Фразеологиялық бірліктердің көлемі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І. ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕР ТҮСІНІГІ, ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ ТОПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ КӨЛЕМІ, ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕРМЕН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ АРАҚАТЫСЫ ЖӘНЕ АУДАРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕР
І. 1 Фразеологиялық бірліктер түсінігі, фразеологизмдерді топтастыру және фразеологиялық бірліктердің көлемі
І. 2 Фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдердің арақатысы
І. 3 Мақалдар мен нақыл сөздерді аударуда қолданылатын әдістер
ІІ. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ МЕН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ АУДАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ, ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ
ІІ. 1 Фразеологизмдерді жаңғырту және осы әдісті қазақ тілінен ағылшын тіліне, ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда қолдану
ІІ. 2 Фразеологизмдерді аударудың негізгі әдістері және осы әдістердің әрқайсысын тәжірибеде қолдану
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
КІРІСПЕ
Фразеологиялық мәселелер және алуан түрлі тілдерде сөздердің әртүрлі үйлесуінің жалпы проблемасы аударманың теориясына да, тәжірибесіне де маңызды: олар тәжірибелік қиындықтарды және үлкен теориялық қызығушылықты жиі тудырады, өйткені заттық мағынасы бірдей сөздердің алуан түрлі тілдерде атқаратын мағыналық және стилистикалық қызметтерінің әртүрлілігімен және алуан түрлі тілдерде мұндай сөздердің үйлесуінің әртүрлілігіне байланысты. Тіпті берілген тілге тән үйлесудің ерекшелігі аудару кезінде ашылады, ол басқа жағдайда байқалмауы да мүмкін деуге де болады. Фразеологиялық бірліктерді ағылшын тіліне көшіру - өте қиын мақсат. Өзінің семантикалық байлығының, көркемдігінің, ықшамдығының және ашықтығының арқасында фразеология тілде өте маңызды роль атқарады. Ол сөйлеуге мәнерлік пен өзіндік береді. Әсіресе фразеологизмдер ауызша сөйлеуде, көркем және саяси әдебиеттерінде кең қолданылады.
Фразеологизмдерді аударудың өзіне тән ерекшеліктеріне тоқталмас бұрын, отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В. В. Виноградов, Н. М. Шанский, В. Н. Телия, М. Чернышева, М. М. Копыленко, А. В. Кунин, И. В. Арнольд, І. Кеңесбаев, Ә. Т. Қайдар, Б. Манасбаев т. б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.
Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, фразеологизмдер тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер саласында зерттеуге толық мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республиканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейіндегі қатысымда қолданылу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын - қазақ қостілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл (язык посредник) ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі. Ал шет тілін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер - фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер.
Фразеологизмдердің тіл білімінде, оның ішінде, қазақ - орыс және ағылшын тілдерінде әр тұрғыдан азды-көпті зерттеліп келгені мәлім. Зерттеу нысанына қатысты еңбектерге тоқталар болсақ, фразеологизмдердің тілдік табиғаты, олардың басқа тұрақты тіркестермен ұқсастықтары немесе ерекшеліктері А. Байтұрсынов, I. Кеңесбаев, P. Сәрсенбаев, Б. Адамбаев, Ә. Қайдар, С. Нұрышев, Ғ. Мұсабаев, М. Ғабдуллин, Ғ. Тұрабаева, салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыдан А. Нұрмаханов, Э. Мұқышева, А. Донбаева, Д. Беғалықызының т. б. жұмыстарында қарастырылған. Жалпы және орыс тіл білімінде В. В. Виноградов, Н. Н. Амосова, М. Т. Тагаев, Н. М. Шанский, Г. Л. Пермяков, Л. А. Булаховский сынды ғалымдар соны бағыт, ұстанымдарымен, құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйін-тұжырымдарымен белгілі. Ағылшын тіліндегі ұлттық болмыс және ұлттық таныммен тығыз байланысты тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді жан-жақты, түбегейлі зерттеген ғалымдар - Н. Барли, А. Дундэс, А. Крикман, М. Куузи, Г. Мильнер, А. Тэйлер, Г. Л. Апперсон, Линда және Роджер Флавэлдер. Аталған ғалымдардың зерттеулері жұмысымызда теориялық және әдістемелік тұрғыдан басшылықка алынды.
Зерттеудің пәні . Генетикалық және типологиялық құрылымы жағынан әр түрлі қазақ - орыс және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді салыстыра зерттеу арқылы тілдегі алатын орнын, тілдік табиғатын, өзге тұрақты тұлғалармен сәйкес тұстарын, өзгешеліктерін анықтау және этнолингвистикалық төркінін ашу.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ-ағылшын мақалдарын, фразеологизмдерін салыстыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу, фразеологизмнің тілдік феноменін зерделеу, оны мәтінде көкейкесті қылу. Аталған тілдік бірліктердің семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау.
Сонымен бірге фразеологизмдердің тілдік табиғатын зерттеу негізінде олардың құрылымында ұлттық болмыс мазмұнын қалыптастыратын тетіктерді анықтау - жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсаттың мүддесінен шығу үшін жұмыста мынадай нақты міндеттерді шешу көзделеді:
- фразеологиялық бірліктерге, фразеологизмдерді топтастыру және фразеологиялық бірліктердің көлеміне түсініктемелер беру;
- фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдердің арақатысын қөрсету;
- мақал мен фразеологизмдердің ұқсастықтары мен өзара айырмашылықтарын көрсету;
- фразеологизмдерді жаңғырту және осы әдісті орыс - қазақ тілдерінен ағылшын тіліне, ағылшын тілінен қазақ - орыс тілдеріне аударуда қолданылуын мысал келтіре отырып зерделеу;
- этнолингвистикалық аспектідегі зерттеулерге шолу жасап, оларға қысқаша сипаттама беру.
Дипломдық жұмыстың мақсаттары келесідей:
- Әдебиеттердегі фразеологизмнің теориясын және тарихын зерделеу.
- Ғылыми әдіс көзқарасынан тілдік құбылыс ретінде фразеологизмнің ерекшеліктерін айқындау.
- Фразеологияны бір тілден екінші тілге аударудың тәжірибелік әдістерін зерделеуге талаптану.
Дипломдық жұмыста салыстыру, ажырату (құбылыстар ажырайтын орындарды анықтау), талдау әдістері қолданылады.
Берілген жұмыс студенттердің өзіндік жұмысына, сыныпта жұмыс істеуге әдістемелік құрал ретінде, сондай-ақ аудармашының тәжірибелік әрекетінде қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, жұмыс тәжірибелік материалды тарату үшін баспа беттерінде басылуы мүмкін. Осыған орай, бай теориялық материалдың болуына қарамастан, тәжірибе жүзінде фразеология проблемалары қажетті деңгейде зерттелмеген, осы жұмыста фразеологизмдердің көкейкестік құбылыстарына жасалған тәжірибелік талдау ұсынылады.
Дипломдық жұмыста келесі мәселелер қаралады:
- фразеологиялық бірліктерді көкейкестендірудің әдістері (фразеологизмдерді аударудың әдістері және осы әдістердің әрқайсысының қолданысына ескертулер, сондай-ақ фразеологизмдерді жаңғырту) ;
- фразеологиялық бірліктерді топтастыру мәселелері;
- фразеологиялық бірліктердің көлем мәселелері;
- әр бір тілде басымды әдісті айқындау және оларды бір -бірімен салыстыру мақсатында кеңес және ағылшын әдеби мәтіндерінде фразеологиялық бірліктерді аударудың әдістері.
Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде қазақ тілінен Ө. Тұрманжановтың, М. Аққозиннің, Б. Ақмұқанованың, Ә. Диваевтың, П. Пантусовтың әр жылдары жарық көрген мақал-мәтелдер жинақтары, ағылшын тілінен Smith W. C, Cowie A. P., Mackin Rand Mc. Caig I. K., Taylor A., Whiting B. J., Seidl J,, Me Mordie W., Ridout R. and Witting C, Apperson G. L., Linda and Roger Flavell, A. B. Куниннің сөздіктері мен көркем әдеби шығармалар алынды. Сондай-ақ, тақырыпқа қатысты қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі әдебиеттер, ғылыми еңбектер мүмкіндігінше қамтылды. Олардың ішінде фольклорға, тарихқа, этнографияға, этнолингвистикаға қатысты зерттеу жұмыстары мен ішінара ел аузынан жазылып алынған деректер бар.
І. ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕР ТҮСІНІГІ, ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ ТОПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ КӨЛЕМІ, ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕР МЕН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ АРАҚАТЫСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АУДАРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕР
І. 1 Фразеологиялық бірліктер түсінігі, фразеологизмдерді топтастыру және фразеологиялық бірліктердің көлемі
«Фразеология» термині кең мағынада алғанда, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Фразеология-грек тілінің «phrasis»-сөйлемше және ұғым, білім деген сөздерінен алынған.
Фразеологизм - семантикалық (ішкі мағыналық) жағынан бір-бірімен байланысқан сөз тіркестерімен сөйлемдердің ортақ атауы. Өздеріне формасы жағынан ұқсас синтаксистік құрылымдардан ерекшелігі: сөздердің белгілі бір тұрақталған лексика грамматикалык құрылымдағана айтылатын ойта сәйкес болып, сол сөздің бастапқы жеке мағынасының жалпы заңдылыктарына бағынбауында. «Фразеологизм» термині әртүрлі типтегі бірнеше тіркестерді камтиды. Олар: атауыш қызметінде қолданылатын идиомалар (ізін суытпай, ақ қарга) ауыз әдебиетінде қалыптасқан мақалдар мен мәтелдер және жеке адамдардың авторлық немесе белгісіз әдеби шығармалардан алынған, немесе ауызша айтылған қысқа нұсқалы нақыл сөздер.
Фразеологизмнің негізгі және әмбебаб қасиеттері сөз мағынасының басқа мазмұнда қабылдануы немесе лексика грамматикалық транспозиция, сөз тіркесіндегі тұрақтылығымен қайталануы. Көпшілігі мақалдар мен мәтелдер және қанатты сөздерге жататын фразеологизмлық сөйлемдер мен тұрақты тіркестердің коммуникативтік қызметі диктум және модус (логикалық бағыт) деген мазмұндарға белінеді, сонымен бірге семантикалық екі жақтылык арқылы айқындалады. 1
Фразеологиялық тіркес - құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі, фразеологизмдердің түрлері, топтары. Фразеологизмге тән үш ортақ белгі мағына тұтастығы, тіркес тұрақтылығы, қолданылу тиянақтылығы айқын болғанымен, бұлар әр фразеологизмде бір-бірінен әрдайым анық ажыратыла бермейді. Кейбір белгілер әсіресе, мағына тұтастығы бірінде анық, айқын көрінсе, екіншісінде көмескі, үшіншісінде мүлде солғындау байқапады. Сондықтан фразеологизмді түр-түрге беліп топтастыру тіл білімінде ең күрделі қиын мәселелердің бірінен саналады. Фразеологизмдерді зерттеушілер В. Виноградовтың дәстүрлі топтастыруын негізге ала отырып, бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың арақатынасына қарай жіктеп бөлсе, кейде құрылым- құрылысы жағынан, атқаратын синтаксистік қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Қалай дегенімен де фразеологизмдерді сыңарларының мағына тұтастығына қарап, Фразеологиялық тутастық, Фразеологиялық бірлік, Фразеологиялық тізбек деп үш топқа бөледі.
Фразеологиялық тұтастықта (идиом) фразеологизмді құрастырушы сөздің бір-бірінің лексика-семантикалық мән- мағынасына ешбір қатысы болмай мүлде басқаша мағына береді. Мысалы, мурнынан шаншылу - қолы тимеу; жүрегі тас төбесіне шығу - (қатты қорқу) нағыз идиом мағынасындағы (Фразеологиялық тұтастық) тіркестер. Бұларды басқа тілге сөзбе-сөз аударуға келмейді, беліп жаруға болмайды. Идиом терминін қазақ тілінде Фразеологиялық түйдектер (I. Кеңесбаев), фразалық тұтастықтар (К. Аханов, Ә. Болғанбаев) деп атаған.
Фразеологиялық бірлік - фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда құрамындағы сөздердің бірі екіншісімен қалайда бір мағынапық аңғартады. Себебі мұндай тіркестер о бастағы еркін тіркестің ауыспалы мағынада метафораланып Фразеологиялық бірлікке айналған. Мысалы, көзіне көк шыбын үймелету (басыну, қорлау), ақ түйенің қорны жарылу(молшылық) . Аталған тіркестердің Фразеологиялық мағына жасауына ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағына негіз болған. Кейде фразалық тұтастық пен Фразеологиялық бірлік арасындағы айырма- шылықтары байқала бермейтін фразеологизмдер де бар. Ғалымдар мұны тұрақты тіркес мағыналарының көнеленуіне байланысты деп түсіндіреді. Мысалы, ит басына іркіт төгілу (молшылық), құлаққа ұрған танадай (жым-жырт тыныштық) . Қазақ тілі фразеологиясы фразеологизмдердің бұл екі тобын бір-біріне өте жақын тұратын сез тіркестері деп қарастырады. Орыс тіл білімінде идиомалар немесе анапит. мәндегі Фразеологиялық бірліктер деп атайды.
Фразеологиялық тізбе - еркін мағынадағы сөздер тіркесінің Фразеологиялық қалпында екі сөздің тіркесуінен жасалып, езгеріссіз тізбек күйінде қолданылады. Мысалы, жандысөз, тас бауыр, жуан жұдырық, шикі өкпе. Бұлар сырт құрылымы жағынан күрделі сөздерге ұқсас. Күрделі сөздер үнемі номинативті атау мағынасында жұмсалса, Мысалы, су тиірмен, тас жол, төс қалта т. б. Фразеологиялық тізбектерде бағалауыштық, образдылық сипат бар. Олардың Фразеологиялық мағынапары метафора, теңеу, сапыстыру сияқты керкемдік тәсілдер арқылыауыспалы мағынада айтылуына байланысты. Апайда ауыспалы мағынада айтылып тұрған сөз тіркестерінің бәрін бірдей Фразеологиялық тізбектерге жатқызуға болмайды. Мысалы, Көңілсіз құлақ - ойға олақ (Абай) . Жүргемін жоқ қайғының жүгін артып (Мұқағапи) - метафоралы тіркестер. Метафора, сирек те болса метонимия - керкемдік тәсілдер әдеби шығармапарда өзіндік ерекше сөз қолданысы. Сөйлеу тілінде қалыптасқан фразеологизмдер, идиомапар және образды сөздер - жасапуы жағынан метафоралы қолданыстан туған тіркестер.
Фразеологизм, тұрақты тіркестер - екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы тұтас бір мағына білдіретін сөз тіркестері.
Қазақ тіл білімінде бұл термин бір ізге түскендіктен фразеологизмді тұрақты тіркес, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тіркес, фразеологиялық орам, фразеологиялық тұлға, фраза сияқты атаулармен аталып жүр. Фразеологизмдер құрамына қандай тіркестер енетінін анықтау үшін зерттеушілер тіл білімінде олардың қолданылу тиянақтылығын, мағына тұтастығын, тіркес тұрақтылығын басты белгі етіп алады.
Фразеологизмдердің қолданылу тиянақтылығын сөйлеуде, айтылуда бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында жүмсалатын еркін сөз тіркестерімен салыстырғанда анық байқалады. Мысалы, бет моншағы үзіліп -ұялу, итарқасы қиянда - қашық, алыс жер. Еркін сөз тіркесі белгілі бір қалыптасқан грамматикалық жүйені керек етеді.
Фразеологизмге тән мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сөздердің жеке мағыналарына үнемі сәйкес келе бермейді, тіркес ішіндегі сыңарлар тұтасып барып, бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қабырғасынан күн көріну (жүдеу, арық), тас бауыр (мейрімсіз адам туралы) бұл тіркестердің құрылымы әр түрлі болғанымен, әрқайсысы мағына тұтастығымен ерекшеленеді. Фразеологизмдердің мағына тұтастығы жеке сөзбен бірдей емес. Сөз - лексикалық мағына, номинативті атау болса, Фразеологизмдер - мағына тұтастығы мен сөзбен бапамалық қатыста емес, жанамалық қатыста турады. Фразеологизмдерге тән басты белгі - туынды мағынада жұмсалып, әрдайым бейнелі мән тудыруы. Фразеологизмдер мағынасында жағымды немесе жағымсыз, әйтеуір эмоциялы-экспрессивті реңк бар. Сондықтан, сөз дегенді көптеген зерттеушілер "бүтін бітімді", ал фразеологизмді "бөлек бітімді" деп есептейді.
Тұрақты тіркес тізбесіндегі сөздер айтушының қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасады. Сол себепті де сөздердің жігі ажырамай тұрады. Құрамындағы сөздер (кейде компоненттер өзара мағыналас, мәндес сөздермен алмастырылып, варианттылыққа ұшырайды демі сөну/біту/таусылу) басқа сөзбен алмастыруға, сөздердің тұрақты орын тәртібін ішінара өзгертуге келмейді, сөздердің орын тәртібі нық келеді. Мысалы, пендешілік жасау дегеннің орнына адамшылық жасау десе, мағына бүтіндей өзгереді. Немесе бүйрегі Бұлк етпеу дегеннің орнына жүрегі Бұлк етпедір, есе, мағына тұтастығы онша бузылмағанымен, стильдік жағы солғындап, дыбыс үйлесімі кемиді, тіркес тұрақтылығына нуқсан келеді.
Фразеологизмдердегі осы аталған тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, тіркес тұрақтылығы тілдің басқа да категорияларымен ерекшеленіп, өзіндік тұлға, бітім бейнесімен дербес турады. Бұл олардың тілдік бірлік (единица) ретінде танылуына мүмкіндік береді. Фразеологизмдерді танып-білу үшін анықталған үш белгі жеке-жеке саралану ына қарамастан, қазақ тіл білімінде, сол сияқты басқа да түрік және орыс тілінде тұрақты сөз тіркесіне қандай тіркестерді жатқызу туралы шешімін таппай келе жатқан әрқилы пікірлер бар. Фразеологизмдерді зерттеу барысында тұрақты тіркестерді тар және кең мағынада түсіну деген ғылым ұғым қалыптасқан. Фразеологизмдерді тар мағынада түсінуді жақтайтындар мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді Фразеологизмдер (I. Кеңесбаев, Т. Байрамов, 3. Ураксин) қатарына енгізбейді. Ал кең мағынада түсінуді негізгі алатын зерттеушілер (С. Мүратов, Г. Ахунзянов т. б. ) терминдерді, күрделі сөздерді, қос сөздерді, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді, газет айдарларын (штамп) фразеологизмдерге жатқызады. Орыс тіл білімі мамандарының арасында да бұл туралы пікірлерде қайшылық бар. Алайда орыс фразеологиясында соңғы кезде В. Виноградов бастаған зерттеушілер бұрынғы классиканы зерттеу үлгілерін қайта қарауды үсынады. Олар Фразеологизмдерді тану үшін белек бітілуі мен даяр қалпында жүмыс істеу белгісін басшылыққа алады. Тілдегі фразеологизм құрам - лексиканың ең бай құнарлы кезі. Фразеологизмдердің жаңа үғым, түсініктермен көбейіп қалыптасуы сол ұлттілінің даму ерекшеліктерін және ұлт мәдениетінің танымдылық қасиетін керсетеді.
Фразеологизмдердің көп мағыналығы - тұрақты тіркестердің екі я одан да көп мағына беруі. Тілдегі жеке сөздер тәрізді тұрақты тіркестердің де кейбіреулері көп мағынапы болып кездеседі. Алайда, фразеологизмдердің бәрі бірдей емес, идиомалық түрлері әрдайым дара мағыналы болады да, фразалық тіркестердің қайсыбіреулері көп мағыналы болып келеді. Мысалы,
Бой бермеді:
а) айтқанға көнбеді, жеңістік бермеді, ә) ырық бермеді, күші жетпеді.
Көзі шықты:
а) соқыр болды, ә) көзі қанды, маманданды (Жылқы бағумен көзі шықты) .
Дымы құрыды:
а) діңкеледі, шаршады,
ә) лажы қалмады, не істерін білмеді.
Ат үсті: а) жол-жәнекей, жолшыбай,
ә) жеңіл-желпі, үстіртін.
Сыңар езу: а) бір жағына бұра тартып жүретін жылқы, ат,
ә) өз ырқы болмаса көнбейтін бір бет адам.
Жүзіктің көзінен әткендей: а) сұлу, әдемі, мүсінді,
ә) еті тірі пысық, жылпос.
Аузымен құс тістеген: а) жүйрік, ұшқыр,
ә) сөзге шешен, ділмар адам.
Фразеологизмдерден туатын көп мағынапық, негізінен, екі түрлі жолмен жасалады. Оның бірі - жалғаса туады, екіншісі - жарыса туады. Мысалы, ат үсті деген тұрақты тіркестің ең алғашқы мағынасы, сөз жоқ, ат үстінде жүрумен байланысты шыққан. Содан соң осы ұғымға жапғастырып қолдану арқылы үстірт, үстіртін мағынасы пайда болған. Сол сияқты қартайған бүркілің тұғырда орнығып отыра апмауын адамға ауыстырып, бейнелеп қолдану арқылы соңғы мағыналары жарыса шыққандығын аңғару қиын емес. Кей жағасырдайда жалғаспалы мағына мен жарыспалы мағына бір-біріне ұласып, үсті-үстіне туынды мағына жамай беруі мүмкін. Мысалы, зәрі қайтты дегеннен: а) уы қайтты, тарады, ә) жыли бастады, б) ашуы басылды деген үш түрлі мағына туындаған. Бойдағы удың таралуын табиғат құбылысына, одан кейін адамның мінез-құлқына бейнелеп қолдану арқылы туынды мағыналар бір-біріне ұласып отырғандығы айтылған ойға айқын дәлел бола алады.
Фразеологизмдерді топтастыру.
Швейцария лигвисті Шарль Баллидің еңбектерінде тұрақты сөз тіркестерін тізбекті топтастыруға алғаш әрекет жасалды [3] . Фразеология саласын ерікті сөз үйлесімділігімен қарама-қарсы қойып, ол негізгі екі сөздік кешенді (компоненттердің бір ауыздылығының өспелі дәрежелі тәртібінде) - фразеологилық топтарды және фразеологиялық бірліктерді анықтады.
Фразеологияны ары қарай зерттеп, зерделеу кеңес тіл білімінде 1940-1970 жж. орыс және басқа да тілдердің әдебиеттерінде кеңінен дамыды. Отандық ғалымдар басқа лингвистикалық тәртіпті соншалықты жете зерттемеген еді. Заттың әдебиеті ұланғайыр.
Зерттеу объектісіне, оның категорияларына және фразеологиялық бірліктерді топтастырудың тәжірибелеріне көптеген бірлескен және бір бірін толықтыратын, сондай-ақ бір-біріне қайшы келетін көптеген анықтамалар берілді. Кезінде ерекше әйгілі болған, В. В. Виноградов ұсынған фразеологиялық бірліктерді топтастыру ерікті сөз үйлесімділігімен қоса фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тіркестер (еріксіз, басқаша айтқанда - тұрақты) компоненттер арасындағы байланыстың тығыздығының кемімелі дәрежесі тәртібінде фразеологиялық бірліктердің негізгі үші түрі қарастырылған.
Фразеологиялық тұтасуға (немесе идиомаға) тұрақты сөз тіркестері кіреді, олардың мағыналары оған кіретін жеке сөздердің мағыналарымен шартталмайды; қазіргі тіл көзқарасынан тұтас мағынасы еркінше және дәлелденбеген болып келеді (мысалы, как пить дать- белгілі бір оқиғаның болуы ақиқат ; собаку съел - белгілі бір істе үлкен тәжірибесі бар, бәрін біліп тұрған адам туралы; и был таков, как ни в чем не бывало - беті бүлк етпеу; бить баклуши - босқа сандалу және т. б. ) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz