Халықаралық жеке құқықтың әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Халықаралық жеке құқықтың жалпы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Халықаралық жеке құқық түсінігі, жүйесі және оның қанар
көзі ... ... ... ..4
2. Коллизиялық нормалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.1. Коллизиялық норманың
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
9
2.2. Жеке тұлғалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .20
2.3. Мұрагерлік құқық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

КІРІСПЕ

1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінің ерекше бөлімі қабылданып, күшіне енді. Бұл өз мәнінде Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексі нарықты қайта құру жылдарында қалыптасқан
азаматтық заң шығарудың ірі біріктіруі болып табылады, қабылданған
Азаматтық кодекстің Ерекше бөлімінің жетінші бөлімінің құрамына халықаралық
жеке құқық туралы енгізілуі, оның ең маңызды ерекшелігі болып табылады.

Азаматтық кодекстің халықаралық жеке құқық туралы жетінші бөлімі
бұрынғы 1991 жылғы Азаматтық заңнаманың Негізін ауыстырды.

Халықаралалық жеке құқық – құқық саласының ішінде ерекше саланың бірі
болып табылады, өйткені ол бірнеше мемлекеттердің заңнамаларына сүйене
отырып, пайда болған коллизиялық мәселені шешеді.

Халықаралалық жеке құқықтың спецификалық ерекшелігі осы
мемлекеттердің арасындағы, құқық жүйелерінің арасындағы айырмашылықты
сақтай отырып, коллизиялық деп аталатын нормалардың көмегімен қай
мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданатындығын анықтауға
бағытталған.

Халықаралалық жеке құқықтың мақсаты – әр түрлі елдердің фирмалары мен
ұйымдарының арасындағы іскерлік байланыстарды құқықтық реттеу болып
табылады.

Халықаралалық жеке құқықта шетелдіктердің жеке мүліктік және жеке
мүліктік емес құқықтарынан басқа, ол еңбек, отбасы және өзге де
қатынастарды реттейді. Осы аталған қатынастарға кепіл болу халықаралалық
жеке құқықта басты орынға қойылады. Халықаралалық жеке құқық нормалары
Қазақстандағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайын және біздің
азаматтардың шетел мемлекетіндегі жағдайын анықтайды.

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ
ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ

1.1. Халықаралық жеке құқық түсінігі,
жүйесі және оның қанар көзі

Халықаралық жеке құқық халықаралық сауда-экономикалық, ғылыми-
техникалық және мәдени ынтымақтастықтың кеңеюімен өте тығыз байланысты.
Осындай ынтымақтастықты реттеуде халықаралық шаруашылық байланыстардың
күрделенуімен, халықаралық іскерлік ынтымақтастықтың әртүрлі салаларындағы
жаңа ұйымдастырушылық нысандардың дамуымен байланысты маңызы артып отырған
халықаралық жеке құқық нормаларының алар орны ерекше.

Халықаралық жеке құқық біртекті қатынастарды реттеу үшін әрқайсысы
өз нормаларын бекітілген әлемді 200-дей құқықтық жүйенің әрекет етуімен
байланысты пайда болады. Құқықтық қатынастарда құқықтық субъектілер бір
мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларымен қатар, шетел элементі қатысатын
болса, онда осы қатынасты қосымша құқықтық реттеу қажеттілігі туындайды.
Шетел құқықтық жүйесін шеттету және тек бір құқықтық тәртіпті басшылыққа
алу құқықтық реттеудің әділ, объективті, тиімді болуын қамтамассыз ете
алмайды. Сондықтан бір ғана мемлекеттің юрисдикциясы шеңберінен шықпайтын
таза ұлттық құқық саласымен қатар, құқықтық қатынастың халықаралық сипатын
ескертетін арнайы нормалар жүйесін де қалыптастыру қажет болды. Осындай
жүйе болып халықаралық жеке құқық табылады.

Халықаралық жеке құқық – шетел элементімен күрделенген азаматтық-
құқықтық және басқа да қатынастарды ретейтін коллизиялық-құқықтық және
бірыңғайланған материалдық-құқықтық нормалардың жүйесі.

Осындай қатынастарды реттеу арқылы олардың халықаралық сипатын ескере
отырып, әділ әрі объективті реттелуін қамтамассыз ететін құқықтық тәртіп
немесе құқықтық жүйені дұрыс таңдау мәселесі шешіледі.

Халықаралық жеке құқықтың дамуына заманауи түрлі факторлар ықпал
етеді.

Біріншіден, бұл – шаруашылық өмірдің интернационализайиялануы.
Шаруашылдық өмірдің интернационализациялануының тікелей көрінісі ретінде
жан-жақты экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың кең көлемде
дамуын айтуымызға болады.

Екіншіден, әртүрлі қақтығыстар, түрлі саяси және ұлттық себептердегі
даулар нәтижесінде немесе білім алу, жұмыспен қамтылу мақсаттарында пайда
болған миграция көлемінің күрт артуы.

Үшіншіден, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтыған ғылыми-
техникалық прогресс, оның ішінде ғарыштық технологиялардың, ақпараттардың
трансұлттық қолданылуына жол ашатын серіктердің, жалпы коммуникация
саласының дамуы.

Халықаралық жеке құқықтың атауы:

Халықаралық жеке құқық термині алғаш рет 1834 жылы америкалық Жоғарғы
соттың мүшесі Джозеф Сторидің Коллизиялық құқыққа түсіндірме атты
еңбегінде көрініс тауып, кейіннен бүкіл Еуропаға таралып кетті. Дегенмен
бұл терминді құраушы барлық элементтер – халықаралық, жеке, құқық
көптеген мемлекеттерде сынға ұшырап, бірден мақұлдана қойған жоқ.

Мысалы, ғылым дамуының кеңестік кезеңінде аталмыш терминнің екінші
бөлігі, яғни жеке құқық дау нысанасына айналды. В.И.Лениннің бұл жөнінде
айтқан мынадай сөздері бар: Біз ешқандай жекені мойындамаймыз, біз үшін
шаруашылық саладағы барлық дүниелер жария құқықтық. Бұл создер кейіннен
қоғамның жалпылама формуласына айналып кетті. Көптеген авторлар халықаралық
жеке құқықты ұлттық құқықтың бір саласы бола отырып, ішкі мемлекеттік
сипатқа ие деп танығандықтан терминнің халықаралық деген құрамдас
бөлігінің дұрыстығына күмән туғызды. Ал ең бастысы, халықаралық жеке
құқықтың негізін құқықтық табиғаты жағынан сілтеме нормалары болып
табылатын коллизиялық нормалар құрағандықтан, оны мүлдем құқық қатарына
жатқызуға болмайды деген екіұшты пікірлер де орын алған.

Көзқарас-пікірлердің әртүрлілігіне қарамастан, бүгінгі таңда
халықаралық жеке құқық термині тіпті англоөсклондық құқық жүйесіне жататын
мемлекеттерде де қабылданып (кезінде олар конфликтік құқық деп атаған).

Халықаралық жеке құқықтың әрекет ету аясы:

Кез келген құқық саласымен танысу үшін, ең алдымен, оның реттелуіне
жататын құқық қатынастар шеңберін анықтап алуымыз қажет.

Мынадай мысал қарастырайын:

Алжирде жүрген Ресей азаматшасы Алжир азаматымен некеге отырады. Осы
неке екі мемлекет територияларында да некеге отыру шарттары және оны жасасу
нысаны мен тәртібі заңи жарамды деп танылуы үшін осы құқықтық қатынасқа
шетел элементі болып Ресей азаматшасы табылса, осы шетел элементі
күрделендірген ұлттық құқықтық жүйе – Алжир құқықтық жүйесі болып отыр.
Егер Ресей азаматшасының мүдделерін ескерместен, тек Алжир заңнамасын
қолдансақ, осы неке РФ Отбасы кодексіне сәйкес еместігінен неке Ресейде
жарамсыз деп танылуы мүмкін. Бұл әрбір мемлекеттің ұлттық заңнамасында
нақты құқықтық қатынастарды реттеуде шетел құқықтық жүйесінің араласуына
жол бермейтін императивтік нормалардың бар екендігімен түсіндіріледі.

Әрбір мемлекеттің құқықтық жүйесі өз халқының рухани мінез-құлық
жағдайын, әсіресе әлеуметтік, психологиялық және материалды-тұрмыстық өмір
деңгейіне сәйкес қалыптасқан. Ұлттық әдет-ғұрып нормалары, негізінен,
отбасы-некелік қатынастарда шоғырланғаны мәлім. Нақ осы себепті Ресей
азаматшасы мен Алжир азаматы арасындағы некелік қатынстарды реттеу үшін
материалдық нормаларды қолданбастан бұрын, ең алдымен, осы қатынастарды
реттеуге тиіс құқықтық жүйені анықтауымыз қажет.

Мемлекет өзінің ұлттық құқықтық жүйесін қалыптастыруда, жоғарыда
көрсетілген мысалдағыдай, шетел элементі қатысатын жағдайларды ескермеуі
мүмкін емес. Әйтпесе, шетел мемлекетіндегі өз азаматтарының құқықтарын
қорғауда көптеген қиыншылықтарға тап болуы мүмкін.

Халықаралық сипатқа ие, яғни шетел элементімен күрделенген қатынастар
ғана халықаралық жеке құқық әрекет етуінің аясына енеді.

Халықаралық жеке құқықтың пәні тек шетел элементімен күрделенген
қатынастар екендігін ескере отырып, жалпы шетел элементі терминіне
түсіндірме жасап кетуі керек. Азаматтық кодекстің Халықаралық жеке құқық
деп аталатын бөлімі пайда болғанға дейін шетел элементі термині шартты
түрде ғана болды. Сонымен қатар көптеген ғалымдар оның қолданылуына қарсы
болды. Мысалы, В.П. Звеков шетел элементі деген терминді халықаралық жеке
құқыққа тән әртүлі жағдайлар жасырынатын құрғақ, мәнерсіз термин деп
сипаттаған.

Терминнің сәтсіздігі қатынастың мәнісін бұрмалап жіберетіндігімен
түсіндіріледі, яғни аталмыш терминді қолданған жағдайда құқықтық қатынас
белгілі бір шетел элементі қатысатын ішкі мемлекеттік қатынас ретінде
түсініледі. Ал шын мәнісінде, қатынастың жекелеген элементі ғана емес,
жалпы қатынастың өзі халық-аралық сипатқа ие.

Халықаралық жеке құқық ғылымында шетел элементі құқықтық қатынастың
әртүрлі элементтеріне тіркелген (прикрепленный) і жағдай ажыратылады.

Бірінші топты субъектісі шетелдік сипатқа ие қатынастар құрайды.
Басқаша айтқанда, шетел элементі субъектіде көрініс табады.

Халықаралық жеке құқықта мұндай жағдайлар көптен орын алады: әртүрлі
ұлттылыққа ие заңды тұлғалардың мәміле жасасуы, зиян келтіру нәтижесінде
пайда болатын қатынастар, мұрагерлік, неке-отбасылық қатынастар және т.б.

Екінші топқа шетел элементі болып объект табылатын құқықтық қатынастар
жатқызылады.

Оған мысал ретінде шетел мүлкіне меншік құқығын анықтауға байланысты
немесе дауды құрастырушы мемлекет аумағынан тыс жерде орналасқан құрылысты
мұраға қалдыру тәртібін анықтау жөніндегі дауларды келтіруімізге болады.

Үшінші топ шетел элементі заңи факті түрінде көрініс табатын
қатынастардан тұрады: азаматты қайтыс болды деп жариялау, азаматты хабар-
ошарсыз кетті деп жариялау, туыстық қатынас фактісін анықтау және тағы да
басқа заңи фактілер.

Шетел элементі қоғамдық қатынастардың кез келген салсында орын алуы
мүмкін. Алайда халықаралық жеке құқық тек азаматтық-құқықтық сипатқа ие
қатынастарды реттейді. Мысалы, халықаралық жеке құқық нормалары шетел
азаматтарын әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту, оны орындау,
жазаны өтеу мәселелерін қамтымайды.

Осылайша, халықаралық жеке құқықтың әрекет етуінің екінші шарты – шетел
элементімен күрделенген құқықтық қатынастардың тек азаматтық салады орын
алуы.

Бұл сала мұрагерлік, отбасылық, зиян келтіру, шаруашылық, авторлық,
патенттік, сыртқы экономикалық және өзге де азаматтық-құқықтық қатынастарды
қамтиды.

Сонымен, халықаралық жеке құқық тың реттеу пәні – халқаралық өмірде
пайда болатын азаматтық-құқықтық қатынастар. Бұл ұстаным кеңестік
халықаралық жеке құқық қалыптасуының ерте кезінде И.С.Перетерский ұсынған
болатын.

Халықаралық жеке құқықтың мақсаттары мен қызметтері:

Халықаралық жеке құқық мақсаты – бір мемлекет юрисдикциясы шеңберінен
тыс қатынастарды реттеу. Ешқандай мемлекет шетел тәртібінің пайдасына өз
құқығын ерікті түрде өзгертпейтінін ескерсек, халықаралық жеке құқықты
құқықтық компромисс ретінде қарастыруымызға болады. Оның мәнісі мемлекет
өзінің құқықтық жүйесін өзгертпестен, оған арнайы коллизиялық нормаларды –
құқықтық жүйені таңдау ережелерін енгізуінде.

Халықаралық жеке құқық негізгі мақсаттарына белгілі бір қызметтерді
орындауды білдірнтін мәселелерді шешу арқылы қол жеткізеді. Бұл басты
қызметтер өз мемлекетінің азаматтарының және шетелдіктердің мүліктік және
мүліктік емес құқықтарын қорғау болып табылады.

Шетелдіктердің құқығын қорғау оларға ұлттық құқықтық реттеу ұсыну
арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар әрбір мемлекеттің заңнамасы шетелдік
тұлғалардың құқықтық мәртебесінің ерекшелігін ескеретін арнайы нормаларды
да қамтиды. Мұндай нормалар Қазақстанның барлық құқық салаларында да
көрініс тапқан.

Халықаралық жеке құқық алдында тұрған келесі бір маңызды мақсат – сот
және арбитраж шешімдерін үйлестіру. Мұндай үйлесімділік дау қаралған жеріне
қарамастан осы дау бойынша шығарылған шешімі объективті нәтижелі болуын
қамтамасыз етеді.

Сот шығаратын шешімдердің бірегейлігіне әртүрлі мемлекеттердің
халықаралық жеке құқығына альтернативті коллизиялық нормаларының бекітілуі
оң әсерін тигізіп отыр. Заң шығарушылар бекітілген ережелердің ішінен
құқықтық қатынасқа түсуші тараптар ушін ең тиімді норманы қолдану
мүмкіндігін қарастырған.
Халықаралық жеке құқықтың әдістері
Халықаралық жеке құқықты құқықтын бір саласы ретінде басқа саладан
айыра білу қажет. Құқық жүйесіне байланысты бірқатар мәселелерді айтсақ,
халықаралық жеке құқық басқа құқық салаларымен, атап айтқанда, азаматтық
құқықпен ұқсас болып келеді. Жалпы бөлімде, халықаралық жеке құқықтың
принциптері мен негізгі бастамапарына байлаңысты жалпы ережелер де
шоғырланған.  Дегенмен, халықаралық жеке құкық пен азаматтық құқықтардың
реттеу пәндерінің бірдей немесе ұқсас болуы олардың пән ретінде ұқсастығын
білдірмейді. Халықаралық жеке құқық стандартты мүліктік қатынастарды емес,
тек қана халықаралық қатынастардан туындайтын қатынастарды реттейді.
Мәселен, екі қазақстандық фирма арасында жасалған шарт азаматтық құқықпен
реттелуге жатады, ал егер сол шартқа отырушы мемлекет шетел мемлекеті
болса, бұл халықаралық жеке құқықтың нормаларымен реттелуге жатады.
Осыдан шығатын қорытындыны таразылай отырып, халықаралық жеке құқықтың
қоғамдық қатынастарының екі белгісін шығарып алуға болады. Олар:
біріншіден, халықаралық; екіншіден, азаматтық – құқықтық болып
табылады. Тек қана осы екі белгінің бір кезде кездесуі ғана қоғамдық
қатынастардың құрамынан халықаралық жеке құқықтың пәні болып табылатын
қатынастарды бөліп қарастыруға жол ашады. Мысалы, қазақстан азаматының
өлімінен кейін оның қазақстаңдағы аманаты ашылады және оған сәйкес
мұрагерлері анықталады. Бұл тұста азаматты к-құқықтық қатынастар туындайды.
Егер осы мұра басқа бір мемлекет аумағында ашылса немесе мұрагерлер
шетелдік азаматтар болып шықса, онда бұл халықаралық жеке құқықтың көмегіне
жүгінетін қатынас болып шыға келеді.
Сәйкесінше, қазақстандық ішкі қатынастар азаматтық құқықпен реттеледі
де, олардын біразы халықаралық сипатқа ие болатын болса, халықаралық жеке
құқықтың реттеу пәніне кіреді.
Осыдан келіп, халықаралық жеке құқықтың пәні болып халықаралық
азаматтық құқықтық қатынастар табылады деп жауап берумізге болады.
Осыдан келіп азаматтық деген қатынастардан бөлек отбасылық, еңбек
қатынастары осы халықаралық жеке құқықтың реттеу объектісіне жатады ма,
әлде жоқ па деген заңды сұрақтар туындай бастайды.
Халықаралық жеке құқықтың пәнін құрайтын тағы бір қатынастардың
белгілері бар. Бұл жеке адамдар мен заңды тұлғалардың арасында жасалатын
қатынастар. Дегенмен, бұл принцип өзбетіндік сипатқа ие емес, өйткені
олардың барлығы жеке құқыктық табиғаттан келіп шығады.
Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері:

Халықаралық жеке құқықтың қайнар көзінің түсінігіне өзара байланысты
екі элемент кіреді. Біріншіден, нормаларға заңи міндеттілік сипатын беру,
яғни мемлекеттік ерікті білдіру жолы, екіншіден, нормалардың сыртқы
нысанының сипаты. Әртүрлі жүйелерінің қайнар көздерінің ерекшелігі құқықтық
реттеу объектілерінің ерекшелігімен анықталады. Құқықтың қайнар көзі
дегеніміз – құқықтық нормалары мазмұндалатын ресми нысан. Құқықтың қайнар
көзі ол нақты заңи істі шешу үшін құқықтық норманы анықтауға мүмкіндік
береді, оның 5 түрі бар:
1) халықаралық келісімдер; 2) ішкі заңнама; 3) сот және арбитраждық
тәжірибе; 4) әдет-ғұрыптар; 5) ілімдер.
Ілімде көрсетілген халықаралық жеке құқықтың қайнар көздерінің негізгі
ерекшелігі оның екіжақты сипатталуында және теңдей заң күші барлығында: бір
жығынан қайнар көздері - халықаралық келісімдер және халықаралық әдет-
ғұрыптар, ал екінші жағынан ішкі заңи нормалар мен мемлекеттік сот
тәжірибесі.
1) халықаралық келісімдер
Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері ретінде көпжақты конвенциялар
ерекше орын алады. Халықаралық келісімшарттарды қабылдау – шетелдік
элементпен күрделенген, халықаралық жеке құқықтың жеке құқықтық
қатынастарды реттейтін бірыңғай құқықтық нормаларды шығару процесі. Бұл
процесс ғылымда – унификация деп аталады. Унификация халықаралық дәрежеде
модельді заңдарды қабылдаумен жүзеге асырылады.
2) ішкі заңнама
Ішкі заңнама – бұл мемлекеттің ең маңызды қайнар көздерінің бірі. Ішкі
заңнаманы халықаралық жеке құқықтың қайнар көзі ретінде сипаттама берсек,
ТМД-да басқа мемлекеттерге қарағанда, мысалы, Австрия, Венгрия, Түркия,
Швейцарияда, халықаралық жеке құқықтың мәселесін қарастыратын арнайы заң
қабылданбаған, тек осы осы саланы қарастыратын нормалардан тұратын заң
актілері бар.
3) сот прецеденті және арбитраждық тәжірибе
Көптеген мемлекеттерде сот прецеденті және арбитраж тәжірибесі ХЖҚ-ның
қайнар көзі ретінде маңызды рөл атқарады. Сот процеденті – анологиялық істі
қарау кезінде жоғарғы соттың кіші сот үшін императивті шешімі
4) әдет-ғұрыптар дегеніміз, құқық нормасы ретінде танылған,
ортақ тәжірибе.
Халықаралық жеке құқықта халықаралық сауда әдет-ғұрыптар,
іскерлік айналым
әдет-ғұрпы және теңізде жүзу әдет-ғұрпы үлкен рөл атқарады. СИФ
халықаралық сауда терминдерін талқылауға байланысты халықаралық ереже
(ИНКОТЕРМС), ак-кредетив және инкассо[1] бойынша унификацияланған ережелер
және т.б. қолданады. Барлық осы актілердің нормативтік сипаты жоқ, бірақ
құқықтың қайнар көзі болып табылады. Халықаралық сауда тәжірибесінде, егер
шарт негізінде дау туындаса, қабылданған әдет-ғұрыпты арбитраждық сот
қолданады.
Шетелдік элементті шиеленістірген азаматтық-құқықтық қатынастарға
қолданылуға тиісті құқықты анықтау:
Шетел элементімен күрделенген және құқықтық қатынастарды реттеу процесі
екі өзара тығыз байланысты сатыдан тұрады: біріншісі – құқықтық коллизиясын
шешу және таңдау жасау, екіншісі – таңдалған құқықтық қатынасты қолдану.
1) Коллизиялық нормаларды қолдану. Бұл сатыда коллизиялық норма
қолданылуға жата ма деген мәселе анықталады, егер мұндай норма
қолданылса, қай елдің құқығына сілтеме жасалынатындығы анықталуы
тиіс. Бұл ретте келесідей құқықтық сұрақтар пайда болады: өзара
түсіністік, реторсия, құқықтық саралау, кері сілтеме, үшінші елдің
құқығына сілтеме жасау, заңды айналып өту.
2) Коллизиялық норма сілтеме жасайтын құқықтың қолданылуы. Бұл саты
бірінші сатының мәселелері қарастырылып болған соң жүзеге асады.
Бұл сатыда өзге де сұрақтар туады: жария тәртіп, императивті
норманың қолданылуы, шетел құқығының мазмұнын анықтау.
Заң ұғымдарын саралау (құқықтық саралау) дегеніміз, заңи терминдерді
талқылау. Сот заң ұғымдарын саралауды, егер заң актілерінде өзгеше
көзделмесе, оларға сот елінің құқығына сәйкес түсінік беруді негіздейді.
Егер заң ұғымдары сот елінің құқығына белгісіз болса немесе басқа атаумен
не басқа мазмұнмен белгілі болса және сот елінің құқығы бойынша түсіндіру
арқылы анықтау мүмкін болмаса, заң ұғымдарын саралау (құқықтық саралау)
кезінде шет мемлекеттің құқығы да қолданылуы мүмкін.
Кері сілтеме жасау және заңды айналып өту:
Коллизиялық нормаларды қолдану кезінде туындайтын мәселелердің бірі –
заңи әдебиеттерде пинг-понг деп аталатын ұғым.
Кері сілтеме – ТМД елдерінің Модельді Азаматтық кодексі кері сілтеме
және үшінші елдің құқығына сілтеме жасау тек қатаң анықталған жағдайларда
(жеке тұлғаның жеке заңын, мәмілелерге қатысты азаматтың
әрекетқабілеттілігін және зиян келтіру салдарынан туындаған міндеттемелерді
анықтау кезінде) қолданылуы тиіс деп қарастырады. Кез келген сілтеме тиісті
елдің коллизиялық құқығына емес, материалдық құқығына жасалған деп
саналады. Бұл ереже Белоруссия, Армения, заңдарында орын тапқан. Әзірбайжан
заңына сәйкес, кері сілтеме және үшінші елдің құқығына сілтеме жасау жеке
тұлғаларға, олардың құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігіне қатысты,
сонымен қатар отбасылық және мұрагерлік қатынастарға қолданылады.
Заңды айналып өту шетел құқығын қолданудың тағы бір мүмкіндігі болып
табылады. ҚР-да заңды айналып өту және жария тәртіп туралы ескерту
ұғымдары тек доктринада ғана ажыратылады. Жария тәртіпті ескерту сиякты
заңды айналып өтуде де негізгі коллизиялық норма шетел құқығының
қолданылуын міндеттеген ғана қолдану болып табылады. Занды айналып өту
тараптардың қарымөқатынасты реттеуге белгілі бір құқықты таңдауға құқығын
жүзеге асырумен жүргізіледі. Бұл мынадай жағдайларда орын алуы мүмкін,
мысалы заңды тұлғаға немесе мекемелерге барынша жеңілдік жасау үшін заңды
айналып өту қолданылуы мүмкін. Басқаша айтқанда, мүдделі тұлға өз
қатынасына шетелдік элементті жасанды жолмен қарастыра отырып, өз құқықтық
қатынастарын шетелдік құқықтық жүйемен реттейді. Құқықтық қатынасқа
шетелдік элементтің қатысуы заң бойынша рұқсат етілгендіктен, заңды болып
табылады, ал оның әр оқиғадағы араласуының заңды не заңсыз екендігін сот
анықтайды.
Заңды айналып өтуге қатысты тағы бір мәселе – осы түсініктің нақты
мазмұны жоқтығында. Көптеген ғалымдар заңды айналып өтуді толық заңдық
термин емес деген пікірлер айтады. Алайда кей елдердің заңнамаларында осы
категорияны бекітетін арнайы нормалар бар. Мысалы, Венгер Ұлттық
Республикасы Президиумының 1979 жылғы Халықаралық жеке құқық туралы
Жарлығына сәйкес шетел құқығы шетел элементі жасанды қатыстырылған
жағдайда қолданылмайды.
Заңды айналып өтудің жария тәртіп туралы ескертпеден мынадай
айырмашылықтары бар:
1) Жария тәртіп туралы ережеде коллизиялық нормалар, ал заңды айналып
өтуде материалдық нормалар қолданылады;
2) Жария тәртіп туралы ескертпе – институт, заңды айналып өту –
категория.
Халықаралық жеке құқықтың негізгі бастамалары (қағидалары:
Реторсия. Егер кез келген бір мемлекет негізсіз және дискриминациялық
тәртіпте басқа мемлекеттің мүдделеріне немесе оның азаматтары мен заңды
тұлғаларының құқық қабілеттілігіне зиян келтіретін шектеулер қойса, соңғысы
халықаралық жеке құқықта және халықаралық қатынастар тәжірибесінде
реторсиялар деп аталатын жауап шара құқығын қолдана алады. Әдетте мұндай
шаралар бірінші мемлекетпен қойылған шектеулерді жоюды көздейді.
ҚР АК 1093 – бабында Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды
тұлғаларының құқықтарына арнайы шектеулері бар мемлекеттердің ааматтары мен
заңды тұлғаларының құқықтарына қатысты Қазақстан Республикасы қарсы
шектеулер (реторсиялар) белгілеуі мүмкін делінген.
Өзара түсінік. Өзара түсіністік қағидасы мемлекетаралық экономикалық
қатынастарды реттеудегі негізгі қағидалардың бірі болып есептелінеді. Оның
экономикалық құқықтың арнайы қағидасы дәрежесі оны халықаралық жеке құқықта
бастапқы ереже ретінде қарастыруға кедергі етпейді. Әсіресе бұл қағиданы
шетел азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтық жағдайын анықтау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық жеке құқық туралы
Коллизиялық норманың құрылысы
Аграрлық құқық
Еуропалық құқықтың құқықтық реттелуі
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
Халықаралық жеке құқықтық жүйесі мағынасы, қайнар көзі
Халықаралық қылмыстық құқық бойынша соғыс қылмыстары және оларды жасау үшін жауаптылық сұрақтары
Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
Азаматтық құқық пәні
Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы және оның қайнар көздер
Пәндер