Шыңырауды штангасыз сораптармен пайдалану


Жанаөзен кенорны жағдайындағы мұнай өндірісінің сапа менеджмент жүйесі элементін талдау.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- Өзен кенорны туралы жалпы түсінік. Өзенмұнайгаз басқармасы және оның ұйымдастырулық құрылымы. Ауданның мұнайлығы. Негізгі пайдалану қабаттары, олардың геологофизикалық сипаты.
- Өзен кенорындағы мұнайды өндіру әдістері мен құралдары.
2. 1 Шыңырауларды атқылау әдісімен пайдалану.
2. 1. 1 Атқылау шыңырауының жабдығы.
2. 2 Шыңырауларды газлифттік әдіспен пайдалану.
2. 2. 1 Газлифттік шыңыраулардың жұмыс сызбасы .
2. 2. 2 Газлифттік шыңырау жабдығы.
2. 3 Шыңырауды тереңдік сораптармен пайдалану.
2. 3. 1 Тереңдік сораптық шыңыраулардың жұмыс істеу принципі.
2. 3. 2 Тереңдік сораптар.
2. 4 Мұнай кеніштеріне жасанды әсер ету әдістері.
2. 4. 1 Қабат қысымын сақтау әдстері.
2. 4. 2 Қолданылатын жабдықтар.
3. Мұнай өндірісінде қолданылатын құралдардың нормативтік техникалық қамтамасы.
3. 1 Штангалық сорап.
3. 1. 1 Техникалық тізімі.
3. 2. Теңселмелі станок. 7СК8-3, 5-400Ш
3. 2. 1 Техникалық тізімі.
3. 3 Шыңыраулық сораптар.
4. Нормативтік құжаттарды дайындау.
4. 1 Мекеменің стандарттары, техникалық қызмет көрсетулері.
4. 2 Өндіріс құралдарының сапасының уақыт мерзімі.
5. Сапа менеджмент жүйесін енгізу бағытында іс-шаралар.
5. 1 Қауіпсіздік іс-шараларында және нормативтік құжаттарды дайындау.
5. 2 Қондыру тәртібін белгілеп, нормативтік құжат дайындау.
5. 3 Іс-шара нұсқаларындағы жасалатын жұмыстар. (акт толтырылады)
6. Эканомикалық бөлім.
7. Техникалық реттеу.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Кез-келген кәсіпорынның істерінің сәтті жүруі ең алдымен өнімнің сапасының сәйкес болуын қамтамасыз етумен байланысты. Бұл шындық жаңа емес, адамдар арасындағы сауда-саттық қатынастардың басынан-ақ белгілі. Бірақ «сапа» термині қазіргі жағдайларда кең мағынада қолданылады - бұл ьұтынушы ұсынылған тауарды қандай түрде көргісі келетіні, қандай бағамен, қалай буып-түйілгені, сондай-ақ, тұтынушыға қалай қызмет көрсетілуі және тағы басқалар. Енді тек өнім сапасы ғана емес, кәсіпорынның жалпы сапасы, қажетті нәтижеге жетуі немесе басқа сөзбен айтсақ сапа жүйесі туралы сөз айтылады.
Жаңа заман, қоғамның жаңа қажеттіліктері, сауда шекарасын кеңейту сапа, қоршаған ортаны қорғау немесе еңбек қауіпсіздігі сияқты кәсіпорындардың жұмыс аспектілерін басқарудың біріңғай, бәріне ортақ ережелерін жасауды қажет етеді. Қазіргі кезде мұндай ережелер болып барлығы қолдаған ISO халықаралық стандарты саналады. Бірақ олар кез-келген жүйе сияқты өндірістің мықты негізінде қалануы тиіс.
Өзен мұнай өндіру өнеркәсібі-мұнай өндірілетін бірден бір өнеркәсіп. Мұнда бірізді нұсқалы технологиялық сызбанұсқа іске асырылады. Өндірістің шикізат базасы көптеген қышқыл, парафин, асфальт және смола сияқты қоспалары батыс Қазақстанның мұнайлы өлкесі болып табылады.
Белсенді инвестициялық және инновациялық саясат “Қазақстан мұнайы” техникалық деңгейі, өндіріс белсенділігі мен өнім сапасы бойынша алдыңғы қатарда болуына себепкер болды. Соңғы бес жылда қайта жаңарту мен техникалық дамуға жұмсалған қаражат мөлшері жылына орта есеппен санағанда 3-4 млрд. теңге құрады. Тек 2005 жылы технологиялық инновацияға бөлінген қаражат мөлшері 6650 млн. теңге болса, оның 100 млн. теңгесі ғылыми-зерттеу және тәжірибе-құрылыс жұмыстарына жұмсалған.
“Қазақстан мұнайын” шығарған өнімнің сапасын төмендегілер арқылы кепілдеуге болады:
- әр өндіріс учаскесінде алдыңғы қатарлы технологияларды ендіру;
- әр технологиялық сатыда физика-химиялық бақылау жүйесін дамыту;
- жоғарғы технологиялық тәртіп.
Нақты талаптарға өнімнің сәйкестігін кепілдеу өнім сапасының көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік береді. Өнімді өндіру үрдісінде оның қабылданған нормаларға сай екендігін нақтылау өндірісті аналитикалық бақылағанда жүзеге асады.
Өндірісті аналитикалық бақылау арқылы бастапқы өнімнің, өндірістің аралық өнімдерін, дайын өнім, қосымша заттардың химиялық құрамын анықтайды. Өндірісті аналитикалық бақылауды жүзеге асыру технологиялық үрдістің жүрісін, оның қабылданған режімдерге сәйкестігін қолданылатын шикізаттың және дайын өнімнің сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Аталған өндірісті бақылаусыз қабылданған нормаларға сәйкес өнімді өндіру мүмкін емес.
Сараптау нәтижелері негізінде технологиялық үрдісті жүргізеді, сұрыптары немесе маркасы бойынша өнімді жүйелейді және өнімді көтеріп алушылар мен тұтынушылар арасындағы қаржылай есептесуді жүзеге асырады.
Жұмыс орындарына ақпараттарды автоматты түрде жинап-теру, өңдеу және жеткізу барлық технологиялық және басқару үрдістерін автоматтаудың дамытылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады. өнеркәсіп құрамында бірлескен есептеуші желі бар, ол мыңнан астам ПЭЕМ-ді, бақылаушы және басқарушы ЭЕМ-ді біріктіріп, зауыттың жұмысшылары мен бөлімдерін дер кезінде және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз етеді. Бұл сапалы әрі жылдам басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, іске асырылған басқару жүйесі кен орындарынан тиелген бокситтің сапасы туралы ақпаратты жеткізеді (зауытқа жеткізілгенге дейін), бұл шикізаттың зауытқа түсірілгеніндегі технологиялық үрдісті іске асыру, технологиялық үрдістерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері (ТҮБАЖ) және ақпараттық жүйелер (АЖ) арқылы жүргізіледі. Осы жүйелер көлемінде технологиялық, энергетикалық, экономикалық ресурстардың жайы, сондай-ақ технологиялық үрдістің өнімдері мен жартылай өнімдерінің сапыс туралы ақпарат интегралданған. Өнеркәсіптің экономикалық және бухгалтерлік жұмыстары да автоматандырылған. Жоғары сапалы глиноземді үнемі өндіру келесі мәселені көтерді - бар тұтынушылармен байланысты жақсарту және жаңалармен келісімшартқа отыру. Осыған байланысты өнеркәсіптің ары қарай дамуының стратегиясына өзгертулер енгізу қажет болды. Қазіргі кезде тұтынушылар тұрғысынан өнеркәсіпті бағалаудың жалпыға бірдей жүйесі ISO халықаралық стандарттарының болуы болып табылады. Сапаны қамтамасыз ететін осындай стандарттардың бірі ISO 9001 болып саналады. Бұл стандарт әмбебап, себебі әртүрлі бағыттағы мекемелер үшін қолданылады. 2001 жылдан бастап “Қазақстан мұнайы” АҚ-на осы стандартты енгізу жұмыстары басталды. ISO 9001 стандарты негізінде сапа жүйесін әзірлеу және ендіру жаңа және белгісіз жайт емес. 1994 жылдың ISO 9001 стандарты бойынша өнеркәсіп сертификатталмаса да, Өнім Сапасын Басқарудың Кешенді Жүйесі (ӨСБКЖ) негізінде сапа жүйесі бар еді. ӨСБКЖ-ның бірқатар әдістемелік қағидалары ISO сапа жүйесінің қоғадаларымен сәйкес болса да, оны сараптау жүйесі ешқашан толық кешенді болмағанын көрсетті, себебі басқарушының жауапкершілігі, маркетинг, сапа аудиті, сапаны сараптау мен оған кеткен шығын тағы басқалар сияқты негізгі элементтер болмаған. Ал бұл жайтсыз қазіргі нарық және бәсекелестік жағдайында тіршілік ету мүмкін емес.
- Өзен кенорны туралы жалпы түсінік.
Өзен кенорны Маңғышлақ түбегінің Оңтүстік Маңғышлак деп аталатын даланың оңтүстігінде орналасқан. Орфографиялық жағынан Оңтүстік Маңғышлақ ауданы оңтүстіктен батысқа иілген, теңіз жағынан абсолют өлшемі солтүстікке қарай +260м. Ал оңтүстікке +24 метр болады. Ауданы рельефті қиын құрылымды. Өзен ойпатының көлеимі 500км, солтүстікке, оңтүстік шығысқа шығыс бөлігі күрт өзгереді. Ойпат түбі терең жыралармен бөлінген, оның ең төменгібөлігі +30м. Әкімшілік тарапынан кенорын аймағы Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысына кіреді.
Өзен кенорны - Ақтау қаласынан 180-200км арақашықтықта орналасқан. Кенорын көп қабатты, күрделі құрылымды, бор және юра шөгінділері қимасында XXV-өнімді қабатқа бөлінген. Олардың I-XII-қабаттарында ( төменгі бор шөгінділері) стратеграфиялық I-қабат және юра шөгінділерінен (XII-қабат) тұратын аралас кездесетін құм, алиевралит және сазды жыныстардан тұрады. Бұл газбен қаныққан негізі өнімді қабаттарда, ал XIII-XVIII-қабатты газды мұнай.
Өзен кенорнының мұнайы ерекше қасиеттерімен де белгілі. Оның құрамында парафин (24%), асфальт, смола сияқты заттар көптеп кездеседі. Айналаның температурасы 32
С ыстықтың өзінде парафин мұнайдан бөлініп, қата бастайды. Әртүрлі құнарлы қабаттардың мұнайы бір-бірімен көп айырмашылығы жоқ, жеңіл, меншікті салмағы 0, 763+0, 777
болады
Аудан климаты континентті, жазы-ыстық, ал қысы-аз қарлы, желі-қатты боранды. Аудан желді, оның орташа жылдық жылдамдығы 6-8
, жауын-шашын аз, өсімдіктер мен жануарлар мол және шөлейтке бейімделген.
Өзен кенорнында қабатты күрделі құрылымды бор және юра қимасында XXV-өнімді қабаттар бөлінген. Олардың I-XII- қабаттары стратеграфияыққа турондық (I-қабат), сеномонды(II-қабат), абльбский (III-XI-қабаттар) және неоколский (XII-қабат) тұратын рарласкездесетін құм, алиевралит және газды жыныстар жатады.
XIII-XVIII негізгі мұнайлы қабаттар юра жасында мұнай газдылық қимасының жоғарғы сатысына жатады, тереңдігі 1800, 1370 м. Мұнайдың негізгі қоры бар XIX-XXV-өнімді қабатта мұнай газдылығының төменгі қатарына жатады. Оларда кейде жаппай мұнайлы, мұнай-газды және газды кеніштер болады.
XIII-XXV-өнімді қабаттарының мұнайлылығының алғашқы нұсқасын глорогеологиялық және геофизикалық зерттеулер кезінде олардың қозғалыссыз жағдайда жатқандығы анықталады. XIII-XVIII-қабаттардың геологиялық құрылымының жалпы сипаттамасы жобада берілгенмен тәжірибемен салыстырғанда аз өзгерген. Қабаттар үшін берілгендер кесте -1. 1 көрсетілген.
Жоғарғы қатардың өнімді қабаттарының с и паттамасы .
Кесте 1. 1.
Мұнай газдылығының төменгі қатарындағы XIX-XXIV-өнімді қабаттардың геологиялық құрылысы, қабаттардың газдылығының жоғарғы қатардың құрылысы ерекшеленеді, актенентальді құрылысының негізгі қор күрделендіре түседі. Ол оның батыспен оңтүстік батыс барысы Мұрын, шығыс Қарамандыбас күрделендіре түседі.
Мұнайлылықтың төменгі қатардағы мұнай қасиеті куполдан-куполға өзгереді. Сондықтан әрбір купол бойынша орташа мағына берілген. (кесте 1. 2)
Төменгі қатардың өнімді қабаттарының сипаттамасы . .
Кесте 1. 2
XIX-XXIV-қабаттарындағы мұнай қабат жағдайында жеңіл, аз тұтқырлықты, оның газ құрамы орташа мұнайға жақын.
1. 2 Өзенмұнайгаз басқармасы және оның ұйымдастырулық құрылымы.
Өзенмұнайгаз басқарма бірлестігінің басында жоғарыдан ұйым тағайындап қоятын президент отырады. Президент жұмысы басқарушы орган. Ол "Өзенмұнайгаз" ашық акционерлік қоғамына қарасты филиалдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестердің міндетін сонымен бірге барлық мұнай саласындағы жұмысты басқару міндетін атқарады.
Президенттің көмекшісі әртүрлі жиындарда, мәжілістерде президентке көмектесіп отырады.
Секретар хатшысы әртүрлі жиындарда дайындау қызметін атқарады.
Заң бөлім- заңгер заң бойынша басқарманың мәселелерін шешеді.
Экономика жөніндегі вице президент барлық өндіріс мәселелеріне, яғни мұнай өнімнің өндіруіне мұнай мәселесіне жауап береді. Әлеуметтік мәселе жөніндегі вице президент бүкіл мұнайшы халықтың әлеуметтік жағдайына жауап береді. Барлық жермен келісімге отырады. Мұнайшылардың дұрыс дамуына, асханаларды дұрыс тамақтануға, әлеуметтік жағдайларын қарастырады.
Құрылыс жөніндегі вице президент қаладағы мұнайшыларға салынып жатырған құрылыстарға жауап береді.
Бухгалтерлік есеп және департамент бөлімі бухгалтерлік есеп және есеп айыру жұмыстарын атқарады.
Іс-қағаздары және оның орындалуын бақылау бөлімі мекемеге түскен хаттарды бақылау жүргізіп, оны тексеріп тізбектей дұрыс басымына бақылау жасап отырады.
Геология және бұрғылау депортаменті мұнай өнімнің дұрыс игеруіне, шыңыраудың дұрыс мұнайды өндіруіне және бұрғылау жұмыстары атқарады, оларға саралау жүргізеді. Қаржы және экономикалық талдау депортаменті мұнайдан өндірілген өнімнің қаржысын және экономикалық жоспарын, бюджет және ондағы мақсаттарына талдау жүргізіледі.
Маркетинг және материалды құрал-жабдықтарды департаменті мұнай өндірісіне тиісті құрал-жабдықтарды уақытында жеткізіп, жан-жақпен келісім шарт жүргізіп уақытында жабдықтап отырады.
Өндірісті жедел басқару тобы көлік мәселесіне жауап береді.
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік бөлімі жұмыс орнының тәртібін, қауіпсіздігін сақтауға жауап береді. Техника қауіпсіздік ережелерін үйретеді.
Бас эколог - экологиялық мәселелерді қарастырады.
Төтенше жағдай қызметі азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардағы мәселелерді шешеді.
1. 3 Ауданның мұнайгаздылығы
Өзен ауданында мұнай мен газдың табиғи білінуі болмайды. Мұнайдың жоғарғы шығуымен белгілі, бізге жақын аумақтардың ішіндегісі Беке-басқұдық антипиналінің шығыс бөлігі. Өткен ғасырда Таспас жырасында тот басқан қою мұнаймен қаныққан құм мен құмтас табылған. Мұнай білінуі Өзен ауданына дейін 50км-ді құрайды.
1960 жылы 490-500м тереңдікпен бірнеше шөгінділерден мұнайға қаныққан кен алынады. Бұл аудан Өзеннің шығысында 20 км-де орналасқан.
Өзен ауданында алғашқы мұнайды тану бір шыңырауды бұрғылағанда алынды.
Бұрғылау тізбегімен көтерілген Юра дәуірінің құм және құм таспас арқылы жеңіл мұнаймен қаныққан және олардан бензиннің өткір иісі шығады.
1. 4 Негізгі пайдалану қабаттары олардың геолого- физикалық сипаты .
Өзен кенорындарының мысалға XIV-қабатын келтірейік XIV қабатын өнімді қабаттарын Өзен кенорнының жоғарғы мұнайлы бөлігіне кіреді. Мұнайдағы өткізгіштік сұйық пен газ сипаттамаларына ұқсас өткізгіштік қабаттары 1100-1050 тереңдіктегі Юра дәуірінің құмдақтарымен алевроликтерінде орналасқан. Қабат қасиетіне орай мұнай кеніші орташа тиімді, оның орташа тиімділігі 100% XIV қабатта 14 мұнайлы қабатшалары бар. Олардың орташа тиімді мұнайлануы 8, 4-31м-ге дейін. XIV қабат Өзен кенорнының басқа да қабаттары сияқты кері қасиеттермен сипатталады, яғни бұл мұнайдағы еріген парафиннің (29%) және асфальттеннің (20%-ке дейін) көп мөлшерде кездеседі. Мұнай мен парафинмен қанығу температурасы оның бастапқы температурасына тең немесе соған жақын болатын парафин мен смолалық заттары көп, тұтқырлығы жоғары мұнайдікіне тең. Басқаша айтқанда су мұнайлы аймақта таза мұнайлы аймаққа қарағанда мұнайдың газбен қанығу қысымы мен бастапқы қабат қысымын салыстырғанда өзгеше. Жалпы қабаттағы мұнай қасиеттері жоғарығы көтерілген газсыздандырылған мұнайдың орташа температурасы +30
С (парафиннің кристалдану температурасы) .
XIV қабаттағы қысым 10, 4 МПа қабат температурасы 501
С. Өндірілетін газдары негізінен әртүрлі (метан, этан, азот, пропан) көмірқышқыл газының мөлшері 2, 3 моль газ тығыздығы 1, 3
Өзен кенорнының XIII-XVIII квадраттарының мұнайының бір - бірінен айырмашылығы шамалы. Бұл қабаттардың орташа тығыздығы 0, 63 - 0, 877 кг/м
. Бензиндік фракция құрамы 16% арасында, керосин құрамы 17%, асфальтты смолалық заттар құрамы 16%, парафин құрамы 20-25%-ке дейін болады. Жоғары қабаттағы мұнайлар төмен қабаттағы мұнайға қарағанда ауырлау. Өзен кенорынның газдары ауыр көмірсутектеріне өте бай. Олардың құрамы 14% - ке дейін жетеді, метан концентрациясы 81, 8%, ал басқа компоненттерден азот пен көмірқышқыл газы ерекшеленеді. Газ тығыздығы 0, 673 кг/м
, метан қоспасы 37, 5-86, 4-ке дейін, ал ауыр метан концентрациясы 8, 7-6, 2-ге дейін, азоттың 0, 7-10, 4%-тік құрамы. Ол Өзен структурасының газ мұнай кеніштерінің беріктігі, сенімділігі туралы айтады. өнімді қабат сулары бор түрлі және құрамы хлорлы кальцийдің (30-170 кг/л) кәсіпшілік бром қоспасы мен сульфатты 500 кг/л - ге дейін иодтық қоспасы 15 кг/л- ге дейін жетеді. Қабат суының орташа тығыздығы 1, 081 - 1, 04
мұнайлануы 84 - 31 м
-ке дейін.
2 Өзен кенорнындағы мұнайды өндіру әдістері мен құралдары.
2. 1 Шыңырауларды атқылау әдісімен пайдалану.
2. 1. 1 Атқылау шыңырауының жабдығы
Егер қабат сұйығы табиғи энергия күшімен жер бетіне көтерілсе, онда мұндай пайдалану тәсілін атқылау әдісі деп, ал шыңырауды атқылау шыңырауы деп атайды.
Атқылау шыңырауының жабдығына, оның сағасына орнатылған атқылау арматурасы, жер асты жабдығы жатады. Жер асты жабдығына- атқылау лифтісі және құмдық, газдық зәкірлер жатады.
Атқылау шыңырауының сағасы атқылау арматурасымен жабдықталады.
Атқылау арматурасы әртүрлі пайдалану шарттарына байланысты сегіз сызба бойынша (сурет 2. 1) дайындалады.
Атқылау арматурасы дегеніміз- 7, 11, 14, 21, 35, 70, 100 мПа жұмыс қысымына есептелінген үшжақтық немесе айқыштық және арынды құрылғылардың фланецті қосылысы.
Арматура қызметі:
- Шыңырау сағасын және құбыраралық кеңістікті саңылаусыздандыру;
- Атқылау лифтісін ілу;
- Шыңыраудан өндірілген өнімді монифольдқа бағыттау;
- Шыңырау жұмысын бақылау;
- Шыңырау өнімін реттеу;
- Шыңырау ішіне және өнім қабатына әртүрлі сұйықтардың ерітінділерін жіберу;
Арматура классификациясы:
- Жанындағы саңылау санына байланысты:
А) үшжақты, егер бір саңылау болса;
Б) айқышты, егер екі саңылау болса;
2. Арынды құрылғы түріне байланысты.
А) ысырмалы (задвижкалы) ;
Б) кранды.
3. Жұмыс қысымына байланысты:
А) төменгі-орташа қысымды, (7, 14, 21 мПа) ;
Б) орташа-жоғары қысымды, (35, 70, 100 мПа) .
4. Жалғау тәсілі бойынша
А) фланецті;
Б) бұрандалы;
Арматура екі бөліктен тұрады:
- Құбырлар басы. Ол тізбек басына орнатылады;
- Атқылау шыршасы. Ол құбырлар басына орнатылады.
Арматура тетіктеріне:
Планшайба, айқыш немесе үшжақ, орынды құрылғылар, фланец, штуцер, катушка, үшжүрісті кран және рубрикатор жатады.
Арматура екі өлшеммен сипатталады:
- Жұмыс қысымы, мПа;
- Бағаналық бөлімнің диаметрі, мм.
Арматураның негізгі тетіктері мен тораптары: екі бүйірлік бұрылысы бар айқыш (1), бір бұрылысы бар үшжақ (2), құбырлық басының аудармасы (3), тиекті құрылғы (4), дроссель (5), монометр астындағы фланец (6), үш жүрісті кран (7) және манометр (8) .
Айқыш және үшжақ өндірілетін қоспаны монифольдтарға жіберуге немесе құбыраралық кеңістіктердің біреуімен байланыста болуға мүмкіндік береді. Осы тетіктердің сораптық компрессорлық құбырлар (ССҚ) тізбегі ілінуі мүмкін. Ол үшін тетіктер бұрандалы болады. Тізбек тікелей осы бұрандаға немесе құбырлық басының аудармасы (9) рақылы ілінеді. Катушка немесе аударғыш фланец сораптық компрессорлық құбырларды ілуге немесе арматура тетіктерінің бір өлшемнен екіншісіне өтуіне арналған. Тиектік құрылғылар оқпанның немесе бұрылыстың өту қимасын жабуға немесе ашуға керек. Арын және шыңыраудың жұмыс тәртібінің параметрлерін реттеу үшін арнайы дроссель тораптар қолданылады.
2. 2 Шыңырауларды газлифттік әдіспен пайдалану.
2. 2. 1 Газлифттік шыңыраулардың жұмыс сызбасы.
Атқылауға қабат энергиясы және мұнайлы газ энергиясы жеткіліксіз болған жағдайда оны жасанды түрде шыңырауға көтергіш құбырларға дәнекерленген арнайы клапондар арқылы немесе сол құбырлардың төменгі шеті арқылы сығылған газ немесе ауа беру жолымен жалғастыруға болады. Бұл әдіс газлифт деп аталады.
Газлифт үздіксіз және мезгілді болып екіге бөлінеді. Шыңырауға жұмыстық агентті беру тәсіліне байланысты компрессорлық және компрессорсыз болып бөлінеді.
Үздіксіз газлифттің жұмысы кезінде тізбектің қатысты батуы сығылған газ құбырларға түскен кезде оның газдың қысымын және соған сәйкес сұйықты көтеруге және әртүрлі кедергілерді жеңуге арналған газ энергиясын көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz