Тіл туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ
ФАКУЛЬТЕТІ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Жүсіп Баласағұнның „Құтты білік” дастанының қазақ мәдениетіндегі
алатын орны.

Орындаған: І курс, Мәдениеттану бөлімінің
студенті Отыншинова Н.С.
Тексерген: Малтабарова К.

АЛМАТЫ 2005

ЖОСПАР

Кіріспе 2
“Тіл туралы” 5
“Елші жайлы” 6
“Әміршінің міндеттері жайлы” 7

Кіріспе

Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн (1020-?) Жетісу жеріндегі Баласағұн, бұрынғы
“Күз Орда” қаласында туған. Жүсіп Баласағұнның әлемдік ақын, ғалым ретінде
атын шығарған бас еңбегі – “Құтадғу білік” (“Құтты білік”) және т.б. ру
байлары. “Құтты білікті” 1069-1070 жылдары Баласағұнда бастап 18 айдан
кейін Қашқар қаласында бітірген сияқты. Дастан Қашқар қаласының әкімі
Табғаш Боғры Қара хақан Әбу Әли Хасан ибн Сүлеймен Арслан Қара ханға
арналады. Хан ілтипатына бөленген Ж.Баласағұн “хас - хаджиб” – хан сарайы
қызметкері деген лауазымға ие болады.
Сонымен, біздің заманымызға Жүсіп шығармасының үш қол жазбасы жеткен.
Біріншісі – Гераттан (Ауғанстан) XV ғасырда табылған нұсқасы, қазір ол Вена
қаласында сақтаулы. Екіншісі – араб әріптерімен жазылған нұсқасы – Каирдың
ұлттық кітапханасында сақтаулы. Наманғаннан табылған үшінші нұсқасы тағы
бар, ол да араб әрпімен жазылған.
Түрік тілінде жазылған “Құтты білік” 85 тарау, 6520 бәйіттен және 124
қосымша бәйіттен тұратын дидактикалық дастан. Дастан ХІ ғасырда-ақ кең
таралған. Оған дастанның кіріспесіндегі мына шумақтар дәлел сияқты:

Әр ұлыста, Орда, Сарай, шаһарда,
Жаңа атаумен, кітап түрлі ат алған, немесе

Әр елдің бек, даналары көріпті
Ел рәсіміне бейім жаңа ат беріпті.

Ақын ойын : “бұл кітапты оқыған, бұл бәйіттерді басқаларға таратқан
адамдар осы кітаптан да жақсы, ізгірек болар” – деген үмітпен аяқтайды.
Расында, дастан тұрандардың өсиет шежіресіне айналады. Осыдан бұл дастанның
орта ғасырдағы ірі мәдени-әдеби құбылыстардың бірі екені және Еуразиялық
кеңістікте кең таралғанын аңғарамыз. Білім-парасат немесе даналық дастаны
деп аталатын осы қомақты мұраның құндылығы неде?
“Құтты білік” – бұл түркі тектес халықтардың мінез-құлықтарын,
моральдық-этикалық, рухани қазыналарын негізгі алып, сол кездегі қоғамдық-
саяси және әлеуметтік бітімді қанық жеткізген пайымдаулары мол ғылыми
ойдың, ақындық өнердің үздік туындысы;
- жеке халықтың тілі мен мәдениетін жалпыадамзаттық мәдениетпен
ұштастыратын философиялық ой-тұжырымдары толғамды, өрісі кең, деректері
қыруар көркем туынды;
- мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-
саяси мәні бар түрлі ережелермен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған
энциклопедиялық туынды;
“Құтты білік” - әңгіме-аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет,
ғибрат. Дастан оқиғасы ХІ ғасырда Ыстықкөл, Жетісу, Қашқар өлкесінде болған
шындыққа байланысты өрбітіледі. Жүсіптің дастаны саяси және ғибрат, өсиет,
ақыл ретінде трактат, имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік
дидактикалық туынды. Онда жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде қалай ұстау
керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы әрбір қоғамдық
топтарға қалай қару тиіс екендігі жөнінде көптеген мәселелер қамтылады.
Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында жазылған еңбек. Бірақ
автордың негізгі мақсаты Қарахан мемлекетін нығайту, оның даңқын зорайту
еді. Өзінің әдептілік принциптері жағынан ол орта азиялық әдет өлшемдері
негіге алады. Дастанның мазмұны түсінікті, құрылысы қарапайым.
Кітаптың атауына келсек, ”білік” сол заманда екі түрлі мағынада –
“білім” және “билік ету ”, “басқару” желісінде қолданылған. Ал ”құт”
деген сөз “бақыт” дегенді білдірсе, “құтадғу” сөзі “мәртебелі” деген
мағынаны беретіні мәлім.
Ақын өз шығармасының темір қазығы етіп Әділдік, Бақыт, Ақыл, Молшылық
сияқты игі қасиеттерді алған. Әділдікті ол “Күнтолды” деп атайды да, оған
мемлекет басшысы болуға меңзейді. Бақытқа “Айтолды” деген ат беріп,
уәзірлік қызметті нұсқайды. Ақылға “Ойтолды” деген есім беріп, уәзірдің
баласы (Огдулмыш) болуды айтты. Молшылыққа “Жетелеуші” деген атау беріп,
уәзірдің інісі болуға кеңес береді. Міне, енді аталған Әділдік, Молшылық
өзара сұхбат, өзара пікір алысуға кіріседі, өзара әңгіме-дүкен құрады.
Осындай ұлы мақсатты мұрат еткен ақын өз поэмасын үлкенді-кішілі “Тілдің
пайда, зиян келтірудегі қызметі”, “Пайдалы ақыл-кеңес жайлы сөз”,
“Айтолдының Әміршісі Күнтолдыға қызметке келуі”, “Бақыттылық
ерешеліктері”, “Бақыттың жақсылыққа бастар харекеті мен жаман қылықтары”,
“Айтолдының әміршіге қойған сауалдары”, “Әміршінің Айтолдыға берген
жауабы”, “Айтодының ұлы Огдулмышқа берген кеңесі”, “Огдулмыштың Әміршіге
қызметке келуі”, “Басшы адамға керекті қасиеттер”, “ Огдулмыштың Әміршіге
ғылым, білімнің ерекшеліктері туралы айтуы”, “Сарай адамдарының өзін қалай
ұстау керектігі”, “Елшілікке жіберілер адамның қандай болуы туралы”,
“Әмірші қызметкерінің құқығы мен міндеттері”, “Жоғары лауазымды адамдармен
қатынас жасай білу керектігі туралы”, “Үйлену мен бала тәрбиесі”, “Тойға
шақырк мен қонаққа ьару, бармау мәселесі жайлы”, “Огдулмыштың түс көруі”,
“Огдулмыштың көрген түсін жору жайлы” деп аталатын түрлі тақырыптырды сөз
ететін 85 тараудан тұрады.
Енді дастанның “Тіл”, “Елші”, “Әмірші” жайлы деп аталатын тарауларына
үңіліп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Тіл білімі ғылымы туралы түсінік
Тіл білімі лингвистика туралы түсінік
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Тіл білімінің жаңа бағыттары
ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстандағы тіл саясатының мәселелері
Тіл саясатының республикадағы ұлтаралық қарым-қатынастарға ықпалы
Қазақ тілі сабағында оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеуді ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Пәндер