Адамзат рухани мәдениетінің мақтанышы


ЖОСПАР
Кіріспе1
1. Мәдениет - адам дамуының өлшемі2
2. Мәдениет пен өркениет8
3. Мәдениет және қоғам9
Қорытынды11
Қолданылған әдебиеттер12
Кіріспе
Егемендiкке қол жеткiзген тәуелсiз мемлекетiмiздегi қоғамдық-тарихи әлеуметтiк саяси жағдайларға байланысты болып жатқан өзгерiстер барысында туындап жататын қайшылықтарды шешу, өз жолын, өз идеяларын нақтылау мен дамыту, дүниетанымдық қағидаларымызды айқындау, ұлттық сананың өсуi, мәдениеттiң қайта өрлеуi, халықтың рухани бастауларына көңiл аударуы және үзiлiп қалған идеялық жалғастылықты iздеу, толықтыру, жаңа қоғамдағы жеке адамдардың нақтылы әрекеттерi мен қоғамдық ойларын жаңылмай саралау кезiнде біздің халық ойшылдарының философиялық ойлары, өмiршең идеялары маңызды да қажеттi терең де соны толықтыру болмақ.
Міне осы өткен он үш жыл ішінде біздің ғалымдар қазақ мәдениетінің бастауларын, оның дамуы мен келешегін зерттеуге ден қоя бастады. Мен осы жұмысымды жазу барасында солардың көлемді еңбектеріне сүйендім.
Мәдениет пен философия біте қабысып жатқан ғылым салалары екені бұл күндері даусыз болып отыр, сондықтан олардың ара-жігін ажырата отырып мәдениетке философиялық тұрғыдан талдау жүргізу біршама қиын әрі күрделі мәселе болғанымен мен үшін берері мол тақырып.
1. Мәдениет - адам дамуының өлшемі
Мәдениет философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты мәдениет ұғымы жиі пайдаланылады. Сонымен қатар адамзат тарихын зерттеушілер де мәдениет мәселесін қамтымай дұрыс пайымдаулар жасай алмайтынын ескерте кету керек. Қысқасы, бұл ұғым саналы іс-әрекет жемісін даму процесінде көрсетуге бағытталған. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір халықтың өзіне ғана тән мәдени дәстүрлері болады. Бұдан мәдениеттің көп түрлілігі ондағы жалпылықты, әмбебаптықты терістейді екен деген қорытынды тумайды. Керісінше, мәдениеттің нақтылы тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы жалпылық ерекшеліктің диалектикасын білдіреді.
Көпшілікке арналған әдебиетте мәдениет мәселесін руханилық, көркемдік салаларымен байланыстыра қарау басым. Шындығына келсек, мәдениет адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, сол әрекет қызмет нәтижелері де мәдениет дәрежесін паш етеді. Басқаша айтқанда, адам адам болу үшін еңбек құрал-жабдықтарын жасауы қажет. Міне, сол алғашқы еңбек құрал-жабдықтары ежелгі мәдениет ескерткіштері болып табылады. Материалдық өндіріс бір қалыпта қала бермейді. Өндіріс қажеті оның дамуын, жаңаша қалыптасуын, күрделіленуін туғызады. Материалдық әрбір жаңа белес мәдениеттің де жаңа, неғұрлым жоғары деңгейге көтерілуін білдіреді, яғни мәдениет ұғымының қоғамдық - гуманитарлық білім шеңберін кеңейтіп, кең саланы қамтитындығын айту керек. Бұл арада материалдық мәдениеттің адам тарихындағы ерекше ролін арнайы бөліп айтуымыз, мәдениеттің адам проблемасымен тығыз байланыстығын естен шығармау қажет екендігіне көңіл аудару болып отыр.
Материалдық мәдениет құрамына еңбек құрал-жабдықтары мен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен формасы мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі өткеннің, бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет. Өткен біржола жогалып кетпейді. Ерте дүние философия өкілдері, қайта өрлеу дәуірінің ойшылдары, жаңа заман идеологтары, XIX ғасырдағы рухани дүние алыптары өздерінің шығармаларымен қазіргі күнге қызмет етіп отырғанына ешкім күмәндана алмайды. Сол сияқты біздің дәуіріміздегі мәдениетте болашаққа ұмтылған, әлемдік мәселелерге тура қатысымен гуманизм салтанатының жер бетінде кең орнығуына ат салысуда. Бұл процесс рухани саланы ғана қамтымайды.
Мәдениет негізі - еңбек. Еңбек неғұрлым күрделенген сайын мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Алғашқы еңбек бөлінуінен қазіргі кезеңге дейін еңбек материалдық өндіріс мәдениетін жетілдірудің негізі болып келеді. Егер садақ пен жебе бір кезде адамның табиғатпен байланысындағы төңкерістің куәсі болса, бүгін ғылыми-техникалық революция жетістіктері де өндірістегі жаңа техника мен технология да материалдық мәдениеттегі төңкерісті білдіреді.
Мәдениет адамсыз болмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелділікті анықтай алғанда ғана, мәдениеттің адамзат тарихындағы, адам өміріндегі орнын түсінуге болады.
Мәдениет тарихи процестермен ұштасып жатады, сол тарихи процестердің тікелей туындысы болып табылады. Сонымен бірге мәдениеттің бір ерекшелігі оның өз бойында сабақтастықты терең сақтай білуінде.
Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді білу қажет, оның өндірістік қатынастары қандай болғанын айқындау қажет, өмір салты, рухани дүниесі қандай ерекшеліктермен анықталатынын ажырата білу қажет. Олай болса мәдениетті адам әрекетінен, оның өзгертуші қызметінен бөліп алу мүмкін емес екен.
Өткен уақыт мәдениеті - халықтық мұра, ол адамның өзі, оның өскен жолы, болашағы. Сондықтан бұрынғы мәдениет тумаларын қазіргі сана дәрежесі негізінде, қоғамның осы заманғы қалпына сәйкес бағалау диалектикалық ойлауды қажет етеді. Жасыратыны жоқ, шынайы тарихтың басым уақыты дін ықпалында өтті. Ол дәуірлердегі мәдениет ескерткіштерінің барлығы дерлік діни тағылымдарды басшылыққа алған. Орта ғасырда, қайта өрлеу заманында жазылған шығармаларда, Таураттың мазмұнында аңыз-миф көп. Солай екен деп олардан ат-тонын ала қашушылар олардың адамдық, гуманистік мәнін түсінбей, мәдени мұраны мирасқор ретінде қабылдай алмаушылар. Бұл шығармаларды діни ұйымдар біздікі дегенмен оларды діни руханилық ескерткіші деп қарай алмаймыз. Олар халықтық шығармалар, болашаққа, адамға деген сеніммен жазылған. Адамзат рухани мәдениетінің мақтанышы. Қазақ халқының ескіден келе жатқан ресімдерінің барлығын діни деп атай алмаймыз. Дін мотиві бар екен деп Бұқар жырау толғауларынан, атеистік дүниетанымды Ыбырайдан, шығармаларында құдайға сенгендік желісі байқалады деп Шәкәрімнен бас тартсаң, біз өз мәдениетімізді кедейлеткен болып табылмаймыз ба? Әрине соқыр сенім емес, ескінің етектен алатын көріністеріне құлшылық ету емес, жекелік рухани белсенділік адам мәнін түсінуге көмектеседі. Бүкіл тарих бойы адам баласы соған ұмтылған, еркін болуды көксеген, өзіне-өзі сенуді мәдениеті дамыған сайын күшейте түскен. Байқасақ, мәдениетті қоғамдық дамудан бөліп алуға болмайды екен, өйткені мәдениет сол дамудың көшірмесі, бейнесі, белгілі мағынада болашағы да. Жаңа тарих дәуірі кейбір антикалық ойларды қайта жаңғыртып, мәдениет дамуына тиек етті. Солардың бірі мәдениетті табиғи ортамен байланыстыра қарау. Оған мысал ретінде Д. Дефоның «Робинзон Крузо» романындағы Робинзон образын келтіруге болады.
Мәдениет қандай түр алса да адамдық мазмұнда болады. Тек өзгертуші, жасаушы субъект ретінде ғана адам мәдениетті қабылдайды, дәлірек айтсаң, тарихи процестердің субъектісі болып табылатын адамның қоғамдық, материалдық және рухани қызметінің барлық саласы мәдениет деген жалпы ұғым арқылы түсіндіріледі. Бұл тарихты материалистік тұрғыдан түсінуге сай келеді.
Мәдениеттегі адам қызметі өзінің объективті мазмұнымен анықталады. Қандай мәдениет көрінісін алсақ та біз белгілі тарихи жағдайларга байланысты жарық көрген адам қызметінің нәтижесін мақтан етеміз (тіпті ондай қуаныш болмаса да, еңбек жемісін мойындауға мәжбүр боламыз) . Мәдениет көрінісін өткінші, бүгін бар да ертең жоқ деп қарауға болмайды. Тарихи сабақтастықты ақиқат деп қараушы әрбір адам мәдениеттегі шындықты әлеуметтік қажеттіліктер туған шындық деп бағаламай тұра алмайды.
Мәдениет ерекшелігі - ол тек объективті шындық қана емес, өзінің шығу тегі жағынан ол субъективті мазмұнды. Мәдениеттің материалдылығының өзі, оның шығу көзі адамға байланыстылығында. Адамның өмір сүру тәсілі және объективті қызмет негізінде ғана мәдениет материалдық сипат алады. Маркстің сөзімен айтқанда, мәдениет туындысы өз тұрмысынан затталған адам мәні. Бұл айтылғаннан мәдениеттің дайын зат ретінде, заттық форма ретінде өмір сүретіндігін қорытындылауға болады. Шынында да, материалдық мәдениет өндіріс құрал-жабдықтары, архитектуралық мұралар арқылы білінсе, рухани мәдениет кітаптар, қолжазбалар, қылқалам шығармалары арқылы мәлім болады. Зат мәдени бағаға ие болу үшін ең алдымен адамдық сипат алу керек.
Кең мағынада мәдениет адамдардың өндірістік қызметінің барлық салаларын қамтиды, өйткені еңбексіз адам тарихи процеске қатыса алмайды. Тар мағынада мәдениет кәсіптік мамандығы бар адамдардың, немесе кәсіптік одақтардың қызметі арқылы баянды болады. Бұл екі тұжырым да сенімді. Мәселе - қай уақытта, қандай жағдайға байланысты мәдениет туралы әңгіме қозғалуында.
Адам қызметінің қажетті жағдайы ретінде табиғат пен қоғам адамның мәдени болмысының көрініс формалары болып табылады, өйткені тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің күрделі адамдық қасиетін білдіре алады. Сонымен бірге табиғат қандай болсын мәдениеттен бұрын болады, мәдениеттің пайда болып, дамуының алғышартты ролін атқарады. Табиғат пен мәдениет бірлігі шартты, олар бір-біріне қарсы емес, қайта мәдениеттің дамуына табиғат әсерін тигізсе мәдениет өз кезегінде табиғаттың мәдени түр алуына жағдай туғызады.
Табиғат пен мәдениет тек бара-барлықта болмайды. Олардың терең мәнді айырмашылықтары да бар. Табиғат мәдениеттен бұрын, адам еркіне, санасына тәуелсіз пайда болған, ал мәдениет - адамдар қызметінің жемісі, олардың қажеттіліктерін өтеуге негізделген, бірақ бұл үстіртін сипаттама ғана. Табиғат пен мәдениет арақатынасын анықтау үшін ең алдымен қоғамдық қатынастар дәрежесін білу қажет.
Табиғат пен мәдениет арақатынасының өз тарихы бар, ол бұл екеуінің ажырамас бірлігін мойындамай түсінуге болмайтын жай. Шынында, табиғат мәдениет дамуының алғышарты бола отырып, көп жағдайда сол мәдениет көріністерінің табиғи процестерге тікелей араласуынан немесе көркейіп, немесе тұншыға құлдырауы мүмкін. Табиғат пен мәдениет арақатынасын шешкенде табиғатқа деген қамқорлық, мейірімділік естен шықпау керек. Ол ұмытылса, мәдениет деген мәдениетсіздіктің, табиғатқа озбырлықпен қараудың нақ өзіне айналады.
Мысалы, алды-артын анықтамай тың жерлерді игеру көп жағдайда табиғатқа зиянын тигізгені бүгін баршаға мәлім. Тек сандық көрсеткіштерді қуалап, пәленше миллион тың және тыңайтылған жерлердің қыртысын қопардық деген біреудің еліруіне сай ұрандық бейімдеушіліктен көптеген құнарлы топырақтың желмен ұшып, жер эрозиясына душар болып кеткенін, мал жайылымдарының азайып, тіпті көңілге ауыр дақ қалдыратын жайға айналып кеткенін біз табиғат пен мәдениет арақатынасын шешудегі озбырлықтың көрінісі деп айта аламыз. Оның үстіне қызыл кітапқа енген хайуанаттардың, құстардың, өсімдіктердің селдіреп бара жатқанын да айтпауға болмайды.
Мәдениет субъектісі бола отырып адам әрдайым өз белсенділігін білдіріп отырады. Ол белсенділік ақылға сыйымды болса, мәдениет табиғаттың көркейе дамуына демші болады. Керісінше, ол белсенділік бүгінгіліктен, бір күндіктен туатын болса, табиғатқа зақым келтіреді, улайды, экологиялық апаттар туғызады. Бұл әңгіме бүгін шығып отырған жоқ. Тарихи процесте табиғат пен мәдениет ажырамас бірлікте.
Табиғат пен мәдениет арақатынасы - адамның табиғатқа қатысы, табиғатпен байланысы, табиғи ортаны игеру тәсілі. Материалдық игіліктерді өндірсе де, рухани қызметпен айналысса да адам сол табиғаттан нәр алады, басқаша айтқанда оның тарихи дамуы табиғатқа байланысты. Басқаша айтқанда, табиғат материалдық өндірістің мазмұнын анықтауда ерекше роль атқарады, өндіріс тәсілі көп жағдайда сол табиғи ортаға байланысты. Мысалы, кең дала, көшпелілікке ыңғайлы жағдай қазақ халқының ғасырлар бойы мәдениетінің сол көшпенділікке ыңғайлана қалыптасқанына себепкер болды.
Адамның табиғатқа қатысы оның қоғамдық өмір сүру тәсіліне негізделеді. Осыдан келіп адамдық мәдениет дәрежесін анықтау туады. Табиғаттағы көпті таудай қылу, азды әлпештей білу адам мәдениетінің даму дәрежесін білдіреді.
Мәдениеттің мазмұндылығы философиямен арақатынастан айқын көрінеді, өйткені адам санасының мәдени-тарихи формасының негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Шынында да, мәдениет тарихы, мәні, жасалуы, дамуы ірі философиялық мәселелердің бірі болып отыр. Мәдениет біркелкі емес: онда прогрессивті, болашаққа қызмет ететін және регрессивті, кертартпа, тек өткенге, немесе өткіншіге қызмет ететін элементтер болады. Философия мәдениетті тек сипаттап қоймайды, оны сын тұрғысынан бағалай, топшылай отырып, мәдениет дамуының методологиялық негізін қамтамасыз етеді. Турасын айтсақ, философияның өзі қоғамдық сана формасы ретінде мәдениет қатарына жатады.
Мәдениеттің философиялық сипаттамасын мәдениет құрылымынан көре аламыз. Ресми әдебиетте «саяси мәдениет», «экономикалық ойлау мәдениеті», «адамгершілік мәдениеті», «тәрбие мәдениеті», «ұлтаралық қатынас мәдениеті» деген көптеген мәдениет қатысқан сөз тізбектерін кездестіреміз. Олардың әрқайсысы жекелеп алып қарағанда философиялық мәселелер. Басқаша айтқанда, философия мен мәдениеттің арақатынасы қоғамның рухани өмірінде орын алатын келелі, күрделі құбылыс екенін бөліп қарау қажеттілігі туады.
Мәдениет адамзаттың өркениеттілік сатыларымен жоғары көтеріліп келе жатқанын білдіреді. Мәдени көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, адам еркіндігі де соғұрлым көтеріледі.
Өркениеттің өндірісті дамытпай тұруы мүмкін емес. Өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани құндылықтарды жасау болып табылады, ол қоғамдық қатынастардың күрделенуін қамтиды. Табиғи ортаны игеру, қоғамды жетілдіру мәдениет дәрежесін жөне өркениеттің қандай қалыпта екендігін көрсетеді. Олай болса, өркениеттілік мен мәдениет өзара байланыса дамуда бір объективті негізге тәуелді болады екен.
Сонымен бірге өркениеттілік мен мәдениеттің өзара байланысының сипаты қоғам құрылысына қарай өзгеріп отыратынын да айту қажет.
2. Мәдениет пен өркениет
Мәдениет дамуы өркениеттілік жүрісінен шабандау келеді, оның есесіне ол мазмұны жағынан күрделі және көп салалы болып келеді. Өркениеттілік қоғамдық қатынастар әрекеті, тәсілі ретіндегі мәдениеттің негізі. Өркениеттілік мәдениеттің дамуына жағдай туғызады, өз кезегінде мәдениет сол өркениеттілікті жетілдіреді.
Мәдениет мәселесінің маңызды буындарының ішінде жеке адам мен мәдениет арақатынасы ерекше роль атқарады. Жеке адам мәдениеттің субъектісі де, объектісі де. Бұл пікір материалдық мәдениетке де байланысты. Жеке адамның жекелік сипаты оның іс-әрекет, қызметінен туындайды. Олар қоғамдағы мәдени жетістіктерге бірдей қарамайды, қарай да алмайды. Бірақ еңбек процесінде ол материалдық мәдениетпен танысады, оның өркендеуіне тікелей қатысады, өзінің өмір салтын қоғамдық өмір салттық мәдениетке бағындырады. Қоғамдық қатынастардың жемісі ретінде ол рухани қазынадан нәр алмай отыра алмайды, оны көркемдеуге, мазмұндауға қатысады.
3. Мәдениет және қоғам
Мәдениет пен қоғам өзара тікелей байланыста болады. Қоғамның даму белесі өзіне сай келетін мәдениет дәрежесімен сипатталады, мәдениет жайы қоғам жағдайына тәуелді. Бірақ бұл диалектикалық байланысты нақтылық негізінде қарау керек, себебі қоғам мен мәдениет қатысында қайшылықтар әрдайым кездейіп отырады.
Кейде мәдениетті қоғамның белгілі бір тармағын ғана қамтитын құбылыс ретінде сипаттау да кездеседі. Бұл пікірдің тартымды жақтары бар. Егер біз қоғам мен мәдениет арасын бара-барлық қатыс деп шешсек, онда мәдениет мазмұнын шектен шығарып жіберер едік. Дәлірек айтсақ, мәдениет қоғамның қасиеті, оның өмір сүру әрекетінің көлемді және міндетті функциясы. Осы тұрғыда ол қоғаммен диалектикалық байланыста болады, мәдениеттің өзі адамға ғана тән қоғамдық қатынастарга ену тәсілі.
Қоғам мен мәдениет бірлігін қоғам дамуын басқару үшін мәдениет қажеттілігі объективті сипатта екендігінен көреміз. Мәдениет қоғамдағы барлық байланыстар мен қатынастарды қамтиды. Олай болса мәдениет дамуы қоғамдық прогреспен тікелей байланысты екен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz