Инновация процесін басқару жүйесінің ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, өспелі глобализация және қатаң
бәсекелестік жағдайларында экономиканың дамуы айтарлықтай дәрежеде
инновациялық және өндірістік инфрақұрылымның дәрежесіне, қазіргі ғылым,
технология мен техника жетістіктерін қолдану дәрежесіне тәуелді.
Қазіргі әлемдік экономикада инновацияның алар орны орасан.
Инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан бәсекеге қабілетті өнім алу
мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға
жұмсауда. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңінде бәсекелестік
күресте инновация өнімнің өзіндік құнын азайту, инвестиция ағынын арттыру,
өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды бағындырудағы
аса тиімді әрі таптырмас құралға айналады.
Шетелдік тәжірибе дәлелдегендей, нарықтық экономикасаның субъектісі
ретінде мемлекет өз әлеуметтік-экономиалық көрсеткіштеріне жету үшін ғылыми
және инновациялық қызметті реттеуге қатысады. Ғылымның артықшыл бағыттарын
таңдау жаңа білімдерді алу мүмкіндіктерін бағалаудан және елде қойылған
міндеттерді шешуге қабілетті ғалымдардың шолуынан шыға, тұрақты әлеуметтік-
экономикалық дамудың анықтаушы факторы ретінде технологиялардың ғылыми
негіздерін өңдеу қажеттілігі күшінде жүргізілуі керек. Фундаменталды
зерттеулердің бағыттары аса перспективті жарынды бағыттарға сәйкесітігіне
тұрақты мониторингті талап етеді, әлемдік ғылымның даму үдерістерін және
елдің стратегиялық басымдықтарын ескерумен Қазақстан әлемдік дәреже
нәтижелеріне жете алатын проблемалар өзекті болып табылады. Жоғарыда
айтылғандарға сәйкес, дипломдық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика
жағдайларындағы ииновациялық даму ерекшеліктерін ескеру, инновациялық
кәсіпкерліктің маңызды принциптерін, әдістерін, амалдарын баяндау, сонымен
қатар отандық инновациялық кәсіпкерліктің қызметін дамыту болып табылады.
Осы жұмыстың негізгі міндеттері:
1. Инновациялық кәсіпкерліктің теориялық негіздерін қарастыру.
2. Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерліктің жағдайын талдау.
3. Нарық жағдайында ұлттық инновациялық кәсіпкерлік жүйесін жетілдіру
жолдарын қарастыру.
Бірінші тарауда инновацияның мәні мен маңызы, ғылыми-техникалық
саясатты қалыптастырудағы инновациялық басқару мақсаты мен міндеті
қарастырылады.
Нарық жағдайында инновациялық кәсіпкерліктің проблемаларына,
Қазақстанның ғылыми-техникалық потенциалына, индустриалды-инновациялық
стратегиясына бағалау екінші тарауда жүргізіледі.
Қазіргі кезде Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікке жете көңіл
аударылмайды, сонымен қатар, ұлттық инновациялық саясат барынша жетілдіруді
талап етеді. Сондықтан үшінші тарауда инновациялық қызметтің тиімділігін
жоғарлату бағыттары, Қазақстан экономикасы жағдайында инновациялық
кәсіпкерлік жүйесін жетілдіру жолдары ұсынылады.
Қазіргі Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастардың қалыптасу
үрдісінің жүруімен сипатталады. Қазақстанның аймақтық дамуы тар ішкі
нарықпен, өндірілген өнімнің бәсеке қабілетсіздігімен, ғылыми- инновациялық
потенциалдың төмендеуімен, тұрғындардың әлеуметтік дифференциясының
тереңдеуімен, байланыстырылған ішкі факторлардан, сондай-ақ сыртқы
факторлардан да, атап айтқанда, қарым-қатынастардың тиімді нышандарының
жетілмегенінен, әлемдік бірлестіктің мемлекеттерімен инновациялық жобаларды
бірг еіске асыруынан, нарық коньюктурасының тербелуінен тәуелді болады. Бұл
заман талабы, өйткені жахандану үрдісінен ешкім тыс қала алмайды.
Шаруашылық жүйесінде болсын, әлеуметтік салаларда болсын, әлем елдерінің
бір-бірімен бәсекелестігі күшейеді, одан әрі күшейе түседі. Ал енді осыған
қабілеті мол елдер ұтады, жоқтары ұтылады. Қай елдің болса да дүние
жүзіндегі орны, экономикасының төменділігі, әлеуметтік жағдайының дұрыстығы
бұлардың инновацияны дұрыс қолдануымен байланысты.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудын, қорытындыдан тұрады.
Алғашқы тарауда инновациялық процестерді басқарудың теориялық
аспектілері, инновация түсінігі, мәні, мақсаты және оның негізгі кезеңдері
қарастырылған.
Екінші тарауда нарық жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы
инновациялық кәсіпкерлік процестерін басқару, Қазақстандағы экономиканың
дамуына инновациялық кәсіпкерліктің әсері, индустриалды-инновациялық дамуды
мемлекеттік реттеудің ерекшелігі, инновациялық үдерістердің жүзеге асыру
барысы талданған.
Үшінші тарауда заманауи кәсіпорындардың инновациялық қызметін
басқарудағы жаңа құрал ретіндегі Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті
инновациялық негізде жүргізу бағыттары ұсынылған.
Дипломдық жұмысты орындаудың теориялық және әдістемелік негізі болып
2003-2015 жылдар Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық даму
стратегиясын бегіту туралы бағдарламасы мен стратегия мәліметтері,
оқулықтар, оқу құралдары, мерзімді басылымдар, интернет ақпараттары,
зерттеу жұмысының нәтижелері болып табылды.

I ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Инновация түсінігі, мәні, мақсаты және оның негізгі кезеңдері

Ғылыми-техникалық потенциал - кез келген мемлекеттің ұлттық байлықтың
негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжіриебесі көрсеткендей, экономикалық
даму, көркейтудің негізгі жолы-ғылыми-техникалық және инновациялық салада
лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп
беріп, ғылыми-техникалық прогрестін беделді түрде дамуына жағдай жасап,
ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсеке қабілеттілігін жоғарлатады.
Сондықтан бүкіл жүние жүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару
мен ұйымдастыруға көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми-техникалық
және инновациялық даму саласында қолдау жасап, тиімді саясат жүргізіп
отырады. Өйткені мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясат –
ғылыми–техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір
сүруі үшін жағдай сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Ал бұл бүкіл адамзат
тіршілігімен шаруашылығының негізі, басты мақсаты.
“Инновация сөзі” 1440 жылдары француз тіліндегі “жаңғыру немесе
жаңару” әлде “зат жасаудың жаңа жолы” деген мағыналарды білдіретін
“innovacuon” сөзінен пайда болған.
Сонымен 1440 жылдары инновацияларға не қатысты болған? Неде болса, ол
жаңалықтар бүгін адамзат өмірінен өзгертіп, оны жақсартқанға ұқсайды.
А.Флемингтің бағалы антибиотик-пеницилинді пайдалануда іске асырады. XVIII
ғасырда фота суреттің пайда болуы телефон, радио, персоналды
компьютерлердің, жердің жасанды серіктерінің пайдаға жаратылуы бұл
жетістіктердің бәрі де инновациялық прогрес нәтижелері.
Инновациялық менеджмент - бұл инновациялық процестерді, инновациялық
қызметті және осы жұмыста қамтыған қызмет етуші дербес басқару
ұйымдастырудың принцптері, әдістері мен түрлерінің жиынтығы. "Инновация"
ағылшын тілінен аударғанда жаңалық енгізу, жаңашылдық деген ұғымды
білдіреді. Яғни, жаңа өндірістік процесті, өнімді немесе қызметті игеру,
қазіргі тілмен түсіндіргенде жаңалықты инвестициялау дегенге саяды. Ал
тамыры теренде жатқан термин латын тілінде жаңару, өзгеру сөздерімен
баламаланып, бұдан бұрын болмаған жаналық, қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсініктерді береді.
Инновацияның кең мағынасын Б.Санто өзінің Инновация экономикалық
дамудың құралы ретінде атты кітабында береді: Инновация-бұл идеялар мен
ойлап шығаруларды тәжірибелік қолдану арқылы өзінің белгілері бойынша жақсы
технологияларды, бұйымдарды қалыптасуына әкелетін қоғамдық-техникалық-
экономикалық үдеріс. Егер ол экономикалық табысқа, пайдаға бағытталатын
болса, онда оның нарықта пайда болуы қосымша табысқа әкелуі мүмкін.
Сондықтан инновация зерттеуден маркетингке дейінгі барлық қызмет түріндегі
барлық аспектілерді қамтиды.
Қоғамдық мақсаттарды сипатай келе Б.Санто инновацияның келесі түрлерін
ажыратады:
а) пайдаға бағытталған экономикалық (мысалы, экспортқа дәрілерді
өндіру);
б) пайдаға бағытталмаған экономикалық (энергияны үнемдеу);
в) арнайы (мысалы, әскери, денсаулық сақтау, білім беру саласында);
Инновацияларды келесі мақсаттарға ұштастыруға балады:
1. міндеттердің жаңа техникалық шешімін табу-ойлап табуларды ашу;
2. ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелі-құрылыстық өңдеуді өткізу;
3. өнімді сериялық өндіруін қалыптастыру;
4. өтімді ұйымдастыру және параллельді дайындау;
5. нарыққа жаңа тауарды енгізу;
6. өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру және технологияларды үнемі
жетілдіру арқылы жаңа нарықтарда тұрақтану.
Инновация қызметі фирманың маркетинг қызметінің органикалық бөлігін
құрайды. Әсіресе бұл ғылым қажетсінетін өнімді өндірумен айналысатын
фирмаларға тиесілі. Олар көбінесе ғылыми зерттеу техникалық конструкторлық
жұмыстарға (ҒЗТКЖ) маркетингтік қызметімен тығыз қарым-қатынаста болады.
ҒЗТКЖ бөлімшесі тұтынушылардан шығатын идеялар мен зерттеулердің
трасформаторлары болып табылады. Олар өнім бойынша маркетингтік
бағдарламаларды қалыптастыруда белсенділік көрсетеді. Қажеттіліктерді
зерттеу және ҒЗТКЖ арасында кері байланыс бар. Сол процессте ҒЗТКЖ-дың
тұтынушылар талаптарын максималды ескеруі және жаңа бұйымды оптимизациялау
мақсатында техникалық-экомикалық көрсеткіштерді түзетуі байқалады.
Инновациялық менеджмент, фирмалармен әртүрлі инновациялық
стратегиялармен қолданылуы мүмкін.
1. Венчурлы (тәуекелді) фирмалар, яғни техникалық прогресске қатынасы
байынша ілгері жылжыған фирмалар. Осындай фирмалар ойлап табуларды ғылыми
ізденушілігін қынықтыруға және өсімге жұмыс істейді. Венчурлы фирмалар
әдетте табысты фирмаларға жатпайды. Өйткені олар өнім өндірісін
ұйымдастырмай, тек қана өзінің табылған жобаларын басқа эксплерент,
патиент, виолент және коммутант фирмаларға береді. Әдетте венчурлы фирмалар
ірі фирмалардың филиалдары болып табылады.
2. Эксплеренттер-бұл жаңа нарықтарда маманданатын немесе нарықтың ескі
сегменттерін радикалды қайта құратын фирмалар. Олар ойлап табулар
белсенділігінің максимумды циклдар этапының “аймағында” және өнімді
бастапқы өндіруде жұмыс істейді. Қазіргі батыс экономикада барлық ірі
ғылыми-техникалық жетістіктерінің түп тамырында венчурлы және эксплерентті
фирмалар тұрды. Эксплерентті фирмалар саны жағынан кішігірім және табыссыз
болып келеді. Венчурлы және эксплерентті фирмалардың менеджерлері
эвристиканың, әлеуметтік психологияның, прогностиканың, дағдарыс
теориясының негізін білуі қажет. Осы білімсіз фирмалардың табысты қызметі
екі талай болып келеді.
3. Патиенттер - бұл нарықтың тар сегменттерінде жұмыс істейтін және
тұтынушылардың спецификалық, өсетін және сәннің әсерінен, жарнамадан немесе
басқа да құралдардан қалыптасқан талаптарды қанағаттандыратын фирмалар.
Патиенттер өнім өндіруі өсетін этапында және бір уақытта ойлап табу
белсенділігі төмендеген кезеңде қызмет атқарады. Патиенттің ғылыми-
техникалық саясаты өнімді өндіріске қойылу мерзімі және өнімді одан алып
тастау туралы шешімін қабылдауын талап етеді. Осындай фирмалардың өнім
мөлшері және сапасы бойынша талаптар нарықтарда жеңіске жету проблемасымен
байланысты. Сондықтан дағдарысқа әкелетін дұрыс емес шешімді қабылдау, осы
фирмаларға тән. Осы фирмалардағы инновациялық менеджердің көздейтін басты
мақсаты болып фирманың өмір сүруінде тәуекелін төмендету және
қызметкерлердің жұмыс істеуі үшін жағымды жағдай қалыптастыру табылады.
4. Виоленттер - бұл ірі бизнес аймағында қызмет ететін және күштік
стратегиясы бар фирмалар. Бұл ірі капиталы бар және технологияларды жоғары
деңгеймен игерген фирмалар. Олар бағалардың орташа деңгейімен
қанағаттанатын және сапасы бойынша орташа талаптарын ұсынатын
тұтынушылардың кең бөлігі үшін бұйымдарды жаппай және кең серияда шығарумен
айналысады. Виоленттің ғылыми-техникалық саясаты өнімді өндіріске қою,
өнімді өндірістен алып тастау, инвестициялар,технологиялық паркті
айырбастау және т.б. туралы шешімдерді қабылдауын талап етеді.
5. Коммутанттар - бұл жергілікті-ұлттық қажеттіліктерін нақты
қанағаттандыруына бағытталатын және орта және шағын бизнес атқаратын
фирмалар. Олар виолентті-фирмаларда бар жетістіктерін қолдану, бейімделу
базасында клиенттерге жекелеген бабын қамтамасыз етеді. Коммутанттар өнімді
өндіру циклының төмендеу кезеңінде жұмыс істейді.
Фирмалардың инновациялық саясатындағы негізі болып-НИОКР-дың негізгі
мақсатын қалыптастыру, олардың өткізілу мерзімін анықтау, тәжірибелік
мақсат түріндегі нәтижелерді бағалау және жаңа өнімдерді шығару мерзімін
қысқарту табылады. Жаңа өнімді қалыптастыру облысындағы нақты саясаты
ақпараттардың жинақталу бағытын және ұсынымның жасалынуына мүмкіндік
береді. Соның нәтижесінде жаңа мүмкіншіліктерді іздеуге және зерттеушілік
топтар үшін мотивациялардың құрылуына жол ашылады
Зерттеушілермен өндіріске инновацияларды енгізудің негізгі 6 кезеңі
бөлінеді:
1 кезең. Келіп түсетін идеяларды жүйелеу:
- соңғы тұтынушылардан (тілектер, талаптар, арыздар), фирманың
өткізетін аппаратынын,өндірістік бөлімшелердегі маркетингтік қызметінен,
ҒЗТКЖ-ды бөлімшелерден түсетін жаңа енгізулер және нарықтағы технологиялық
өзгерістері туралы ақпараттарыды жинау;
- өнімді игеру және қалыптастыру бойынша фирманың потенциалды
мүмкіншілігі туралы ақпараттарды жинау, тәуекел көлемін және дережесін
анықтау;
- мақсатты нарықтар және олардың дамуының ұзақ мерзімді тенденциялары
туралы ақпараттарды жинау;
2 кезең. Идеяларды сұрыптау және жаңа өнімдер идеясын қалыптастыру:
- идеялардың тәжірибелік жүзеге асырылуын және мүмкіншілігін анықтау;
- жаңа және дәстүрлі бұйымдардың жалпы технологиялық дәрежесін
анықтау;
- жаңа өнімнің фирма имиджіне және даму стратегиясына сәйкестігі;
- болашақ бұйымның патенттік тазалығын анықтау;
3 кезең. Жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау-маркетинг
бағдарламаларын қалыптастыру:
- идеялардың нақты жобалар түріне ие болуы кезінде, өнімді техникалық
қалыптастыру;
- өнімнің техникалық-экономикалық сипатын анықтау, оның сапасын және
тұтынушылық қасиетін бағалау;
- потенциалды нарықтық сұранымын және сату мөлшерін талдау;
- жаңа өнімді игеру және құру бағытындағы шығындарды (инвестицияларды)
және жаңа өнімнің ақталу мерзімін анықтау;
- жаңа өнімді өндіру үшін қажетті ресурстардың болуы: технологиялық
машиналар мен жабдықтар, шикізат пен материалдар, кадрлар, қаржылар;
- жаңа өнімді игеру және онымен нарыққа шығу мерзімі;
- жаңа өнімді өндірудегі табыстылықты бағалау және талдау, жоба
бойынша маркетинг бағдарламасын қалыптастыру;
4 кезең. Жаңа өнімді құру:
- фирманың бөлімшелері бойынша міндеттерді бөлу арқылы жаңа өнімнің
даму бағдарламасын құру;
- үлгіні құру және техникалық сынақты өткізу (қауіпсіздік, экологиялық
тазалығы және т.б. бойынша тексеріс жүргізу);
- тауар атауын , оның тауарлық белгісін, таңбасын, бүкпе қорабын
анықтау;
5 кезең. Нарықтағы тесттілеу:
- шектеулі нарықта кемінде үш ай ішінде баға және басқа коммерциялық
жағдайлары бойынша тесттілеу (несие беру және т.б.);
- өткізудің оптималды жолын таңдау;
- жарнама әдістері мен құралдарын таңдау;
- техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
6 кезең. Өнім бойынша маркетинг бағдарламасы негізінде өндіріске
(жаппай, сериялық) жаңа бұйымды енгізу туралы шешім қабылдау. Ол келесі
ақпаратты бейнелейді:
- жаңа енгізулерді коммерциялық дәлелдеу: сату мөлшері, өнімнің
табыстылығы, сұраным мен ұсынымды қанағаттандыру дәрежесі, өткізудің
әдістері мен жолдары, ұқсас тауар өткізудегі тәжірибенің болуы, фирманың
нарықта белгілі болуы, сатушы және сатып алушылармен байланыстың
тұрақтылығы;
- фирманың өндірістік мүмкіндіктері: қолда бар қуаттарды қолдану,
ресурстармен қамтамасыз етілгендігі, мамандалған персоналмен қамтамасыз
етілгендігі;
- қаржылық мүмкіндіктер: жаппай өндіріс пен өндіріске инвестициялардың
жалпы соммасы, қаржыландыру көздері, болжанатын нәтижелер - есеп айырысу
периодына табыстылық немесе шығын;
- нормативті көрсеткіштерге сәйкестігі - стандарттарға, өнімнің
өткізілуі болжанатын мемлекеттегі нормаларға сәйкестігі;
- жаңа енгізудің патенттік қорғауын қамтамасыз ету;
Маңызды критерий түріндегі жаңа өнім бойынша маркетинг бағдарламасында
фирманың мақсатын жүзеге асыру үшін жаңа өнімді енгізудің бағалау ықпалы
қолданылады. Әсіресе:
- жаңа өнімді сату мөлшері;
- жаңа бұйымды ендіруге байланысты басқа тауарларды өткізудегі
өзгерістер;
- жаңа тауар өндірісіндегі табыстылыққа жету уақытын бағалау (өнімді
қалыптастыру үшін шығындардың орнын толтырудың қарапайым мерзімі, жаңа
өнімді өндіру мен өткізу бес жылдық кезең болып саналады және оған жаппай
өндірістен зиянсыздыққа дейін жеткендегі үш жылдық кезең кіреді).
Егер жаңа бұйым өндірілетін тауарларға технологиялық жақын болса, онда
бұл компанияның қолда бар қуаттылықтарын қолдану арқылы, олардың
тиімділігін жоғарлату мүмкіншілігіне жол ашылады. Осындай басымдылықтар
жаңа тауарды өткізу үшін қолда бар өткізу жүйесін қолдану кезінде және
жүзеге асыру әдістері игерілген кезде пайда болады. Бұл кезде жаңа бұйымды
өткізу тауар қозғалысына және өткізілуіне қосымша шығындарды қажет етпейді.
Инновациялық шешімдер үшін мақсаттардың екі тобы бар:
а) айналым мен өткізу көлемімен сипатталатын мақсаттар;
б) жұмсау мен шығындар көлемімен анықталатын мақсаттар.
Айналым мен өткізуімен байланысты мақсаттарға жету құралы ретінде,
әдетте өнім-инновация болып қолданылады, ал өндіріс еңбегін жоғарлату және
өндіріс шығындарын төмендету үшін - үдеріс-инновация қолданылады. Бірақ
өндіріс шығындарының төмендеуіне өнім-инновацияның әсер ету ықпалының және
сонымен қоса, бағаны төмендету және шығындарды қысқарту арқылы өткізудің
жоғарлауына үдеріс - инновацияның әсер ету ықпалының болуы мүмкін екендігін
естен шығармаған жөн.
Инновация түрлері мен инновациялық мақсаттардың негізгі тәуелділігі 1-
кестеде көрсетілген.

Кесте 1 - Инновация түрлері мен инновациялық мақсаттардың тәуелділігі
Инновация түрлері Инновациялық мақсаттар
Өнім инновация Өмір сүруін қамтамасыз ету;
Табыстың жоғарлауы;
Нарық үлесінің жоғарлауы;
Тәуелсіздік;
Клиенттердің қызығушылықтары;
Беделдің көтерілуі;
Жаңа жұмыс орындарының құрылуы;
Өткізу мен айналымның өсуі;
Үдеріс инновация Табыстың өсуі (өндіріс өсімі, шикізатты және
энергияны үнемдеу арқылы);
Қоршаған ортаның ластануының төмендеуі;
Әлеуметтік инновация Қоғам мен ұжымға қатысы бойынша әлеуметтік
жауапкершілік;
Фирма беделінің көтерілуі;
Тәуелсіздік;
Еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруы.
Ескертпе: Инновационный менеджмент: Учеб. для студентов вузов,
обучающихся по спец. Менеджмент Под ред. С.Д. Ильенковой. – М.: Банки
и биржи: ЮНИТИ, 1999г.

Инновацияның әртүрлі түрлері инновациялық менеджментке ерекше талаптар
ұсынады. Ғылыми-техникалық прогрестің жаңа техникалық білімдердің
инновациядағы өзгеруі-өндірістік үдерістің жақсаруына, өндірістік, жайлы
және қауіпсіз техниканың қолданылуына, шикізаттың жаңа түрлерін қолдануға,
адамның қажеттілігіне жақындататын еңбектің әлеуметтік жағдайын өзгертуге,
жаңа және жақсарған өнімдерді өндіруге мүмкіндік береді. Бірақ
иннновацияның барлық түрлері бір-бірімен тығыз және бөлектенбейтін қарым-
қатынаста болады. Сонымен, өнім-инновация өндірістік үдерістердің,
технологиялардың, ұйымдық жағдайлардың (жұмыскерлерді қайта оқыту және
еңбектің ерекше жағдайын құру) өзгеруіне өз ықпалын тигізеді. Ал үдеріс-
инновация арқылы бір уақытта өнім-инновациялар үшін қажетті техникалық
алдын-ала жағдай құруға болады. Сол уақытта өнім-инновация еңбек
нәтижелеріне, үдеріс-инновация өндірістік үдерісіндегі өндіруді жоғарлатуға
бағытталған кезде, әлеуметтік инновациялар әлеуметтік-техникалық жүйелер
облысындағы жоспарланған өзгерістермен байланысты болады. Әлеуметтік
инновациялар біруақытта өнім-инновациясының құралы бола алады. Нәтижесінде
барлық инновациялар өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін
жоғарлатуға бағытталған. Кәсіпорынның тұрақтылығы және болашақтағы табысты
жұмысы көбінесе инновациялық қызметтің нәтижелеріне байланысты болады
Қазіргі уақытта әлемдік ғылыми-техникалық прогресті инновациялық
қызметтің интеллектуалдық, өнімінсіз елестету мүмкін емес екендігіне
байланысты бұл саланың өзіндік ғылыми жүйесі негізлелуде. Осыған орай
аталмыш сала қызметін жіктеуші ғалымдар "инновация - жаңа техника мен
технологияға салынған капиталдан алынған материалдық игілік, қызмет
көрсету, басқару және тағы баска да жүйелер бойынша еңбек өндірісін
ұйымдастырудың “жаңа формалары" деген анықтама береді. Яғни, осы
сипаттамаларды жинақтай келе инновацияның өтімділігі жоғары жаңа өнім ойлап
табу екенін түсінуге болады. Бұл тұрғыдан алғанда ашылған жаңалықтың
барлығы инновацияға жатпайтынын айтып өткен жөн. Атап айтқанда, іргелі
міндеттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген
табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді
тарту етпейтіндіктен де ол ғылыми ізденістердін жемісі ретінде ғана
есептелінелі. Қазіргі әлемдік экономикада инновацияның алар орны орасан.
Инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан бәсекеге қабілетті өнім алу
мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға
жұмсауда. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік
күресте инновация өнімнің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын
арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа рыноктарды, оның
ішінде сыртқы рыноктарды бағындырудағы аса тиімді әрі таптырмас құралға
айналуда. Оқымыстылар инновацияны техноло-гиялық сипаттарына байланысты
өнімдік және процестік деп екіге бөледі. Өнімдік инновациялар жаңа
материалдар мен жартылай фабрикаттарды пайдалана отырып жаңа өнім алуға
негізделсе, процестік инновациялар өндірісті жаңа технологиялар арқылы
ұйымдастырудың тәсілдері болып табылады. Сонымен бірге, өнімнің маңыздылығы
мен қызмет ету аясына қарай әлемдік салалар үшін, елшілік салалар үшін және
белгілі бір кәсіпорын үшін инновациялар деп жіктейді. Енді технологнялық
процестегі немесе кәсіпорын шығаратын өнімнің жаңаша өзгертілген түрлерін
инновация деуге бола ма деген сұраққа жауап берер болсақ, бастапқыда
айтқанымыздай, аталған саланың басты сипаты ғылыми-техникалық ізденістердің
нәтижесі болып табылатындықтан да өнім түсінің, формасының өзгеруі сияқты
жаңашылдықтар инновацияға жатқызылмайды. Өйткені, өнім ішінара өзгерістерге
ұшырағанымен ол өндірісте бұрын болмаған жаңалық емес. Жалпы, инновациялық
жаңалықтар 1992 жылы Осло қаласында қабылданған шешім бойынша оның
технологиялық сипаттары мен нарықтық ұстанымдарын айқындайтын халықаралық
стандарттарына сәйкес келуі керек.
Инновацияның дамуына қозғаушы тетік - бірінші кезекте нарықтық
бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе
қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолы мен
тауарын өткізетін жаңа рыноктарды іздестірумен болады. Сондықтан,
инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестері
алдында басымдыққа ие болады. Бүгінгідей жаңа өнім түрлері өсіп, тұтынушы
талғамы артып отырған уақытта әсіресе шағын кәсіпорындардың икемділік
қабілеттерін күшейту аса қажет екенін көрсетіп отыр. Әлемдік тәжірибе
бойынша мұндай “шағын шабақтар" қайраңда қалып қоймаулары үшін түрлі
салалардағы жаңа өнімдер мен жаңа технологияларды шығарудың алдыңғы санында
жүреді екен..
Нарықтық экономикада инновациялық идеяларды жүзеге асыру процесінін
ұзақ мерзімге созылып кетуі оның құндылығын жоймақ. Өйткені, "ақша-
инновация" ережесіне негізделген жүйеде тезірек табыс табу үшін басқа
кәсіпорындар біраз уақыттан бері жүзеге асырылмай келе жатқан жобаға ұқсас
нұсқаларды ойлап табу арқылы оның алдын алып кету оқиғалары аз кездеспейді.

1.2 Ғылыми-техникалық саясатты қалыптастырудағы инновациялық басқару

Қазақстан Республикасындағы түбірлі өзгерістер барлық қызмет
салаларын қамтыды, оның ішінде маңызды салалардың бірі ретінде ғылыми-
техникалық саясатты (FTC) бөліп атауға болады. Нарықтық қатынастардың
қатысушылары, бірінші кезекте өндірушілер бұл саясатты дербес және мақсатты
түрде қалыптастырып, жүзеге асыруы керек. Бірақ әдетте бұл жұмыс
эмпирикалық түрде жүргізіледі. Себебі, бұл міндетті шешуге көмектесетін
ғылыми зерттеулер республикада жеткіліксіз жүргізілуде. Сондықтан
инновациялық басқару сияқты білім саласында шоғырланған ҒТС ғылыми
негіздерін қалыптастыру керек.
Кәсіпорынның ҒТС дегеніміз не? Ең алдымен бұл инновация процесіне
қатысты берілген шаруашылық жүргізу субъектісінің тәртіп стратегиясы, оған
мынадай үғымдар енеді: күштерді бағыттау (өңделетін, өндірілетін және
шығаратын өнімнің техникалық-технологиялық және экономикалық-экологиялық
сипаттамалары, номенклатурасы; технологиялық шикізаттың және жабдықтардың
құрамы мен сипаттамасы); бағытталған күштер мөлшері (инвестициялар мөлшері,
өндірістік шығындар, болжанған шығын, өнім көлемі); даму қарқыны, өнімді
ауыстыру және оны өндіру технологиясының мерзімдері.
Сонымен қатар, ҒТС сферасында жасалған стратегияны жүзеге асыру үшін
ғылыми және жобалық іздестірулер жүргізіледі.
Әрине кәсіпорынның ғылыми-техникалық саясаты, оның басты мақсатымен
байланысты - жаңа өнімді жасау мен оны тұтыну кезіндегі қауіпсіздікті
қамтамасыз ете отырып, минималды шығындармен сапалы, қауіпсіз және
экологиялық сұранымға сәйкес өнім шығару арқылы тұтынушылар талаптарын
толық қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорындардың жоғарыдай мақсат қойып
қызмет етуі әкімшілік экономикадан нарықтық экономикаға өтіп жатқан, ауыр
экономикалық дағдарыс жағдайындағы Қазақстан және тәуелсіз мемлекеттер
достастығы (ТМД) елдерінде енді ғана қолданылып жатса, басқа
постиндустриалды елдерде шынайы жүзеге асырылуда. Мұндай жағдайларда жұмыс
істейтін кәсіпорындар үшін, негізгі мақсат - өміршеңдік және тұрақты даму
болып табылады. Осыдан FTC тұрғыларының арасындағы айырмашылықтар
туындайды.
Иниовациялық басқару дағдарысты және оның кезеңдерін мойындау.
Инновациялық басқару динамикалық кибернетикалық-математикалық;
модельдерді құруды талап етеді және ол дағдарысқа әкелетін дамудың
тоқыраушылық сәттерімен сипатталынады. Бұл жағдайда циклдар теориясын
қолдану қажет. Жүйелердің циклдық қызметінің модельдеу амалдары әр түрлі.
Ең қарапайым және бейнелі түрде циклдарды көп кайталанатын синусоида
типінің қисықтары түрінде көрсетуге болады. Өз кезегінде жеке алынған
толқынды өмірлік қызметінің кезеңдер қатарына "бөледі". Мұндай сатылықта
жүретін жеті кезеңді бөлу болжанған: патентті, өсім, қанығу, жетілу,
стагнация, ескіру және шығу немесе реликтіге айналу. Жүйелердің әрбір класы
және қосымша кластары өмірлік қызметтің бір кезеңінен басқаға өтудің өз
ерекшелігін иемденеді. Мұндай өтпелі жағдайда жүйелердің көбісі үшін қызмет
ету тұрақтылықтары айтарлықтай төмендейді, ал ол жүйенің құрылымсыздануына
әкелуі мүмкін және сәйкесінше оның өмірлік қызметінің тоқыраушылығын
туғызады. Мұндай түсініктердің әділдігін Қазақстанда және басқа
посткеңестік мемлекеттерде өтіп жатқан өтпелі кезең коллизиялары
дәлелдейді.
Әдетте, тәжірибеде тоқыраушылық дегеніміз, апаттық жағдайлармен
байланысты жағымсыз құбылыстар болып табылады. Ал ғылыми көзқарас
тұрғысынан дағдарыс бірін-бірі өзара толықтырушы жақтар ретінде
қарастырылады - жағымсыз және жағымды және зерттеуде біріншісіне немесе
басқасына сүйену сол кезде тәуелді болады.
Инновациялық басқару үшін жүйенің өмірлік қызметінде дағдарысты, оның
мүмкін көріністерін мойындау жағымсыздардың алдын алу немесе азайту және
жағымды салдарларды күшейту бойынша негіз болады. Дағдарыстық дамуда сегіз
кезеңді бөлуге болады:
1. Пайда болу. Бұл өтпелі кезең ескі немесе бастапқы жүйеде жаңаның
тумасының пайда болуымен сипатталады, ол оны аналыққа айналдырады және
бүкіл өмірлік қызметін қайта қүруды талап етеді.
А-1 мысалы. Ойлап табу кезеңі. Пайда болу - бұл бірінші идеяның пайда
болуы (рөсімделген техникалық шешім), ол техниканың жаңа түрінің негізіне
жатады (әрекет принципін қалыптастыру). Б-1 мысалы. Өндірістік цикл.
Эксплерент - фирманы құру пайда болу болып табылады, ол жаңа техниканы
құрастырады. Әдетте эксплерент фирма жаңаларды құруға немесе нарықтың ескі
сегменттерін түбірлі қайта құруға маманданады.
2. Туу. Тудырушы жүйелердің күйі және сипаты бойынша ұқсас айтарлықтай
дәрежеде қалыптасқан нақты жаңа жүйе пайда болады. А-2 мысалы. Бірінші
идеяның пайда болуы (техникалық рәсімделген шешімнің), ол техниканың жаңа
түрінің жалпы ұсынысына өтуге мүмкіндік береді (жинақталған
сызбаның қалыптасуы). Б-2 мысалы. Эксплерент-фирманың патиент-фирмаға
қайта өзгеруінің басталуы. Патиент-фирма кішігірім нарықта жұмыс істейді
және онда әрекет ететін ерекше қажеттіліктерді қанағаттандырады.
3. Бекіту. Қалыптасқан (үлкен) жүйе пайда болып, ол бұрында
құрылғандармен, соның ішінде аналықпен тең жағдайларда бәсекелесе
бастайды. Қалыптасқан жүйе өзін-өзі бекітуге тырысады және жаңа жүйенің
пайда болуына бастау салуға дайын. А-3 мысалы. Бірінші идеяның пайда
болуы (техникалық рәсімделген шешімнің), ол техниканың жаңа түрінің бірінші
үлгісінің тәжірибелі құруына өтуге мүмкіндік береді (конструктивті сызбаны
құру). Б-3 мысалы. Патиент-фирманың виолент-фирмаға қайта өзгеруі. Белгілі
болғандай, виолент - ірі стандартты бизнес сферасында әрекет
ететін, игерілген техниканың жоғарғы дәрежесімен, өнімді жаппай шығарумен
сипатталатын, күштік стратегиялы фирма.
4. Тұрақтандыру. Мұндай кезеңде жүйе өзінің өсу
потенциалын тауысып, есеюге жақындайды. А-4 мысалы. Бірінші идеяның пайда
болуы (техникалық рәсімделген шешім), ол кеңінен жүзеге асыруға
болатын, техникалық жүйелерді тәжірибелі қолдануға өтуге мүмкіндік
береді (бірнеше типтік мөлшерлерді құру). Б-4 мысалы. Виоленттің әлемдік
нарыққа шығуы және онда бірінші филиалды қалыптастыру.
5. Қарапайымдану. Бетбұрыстық сәт-жүйенің құлдырауының
басталуы, ол даму апогейінен өткендігінің бірінші сипаттарының пайда болуы:
жастық және есею артта, ал алда қартаю. А-5 мысалы. Құрылған техникалық
жүйені оңтайландырумен байланысты, бірінші идеяның пайда болуы (техникалық
рәсімделген шешімнің). Б-5 мысалы. Виоленттен трансұлттық компанияның (ТҰК)
қалыптасуы.
6. Құлдырау. Көптеген жағдайларда жүйенің өмірлік қызметінің
мәнді көрсеткіштерінің түсуі белгіленеді. А-6 мысалы.
Оңтайландырушылық ұсыныстар дәрежесінде бұрында құрылған техникалық жүйенің
жетілдіруімен байланысты бірінші идеяның пайда болуы (техникалық
рәсімделген шешімнің). Мысал Б-6.
7. ТҰК-ның оқшауланған коммутант-фирмалар қатарына бөлінуі.
Коммутант-фирма виолент-фирмалар жетістіктерін қолданумен
клиенттерге дараланған түрде жергілікті қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін орта және шағын бизнесті жүзеге асырады.
8. Өлу. Бұл бетбұрыстық сәт жүйенің өмірлік қызметінің көптеген
мәнді көрсеткіштерінің аяқталуымен сипатталады. Ол бастапқы жағдайға қайтып
оралғандай және жаңа жағдайға өтуге дайындалғандай. А-7 мысалы.
Қолданылатын техниканың функцияларын өзгертумен байланысты бірінші
идеяның пайда болуы (техникалық ресімделген шешімнің). Б-7 мысалы. ТҰК-ның
жартылай оқшауланған коммутант-фирмаларға бөліну процесінің аяқталуы,
бұл жағдайда бір фирманың өлуі басқалардың қызметінде ешқандай
қиыншылықтар тудыртпайды.
9. Деструктуризация. Бетбұрыстық сәт - жүйенің өмірлік қызметінің
барлық процестерінің тоқтауында немесе оны басқа сипатта қолдануда. А-8
мысалы. Техниканың бұл түрімен байланысты идеялардың түсуінің аяқталуы
(сонымен қатар ескі техниканың жеке үлгілері реликвиялар түрінде қолданылуы
мүмкін және әдетте, бесінші немесе алтыншы кезеңге жататын техникалық
шешімдердің пайда болуы да мүмкін). Б-8 мысалы. Фирманың қызмет етуінің
тоқтауы (әдетте, оның басқа өнімді шығаруға қайта мамандануын білдіреді).
Ғылым мен техниканың даму үдерістерін анықтау әдістері.
Нарықтық экономика жағдайларында техниканың жеке ұрпағының толық
өмірлік циклы (әрекетті бірінші ғылыми негіздеп, өндіру кезеңінен бастап
өндірістен шығаруға дейін), әдетте, көптеген кәсіпорындар мен фирмалардың
күш-жігерін біріктіру арқылы қалыптасады. Оған ең аз дегенде үш жеке цикл
енеді: ғылыми, өнертапқыштық және өндірістік. Бұл циклдар техниканың бір
ұрпағының өмірінің ағымында сатылап, уақыттық байланыста жүреді.
Көптеген зерттеулермен дәлелденгендей, бұл циклдар арасында анықталған
орташа мүмкіндік уақыт аралығына тең, уақыттық кешігу (лаг) арқылы
статистикалық байланыс бар. Бұл лаг техникалық шешімнің пайда болуына тән
(немесе техникалық идеяны, жобаны және т.б. рәсімдеу, тіркеу арасында,
мысалы өнертабысқа патент алу) және өндірісте бұл идеяны, жобаны және т.б.
қолданудың максималды көлемі сәті арасында орналасады. Осыған байланысты
кәсіпорынның (фирманың) ғылыми-техникалық саясаты ғылым мен техниканың
дамуының отандық және әлемдік үдерістерін мұқият ескеруі керек. Бұл
міндетті табысты шешу үшін, қүжаттар ағымдарын (ақпараттар ағымдарын)
талдай білу маңызды.
Құжаттар массивін талдау базасында ғылым мен техниканың отандық және
әлемдік үдерістерін анықтаудың әдістемелік аппаратын келесі әдістерге
бөлуге болады:
1. Құрылымдық-морфологиялық талдау әдісі. Ол пәндік облыстың ішкі
құрамын анықтау, принципиалды жаңа құрастырулардың (идеялардың,
техникалық шешімдердің және т.б.) пайда болуын тіркеу үшін арналған, ол
ішкі салалық дәрежеде ҒТС стратегиясын негіздеп қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
2. Жарияланымдық белсенділіктің сипаттамаларын анықтайтын әдіс. Оның
ерекшелігі құжаттар ағымының циклдық ағымға бағынып өзін жүйе
ретінде танытындығымен байланысты. Бұл циклдарды бақылай отырып, бір
немесе басқа елде пәндік облыс өмірлік циклдың қай кезеңінде тұрғанын
анықтауға болады. Бұл салалық дәреже бойынша ҒТС қалыптастыру
бойынша түзетушілік нүсқаулар беруге мүмкіндік береді.
3. Күрделі қуатты патенттер-аналогтар жанұясымен патенттік
қүжаттар тобын анықтауға негізделетін әдіс немесе жай патенттер-аналогтар
әдісі. Оның мәнісі келесіде, фирмалар шетелде тек тәжірибелік мәні бар
идеяларды ғана паттентейді. Сондықтан патенттер-аналогтар қуаттылығы
тезірек өсетін бағыттарды таба отырып, өндірістік потенциал дамуындағы
басты фирмалардың қызметінің бағыттылығын анықтауға болады.
4. Терминологиялық және лексикалық талдау әдісі.
Терминологиялық талдау білімдердің басқа облыстардағы идеяларды
қолдану кезінде терминологиялық аппараттың ауысымын дәлелдейтін тұрғыға
сүйенеді. Бұл бастапқыда басқа ешқандай әдістермен анықталмайтын ірі
құрылымдық өзгерістермен байланысты. Сондықтан терминологиялық талдау әдісі
ерте кезеңдерде принципиалды инновациялардың пайда болуын және күтілетін
өзгерістер бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Текстерді лексикалық талдау
терминологиялық талдауға сай, нақты терминдер емес, сөз тіркестері ретінде
қарастырады.
5. Көрсеткіштер әдісі. Бұл әдіс бойынша әрбір техникалық жүйе
керсеткіштер жиынтығымен суреттеледі, олар ғылыми-техникалық прогресс
шамасы бойынша жетілдіріледі, ол құжаттарға толтырылады. Техникалық жүйелер
көрсеткіштерінің динамикалық сипаттамаларын зерттегенде, әлемдік және
отандық тәжірибедегі үдерістер мен ғылыми іздестірулер туралы анық
түсінікті алуға болады.
Ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру бойынша бастапқы ақпаратты
дайындаудың жалпы сатылығы бірнеше блоктардан тұрады. Біріншісі - пәндік
облыстың морфологиялық жіктеуін өңдеу. Мұндай жіктеу рәсімделген кесте
болып табылады, онда өндірістің технологиялық тізбегі нақты аспектілер
бойынша элементтерге бөлінген (операция, әрекет принципі, қолданылатын
материалдар және т.б.). Сонымен қатар, әрбір элемент үшін жүзеге асырудың
мүмкін баламалы әдістер тізбегі қалыптастырылады. Ең қарапайымдалған түрде,
морфологиялық жіктеу кесте негізінде көрсетіледі, онда бөлу аспектілерінің
варианттары арасында кез келген үйлесімдері болуы мүмкін. Екінші блок -
пәндік облыстың рубрикаторын өңдеу, мысалы, жаңа Халықаралық жіктеу
терминдеріне сәйкес. Рубрикатор қызықтыратын мәселе бойынша әр түрлі
көздерден релевантты құжаттар жинақталатын рубрикалар жиынтығы болып
табылады. Үшінші, төртінші және бесінші блоктар шешімдер қабылдайтын
тұлғалар үшін кәсіпорынның ғылыми-техникалық саясатын қалыптастыру бойынша
нұсқауларды анықтау, алынған нәтижелерді талдау, бастапқы ақпаратты
ақпараттық іздеумен байланысты. Өткізілген зерттеулер және алынған
нәтижелер ғылыми-техникалық саясатты оңтайландыру мақсаттарында техника мен
технологиясындағы өзгерістерді болжауға, болашақ өзгерістерді анықтауға,
техника ұрпақтарының даму мен ауысу сәттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Осының барлығы салынған ресурстарды жоспарлау мен инвестициялық саясатқа
қатысты нұсқауларды өндеу үшін негіз болып табылады.
Ғылыми-техникалық саясаттың қалыптасуын ескерумен инновациялық
менеджерлерді дайындау жүйесі.
Қарастырылған фирманың ҒТС қалыптасуының дәрежелері және бұл процесті
әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері – төтен-функционалды, яғни негізгі,
басты деп аталады. Үлкенірек бөлшектенуді талап ететін зерттеулер
мақсаттарына байланысты деңгейлер, сонымен қатар мәселелер саны күрделенуі
мүмкін. Өмірде қалыптасқан арнайы шешілетін және қойылатын саясатты
жүргізуде тактика және стратегия сұрақтарының ерекше маңызы бар. Оған
мыналар жатады:
1. ҒТС қалыптастыру - күрделі және көп деңгейлі процесс, сондай-ақ
ол әр деңгей кұрылымымен, мәселелерімен, мақсаттарымен және
олардың жетістікке жету жолымен сипатталады. Деңгейлердің өзара
байланыстарын айқындап, ескеру қажет, әйтпесе, қалыптасқан ҒТС бұрмаланады
және шұғыл жағдай қаупі туындайды. Менеджерлерді дайындау жүйесі түрлі
деңгейлер максаттарының дамуына дауыс бергенде оптимумын таба алатындай
құрылу керек.
2. Өндірістік жүйелердің квазитұрақтылықта квазитұрақтылықтағы
тіршілік әрекеті белгілі бір уақыт аралығынан көп созылмайды. Сыну
сәттерінің пайда болуы заңды және объективті негізделген болып
табылады, ол менеджменттің дұрыс емес жүйесінде күрделі
жағымсыз зардаптарға әкеледі. Менеджмент міндеттері үшін фирманың ҒТС
қалыптастыру олардың ішкі логикасына байланысты дағдарысты және сыну
моменттерін мақсатқа сай жіктейді. Дағдарыс түрі білімнің жүйелігін
ескеретін маңызды түрде инновациялық басқарутің әдістемелік аппаратына әсер
етеді.
3. Фирманың қалыптасқан ғылыми-техникалық саясаты бөлектенген
болмауы керек, оны саясаттың басқа түрімен байланыстыру қажет.
1.3 Ғылыми-техникалық саясаттың жүзеге асуының ұйымдастырушылық
формалары

Жаңалық енгізулерді басқару жүйесінің эволюциясы. Қазіргі жағдайда
ірі фирмаларда фирмалардың стратегиялық позицияларын анықтауда нарықтық
факторлардың күшеюі, құрастырулар мен зерттеулердің нарықтық
қажеттіліктерге бағытталуы, өндіріс және ғылыми интеграция процесінің
ерекшеліктерін бейнелейтін ғылыми-техникалық қызметті басқарудың тұрақты
механизмдері қалыптасты. Нәтижесінде байланыс жүйесінде тігінен өзгерістер
- барлық басқару деңгейлерінің арасында, сондай-ақ көлденең бойынша -
ғылыми-өндірістік-өткізу тізбегінің бөлімшелері арасында пайда болды.
80-ші жылдары ұлттық өнімді өндіруді басқарудың жалпы жүйесінен
бөлініп шыққан инновация процесін басқарудың интеграцияланған жүйесі пайда
болды және дами бастады. Инновациялық идеялардың бизнестің барлық
сфераларына енуге ынталандыратын болашағы бар өндірістік жоспарлар мен
бағдарламаларға интеграциялануымен байланысты болып саналатын жаңашылдық
енгізулерді құрастыру мен енгізу үздіксіз басқарылатын процеске айналды.
Жаңашылық енгізулерді басқарудың жаңа жүйелері ірі машина жасау
компанияларында қабылданды - ИБМ, Дженерал Электрик, Мицусита,
Мацубиси, Сони және т.б. Олардың міндеттері мамандану арқасында
жаңа өнім құрастыру мен енгізуді тездету, ынталандыру және жоспарлау
жүйесі, шешім қабылдау процесін жеңілдету мақсатында фирманың дамуының
болашағы бар бағыттарымен және жаңашылық енгізумен айналысатын
бөлімшелердің ерекшеленуі болып табылады.
Инновациялық процестерді басқарудың икемді және кешенді жүйелерін,
болашағы бар өнімді құрастыруға бағытталған жаңа шаруашылық механизмін
қалыптастыру, басқару функцияларын және ұйымдастырушылық формаларды қайта
құру, сонымен қатар басқару стилін құру жаңашылық енгізуді және құруды
ынталандырады және тікелей инновациялық процестер бойынша идеялардың пайда
болуынан жүзеге асуына дейінгі басқаруды қамтамасыз етеді. Мұндай
ұйымдастырушылық механизм жаңашылық енгізуді басқару және техникалық
саясатты жүзеге асырумен айналысатын қызметтер мен бөлімшелердің басқару
құрамының түрлі деңгейлері бойынша бөліп жайғастырылуын және олардың
арасында реттелген өзара әрекет жүйесі және үйлесімділік әрекет ететіндігін
қарастырады.
70-ші жылдары орталықтандырылмаған басқару құрылымы қалыптасқанда,
өндірістік бөлімшелерде ҒЗТКЖ, маркетинг, өткізу, тауар принципіне
мамандандырылған бөлімшелер құрылды. Осыған қарамастан ғылыми зерттеу -
өндіріс - өткізу циклы сызықтық процесс ретінде жүзеге асты, яғни ҒЗТКЖ
бөлімшесінде өңделген өнім концепциясы, инженерлік-техникалық құжаттама
және өнім прототипі дәйектілікпен өндіріс бөлімшесіне және содан кейін
өткізу бөлімшесіне жіберілді. Нәтижесінде жаңашылық енгізу циклын жүзеге
асырудың өрбір кезеңінде өнімді дайындаудың алдыңғы кезеңдеріне қатыспаған
жаңа персонал қатысты. Демек, өндірістік бөлімшедегі құрастыру, өндіру және
өткізуге жауапкершілік бір топ орындаушылардан екіншілеріне ауысып отырды.
Өндірістік бөлімдегі мұндай тұрғы маманданудың жоғары деңгейлілігін
айқындайды және жаңа өнімді де, дәстүрлі бұйым түрлерін бөлек қаржыландыру
мен жоспарлауды көздейді.
Инновациялық процестің мұндай ұйымдастырылуы кең таралған және
көптеген компанияларда тиімді қолданылуда.
80-ші жылдары ғылыми-техникалық прогрестің, бірінші кезекте ғылымды
көп қажет ететін салаларда дамуы инновациялық процесті басқарудың жеке
объектісі ретінде бөлінуін көздейтін жаңа басқару жүйесіне көшуді
негіздеді. Нәтижесінде ҒЗТКЖ, өндіріс жөне өткізу бөлімшелері арасында
көлденең байланысты қолданатын инновациялық қызметті басқарудың икемді
құрылымдары пайда болды. Функционалды бөлімшелерді басқарудың түрлі
деңгейлерінде, өндірістік бөлімнің ҒЗТКЖ, өндіріс және сату бөлімшелерінің
арасында байланысты күшейту қажет етілді.
Инновация процесін басқару жүйесінің ерекшелігі.
Инновация процесін басқару жүйесі келесілерді
қарастырады:
- жоғары деңгейде мамандандырылған бөлімшелерді құру - кеңестер,
комитеттер немесе техникалық саясатты құрастыру бойынша жұмысшылар тобы;
- инновациялық қызметті үйлестіру мақсатымен жаңа өнімдер
бөлімдерін, орталықтандырылған қызметтер құру;
- жаңа өнімді құрастыру бойынша орталықтарды немесе мақсатты-жобалық
топтарды анықтау;
- инновациялық қызметпен айналысатын өндірістік бөлімшелер
құрамындағы ҒЗТКЖ бөлімшелерін, зертханалар, ғылыми орталықтардың рөлін
көтеру;
- инновациялық қызметті ынталандыратын арнайы қорлар және венчурлі
бөлімшелер құру;
- жаңашышық енгізу облысында кеңестік көмек
ұйымдастыру;
- жаңа технологияны игеру мәселелері бойынша арнайы салалық
зертханалар құру.
Жоғары деңгейде мамандандырылған бөлімшелер құру.
Мамандандырылған бөлімшелер (кеңестер, комитеттер, техникалық саясатты
құрастыру бойынша жұмысшы топтары) ғылыми сыйымды өнім шығаратын ірі
фирмаларда құрылады. Мұндай бөлімшелер инновациялық процестің бастапқы
бағыттарын анықтайды және шешім қабылдау үшін директорлар кеңесіне
ұсыныстар енгізеді. Көбінесе мұндай бөлімшелерге өндірістік бөлімді
басқарушылар, орталық қызмет, ҒЗТКЖ және өткізу қызметтерінің өкілдері
кіреді.
Сонымен, жаңа тауарларды жоспарлау комитеттеріне маркетинг, ҒЗТКЖ,
қаржы, өткізу, өндірісті қамтамасыз ету, өндірістік бөлім басшылары,
сонымен қатар өндірістік бөлімдерді басқарушыларын қосады. Жоспарлау
бойынша комитет басқарудың жоғары деңгейінде қолданылатын түрлі
бөлімшелердегі ғылыми-техникалық қызметті үйлестіреді, жаңашылық енгізу
облысында бір стратегия жүргізеді, басқарудың жоғарғы деңгейінде
қабылданатын жаңашылық енгізу сұрақтары бойынша шешімдер дайындайды.
Алдыңғы қатарлы технология бойынша үйлестірушілік комитеттер маңызды рөл
атқарады.
Жаңа өнімдерді дамыту бөлімдерін және орталық қызметтерін
қалыптастыру.
Инновациялық қызметті үйлестіретін жаңа өнімдерді дамытудың
орталықтандырылған қызметтері келесі мәселелерді қарастырады: бірегей
техникалық саясатты қалыптастыру, әр түрлі өндірістік бөлімшелердегі және
басқа орталық қызметтердегі инновациялық қызметті үйлестіру және бақылау.
Кейбір компанияларда (Дженерал моторз, АТТ, Ниссан, Тошиба),
мұндай міндеттерді инженерлік қызметтер атқарады, басқаларында (Доу
кемикл, Дженерал Электрик, Форд мотор) - техникалық орталықтар және
аймақтық бөлімшелермен байланыстар бойынша қызметтер атқарады.
ҒЗТКЖ орталықтандырылған қызметтері мен өндірістік бөлімшелер
мүдделері идеяларды, ғылыми-техникалық жобаларды жоспарлау жөне бағалауды
бірігіп талқылау жолымен келісіледі. Жаңашылықтарды игеру және енгізу
кезеңдерінің тиімділігін жоғарылату үшін өндірістік бөлімдегі құрастырулар
мен зерттеулерді беруді жеңілдету мақсатымен жапон компанияларында түрлі
қызметтер өкілдерімен жаңа жобаларды бірігіп талқылау кеңінен таралған.
Жаңа өнімдер бөлімдері – фирмадағы инновациялық қызметті үйлестіретін,
инновациялық қызметтің бағдарламаларын және жоспарларды қалыптастыратын,
жаңа өнімді құрастыру мен енгізуді бақылайтын, жаңа өнімді құру жобаларын
қарастыратын, техникалық дамудың мақсаттары мен бағыттарын үйлестіретін
тәуелсіз бөлімшелер болып табылады.
Жаңа өнімді құрастыру орталықтарын немесе мақсатты жобалық топтарды
бөлу.
Жаңа өнімді құрастыру, өңдіру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу
бойынша жобалық-мақсатты топтар - бұл идеядан жобаға немесе бұйымды
сериялық өндіруге дейінгі - инновациялық қызметті кешенді түрде жүзеге
асыру үшін құрылатын тәуелсіз шаруашылық бөлімшелер. Олар орташа басқару
деңгейінде құрылады жөне фирманың жоғары басшылығына бағынады. Мұндай
топтар орталықтандырылған маркетинг, ҒЗТКЖ, инженерлі-конструкторлық,
жоспарлау қызметтерінің құрамында құрушы мүмкін. Тұрақты немесе уақытша
негізде құрылатын мақсатты топтар шығармашылық ізденісті тиімді
ұйымдастыруға, болашағы бар өнімді құрастыруға және оны нарыққа дейін
жеткізуге өрексі етеді. Мақсатты (ізденістік) топтар әр түрлі мерзімге
құрылады: 2-3 жылдан 10 жылға дейін және одан да көп.
Жобалық-мақсатты топтарды құрудың келесідей де тұрғысы бар: жаңа
өнімді ойлап (көбінесе зерттеуші немесе инженер) мақсатты топтың басшысы
болады және жаңа өнімді құрастыру мен енгізуге жауап береді, яғни ойлап
табушы өзінің идеясын іске асырады жөне жаңашылықтың енуіне материалды
түрде мүдделі. Бұл жағдайда орталықтандырылмаған фирма ішілік басқаруға
негізделген жаңалық енгізуді икемді басқару қағидасы жүзеге асады. Жобалық-
мақсатты топтар өздерінің іс-әрекеттерін фирманың басқа бөлімшелерімен
келісуі міндетті емес, оларда жаңашылықты құрастыру мен игерудің өзіндік
ынталандыру жүйелері бар және жаңалық енгізуді қаржыландыру, рентабельділік
сұрақтарын шешу кезінде тек фирманың жоғары басшылығына бағынады. Көбінесе,
бастапқы кезде 10-15 адамнан тұратын үлкен емес топтар құрылады (мысалы,
ИБМ, Сони, Мацусита фирмаларында), содан кейін олар дербес ғылыми-
өндірістік бөлімшелерге немесе ғылыми-өндірістік процестің барлық негізгі
кезеңдерін біріктіретін, 400 адамға дейін жұмыс атқаратын бизнестің жаңа
сфераларын дамыту бойынша кешендерге біріге алады. Мысалы, ИБМ фирмасында
жоғары басшылықтың келісімінсіз маркетинг және өндіріс стратегиясын өздері
таңдайтын 11 бөлімше есептелінеді. Олармен қатар, жаңа өнімді құрастыру
бойынша уақытша техникалық және жобалық топтар бар.
Даму орталықтары - бұл фирма қызметімен байланысты емес, дербес
шаруашылық бөлімшелерді құруды көздейтін инновациялық процесті
ұйымдастырудың жаңа формасы. Орталықтарға жаңа өнімді енгізудің бірінші
кезеңінде нарықты жаулап алуға әрекет ететін және сату көлемін кеңейтуге
ынталандыратын шаруашьшық қызметтің көрсеткіштері бекітіледі. Бір уақытта
орталық басшылары және персоналдары келесідей ынталандырылады:
қызметкерлердің еңбекақылары және басшылардың сыйақылары орталықтың
коммерциялық нәтижелеріне байланысты, сонымен қатар, жаңа өнімді өндіру
және өткізумен байланысты коммерциялық тәуекелдер және сәтсіздіктер
әкімшілік санкциялар және өтем ақыларға әкелмейді.
Өндірістік бөлімшелерде ҒЗТКЖ бөлімдерінің рөлін арттыру.
Өндірістік бөлімшелердегі ҒЗТКЖ бөлімдері жаңашылық енгізулерді
басқарудың жаңа жүйесінде бұрынғыға қарағанда маңызды рөл атқара бастады.
Олар жаңа болашағы бар идеяларды құрастырумен қатар, оларды игеру, өндіру
және өткізу кезендеріне дейін шапшаң түрде жеткізеді. Сондықтан да, олар
өнімнің келесі буындары үшін ғылыми-техникалық бұйымдарды құруға мүдделі.
Қазіргі жағдайлар үшін өндірістік бөлімде өндірісті қамтамасыз ету бөлімі
және ҒЗТКЖ бөлімі арасында өзара персонал алмасу процесінің күшеюі,
қолданбалы зерттеулер зертханаларын қоса алғанда, орталық зертханалардан
персоналдарды басқа бөлімшелерге ауыстыруы, үнемі бірігіп кеңес өткізуі
тән. ҒЗТКЖ бөлімі рөлінің жоғарылауы жөнінде өндірістік бөлімдегі өнімнің
сату көлемінен 3-тең 10%-ға дейін қаржыландыру көлемінің жоғарылауы
кепілдік бере алады.
Жаңашылық енгізуді ынталандыратын қорлар мен венчурлі бөлімшелердің
қалыптасуы.
Венчурлік бөлімшелер жеке тәуекел капиталы қорларын құру негізінде
ірі компанияларда ұйымдастырылады. 1980-ші жылдардың ортасында АҚШ-та
тәуекелдік капитал салымына маманданған 509 компанияның 44-і ірі
фирмалардікі болды. Венчурлік қорлардың қаражаттары көбінесе үлкен
емес бастаушы фирмаларға салынады, нәтижесінде олар ірілермен жұтылады
немесе олармен ұзақ мерзімді фирмааралық байланыс бекиді. Арнайы
орталықтандырылған жаңашылық енгізуді ынталандыратын қорлар компания
пайдасының бір бөлігі есебінен құрылады және сериялық өндіріске жаңа өнімді
енгізуді тездетуде қолданылады. Мысалы, Дженерал Электрик компаниясында
орталықтандырылған қорлар есебінен барлық фирманың қызметі үшін маңызы бар
құатырулар мен зерттеулер қаржыландырылады. Осы қаражаттардан корпорациялар
иемденетін венчурлі фирмаларға немесе тәуелсіз венчурлі фирмаларға
инвестиция ретінде қолданылатын енгізу қорлары құрылады. Орталықтандырылған
қорлар фирманың жалпы стратегиясын және инновациялық жобаларды
байланыстырады.
Өндірістік бөлімдердегі жаңашылық енгізуді ынталандыру қорлары
өндірістік бөлім қажеттіліктермен байланысты қолданбалы сипаттағы ҒЗТЮК-ды
ынталандыру үшін құрылады. Мұндай қорлар бөлімшелерге белсенді түрде ғылыми-
техникалық бағдарламаларды өздерінің жоспарларына қосуға мүмкіндік береді.
Кеңестік немесе аналитикалық топтар ірі компанияларда (мысалы,
Мицубиси) функционалды бөлімшелердің өкілдері, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деңгейлеп оқытудағы деңгейлік тапсырмалар мен оқушылардың даму мониторингі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР
Педагогикалық үдерістегі инновациялық оқыту әдістері
Қазақстандық жаңашыл ұстаздардың іс-тәжірибесін насихаттаудың маңызы
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Оқытудың педагогикалық теориялық негіздері мен инновациялық педагогикалық технологияның ерекшеліктері
Әлеуметтік - педагогикалық қызметтің кәсіби қызметінің бағыттары
Инновациялық технологиялардың көмегімен бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы эксперименттің нәтижесі
Білім берудегі инновациялар
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері жайлы мәлімет
Пәндер