Дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау
М А З М Ұ Н Ы
І. К І Р І С П
Е ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...3-4-бет
ІІ. Негізгі бөлім
1. . ТҰЛҒАНЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН
ДАМЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГТЫҢ
РОЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-11 бет
2. Дарынды балалардың шығармашылық
қабілеттерін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...12-13 бет
3. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-20 бет
4. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ӘДІСНАМАЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.21- 24 бет
5. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН
ДАМЫТУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25-38 бет
Қ О Р Ы Т Ы Н Д
Ы ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..39-40 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..41 бет
І. К і р і с п е.
Дарын – қабілеттің бастапқы деңгейі. Дарындылық - әр түрлі іс-
әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік дағдылар бірлігін жеңіл әрі
нәтижелі игеруіді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерешелігі.
Дарындылық әрбір адамның ақыл–сана, оқу, шығармашылық, көркемөнер
және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамға тән
қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу,
мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие,
еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллектік
деңгейі анағұрлым жоғары.
Дарынды адамдарды ғылым саласынан да көптеп кездестіреміз. Мәселен,
қазіргі атағы әйгілі математик С.Мергелян 16 жасында университеттің бірден
екін-ші курсына қабылданды. Ол жиырма жасында ғылым докторы атағын алды.
Академик Л.Ландау орта мектепті 13 жасында үздік бітіріп, он төрт жасында
университеттің екінші курсына түседі. Мұндай мысалдарды көптеп келтіре
беруге болады.
Қабілеттіліктің ең жоғарғы дәрежесін талант деген сөзбен белгілейді.
Талант - бір әрекетті творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз
ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Адамның таланты музыкада,
әдебиетте, ғылымда, техникада т.б. әрекеттерде көрінеді. Таланттың дамуы
еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты.
Творчестволық қызметтің асқан дарынды өкілдерінің барлық қуат-
қабілеттерінің бірдей шарықтайтын кездері болады. Мұндайда олардың санасы
барынша өткірленіп, мейлінше айқындалады, бақылампаздығы онан санын арта
түседі жазатын нәрсесі мұқият әрі тез дайындалумен қабат, іште жетіліп
піседі. Бұл - адам талантының шарықтауының тамаша бір көрінісі. М.Әуезов
Абай жолының кейінгі үш кітабын машинкаға жатқа айтып бастырған. Тек зор
талапты адамның ғана осындай керемет қасиеттері болады. Жазушы
Ә.Нүрпейісов Мұхтардың талант ерекшелігін былайша суреттейді: “Бірде үйіне
бардым. Кабинетінің есігі ашық қапты. Мұқаң Ақын аға аталған үшінші
кітапты жатқа айтып тұр... Оның жүресіне, толқи шығатын қоңыр дауысы шалқар
шабыт тұсында шалқи төгілген аса білімді, көл-көсір көріністерді, адам
жанын аламан-асыр қылатын ащы-тәтті шындықтарды, өлмес-өшпес көркем сөзге
айналдырып жатты. Дес бермей бара жатқан ой тасқынын іріккісі келгендей ара-
тұра бір жөтеліп алады да, қайтадан сөз маржанын толассыз тоғыта береді”.
Осы эпизод бізге үлкен талант иелерінің шығармалары оп-оңай өзінен-өзі
жазыла салатындай етіп көрсетуі мүмкін. Ал, шындығында бұлар инемен құдық
қазғандай еңбектенеді. Аты-шулы ақын-жазушылардың, ғалымдардың
қолжазбаларын көрсек, олардың бір жазғанын қайта-қайта өңдейтінін, сан рет
көшіріп жазатынын, бір сөзбен айтқанда, қажымай-талмай еңбек ететінің жақсы
байқаймыз.
Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын дегендей адамдардың
дарындылық саласындағы дара айырмашылықтары да сан алуан болып келеді.
Мәселен, біреу іске күшті жігермен, қатты мейірмен кіріседі. Мұндай адам
жұмысты сапалы да орындай алады. Енді біреу, керісінше, сол істі әрі баяу,
сапасын төмен етіп орындайды.
Менің курстық жұмысым “Дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін
анықтаудың заманауи әдістері” деп аталады. Жалпы жұмысты жазып бастамас
бұрын жұмыс жоспары құрылып, қажетті әдебиеттер тізімі жасалды. Осы негізде
жұмыс барысын зерттеу алға қойылды.
“Дарын” терминін отандық болсын, шетел педагог-ғалымдары болсын
жетерліктей зерттеді деп айтуға болар еді, дегенмен де дарындылықтың әр кез
кереметтері мен тамашалары таусылар емес. Сондықтан зерттеу обьектісінен
әлі де алына қоймас. Курстық жұмыста жалпы, қысқаша түрде дарындылықтың
жалпы ұғымына тоқтала отырып жеке дара ерекшеліктерін сипаттап, ашып
көрсетуге мақсаттанамыз.
Жалпы іздену кезінде баспасөз құралдарына сүйендім. Әсіресе білім
саласы және ғылым саласында қазіргі кезде дарындылықты қолға алып, қолдап
жұмыс жүргізіп жатқан білім орталықтары көптеп кездеседі. Олардың қолданған
әдіс-тәсілдері, бағдарламалары қызықтырмай қоймады. Сонымен қатар бастауыш
сыныптарда балалардың дарындылық қабілеттерін шыңдау мен жекелей пәндер,
яғни бейнелеу өнері мен қазақ тілі сабақтарындағы үздік ұстаздардың
тәжірибесінен алған материалдарды дереккөзі ретінде ұсынбақпын.
ІІ. Н е г і з і г і б ө л і м.
2.1. Тұлғаның дарындылық қабілеттерін дамытудағы педагогтың ролі.
Бұл мәселенің қоғамдағы қазіргі алатын орны ерекше, әрі аса маңызды
болып отыр. Ендеше оның маңыздылығы мен қоғамдағы өткір сұранысының
өзектілігі неде дегенге тоқталайық.
1. Педагог әрбір оқушының жеке тұлғалық ішкі мүмкіндігін тану өзектілігі;
2. Оқушының дарындылық қабілетін ашудағы педагогтың алатын орны мен
ролінің өзектілігі;
3. Барлық оқушының дарындылық қабілеттерін аша алу өзектілігі;
4. Жасырын, ашық түрдегі, қабілеттерді анықтаудың өзектілігі;
5. Болашақ педагог тек білім беруші ғана емес, ғылымға жаңалық әкелушіні
тәрбиелеуші екендігін көрсете алу өзектілігі;
Болашақ ұрпақты өмірлік білімнен ғұмырлық білімге икемдеу өзектілігі
мәселелерін алдымызға қоя отырып, төмендегідей негізде:
- іс-әрекеттік, (деятельность)
- әдіс-тәсілдік, (методическое)
- амал-айлалық (подходный) шешу жолдары мен жобалық барысын
ұсынамыз.
Жеке тұлғаның дарындылық қабілеттерін дамытуда болашақ педагог оқыту
технологиясы жайлы жан-жақты білімді болуды талап етеді.
Оқыту технологиясы ұғымы педагогикада және жеке әдістемеде әсіресе
соңғы уақытта кең таралып отыр. Байқауымша, бұл ұғымның пайда болуы
техногендік өркениеттің дамуымен байланысты және ХХ ғасырдың басындағы
Еуропа елдерімен АҚШ-та технология ұғымының өзі де, оған байланысты
мәселелер де арнайы зерттеулерге арқау бола бастаған кезге жатады.
Педагогикалық технология ұғымының даму тарихына экскурсия жасасақ
мынаны көрсетеді:
1) 20 жылдары педология шеңберінде рефлексология идеяларына
негізделген педагогикалық технология ұғымы туындады
(А.А.Ухтоминский).
2) 40-50 жылдары білім берудегі технология термині оқытудың
техникалық құралдарын пайдалалану арқылы даму алды.
3) 60 жылдары педагогикалық технология қандай да бір
әдістемені, мысалы, бағдарламалық оқытуды ғылыми негіздей
отырып қолданылуы тиіс деген түсінік қалыптасты.
4) 70 жылдары педагогикалық технологиялар қоры кеңейе түсті.
Жалпы оқытуды құрудың ерекше технологиялық тәсілі туындады.
Педагогикалық әдістер технологиясы, яғни, оқу үрдісін
немесе оқытуды құру технологиясы пайда болды. Осы бағыттың
тұңғыш перзенті және педагогикалық технологиялардың
іргетасы болып табылатын бағдарламалық оқыту өріс алды.
Оған тән сипат - білім мақсаттарының нақтылануы, сатылы,
бірізділік үрдістердің пайда болуы. Осының негізінде оқыту
технологиясының арқауы мектептегі оқыту жүйелерін құрастыру
мен жүйелілік тәсілдің дамуына байланысты педагогикада
педагогикалық технологиялар нақты белгіленген мақсаттарға
сай оқу үрдісін басқаруға бағытталған дидактикалық
міндеттерді шешуі тиіс деген идея практикаға ене бастады.
5) 70-80 жылдары мектеп жұмысын басқару технологиясы жөніндегі
көзқарастар пайда болды.
6) 90 жылдары оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, басқару
технологиялары, білім сапасын басқару технологиясы өріс
алды.
Соңғы жылдары педагогикалық технологиялар ұғымы оқу-тәрбие жүйесін
басқару және жобалау құралдары мен үрдістерінің, оның мақсаттары мен
міндеттерінің, мазмұнының, әдіс-тәсілдер құралдарының және ізгілікті
педагогика, психология идеяларына негізделген білім берудің жаңа
парадигмасы шеңберінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру тәсілдерінің
жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Кең таралғандығы мен негізделгендігіне, білім беру тарихындағы айқын
белгіленген мәні мен орнына қарамастан, осы ұғымның мазмұнын ашу үнемі
талдану үстінде, бүгінгі күнге дейін оның нақты түсініктемесі
қалыптаспаған. Педагогикалық сөздікте мынадай анықтама берілген:
Педагогикалық технология - оқу үрдісін айқын да тиімді ұйымдастыруға
бағытталған тәсілдер мен құралдар жиынтығы.
Майкл Кларк білім беруде технология жаңа нәрсе емес, ол тек оқытудың
жаңа жолдары ашылған кездерде ғана қызықтырады деп атап көрсетеді де, одан
әрі педагогикалық технологияға білім сапасын тексеруге болатын бақылау
жүйесі, сондай-ақ білім, білік, дағдыны бағалау әдістерін әзірлеу деген
анықтама береді.
Жапонның педагог ғалымы Т.Сакомонтоның сипаттауынша, өз мәні бойынша
педагогиялық технология барлық басқарылатын компоненттермен олардың өзара
байланысын талдау, іріктеу, құрастыру арқылы педагогикалық нәтижелерді
неғұрлым арттыруға ықпал ететін ойлау тәсілі.
Ф.А.Фрадкин, жеке алғанда педагогикалық технологияның құндылығы мен
бағыттары жоқ, оқу-тәрбие жұмысының мақсаттарына жетуге бағытталған қызмет
жобасы немесе қызметтер желісі деп пайымдайды.
Богомолова педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің
оқушыға әсер ету деп түсінеді. Оның ойымша, педагогикалық технология
мұғалім мен оқушының арасындағы өзара әрекеттестік құралдардың жүйесі
болғанда ғана қызықтыра алады.
В.П.Беспалько Слагаемые педагогические технологии деген
монографиясында технологияны тәжірибеде жүзеге асатын белгілі бір
педагогикалық жүйенің жобасы ретінде анықтайды.
Педагогикалық технология ұғымының даму барысы сыртқы факторлармен, оқу-
тәрбие үрдісіне жаңа талаптар әзірлеумен анықталады. Сол секілді, ұғым
білім парадигмасының өзгеруіне орай білім мазмұнының жаңаруымен
толықтырылып отырады. Бүгінгі таңда педагогикалық технологияны
педагогикалық жүйелермен теңдестіру орын алған, педагогикалық технология
әдістеме компоненті деген ұғым қалыптасқан. Педагогикалық технология ұғымын
нақтылау барысында мұғалімдер арасында Педагогикалық технологияны сіз
қалай түсінесіз? деген сауалнама негізінде алынған жауаптарды саралау
төмендегідей түйін жасауға мүмкіндік береді.
1. Педагогикалық технология - оқу-тәрбие үрдісінің алдын-ала жоспарлануы
және оны тәжірибеде жүзеге асыру жобасы;
2. Педагогикалық технология - диагностиканы басшылыққа ала отырып жеке
тұлғаға бағытталған мақсатты, сапалы оқу әрекетін ұйымдастыру;
3. Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа қол жеткізу
жолындағы қолданылатын барлық қисыны білім амалдары мен әдіснамалық
құралдардың жиынтығымен жұмыс істеу реті;
4. Педагогикалық технология - жүйелі ойды алгоритмдеу құралы.
“Педагогикалық технология ұғымының анықтамасына жүргізілген талдау
ұғым мазмұнын жүйе жобасы, “мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас,
логикалық ойлау тәсілі тұжырымдамалары негізінен дамытуға болатындығын
көрсетеді. Соңғы жылдары оку-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және басқару
қызметтерін ашатын педагогикалық технология, оқыту технологиясы және оқу
үрдісін технологияландыру терминдері даму үстінде. Қолданыстағы бұл үш
ұғымның өзара байланысына келетін болсақ, әр ұғымның өз анықтамасы, өз
орны, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы қызметі әр басқа.
Педагогикалық технология жүйе жобасы ретінде білімге қатысты
объектілерді, үрдістерді және олардың өзара әрекет ету жағдайларын
ажыратады, яғни, педагогикалық технология кең мағнасында бүкіл білім беру
жүйесінің тұжырымдамасын, стратегиясын білдіреді.
Оқу үрдісін технологияландыру оқушы мен оның оқу қызметін басты
назарда ұстай отырып, бірізділікпен айқын белгіленген мақсаттарға
бағытталу. Мақсаттарды нақтылаудағы негізгі бағыттар:
1. оқушының ішкі интеллектуалдық, эмоционалдық, тұлғалық даму үрдістері
негізінде мақсаттарды анықтау;
2. оқытылатын білім мазмұны арқылы мақсаттарды анықтау;
3. оқушылардың оқу қызметі арқылы мақсаттарды анықтау;
4. мұғалім қызметі арқылы мақсаттарды анықтау;
Оқыту технологиясы - бұл оқытушылар мен оқушылардың қызметін құру.
Мұнда оқушылардың сенімді қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқыту
жағдайларына, нысандарына, әдістеріне, тәсілдеріне, құралдарына басымдық
беріледі. Беріліп отырған үш ұғым бірін-бірі толықтырып, етене даму үстінде
бір нысанаға жетуді көздейді.
Педагогикалық технология ұғымы негізінде білім беру жүйесіне қатысты
субъект, объектілер арасындағы байланыс сатылылығы ашылатын болса,
технологияландыру ұғымы негізінде субъектілердің дамуын сипаттайтын
мақсаттар алгоритмі айқындалады, ал үшінші ұғым оқыту технологиясы
барысында білім беру жүйесінде айқындалған субъектілер арасындағы қарым-
қатынас, қызмет байланысының нақты нәтижеге бағытталуы ашылады
Жеке тұлғаның ішкі қабілетін ашу мақсатында педагог төмендегідей
жүйеде жұмыс жасауы тиіс:
- Білім беру саласының пәндік және негізгі (ключевых)
мақсаттарын ескере отырып, оқу процесінің нақты мақсаттарын
жобалау;
- Оқу процесін оқу материалдарын игеруді ұйымдастыру бойынша
міндеттер кешенін шешуге бағдарланған білім беру
стандарттарының талаптарына сәйкес конструкциялау;
- Оқу материалдарын даярлау және оқу мақсаттарына сәйкес
оқытуды ұйымдастыру;
- Оқу процесін жобалауға және іс жүзінде іске асыруда
ақпараттық ортаның әлеуетін пайдалану;
- Оқушының оқу материалын игеруінің тұлғалық-әрекеттік
бағыттылығын реттеу;
- Оқушының озық дамуын ұйымдастыру үшін толыққанды жағдай
жасау;
- Құзыреттілік түрінде жеке қол жеткізген нәтижелеріне жағымды
эмоция туғызу, қолдау көрсету және психологиялық жағымды орта
құру;
- Оқушының өзінің алған білімін қолдана білудегі жеке
тәжірибесі мен өзін-өзі анықтау, өзін таныту, өзіндік білімін
көтеруге дайындығы бойынша білім алу кеңістігін кеңейту
мүмкіндіктерін қарастыру;
Мектептегі оқыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғаның қабілеттерін толық
көрсетіп, дамытатын негізгі тәсілдердің бірі - әрекеттік тәсіл. Әрекеттік
тәсілге сәйкес адамның дамуы кезінде осы жас кезеңіндегі жетекші әрекетке
зор үлес қосады.
Әрекеттік қатынас оқушының әлеуеттік мүмкіндігін дамытуға және есепке
алуға көзделген, әрекетті сабақтан тыс ұйымдастыру нысандарынен, саралау
тапсырмаларымен, вариативті бағдарламалармен жететін, жеке білім алу
міндеттерін толығымен шешуге мүмкіндік беретін тұлғалық-бағдарлық тәсілмен
тығыз байланысты.
Дарынды балалармен жұмыс жасау мынадай ұстанымдармен анықталады:
1. түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде
қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс әрекетін жан-
жақты бағалаудың кешендік сипаты;
2. баланы танып-білу мен зерттеудің ұзақтығы (баланың түрлі жағдайдағы іс-
әрекетін кең уақыт көлемінде бақылау);
3. баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет
аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу (арнайы ұйымдастырылған
пәндік-ойындық сабақтарға қатыстыру сәйкесінше түрлі іс-шараларға
қатыстыру);
4. дамушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға
мүмкіндік беретін третингтік әдістерді пайдалану;
5. баланың бойындағы қандай да бір дарынды бағалауда жоғары санатты
тәжірибелі мамандарды тарту (математиктер, филологтар, шахматистер,
инженерлер және т.б.);
6. баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде
ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала
отырып бағалау;
7. жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, мұғалімдер мен ата-
аналардың сараптамалық бағалар баланың эксперимент жағдайындағы нақты
іс-әрекетін бағалаумен байланысты психодиагностиканың экеперименттік
маңызды әдістеріне сүйену.
2.2. Дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау.
Дарынды балаларды анықтауда кешенді қадам жасау ұтымдырақ болатыны
сөзсіз. Бұл тұста кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады:
- балаларды бақылаудың түрлі баламалары (шынайы және
зертханалық жағдайда, мектептен тыс іс-әрекет барысында);
- баланың отбасылық жағдайы, оның ерте балалық шағынан бергі
жетілуі туралы ақпараттарды жинаудағы түрлі әдістер (ата-
аналармен әңгіме, сауалнама алу, балалар шығармалары,
күнделік жазбалары және т.б.);
- арнайы психодиагностикалық тренингтер;
- баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, тәрбиелеушілер
тарапынан экспертті бағалау;
- арнайы бағдарламалар бойынша байқау сабақтарын өткізу,
балаларды арнайы ойын және пәндік-бейімделген сабақтарға
қатыстыру;
- ұжымдық шығармашылық іс-шараларды жүргізуде балаларды басты
рөлдерге қатыстыру;
- балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін
(суреттер, өлеңдер, техника модельдер және т.б.) мамандар
тарапынан сараптау;
- түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт
жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б.
ұйымдастыру;
- белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі
әдістерді пайдалана отырып психодиагностикалық зерттеулер
жүргізу.
Оқушының дамуы мен тәрбиелілік деңгейін диагностикалаудың барлық
түрлері сияқты бала дарынын анықтауда бала оқитын сыныпқа сабақ беретін
мұғалімдердің, сондай-ақ мектеп кітапханашысы мен дәрігерінің пікірлерін
ескеріп, мүмкіндігінше педагогикалық кеңестер жүргізген дұрыс.
Күтілетін нәтиже: Дарынды тұлғаның дарындылығын арттыруда, жасырын
дарынды ашыққа шығаруда педагог қауым - ақпарат беруші қызметімен бірге
үйлестіруші, кеңесші, оқушының шығармашылық белсенділігімен өзіндік
танымдық қызметін ұйымдастырушы, бағыт бағдар беруші, әртүрлі ситуациялық
сұрақтар ойлап табушы, сұрақтары нақты жауап күтуші ғана емес, өмірмен
байланыслырып, ғылымға жаңалық әкелуді талап етуші болуы тиіс.
Атақты Қытай ойшылы Комфуций танымның үш жолы бар ең оңайы - еліктеу,
ең ашысы - тәжірибе, ең мәртебелісі - ойлау деген екен Ендеше, жас
педагогтардың алдына қойылып отырған қазіргі заманның талабы - өзіндік
тиімді әдістер ойлап табу, нәтижесінде тұлғаны ойлауға үйрету, ойлаудың
нәтижесінде ғылымға жаңалық әкелуге бағыттау басты міндет. Болашақ ұрпақты
өмірлік білімнен ғұмырлық білім алуға икемдеу ең негізгі мақсат болуға
тиіс. Сонда ғана дамыған елдердің білім саясатындағы өзгерістерге тең
келеміз деген қорытынды шығаруға болады деп сенеміз.
2.3. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың
жолдары.
Елімізде болып жатқан елеулі өзгерістер Республиканың тек экономикалық
саласын ғана емес, әлеуметтік саласына да оң өзгерістер әкелуде. Қоғамдағы
білім беру жүйесіндегі өзгерістер - соның айғағы. Соған орай жалпы білім
беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру, бір жағдайда
Білім негізі бастауыш екенін мейлінше мойын бұрып, бастауыш сынып
оқушыларының білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне
байланысты болатындығы бәрімізге мәлім.
Сондай-ақ оқу ісі әрекетінің жақсы жолға қойылуы біздің ойымызша тек
қана нақты бір білім мен тәжірибелердің игерілуімен ғана байланысты емес,
соның мақсаттары мен тапсырмаларына сай келетін себептер мен бастамалар
жүйесінде екендігінде. Ең бастысы бала тек оқи алатын ғана емес, оқығысы
келетін болуы керек.
Көп уақыттан бері орта білім беретін мектептердің негізгі міндеттері -
білім беру, дағды мен біліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі
мектептердің негізгі міндеті - барша күрделі ойы ұшқыр, шығармашылық
қабілері жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке басты тұлға
тәрбиелеу.
Осыған байланысты Қазақстанда Ж.Қараевтың, Ә.Жүнісбековтың,
М.Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың тәлім-тәрбие технологияларының
өздеріне тән ерекшеліктері бар. Олар келесідей:
❑ үнемі қайталау, ірі блокпен оқыту, тірек белгілерді қолдану;
❑ ізгілік, ықпал, жеке бағдарлы қарым-қатынас;
❑ әр оқушының табысының жариялылығы, оны түзетуге, табысқа жетуге
жағдай жасауы.
Бастауыш мектеп-оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін,
ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім - үздіксіз білім
берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Осыған орай сабақта
көрнекілік, ойын элементтерін қолданып, сабақ өту үдерісін қызықты
ұйымдастыру қажет. Бастауыш сыныпта қолданылатын технологиялар: Ойын
арқылы оқыту технологиясы, Модульдік оқыту техналогиясы, “Дамыта оқыту
технологиясы”, Проблемалық оқыту технологиясы және тағы басқа.
Ойындық іс-әрекеттердің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік
талап-талғамдарын сүйенеді. Баланың бойындағы білімдік, танымдық
шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.
Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі:
- білімді меңгеру емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық
үдерістерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту;
- ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру т.б.
Ұлы неміс педагогы А.Дистерверг әйгілі Неміс мұғалімдерінің білім
беру ісіне басшылық атты еңбегінде Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып
береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға
үйретеді - деген.
Неміс педагогы И.Ф.Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр
саладағы қызығушылықты алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені
танып білуге немесе қоғамдық өмірге айиаласуға байланысты. Қызығу туралы
психолог мамандар мынандай өз пікірлерін жетік түсіндірген.
1) Қызығуу мұқтаждықтан пайда болмайды.
2) Адамның қызығуларын соқыр сезімдерге теңейді.
3) Адамның қызығулары ерте кезден бастап нәсіл арқылы соқыр сезімдер,
инстинктер ретінде ата-анасынан баласына көшіп отырады.
4) Сыртқы дүниемен байланыспайды. т.б.
Қызығу мекгепте оқу-тәрбие үдерісінде өте қажетті шарттар қатарына
кіреді.
Қызығудың бастауыш сынып жасындағы балалардың жақсы оқуына, оқығанын
ары қарай дамытуына, адамгершілігі мол, шығармашыл етіп тәрбиелеуіне ықпалы
зор.
Бастауыш сыпын жасындағы оқушылар әр нәрсеге еліктегіш,
қызығушылықтары соншалықты көрген нәрсесін қолымен ұстап, көзбен көргенше
асығады. Сол үшін мектептегі әрбір ұстаз оқушыда қызығушылықты жоғалтпауға
тырысады және неғұрлым қызықты дүниелер жасауға бағыттап оқытады.
Психолгтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қалай болса, есейгенде
еңбек үстінде сондай болады. Сондықтан ойын баланың дүниетанымы мен
өміртанымының алғашқы қадамы. Баланың өмірді тануы, оны білуі, қоршаған
ортамен араласуы, еңбекке үлкендермен қарым-қатынасы, психологиялық
ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балалар
өздерін ойын үстінде еркін сезінеді, осыған тапқырлық, іскерлік, ізгілік
шығармашылық әрекеттері қалыптасады. Сонымен қатар бала ойын барысында
көңілін шаттаңдыратындай, ойын, қиялын оятатындай іскерлігін дамытып,
қалыптастыратындай болуы керек. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың
шығармашылығын, белсенділігін, саналы ойлана біліуін, ой-өрісінің дамуын,
қиыншылыққа төзу, ептілігін қалыптастыру, үйрету, баулу - мұғалімнің
негізгі міндеті. Бастауыш сыныпта оқушылардың қызығушылығын дамытудың
бірнеше жолдарын айтуға болады.
а) мадақтау;
б) бағалау;
в) көрнекілік түрлерін қолдану;
г) дидактикалық материалдар;
д) денгейлік тапсырмалар беру.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуды талдап, түсіну үшін қабілет
ұғымын ғылыми тұрғыдан түсініп алуымыз керек. Дарын ұғымына психологиялық
тұрғыдан көптеген ғалымдарымыз анықтамалар берген. Академик Т.Тәжібаев
Дарын қабілетке негізделіп - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай,
нәтижелі орында көрінетін адамның жеке қасиеті - деп түсінік береді.
Шығармашылық сөзінің этимологиясы шығару, ойлап табу дегенді
ұғындырады. Жалпы шығармашылық дегеніміз - адамның белсенділігі мен
дербестігінің және қиял - ойын іске асырудың жоғарғы формасы. Шығармашылық
актіні сипаттаушы маңызды ой-тұжырымның бір ізділігі негізінде логикалық
жүйенің және интуициялық сезімнің, асқақ ойлаудың ерекше тәсілінің іске
асуы болып табылады. Бұл туралы неміс мұғалімдерінің мұғалімі атанған
А.Дистерберг Оқыту барысында оқушының, ізденімпаздылығы мен шығармашылығын
дамыту - оның ақыл-ой қабілетін қалыптастырудың аса маңызды құралдарының
бірі - деп көрсеткен болатын.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын
анықтауды педагогика, психология ғылымдары өте ертеден зерттеген.
Шығармашылық әлемдік мәдениет пен білімнің барлық дәуіріндегі ойшылдардың
назарында болған, шығармашылъщ теориясын жасауға деген ізденістерді
байқауға болады.
Ұлы ойшылдарыныз Ж.Баласағұн, әл-Фараби, Абай да шығармашылық,
қабілет деген ұғым-түсініктер ерекше толғандырып, ой салған. Сондықтан
бүгінгі педагогиканың негізгі мақсаты - озық, қоғамға лайықты, жаңашыл
әдіспен жұмыс істейтін, өзінің енбектерінде адамның жеке басының,
қабілеттерін дамытуды көздейтін тұлғаны тәрбиелеу болып отыр.
Мысалы, көрнекті ағартушы Ы.Алтынсарин өз шығармаларында қабілеттерді
дамытудың жолдарын қарастырса, ал М.Жұмабаев оқушы шығармашылығына бағыт-
бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген ғалым-педагог болды. Ал
ғалым Қ.Ә.Жаманбаева өзінің зерттеу жұмысының ізгі идеясы оқушыларды сөз
өнеріне баулу, көркем шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын
айқындаған.
А.Я.Пономарев шығармашылық қабілетті даму ұғыну мен қатар деп
түсіндірді. Мұхаммедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттердің даму
жолдарын түсіндірді. “Шығармашылық әрекет” өмірде оқушының ақыл-ойын,
талантын, ойлауын сонымен қоса өзін дамытатын болса, онда даму сөзінің
немесе терминнің мәнін былай түсіндіруге болады. Даму сөзінің
психологиялық анықтамасы “жаңару”, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы
деген ұғымды береді. Бала психикасы үнемі дамып, өзгеріп отырады. Даму
процесінде үш түрлі фактор бар.
1.Биологиялық фактор
2.Әлеуметтік фактор.
3.Баланың белсенділігі.
Жеке тоқталып ғылыми, психологиялық түсінік беретін болсақ:
❑ биологиялық фактор - бұл ата-аналардан берілетін, дененің барлық
мүшелерінің құрылысы мен ерекшелігін білдіретін бала организімінің
ортамен қарым-қатынасының нәтижесі болып табылатын белсенділікті,
денсаулықты қамтамасыз етеді;
❑ әлеуметтік фактор - бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың
ортасы;
❑ баламен қарым-қатынасы төңірегіндегі адамдармен. Сол адамдардың мінез-
құлқы, ақыл-ой белгілері, олардың пікірлері, көзқарастары ,еңбекке
деген көзқарасы, олардың сөздері, іс-әрекетгері, дағдылары ұмтылыстары
яғни, бала өсіп дамитын рухани ортаны құрайды;
❑ бала белсенділігі - бұл даму үдерісіндегі әрекет ететін үшінші,
негізгі күш болып табылады.
Психологтардың зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға
өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен. Орта буынның
шығармашылық дамуын басқарудың педагогикалық-психологиялық мәселелерін
анықтауда педагог пен оқушының арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру,
шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мұғалімнің теориялық білімінің
болуын қажет етеді.
Сонымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті
жағдайлардың мазмұны төмендегідей:
❑ мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру арқылы
баланың назарын бір нәрсеге бағыттау керек;
❑ оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін, үнемі шығармашылық
тапсырма - міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн.
❑ шығармашылық жаттығу, ойын - тапсырмалардың мазмұны жеткіншектердің
жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек;
Мұғалімнің ен үлкен міндеті бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз
туындысын ұғымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмай,
шығармашылық бағыт - бағдар беріп отыру.
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар:
❑ біреуі - сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді деген
қорқыныш сезімі,
❑ екіншісі - өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі,
❑ үшіншісі - жалқаулық.
Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу:
❑ оқушылардың шығармашылықпен айналасуына мектепте, сабақ үстінде, үйде
қолайлы жағдай жасау;
❑ шығармашылық бағытта баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру.
Оқушылардың шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылықтарын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және
сабақтан тас уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Олар мынандай:
❑ тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
❑ арнаулы бір тақырыпта пікір талас тудыру және т.б.
Сыныптан тыс жұмыстарды мұғалім тарапынан берілген тапсырмаларды
орындау барысында балада бүгінгі өмір талабына сай практикалық мәні бар
дағдылар қалыптасады:
❑ белгілі білім көздеріне қажетті материал жинақтайды;
❑ кітаптармен, ғылыми еңбектермен жұмыс істеуді менгереді;
❑ теледидардан, ергеңгіліктер мен әдеби кештерде және көпшілік алдында
мүдірмей сөйлеуге жаттығады;
❑ мектептегі қабырға газеттеріне, күнделікті баспа сөз беттеріне мақала
жазу машығын игереді;
❑ сынып немесе мектеп көрмесінде көрнекі құралдарды жасауға
дағдыланады.
Оқушы мектепте, ауданда, обылыс көлемінде ұйымдастырылған сыныптан тыс
жұмыстарға қатысу арқылы өз ұжымының абыройын арттыруға атсалысады.
Нәтижесінде өз ұжымын сүю сезімі қалыптасады. Ең бастысы, ана тілінің ұшан
теңіз байлығын сезініп, сұлу да сырлы оралымдарды меңтереді.
Танымдық белсенділік немесе ізденімпаздылық, оқушының берілген
тапсырманы басқаның көмегінсіз орындауымен ғана шектелмейді. Ол алдына
саналы түрде мақсаттар қойып, соған сәйкес өзінің іс-әрекетін бағыттап
отыру мүмкіндігіне ие болуы керек.
2.4. Дарынды балаларды даярлаудың теориялық және әдіснамалық мәселелері.
Білім беруді дамытудың 2005-2010 ж.ж арналған мемлекеттік бағдарламасы
білім беру жүйелерінде дарынды балаларға жете көңіл бөлуді
қажеттіліктерімен тығыз бірлікте қарастырады.
Біз оны соңғы жылдары профильдік оқытуды кеңейтілген және жекелеген
пәндер бойынша тереңдете оқыту сыныптарының ашылуынан көреміз.
Оның шығармашылық, көркем-эстетикалық пәндер циклдарын оқытуда ролі
ерекше. Қазіргі таңда қоршаған ортаны эстетикаландыру мен ментальдық өмір
сүру барысында жаңдандыру, кәсіби көркемдік тұрғысында өзін-өзі анықтау
мүмкіндіктерін шешуде дарынды балаларға арналған өнер студиясының жұмысын
қолға алдық. Мұндағы мақсат жалпы мәдени, мәдени танымдық және көркем
эстетикалық, көркемдік бейнелеу білім компаненттерінің интегратциялануы
шығармашыл тұлға тәрбиелеудің іргетасын қалаудағы алғашқы қадам.
Негізінде тек қана тұлғалық бағдарланған білім беру жүйелерінде
оқушылардың көркем шығармашылық Мен - концепциясы берік қалыптасады.
Көркем мүдделердің әлеуметтік маңыздылығы мұнадан көрінеді: дарынды баланың
тұлғалық бағыттылығы рухани құндылықтарды бағалай білуінен, олар заттары
мен құбылыстарын жасай білуінен түзіледі. Мұның өзі тұлға мен қоғамның
рухани сауығуына ықпал ететіні сөзсіз.
Нәтижесінде педагогикалық тұрғыдан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz