Ежелгі Римнің мәдениеті
(Жоспар
1. Ежелгі Римнің мәдениеті 2
2. Республика дәуіріндегі Римнің әдебиетінің мәдениетке әсері (б.з.д. IV-I
ғасырлар) 4
Қолданылған әдебиеттер 11
1. Ежелгі Римнің мәдениеті
Этрустар мәдениеті Апенин түбегіндегі ең көне өркениет болып саналды.
Б.з.д. I мыңжылдықта Орталық және Солтүстік Италияның жерінде Этрустық
мемлекет-қалалар федерациясы құрылды. Этрустардың шыққан тегі мен олардың
тіл құпиясы осы уақытқа дейін толық ашылған жоқ. Көптеген ғалымдардың
пікірінше, олар Италияға Кіші Азиядан б.з.д. IX— VIII ғ.-да келген және
олардың мәдениеті итальян топырағында гүлдену шегіне жеткен. Этрустар
егіншілікті жетік меңгерген. Оған дәлел ретінде олардың жасанды суландыру
жүйесіне кеңінен пайдалануы мен батпақты жерлерді құрғатып құнарлы жерге
айналдыруын айтсақ та жеткілікті сияқты. Грек аңыздарында этрустардан
шыққан ержүрек теңіз қарақшылары туралы айтылады. Б.з.д. VIII—VI ғ. Этрурия
ықпалы Жерорта теңізі өңірінің бүкіл батыс жартысына тарады. Этрустар
салған жолдар, көпірлер және қазған каналдар құрылыс техникасының жоғары
дамығандығын көрсетті. Олар туралы Рим тарихшылары таңырқай жазған.
Б.з.д. VI ғ. Этрурияның 12 ірі қаласын біріктірген одақ қалыптасты.
Бүл федерацияның діни орталығы Вольсини қаласы болды. Б.з.д. VI ғ. бастап
этрустер өркениетіне Италияның оңтүстігіндегі грек отарлары арқылы эллиндік
мәдениеттің ықпалы тие бастады. Олар грек алфавитін пайдаланатын болды,
тіпті алтын теңгелерде грек үлгісі бойынша құйылды. Ең бастысы — ежелгі
Элладаньщ өнері, дәлірек айтқанда театр өнері, мүсін өнеріжәне т.б. ерекше
әсер етті. Этрустар гректер сияқты 12 құдайға табынды және олардың
мифологиялық ұғымдарын қабылдады. Бірақ, олардың діни көзқарастарында,
наным-сенімдерінде өзіндік ерекшеліктер де байқалады. Өйткені, этрустардың
дінінде табиғат құбылыстарына қарап, құстардың ұшқаны мен құрбандыққа
шалынған малдардың ішек-қарны, сүйектері арқылы бал ашу кеңінен тарады.
Этрустар құдайлар үштігін — Юпитерді, Юнонаны және Минерваны бас құдайлар
деп ерекше бағалап, олардың құрметіне үш храм салғыздырды.
Этрустардың әлем туралы, дүниенің жаратылуы туралы түсініктері
вавилондықтарға өте ұқсас болды, ал мұның өзі оларды шығыс елдері
мәдениетімен де жақындастыра түсті.
Б.з.д. VII—VI ғ. Этрурия шеберлері Жерорта теңізінің барлық елдеріне
танымал өзгеше керамика жасауды меңгерді және асыл металдарды өңдеу
тәсілдерін жетік меңгерудің арқасында өте нәзік зергерлік бұйымдар жасауды
жолға қойды.
Этрурия мәдениетінің гүлденген кезеңі б.з.д. VII мен V ғ. Бірақ
үздіксіз соғыстар мен әлеуметтік қақтығыстардың салдарынан саяси қуатынан
айрылған Этрурияның мәдениеті де V-ғ. басынан бастап қүлдырай бастайды.
Б.з.д. 474 ж. оңтүстік итальян қалаларының біріккен флоты этрустарға
күйрете соққы берді, сөйтіп құлиеленушілік Рим біртіндеп бүкіл Этрурияны өз
қол астына бағындырып тынды. Саяси дербестіктен айрылған соң Этрус өнерінің
өзіне тән ерекшеліктері кеми бастады. Алайда, Этрурия өнері Эллин
мәдениетінің ықпалымен біржола жоғалып кеткен жоқ, өз кезегшде бұл ежелгі
мәдениет көршілес итальян халықтарына, оның ішінде, әсіресе, римдіктерге
орасан зор ықпал жасады. Этрустар өнері Римнің дініне, сәулет өнеріне,
мүсін өнеріне әсерін тигізіп, Римнің көркемдік творчествосын қалыптастыруда
елеулі рөл атқарды. Осы орайдажазу, дәлірек айтқанда Рим цифрлары осы
этрустардан қалған мұра екендігін атап өткен жөн. Римнің тарихы дәстүр
бойынша қаланың негізі қаланған кезден, яғни б.з.д. 753 жылдан басталады.
Ежелгі тарихшылардың деректеріне қарағанда VIII—VI ғ. Римді патшалар
басқарған, сондықтан бұл уақыт шеңбері патшалық дәуір деп аталады. Ал
олардың ең соңғы үшеуі этрустардың Тарквинийлер әулетінен шыққан, жалпы
Римді басқарған патшалардың жалпы саны жетеу. Патшалық кезінде қала тас
қорғандармен қоршалып, онда су құбырлары жүргізілді және гладиаторлар
ойындарына арналған тұңғыш цирк салынды.
Тарихи деректерге қарағанда, Римдегі этрустар үстемдігі б.з.д. 510 ж.
аяқталды, көтеріліске шыққан халық Тарквиншілер әулетінің соңғы патшасы
Гордыйды (б.з.д. 534533—510509 ж.) тақтан түсірді. Этрустар қуылғаннан
кейін Рим респубдикасының кезеңі басталды.
2. Республика дәуіріндегі Римнің әдебиетінің мәдениетке әсері (б.з.д.
IV-I ғасырлар)
Б.з.д. ІV-III ғасырларда Рим этрус қалаларымен қоса, бүкіл Апенин
түбегін өзіне бағындырды, ал III—I ғасырлардағы қантөгіс соғыстарда
римдіктер өздерінің басты бәсекелесі Карфагенді күйретіп, одан соң іле-шала
Грекия мен Шығыс Жерорта теңізі өңіріндегі біраз мемлекеттерді жаулап алды.
Бұл жайында аса көрнекті грек тарихшысы Полибий былай деп жазды: Римдіктер
белгілі дүниенің бәрін дерлік өзіне бағындырып алды, сөйтіп, өз құдіретін
ата-бабаларының үш ұйықтаса түсіне кірмеген, ал кейінгі ұрпақтары басып оза
алмайтын шырқау биікке көтерді. Б.з.д. I ғасырда Рим ежелгі дүниенің аса
ірі құл иеленуші мемлекетіне айналды.
Рим әдебиетіне келетін болсақ, бұл салада грек әдебиетінің ықпалы зор
болды. Алғашқы кезде гректер рим жазушылары болды, тіпті алғашқы әдеби
шығармалардың өздері де грек тілінен латыншаға аударылған. Алғашқы рим
ақыны Ливий Авдрониктің ұлты грек болған, ол кейіннен ұлы Гомердің
Одиссеясын ғана емес, атап айтқанда, Софокл мен Еврипидтің шығармаларын
және тағы да басқа грек трагедиялары мен комедияларын латын тіліне аударды.
Ал шын римдік жазушы б.з.д. III ғ. аяғы мен II ғ. басында өмір сүрген Плавт
болды. Оның Тұтқындар, Үш бақыр және т.б. комедияларында Рим
империясының тіршілік-тынысы барынша қамтылды. Одан кейінірек комедия
жанрымен айналасқан — Теренций (б.з.д. 125—159 ж.) грек авторларының,
әсіресе Менандрдың шығармаларын латын тілінде қайталап беруден аса алған
жоқ. Ал рим трагедиясына келсек, ол нақты өмір шындығынан алшақтау болды
және грек трагедияларына еліктеушілік сезіліп тұрды.
Бұл дәуірдің ең дарынды жазушылары, прозаның шеберлері Варрон мен
Цицерон болды. Варронның (б.з.д. 116—27 ж.) ең әйгілі Древности дел
божеских и человеческих атты шығармасы әрі тарихи, әрі географиялық, әрі
діни энциклопедия болды. Ол сонымен бірге бірталай грамматикалық, тарихи-
әдеби, философиялық еңбектермен қатар Римнің атақты адамдарының өмірбаянын
да жазған.
Осы кезеңдегі әлемнің ойшыл алыптарының бірі — аса көрнекті қоғам
қайраткері, от тілді, орақ ауызды, күміс көмей шешен, дарынды заңгер,
философияның білгірі, тамаша жазушы ұлы ғұлама — Цицерон болды (б.з.д. 106-
43 ж.) - Римнің саяси өміріне белсене араласқан, ол осы саясат саласына
байланысты Мемлекет туралы, Заңдар туралы және т.б. ғылыми ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz