Клиент сервер деректер базасы
Мазмұны
Мазмұны 2
Кіріспе 3
1. Деректер базалары 4
1.1 Деректер базасын құру принциптері 4
1.2 Деректер базаларын құру тәсілдері 5
1.3 Реляциялық деректер базаларының құрылу принциптері 6
1.4 Реляциялық ДББЖ кестелерді байланыстыру түрлері 8
1.4.1 Деректер базаларының түрлері 9
1.4.2 ER–диаграмманы деректер базасының сұлбасына түрлендіру 10
2. ДБ қосымшасын жобалау этаптары 14
2.1 Database Desktop-ті қолданып деректер базасын құру. Database Desktop
көмегімен жаңа кесте құру 14
2.2 Жазбларды орнату 15
2.3 Кестенің қасиеттерін көрсету 17
2.4 ДБ псевдонимін құру 21
2.5 ДБ қосымшасын құру 22
2.6 Қолданушыға нұсқау 29
Қорытынды 34
Қолданылған әдебиеттер: 35
Қосымша 36
Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты: деректер базасын құрып, "Деректер қоймасын
жобалау" пәнін толық игергенімізді көрсету. Деректер қоймасын жобалау және
ақпараттық жүйелерді құру кезінде Delphi деректер базасын басқару жүйесін
қолдандым.
Delphi-де қосымшаларды құру процессі қарапайымдандырылған. Біріншіден
ол программаны құрғанда уақыттың 80% кететің интерфейсі. Мұнда сіз жай
ғана керекті компонентерінізді Windows-терезесіне(Delphi-де оны форма деп
атайды) орналастырып, арнайы инструмент(Object Inspector) көмегімен олардың
қасиеттерін баптайсыз және де бұл компоненттердің оқиғаларын байланыстыра
аласыз (батырманы басу, тышқанмен тізімнен элементті таңдау ж.т.б).
Қосымша – бұл ақпаратты өндеу процесін автоматтадаратын программа
немесе программалар комплексі. Сонымен қатар құрастырушыға өндеудің мықты
құралдары беріледі, ыңғайлы анықтамалық жүйе(сонын ішінде Microsoft API –
ден де), жобаны құру барысында ұжымды жұмыс істеу құралдарын қолдану тағы
да көптеген мүмкіншіліктері бар. ActiveX компоненттерін Microsoft IDL- ді
қолданбай құруға болады, web-сервердің мүмкіншіліктерін көбейту ж.т.б.
Delphi-де деректер базаларымен жұмыс жасауы төменгі деңгейлі
ядросына(деректер базасының Borland Database Engine (BDE) негізделген.
Әр бір ДББЖ функцияларына – деректерді анықтау, деректерді басқару
және өндеу жатады. ДББЖ келесі қарапайым төрт операцияны жасауға мүмкіндік
беруі керек:
• Кестеге бір немесе бірнеше жазба енгізу;
• Кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
• өрістердің мәндерін жанарту мүмкіндігі;
• берілген шарт бойынша бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
Delphi осы операциялардын бәрін толығымен орындауға мүмкіндік береді.
1. Деректер базалары
1. Деректер базасын құру принциптері
Әрқашан үлкен көлемді деректерді басқару үшін деректер базалары
құрылып, қолданылады. Деректер базалары қазіргі уақытта адамның қызмет
көрсететін барлық салаларына кіретін ақпараттық процесстерін
қамтамасыздандырудың негізін құрайды. Деректер базалары деректердің құрамын
көрсететін және оларды басқаратын тиімді құрылғы болып табылады. Деректер
базасының концепциясы ақпаратты сақтаудың интегралданған құрылғысын
қолданады. Бұл кезде деректерді орталықтандырылған басқару және көптеген
қолданушыларға қызмет етуді қарастырады.
Деректер базасы ЭЕМ ортасында - деректер базаларын басқару
жүйесі(ДББЖ) деп аталатын бірыңғай бағдарламамен қамтамасыздандырылуы
керек. Деректер банкі деп ДББЖ және қосалқы бағдарламаларды атайды.
Деректер қорының пәндік облысы - ол деректер базасы көмегімен құрылып
немесе сипатталатын нақты уақыттың үзіндісі болып келеді. Пәндік салада
деректер базасында сақталатын ақпараттық объектілер бөлінеді. Олар –
идентификацияланатын объектілер, процесстер, жүйелер, ұғымдар және
мәліметтер.
Деректер базасы(ДБ) – объектілердің қатынасын және де қарастырылатын
саласындағы аталған қатынастардың жиынтығы:
- деректерді базасын басқару жүйелері (ДББЖ) – деректер базасының құру,
жүргізу, өндеуін жеңілдету үшін көптеген қолданушыларға арналған тілдік
және бағдарламалық құралы;
- деректер банкісі (БнД) –бағдарламалық, тілдік, ұйымдастырушылық және
техникалық құралдар жүйесі. ДБ технологиясына негізделіп деректерді
жинақтап ұжым ортасында қолданылады;
- ақпараттық жүйе (АЖ) – автоматтандырылған жинақтау, деректерді өндеу және
басқару, және де деректерді өндеудің техникалық құралдарын қоса алатын,
бағдарламалық қамтамасыздандыруды жүзеге асыратын жүйе.
Толық ДББЖ өз құрамына циклдің барлық этаптарында (жобалау, құру,
өндіру) әр түрлі деңгейлі қолданушылардың қажеттіліктерін
қамтамасыздандыратын ДБ жүйесін қосады. Жобалау операциясы бағандарды
таңдайды, таңдау операциясы - жолдарды, ал біріктіру операциясы
біріктірілген кестелерден ақпаратты жинайды.
Деректер базасын жобалау – ақпараттық жүйесін құруына байланысты
жобалаудың күрделі және жауапты есебі болып табылады. Оны шешу нәтижесінде
ДБ-ның құрамы, болашақ қолданушылар үшін деректерді ұйымдастыру және
деректерді басқару құралдарының тиімділігі анықталуы керек.
ДБ жобалау процесінің негізгі мақсаты болып келесі талаптарды
қанағаттандыратын жоба алу:
1. ДБ сұлбасының нақтылығы, яғни база модельденетің пәндік саланын
гомоморфті түрінде болуы керек. Мұнда пәндік саланын әрбір объектісіне
ЭЕМ жадысында сәйкес деректер, ал әр бір процеске – деректерді
өндеудің сәйкес адекватты процедуралары болады.
2. Шектеулердің қойылуы (тұрақты және жедел жадыларға және есептеу
жүйесінің басқа да ресурстарына).
3. Қызмет нәтижелігі
4. Деректерді қорғау (аппаратты және программалық сбойлардан және
рұқсатталмаған кіруден).
5. Қолданудың қарапайымдылығы және ыңғайлығы.
6. Даму мүмкіндігі және пәндік саланың немесе қолданушылардың
талаптарының ауысуына байланысты өзгеру мүмкіндіктері.
7. Жоба алыну үшін 1-4 талаптарды міндетті түрде қанағаттандыру тиіс.
2. Деректер базаларын құру тәсілдері
Қазіргі деректер базаларын құрудың негізгі үш тәсілі бар:
1. Иерархиялық
2. Желілік
3. Реляциялық
1.Деректердің құрама типі иерархиялық байланысты көрсетеді.
Иерархиялық байланыс көмегімен жасалса, онда ол деректердің иерархиялық
моделі деп аталады. Мәліметтердің иерархиялық модельдегі жазбаларының
құрылымы тармақты құрлымымен жасалған. Иерархиялық модельдің
артықшылықтарына: ЭЕМ жадысын тиімді пайдалануы және де негізгі
операцияларды орындауының уақыт көрсеткіші жаман емес. Иерархиялық модель
- иерархиялы реттелген ақпаратпен жұмыс жасауға ыңғайлы. Кемшілігі болып
көлемі жағынан үлкендігі, логикалық байланыстары бойынша күрделігі, сонымен
қатар жай қолданушыға түсіну қиындығы.
Иерархиялық модель негізінде бірнеше ДББЖ-рі құрылған. Олардың ішінде
IMS, PCFocus, Team-Up, Data Edge және де Ока, ИНЭК, МИРИС жүйелері.
2.Жалпы жағдайда базада желіні сипаттайтың желілік байланыстар
анықталуы мүмкін. Пәндік саланың жалпы түрдегі деректерін желілік құрылым
ретінде көрсететің модельді – деректердің желілік моделі деп атайды.
Желілік модельдің артықшылығына – иерархиялық модельге қарағанда еркін
байланыс орнату мүмкіндіктері жатады. Кемшілігі болып – құрлымының
күрделілігі. Желілік модель негізінде құрылған жүйелер кең таралмаған.
Олардың ішіндегі ең атақтыларына: IDMS,db_VistaIII, Сеть, Сетор жене Компас
ДББЖ жатады.
3.Реляциялық модельдерде мәліметтердің элементтерімен байланыстарын
бірдей көрсетуге болады.
3. Реляциялық деректер базаларының құрылу принциптері
Егер деректер базасын басқару реляциялық алгебраны қолданумен жүзеге
асырылса, онда бұл деректер базасы- реляциялық деректер базасы деп аталады.
Реляциялық модель мәліметтерді анықтауға, басқаруға және оларға әр түрлі
операциялар жасауға мүмкіндік беретін арнайы тілді қолданылады(SQL).
Реляция (Relation) – қатынас деген мағынаны білдіреді. Реляциялық
мәліметтер қорында ақпарат кестелерде сақталады.
Доктор И.Ф. Кодд реляциялық модельдің авторы. Ол белгілі тізім
жасаған және реляциялық модель осы тізімнің шарттарын қанағаттандыру
керек. Бұл тізімді жие Коддтің 12 ережесі деп атайды. Осы тізімнің
реляциялық жүйелерге арналған кейбір ережелерін айтып кетуге болады:
• олар барлық ақпаратты кесте түрінде сақтау керек;
• деректердің логикалық құрлымын ұстану керек;
• құрлымды сұраныстарды орындау және деректер базасындағы ақпаратты
өзгерту үшін жоғары деңгейлі тілді қолдану;
• негізгі реляциялық операцияларды(таңдау, жобалау, біріктіру) және де
теоретикалы-жиынды операцияларды (біріктіру,қиылыстыру, қосу) сияқты
операторларды қолдау керек;
• кестелерде белгісіз айнымалыларды айырып тану (nulls),нөлдік мәндер
және деректердегі бос орындар;
• деректердің бүтіндігін, транзакциясын, қайта қалпына келтіруді
қолдайтын механизмдерді қамтамасыздандыру.
Реляциялық деректер базасындағы барлық ақпарат кестедегі айнымалылармен
беріледі. Реляциялық жүйеде кестелер жол мен бағандардан тұрады. Барлық
мәліметтер кесте түрінде беріледі- деректер базасындағы ақпаратты қарайтын
басқа жолы жоқ. Байланысқан кестелердің жиынтығы деректер базасын құрайды.
Реляциялық базаларда кестелер бөлінген, бірақ құқықтары тең. Деректердің
әрбір элементі жол мен бағанның қыилысумен анықталады. Деректердің керекті
элементін табу үшін кестенің атауын, бағанын және алғашқы кілттің мәнін
немесе идентификаторын білу керек.
Реляциялық деректер базалары – бұл біріншіден кестелер жиынтығы,
процедуралар және басқада объектілер. Кестеде атауы болады – идентификатор.
Кесте бағандары объект қасиеттеріне сай келіп өрістер деп аталады. Әрбір
өріс сақталатын деректерге байланысты атауы және типімен анықталады. Өріс
атауы –идентификатор болып табылады және әр түрлі программаларда деректерді
басқару үшін қолданылады. Ол кез келген идентификатор сияқты құрылады, яғни
латын әріптерімен жазылады және бір сөзден тұрады. Өріс типі бұл - өрісте
сақталатын деректердің типін анықтайды. Олар - жол, сан, булевті үлкен
мәтіндер сияқты болуы мүмкін. Кестенің әр бір жолы – жазба деп аталады және
бір объектке қатысты болады. Жазбада объектті сипаттайтын барлық өрістердің
нәтижелерін көрсетуге болады.
Кесте құрғанда маңызды мәселе болып ақпараттың қарсыласпауы болып
табылады. Бұндай жағдай болмау үшін кілттік өріс еңгізіледі. Кілттік өріс -
әр бір жазбаның ерекшелігін көрсетеді. Бір немесе бірнеше өрістер кілттік
бола алады. Кестедегі жазбалар ретсіз немесе еңгізілген реті бойынша бола
алады, бірақ қолданушы өзіне ыңғайлы реті бойынша орналастыра алады.
Мысалы: алфавит бойынша немесе туған жылы бойынша.
Деректерді реттеу үшін индекстер қолданылады, кестені қолданушыға ыңғайлы
реті бойынша көрсетуін қамтамасыздандырады. Индекстер екі түрлі бола алады:
бірінші ретті және екінші ретті болып бөлінеді.
Бірінші ретті индекс деп деректер базасы құрылғандағы өрістерді
айтамыз. Екінші ретті индекстер басқа өрістер құрылғанда және деректер
базаларын құрғанда немесе құрылған кезіндегі индекстерді айтамыз.Екінші
ретті индекстерге ат, яғни идентификатор қойылады. Оларды идентификаторлар
арқылы қолдану ыңғайлы болады. Егер индекс бірнеше өрістерден тұрса,
деректер базаларын реттеу бірінші өріс бойынша, ал бірінші өрісте бірдей
нәтижелері бар жазбалар үшін – екінші өріс бойынша. Мысалы: қызметкерлер
деректер базасын отделдер бойынша, ал әрбір отдел ішіндегі деректерді –
алфавит бойынша реттеуге болады.
Деректер базалары көптеген кестелерден тұрады. Мысалы: бір мекеменің
деректер базасы әр бір қосалқы бөлімдердің сипаттамалары бойынша бөлінген
кестеден тұруы мүмкін. Бөлек, бөлек кестелер болған жақсы бірақ кестелер
жиынтығынан көбірек ақпарат алуға болады. Мұндай жағдайда байланысқан
кестелер жиынтығын қарастыру керек.
Байланысқан кестелерде біреуі басты кесте болып, ал екіншісі немесе
басқалары – бағынышты болады және басты кестемен басқарылады. Басты және
бағынышты кестелер кілт арқылы байланысады. Кілт ретінде екі кесте құрамына
кіретін өрістер бола алады.
Деректер базаларын басқару жүйелері – деректер базаларын құрады және
қойылған сұраныстарды өндейді. Бір - бірімен бәсекелесетін, өз
мүмкіндіктерімен ерекшеленетін көптеген ДББЖ бар. Олар: Paradox, dBase,
Microsoft Access, FoxPro, Oracle, InterBase, Sybase және тағы басқалары.
Әр түрлі ДББЖ деректерді әр түрлі даярлайды және әр түрлі сақтайды.
Мысалы: Paradox пен dbase әрбір кестеге бөлек файлды қолданады. Бұл
жағдайда деректер базасы кесте файлдары сақталатын каталог ретінде
беріледі. Microsoft Access пен InterBase-те бірнеше кесте бір файл ретінде
сақталады.
Клиентсервер типті жүйелер, мысалы Sybase немесе Microsoft SQL
барлық деректерді бөлек компьютерде сақтайды және клиентпен арнайы SQL деп
аталатын тіл көмегімен байланысады.
Псевдоним (alias) деректер базасына кіру үшін қажетті барлық ақпаратты
сақтайды. Бұл ақпарат тек қана псевдоним құрылуында бір рет беріледі.
Деректер базасымен жұмыс жасау барысында барлық өзгерістерді кэштеуі
қолданылады. Жасалатын барлық өзгерістер мысалы: жаңа жазба қосу, бар
жазбаларды өшіру, яғни қолданушы еңгізетің деректерді манипуляциялауы
деректер базаларында жасалмай уақытша виртуалды кестеде шығарылады. Тек
қана тексерістен кейін қолданушыға өзгерістерді еңгізуге немесе болған
қалпына келтіруіне рұқсат етіледі.
Деректер базаларында өзгерістерді фиксациялау транзакция көмегімен
жасалады. Транзакция деп мәліметтер қорын біртұтастығын жоғалтпай бір
күйден екінші бір күйге ауыстыратын әрекетті айтамыз. Бұл деректер
базаларын өзгертетін командалар жиынтығы. Оның нәтижесінде оған қатысты
кестелердегі деректер өзгеріске ұшырайды. Егер транзакция кезінде
мәліметтер қорына еңгізілген бір өзгеріс нәтижесіз қалса, деректер қоры
бастапқы қалпына қайтарылуы тиіс. Шындайында барлық өзгерістер жадыда
сақталады және де қолданушыға транзакцияны аяқтау немесе барлық
өзгерістерді реалды базаға еңгізу, немесе өзгерістерден бас тартып болған
күйіне оралу мүмкіндіктері беріледі. Транзакция түсінігі деректер қорының
логикалық бүтіндігін қолдау үшін қажет. Транзакция бұл- ДББЖ-гі біртұтас
қаралатын операциялардың жиынтығы немесе жүйесі. Транзакция басталуының
алдында деректер базасының бүтіндік күйінен басталады және аяқталған соң
бүтіндік күйін сақтайды. Транзакцияның бұл қасиеті оның деректер базасына
қатысты қолданушылық активтер бірлігі ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
Әрбір транзакцияның басы және соңы болады.Транзакцияны сақтауға немесе
өшіруге болады. Егер транзакцияның орындалуы барысында операцияның бірі
орындалмаса мәліметтер базасында транзакцияның бірде бір құраушысы
сақталмауы керек.
4. Реляциялық ДББЖ кестелерді байланыстыру түрлері
Деректер базасын жобалау кезінде ақпаратты әдетте бірнеше кестелерге
бөледі. Реляциялық ДББЖ-ларда кесте аралық байланыстарын көрсету үшін
оларды байланыстыру операциясын өткізеді. Кестелер байланыстырылған болса,
деректермен жұмыс жасау онайырақ болады.
Кесте байланыстарының негізгі түрлері:
1. бинарлы (екі кесте арасында)
2. тернарлы ( үш кесте арасында)
3. n – арлы (жалпы жағдайда)
Екі кесте байланысқан болса, оларда негізгі және қосымша (бағынышты)
кестелерді бөледі. Кестені логикалық байланыстыру кілт арқылы жасалады. ДБ-
ның бүтіндігін сақтау үшін кестенің бір немесе бірнеше өрісіне кілт
қойылады.
Байланыстырудың мақсаты болып – негізгі және бағынышты кестелер
арасында байланыс орнату.
Екі кесте арасында байланыстың келесі төрт түрін бөледі:
• бірге – бір (1:1);
• бірге – көп (1:М);
• көпке – бір (М:1);
• көпке – көп (М:М немесе М:N).
Бірге – бір байланысында негізгі және қосымша кестенің барлық байланыс
өрістері кілттік болып табылады. Екі кілттік өрісте де мәндер
қайталанбайтындықтан өзара бірмәнді жазбалар болады. Мұндай байланыстағы
кестелер тең құқылы болып табылады.
Бірге – көп байланысында бірінші кестенің бір жазбасына басқа кестенің
бірнеше жазбасы сәйкес келеді.
Көпке – бір байланысы негізгі кестенің бір немесе бірнеше өрістері
қосымша кестенің бір өрісімен сәйкес келетін байланыс.
Көпке – көп байланысы бірінші кестенің бірнеше жазбалары қосымша
кестенің бірнеше жазбасына сәйкес келетін болса, ұйымдастырылады.
Практикада байланыстардың ішінен бірге – көп байланысы қолданылады.
1. Деректер базаларының түрлері
Әр түрлі есептемелер үшін деректер базаларының әр түрлі модельдерін
қолдану ыңғайлы, яғни шағын мекеменің деректер базасы мен үлкен банктің
деректер базасын әр түрлі құру керек.
Масштабтау деп нақты қосымшаға қай процесс ыңғайлы екенін анықтайтын
процесті айтады. Мүмкін болатын деректер базаларының моделдерін
қарастырайық. Өйткені бұл Delphi-де деректер базамызды құруға әсер етеді.
Деректер базаларының төрт моделін қарастырайық:
• Автономды
• Файл- серверлі
• Клиентсервер
• Көпдеңгейлі бөлінген деректер базалары
Автономды деректер базалары - деректер базаларының ең қарапайым түрі
болып табылады. Олар өздерінің деректерін локальды, файлды жүйеде басқару
жүйесі мен деректер базасының машинасы орналасқан компьютерде сақтайды. Бұл
жағдайда желі қолданылмайды. Сондықтан автономды деректер базаларын құрушы
рұқсаттың параллельдік проблемасын есептемейді. Автономды деректер базасы
көптеген қолданушылар қолданылатын қосымшаларды дамыту үшін пайдалы. Бұл
жағдайда әрқайсысының бөлек деректер базасы болады. Мысалы: үлкен емес офис
құжаттары, шағын көлемді кәсіпорынның кадрлік құрамын, кішкентай есеп
бөлімдерінің есепшілік құжаттарын өндеу қосымшалары.
Бұндай қосымшаның әрбір қолданушысы өз компьютерінде өзінің деректерін
басқара алады. Қолданушыға басқа бір қолданушының деректеріне рұқсат керек
емес, бөлек базалар мында өте ыңғайлы.
Файл – серверлі деректер базаларының, автономды деректер базаларынан
айырмашылығы – желі арқылы көптеген клиенттерге қол жеткізілуі болып
табылады. Бұл өте ыңғайлы себебі өзгерістерді барлық қолданушылар көре
алады. Деректер базасының өзі файл – серверде сақталады.Жұмыс кезінде әр
бір клиентке локальді көшірмесі жасалады.
Файл – сервер деректер базасының кемшілігі болып желіні тиімсіз жүктеуі
болып табылады. Клиенттің әр бір сұранысы бойынша локальды көшірмесіндегі
ақпарат сервердегі деректер базасынан жаңартылып тұрады. Сұраныс бір
жазбаға қатысты болса да, барлық жазбалар автоматты түрде жаңартылады. Тағы
бір кемшілігі болып деректердің бүтіндігі болып табылады, яғни
қолданушылардың программалары өте жақсы ойластырылған болуы керек, себебі
базаға қате еңгізу оңай осыған байланысты бұл қате барлық қолданушыларға
әсер етуі мүмкін.
Клиентсервер деректер базасы. Үлкен көлемді деректер базалары үшін
клиентсервер платформасындағы деректер базасы жие қолданылады.
Клиентсерверге белгілі бір операциялары орындауға бұйрық бере алады.
Қуатты сервер орындаған соң клиентке өз жұмысының нәтижелерін береді.
Жұмыстың былай ұйымдастырылуы сервер көмегімен қосымшаларды тиімдірек
орындауын көбейтеді, желіні еңгізеді, деректердің бүтіндігінің басқаруын
жақсартады.
Клиентсервер деректер базаларында қосымша проблемма болуы мүмкін –
сервердің мүмкіндіктерін максималды, ал желіні минималды қолдануын жобалау.
Бұл серверде сақталатын процедураларды жасау арқылы жүзеге асады. Олар
бизнес- логиканы ұйымдастырады: деректерді өндейді және қолданушыға, тек
сұралған ақпаратты жібереді.
Көп деңгейлі бөлінген деректер базалары. Бұл бөлінген қосымшалар арқылы
желідегі деректерді өндеу түрі. Ең кең таралған үш деңгейлі нұсқасы:
• Төменгі деңгейде қолданушының компьютерде клиенттердің қосымшалары
орналасқан.
• Екінші деңгейде қосымшалардың сервері орналасқан. Мұнда қолданушымен
бөлшектелген деректер базалары арасында мәліметтер алмастырылады.
Қосымшалар сервері барлық клиенттерге рұқсат етілген желінің
түйінінде орналасқан.
• Үшінші деңгейінде жойылған деректер базалары орналасқан. Ол қосымшалар
серверінен ақпаратты қабылдайды және оларды басқару функцияларын
орындайды.
Бұл деректер базаларын құрудың ең күрделі түрі болып табылады. Delphi
бұл жүйенің алғашқы екі деңгейлеріне ғана қосымшаларды құра алады. Және де
төменгі деңгейінде қолданушы компьютерінде Borland Database Engine(BDE)
қондыру міндетті емес. Көпдеңгейлі бөлшектеген деректер базаларының
артықшылықтарының бірі болып осы ерекшелігін айтуға болады.
2. ER–диаграмманы деректер базасының сұлбасына түрлендіру
Деректер базасы деректер базасының сұлбасы негізіне құрылады.
ER–диаграмманы деректер базасының сұлбасына түрлендіру үшін толық
ER–диаграммасын келтірейік. ER–диаграмманы деректер базасының сұлбасына
түрлендіру әрбір мәнді және атрибуттары бар әрбір байланысты, қатынастарды
(ДБ кестелері) көрсету жолымен жасалады. Келесі сұлбада көрсетілген
белгілерді қолданамыз:
Негізгі қатынас
Бағынышты
қатынас (бұл өріс бойынша
байланыс
жасалады)
Атрибут
Сұлба 1. Белгілер енгізу
Бірге – бір
байланысы
Бірге – көп
байланысы
Сұлба 2. “Панорама”туристтік агенттігінің ER–диаграммасы
Деректер базаларымен Delphi-де байланыс орнату
Delphi-дің бірінші версияларында деректер базаларымен жұмысты жүзеге
асыратын негізі болып Borland Database Engine(BDE) – Borland фирмасының
деректер базаларының процессоры болды. Өз мағынасын ол қазірда жағалтқан
жоқ. Delphi қосымшасы деректер базасына BDE арқылы қосылады. Бұл жағдайда
деректер базасымен байланысы келесі сұлба бойынша жасалады:
Сұлба 3. Delphi қосымшасының деректер базаларымен байланыстыру сұлбасы
Delphi қосымшасына деректер базасымен байланыс керек болған жағдайда
әдетте BDE-ге жолығып, деректер базасының псевдонимін және ондағы қажетті
кестенің атауын көрсетеді.
BDE-нің динамикалық қосылатын библиотекалары - DLL түрінде құрылған
(IDAPI01.DLL, IDAPI32.DLL- файлдар). Олар әрбір библиотека сияқты API-мен
қамтамасыздандырылған. API – Аpplication Program Interfase – қолданбалы
программалардың интерфейсі. IDAPI (Integrated Database Application Program
Interfase) – бұл деректер базаларымен жұмыс жасауға керекті процедуралар
мен функциялардың тізімі. BDE псевдоним бойынша деректер базасы үшін
қажетті драйверді таба алады. Драйвер – бұл қосымша бағдарлама. Егер BDE-да
ДББЖ сәйкес келетін өзінің драйвері болса, онда BDE ол арқылы деректер
базаларын және керекті кестемен байланысады, қолданушының сұранысын өндейді
және өнделген нәтижені қайтарады. BDE-нің: Microsoft Access, FoxPro,
Paradox, dBase сияқты базаларға доступы бар. Егер керекті ДББЖ-ға қолдануға
болатын BDE-нің өзінің драйвері болмаса, онда ODBC драйвері қолданылады.
ODBC (Open Database Connectivity)- DLL, функциялары бойынша BDE-ге ұқсас
бірақ Microsoft фирмасымен құрылған. Ол ODBC.DLL файылында ақталады. ODBC
үшін әр бір ДББЖ-ға сәйкес келе алатын драйверлер жасалған. Borland
фирмасы BDE –ға ODBC-ті қолдану үшін драйвер қосты. Бірақ ODBC арқылы
жұмыс ДББЖ-ң BDE-ге қосылған өздерінің драйверлеріне қарағанда жайірек
жасайды.
BDE-де SQL қолданылады SQL – құрлымдалған сұраныстар тілі. Sybase,
Microsoft SQL, Oracle, Interbase сияқты SQL – серверлерімен ақпаратты
алмастыруға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік клиентсервер платформасында
қолданылады.
Delphi 5-те BDE-ні қолданбай деректер базалармен жұмыс жасаудың басқа
альтернативті мүмкіндігі болған. Бұл Microsoft-пен құрылған ActiveX Data
Objects(ADO) технологиясы. ADO – бұл кез келген деректер типіне арналған
қолданбалы интерфейс. Ол реляциялық және реляциялық емес, электронды почта,
жүйелік, мәтіндік және графикалық файлдарды қосады. Мәліметтермен байланыс
OLE DB технологиясы арқылы құрылады. ADO-ні қолданып деректермен жұмыс
жасау тиімдірек болады. Және де кириллицамен байланысты кейбір проблеммалар
шешіледі. ADO-ні қолдану үшін сіздің компьютерінізде ADO 2.1 системасы
немесе оданда ерте версиясы, және де Microsoft SQL Server клиенттік
системасы орнатылуы керек, ал ODBC-та OLE DB драйвері болуы керек. Delphi
5-те деректер базаларына доступтың тағы да бір алтернативті түрін
қарастырған. Бұл Interbase ол Interbase Express(IBX) технологиясының
негізінде еңгізілген. Delphi 5 компонеттерінің ішінде Interbase компоненті
қосылды. Бұның ішіндегі компоненттері BDE-сіз Interbase-пен жұмыс жасауға
қарастырылған. Бұл компонент өнімділігі жағынан BDE-ге қарағанда тиімдірек
болады. Delphi 6 және 7-де dbExpress технологиясы қосылды. Бұл SQL серверге
доступті қамтамасыздандыратың драйверлер жиынтығы. Бұл курстық жұмыстың
мақсаты BDE мүмкіндіктерін толығымен қарастыру.
2. ДБ қосымшасын жобалау этаптары

көмегімен жаңа кесте құру
Әдетте Database Desktop Delphi-дің басты мәзірінде Tools бөліміне
қосылған болады. Егер бұл жасалынбаса оны ToolsConfigure Tools командасы
арқылы қосу керек. Database Desktop-ті шақырыныз, үлгісін келесі кестеден
көруге болады:
Сурет 2.1.1 Database Desktop бағдарламасының басты терезесі
Database Desktop көмегімен ДББЖ Paradox7 кестесін құрдым. Paradox7- де
деректер базалары – бұл кестелер орналасқан каталог. Мұндағы файлдардың
кеңейтілуі - *.db
Енді Database Desktop Filenew командасын орындадым. Мұнда QBE Query, SQL
File, Table деген бөлімдерден тұратың мәзір ашылады.
QBE Query – сұраныстар құрудың визуальды компоненті және сұраныстарды
файлға жазады.
SQL File – сұранысты SQL-де құру және файлға жазу.
Table – жаңа кесте құру. Table-ді тандадым. Ашылған диалогтік терезеден
керекті ДББЖ-ні таңдауға болады. Paradox7-ні таңдағанда, кестенің құрлымы
құрылатың терезе ашылады.
Сурет 2.1.2 Деректер базасын басқару жүйесін таңдау терезесі
Сурет 2.1.3 Paradox кестесінің құрлымын құру терезесі
Кесте келесі өрістерден тұрады:
NomerPassajira – Number типті сандық жол. Пассажир нөмірін енгізу үшін
арналған.
NomerPoezda – Number типті сандық жол. Поезд нөмірін енгізу үшін
арналған.
VidMesta - Alpha типті жолдық өріс (ұзындығы 20 символ). Орынның түрін
еңгізуге арналған. Мысалы, плацкарт немесе купе.
StoimostBileta – Money типті ақшалық жол. Билеттің құның еңгізу үшін
арналған.
2.2 Жазбларды орнату
Құрылатың кестенің әр бір жазбасына ат, яғни идентификатор қойылады.
Ол 25-ке дейін символдардан тұра алады және пробел қойылынбайды. Содан соң
жазбаның типі(type) таңдалады. Бұл үшін type бөліміне өтіп тышқанның оң жақ
батырмасын бастым. Берілген типтердің ішінен керектісін таңдадым. Paradox-
та қолданылатың типтердің түсініктемелер келесі кестеден көруге болады.
Paradox кестелері өрістерінің негізгі типтері:
Өріс типі Database Desktop Сипаттамасы
белгіленуі
Autoincrement +
Alpha A Символдық жол. Ұзындығы 255
символмен шектелген.
BSD # Сандарды екілік – ондық бейнелеу
форматы.
Binary B Байттар тізбегі түріндегі екілік
сандар. Ұзындығы
шектелмеген.Алғашқы 240 байт
кесте файлында сақталады, ал
қалғандардың кеңейтілуі *.mb
файлда сақталады.
Bytes Y 255-ге дейінгі байттар тізбегі.
Date D Дата мәні. Мәні 01.01.9999 ден
31.12.9999 дейін.
Formated Memo F Форматталған символдардың
шектелмеген тізбегі.
Graphic G *.bmp,*.eps, *.gif, *.pcx, *.tif
форматтарының бірін қолданатын
графикалық бейнелер. Кесте
өрісіне сурет жүктелгеннен кейін
*.bmp форматына түрленеді. Мәні
*.mb кеңейтілуі бар файлда
сақталады.
Logical L Булевтік(логикалық) айнымалы.
True(ақиқат) немесе
false(жалған) мәндерінің бірін
қабылдайды.
Long Integer I Бүтінсандар типі.
-2147483648 ден 2147483647
аралығындағы диапозон.
Memo M Шектеусіз симолдар тізбегі.
Алғашқы 240 байт кесте файлында
сақталады, ал қалғандардың
кеңейтілуі *.mb файлда сақталады.
Money $ Ақшалық шамаларды сақтайды.
Number типінен айырмашылығы
ақшалық таңбысында. Таңба символы
операциялық жүйелер
баптауларынан тәуелді.
Number N Қалқымалы үтірлі сан -10307
ден 10308 диапозоны аралығында
мәндерді қабылдайды. Берілу
дәлдігі ондық нүктеден кейін 15
таңба.
OLE O OLE(object linking Embeding)
технологиясын қолдайтын
деректерді сақтайды. Мәні *.mb
кеңейтінді бар файлды сақтайды.
Short S Бүтін сан – 32768-ден 32767
аралығындағы мәндерді қабылдайды.
Time T Уақыттық шамадан тұрады.
Time Stamp @ Даталық және уақыттық шамадан
табады.
Kесте 1
Кейбір типтер үшін өлшемін(size) көрсету керек. Мысалы: Alpha жолдық
тип үшін өлшем - бұл символдар саны. Memo, Graphic, Binary т.б. типтер үшін
өлшемін көрсету керек емес.
Кілттік өрістер * символымен көрсетілуі керек. Бұл символды қою
немесе жою үшін соңғы бағанның сәйкес жолында екі рет шерту керек немесе
белгілеп бос орын пернесін басу керек.
Егер бірнеше кілттік өрістер болатың болса онда Paradox кестелерінде олар
бірінші болуы керек.
2.3 Кестенің қасиеттерін көрсету
Терезенің оң жағында кесте қасиеттері көрсетіледі(Table properties).
Жоғарында бірнеше бөлімдерден тұратын тізім берілген. Validity Checks –
нәтиже дұрыстығын тексеру.Бұл бөлімді таңдаған кезде жазбаның келесі
қасиеттерін көрсетуге болады:
Reguired Field – бұл индикаторда әр бір жазба да міндетті түрде болатын
жазбалар бекітіледі.
Minimum – ең кіші мағынаның ұзындығын білдіреді. Бұл қасиетті сандық
шамалар үшін қолдануға болады.
Maximum - ең үлкен мағынаның ұзындығын білдіреді. Бұл қасиетті сандық
шамалар үшін қолдану керек.
Default – үнсіздік режиміндегі мән. Бұл қасиетті сандық, логикалық және де
кейбір символды типтер үшін оранту керек.
Picture – деректерді еңгізу шаблоны. Мысалы: телефон нөмірінің шаблонын
құруға болады( ## - ## - ##).
Assist – бұл батырма Picture шаблонын құруға көмектесетің диалогтік
терезені шақыр2.4 Secondary Indexes – екінші ретті индекстер
Кесте қасиеттерінің тізімінің келесісі Secondary Indexes– екінші ретті
индекстер. Бұл бөлімде жұмыс үшін қажетті – екінші ретті индекстер алғашқы
индекс кілттік өрістермен жасалады.
Екінші ретті индекс құру үшін Define- анықтау, батырмасын бастым
1.8.4.1 суреттегі диалогтік терезе ашылды.
Терезенің сол жақ Fields өрістер тізімі көрсетіледі, ал оң жақ Idexed
fields бөлігінде индекстелетің өрістерді реттей аласыз. Сол жақтағы өрісті
терезенің оң жақ бөлігіне ауыстыру үшін, қажетті өріс немесе бірнеше
өрістерді белгілеп, оң жаққа көрсетіліп тұрған батырманы басу керек.
Change order батырмасы көмегімен индекстегі өрістердің ретін
өзгертуге болады.
Екінші ретті индексті орнату терезесі Сурет
2.4.1
Index Options (индекстің операциялары) келесі қасиеттерді орнатуға болады:
Unigue Кестені индекстеуге мүмкіндік береді
Desending Бұл қасиетін орнатқан кезде кестедегі мәндер кему реті
бойынша сұрыпталады (үндіксіз режімінде реттеу өсу реті
бойынша жасалады).
Case Sensitive Бұл қасиеті көмегімен символдар орнатылған регистр іске
қосылады.
Maintained Бұл қасиет орнатылып тұрса, онда индекс кестедегі әр бір
өзгеріссайын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz