Өнім сапасы көрсеткіштерінің классификациясы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Сапа туралы түсінік, ауыл шаруашылық өнім сапасын арттырудың маңызы мен мәні . . . 5
1. 2. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің сапасын көтерудің маңызы . . . 11
1. 3 Қазақстан Республикасындағы өнім сапасын басқару . . . 20
2 «ҚАНТ» АҚ-НЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМНІҢ САПАСЫ
2. 1 Кәсіпорынның жалпы технико-экономикалық сипаттамасы . . . 23
2. 2 Кәсіпорында өнім сапасы көрсеткіштерін бағалау ерекшеліктері . . . 33
2. 3 Өнім сапасының экономикалық тиімділікке әсері . . . 39
3 ӨНІМНІҢ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Өнім өндіру технологиясын жетілдіру . . . 44
3. 2 Шетелдік озық өнім өндіру тәжірибесін және сапа жүйесін ендіру . . . 50
3. 3 Кәсіпорынның инновациялық қызметін жетілдіру . . . 56
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66
КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығы өндірістері «Қазақстан-2030» стратегиясында көрсетілген басым салалардың бірі болып табылады: «Тек шикізатқа ғана бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістері, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз. Қазіргі бәтуәгер импорт кезіндегі қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістер мен бүтіндей салалардың нарыққа бейімделу үрдісі жүріп жатқан кезде, біздің шикізаттан басқа өнімдеріміз бәсекеге түсе алмайтын кезде біз өндірістің ауыр шикізаттық құрылымына қарай құлдырай береміз, ал бүкіл өркениетті және дамушы әлем бұған тікелей қарама-қарсы жүріп барады.
Тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, шекарамыздың өн бойында өз өнімімізді өткізудің аса ірі нарықтарының орасан зор әлеуетіне ие болып отырмыз. Таяу жатқан сиымдылығы екі миллиард адамға жуық нарықтардың, бірен-сарандары болмаса, қалған кез-келгені Қазақстан өнімдерін, әлбетте, оның сапасы халықаралық стандарттарға сай болған және тиісті көлік арналары дамыған жағдайда жуытып қоюға қабілетті. Бұл көршілер-Ресей, Қытай және Ислам мен Орталық Азия мемлекеттерінің тобы, Таяу Шығыс елдері-тарихи тұрғыда маңызды әлемдік орталықтар болып табылады.
Осы факторларды есепке ала, дипломдық жұмыстың мақсаты ретінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін қызмет пен өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырудың жолдарын қарастыруды алдым. Дипломдық жұмыс обьектісі болып «Қант» АҚ-ы табылады.
Міндеттері ретінде :
− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
− ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
− «Қант» АҚ-на жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын бағалау;
− кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасын бағалау;
− Ауыл шаруашылығы саласындағы көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің сапасын арттырудың жолдарын қарастыру сияқты мәселелерді зерттеу, баға беру, ұсыныстар жасау болып табылады.
Бірінші тарауда өнімнің сапасын арттырудың теориялық мәселелері қарастырылады. Оны арттыруға әсер ететін факторларға және реттейтін заңдарға қысқаша тоқталып өтеміз. Бәсекелік қабілетті анықтаушының бірі сапа көрсеткіштеріне толық сипаттама беріледі. Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіру алдындағы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру мәні анықталады.
Екінші тарауда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру саласында ондаған жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан «Қант» АҚ-на жалпы сипаттама беріліп, қаржылық-экономикалық жағдайына талдау жасалады. Кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасына баға беріліп, оны арттырудың жолдары қарастырылады. Сондай-ақ көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің бәсекелік көрсеткіштеріне талдау жасалады.
Үшінші тарауда өнімнің сапасын басқаруды жетілдіру жолдары келтірілген. Сондай-ақ өндірістің өндірілетін өнімнің сапасын арттыудағы: ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктер; өнімнің сапасын көтерудегі кәсіпорындардың өзара байланыстарын жетілдіруі; ауыл шаруашылығы өндірісіндегі инновация, маркетинг жүйелерін жақсарту жолдары туралы сөз болады.
Зерттеудің методологиялық негіздеріне Қазақстан Республикасының Заңдары, Президент жолдаулары, статистика мәліметтері, сапаны басқару тақырыбында ой қозғаған шетелдік және отандық ғалым-экономистердің және мамандардың ой-пікірлері мен еңбектері қолданылады.
1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Сапа туралы түсінік ауыл шаруашылық өнім сапасын арттырудың маңызы мен мәні
XXІ ғасыр цивилизациялық дамуда сапаның барлық салалары: еңбек сапасы, қызмет және өнім сапасы, қоршаған орта сапасы және т. б. жоғары сапа ғасыры болуы керек. Қазіргі замандағы нарықтық қатнастар жағдайында кәсіпорынның сәтті және бәсекеқабілетті қызметі көбінесе оның өндіретін өнімінің сапасына тәуелді.
«Сапа - бұл белгіленген және болжанатын сұранысты қанағаттандыра алатын объектінің сипаттамаларының жиынтығы.
«Сапа түсінігі: құжаттандырылған процедуралар негізінде үрдістерді басқару; тұрақты тұтынушылармен өзара тиімді әріптестік негізінде өткізу нарықтарын жаулап алу; бәсеке қабілетті өнім ұсыну арқылы жаңа өткізу нарықтарын игеру сияқты қызметтің барлық түріне таралады. «Сапаң - бұл өндірілген өнімнің емес тапсырыс берушінің қайтып келуі. Өндірілген өнімнің сапасын анықтайтын факторлар болып тапсырыс берушінің сұранысына икемделу, кәсіпорынның әрқашан оны ескеріп ал іс жүзінде оны риза қылу табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде мәселелерді тиімді шешу құралы болып сериясы 9000 (ІSO 9000) стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін ендіру табылады.
Бүгінгі таңда жердің барлық түкпірінен Қазақстанға көптеген және әрдайым сапалы емес тауарлар ағылуда, бұл жағдайда тұтынушы құқығын қорғау үшін бақылау және ақпарат қажет. Алматы стандарттау, метрология және сертификаттау орталығының директоры Есбергенов Базарбай Сейілхановичтің айтуы бойынша, сапа бүгінгі таңда өнімді, жұмысты және қызметті бағалаудың негізгі критериі ол - әр адамның және жалпы қоғамның өмір сүру деңгейін анықтайды. Сапа жоғарғы стандарттың индикаторы секілді, өнім өндіруші өзінің өнімін жарнамалау кезінде оның сапасы жайында сөз қозғайды. Сапа әр кезде әсіресе қазіргі нарықтық экономикаға өту кезеңінде өткір мәселе болуда. Елімізде өндірілетін өнімнің көп бөлігі импортталатын тауарлармен бәсекелесе алмайды. Сондықтан отандық кәсіпорындар көптеген қиындықтарға кездеседі. Көптеген елдер тәжірибесі көрсеткендей, қиындықтардан шығуға негізгі жол ашатын құрал бұл - сапа.
Өнім сапасы - бұл кәсіпорын қызметінің айнасы, осы айнадан қолданылатын техника, технология және басқарушылық деңгейін анық көруге болады. Өнімнің сапасы - маңызды экономикалық категория, сонымен қатар өнімнің өзіндік құны, табыс, рентабельділік және т. б, сияқты экономикалық көрсеткіштермен тығыз байланысты. Өнімнің сапасын арттыруды түрлі аспектілерде сондай-ақ макро және микро деңгейде қарастыру керек.
Өнімнің сапасын көтеру:
- өткізілетін өнім және қызмет көлемін ұлғайтуға;
- экспорт құрылымын жақсартуға;
- ҒТП-ті және басқаларын қолдануға мүмкіндік береді. Өнімнің сапалылығының жоғары деңгейі мемлекет үшін: ҒТП-тің жеделдеуі, экспорттың ұлғайтуы, жаңа өткізу нарықтары мен гүлдену. Ал, нарықтық қатнастар жағдайында, әрдайым сапалы өнім өндіру кәсіпорын үшін өте маңызды, ең алдымен ол кәсіпорын имиджінің қалыптасуына септеседі.
Жоғары деңгейлі имидж, бұл - танымалдылық және сенімділік, сатып алушылардың фирмаға, оның тауарына, қызметіне, тауарлық белгісіне, жарнамасына, фирмалық стиль атрибуттарына оң және тұрақты көзқарасының қалыптасуына себеп болады.
Қазіргі таңда біз экономиканың әр саласында, әлемдік және Қазақстандық нарықтарда мықты да танымал көшбасшы орындарын иемденетін көтеген шетелдік фирмаларды көреміз. Олар: Adіdas, Nіke, PHІLІPS, SONY, Nokіa, Coca-Cola және де басқа көптеген фирмалар.
Сонымен кәсіпорында сапа мәселесін шешу - оның сатып алушылар алдындағы жоғары имиджі, сыртқы нарыққа шығу, өнімнің сапасын тұрақты қылу жоғары деңгейде табыс табуға негіз болады. Сапаны біз келесі пирамида түрінде 1 - суреттен көре аламыз.
1 - сурет - Сапа пирамидасы
Пирамиданың ең жоғарысында TQM - барлығын қамтушы тоталды менеджмент орналасқан. Ол өнім сапасына жету үшін барлық жұмыстардың жоғары сапасын көрсетеді. Біріншіден, бұл өндірістің жоғары ұйымдастырушылық - техникалық деңгейді, еңбек жағдайларын қаматамасыз ететін жұмыстар. Жұмыс сапасына жоспарлау жүйесі, қабылданатын шешімдердің дұрыстылығы жатады. Өнім өндірісімен тікелей байланысты жұмыс сапасы (технологиялық үрдістерді бақылау, дер кезінде ахуалды табу) ерекше мәнге иен болады. Ал өнім спасы тікелей жұмыс спасынан шығады. Мұнда жарамды өнімнің сапасы бағаланады, тұтынушылардың талғамы ескеріледі және жарнамалар талданады.
Өндіріс технологиясы мен адам қажеттілігінің дамуы әсерінен сапа рөлі мен маңызы үнемі өсіп отырады. Мәдениет пен білім деңгейінің өсуі күннен-күнге тұтынушылардың талабы мен қалауын өсіріп отыр.
Өнім сапасы мәселесі - тауар өндірушілер алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелердің маңыздысы.
1. Өнімнің бәсекелік қабілеті келесі элементтерден тұрады:
− бағаның негізгі бәсекелестердің бағасымен салыстырылуы;
− сұраныс пен ұсыныс қатнастарына байланысты, бәсекелестер саясатына байланысты бағаны дифференциялау жүйесінің жұмыс жасауы;
− жеңілдіктер жүйесінің тұтынушыларды тартуы;
2. Өнім сапасы :
− өнімнің техникалық-функционалдық қасиеттері;
− қосымша пайдалылықтың болуы;
− өнімнің танымалдық деңгейі;
3. Өткізу, жарнама және қызмет көрсету жүйелерінің бәсекелік қабілеті:
− өткізу жүйелерінің тұтынушыларға қолайлылығы;
− жарнаманың тиімділігі;
− қызмет көрсету жүйелерінің қолайлылығы мен сенімділігі.
Өнімнің сапасы саласындағы атақты американ маманы А. Фейгенбаум өзінің «Өнімнің сапасын бақылауң атты кітабында: қызметтің немесе өнімнің сапасы мағынасын, оның пайдалану кезінде сатып алушының талаптарына толықтай жауап беру жолымен қызметтің немесе өнімнің техникалық, технологиялық және эксплуатациялық мінездемелерінің жалпы жиынтығымен анықтауға болатындығын түсіндіреді. Ары қарай автор қызметтің немесе өнімнің сапасын анықтаушы, басқа емес, ал нақ осы тұтынушы екендігін атап өтеді. Кейбір отандық мамандар өнімнің сапасын ғылыми-техникалық прогресстің айнасы деп те атайды. Өнімнің сапа деңгейі оның сапасының көрсеткіштер жүйесі негізінде анықталады. Ол үшін осы әр көрсеткіштің сандық мағынасын біле отырып, салыстыру үшін есепті өнім ретінде алынып отырған тауардың сйкес көрсеткіштерімен салыстырылады.
Сапа көрсеткішін анықтаудың негізгі міндеті болып оның сандық мағынасын табу есептеледі. Ол үшін практикада өнімнің спецификасына байланысты келесі әдістер қолданылады:
- Өлшеу әдісі - приборлар мен құралдардың көмегімен анықталады;
- Тіркеу әдісі - белгілі бір жәйттер (мәселен: сынақ кезінде теріс нәтиже) немесе заттардың (мәселен: стандартталған, унифицирленген немесе патентпен қорғалған әмбебап) санын есептеу мен тіркеуге негізделген. Тіркеу әдісі арқылы сенімділікті, патентті-құқықты, стандарттау, унификациялау секілді көрсеткіштерді анықтауға болады;
- Есесптеу әдісі - өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтау үшін арнайы математикалық моделдерді пайдалануға негізделген;
- Органолептикалық әдіс - адамның сезім мүшелерімен: көру, есту, дәм сезу, ұстап көру және т. б. сияқты қабылдауын талдауды қарастырады. Табылған мәндердің туралығы мен растығы оны анықтаушы тұлғаның квалификация, анықтау қабілеті, кәсіпқойлық деңгейіне байланысты;
- Социологиялық әдіс - барлық тұтынушылар желісі бойынша ақпарат жинап, талдау жасау арқылы жүргізіледі. Өнімнің техникалық деңгейі және өнімнің сапа деңгейін неғұрлым терең түсінік ретінде қарастырады;
Жалпы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруға бірнеше факторлар әсер етеді. Оларды 2-ге бөлуге болады: сыртқы және ішкі.
Сыртқы факторларға мемлекет деңгейінде қабылданатын бағдарламалар мен заңдар жатады. Атап айтқанда: Сапаның бағдарламасы, жеңіл және ауыр өнеркәсібі салаларында импорт алмастырудың 2001-2003 жж, арналған бағдарламасы, сертификаттау туралы, стандарттау туралы, мақсатты-отандық өндірушілерді демпингті тауарлар нәтижесінде қалыптасқан теріс пиғылды бәсекеден қорғау болып табылатын демпингке қарсы шаралар туралы теріс пиғылды бәсеке туралы, ішкі нарықты шет мемлекетпен субсидияланатын импорт тауарларын жеткізушілер тарапынан теріс пиғылды бәсекеден қорғануға бағытталған субсидиялармен орын толтыру шаралары туралы және Президентіміз бен Үкіметтің тиісті атқарушы органдар мен жергілікті әкішіліктер алдына қойып, орындалуы соңғы 2-5 жыл ішінде көзделген, қысқа және орта мерзімді стратегиялық даму бағдарламалары, басқа да жекелеген бағдарламалар мен заңдар жатады.
Сапаның Республикалық бағдарламасының негізгі мақсаттары мен қызметтері келесідей :
− өнімдер мен қызметтер сапасы саласында мемлекеттік басқаруды құқықтық қамтамасыз ету, жетілдіру;
− басқару нысандары мен әдістерін жетілдіру;
− отандық өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыруға бағытталған ҒТП жетістіктерін енгізу;
− өнімдер мен жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сертификаттаудан сапа жүйесін сертификаттауға көшу;
− стандарттау, метрология мен сертификаттау саласында кадрларды дайындау;
− сапаны артыру саласында іс-шаралар ұйымдастыру мен насихаттау.
Ішкі факторларға кәсіпорын деңгейіндегі шаралар, білікті менеджмент, сапа үйірмелері, жақсы қалыптастырылған кадрлық саясат және т. б. жатады.
Бәсекелік қабілетті қамтамасыз етуде ХХ-ғасырдың 80-ші жылдары сапаға деген талап шешуші болды. Сатып алушылардың 80%-ы өнімді әлемдік нарықта сатып ала отырып, бағасынан гөрі сапасын қалайды. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілетін талдауда сапа көрсеткіштерін талдаудың маңызы зор :
− функционалдық қасиеттер тұтыну затының өз мақсаттық бағытына сәйкес келуін көрсетеді. Олардың негізгі функцияларының, көмекші операциялар мен қосымша операциялардың дәл орындалуын көрсетеді.
Мысалы, кір жуғыш машинаның функционалдық қасиетіне оның кір жууын жатқызамыз. Көмекші функциялар - электронды сағаттарда калькулятордың болуы;
- әлеуметтік арналымы тауардың әр-түрлі халық тобына арналғандығы;
- эргономиялық қасиеттер тауардың тұтыну кезіндегі ыңғайлылық пен комфорт, яғни адамға физикалық, психологиялық ауыртпалық түсірмеу. Мысалы, автомобильде басқару жүйелерінің орналасуы және т. б.
- эстетикалық қасиеттер тауардың көңілге аларлықтай ерекшеліктер арқылы қоғамдық құндылыққа ие болуы. Мысалы, сәнді киім, әдемі ыдыс-аяқ және т. б.
Poole computer компаниясының тек түсімен ғана ерекшеленетін жаңа компьютер шығаруы, итальяндық Zanussі фирмасының әр-түсті асхана жихазын шығаруы.
- экологиялық қасиеттері, бұл тауарды қолдану қоршаған ортаға қаншалықты зиян болғандығымен анықталады. Мұнда тек тұтыну заты ғана емес, сақтау, тасымалдау және т. б., үрдістер ескеріледі. Мысалға кір жууға арналған ұнтақтың биологиялық тазалығы, аэрозольді заттардың ауаға әсері және т. б.
- гигиеналық қасиеттер тауардың тұтыну кезіндегі адам ағзасына, жұмыс жасау қабілетіне кері әсер етпеу мүмкіндігі. Олар жарықтылық, вентиляция, температура, ылғалдылық деңгейі және т. б.
- тауардың тұтынудағы сенімділігі, яғни тұтыну кезіндегі өзінің негізгі ерекшеліктерін сақтап қалуы. ұзақ мерзім қолданылуымен, сақталымдығымен, жөндеуге жарамдылығымен т. б. -мен анықталады. Мысалы, матаның сенімділігі жуғанда өз түсін сақтап қалуы.
1. 2. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің сапасын көтерудің маңызы
Қазақстан 1996 жылы Ұйымға кіру туралы жариялы мәлімдеме жасап БСҰ-ның құрамына тіркеле бастады. Осы жылдың ақпанынан бастап елімізге бақылаушы статусы берілді. Сонымен қатар еліміздің БСҰ-ға кіруі үшін Қазақстанның барлық сауда жөніндегі әріптес мемлекеттермен жұмыс тобы құрылды. бұл топ құрамына: Қазақстан мен, оның сауда ұйымына кіру жағдайын талқылауға ниет білдірген 36 мемлекет (АҚШ, ЕО, Канада, Жапония, Австралия, Швейцария, Қытай және т. б. ) кірді.
Министрліктердің жариялы құжаттарды дайындауы, келіссөздер жүргізуіне және де басқа принципиальді негіздегі мәселелерді шешуі үшін ведомства аралық комиссия құрылды. Комиссия негізінен кедендік-тарифтік саясат және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу секілді сауалдарды қарастырады.
1996 жылдың шілдесінде Қазақстан сытрқы сауда режимі туралы мемарандумын және басқа да құжаттарды (заңдыпроектілік жұмыстар жоспарын, субсидиялау жөнінен ақпараттар, жекешелендіру, салық салу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, стандарттау және сертификаттау, интелектуалдық меншікті қорғау және т. б. ) жұмыс тобы мүшелерінің қарауына жіберді. Осы уақыт аралығында Республикадағы сыртқы сауда режимі және заң шығару базасы талқыланған бес отырыс болып өтті.
Қазақстанның БСҰ-на кіруіне қоғамның көзқарасы әртүрлі.
БСҰ-на кірудің позитивті факторлары:
- Қазақстан тауарларына БСҰ-на мүше елдердің нарықтарына шығу мүмкіндігі, яғни өткізу нарықтарының кеңеюі. Қазақстан тауарлары БСҰ-на мүше елдермен тең құқықтылығы, елімізден экспортталатын тауарларға саны мен көлеміне шектеу қойылмауы, антидемпингтік және басқа да дискриминациялық мінездегі салымдардың болмауы;
- Халықаралық стандарттарға сай қолайлы және транспорентті ішкі заң ортасын құру;
- Шетел инвестицияларын, өңдеуші өнеркәсіпке ноу-хау мен жаңа технологияларды тартуда бірігіп қызмет ету;
- Тұтынушыға ұсынылатын тауардың көлемі мен сапасын арттыру;
- Экономикалық өсуді ұзақ мерзімді сауда саттық жоспары негізінде ынталандыру және т. б;
Атап өтетін жәйт, позитивті эффект БСҰ-ға кіргеннен бастап емес, ал келешекте байқалады.
БСҰ-на кірудің негативті факторлары:
- Көпжақты келіссөздер негізінде неғұрлым ауқымды өндірушінің позициясы мен көзқарастарының қолдау табуы;
- Саудада кей жағдайларды ескермегенде, көлемдік шектеудің болмауы;
- Тауар мен қызмет сату аясын реттеуде жаңа шаралар енгізудің шектеулілігі;
- Бәсекелестіктің күшеюі және экономиканың неғұрлым сезімтал секторлары жағдайының нашарлауы. Бұл бірінші кезекте ауылшаруашылығын, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті, қызмет саласының жекелеген секторларын қамтиды.
Мемлекетіміздегі ауылшаруашылық секторының жете дамымағандығы барлығымзға бірдей белгілі бола бермейді. Экономиканың көп секторы қалаға немесе негізгі ақша айналым орталықтарына бағытталған. Еліміздегі ауылшаруашылығында бәсекелестік орта жете дамымаған, шетелмен (ЕО, АҚШ және т. б. ) салыстырғанда мүлде дамымаған деп айтуға болды.
Осыны негізге ала отырып Президентіміз Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдер алдына келесі 2006 - 2007 жылдары орындалуға бағытталған мәселелер жиынын қойды:
1. Ауыл жылдарында шаурашылықтар үшін аяғына тұрып, бекінуге мүмкіндік берілді, ендігі кезекте Үкімет алдына орта мерзімде орындалатын, басты мақсаты ауылшаруашылығындағы өңдеуші саланы дамыту болып табылатын бағдарлама жасау бекітілді. Мұндағы басты назар қосылған құны жоғары ауылшаруашылық өнімдерінде пайдаланылатын шикізатты терең өңдеу. Бұл үшін осы саланы ынталандыруда кешенді түрде жүргізу қажет, мәселен салықтық ынталандыру. Отандық және шетел инвесторларын тарту, бұдан басқа өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру, жанар-жағар маймен жабдықтау керек. Осы жылы Үкіметпен агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралың заң қабылдап Парламентке енгізу керектігі белгіленген.
2. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде және өндіруде кластерлік бағытты неғұрлым басымдырақ қолдану керек. Қазақстандағы перспективалы дамып келе жатқан 7 саланың ауылшаруашылығымен тікелей байланыстылары текстильдік және тамақ өнеркәсіптерінің мүмкіндіктерінің жоғарылығын пайдалану.
3. Қазагромаркетинг және Мал өнімдері корпорациялары базасында жергілікті ауылшаруашылық өнімдерін өткізу және ақпараттық-маркетингтік қолдау желісі құрылған. Осы бағытта Үкіметпен және әкімдермен атқарылып жатқан жұмыстарды күшейту.
4. Үкіметке ауылшаруашылық құрылымдарының халықаралық стандарттарға өтуін жеделдетуге бағытталған нақты шаралар жоспарын құрып, бекітуді тапсырамын.
5. Ауылшаруашылығындағы тасымалдау инфрақұрылымының жетілменгендігінен ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер өнімдерін нарықтарға жеткізуде үлкен шығындар шегеді. Бұл өз кезегінде өнімнің өзіндік құнына әсер етпей қоймайды. БСҰ-кірумен байланысты бұл мәселе аса өзекті қарқын алып бара жатыр. Сондықтан фермерлердің нарықтарға және өңдеуші кәсіпорындарға өнімдерін жеткізуді қамтамасыз ету.
6. Үкімет пен әкімдерге ауылшаруашылығын несиелеудің тиімді әдістері мен нұсқаларын ойластыру керек, сонымен бірге ауыл шаруашылығына қаржылық көмек көрсету қорында кәсіпорындардың қарыздарын қайта құрастыру керек.
7. Ауыл шаруашылығының өнімділік деңгейі өндірістің техникамен жабдықталуына тәуелді. Тиісті ауыл шаруашылық құралмен жабдықталмауы оны дамытуда кедергі болады. Ауыл шаруашылық техниканы жаңартудағы кешенді шараларды жергілікті тауар өндірушілермен біріге отырып шешуді Үкіметке тапсырамын. Бұл жерде отандық машина құрастыру мен ауыл шаруашылық техниканың лизингін де естен шығармау керек.
8. Ауыл шаруашылық ғылымын дамытуға басымдық беру керек. Кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауы және өнімнің сапасын көтеруде, өндірушілердің ескі технологиядан жаңа технологияға бейімделуі, қосымша аграрлық зерттеулерді пайдалану мен даму деңгейіне тәуелді болады.
9. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында көптеген шаруашылық субьектілері бар. Олардың көлеміне байланысты жаңа техника мен технологияларды алып, оны пайдалану тиімсіз. Ал керісінше көлемді құрылымдар техника мен технологоияларға қол жеткізіп қана қоймай оларды тиімді пайдалана біледі. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, келешекте тек ірі және орта шаруашылық субьектілерінің басым болатынын атап айтқым келеді. Сондықтан Үкімет назарына осы мәселені игеріп, зерттеп, шешуді қоямын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz