Кореяның көркем өнері
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар мен
Әлемдік Тілдер Университеті
Халықаралық Қатынастар Факультеті
Аймақтану кафедрасы
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Оңтүстік Корея мәдениеті
Орындаған:
Аширо Д.С.
Ғылыми жетекші:
Алматы 2005
Жоспар
Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Кореядағы әдебиет
а) Поэзия
б) Проза
2. Кореяның көркем өнері
а) Бейнелеу өнері
б) Сән және қосалқы өнер
3. Кореяның мүсін өнері
4. Кореяның сәулет өнері
5. Кореяның музыка өнері
а) Музыка мен опера
б) Балет мен қазіргі кездегі би өнері
6. Кореяның театр өнері
7. Кино
ІІІ. Қорытынды
ІV. Әдебиеттер тізімі
V. Қосымша материал
ХХ ғасыр Корея мемлекетінің тарихындағы аса ауыр және қатыгез
ғасырлардың бірі болып саналады. Ғасырдың басындағы елде болған жапон
үкіметінің басқыншылық саясаты, Бірінші және Екінші Дүниежүзілік соғыстар
мен 1950-1953 жылдары болған Корей соғысы, Кореяның екіге бөлінуі
мемлекеттің барлық салаларына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Осы ірі
оқиғалардың зардаптары, әрине, кейіннен, яғни ХХ ғасырдың екінші жартысында
көріне бастады. Әсіресе бұл жағдай мемлекеттің мәдени өміріне айтарлықтай
ықпал тигізді.
Өзімнің курстік жұмысымда мен ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Оңтүстік
Корея мемлекетінің мәдениетін қарастырамын. Осы тақырыпты таңдауымның
бірден бір себебі: өзімнің қызығушылығым. Корея мәдениеті бірегей әрі
таңғажайып болып есептеледі. Менің ойымша, корей мәдениеті сырлар мен
құпияларға толы. Өзімнің курс жұмысымда мен оның тек қана белгілі бір уақыт
аралығындағы дамуын қарастырғанмен, бұл мәлімет Кореяның ХХ ғасырдың ІІ
жартысындағы өмірі туралы барлық жағынан хабар береді. Өйткені мәдениет –
мемлекеттің, халықтық, ұлттың және жеке адамның болмысы. Қоғамда болатын
барлық оқиғалар мен өзгертулер және елді толғандыратын барлық мәселелер мен
проблемалар мәдениетте өз көрінісін табады. Сол себептен мемлекетті танудың
алғашқы қадамы, менің ойымша, сол елдің мәдениетін зерттеуден басталады.
Кореяның қазіргі кезде қарқынды түрде дамып келе жатқанын оның өте бай
мәдениетімен де байланыстыруға болады. Бүгінгі күнде көпшілік корей
мәдениетін жапон мәдениетімен жатастырады. Әрине оған айтарлықтай негіз
бар. Корея көп ғасырлар бойы экономикалық, саяси, философиялық және мәдени
қатынасында Қытайдың күшті ықпалының астында дамыды. Алайда осыған
қарамастан Кореяның өзіндік ерекшеліктері бар мәдениеті қалыптастыра алды.
Өзімнің курстік жұмысымда мен қиын уақыттан кейін Корея халқының өз
мәдениетін қалпына келтіру мен жандандыру үшін жүзеге асырған жолдарын аса
мұқият қарастырамын.
Кореяда қазіргі кездегі мәдениет туралы сөз қозғаған кезде, мәдениет
зерттеушілері, сонымен бірге, соғыстан кейінгі деген анықтауды да
қолданады. Кореяның мәдениеттанушылар мен мәдениет тарихшыларының барлығы
Кореяның қазіргі кездегі мәдениет тарихы Кореялық соғыстан (1950-1953)
басталды деген пікірлері сәйкес келеді. Яғни 1950-1953 жылдары болған соғыс
корей мәдениеті үшін өте үлкен маңызға ие болды. Осы жағдай, әрине, бүгінгі
таңда әлемде тамаша мәдениеттерінің бірі болып саналатын корей мәдениетінің
қазіргі кездегі қалыптасуына өзнің зор үлесін қосқан.
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Корея мәдениетін, оның ішінде, Оңтүстік
Корея мәдениетін қарастырған кезде, ең алдымен, 1950-1953 жылдары болған
Корея соғысынаың әсері мен зардаптары туралы айту керек. Ал содан кейін
Корей мәдениетінің дамуына шетел мемлекеттердің мәдениеті өз әсерін
тигізді.
Кореялық соғысының (1950-1953) басталуымен соғысқа дейінгі әдеби
сөздік ескірген әрі сол заманғы мәселелерден алшақ болып қалды. Соғыстан
кейінгі поэзияға түрі жағынан экспериментаторлық пен сыртқы ортаны сынға
алу тән болды. 60-шы жылдары басталған индустриализация процесі өткір
жаттық сезімнің, жеке адам бөлектігінің және қоғамдық дегуманизациялауының
туындауына себеп болды. Осының барлығы жиі-жиі өз көрінісін поэзияда тапты.
Жаңа саяси-әлеуметтік сана ояна бастады. Саясатталған аса радикалды
жазушылардың бірі, мысалы, кеңінен танымал Ким Чжи Ха (1941) немесе тек 80-
ші жылдары ақындық мантияны киген Ким Нам Чжу өз диссиденстволары үшін
түрмеге қамалды. Сонымен қатар таза әдебиет қолдаушылар мен шығармашылықта
революциялық идеологияны қолдайтындар арасындағы ескі жанжал жаңадан өрши
түсті. Олар өзара бір-біріне кінә таға бастады. 80-ші жылдардың басында
болған Кванджудағы көтерілістің басып тасталынуы жас интеллектуалдардың
поэзияның ресми негізін құраған үлкен ұрпақ ақындарға ызасын төгуге және
бұл апатты ақындық сөз күшімен тоқтата немесе басқа тәсілмен осыған араласа
алмайтындығы үшін кінә тағуға сылтау болды. Жас интеллектуалдардың
реакциясы өзінің түрі жағынан да, мазмұны жағынан да өте қатты болды. Олар
гуманисттік жол мәселелердің келісімді шешімін табуға мүлдем сәйкес
келмейтіндігін, тіпті мүмкіндігі жоқтығын жария етті. Осындай оқиғалар
болып жатқан кезде ақындық сөздің төрт патриархы – Чо Бен Хва(1916), Со
Чжон Чжу(1915), Пак Ту Чжин(1916) және Ким Чжун Су(1922) – 1990 жылдың
көктемінде жаңа ақындық жинақтарын басып шығарды.
80-ші жылдары 20-шы жылдары мен 30-шы жылдардың басындағы КАПП
(Кореялық пролетарлық жазушылар ассоциациясы) әдебиетінен немесе Чон Да Сан
(1762-1836) шығармашылығынан да бастау алған жұмысшылар поэзиясының екпінді
жандануымен белгіленді.
Әдетте ХХ ғасырдың ең үздік кореялық ақыны Со Чжон Чжу болып
саналған. Алайда уақыт өте келе, оның танымалдығы түсе бастайды. Бірақ
соңғы кезде Чон Чжи Енуге қызығушылық жандана түсуде және оқырмандардың
назары оның жағына бұрылды. Со Чжон Чжу, ең алдымен, Чолладо провинциясының
тұрғынына сай реңкті тілімен өзіне қарай көңіл аудара алады. Екіншіден, оны
басқалардан, әсіресе, Бодлер мен Йитс ақындарымен салыстыруға итермелейтін
ерте шығармаларының сезімге толы бастауы ажыратады. Және, үшіншіден, Со
Чжон Чжу оқырманға, көбінесе, буддалық Силла дәуірінің рухына үндеу
салуымен өте қызықты. Өз шығармаларында таяудағы апатты Кореяның орнына
келген жаңа Корея үшін маңызды болатын құндылықтарды іздейді. Оның поэзиясы
– сырласу поэзиясы. Ол дзэн стилінің жарық рухына толы шағын ғана лирикалық
өлеңдерді жазады. Мысалыға оның Атауы жоқ өлеңін келтіруге болады:
Небо,
Так тихо,
Что орхидея
В смущеньи:
Зачем
Лепестки
Распахнула
Так смело?[1]
Бүгінгі күнде Корея ақындық дарынның жетіспеушілігінен алшақ екені
айқын көрініп тұр. Бірақ қазіргі кездегі ақындар өткен ұлы ақындардың
қасында беделді орын алады ма деген сұраққа тек уақыт жауап бере алады.
Идеологияландырылған поэзияның әдеби жетістіктері әлі ашықтан-ашық сынға
алынған жоқ, бірақ ол туралы объективті ой қалыптастыру үшін, әрине, өте аз
уақыт өтті. Қазіргі күні жүздеген ақындар беделді әдеби журналдар мен
академиялық басылымдарда өз шығармаларын жариялап жүр және, еске сала
кететін бір жайт, барлық шығармалардың алдында тәжірибелі жазушы қолын
қойған мадақтау кіріспе сөз келеді; сонымен бірге олардың барлығы көптеген
әдеби жарыстар мен сайыстарға қатысады. Сайыстар әр жыл сайын
ұйымдастырылады, ал жеңімпаздар ірі ақшалай сыйлықтың иегері болады. 80-ші
жылдары То Чжон Хванның Махаббатым менің – сен раушан гүлдің түсісің деп
аталатын махаббат лирикасының топтамасы керемет әйгілі болды. Оның осы
өлеңдер топтамасы одан аз уақыт бұрын қайтыс болған ақынның әйеліне
арналған. Бұл кітаптың миллионнан астам нұсқалары сатылды, бұл жағдай
ақындық шығармашылықтың бұдан бұрын беймәлім болған коммерциялық жағын
ашты. Осы әртүрлі факторлардың барлығы Кореяда поэзиямен шұғылдануға
бірегей жағдайды құрды. Сол себептен ақындар сияқты оқырмандар да болашаққа
оптимисттік сезіммен, бірақ шамалы үреймен қарап отыр.
50-ші жылдары жазушылардың жаңа ұрпақтары келеді. Жас авторлар
азаматтық соғыстың қиындықтарын басынан өткізген және олар соғыстан кейінгі
қоғамда орнаған зұлымдық пен коррупция жағдайындағы мәнділікті іздеумен
шұғылданды. Соғысқа дейінгі уақыттың өзінде кореялық әдебиетіне таныс
болған экзистенциализм қазіргі кезде кеңінен тараған және бұл заманғы
әдебиетке айқын ықпал тигізген. Барлық заңдылықтар жойылған қоғамда мәнді
іздеумен айналысқан жаңа ұрпақтың типті жазушылары деп Чан Ек Хак(1921)
және Сон Чжан Сопты(1922) атауға болады. Чан Ек Хактың Иоаннның поэзиясы
деп аталатын шығармасындағы концентрациялық лагерь – жеке адам өзінің ең
қарапайым құқығынан айырылған соғыстан кейінгі қоғамның бейнесі. Тура
сондай адамның кез-келген талпынысын қиятын қоғам концепциясы Сон Чжан
Соптың шығармаларында да астырмалы көрініс табады. Сон Чжан Соптың
шығармалары гротесктік кейіпкерлерге – адамгершілік бастаудан айырылған,
шарттылық өрісінде және әртүрлі комплекстерде батқан адамдарға толы.
Соғыстан кейінгі интеллигенция өз менін табу немесе жаңадан ашу
үшін, жеке бастың өзіндік құндылығын көру үшін өзінің барлық көңілін
бостандықты іздеуге бағыттаған. Шын мәнінде интеллигенция өз алдына
романтикалық мақсат қойды. Бұл еркіндік ізденіске арналған Чхве Ин
Хунның(1936) Шаршы атты шығармасы осы мәселе төңірегінде көрсетімдік
болып есептеледі. Романда екі мәселе зерттеледі – соғыстың зардаптары және
интеллигенция аясынан шыққан көптеген әскери тұтқындардың алдында тұратын
қиын таңдау: бейбітшілік орнағаннан кейін қай жерге бару керек –
Оңтүстікке, Солтүстікке немесе бейтарапты басқа бір мемлекетке?
Корея жағалауларынан жүзіп кеткен Тагор кемесіне екі шағала еріп
жүреді. Оның ернеуінде Кореялық соғысынан кейін Оңтүстік немесе Солтүстікті
таңдаудың орнына бейтарап мемлекетке кетуді дұрыс деп көрген әскери
тұтқындардың тобы орналасқан. Роман кейіпкері Ли Мен Чжун үшін осы екі
шағала екі қыздың бақытсыз махаббатын бейнелейді – Оңтүстіктен және
Солтүстіктен.
Мен Чжун өзін соғысқа дейінгі Сеулдағы философ-студент кезінде еске
алады. Өзіндік анализге үңілген ол саяси және әлеуметтік проблемалардан
мүлдем алшақ. Ол түгелімен өмірдің мағынасын іздеумен айналысады. Мен Чжун
үшін өмір мағынасы шаршыда – кеңістік, жарық, мәнділік пен түсінушілік
бейнесінде көрініс табады. Жақсы көретін қызымен Юн Эмен оның қарым-
қатынасы өте қиын болады. Осы кезде Мен Чжунды полиция ұстап алады, өйткені
оның әкесі Солтүстіктегі компартияның аса белсенді мүшесі болады. Сол
уақытта Мен Чжунды ұрып-соғады. Қайғыға және түңілушілікке толы ол
Солтүстікке кету кездейсоқ ұсынысын қабылдайды. Бірақ сол жерде әкесі мен
партия мүшелерімен кездескеннен кейін де Мен Чжун түңілушілік пен жаттықтан
басқа еш нәрсені сезіне алмайды.
Мен Чжун өзінің екінші махаббатымен кездеседі. Оның аты Ын Хе. Ол
биші және оны саяси проблемалар мүлде толғандырмайды. Ын Хе Мен Чжунды
жақсы көреді, бірақ оның меланхолиясы мен жан-тәнінің қобалжуын түсіне
алмайды. Мен Чжун Ын Хесіз өмір сүре алмайды, сол себептен одан Мәскеуге
кетуге деген ұсыныстан бас тартуға талап етеді. Ын Хе онымен келіскенмен,
өзінің уәдесін ұстамайды. Ал Мен Чжун тағы да оған барлығы опасыздық істеді
деген сезіммен жалғыз қалады.
Соғыс кезінде Сеул коммунистермен оккупацияланады, Мен Чжун қалаға
барлау офицері ретінде қайтады. Ол тағы да Юн Эмен кездеседі, осылай ол Юн
Э оның ескі досы Тэ Сикке үйленгендігі туралы біледі. Тэ Сикте
ооккупациялық үкіметпен қиыншылдықтар пайда болады және Юн Мен Чжуннан
оның күйеуіне көмек беруді жалынады. Мен Чжун Юн Эні қорлайды. Алайда
қатыгездігін көрсеткен соң, ол жұмсарып Юн Э және Тэ Сикке қашып кетуге
көмектеседі.
Майданға қайтқан соң, Мен Чжун соғысқа медбике болып барған Ын Хемен
кездеседі. Майданның қатыгез әрі қатал өмірінде олар ғажаппен тағдыр берген
адамдық жылудың үгінділерін өзіне қарай тартады. Бірақ Ын Хе қаза табады.
Осылай тағы да Мен Чжун үшін оның барлық қиялдары қирайды. Енді онда ары
қарай өмір сүру үшін еш нәрсесі – Солтүстігі де, Оңтүстігі де жоқ. Ол
тұтқынға түседі және тұрақты тұруға Солтүстікке, Оңтүстікке немесе бейтарап
мемлекетке кетуге деген ұсыныс берілгенде, ол соңғысын таңдайды. Бірақ кеме
тиісті жеріне жетпес бұрын, Мен Чжун ернеудің арғы жағынан жоғалып кетеді,
осылай қандай да болсын қиялдардан босатылатын соңғы шешіміне келеді.
Шаршыда еуропалық әдебиетте елуінші жылдары басым болған
экзистенциалистік көңіл-күй көрініс табады. Роман өте әйгілі болды және
бестселлер деп атанды. Қызықтыратын бір нәрсе – ол жуырда ғана болған
демократизация дағдарысы кезінде де бестселлер тізімінде бірінші орынды
алды. Бұл кореялық әдебиетінде шарттылықтар астында сынған жас кореялық
интеллигентінің ең үздік сүреттелуі болып есептеледі. Шаршыда Камю мен
Хэмингуэй шығармаларының ең жақсы қасиеттері жинақталған. Бұл кітап
қабылдау үшін өте қиын. Философиялық ойлар оқиға желісінен оқырманның
көңілін өзіне тартады, ал оқиға желісінің тақырыбы қайғыға және
пессимизмдік әуенге толы. Кейіпкерлер жеке толғаныстарымен шектеліп, сыртқы
ортаны қабылдамай, өзінің ішкі дүниесінен мүлдем шыға алмайтын сияқты. Ли
Мен Чжун ашық түрде тек өзінің жеке бас қамын ғана ойлайды. Мен Чжунның
өмір мәнін іздеуі тек оның өзімен, негізінде оның өзімшілдігімен байланысты
болып келеді. Егер осыған оның кейбір жерлерде көрсетілген қатыгездігін
қосатын болсақ, Кореямен таныс емес оқырман үшін қиын диллеманың алдында
тұрған кейіпкермен бірге толғану мүмкін емес деп айтуға болады.
60-шы жылдардың ортасында және 70-ші жалдардың басында жазушылардың
жаңа ұрпағы келеді. Олар біртіндеп әдеби әлемге танымал бола бастайды. Осы
жазушылар кореялық конфликті кезінде өте жас еді, сол себептен олар
соғыстың ауыртпалығы туралы анық естеліктер сақтаған жоқ. Нәтижесінде соғыс
және оның зардаптары әдеби шығармалар тақырыптарында өз маңыздылығын
жоғалта бастайды. Ким Сын Оканың(1941) Сеул. 1964 жылғы қыс шығармасы –
барлық заңдылықтар жойылған және адам арасындағы қарым-қатынастардың бүкіл
мәні жоғалған қоғамға тамаша сатира. Өзінің стилі бойынша трагикомедия және
формасы бойынша тәжібиреленген бұл шығарма адам тұрмысының жаттылығы мен
келімсіздігін ащы түрде көрсетеді. Онда негізінде ешқандай оқиға желісі
жоқ, тек кездейсоқ кездескен баяндаушы – мектеп түлегі Ким және орта
жастағы Анның бір-бірімен сұхбаты. Осы сұхбат дөрекілеу деп айтуға болады,
бірақ кейбір кезде ол тіпті мағынасыз болып кетеді. Бірақ, жалпы айтқанда,
осы сұхбат тұрмыстың бостық сезімін сапалы түрде жеткізеді.
Осы уақытта алдыңғы қатарға қайтадан саяси-әлеуметтік проблемалар
шығады, ал сонымен бірге коррупциямен күрес және үкіметті шамадан тыс
қолдану мәселелеріне көп көңіл бөліне басталады. Хван Со Еннің (1943)
кейіпкерлері негізінде қоғамның ең төменгі топтарына жатады; олар әділетсіз
қоғаммен қақтығыста болатын, бірақ соңында жеңіліске ұшырайтын адамдар.
Сыншылардың мұқият көңілін аударған Чан Гиль Сан романында (1971)
ХҮІІІ ғасырдағы өмірдің толық көрінісі ашылған және сол кездегі өмір
сүрген, аты аңызға айналған көтерілісшінің өмірі туралы баяндалған.
Ғажайып жер шығармасында (1971) мелиоративтік жұмыстармен айналысып
жүрген адамдарға әкімшілік пен қараушылар жағынан көрсетілген аяусыз
қанаушылық туралы баяндалады. Хван Сок Еннің ең үздік шығармасы Сампоға
жол (1975) – түгелімен дерлік сұхбатқа құралған көңіл-күй прозасының
таңдаулы үлгісі. Ол Ғажайып орын шығармасы сияқты ашық әлеуметтік
мәселелерді көрсетпейді, оқырманға оқып шыққаннан өзіндік қорытынды жасауға
толық еркіндік береді. Жолда кездейсоқ кездескен екі жұмысшы ауылдық шарап
сатылатын дүкенге кіреді, оның иесі оларға сол дүкенде жұмыс істеп, төлеуге
міндетті ақшаны қайтармай, қашып кеткен Пэк Хва атты қыз туралы айтып
береді. Оқырман Пэк Хва қанаушылықтың анық құрбаны екенін жақсы түсінеді.
Дүкен иесі осы екеуіне егер олар қыздың қайда екенін оған біліп берсе,
сыйлық беруге келіседі. Екі ер қарлы көшелермен ары қарай өз жолын
жалғастырады. Жолда олар Пэк Хваны кездестіреді. Қыз олардың ойлағанынан
мүлдем басқа болады. Ол қорлаушылық пен мазақтарға шыдамай, шарап дүкенінен
қашып кеткен өте қарапайым әрі кішіпейіл қыз екен. Бірақ оның бұл қашуы
болашақта оған ешбір жеңілдік бермейді, ол қанаушылықтың құрбаны болып қала
береді.
1980 жылдың Кванджудағы көтерілісі сл кездегі қоғамның қарама-
қайшылықтарын одан әрі аша түседі. Қоғам алдында тұрған мәселелерді,
әсіресе, мемлекеттің екіге бөлінуінен туындаған қиыншылықтарды шешудің
қажеттілік сезімі өсе бастайды. Соңғы жылдары өзінің түбірімен Чхве Ин Хун
Шаршысына тереңдеп түскен, бірақ басқаша екпін қоятын әдебиет жігі
пайда болады. Ли Мун Элдің (1948) Қаһарман заманында өз еркімен
коммунистік өмірді таңдаған адам бейнеленеді. Шығармада адамның істеген
таңдауы үшін жауапкершілігі айрықша атап көрсетіледі. Чо Чжон Нэнің(1942)
Тхэбэксанында жік ірі жер иеленушілер мен жалдаушы-шаруалар арасындағы
тап күресінің жалпы логикасынан шығады деген ой айтылады.
80-ші жылдары, сонымен қатар, халық жиыны туралы романдар(минчжун)
және жұмысшы романдар(нодончжа) пайда болады. Осы романдарда
индустриализациямен байланысты әлеуметтік мәселелер жиынтығы өз көрінісін
табады. Шығармаларда жұмысшы табына әлеуметтік өзгетулер іске асыруда және
ұлтты ары қарай дамытуда орталық роль беріледі. 1987 жылы маусымда Алтыншы
республика орнату оқиғаларында маңызды қызмет атқарған жұмысшылар жұмысшы
романдардың дамуына елеулі түрткі болады.
Таяуда ғана Вольган Чосон журналы жүз жеті роман жазушылардан
қазіргі көркем прозасына баға беруді сұраған. Ең үздік романист деп Ли Мун
Ель атанған, ал екінші орынды Хван Сок Ен иемденген. Ли Мун Ель бір топ
тамаша романдар мен әңгімелер жазған – Адам баласы(1979), Қаһарман
заманы(1984), Біздің сынған қаһарманымыз(1987), Құлағандардың өздерінде
қанаттар бар(1989). Олардың барлығы бестселлерге айналды.
Пак Кен Нинің(1927) Жер атты монументалды романы қазіргі кездің ең
үздік романы болып саналады. Сыншылардың барлығы дерлік осы оймен келіседі.
Бұл кең тарихи хроника ескі және қалыптасып келе жатқан жаңа рухани
құндылықтардың арасындағы жанжал жағдайында дәстүрлі помещиктік отбасы
өмірі туралы баян етеді. Оқиға желісі жапон колонизациясына дейінгі, сол
кездегі және кейінгі жағдайларды қамтиды. Ұсақ-түйек нәрселерге дейін өз
әлемін құрастырған Пак Кен Ни реализмнің ғажайып сезімін сақтап қалады.
Оның романы шеберлікпен суреттелген кейіпкерлерге толы. Олардың барлығы
басты кейіпкер Чхвенің айналасында болады. Ал оқырман көңілі бүкіл роман
бойына Чхвеге қадаланады.
Пак Кен Ни 50-ші жылдары өз шығармашылығын бастайды. Оның алғашқы
шығармалары бірден өзіне көңілді аударады. Мысал ретінде оның соғыстан
кейінгі кореялық қоғамын суреттейтін Үмітсіз ұрпақ атты әңгімесі бола
алады. Әңгіме 1956 жылы Хендэ мунхак(Қазіргі әдебиет) сыйлығын алады.
1970 жылғы Жер романының алғашқы бөлімінің басылып шығуы жазушыға
жалпыұлттық әйгілікті әкеледі. Келесі әр бөлімнің жариялануынан кейін оның
танымалдығы өсе бастайды. Романның оқиға желісі негізінде телевидение көп
ұзамай әйгілі болған сериалды түсіреді.
Кореяның өздік көптеген дарынды жазушылар үшін және көркем прозаны
жариялайтын неше түрлі журналдар мен әртүрлі басылымдар үшін мақтан тұтуға
толық құқығы бар. Күнделікті газеттер жалғасы бар романдарды басып
шығарады. Әрине, әдеби шығармаларды сынға алған кезде баға беру сапасының
түсу қаупі бар болғанымен, дарынды жазушыларға тек кенет танымалдыққа ие
болумен бірге ақшалай сыйлық алуға толық мүмкіншілігі бар. Сонымен бірге әр
жыл сайын әдеби марапаттаулар ұйымдастырылады – көркем әдебиет нарығы
құрылады. Осылай Кореялық әдебиетіне өзіне ғана тән ерекшеліктері үшін
көптеген қақтығыстар мен жанжалдарды бастан өткізуге тура келді.
Елуінші жылдардағы суретшілерде, әрине, өзінің шығармашылығында оларды
қоршаған соғыстан кейінгі қатыгез жағдайдың бүкіл драматизмін көрсеткісі
келген талпыныс болған. Осы әлеуметтік алғышарттар Кореялық соғыс
түлегінің жас суретшілерін экпрессионизммен – ұқсас жағдайларда Еуропада
соғыстан кейінгі кезде пайда болған көркемдік ағыммен айналысуға
итермеледі.
Француздық абстрактты өнер эстетикасына әуестенуге ұмтылған Кореялық
соғыс түлегінің жас суретшілерінің психологиялық және этикалық себептерін
жақсы түсінуге болады. Олар бұл ағымның басты мәнері болып саналатын
геометриялық стилизацияның негізгі әдістерін игермей түгелімен жаңа көркем
концепциясын зерттеуге үңілді. Осындай көзқарасты қайғырған суретшілердің
үмітсіздік сезіммен түсіндіруге болады. Оларға міндетті түрде жан
түршігерлік соғыстан кейінгі орнаған тұтас хаос жылдарындағы пайда болған
болашаққа деген сенімсіздік пен ішкі импульстарға шығыс беруге қажетті
болды.
Парижде экспрессионизм 50-ші жылдардың басында танымал болды. Кореяның
географиялық орналасу мен мәдени-әлеуметтік айнасалына байланысты Еуропа
мен Америкада пайда болған өнер ағымдарының кореялық суретшілерінің
қоғамына белгілі бір уақыт аралығынан кейін ғана жетуі заңды. 50-ші
жылдардың соңында ұйымдастырылған Көрмедегі экспозиция кореялық
суретшілерінің бұрынғыдай тәжірибелеушілікпен айналыспай, әбден бағытталған
шығармашылық ізденісте болғанын көрсетеді. Ал 60-шы жылдардың басындағы
көрмедегі жұмыстар кореялық суретшілерінің жаңа құндылықтар мен көркемдік
концепциялар ізденісінде дұрыс жолда екенін дәлелдейді.
Қазіргі кореялық өнерінің туындау кезінің тағы бір маңызды оқиғасы
1957 жылы ірі күнделікті Чосон ильбо газеті ұйымдастырған шақырылған
суретшілер үшін тұрақты Қазіргі Кореяның Өнер Көрмесінің ашылуы еді.
Кореяның тұңғыш тәуелсіз бұл көрермесі, әрине, суретшілердің көркемдік
ізденісін жандандырды. Ол мемлекет қаржыландырған академиялық әрі
консервативтік Көркем Өнердің Ұлттық Көрмесінен мүлдем басқа еді. Көп
жылдар бойы мемлекеттік мекемелермен жүргізілген бұл сайыс өте үлкен
маңызға ие болды. Алайда өзінің консервативтік рухымен ол суретшілерге
жаңа өнер формалары мен бағыттарын іздеуге, оларды тәжірибелеуге кедергі
жасады. Шақырылған суретшілер үшін ұйымдастырылған кореялық өнерінің
қазіргі кездегі көрермесі салтанатты сайыстарға жіберілмеген тәуелсіз
суретшілердің көбісіне өзінің шығармаларын жариялауға мүмкіндік беру арқылы
ұлттық өнерді жандандыруды көздеген. Біраз уақыт көрерме өз қызметін
атқарғанына ұқсайды.
Кореяның абстрактті өнері адамның еркін рухын суреттеу ұмтылысында
дәстүрлі әдістер мен құндылықтарды мойындамаған. Сурет салуда жаңа
шешімдерді ойлап шығарған абстрактті мектептің түлектері қайталауларды да
мақұлдамаған. Бірақ осының өзі қарама-қайшылыққа ұшырады. Өйткені
абстракция адам инстинктерін көркем түрде бейнелеу үшін туындаған, ал
адамның негізгі инстинктері өте сирек өзгеретіндіктен қайталаулар міндетті
түрде болады.
60-шы жылдардың ІІ жартысында кореялық суретшілерінің жұмыстары
қайталана бастайды. Сол себептен олардың абстрактті экспрессионизмге деген
дәртті қызығушылығы төмендейді. Абстрактті мектептің түлектеріне өз өнерін
жандандыру үшін жаңа тәсілдерді іздеу керек болады.
1968 жылдың соңында Кореяда кейбіреулер 19 сәуір ұрпақтары деп
атайтын суретшілердің жаңа ұрпағы пайда болады. Олардың барлығы дерлік 1960
жылы болған қуатты студенттердің шерулері нәтижесінде авторитарлы үкімет
түсірілгеннен кейін білім алған. 19 сәуір ұрпақтар суретшілерінің
ұйымдастырған барлық көрермесінен екі аса маңызды көрермені айрықша атап
шығуға болады. Бұл Хоник университетінің түлектерінің жетекшілігімен болған
Жас Суретшілер Көрмесі мен Сеул мемелекеттік университетінің түлектері
ұйымдастырған Қазіргі кездегі бейнелеу өнері–68.
Екі көрерменің көптеген өзіндік өзгешіліктері де болды және оның
әрқайсысында суретшілердің жұмыстарында әртүрлі ағымдар мен стилдер көрініс
тапты. Алайда осы екі көрерме арасында бір ұқсастық болды. Дәлірек айтатын
болсақ, дәстүрлерді толығымен мойындамаушылық кең етек алды. Екі топ та
геометриялық абстракцияға жақын екені анық болды; бұл Кореяның өнерінде өте
әйгілі болған формализмге қарсы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz