметтанушы А. Г. Харчев отбасын ерлі-зайыптылардың, ата-ана мен балалардың тарихи нақты өзара қатынас жүйелері деп қарастырады.

Бұл шағын топ ерлі - зайыптылардың немесе туыстық қатынастырдың ортақ болуымен, тұрмыстық жағдайлар мен өзара адамгершілік, жауапкершілік, әлеуметтік қажеттіліктің ортақ болуымен негізделген /25/. Бұл анықтама өзінің мазмұны бойынша Н. Я. Соловьевтың анықтамасымен ұқсас болып келеді.

Отбасы екі жағдайда да қоғам үшін маңызды және негізгі фактор болып табылады. Екі жағдайда да отбасы бұл шағын топ. Оның қоғамда атқаратын өзіне тән рөлі бар.

Отбасы мәселесін қарастырғанда ең алдымен жүйелі бағыт тұрғысынан қарастыру керек.

Отбасы мәселесіне байланысты жүйелі бағыттың көрнекті өкілі ретінде Л. Фон Берталанфиді атауға болады.

Л. Фон Берталанфидің теориясы бойынша, адам бұл өзіне әртүрлі өзара байланысты деңгейлерді қамтитын, өзін-өзі реттейтін кибернетикалық жүйе болып табылады / 26-27/.

Отбасы бұл өзара байланысты бір тұтас психологиялық және биологиялық организм . Сондықтан да отбасы қоғамның барлық салаларымен тығыз байланысты . Осыған байланысты халық арасында «Отан отбасынан басталады» немесе «Отбасы шағын мемлекет» деген түсініктер кең таралған.

Отбасы мәселесіне байланысты жүйелі бағыт туралы бірқатар монографиялар мен зерттеулер жүргізген автор Джексонның көзқарасына тоқталғанды жөн көріп отырмыз.

Отбасы, Джексонның пікірі бойынша, отбасы «ережемен басқарылатын жүйе» деген көзқарасты ұстанады. Отбасы мүшелері көптеген мінез-құлық тәсілдері ішінен барлығын қолданбайды.

Тіпті кейде ережемен өмір сүретіндіктерін де байқамай қалады, өйткені олар санасыз түрде жүзеге асады. Бұл ережелердің барлығы өзара тығыз байланысты және бірігіп өзара байланысты біртұтас отбасы жүйесін құрайды /28/

Отбасын жүйе ретінде бірқатар зерттеушілер қарастырған. Бұл бағытты басқаша психология ғылымында интегративті бағыт деп те атайды. Осы интегративті бағыттың бір өкілі ретінде Оудсхоорнды атауға.

Оудсхоорн отбасын өзіндік құрылымы, қызметі бар тұтас организм деп қараған.

Оудсхоорнның интегративті моделі бойынша отбасы жүйесі туралы ойдың бес тобы болады. Бұл көзқарас бойынша отбасы жүйесін оның құрылымы, қарым-қатынас, даму кезеңдері, отбасылық тарихы мен қызметі бар құрылымы, ретінде қарастырумыз керек.

Жүйелі бағыттың өкілі С. Минухин отбасының оның мүшелдері жеке биопсиходинамикалық ерекшелігінен күрделі жүйе деп арайды. /28/

Отбасы мүшелері оларды трансакциялар арқылы басқарады. Бұл транксакциялар әдетте нақты қалыптасып, кейде сансыз түрде отбасы құрымын қалыптастырады.

Осылайша, отбасын тұтас жүйе ретінде қарастыра отырып, біз оны ең алдымен барлық компоненттері өзара байланысты тұтас жүйе ретінде қараймыз.

Ал отбасы мүшелерінің арасында өзара қарым-қатынас жүйесі қалыптасады.

Отбасы құрылымын жүйе ретінде талдай отырып, оның құрамын зерттеуміз керек.

Д. Олсонның көзқарасы бойынша отбасының құрылымын сипаттауда бірнеше параметрлерді ескертуіміз керек. Олар ауызбіршілік, иерархия сыртқы және ішкі шеуктеулер, отбасының рөлдік құрылымы. (Олсон 1993)

Ауызбіршілікті көп жағдайда эмоционалды байланыс ретінде қарастыруға болады, ол отбасы мүшелерінің жақындық немесе бауырмалдық сезімі негізінде көрініс береді /29-30/.

Шектеулер бұл отбасы мен әлеуметтік қоршаған орта және отбасы жүйелері арасындағы өзара қатынастың сипаттамасы (мысалы, жеке ерекшелігімен, диадамен, триадамен ) .

Отбасылық шектеулер белгілі бір ережелермен байланысты болып келеді. Шектеулер ішкі және сыртқы, қатаң және анық емес болып келеді.

Егер сыртқы шектеулер қатаң болса, онда отбасы мен орта арасындағы алмасу қиындайды, Егер жүйе шектеулері тым әлсіз болса онда отбасы мүшелерінде қоршаған ортамен байланыс жақсарып, ал олардың өзара қарым-қатынасы нашарлайды.

Мәселен, ата-ана мен бала арасындағы ішкі шектеулер тым қатаң болса, онда ата-аналар өздерімен өздері жүреген тәрізді болып көрінеді. Ал керісінше, ішкі шектеулер әлсіз болса, онда үлкендер көбіне ата-аналық рөлдерін атқарып, ерлі - зайыптылар ретіндегі қарым-қатынасы әлсірейді.

Отбасылық әсемдік Олсон бойынша отбасындағы өзара қарым-қатынастың баланың психологиялық дамуына үлкен әсер етеді.

Әсіресе ата-аналардың өзара қатынастары . Олсон төрт деңгейді бөледі: ригидті - өте төмен; құрылымдық -орташаға жақын; әсем - орташадан жоғары және кездейсоқ жүйе .

Ауызбіршіліктің орталық деңгейлері мен әсемдік біршама тепе-тең болып келеді. Бұл отбасылық жүйелер отбасындағы өзара қарым-қатынастардың тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

Ал осы деңгейлердің шеткі орналасулары көптеген проблемалардың кездесуімен байланысты.

Отбасы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, қоғамдық қызмет те атқарады, өйткені отбасы қоғамның негізгі және маңызды әлеуметтік институты болып табылады. Ең алдымен ұрпақты жалғастыру қызметін атқарады. Бұнымен қатар отбасының әр мүшесінің жеке қажеттілігін және жалпы отбасылық (топтық ) қажеттіліктерді қанағаттандырады.

Отбасының өз қажеттіліктерін қанағаттандыруы отбасылық қызметтерді жүзеге асыруға негіз болады. Осы қызметтерге тоқталсақ, олар репродуктивті, экономикалық, тәрбиелеу (немесе әлеуметтендіруші), коммуникативті, демалысты ұйымдастыру, өскелең ұрпаққа құндылықтар мен салт-дәстүрлерді беру және т. б. Аталған қызметтер арасында өзара тығыз байланыс бар.

Отбасы атқаратын қызметтерге психологиялық шолу жасасақ, отбасының ең негізгі қызметі бұл репродуктивті қызмет болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері. Зердесін дамыту
Асыл ана
Балалар мен ата-аналарға арналған жұмыстар
Компьютердің балаға әсері
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына көмек
Компьютер ойындарының бала психологиясына әсері
ОТБАСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП
Бастауыш сынып оқушыларындағы мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беру
Балаларды дамытудағы балабақша тәрбиесінің ерекшелігі
Мектепке дейінгі бала портфолиосы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz