Дағдарыстың мүмкін салдары


Мазмұны
Кіріспе3
1 Дағдарыс жағдайында ұйымда персоналды дамыту негіздері5
1. 1 Әлеуметтік-экономикалық дамудағы дағдарыс түсінігі және оның пайда болу себептері5
1. 2 Персоналды дағдарысқа қарсы басқару жүйесі16
1. 3 Персоналды басқарудың жүйелі және диагностикалық тәсілдері19
2 «Казгермұнай» бк мысалында персоналды дағдарысқа қарсы басқаруды жүзеге асыру және оны жетілдіру жолдары24
2. 1. «Казгермунай» БК қызметіне жалпы сипаттама24
2. 2 «Казгермұнай» БК персоналды басқару жүйесін қалыптастыру мен жетілдіру25
2. 3 «Казгермұнай» БК персоналды басқару жүйесінің тиімділгін бағалау және оны болашақта дамыту жолдары28
Қорытынды34
Қолданылған әдебиеттер тізімі35
Кіріспе
Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында ұйымдармен басқару қиынырақ болып келеді. Бұл құқықтар мен жауапкершіліктің кеңейтілуімен және қоршаған орта өзгерістеріне бейімделуімен шарттастырылған. Осыған байланысты туындайтын барлық мәселелерді кәсіби менеджментсіз шешу мүмкін емес.
Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымның басты мақсаты шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да біздің көзқарасымыз бойынша менеджмент - бұл ұйым пайдалылығын қамтамасыз ету мақсатында нарықтық қатынастар жағдайында ұйым мен оның қызметкерлерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін басқару тәжірибесі мен ғылымы. [1]
Персонал латынның «personalis» - жеке деген сөзінен шыққан. «Персонал» термині алғаш рет ағылшын әдебиеттерінде ұйымның барлық қызметкерлері деген атпен қолданылып келді. Біздің ойымызша, персонал - жеке мақсаттары мен ұйымның белгілі міндеттерін іске асыра алатын, ұйымның нақты белгілерін игере алатын ұйымның жеке құрамы.
Ұйым персоналы - бұл негізгі қызмет түрі бойынша және ұйымның әртүрлі бөлімшелерімен қатынас жасайтын, соның ішінде персоналды басқару бөлімшесімен қалыптастырылған жұмысшылар тобы.
Персоналды басқарудың мақсаты жалпы ұйымның өндірістік стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы көптеген кәсіпорын қызметін талдау және кадрлармен жұмыс тәжірибесі өмір сүруге қабілетті өндіріс ұжымдарын қалыптастыру, кадрлық әлеуетті қамтамасыз етудің шешуші факторлары кәсіпорын қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігі екендігін көрсетеді.
Персоналды басқаруды тұтас ұйым шеңберінде адам ресурстарын жандандыруды аспаптық және функционалдық міндеттер жиынтығы ретінде қарастырады. Ұйым персоналдын басқару персоналды басқару жүйесінің ақпараттық, техникалық, нормативті-әдістемелік, құқықтық және іскерлік қамтамасыз етілуін қарастырады.
Персоналды басқару ұйым ішіндегі адамдармен олардың қарым-қатынасымен тығыз байланысты. Бұл персонал қызметінің тиімділігіне жету мен қызметкерлермен өзара қарым-қатынастарының шындығына бағытталған.
Қазіргі қоғамда экономикалық, техникалық және әлеуметтік прогрестегі басты негізгі күш өзін тұлға ретінде және өз мүмкіндігін толық көрсете білетін, жоғары кәсіби дайындықтағы адам болып табылады. Адам қоғам мен кез келген ұйымды дамыту үшін маңызды мәнге ие.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында барлық санаттағы жұмыс күшінің басқару функцияларын кеңейту жүргізілуде. Персонал басшылығы мен оның жалпы жүйесін жетілдіруге елеулі мән берілуде. [2]
Адам ресурстары кез келген ұйымдағы бәсекеге қабілеттілікті анықатйды. Сондықтан да дағдарыс кезеңінде бұл сферада маңызды салымдар төмендетілмейді, кәсіпорынның қаржылық-экономикалық тұрақтылығын іздеу жолында тиімділігі жоғары технологияны ғана емес, қабілетті қызметкерлерді де іріктейді. Дағдарысқа қарыс басқару тәжірибесі (шетел және Ресей) кәсіпорындағы қайта ұйымдастыру мен қаржылық сақтандыруда персоналдың маңызы ролін көрсетеді.
Отандық кәсіпорындардағы дағдарысқа қарсы басқару бағдарламаын қайта құрылымдауға, техникалық және технологиялық жаңғырту, маркетингтік стратегияның өзгерісіне бағытталған.
Кез келген дағдарыстан шығуға бағытталған кәсіпорын үшін стратегиялық міндетті шешуде ұзаұ мерзімді мәнділікті қамтитын факторлардың бірі, адам факторы екенін ескеру керек. сондықтан да басқару жүйесіндегі персоналдың қарқындылығы, бағыттылығы мен көлемі дағдарыстың түрлеріне байланысты болып келеді.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі де осымен түсіндіріледі. Курстық жұмыс дәстүрлі сипатта және кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен құралады.
1 Дағдарыс жағдайында ұйымда персоналды дамыту негіздері
1. 1 Әлеуметтік-экономикалық дамудағы дағдарыс түсінігі және оның пайда болу себептері
Қазіргі әдебиетте әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуындағы дағдарыс туралы жалпы көріністер әлі анықталмаған. Дағдарыстың өндірістік капиталистік әдісінің сипаттамалық белгісі екендігі және социалистік кезеңінде болмау керектігі туралы көзқарас бар. Бұрын социализм кезінде теориялық жағынан алғанда «дағдарыс болмайды», тек «өсу қиындықтары бар» деген пікір қалыптасқан. Көп жылдар бойы біздің елімізде дағдарыс түсінігінің өзі өндірістік дамуының экономикалық саясатын жасаудың нақты факторы болуына қарағанда көбінесе идеологиялық түсінік болып табылады.
Кейбіреулер дағдарыс түсінігі тек макроэкономикалық даму процестеріне жатады десе, рудың кәсіпқорлығысыз немесе қателіктерден туындаған аз немесе өте өткір проблемелер бар. Бұл проблемалар кейбір сыртқы себептермен жаттастырылған болса да, даму дағдарысы туралы айғақ бола алмайды және олар объективті тенденциялармн келтірілмегн. Осындай көріністердің кері салдарлары блу мүмкін: егер бұл ұстанымнан фирманы басқаруды қарастырсақ, онда оның даму стратегиясын жасағанда дағдарыстың мүмкіндігін болжауға және есепке алуға қажеттілік жоқ. Осы кезде стратегия қаншалықты нақты болады, егер дағдарыстар шын мәнінде заңды болса?
Дағдарыс түсінігі түрлі басқарушылық шешім жасау әдістемесіне әсер ететін тәуекелділік түсінігімен өзара байланысты. Басқарудан болжамды және дағдарысты күтуді алып тастаңыз, онда тәуекелділікті қабылдау өткіплігі болмайды және тек дағдарыс жағдайында ғана емес, сонымен қатар кәдімгі қатерлер де кенеттен пайда болу мүмкін. Дағдарыс проблемасына басқа жақтан да қарауға болады. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің өзінің түрлі түрінде және формасында, ол қоғамдық формация, фирма немесе кәсіпорын болсын, өзінің өмір сүруінің 2 тенденциясы бар: қызмет ету және даму.
Қызмет ету - бұл оның тұтастығын, сапалы нақтылығын, сипаттарын анықтайтын функцияларды сақтау, өміршеңділігін қолдау. [3]
Даму - өміршеңдікті өзгерістегі орта жағдайларында бекемдейтін жаңа сапа алу. Қызмет ету және даму өзара байланысты.
1-сурет. Әлеуметік-экономикалық жүйедегі (ұйым) дағдарыс қауіпінің пайда болуы.
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің негізгі тенденцияларының диалектикалық бірлігін көрсетеді. Бұл байланысты оның сипаттамасынан және көрсеткіштерінде көруге болады. (1-сурет) Мысалы, әлеуметік-экономикалық жүйенің қызмет етуі еңбек затының, құралдың және еңбек әрекетін жүзеге асыратын адамның міндетті түрде болуын сипаттайды. Осындай әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызмет етуі бұл белгілердің нақты сәйкестілігінде мүмкін болады: еңбек құралы оның затын өзгерте алады, адамда еңбек құралы болу керек, нәтиже адамның мүддесіне және қажеттілігіне сәйкес болу керек. Бұлардың брі қызмет ету жағдайлары. Даму заттың, еңбек құралының және адамның өзгерістерін сипаттайды. Бұл өзгерістердің өлшемі ретінде әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызмет ету тұрқтылығын және үйлесімділігін бекітетін немесе оның қызмет етуіне жаңа жағдай жасайтын жаңа сапалардң болуы болып табылады. Даму факті ретінде еңбек өнімділігін, оның мазмұнын өзгерту, жаңа технологияның болуы болып табылады. Осы кезде, әрине әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызмет етуі жағдайларды да өзгертеді. Қызмет ету және дамудың өзара байланысында диалектикалық сипат бар, ол дағдарыстың пайда болу мүмкіндігін және заңдалаған шешімдерін көрсетеді. Қызмет ету дамуды тежейді және сонымен бірге оның керектік ортасы болып табылады. Даму қызмет етудің көптеген процестерін бұзады, бірақ оның бекемді болуына жағдай жасайды.
Сонымен дағдарыстың кезеңдік пайда болуын көрсететін дамудың кезеңдік тенденциясы пайда болды. Дағдарыс міндетті түрде қиратқыш болып табылады, бірақ олардың болуы тек субъективті емес, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық жүйенің табиғатымен, объективті салдарымен байланысты.
Дағдарыс себептері сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Мысалы фирма үшін дағдарыстың сыртқы себептері макроэкономикалық дамудың тенденциясы және стратегиясымен немесе әлемдік экономика дамуымен, бәсекелестікпен, елдегі саяси жағдайымен байланысты болу мүмкін, ал ішкі себептер маркетингтің тәуекел стратегиясымен ішкі қайшылықтарыме, өндірісті басқарудың кемшіліктерімен, инновация және инвестициялық саясатпен байланысты болады.
Егер дағдарысты осылай түсінсек, онда дағдарыс қаупі әрқашан бар екенін айтуға болады, сол себептен оны болжау және жоспарлау керек. Дағдарыс түсінігінде оның себептеріне ғана емес сонымен қатар салдарына да үлкен мән беріледі- ұйымдастыруды жаңарту немесе оны жою, жаңа дағдарыстың блуы немесе қалпына келуі мүмкін. Ол тізбекті реакция сияқты пайда болуы мүмкін.
Дағдарыс қызмет ету мен дамудың қайшылықтарын ғана көрсетпейді, олар қызмет ету процесінің өзінде пайда болу мүмкін. Бұл, мысалы, техника мен персонал калификациялық деңгейі, нақты технология және оны пайдалану жағдайы арасындағы қайшылықтар. [3]
Дағдарыс - бұл оның қоршаған ортаның өміршеңдігіне қатерлі әлеуметтік-экономикалық жүйедегі қайшылықтардың өсуі болып табылады.
Дағдарыс себептері жаңарту және циклдық қажеттілігімен байланысты объективті басқарудағы волюнтаризм мен қателерді көрсететін субъективті, климат ерекшелігіне, жер сілкіну мен тағы басқа байланысты табиғи болу мүмкін.
Дағдарыс жағдайларды ұзақ уақытқа консервациялау мүмкіндігі бар. Бұл белгілі саяси себептерімен түсіндірілуі мүмкін. Жалпы дағдарыстың салдары 2 фактормен өзара байланысты: оның себептері және дағдарыстың даму процестерін басқару мүмкіндігі. Дағдарыстың салдары аяқ астындағы өзгерістерге немесе одан жұмсақ, созылмалы және жүйелі шығуына әкелу мүмкін.
Ұйым дамуындағы дағдарыстық өзгерістер ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, сапалы және санды, қайтымды және қайтымсыз болады. Дағдарыстың түрлі салдары оның сипаттамасымен ғана емес, сонымен қатар оны жұмсартатын немесе күшейтетін дағдарысқа қарсы басқару сипаттамасымен анықталады.
2-сурет. Дағдарыстың мүмкін салдары.
Бұл қатынаста басқару мүмкіндіктерді мотивация сипаттамасына, басқару мақсатына кәсіпқорлығына, мәдениетіне, себептер мен салдары, жауапкершілікті түсінуге байланысты. (2-сурет) [3]
Көп жағдайда энтузиазм көмектеседі. Бірақ энтузиазм ұзақ әсерді бере алмаса да оны дағдарысқа қарсы басқару бағдарламсынан шығарға болмайды. Сонда да энтузиазм өзінің басталуы, ұлттық ерекшеліктері, мәдениет дәстүрлері тағы басқа бойынша әр түрлі болады. Егер энтузиазм өрескел қатерлер мен мақсаттарды жасыру үшін қолданылса да дағдарыс қысымын төмендетпейді.
Тәжірибе көрсеткендей, дағдарыстар тек себептері мен салдары бойынша ғана емес, сонымен қатар өзінің мазмұны бойынша да әр түрлі болып келеді.
Дағдарыстардың ішіндегі жалпы және желілік дағдарыстар. Жалпы дағдарыстар әлеуметтік - экономикалық жүйенің бәрін қамтыса, ал жергілікті тек оның бір бөлігін ғана қамтиды. Бұл дағдарыстардың көрсетілу масштабтары бойынша бөлудің шартты сипаттары бар. Дағдарыстық жағдайды нақты талдауда әлеуметтік - экономикалық жүйенің шектерін оның құрылымын және қызмет ету ортасын ескеру керек. Дағдарыстық жағдайларды макро және микро дағдарыстар деп бөлуге болады. Макро дағдарысқа туындайтын жағдайдың үлкен көлемі мен ауқымы тән; ал микро дағдарыстар тек жеке мәселелерді немесе мәселелер тобын қамтиды. Дағдарыстың ерекшклігі ретінде жергілікті немесе микро дағдарсы болса да ол тізбекті реакция секілді дамудың бүкіл жүйесіне немесе мәселесіне қарай тарай алады. Себебі жүйеде барлық элементтердің өзара әсерлесулері болады және мәселелер жеке шешілмейді. Бірақ ол дағдарыстық жағдайды басқару, дағдарыстарды жою және оның өткірлігін төмендету шаралары болмаса немесе керісінше дағдарыс дамуының мотивациясы болса ғана пайда болады.
Дағдарысты басқару әдістерін және құралдарын жіктеу үшін қажетті дағдарыстық нысандарының жіктемесін жасауға болады. Егер дағдарыс мазмұнының түсінігі қалыптасса, онда оның өткірлігін төмендету, уақытты қысқарту және ауыртпалықсыз келуін қамтамасыз ету мүмкіндігі жетерліктей. (3-сурет)
3-сурет. Дағдарыс типологиясы.
Әлеуметтік - экономикалық жүйедегі қатынастар құрылымына байланысты оның даму жағдайларын жіктеуде экономикалық, әлеуметтік, басқарушылық, психологиялық, технологиялық дамудың жеке топтарын бөлуге болады. Экономикалық дағдарыстар ел экономикасындағы немесе фирманың экономикалық жағдайындағы өткір қайшылықтарды көрсетеді. Бұл тауар өндірісі және өткізу, экономикалық топтардың өзара байланысы төлем қабілеттілігінің төмендеуі, банкроттық жағдай т. б. Экономикалық дағдарыстар тобында жүйенің немесе фирманың қаржылық мүмкіндіктері жағдайындағы қайшылықтары сипатталады. Бұл экономикалық процестің ақшалай көрінісінің дағдарысы.
Әлеуметтік дағдарыстар әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерінің қақтығысы немесе қайшылықтары ұлғайғанда пайда болады. Әлеуметтік дағдарыстар экономикалық дағдарыстардың жалғасы болып табылады, бірақ ол өздігінен де пайда болуы мүмкін. Мысалы, басқару стилі, еңбек жағдайына қанағаттанбаушылық, экологиялық мәселелерге, патриоттық сезімдерге байланысты болып келеді.
Әлеуметтік дағдарыс тобында саяси дағдарыстың орны ерекше. Ол қоғмадың саяси құрылымындағы дағдарыстар, билік бағдарыстары, түрлі әлеуметтік топ мүдделерін жүзеге асыру дағдарыстары, қоғамды басқаруда кездесетін дағдарыстар. Саяси дағдарыс дамудың барлық қамтиды да экономикалық дағдарысқа ұласып кетеді.
Ұйымдастырушылық дағдарыстар - іс-әрекетті бөлу және біріктіру, функцияларды бөлу, жеке бөлімшелердің қызметтерін реттеудағдарыстары ретінде пайда болады.
Түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелердің ұйым құрылымында ұйымдастырушылық қатынастары күшейтілуі мүмкін. Ұйымдастырушылық дағдарыстардың шиеленісуі барысында, іскерлік қақтығыстардың туындауы барысында және бақылаудың қиындығы, оның қызмет ету, даму жағдайларының өзгерісінің, ұйымды жаңарту немесе бюрократикалық тенденциялар тудыратын ұйымдастырушылық сақтандыру қатерлерінің болуынан көрінеді. Бұл дағдарыс көбінесе ұйымдастырушылық әрекетті қиындатады.
Психологиялық дағдарыстар. Бұл дағдарыс түрі әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі жағдайында сирек кездеспейді. Бұл адамның психологиялық жағдайындағы дағдарыстар. Олар күйзеліс, сенімсіздік, болашақтан қорқуы, жұмыспен, құқықты түрде көрініс береді. Бұл қоғамдағы ұжымның немесе жеке топтың әлеуметтік-психологиялық климатындағы дағдарыстар.
Технологиялық дағдарыстар жаңа технологияға қажеттілік жағдайында технологиялық идеялардың дағдарысы ретінде пайда болады. Бұл заттардың технологиялық сәйкессіздігі енмесе жаңа технологиялық шешімдерден бас тарту дағдарысы болуы мүмкін. Жалпы осындай дағдарыстар ғылыми техникалық прогресс дағдарысы болып көрінуі мүмкін. Оның тенденциялары, мүмкіндіктері, салдары арасындағы қайшылықтардың күшеюінен көрінеді. Мысалы, қазір атомдық энергияны пайдалану, атомдық электростанцияны салу идеялары дағдарысты бастан кешіріп отыр.
Дағдарыс тікелей пайда болу себептеріне байланысты табиғи, қоғмдық, экологиялық болып бөлінеді.
Табиғи дағдарыстар адамның өмірі және табиғи әрекетінің жағдайларынан туындаған. Олардың себептері- жер сілкіністері, өрт, климат өзгерістері және су топаны. Бұлардың бәрі экономикаға, адам психологиясына, әлеуметтік және саяси жақтарға әсер етпеуі мүмкін емес. Белгілі аумақта осындай табиғи құбылыстар дағдарысты туғызады.
Қоғамдық дағдарыс себептері ретінде қоғамдық қатынастардың өзгеруін айтамыз. Қазіргі жағдайда адамның табиғатпен қатынастары «экологиялық дағдарысты» түсіну немесе танып білуге үлкен мән беріледі. Бұл дағдарыстар адам әрекетінен туындаған табиғи жағдайлардың өзгерісі кезінде пайда болады, яғни ресурстардың сарқылуы, қоршаған ортаның ластануы, табиғи тепе-теңдік талаптарын елемеу салдары болып табылады.
Сонымен бірге дағдарыстар күтілген және кенеттен пайда болуы мүмкін. Күтілген дағдарыстар даму кезеңі сияқты пайда болады және оларды болжауға болады, бұл дағдарыстың пайда болу факторларының жиынтығының обьективті себептерінен туындайды, яғни өндірісті қайта құру қажеттілігі ҒТП қызығушылықтар құрылымының өзгерісі.
Күтілетін дағдарыстар циклдық дағдарыс болып табылады. Әрине дағдарыстардың табиғаты және оның сипаттамасы белгілі болса, ол кезеңдік түрде пайда болады және өзінің өтуінің белгілі фазалары бар.
Кенеттен пайда болатын дағдарыс көбінесе басқарудағы өрескел қатынастардың басқа да табиғи құбылыстардың немесе жергілікті дағдарыстардың таралуына және кеңеюіне әсер ететін экономикалық тәуекелділіктің нәтижесі болып табылады. Соныме қатар анық (дағдарыстың көрініс беруі және оңай анықталуы) және латентті (жасырын, көрінбейтіндей өтеді және өте қауіпті) дағдарыстар бар.
Сондай-ақ өткір және жұмсақ дағдарыстар болады. Өткір дағдарыстар әлеуметтік-экономикалық жүйенің түрлі құрылымын бұзады. Олар қиын және біртекті емес өтеді, қайшылықтары көп. Жұмсақ дағдарыс тегіс және ауыртпалықсыз өтеді, оларды болжауға және басқаруға болады.
Барлық мүмкін болатын дағдарыстар ұзақ және уақытша мерзімде болып келуі мүмкін. Ұзақ дағдарыстар әдеттегідей қиын өтеді, олар көбінесе дағдарыстық жағдайды басқара алмау, дағдарыстың мәнін түсінбеу және оның себептері мен мүмкін салдарының нәтижесі болып келеді.
Дағдарыс жіктемесінің оларды тануда және басқаруда үлкен мәні бар.
Нақты дағдарыстың жіктемелік белгілері жағдайдың бағасын, басқару шешімдерін жасауын және талдауын анықтайтын оның көрсеткіштері ретінде қарастырылуы мүмкін. Дағдарыс қаупі әрдайым болады. Сондықтан дағдарыс жағдайының пайда болу белгілерін білу керек және оларды шешу мүмкіндіктерін бағалау қажет.
Әлеуметтік-экономикалық жүйе өздігінен реттелетін жүйе болып табылады. Яғни, оның болуында қажетті және салыстырмалы тепе-теңдікті қалпына келтіру механизмдері әрекет етеді. Сонда, басқару бұл механизмдердің бөлігі болғандықтан және осы механимдерге сүйене отырып, адам мүддесінен қарағанда, әлеуметтік-экономикалық жүйелердің ауыртпалықсыз және жүйелі қамтамасыз ететіндіктен өмір сүреді. Бірақ, бұл әлеуметтік-экономикалық жүйенің даму және мінез-құлық тенденциялары, оның сипаттамасы және жағдайдың белгілері, бұл жағдайдың белгілі фазаларының және объективті даму кезеңдерінің болуларының белгілі болса ғана мүмкін болады.
Дағдарыстарды жеңу - басқарылатын процесс. Мұны адамзат, өндіріс пен экономиканың даму тарихында өтіп жатқан көптеген дағдарыстар айғақтайды. Басқару жетістігі дағдарысты өз уақытында байқауға, оның болу белгілілеріне байланысты.
Дағдарысты тануда проблемалардың өзара байланысын бағалаудың үлкен мәні бар. Осындай өзара байланыстардыңболуы және сипаттамасы дағдарыстың қаупі және оның мінез-құлқы туралы көп айтылады.
Әлуметтік-экономикалық жүйені басқаруда дағдарысқа қарсы даму мониторингі әрекет етуі керек. Бұл даму процестерін бақылау және дағдарысқа қарсы басқарудың өлшемдері бойынша олардың тенденцияларын байқау болып табылады. Мысалы, ауа-райын, жер сілкінісін, күннің белсенділігін болжау деген бар. Онымен арнайы қызметтер айналысады. Онда неге басқару жүйесінде осындай ұқсас қызметтер жоқ?[3] .
Басқару - бұл адамның қасиеттерімен анықталатын іс-әрекет: тәжірибесі, білімі, адам мен өмірге қатынасы, әдістеме, және т. б.
Дағдарыс объективті құбылыс бола тұра әрдайым адамзат табиғатының факторларын өзінде ұстайды - менталитет, мәдениет, қызығушылықтар, қоғамдық сана, білім деңгейі, дүниетанымы т. б.
4-сурет. Дағдарысты бағалаудың негізгі сипаттамалары.
Дағдарыстың белгілері оның типологиялық тиістілігі бойынша жіктеледі: масштабы, мәселенама, өткірлігі, даму саласы, себептер, мүмкін салдары, көріну фазасы(4-сурет) .
Бірақ осындай болжамдар үшін дағдарыстық дамудың белгілері мен көрсеткіштері, оларды есептеу әдістемесі және талдауда пайдалану әдістемесі қажет. Дағдарысты болжау жағдайлары мен тенденциялары арнайы талдау негізінде ғана мүмкін болады. Жалпы дағдарыстарды байқауға әлеуметтік-экономикалық жүйенің жағдайын бағалаудың барлық көрсеткіштері қатысады.
Байқап білу басқарудағы көрсеткіштерде (істегі және мамандандырылған) құрылады. Мысалы, еңбек өнімділігінің немесе өндіріс тиімділігінің төмендеуі дағдарыстың мүмкіндігін көрсетпеуі мүмкін, бірақ дағдарыстық даму тенденциясына да айғақ бола алады. Қазіргі күрделі көрсеткіштер жүйесі дағдарыстарды байқауға бағытталмаған. Ол жүйелі және тапжылмайтын даму жағдайларын басқаруға жұмыс істейді. Сол себептен, дағдарыстық жағдайлардың сәтін және ықтималдығын нақты жән уақытында анықтау үшін жаңа синтетикалық көрсеткіштерді жасау қажет.
Дағдарыстың негізгі белгілерін көрсететін көрсеткіштер жүйесі ғана емес, сонымен бірге, оларды құратын және тәжірибелік пайдалану әдістемесі де ерекше орын алады. Қазіргі басқару механизмінде бұл оның ең әлсіз буыны болып табылады. Мәселе бұл процестің барлық аспектілерінде дағдарысты тану әдістемесі туралы болып отыр: мақсат, көрсеткіштер, жағдайларды талдауда оларды пайдалану, дағдарысты болжаудың тәжірибелік құны.
Дағдарысты тану әдістемесі бұл жұмысты ұйымдастырумен тығыз байланысты, яғни мамандардың болуымен, олардың әрекет функцияларын анықтаумен, ұсыныс және шешімдер жқабылдаумен, басқару жүйесіндегі өзара әсерлесумен байланысты. Дағдарысқа менеджерлерді ғана емес, сонымен бірге, бұл талдаушылардың қызметінде маманданадырылған менеджерлерге дайындық жүргізу ұйғарылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz