Қазақ мәдениетінің рухани және материалдық құндылықтары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 2
2. ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті
2.1. Ұлттық мәдениет – ұлттық сана-сезімнің басты элементі
... ... ... ... ... 2
2.2. Қазақтың ауыз әдебиеті , жыраулары , шешендік сөз өнері
... ... ... ... 5
2.3. Қазақ тілі мен жазба мәдениеті
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3. Қазақ мәдениетінің рухани және материалдық құндылықтары
3.1. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
3.2. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің белгілері
... ... ... ... ... ... 16
4. Қорытынды .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .. 19
5. Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
21

Кіріспе
Еуразияның шетсіз де шексіз ұлы даласын ертеден мекен етіп, мал өсіріп
, күнін көріп жүрген түркі тектес көшпелі тайпалардың бірыңғай этникалық
топқа жіктеліп , қазақтың халық болып қалыптасуы нәтижесінде ХҮ
ғасырдың орта шенінде қазақ хандығы құрылды . Мұның өзі теңдесі жоқ оқиға
болды . Ол шашырап жүрген қазақ тайпаларының ертеден аңсап армандаған бір
орталыққа бірігіп , егеменді ел болу тілегін іске асырды . Соның арқасында
оларға этникалық жер аумағын бүтіндеп , ежелгі қазақ жерінің алғашқы
шекараларын белгілеуге мүмкіндік туды . Мемлекет ретінде қазақ халқының
шаруашылығымен бірге мәдениеті де қарқындап дами түсті. Қазақ тілі мен
жазба мәдениеті , ауыз әдебиеті , жыраулары , шешендері , көркем өнері ,
әдет-ғұрып , салт-дәстүрі , материалдық мәдениеті, халықтың ғылыми даналығы
жайында сөз болады . Көшпелі өмір салтын тіршіліктің тірегі еткен дала
ұрпақтарының рухани игілігінің қазақ хандығының тұсында қалай дамып ,
қандай қасиеттерге ие болғаны жөнінде осы жұмысымда келтіріледі .
Қазақ халқының мәдениеті – оның ұлттық тарихының өнімді өзегі ,
құрамдас бөлігі , маңызды саласы . Сондықтан оны игеру , өз алдына ғылым
ретінде танып , оқып үйрену қазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық парызы
, қасиетті борышы , тұрмыс тіршілігінің таусылмас бөлігі .

Ұлттық мәдениет – ұлттық сана-сезімнің басты элементі
Өзіндік тарих , мәдениет ұлттық сана-сезімнің қалыптасуының негізгі
факторы болып табылады . Әрбір ұлттың өзіндік тарихы болатыны белгілі .
Этностардың жеке дара дамуы , өзіне тән тіршілік етуі , яғни тұрмысы , діні
, өмірге деген көзқарастарының бәрі ұлттық сананың әртүрлі жолдармен
дамығанын көрсетеді . Осылайша бір этностың басқа этностан айырмашылықтары
пайда болады . Осы уақытқа дейін ұлттық сананың , әлеуметтік өмірдегі
атқаратын рөлі ескерілмей келді . Ал қазіргі кездегі ұлттық сана дегеніміз
– этноәлеуметтік , этнолингвистикалық белгілер . Соңғы жылдары ғалымдардың
, зерттеушілердің көздеп отырған мақсаттардың бірі – этностар мәселесі .
Егер бұл мәселе шешімін тапса , онда ұлттық көріністерді немесе
құбылыстарды терең түсінуге мүмкіндік береді . Бұл дегеніміз , белгілі бір
территорияны мекендейтін , өзіне тән мінез-құлқы , әдет-ғұрпы бар
басқалардан ерекшеленетін өзіндік ұлт .
Этнос мәселесі этностық сана-сезім туралы сұрақ тудыруға мәжбүр етеді
. Л.Н.Гумилев этнос деген ұғымды адамдар коллективі деп түсіндірген
. Бұл коллектив өзіндік ішкі құрылымы мен өзгеше мінез-құлқы бар таптан
тұрады . Табиғи ортаны және өндірістік қызметті , материалдық және рухани
мәдениетті біріктіретін тап – адамдар табы . Әлеуметтік құрылымсыз , мәдени
салт-дәстүр дәрежесі мен техникасыз этностың тіршілік етуі мүмкін емес .
Осындай жағдайлардың әсерін Гумилев өте жақсы зерттеп кеткен .
Өзін-өзі танып білген , өзін қоғамның бір мүшесімін деген адам
моральдық жағынан да , құқылық қасиеттері жағынан да , отбасында да ,
мемлекетте де рефлексті өзгереді . Мұның барлығы рухани мәдениет арқылы
жүзеге асады . Адамгершілік субстанция , Гумилев ойы бойынша халықтың рухы
. Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген көшпенділер өздерінің отбасылық
тармақтарының жойылуына әсер етті . Рулық даму формасы (қазақ , қырғыз ,
өзбек ) қандық-туыстық байланыстар әрдайым рухани байланыспен толықтырылып
отырады . Ежелгі Азия бүгінге дейін көптеген ғимараттардың шығу мәдениетін
жұмбақ етіп келеді . ХІ –ХІІІ ғасырларда көшпенділерде жазу да , сызу да
болған . Әрине , басқа институттарда этникалық дамуға , халықтық сананың
дамуына үлкен үлес қосқаны рас . Қазақтың тарихы тамырымен тереңге кетеді .
Ол әлеуметтік және мәдени- тарихи жақтарымен де қайталанбас . Қазақтар
Еуразия кеңістігінде тіршілік етіп , өз құрамына көптеген тарихи-этникалық
, классикалық әлемді де енгізді . Қазақтардың ұлттық мәдениетінде ежелгі
көшпенділік цивилизациясының белгілері бар . Бұл мәдениет ұлттық сана-
сезімнің дамуына әсер етті . Қазақтардың ҮІІ ғасырдың басында ислам дінін
қабылдағаны белгілі . Бірақ бұл мұсылманшылдық басқалардан өзгеше .
Ш.Уәлиханов қазақтарда екідінділік бар дегенді айтқан . Барлық
заттардың жаны бар , сондықтан оның жанын ауыртпау керек . Ырымшыл қазақ
деген сөзде барлығы да айтылып тұр . Қазақтар табиғатқа ешқашан қарсы
шықпаған . Бұл өмірде адам кім ? деген сұраққа лайық . Ұлттық сананың
толық бейнесін ұлттық мәдениеттен көруге болады . Дәл осында сананың
көздеген мақсаты , ұмтылысы анық көрінеді . Мәдениеттің түрі , деңгейі ,
құндылықтары ұлттық санамен өлшенеді . Этностық мәдениет дәстүрлерден
туындайды , ал ұлттық мәдениет – сананың ядросы болып табылады . Өйткені ол
әлеуметтік – психологиялық құбылыс . Ол ұлттық психологиясыз өмір сүрмейді
, әлеуметтік – этникалық жағынан да анықталмайды . Сондықтан ұлттық сана-
сезімнің пайда болып , дамуында үлкен рольді рухани құндылық атқарады .
Рухани құндылықтарда эмоцианалдық көңіл – күй , сезім сананың дамуына әсер
етеді . Көптеген мәдениеттанушы ғалымдар өз ұлтының тарихына сүйеніп , оның
болашақтағы ұлттық құндылықтарын ашып , халықтың адамгершілік сезімдерін
оятты . Ұлттық сана консепциясы руханилықты , ұлттық танымды, территория ,
тіл , тарих пен мәдениетке деген қатынастарды жиған . Ұлттық мәдениет пен
ұлттық сана тығыз байланысты . Өзіндік сана мәдениетті ұлттық белгісі
ретінде оған өз тарапынан әсер етеді . Ұлттық мәдениет сананың пайда
болуының қайнар көзі . Ұлттық сана - сезім өз бастауын дәстүрден , өнерден
және діннен , ары кетсе әлеуметтік-саяси мәселелер мен саяси-мемлекеттік
анықтамалар , халықтық идеялардан алады . Әлеуметтік анализ контекстінде
табиғаттың да санаға қатысы бар делінген , өйткені адам арқылы табиғат
сырлары ашылады . Кез келген ұлттың сана-сезімі олардың тұрмысымен ,
тілімен , мәдениетімен байланысты . Халықтың маңызды әлемдерінің бірі –
ұлттық сана-сезім құндылықтары . Оның негізінен әлеуметтік , саяси , рухани
құндылықтар шығады . Ұлттық қызығушылық мәдениет сфереасына жатады , бірақ
оның қайнар көздері жиі ауысып отырады . Ұлттық санада тұрмыс пен жеке
қызығушылық та болады . Әрбір ұлттың ерекшелігі оның тарихи тағдырында .
Басқа да жүйе сияқты ұлттық сана – сезімге де қорғаушы күш керек ,
ол әлеуметтік-психологиялық немесе барьер, шекара түрінде болады . Бұл
функция мәдени сананың жойылуына жол бермейді . Соңғы кездері әлеуметтік
ортада , ғылымда , көркем әдебиетте болсын ұлттық мәдениет пен санаға қарсы
шығу жиі байқалады . Бұл халықтар арасындағы алауыздыққа жиі әкеліп соғуда
. Бұлай кемсіту тек халықтар мәдениетіне ғана емес , адамның ішкі жан-
дүниесіне , мәдениетіне тікелей әсер етеді . Кез келген мемлекет өз ұлттық
мәдениетін сақтап қалуы үшін күресуде , біздің де басты мақсатымыз ата-
бабаларымыздың қалдырған әдет-ғұрпын , салт-дәстүрін , рухани мәдениетін
сақтап қалу .

Қазақтың ауыз әдебиеті , жыраулары , шешендік сөз өнері .
Қазақтың ауыз әдебиеті белгілі бір кезеңнің өмірдегі суреттерін ,
оқиғаларын , халқының басынан өткен жағдайларын көркем сөздің әртүрлі
жанрында баяндап бере білген . Оның маңызды салаларының бірі – батырлар
жыры . Қазақтан шыққан қорқу , сескенуді білмейтін тұлғалы батырлардың
жеңісті жорықтарын жыр ететін ноғайлы дәуірінде қалған қисса жырлар сияқты
дастандар халқымызды өте көп және олар соншалықты тартымды қызықты өрнекті
болып келеді . Мұхтар Әуезов : Қазақ әдебиетінің өрнектілігіне толық
дәлелдер батырлар өлеңінде бар . Қазақ батырлары бәрі бір қалыпқа
соққандай барған жерін қырып келіп , жойып келіп үнемі жолы болып отырды .
Бұларда қазақ мінезі толық бар деуге болады . Қазақ батырларындағы негізгі
мақсат : алдымен ұлтшыл болу , одан әрі діншіл болу – дейді .
М. Әуезов атап көрсеткендей батырлар жырындағы шепті жарып , шеңбер
бұзған еңселі ерлердің басты қаиеті еліне жетіне деген сүйіспеншілік,
отаншылдық . Бұл қасиеттер Едіге , Алпамыс , Ертарғын , Қобыланды , Қамбар
, Ер Қосай , Төрехан , Ер Сайын , Телағыс , Шора сияқты ежелгі қазақ
даласында атақ даңқы ауыздан ауызға тарап ерлігі жұртты тәнті еткен
батырлардың бәріне тән .
Қазақ ауыз әдебиетінің бай да құнарлы салаларының бірі – ғашықтық
дастандары . Қозы Көрпеш – Баян сұлу , Қыз Жібек , Айман – Шолпан
сияқты лирикалық ғашықтық жырлар , әйел бейнесін жырлайтын , әйел
болғанда Құртқа , Гүлбаршын , Қаракөз , Қарлыға , Назым , Ақжүніс , Қарашаш
секілді бірі ақылмен , бірі көркімен , енді бірі өжеттік ерлігімен ел
есінде өшпес із қалдырған әйелдерді жыр ететін дастандар қазақ жерінде
толып жатыр . Сондай-ақ қазақ арасына шығыс әдебиетінен келген ғашықтық,
эпикалық батырлық сипаттағы әңгіме , өлең , поэма , дастан , қиссалар ,
мәселен Сал – сал , Зарқұм , Сейбаттал , Сейфүмәлүк,
Бозжігіт сияқты шығармалардың қазақ қиссалары деген атпен әйгілі болған
Бақтиярдың қырық бұтағы , Тотынама , Қырық уәзір т.б. секілді
бір желіге тізілген қазақ халқының ауызша шығармашылығымен , ақындығының
жемісі болып табылатын нұсқалардың қазақ жерінде аз кездеспейтінін айту
керек .
Халық өмірінің әр түрлі жақтарын – қоғам болмысын,халықтың арман-
аңсарын , талап-талпынысын көрсететін қазақтың ертегілері , қиял-ғажайып
ертегілер , тұрмыс-тіршілікке , хайуанаттарға байланысты ертегілер ,
күлдіргі әңгімелер болып бөлінеді . Олардың кейбіреулері тәңірі , мұсылман
діндерінің наным-сенімдерімен ұштасып солардың тікелей әсерімен өмірге
келген . Қазақ арасына көп тараған Құламерген , Алтын сақа ,
Қарамерген , Аламан мен Жоламан , Тазша т.б. ертегілерде олардың
басты тұлға-кейіпкерлері ақылды , өнегелі , үлгілі , күші бойына симайтын
балуан , аса сезімтал , алыстан білетін көреген көсем , сөзге тапқыр шешен
болып келеді . Әдетте хайуанаттар туралы ертегілерде үй малдары , жылқы ,
түйе , қой , ешкі – адамның айнымас адал досы , ал қасқыр , жолбарыс , аю
, түлкі , жылан – адамның қауіп төндіруші қас жауы болып суреттеледі .
Ауыз әдебиетінің халық даналығы өмірге келтірген кең тараған бір
саласы тұрмыс – салт жырлары . Оның өзі бірнеше арнадан тұрады . Олар қара
өлең , қайым өлең , туған ел туралы өлең ,төрт түлік мал туралы өлең , ата
өлең , тойбастар , бесік жыры , жар-жар , беташар , қоштасу , сыңсыма ,
жоқтау , жарапазан , бәдік – бақсы сарыны , шариғат өлең болып жіктеледі .
Әдебиеттанушылар осылардың әрқайсысының табиғатын , тарихын зерртеп ,
олардың қалай пайда болғаны , қандай жағдайда , қалай айтылатыны жөнінде
терең де толымды пікірлер айтқан . Ал қайым өлең – қыз бен жігіттің бір-
бір ауыз өлеңмен жауаптасу түрінде орындалады . Бұлардың қай түрі де той ,
думан , салтанатты жиын , орыстарда айтылады . Осындай күні бұрын , алдын-
ала дайындалып өлең шығару машығын жетілдірген қыз-бозбала шай өлең ,
жер-су өлең , ет өлең , қоштасу өлеңі т.б. суырып салып айта
беретін болған .
Тұрмыс салт жырларының ертеден келе жатқан түрлеріне аңшылыққа ,
малға хайуанаттарға , егіншілік – диқаншылыққа байланысты шығып тараған
өлеңдерді жатқызуға болады . Балалар жасөспірімдер өлеңдері де халық
даналығының құнарлы бір саласы . Олар ертеде бала өсіріп бала тәрбиелеудің
мықты құралы болған .
Халықтың ауыз әдебиетінің қойнауынан шыққан мәдениетке қатысты айтыс
жанры өлең өнерімен ақындық шабыт-шалымының қызықты көрінісі болып табылады
. Мұндағы айтысқа түскен адамдар шапшандық , ұшқырлық , ұтымдылық ,
шеберлік көрсету арқылы қарсыласынан басым түсу үшін жан салысады . Мұндай
айтыстар жас сәби өмірге келген шілдеханадан бастап дүбірлі ұлы тойлардың
бәрінде өткізілетін болып ертеден дәстүрге айналған .
Ауыз әдебиетінің абыройын тасытып , атын аспанға шығарған жыршылар ХҮ-
ХҮІІ ғасырларда аз болған . Солардың ішінен суырылып шыққан Доспанбет ,
Шалкиіз , Жиембет , Марғасқа жырауларды атауға болады .
Доспамбет ноғайлы елінің батыс беттегі қонысы болған Азаулы атанған
қазіргі Азов теңізіне Дон (ноғайлылар Тең деп атаған) өзенінің құйылысар
жерінде туған . Бұл аралды сөз еткенде , Айнала бұлақ , басы Тең ,
Азаулының Стамбулдан несі кем деп жырау туған өлкесін мақтан етеді . Оның
өмір сүрген тұсы ХҮ ғасырдың соңы мен ХҮІ ғасырдың алғашқы ширегі .
Қазақтың көрнекті ғалым әдебиетшісі Мұхтар Мағауин өзінің Қобыз сыры деп
аталатын ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда жасаған халқымыздың ақын жыраулары жөніндегі
монографиясында басқа жыраулармен болған қанды шайқастарға көп қатысқан .
Бір әңгімеге қарағанда оның қазасы ұрыс кезінде түсіріп алған қамшысын
қайта іздеп баруына байланысты болған дейді . Өзегі бұлан терісі , өрімі
өгіз қайысы , орамы алтын , сабы жез қамшым қалды , қайтамын деп өмір
бойы қолында жүрген қамшысын іздеп , ұрысқа қайта оралғанда өлімші болып
жарақат алған .
Доспамбет артында көп мұра қалдырған . Соның өзінде де оның игі
ықпалы мен әсері кейінгі ақын жырауларға , эпикалық жырларға аз тимеген .
Шалкиіз жырау ( 1465-1560) Тіленші ұлы Батыс Қазақстанда Жайықтың
шығыс бетінде туған . Әкесі ірі шонжарлардың бірі болса , анасы Ноғайлының
ұлы биі , кейін кіші жүздің ұйтқысы болған Мұса бидің қызы . Анасынан жас
қалып нағашыларының қолында өседі . Оның өмірінің біраз уақыты Ноғай
ордасының әміршісі Темір бидің жанында өтеді . Ол өлгеннен кейін Мамайдың
, оның інісі Жүсіптің маңында жүреді . Жырау өмірінің соңғы кезінде
Хақназар хандығында болған . Ол теңдесі жоқ жыршы .
Алшын тайпасынан шыққан атақты жырау Бортағашұлы Жиембет Еңсегей
бойлы Ер есімнің Кіші жүздегі ел басқарушы биі , әскер басы , батыры . Ол
1620 жылы ойраттармен болған соғыста ойраттарды ойсырата жеңуге үлкен үлес
қосқан . 1627 жылы қазақ ордасынан бөлініп дербес хандық құрғысы келіп
көтеріліс жасаған Ташкенттің ханы Тұрсын ханды тұқыртқанда осы Жиембет .
Алайда көп ұзамай орталық үкіметке сөз жүзінде бағынып , кіші жүзде дербес
саясат жүргізе бастаған ол ханның қаһарына шалынып ел шетіне айдалады .Одан
қалған мұра – оның Есім ханға арнаған толғауы . Осы толғауды жырлаумен ,
Есім ханның сарайында жүріп , ойраттарға , ел ішіндегі бүлікке қарсы
жорықтарда ерлігімен аты шыққан Марқасқа жыраудан қалған да өлең мұрасы аз
.
Қазақ сөз қадірін білген халық . Шешендікті жоғары бағалап өз ойын ,
өз пікірін шебер түйіндеп , ұтқыр , әсерлі етіп айта алатын , естігені ,
көргені көп , соның бәрін халық мүддесіне , парасаттылық пен әділдікке
пайдалана білген адамдарды қатты қадірлеген , жастарға үлгі еткен . Әсіресе
, ХҮ-ХҮІІ ғасырларда Тәуке хан тұсында халықтың шешендік өнеріне қатты мән
берілген . Хан Тәуке қазақтың жырауларының , шешендер мен шежірелерінің
басын қосып халықтың мақал-мәтел , аңыз , жырларын жинатқан . Оның
төңірегінде ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін Төле би , Қазыбек би ,
Әйтеке би сияқты аты аңызға айналған адамдардың болуы да Тәукенің сөз
құдіретін , шешендікті жоғары бағалағанын байқатады .
Қазақтың шешен , билері , Тура биде туған жоқ дегендей , ханнан
қаймықпаған , пара алмаған шешен , билер сөзге шебер болуымен бірге елдің
шежіресін , тарихын , ел басынан өткен ұлылы-кішілі оқиғаларды , дау-
жанжалды , айтыс-тартысты реттеудің тәртібін , әдет-ғұрып заңдарын жетік
білген . Осындай әдет-ғұрып , қарым-қатынас ережелерін қалыптастырған Тәуке
ханның Жеті Жарғысы халықтың жадында күні бүгіге дейін жасап келеді .
Қазақ сахарасының шешендері мен билерінің ақылды аталы сөздері ,
өнегелі өсиеттері мақал-мәтелдердің тууына себепші болған . Халық
даналығынан туған мұндай қанатты сөздер , мақал-мәтелдер ескірмей , тозбай
жұртшылық зердесіне ерте замандардан бері сақталып келеді . Олардың көбі
мәнін күні бүгінге дейін жойған жоқ .

Қазақ тілі мен жазба мәдениеті
Қалыптасқан біріңғай ұлттық тілдің , жазба дәстүрдің болуы халықтың
мәдениетінің , өркениеттің дамуындағы алғы шарттардың бірі . Тіл әрбір
халықтың ерте кездерден бергі өніп-өсуінің , дамуының , бүкіл болмысының
құдіретті көрінісі . Тілдегі әрбір сөздің аржағында сол халықтың тіршілік-
тынысы , салт-санасы , әдет-ғұрпы , наным-сенімі , басынан өткен қилы-қилы
заманның белгісі , тарихы тұрады . Демек , оны халық болмысының айнасы
деуге әбден болады . Тілсіз мәдениет жоқ . Тіл кез келген халықтың бүгінгі
болмысын , арманын , алдағысын , кешегісін , келешегін бейнелейді .
Сондықтан оның қалыптасуы ұзақ уақытты , бірнеше ғасырларды , тіпті мың
жылдықтарды алып жатады . Ол Еуразия құрлығының керіліп жатқан кең даласын
мекендеген қыпшақ , қаңлы , үйсін , арғын , алшын , керей , дулат , қоңырат
, найман сияқты тегі бір , түбі туыс ру тайпалардың тілдері арқылы
қалыптасып , уақыт сынына төтеп берді . Оның електен өтіп , алтынша
сұрыпталып сындарлы сапаға ие болуында қыпшақ тілінің айрықша ролі зор .
Осы тілде жазылған ежелгі қазақ жерін жайлаған халыққа , тайпаларға
түсінікті жазба мәдениеттің бір нұсқасы ХІҮғасырда жарық көрген Кодекс
Куманикус атты еңбек болды . Бұл кітапқа қыпшақ тілінің әлемдік латын ,
парсы тілдерімен баламалы сөздігінің берілуі қыпшақ тілінің дүниежүзілік
сипатқа ие болып әлемге танылудың бір белгісі еді . Бұл тілде қазақтың
жазба мәдениетінің қарымды дамығанын дәлелдейтін мысалдар көп . Солардың
бірі көне қыпшақ тілінде жазылған Жамих ат – Тауарих деп аталатын
шығарма . Олқазақ халқының негізін құраған Қазақстан мен Орта Азияда өмір
сүрген қарахандар әулеті мен оғыз – қыпшақ тайпаларының 11-ХҮІ ғасырлардағы
тарихын баяндайтын кесек туынды . Онда қаңлы , жалайыр, қыпшақ , найман ,
керей , қоңырат , алшын тағы басқа тайпалардың шежірелері жүйелі түрде
айтылады . Сонымен бірге бұл еңбекте қазақ жеріндегі оқиғалар , осы жерде
қоныс еткен елдердің шаруашылығы , мәдениеті , қазақ хандарының шежіресі ,
хан төңірегіндегілер мен қарашалар, батырлар мен басқа да тұлғалар туралы
көп мағлұматтар берілген . Оның жазған Сыр бойындағы Жалайыр руынан шыққан
Қадырғали Қосынұлы (1530-1605 ж.ж.) қазақ хандығының Орда-сарайында жүріп
ханның ақылшысы және тәрбиешісі болған кісі .
ХҮІ ғасырдың 40-жылдары жазылған Тарихи-Рашиди деп аталатын
туынды да қазақ хандығының тарихын баяндауға арналған . Екі дәптерден
немесе бөлімнен тұратын бұл еңбектің алғашқы бөлімінде Шағатай әулетінің
тарихы баяндалса , екінші бөлімінде ХҮ – ХҮІ ғасырлардағы Орта Азия , Индия
, Ауғаныстандағы , Шығыс Түркістандағы тарихи оқиғалар сөз болады . Онда
Оңтүстік және Шығыс Қазақстан жеріндегі қоғамдық - әлеуметтік жағдай ,
шаруашылықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭТНОМӘДЕНИЕТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – ОТАНСҮЙГІШТІК ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ
Қытайдағы қазақтар
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары
Қоғамның саяси саласындағы жастар
Түркі әлемінің Ұлы Жібек жолы
Мәдениеттану ғылымы
Мәдениет әлеуметтануы ұғымы
Экологиялық мәдениет түсінігі
Пәндер