Жобалық менеджменттің жобаға енуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

1 Жобалық менеджменттің өткені мен
бүгіні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Жобалық менеджменттің жобаға
енуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1.2 Жобалық менеджменттің кәсіпорын дамуындағы
орны ... ... ... ... ... ... ... 6

2 Жобалық менеджменттің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
10
2.1 Жобалық менеджменттің автоматтық-ақпараттық
дамуы ... ... ... ... ... ... 10
2.2 Жоба менеджерлерін
даярлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13

3 Жобалық менеджменттің кәсіпорындағы
перспективасы ... ... ... ... ... .. ... 15
3.1 Кәсіпорынды жобалау
кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15
3.2 Қазақстан кәсіпорындарының БСҰ-на кіргеннен кейінгі
перспективасын
жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... . 17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .. 22

КІРІСПЕ

Жоба – жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті
кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың,
аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері
көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы. Жобаны ғылыми тұрғыда дайындау
үшін жобалық тапсырма беріледі де, сол бойынша есептеу жүргізіліп, жоба
қамтитын мәселелер тұтас шешім табады. Кәсіпорындарды жобалауға тапсырма
берілгенде нарықтық экономика жағдайына сәйкес жаңа құрылыстың немесе қайта
құрылудың тиімділігі ескеріле отырып, техникалық-экономикалық дәлелдерге
сүйенеді. Жобалық тапсырмада мынадай негізгі сипаттамалар: үкіметтің тиісті
қаулысы, құрылыс салынатын аудан, шығарылатын өнім мен кәсіпорынның
өндірістік қуаты, шикізатпен, отынмен, газбен, электр энергиясымен, сумен,
т.б. қамтамасыз ететін көздер мен әдістер, өндірісті белгілі бір өнім
түрлерін шығаруға ыңғайлау, құрылыстың аяқталу мезгілі және оның кейбір
жеке бөліктерінің іске қосылуы, жұмсалатын қаражат мөлшері, өзіндік құн
көрсеткіштері, болашақта ұлғайту мүмкіндіктері, т.б. мәліметтер түгел
көрсетілуі тиіс.
Жобалау – жобаның кешенді техникалық құжаттамасын дайындау процесі.
Елді мекендерді, кәсіпорындарды, құрылыстарды, өндіріс орындарын т.б.
тұрғызу, салу не жасау үшін пайдаланылатын техникалық-экономикалық
негіздеуді, есептеуді, сызбалар, модельдер, түсініктеме жазбалар, т.б.
дайындауда қамтиды. Жобалау нысандары бейнелеу түріне байланысты сызбалық
жобалау және көлемдік жобалау болып ажыратылады. Жобалау процесін
жылдамдату үшін автоматтандырылған сызғыш құрылғылармен жабдықталған ЭЕМ-і
бар автоматтандырылған жобалау жүйелері қолданылады. Бөлшектер өлшемдерін
құрылымдық унификациялау және модульдік координаттау жүйесі өндіріске
енгізілгеннен кейін, базалық құралым негізінде бұйымдардың бірқатар өзге
түрлерін алуға мүмкіндік беретін жобалаудың сериялық тәсілі жолға қойылды.
Әр түрлі өндіріс салалары бойынша жобалау арнайы мекемелерде орындалады.
Кейіннен осы әдіс-тәсіл жаңашыл менеджмент ғылымымен астасты. Бұл
жобалау үрдістеріне тың серпін беріп, оның шынайы келбетін арттырды.
Жоба+менеджмент жүйесі кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Ұйымның
тактикасы мен стратегиясын реттейтін тетік рөлін атқарып, мекеменің нақты
жолын көрсетіп беруші болды. Жобалық менеджмент кәсіпорын болашағының
ажырамас бөлігі болып табылды. Өйткені ол қарастырушы объектінің құрылымын,
алыс-жақын мүмкін кезеңдерін, ресурстық шама-шарқын, коммуникациясын
қарастырады. Егер жобаның әрбір элементтері жіті қадағалаумен атқарылса, ол
өте сәтті шығады. Кәсіпорынның бәсекелестерінен озық шығуы оның жобалық
менеджмент жүйесіне тікелей байланысты. Ал жобалық менеджменттің ерекшелігі
оның кадрлық және ақпараттық-технологиялық жетістігіне тәуелді. Сол үшін
жоба менеджментін жүзеге асыруда өспелі фактор назардан таса қалмаған жөн.
1 Жобалық менеджменттің өткені мен бүгіні

1. Жобалық менеджменттің қоғамға енуі
Менеджмент ұғымы бертін келе пайда болғанмен оның мән-мағынасы ежелден
келе жатыр. Адам баласы қолына тас ұстаған кезден бастап қажеттілігін
қанағаттандыру мақсатында бірігіп топ-топ болып еңбек ете бастады.
Менеджментті өзге адамдар арқылы пайдаға кенелу деп есептейтін болсақ,
ұйымдастыру ілімінің алғышарттары сол кезде қалыптасқанын болжай білуге
болады. Ол кезде менеджерлер күш-қуаттың азды-көптілігіне қарай
анықталады. Аң аулауда белсенділік көрсеткендер сатылы билеу жүйесіне ие
болып отырды. Алайда алғашқы қауым өкілдері арасында жоба түсінігі өте
әлсіз болды. Жоба орындалуға тиісті жұмысты орындау барысында айқындалды.
Оның алдын-ала жасалған нақты жобасы, схемасы, сызбасы болмады. Мәселен,
бір топ аң аулауға шықты делік. Жемтіктерін қуа отырып олар аңдардың қашқан
бағытына қарай міндеттерін атқарады. Яғни аң аулаушылардың жұмыс процесі
аңдардың бет алысына тәуелді деуге болады. Рас, алғашқы адамдар арасында
аңдарды белгілі бір орға немесе құзға апарып құлату секілді ойлары болды.
Дегенмен бұл әлі де болса жоба мазмұнын дәл анықтай алмайтын еді. Жоғарыда
аталған адамдар арасында қалыптасып үлгермеген алдын-ала жобалау қажеттілік
қысқан кезде және қауіп-қатер болған кезде ғана жүзеге асырылды. Аң
аулайтын, ас дайындайтын, күзететін қызметшілер болды. Бұл процестердің
жүзеге асуын топ басшысы қадағалап отырды. Осылайша жобалау менеджменті
түрлі формалардан өзіне ғана тін икемділікпен жүріп өтті. Ақыры аяғында бұл
сала ғылыми сатыға көтерілді.
Жобалық менеджменттің ғылыми негіздерін қалыптастыру өткен ғасырдың
соңғы жүз жылдығында басталды. Бұл процесс тез арада әр жақты сипат ала
тұрса да, оның ойдағыдай өркендеу ортасы өнеркәсіптік өндіріс болды. Ғылым
мен техниканың дамуы өндірісті шоғырландыруға, ал соңғысы өз кезегінде
жаратылыс – техникалық білімнің барлық саласында қарқынды іздестіру
жұмыстарына ықпал етті.
ХІХ ғасырдың соңғы он жылдығында өнеркәсіптік электротехникада
энергетикалық база паро – және су - энергетикалық негізде құрылды.
80-жылдардың орта шетінде Г.Даймлер мен К.Бенц автомобиль қатынасының
энергетикалық негізі – іштен жанатын жеңіл бензин двигателін шығарды, ал
1896-1897 жылдары Р.Дизель сол елде энергетикалық негізі ауыр отыннан
тұратын іштен жанатын двигательді ұсынды. Соңғысы өз кезегінде жаратылыс -
техникалық білімнің барлық саласында қарқынды іздестіру жұмыстарына ықпал
етті.
Жобалық менеджмент – дәстүрлерді, тарихты, консепцияларды, теория мен
практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз
дәлелденген қағида. Өйткені тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру
басталған мезетте пайда болды.
Жобалау практикасы ұйымдастыру секілді өте көне. Басқару ісіне
жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны жобалау үшін тиімді
ұйымдастыру қажет болды, бұған өз уағында ең озық ақыл-ой жетістіктері
жұмсалды. Біздің заманымызға дейінгі үшінші мың жылдықта сазбалшықтан
істелген табмыкаларда көне жүйелердің коммерциялық келісімдері мен заңдары
туралы деректер жазылған. Мұның өзі оларда жобалау практикасының
болғандығын дәлелдейді.
Үлкен Клод пен кіші Джордждың Басқару ақыл-ойының тарихы кітабында
біздің заманымыздан 5000 жыл бұрын шумерлер сына жазуды ойлап шығарған
кезден бастап жобалық менеджменттің дами бастағандығы айтылады.
Көне египеттіктер бізге жазбаша ескерткіштер қалдырады. Онда әңгіме
жобалау туралы болады. Осыдан 4 мың жылдай бұрын жазылған Птаххотепа
үйретуі кітабында қазіргі басқарушылар үшін әлі күнге мәнін жоғалтпаған
мынадай ойлар айтылады: Егер сен басшы болсаң, байсалды бол. өтініш айта
келген адам саған ойындағысын айтып біткенше сөзін бөлме. Бақытсыздыққа тап
болған адам, өз мәселесін дұрыс шешкеннен гөрі, ақтарыла сөйлеп, іштей
шерін тарқатқанды жөн санайды.
Еңбекті жобалау проблемасына көне гректер де көңіл бөлді. Платон еңбек
бөлінісінің, жұмыс түрлеріне қарай маманданды, рудың қажеттілігі туралы
пікір айтты. Сократ жобалауды іс-әрекетінің ерекше саласы ретінде
қарастырып, ол да осындай пікірді – қажетті адамды өз орнына қоюды, сөйтіп
оларға берілген тапсырманың орындалуын талап етуді жақтайды. Көне
римдіктерде жобалау жүйесіндегі қызмет сатысында төмен шенділердің жоғарғы
шенділерге бағыну тәртібі енгізілген. Үлкен Катон жобалау міндетін әділ
атқару туралы пікір айтқан. Жер қожасы өзінің басқарушысына бір жылдық
жазбаша жұмыс жоспарын беріп, міндетті айқын қоюы, белгіленген жоспарды
нәтижесімен үнемі салыстырып отыруы, талдауы және қорытынды жасауы тиіс.
Әсіресе, жедел түрде жобалауға ерекше көңіл бөлген. Басқарушыдан:
Жұмысшының біразы ауру, басқаларын қаладағы жұмысқа алып кетті, ауа-райы
бөгет жасады... деген секілді баяндаманы алғаннан кейін, қожайыны жағдайды
айқындап, қажет болған жағдайда тиісті шешім қабылдайды: тапсырмаға түзету
енгізеді, жұмыс істейтіндерді қайтадан бөледі, оларды жабық ғимаратқа
ауыстырады, т.б.
Көне Үнді ғалымдары да жобалау мәселесіне көп мән бере отырып, әр түрлі
сәулет өнерінде, егін шаруашылығында, қолөнерде және т.б. шаруашылықтарды
жетілдіре түсуде тиімді қолдана білген. Ол туралы бүгінгі күнге шейін
жеткен дерек көздері мен қолжазбаларда баяндалған.
Қалай десек те көне заманнан бүгінгі күнге жеткен тарихи және
археологиялық жәдігерлерге көз тіге отырып біз сөз қылып отырған қызмет
түрінің қарқынды дамығанын байқауға болады. Мысалы, египет прамидалары,
Вавилон мұнарасы, Галикарнас мавзолейі, Тәж-Махал, көптеген мұралар соған
дәлел.

2. Жобалық менеджменттің кәсіпорын дамуындағы орны

Жобалау – адамдардың стратегиялық қызметі. Бұл қызметтің мән-мазмұнын
айқындау үшін оның анықтамасынан-ақ бастайық. Жобалау дегеніміз –
кәсіпорынды, ғимаратты салу немесе олардың жаңғырту үшін қажетті техникалық-
экономикалық негіздемеден, сызбалардан, түсіндірме жазбалар мен басқа да
материалдардан тұратын техникалық құжаттама кешенін әзірлеу.
Ал, менеджмент – кәсіпорынды, өндірісті басқару туралы ғылым. Сыртқы
және ішкі факторлардың басқарылатын объектіге ықпалының өзгеруіне
байланысты уақтылы бейімделе білетін, рыноктың жағдаятын, әлеуметтік
құбылыстарды жіті аңғара білетін икемді, тапқыр, экономикалық жүйесі болып
табылады.
Яғни, жобалық менеджмент дегеніміз – тиімді жобалау мен ұйымдастырудың
арақатынасының берік тығыз байланыстылығын білдіреді. Ал, бұл функцияны
орындаушылар жоба менеджерлері деп аталады.
Жоба менеджерлері дегеніміз - өндірісті және тауар айналымы процестерін
ұйымдастыру, жобалау жөніндегі маман. Ол келісімшарт бойынша жұмыс істейді,
оның кәсіпқойлық даярлық деңгейі жоғары, басқару жүйесінде жүзеге
асырылатын қызметі әлеуетті болуы керек. Менеджерлер – фирманың штаттық
қызметкері, фирма менеджментінің өкілі болып табылатын орташа және жоғары
басшылық құрамының лауазымды адамдары.
Осы анықтамадан бірқатар қорытынды жасауға болады. Жобалау ең алдымен
ықпал ету, демек мұның өзі сол әрекетке билік ету қажеттілігін көрсетеді.
Мақсаттылық анықтамасы жобалау міндетін – ұжымның алдына қойған
мақсатына жетуін қамтамасыз етуді көздейді. Оның үстіне мақсат қою да
жобалау міндеті.
Жүйелік анықтамасы дүркін-дүркін емес, жүйелі, үздіксіз жүзеге асыру
қажеттігін көрсетеді.
Әрекеттің осынджай міндетті бірізділігін жобалау процесі деп атайды. Әр
түрлі деңгейде жобалау процестерінің күрделілігіне және алуан түрлілігіне
қарамастан, Д.Н.Бобрышев осы категорияға – жобалау процесіне біршама
жалпылама анықтама береді. Жобалау процесі – бұл шешімді шығаруды,
қабылдауды, қабылданған шешімнің орындалуы жөніндегі жұмыс барысын
үйлестіруді, қабылданған шешімнің орындалу барысын бақылауды бірізділікпен
жүзеге асыру. (1-схема) Бұл анықтама басқару әрекетінің мазмұнын да ашады.
Жобалау процестерін басқарудың көптеген жүйелері мен салаларында жүзеге
асырады. Кәсіпорындар мен мекемелерде, колхоздар мен тасымалдау
орындарында, құрылыс пен жоғарғы оқу орындарында. Яғни, адамдар еңбек
ететін ұжымның барлығында белгілі бір мақсатқа жету үшін жобалау қызметі
бірінші кезектегі міндет болып саналады. Жобалау процесі мемлекттік
деңгейде де, шаруашылық ұйымында да бірдей жүргізіледі. Стратегиялық және
жедел проблемаларды шешкен кезде ол бір мақсатты көздейді, әрине, мұндай
жағдайда көбінесе стратегиялық жобалау, жедел жобалау секілді
терминдерді пайдаланады.
Бірақ мұнда жобалау термині өзгермейді.

2. Шешімнің орындалуын ұйымдастыр – қажетті жағдай
жаса, міндетті түсіндір, оны қалай орындау
керектігін айт.

Ақпарат


4. Бақылау – қабылданған шешімге
сәйкес, мұқият есептеуді негізге ала
отырып жұмыс барысының орындалуын өлше.

1-сурет - Жобалау процесінің мазмұны

Жобалау циклді процесс ретінде қарастырылады, ол жобалау функциясы
деп аталатын басқару жұмысының нақты түрінен тұрады.
Жобалау функциясы – жоба қызметінің нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін
арнайы амалдар мен әдістер, сондай-ақ тиісті ұжымдық жұмыстар қолданылады.
Әрбір жобалау функциясы процесс болып саналады, өйткені, бұлар да өзара
байланысты әрекеттер сериясынана тұрады. Жобалау функциясы барлық
функцияның жалпы жиыны. Жобалау функциясына ғылымның, көптеген
салаларындағы ғалымдар зор көңіл бөлді. Кезінде А.Файоль былайша
тұжырымдаған болатын: Жобалық менеджмент дегеніміз болжалдау және
жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестіру және бақылау. Бұл функция
жобалаудың теориялық категориясы ретінде әдебиеттерде кеңінен
пайдаланылады, бірақ біржақты емес.
Жобалық менеджменттің өзіндік өзгешілігі, ерекше мазмұны болады, әрі
дербес жүзеге асырылуы мүмкін. Оларды кез-келген саладағы адамдар қызметіне
теңдестіруге болады. Шындығында, кез-келген салада жобалау үшін шешімді
әзірлеу және қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру, оның орындалу барысын
үйлестіру, орындалу нәтижесін бақылау және де осы деректердің негізінде
келесі шешімді шығару және қабылдау қажет.
Қазіргі теория мен практикада кәсіпорын жобалау жалпы, шаруашылық іс-
әрекеттің сан-алуан бағыттары мен түр өзгерістерін, атап айтқанда:
құрылымдық өзгертуді, қайта ұйымдастыруды, өндіріс технологиясы мен меншік
формасын өзгертуді және т.с.с. қамтитын ұғым ретінде қарастырылады. Осыған
байланысты бүгінде осы ұғымдардың бәрін айқындап, оларды бірыңғай жүйеге
құрау қажет, өйткені олар отандық кәсіпорындардың жаңа даму деңгейіне көшу
үшін реформалау процесін толық сипаттайды.
Құрылымдық өзгерту кәсіпорынды жобалаудың жалпы бағдарламасының бір
бөлігі ғана, сондықтан да, оны кәсіпорын қызметінің тиімділігін көтеретін
басты жобалау механизмдерінің бірі ретінде қарастыруға болады.
Жобалаудың екінші басты факторы корпоротивтендіру. Шетелдік зерттеулер
көрсеткендей, құрылымдық өзгерту барысында жекелеген шаруашылық салаларында
бір жұмысшыға шаққандағы өнімділік 12-20%-ға артып, жобаны іске асырудың
инвестициялық циклі 13-15%-ға, ал жобаның ауқымы 17-19%-ға ұлғайды.
Бізге Анри Файоль айтқан жобалық менеджменттің алты функциясы белгілі:
болжалдау, жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестіру және бақылау.
Енді соларға аз-кем түсінік берейін.
Болжалдау – кәсіпорыннң белгілі бір мақсатты көздеген стратегиясы мен
перспективасына жасалған алдын-ала есептелген нақты емес бағдары. Өйткені,
жасалынған болжомдар әркез сәйкес келе бермейді. Егер ол дәл келсе
болжамның тиянақты істелгенін көрсетеді.
Жоспарлау - жобалық менеджменттің ішіндегі ең елеулісі болып саналады.
Жоспарлау кәсіпорын мен бөлімшенің жобалық мақсатын таңдап алудан тұрады,
сондай-ақ осы мақсатқа жету амалдарын қарастырады. Жоба менеджерлері
жалпылама және нақты жағдайда ұйым мақсатын орындау үшін ұйым мүшелері нені
істеу керектігін анықтауы тиіс. Жоспардың ақиқатығына көз жеткізу үшін оны
келісе отырып қайтадан қарап, пысықтап шығады.
Ұйымдастыру – демек нендей бір құрылым құру. Ұйым өзінің жоспарын
орындау, сол арқылы мақсатына жету үшін конструициялауға қажетті көптеген
элементтер болады.
Ұйымда жұмысты адамдар істейтін болғандықтан ұйымдасырудың маңызды
жағдайларының бірі – ұйым ішіндегі толып жатқан міндеттерді, соның ішінде
жобалау жұмысын кімдердің орындау керектігін анықтап алу. Басшы адамды
нақты жұмыстарға бөледі, жекелеген адамдарға тапсырмалар мен биліктер
немесе ұйым ресурстарын пайдалану правосы беріледі. Мұның өзі олардың өз
міндеттерін тиянақты орындауына деген жауапкершілік жүктейді.
Жарлық беру – жоба жетекшісінің қарамағындағы белгілі бір жұмысшы
атқаруға немесе кәсіпорын жұмысына жаңашылдық немесе өзгеріс енгізуіне
қатысты беретін нұсқауы. Жарлық көбінесе бұйырамын, тапсырамын деген
секілді етістіктермен аяқталады. Жарлықтың қаулы, тапсырыс секілді
құжаттардан айырмашылығы, оны тек жоғарғы басшылық қана шығара алады.
Үйлестіру – кәсіпорын коммуникациясының барлық буындарын: адамдар
арасындағы өзара қарым-қатынасты, ресурстарды және қаржыны тиянақты
реттеуді және мамандану саласын іріктеуді бір-біріне икемді түрде
қабыстыру. Бұл қызмет түрін орындауда кейде арнайы үйлестіру кеңесі
жасақталса, кейде арнайы кадр тағайындалады.
Бақылау - күтпеген жағдайға байланысты ұйым өзінің бастапқы басшы
белгілеген бағытын өзгертуі мүмкін. Сондықтан да басшының міндеті, ұйымға
елеулі зиян келмей тұрғанда алғашқы белгіленген жоспардың өзгеру себебін
тауып, анықтау болуы тиіс.
Бақылау – бұл ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ету процесі.

2 Жобалық менеджменттің дамуы

2.1 Жобалық менеджменттің автоматтық-ақпараттық дамуы
Жобалауды автоматтандыру – құралдарды, машиналарды, жүйелерді, т.б.
жобалау процесінде, яғни жобаланатын зат қасиеттерін есептеуден бастап
дайын болған үлгінің техникалық құжаттарын жасау мен оны сынақтан өткізу
нәтижелерін талдауға дейінгі процестерге есептеу техникасын қолдану.
Қазіргі кезде математикалық, бағдарламалық, информациялық ақпараттармен
қамтамасыз етілген ЭЕМ, графосызғыш, графикалық ақпаратты кодтауыш секілді
техникалық құралдар негізінде құрылған жобалаудың автоматтандырылған
жүйесін қолдану жобалық автоматтандыруды дамытудың негізгі бағыты болып
саналады. Жобалаудың автоматтандырылған жүйесін математикалық қамтамасыз
ету - жобаланатын нысанның математикалық моделін, жобалау алгоритмін,
алгоритмдік тілді, терминологияны, арнайы стандарттарды жасау.
Бағдарламалық қамтамасыз ету – операциялық жүйе, бағдарламалау тілдерінен
аударатын, транслятор, супервизор, қолданбалы бағдарламалар пакеттері
кіретін басқарушы бағдарламалар жиынтығы. Бағдарламалық қамтамасыз етуге
жобалаудың стандарт процедурасы, типтік жобалау шешімдері, жобаланатын
нысанның типтік элементтері туралы жазылған құжаттар жатады. Республикада
жобалық автоматтандыру саласындағы ғылыми-зерттеу және оны іс жүзінде
қолдану жұмыстары 20 ғ-ң 60-жылдарынан бастап Қазақ политехникалық
институтында, Химиялық машина жасауды жобалау және ғылыми-зерттеу
институтында, Мемлекеттік Орта Азиялық аймақтық астық дайындау өнеркәсібін
жобалау және ғылыми зерттеу институтында автоматтық басқару жүйесіндегі
жобалауды автоматтандырудың теориялық негіздері мен жүйесін, сондай-ақ
түсті металлургия кәсіпорындарындағы газды тасымалдау мен тазартудың
өнеркісіптік кешендерін жобалық автоматтандырудың теориялық принциптері мен
жүйелері жетілдірілді. Астықты сақтау мен қайта өңдеу жөніндегі
кәсіпорындарда жобалық автоматтандырудың теориялық негіздерін дамыту және
жетілдіру туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, өнеркәсіптік
пайдалануға берілді. Өнеркәсіптік үйлерді жобалаудың қаражаттық
құжаттамаларын жетілдіруді автоматтандырудың кешендік жүйесі жете
зерттеліп, өндіріске енді. Қазіргі уақытта жобалық автоматтандыру біртұтас
ЭЕМ-дер көмегімен атқарылады.
Адам қызметінің алуан түрлі саласында дербес ЭВМ-дердің жаппай
қолданылуы ұйымдық басқарудың берік технологиялық базасын құруға мүмкіндік
береді. Мұндай базаның техникалық негізі – жоба менеджерлерінің үстеліндегі
миллиондаған ЭВМ-дер болуы тиіс.
Жаңа мәліметтік технологияларды жаппай енгізу стратегиясы мынадай
негізгі айқындамаларға негізделуі тиіс:
- енгізу кезеңдермен жүзеге асырылуы, бірақ мұндайда бастапқы
кезеңнің өзінде қарапайым түрде оның түпкі мақсаты жүзеге
асырылуы тиіс. Алғашқы кезеңдерде шешілетін функциялық
міндетте техниканы пайдаланушылар – техникалық
қызметкерлерден басшыларға дейін толық қамтылуы тиіс;
- ұйымдық құрылымның және қызметкерлердің компьютерлерге
әзірлігін тексеру қажет;
- алғашқы кезеңдерде жаңа мәліметтік технологиялардың
мекемелерге бірте-бірте енгізілуін жүзеге асырып, алынған
нәтижелерді толық талдағаннан кейін ғана дербес
технологияларды интеграциялауды, ұйымды жаңаша құруды
ойластырған жөн.
Нарықтық экономикаға көшкен жағдайда жобалық менеджмент жүйесінің
өнімді жұмыс істеуі жедел шешім қабылдай білу мүмкіндігіне байланысты. Жаңа
мәліметтік технологияда пайдаланушылар мен ПЭВМ-нің адам-машина диалогы
процесінің мағлұматтарымен және тәжірибесімен өзара молаюы, жоба
шешімдерінің барлық процесін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда атап көрсетілгендей механикаландыру және автоматтандыру
дәрежесі бойынша мәлімет жүйесін автоматтандыруға болады. Мұнда, әрине,
толық автоматттандыру бола қоймайды, өйткені, басқару шешімдерінің
көпшілігі автоматтандыруға көнбейді, мұның өзі творчестволық сипатта
болады, әрі объективті және субъективті факторлар жиынтығына тәуелді.
Сондықтан да жобаланатын жұмыс орнында ПЭВМ жобалық басқарудың
автоматынан гөрі, негізінен жоғары өнімді ассистент функциясын атқаруы
тиіс. Тек осы тұрғыдан ғана мекеме қызметінде автоматтандырылған жұмыс
орнын енгізген, осылайша жобаға дербес ықпал еткен жөн.
Жобалаудың жұмыстық жүйесі қамтамасыз етудің бес технологиялық жүйе
тармағынан тұрады:
- құралдар енуі тиіс.
- мәліметтерді іздестіретін және талдайтын құралдар, бұған
әртүрлі мәлімет анықтама жүйелері, аналитикалық
картотекалар, экрандық графика құралдары жатады;
- басқару және экономикалық модельдеу құралдары, бұған
экономикалық-математикалық модельдер, электронды
кестелер,шешім қабылдау модельдері жатады;
- сарапшылық (эксперттік) жүйелер, бұларды мағлұматтар базасы
сүйемелдейді;
- алуан түрлі есептеу – логикалық міндеттерді шешу құралдары;
- қалыптастыру және текстік мәліметтер құралдары.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобаларды басқару үрдістері
Инвестициялық жобаны бизнес жоспарлау және оны басқару
Инновациялық жобаларды жасақтау
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының тәжірибесіне жобалық басқару технологиясын енгізуді жетілдіру
Жобаны басқару процестері
Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау
Инвестициялық жобаларды талдау әдістері
Бизнес жобаның тиімділігін бағалау
Жобаны басқару. Лекция тезистері
Жоба ұғымының анықтамасы
Пәндер