Басқарудың экономикалық әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

ІТарау. Басқару әдістерінің мазмұны мен классификациясы
1.1.Басқарудың экономикалық
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

ІІТарау. Казпочта АҚ-ның басқару әдістерінің қолданылуы
2.1. Казпочта АҚ менеджментінің рөлі мен
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... .13
2.2. Казпочта АҚ басқару
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
6

ІІІ Тарау. ҚР-ның өзін-өзі басқаруы
3.1. Өзін-өзі басқарудың функциялары немесе
принциптері ... ... ... ... ... ... ... 25

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...43
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 45

Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін
ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екен дегін
республикакамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз
жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі
өзгерістер енгізді және жыл сайын келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін
қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын
әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие-ақша және қаржы
шаруашылығы: ақша несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде
бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; нарық экономикасымен және
меншіктің көп түрлі формасында бейімделген екі буынды банктік жүйенің
қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемелекеттік банктік
құрылымдардың әкімшілік- әміршіл басқару жүйесінен – пайда табуға,
коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық
қатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.
Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа
кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік
институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар
ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.
Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел
банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде
жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін ендіру негізінде
ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.
Басқару әдістері – басқарушы субъектінің белгілі бір нәтижелерге қол
жеткізуі үшін басқару объектісіне ықпал етуде қолданатын құралдар мен
тәсілдердің жиынтығы. Басқару әдістері мен басқару процесінің әдістері
бөліп көрсетіледі. Мұның соңғысы басқару процесін қалыптастыратын жеклееген
операцияларды, процедураларды, жұмысты орындаудың тәсілдерін береді. Бұған
кіретіңдер:
- мақсаттарды анықтаудың ережесі;
- басқару шешімдерін әзірлеу мен оңтайландыру әдістері;
- Нақты ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру;
- Жекелеген міндетті істерді орындау әдістері: болжау және т.б.
Осылайша, тек жекелеген жұмыстарды орындауға келетін басқару процесінің
әдістерінен басқару әдістерінің айырмашылығы, ол (басқару әдістері) басқару
объектісіне ықпал етудің аяқталған актісін сипаттайды.
Жіктеудің жалпы тәсілдерінің бірі – бұл жалпы ғылыми және өзіндік
ерекшелігі бар әдістерін олардың білім салаларында қолданылу критерий
бойынша бөлу болып табылады.
Менеджмент әдістерінің арсеналын қалыптастыратын негізгі принциптерді
бөліп көрсетуге болады. Оған жататыңдар: мәселені анықтаудың ғылыми
негізделген тәсілдемесі; толық сипаттау принципі; әрбір мәселені шешудің
әдістерін толық ұсыну және басқару әдістерінің арсеналын ақпаратпен
қамтамасыз ету принципі.
Өндірісті басқарудың барлық процесінде әдістер жүйесі аса маңызды рөл
ойнайды. Оның көмегімен объектінің нақты әлеуметтік-экономикалық дамуы және
нарықтық экономиканың мақсаттары жүзеге асырылады. Нарықтық экономикаға
көшу өндірістің басқару әдістерінің мазмұны мен сипатын түбегейлі өзгертуге
әкеледі.
Басқару әдістерінің өндірістің нақты тәсілдерінің өзіндік ерекшелігі бар
белгілерін көруге болады. Оларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты: басқару әдістерінің мазмұны мен
классфикациясы және басқару әдістердің Қазпочта АҚ-да қолданылуы туралы
мәселесін толық ашу.
Зерттеу нысаны ретінде қазіргі дамыған Қазпочта АҚ-ын көрсеттім.
Курстық жұмыстың құрылымы. Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда, басқару әдістерінің мазмұны мен классификациясын, яғни
басқарудың экономикалық әдістері және басқарудың әлеуметтік-психологиялық
әдістерін қарастырдым.
Екінші тарауда, мен Казпочта АҚ-ның басқару әдістерінің қолданылуын
туралы мәселесін толық аштым.
Үшінші тарауда, өзін-өзі басқаруды талқындадым.

ІТарау. Басқару әдістерінің мазмұны мен классификациясы
1.1.Басқарудың экономикалық әдістері
Экономикалық әдістердің тұтас жүйесі нарықтық экономика жағдайында
мынадай міндетті істерді орындайды: реттеуші, теңгерімші және бөлуші.
Экономикалық әдістердің көмегімен тауарларды өндіру мен айырбастауда,
тауарлардың экспорты мен импортының көлемі мен бағытында және басқа да
экономикалық процестерде құрылымдық жылжулар реттеледі.
Нарықты қалыптастыру мен қалыпты жағдайға түсіруде экономикалық әдістердің
ең тиімді пайдаланылатын бағыттарының бірі – жекелеген қызмет салалары мен
түрлерін саралау тәсілдемесі болып табылады. Бұл саралау ең алдымен
экономикалық ынталандыруды күшейтуді талап ететін өндірістің артықшылығы
бар салаларында, яғни басым салаларында қолданылуы керек, салық және
процент мөлшерлемерінде, еңбекақы деңгейінде, қысқа мерзімде және ұзақ
мерзімді кредиттерде артықшылықтарға ие болу қажет.
Нарықтық қатынастарды қалыптастырудың түпкі мақсаттарына қол жеткізу үшін
микродеңгейдегі (кәсіпкерлердің әрекет ететін саласындағы) басқарудың
экономикалық әдістер жүйесін әлеуметтік бағыттағы тиімді нарықтың
талаптарына сәйкес орайластыру (ыңғайластыру қажет.
Басқарудың экономикалық әдістері – бұл адамдардың экономикалық
қатынастары мен олардың экономикалық мүдделерін пайдаланатын адамдарға
ықпал етудің тәсілдері мен әдістері.
Басқарудың көптеген экономикалық әдістерінің арасынан өндірістің
тиімділігін бастапқы буын деңгейіне дейін арттыра алатын әдістерді бөліп
көрсетуге болады.
Оған мыналарды жатқызуға болады:
- экономикалық ынталандыру;
- экономикалық тетікті шаруашылық есепке көшіру;
- баға және баға белгілеу;
- фирмалардың қаржылық саясаты және т.б.
Экономикадық ынталандыру – жұмыскерлердің экономикалық мүдделерінде
көрініс табатын өндірісті басқарудың әдісі. Оның негізін ЖҰӨ жалпы табысына
қосқан үлесіне қарай өндірістік ұжымның және әрбір қатынасушының табыстарын
қалыптастыру құрайды.
Экономикалық ынталандыру мынадай негізгі принциптерге сүйенеді:
- экономикалық ынталандырудың мақсаттарын қоғамды дамытудың
мақсаттарымен ымыраластырып (келісімге келтіріп), өзара байланыстыру;
- қоғамдық өндірістің құрылымындағы жоспарланған өзгертулерді жүзеге
асыруға бағытталған экономикалық ынталандыруды саралау;
- ұжымдық және жеке мүдделерді біріңғай болуын қамтамасыз ететін
алғышарттарды жасау;
- экономикалық ынталандыруды моральдық ынталандырумен ұштастыру;
- кәсіпорындардың жәнем лауазымды тұлғалардың материалдық
жауапкершілігін қарастыратын экономикалық санкциялармен экономикалық
ынталандыруды ұштастыру.
Экономикалық ынталандырудың маңызды элементіне материалдық ынталандыру
жатады. Ол әр түрлі формада жүзеге асырылады, оны ең алдымен әрбір
жұмыскердіңеңбекақысы түрінде және ұжымның еңбек нәтижелерін ынталандыру
түрінде жүзеге асыруға болады.
Еңбекақы материалдық тұрғыдан ынталандыратын жүйеде жетекші орын алады.
Шаруашылық жүргізудің іс-тәжірибесінде бірігіп еңбек етуге және шұғыл
міндеттерді (тапсырмаларды) қабылдап, орындауға ұжымның материалдық
тұрғыдан мүдделілігін тудыратын әдістерді әзірлеу әдісі маңызды мәңге ие.
Экономикалық ыцнталандырудың көтермелеу қорын қалыптастырушы тетігі
аударылатын (ұсталатын) аударымдардың нормативтерін белгілеуді, қор
мөлшерін анықтайтын әдістерді әзірлеуді қарастырады. Нақ осы бағытта ғана
ол ұдайы жетілу үстінде болады.
Басқару тетігінде фирмалардың, бірлестіктер мен салалардың өндірістік-
шаруашылық қызмет нәтижелеріне және олардың басқару органдарының
басқарушылық тиісті (міндетті) істерді қалай орындағанына экономикалық
тұрғыдан жауап берудің, яғни экономикалық жауапкершілік әдістері маңызды
орын алады.
Шаруашылық тетіктің экономикалық тұтқасы фирманың әлеуметтік-экономикалық
табиғатымен сәйкеседі әрі нарық негізінде айырбастаудың және өндірісті
дамытудың бір факторы болып табылады. Мұнда шаруашылық жүргізудің маңызды
элементі ретінде коммерциялық есептің мазмұнын зерделудің айрықша мәні бар.
Ол басқарудың міндетті ісінде, экономикалық тұтқалар мен құралдарды да
синтездейді. Ол өндірістің пайдасын – нәтижелерін, шығынын өлшеуге
бағытталған.
Фирманың іс-әрекет жасауының экономикалық тетігі коммерциялық есеп әдісін
пайдалануды ұйғарады. Бұл ұйғарымның себептері мынадай:
- өндіру мен өткізудің пайдалы болуын қамтамасыз ету;
- инвестицияларды бөлу және өндірісті орналастыру;
- қаржыландыру және кредит беру;
- технологияларды дамыту және т.б.
Орталықтандырылған тәртіптегі коммерциялық есеп аясында, сондай-ақ,
мынадай экономикалық тұтқалар мен құралдар пайдаланылады:
- баға белгілеу саласындағы ғаламдық (глобальная) саясат;
- өндіріс шығындары;
- қаржыландыру және кредит беру.
Бұл саясат тұрақты пайда алып отыруды көздейді. Ол коммерциялық
есептің түпкі мақсаты болып табылады.
Коммерциялық есептің ерекшеліктері, яғни ерекше жақтары
(орталықтандыруды күшейту және өндірістік бөлімдерге дербестік беру) ең
алдымен жоспарлау, бақылау функцияларын дамытумен әрі коммерциялық есепті
осы функцияларды істерді жүзеге асырудың әдісіне айналдырумен байланысты.
Коммерциялық есеп аясында ішкі фирмалық есеп деп атауға болатына фирма
ішіндегі қарым-қатынастардың формасы пайда болып, дамиды. Бұл форма
корпорация ішіндегі жабдықтаумен байланысты фирманың жекелеген
бөлімшелерінің өзара қарым-қатынасын, сондай-ақ осы негізде қалыптасатын
шаруашылық қатынасты бейнелейді.
Ішкі фирмалық есеп шаруашылық жүргізудің жаңа әдісі ретінде басқарудың
орталықсыздандырылған құрылымына ие кәсіпорындарға тән.
Коммерциялық ішкі фирмалық есеп әдістері шаруашылық есептің біртұтас
жүйесін білдіреді. Бұл олардың мақсаты мен міндеттерінің ортақ болуымен
түсіндіріледі. Яғни, бүкіл фирма мен оның бөлімшелерінің алдына қойылған
мақсат пен міндеттер коммерциялық және ішкі фирмалық есеп әдістерін
шаруашылық есептің біртұтас жүйесіне айналдырады.
Ішкі фирмалық есеп көп жағынан коммерциялық есептің элементтерін
қамтиды, өйткені ол коммерциялық есептің мақсаттарын жүзеге асыруға
бағдарланған.
Ішкі фирмалықө есептің басты айырмашылығы: ол бір ғана компанияның
меншік аясында жүзеге асырылады, ал коммерциялық есеп – бұл есепті
жүргізуге мүмкіндік беретін әрі әр түрлі меншік иелерінің арасындағы қарым-
қатынасты бейнелейтін шаруашылық етудің әдісі болып табылады.
Басқару тетігінің әр түрлі экономикалық тұтқаларының ішінен басты
орынды фирманың экономикалық қызметін барлық жағынан бейнелей алатын баға
және баға белгілеу алады.нарықты монополиялық тұрғыдан реттеудің осы
замаңғы жағдайында бағаның рөлі мен мәні, оны қалыптастырудың шарты мен
даму тенденциясы елеулі өзгеріске ұшырады. Бұл реттеудің басы мен нақты
нарық күшін тоқайластыру білдіретін барлық баға белгілеу тетіктерінің
сапалы түрде өзгергенің айғақтайды.
Бұл өзгерістердің елеулі жағына бағаның өндірісті тікелей реттейтін
ретіндегі ролінің әлсіреу салдарынан құн заңы әрекет ететін салалардың

1.2. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері

Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері ұжымды қалыптастыру әрі
дамыту процесіне, олардың өз араларындағы әлеуметтік процестерге ықпал
етудің нақты амалдары мен тәсілдерінбілдіреді.
Бұл әдістердің мақсаты – адамдардың өсе түскен, яғни өскелең
әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың жан-жақты үйлесімді
дамуын қамтамасыз ету және осылардың негізінде жеке тұлғаның еңбекке деген
құлшынысын, ұжымдардың тиімді еңбек етуін арттыру.
Басқару әдістері ең алдымен ықпал етудің бағытын анықтайтын өзінің
уәждемелік (мотивационной – себеп тудыратын) сипаттамасымен ерекшеленеді.
Бұл сипаттама адамдардың мінез-құлқын анықтайтын және тиісті әдіс топтарына
бағдарланған уәждемелерді (мотивы – себепкерлер) көрсетіп береді.
Әлеуметтік-психологиялық әдістері рухани мүддеге (қажеттілікке) ықпал
етудің мүмкіндіктерін пайдаланады. Әлеуметтік уәждеме (мотивация) саяси,
моральдық, ұлттық, отбасылық және басқа да әлеуметтік мүдделердің бағдарын
қарастырады.
Ұжымның әлеуметтік сипаттамасы мен өндірістің экономикалық және
ұйымдастырушылық көрсеткіштері арасында тығыз байланыс болады. Әлеуметтік
мәселелерді шешіп алмайынша еібекке деген дұрыс қатынасқа (көзқарасқа)
өндірісті тиімді дамытуға қол жеткізу мүмкін емес.
Әлеуметтік-психологиялық аспектіде өндірістік ұжымның рөлін қалай
ұғуға болады?
Өндіріс ұжымы – бұл қоғамның пайдасы үшін бірігіп қызметететін, ортақ
мақсат, ортақ мүдде бастарын біріктірген, бәрі біреу үшін, біреу бәрі үшін
жауап беретін, бір ұйымға жұмыс істейтін адамдардың жиынтығы.
Өндіріс ұжымы – бұл бірігіп еңбек ететін адамдардың тек жай ғана бас
қосуын білдірмейді. Ол жекелеген жұмыскерлер мен олардың топтары арасындағы
тұрақты әрекет ететін экономикалық, өндірістік-техникалық, өнегелік
(нравственных), мәдени,
Басқарудың әлеуметтік әдістері
Әлеуметтік әр қилы әдістердің кең спектірін қамти алады:
- әлеуметтік-саяси;
- әлеуметтік реттеу;
- әлеуметтік бастама;
- моральдік ынталандыру.
Әлеуметтік нормалау әдістері әр түрлі әлеуметтік нормаларды енгізу
жолымен ұжым және жеклееген жұмыскерлер арасындағы әлеуметтік қатынасты
оңайлатуға мүмкіндік тудырады. Бұл нормаға ішкі тәртіп ережесі, ұйым
жарғысы, әр түрлі кодекстер, өндірістік әдеп ережелері, тәртіпке шақыру
формалары жатады.
Әлеуметтік –саяси әдіс – бұған қоғамдық ұйымдардың ықпал ету әдістері
кіреді.
Әлеуметтік реттеудің әдістері әр түрлі ұжымдардың топтардың,
тұлғалардың мүдделері мен мақсаттарын анықтау және реттеу жолымен
әлеуметтік қатынастарды ретке келтіріп, үйлестіруде пайдаланылады.
Моральдік ынталандыру әдістерін өз қызметтерінде жоғары нәтижелерге
қол жеткізген жеке жұмыскерлерді, ұжымдарды көтермелеу үшін қолданады.
Басқарудың психологиялық тәсілдері адамдар арасындағы қарым-
қатынастарды ұжымда үйлесімді ахуал жасау арқылы реттеуге бағытталған.
Басқаруды ұйымдастыру адам психикасының жұмыс істеуі, яғни дүние
таным, қиял, ықылас-ілтипат және басқа элементтер негізінде жүзеге асады.
Соныдқтан, адамның уақыт сәтіндегі психикалық ахуалы оның жеке іс-қызмет
нәтижелеріне тікелей және тура әсер етіп қана қоймайды, барлық ұжымның іс-
қызмеи қорытындыларына да әсер етеді.
Басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде адамдардың іс-
қызметтегі мінез-құлқының заңдарын ескеру қажет. Бұлар:
- адам әрқашан өзі аз шығарып, көп нәтижелерге жетуге ұмтылады;
- әрбір адам нәтижесінде жарамды формада өзіне ең көп шамадағы
көтермелеу мен ең аз шамада жаза болатындай әрекет етуге ұмтылады;
- әрбір адам өзін іс жүзінде көтермелейтін немесе жазалайтын
инстанция не айтса, соны істейді;
Басқарудың психологиялық әдістеріне мыналар кіреді:
- шағын топтар мен ұжымдарды іріктеп жинақтау;
- еңбекті ізгілендіру;
Әлеуметтік-психологиялық әдістері рухани мүддеге (қажеттілікке) ықпал
етудің мүмкіндіктерін пайдаланады. Әлеуметтік уәждеме (мотивация) саяси,
моральдық, ұлттық, отбасылық және басқа да әлеуметтік мүдделердің бағдарын
қарастырады.

ІІТарау. Казпочта АҚ-ның басқару әдістерінің қолданылуы
2.1. Казпочта АҚ менеджментінің рөлі мен маңыздылығы

Қазақстан почтасының бұрынан келе жатқан тарихи дәстүрі бар. Патшалық
Ресейдің почталық-телеграф байланысының мұрағаттық қорларындағы деректерге
сәйкес, 1860ж Верный қаласында (Алматы қаласы) алғашқы почталық байланыс
бөлімшесі ашылды, кейінен ол 1883 жылы 14 почталық байланыс бөлімшесі бар,
почталық-телеграф кеңсесіне айналды.
Бүгінгі күні Қазпочта АҚ қарауында Республикамыздың барлық елді
мекендерін қамтитын 3500-ден астам почталық байланыс бөлімшелерінен
тұратын, кеңінен тармақталған желісі бар, динамикалық түрде дамып келе
жатқан кешен болып табылады. Мұндай негіздің болуы халыққа және
корпоративтік клиенттерге почталық, қаржылық, агенттік қызметтер көрсетудің
жалпыға бірдей жеңіл болуын қамтамасыз етеді.
30 мамырда Қазпочта АҚ Қостанай облыстық филиалының мәслихатханасында
басшылық құрамының кеңесі өтті. Желілерді дамыту, шағын бизнес қызметіне
беру, Сапа менеджментінің стандарттары, Телекомның аутсорсинг қызметі,
ТЖБ ұйымдастыру құрылымын жетілдіру сияқты және басқа тақырыптар
талқыланды. Сонымен қатар филиал қызметінің ағымдағы жылдың 4 айлық қаржы-
шаруашылық қорытындылары шығарылды.
Қаржы-экономикалық бөлімнің бастығы О. Кулагин өз сөзінде филиалдың таза
табысы бойынша жоспар 2 есе асыра орындалғандығын, бірақ, мұнымен тоқталмай
алға нық қадам басу керектігін, өйткені көптеген қызмет түрлері өсу
үрдісінің төменгі деңгейін көрсететіндігін атап өтті. ТЖБ бастықтарына
табыстарды көтеру және барлық қызмет түрлері бойынша жоспарды орындау
жөнінде тапсырма берілді.
ҚжПБПБ бастығы Н. Силенко тораптардың бастықтарын Қазпочта АҚ желілерді
дамыту және қызметті шағын бизнеске беру жөніндегі саясатымен таныстырды.
Директордың орынбасары М. Дүйсембина сапа саласында Қазпочта АҚ саясаты
мен сапа менеджменті стандарттарының тұсаукесерін өткізді. СМС енгізуге
қатысты филиалда ТЖБ ұйымдастыру құрылымын жетілдіру жөнінде тұрақты жұмыс
жүргізілуде.
Қостанай ОФ директоры В.М. Константинов кеңесте бөлімшелердің басшыларын
еңбекақы төлеуде өзгерістермен таныстырды, тораптардың бастықтарының
көкейтесті сұрақтарына жауап берді.
Денисов АПБТ почташылары кезекті мерекені дайындауға жан-жақты
дайындалды. Қонақтардың назарына концерттік нөмірлер, ең белсенді
жазылушыларға алғыс хаттар, баспасөзге байланысты қызықты жүлделер
ұсынылды. Балалар асфальтқа сурет салумен өз өнерлерін көрсетті, ал АПБТ
қызметкерлері қонақтарға бауырсақпен және дәмді шаймен сыйлады. Ауданның
өнер көрсетуі дәстүрге айналған, аудан әкімшілігі, маслихат шараларына
белсенді қатысатын ұжымдардың концерттері, жергілікті Наше время газеті,
аудан кітапханалары Жазылушы Күнін ауданның мәдени өмірінде есте
қаларлықтай оқиғаға айналдырды.
Сәуір айынан бастап Қостанай облыстық телекомпанияның эфирінде Почталық
сауатсыздықты жою атты почта туралы хабарлар сериясы шыға бастады. Онда
филиалдың почталық және қаржылық қызметтерге кәсіптенген шеберлер халыққа
Қазпочтаның көрсететін қазіргі почталық-қаржылық-жазылым, зейнетақы төлеу,
төлемдер қабылдау сияқты қызметтер туралы әңгімеледі. Хабардың бірі арнайы
жаңа почталық жәшіктерді жарнамалауға арналды. Облыстық филиалда
Қазпочтаның дамып келе жатқан және тұрақты кәсіпорын ретінде беделін
қалыптастыру сияқты хабардың мақсатына қол жеткіземіз деп үміттенеді.
Түсірілімге жауапты Даму және сауда-саттық бөлімінің мамандары
филиалдардағы әріптестерімен осы бағыттағы өз тәжірибелерімен бөлісуге
дайын.
 Кездесудің негізгі тақырыбы - Қазпочта АҚ желілері бойынша газеттерді
сатуды арттыру. Қазпочта АҚ желілері бойынша газеттерді сатуды арттыру
үшін күнделікті газеттерді облыстық және ауылдық байланыс бөлімшелеріне
жеткізу көлемінде және сатылуы бойынша төлеу жөнінде шешім қабылданды.
Сатылмаған таралым редакцияларға және баспаларға қайтарылатын болады.
Бұл жаңалық баспа басылымдарын таратушыларға қорықпай басылымдарды үлкен
көлемде сату үшін алуға, сондай-ақ, олардың түрлерін едәуір кеңейтуге
мүмкіндік туғызады, өйткені бұрын газеттер мен журналдар киоскілер мен
байланыс бөлімшелеріне қатаң өтінім бойынша ғана, яғни шектелген көлемде
жеткізілген. Тапсырыс берушілерге сатылмаған газеттерді қайтарып беру
мүмкіншілігі болмаған, бұл көптеген мамандандырылған басылымдарды сатуды
тиімсіз жасаған. Бұл өз кезегінде кейде оқырмандардың өздеріне қажетті
басылымдарға қол жеткізе алмау жағдайын туғызды.
Тараптар бір ай ішінде рынок көлемін, яғни әр облыстың мерзімді
басылымдарына қажеттілігін анықтау жөнінде уағдаласты. Сонымен кездесуге
қатысушылар оқырмандардың кез келген уақытта шалғай жатқан ауыл
аудандарында қажетті басылымдарды сатып алуға мүмкіншілік алатындықтарын
атап өтті.
 2005 жылғы сәуір айының 28-ші жұлдызында Алматы почтамтының ғимаратында
Қазпочта АҚ өкілдерінің бұқаралық ақпарат құралдарының редакторларымен,
баспагерлермен және меншік иелерімен кездесуі өтті. Мәжілістің негізгі
тақырыбы мерзімді баспа басылымдарын тарату мәселесі болды.
Таяуда Алматы қаласында өткен Қазақстан журналистерінің IV Конгресінде
баспа басылымдарын таратушыларға бірқатар сұрақтар қойылған болатын. Осыған
орай, Алматы почтамтында өткен мәжіліс, оны ұйымдастырушыларының негізгі
арқауы бойынша жинақталған көкейкесті мәселелерді шешуде әрі қарай өзара
тиімді ынтымақтастық жасау жолдарын іздестіруге бағытталды.
БАҚ өкілдерінің алдындаҚазпочта АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары
Рамазан Тұңғышбаев құттықтау сөз сөйледі, оның ойынша, бүгінгі күні негізгі
проблемалар көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға, әсіресе ауылдық
жерлерде мерзімді баспа басылымдарын тарату мәселесіне қатысты.
Бүгінгі біздің саясатымыз ауылдық жерлерде жеткізіп берушілерді
мемлекеттік жәрдем қаражат беру принциптерін анықтауға бағытталған. Р.
Тұңғышбаев, осы кездесу шеңберінде ауылдық жерлерде жеткізу желілерін
қалыптастыру мәселелерінде күшімізді біріктіруіміз қажет, - деп
есептейтіндігін атап өтті.
БАҚ өкілдері өз таптарынан бірлескен жұмыста белсенді қатысуға дайын
екендіктерін білдірді. Баспагерлердің ойынша, бүгін баспасөзді, әсіресе
ауылда қарқынды тарату жөнінде нақты қадамдар жасау уақыты келді.
Мәжіліс шеңберінде Қазпочта АҚ-да мерзімді баспа өнімдерін таратуды
ұйымдастыру атты тақырыпқа тұсаукесер өткізілді.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар редакциялар мен баспалардан қабылданған
жазылым үшін төлеу тәртібіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Сонан соң басылымдарды тарату жөніндегі почталық байланыс қызметін
көрсетудің баға саясаты мен тарифтеріне қатысты пікірталас жүргізілді.
Кездесуде басылымдарды таратушылар мен баспагерлердің өздері бола алатын
қауымдастықты құру жөнінде идея аталды.

2.2. Казпочта АҚ басқару әдістері
Қазпочта АҚ-ның бірнеше негізгі қызметтері бар: қаржылық,почталық және
агенттік
Қазпочта АҚ почта байланысының ұлттық операторы болып табылады және
әлемдік почта қоғамдастығында Қазақстан Республикасының атынан өкілдік
етеді.
Бүгінгі таңда Қазпочта АҚ кең ауқымда почталық, қаржылық, агенттік және
басқа да қызметтерді көрсетеді, сондай-ақ, ақпараттық, ақша және тауар
ағыны өтетін жүйе болып табылады.
Қазпочта АҚ Қазақстан Республикасының аумағын, әсіресе аудандар мен
ауылдық жерлерді толық қамтуға мүмкіншілік беретін, кең жайылған филиалдық
желілері бар.
Қазпочта АҚ кең ауқымда почталық қызмет көрсетуді жүзеге асырады:
• жазбаша хат-хабарлар, бандерольдар мен сәлемдемелерді жіберу және
жеткізіп беру;
• ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді жіберу және жеткізу;
• курьерлік EMS-Kazpost қызметі;
• мерзімді басылымдарға жазылуды қабылдау, тасымалдау, жіберу, жеткізу және
бөлшек сауда арқылы сату;
• арнайы байланыс қызметі;
• филателия;
• аралас электронды почта (почталық жеделхат)
Қазпочта АҚ кең ауқымда қаржылық қызмет көрсетуді жүзеге асырады:
• - депозиттер;
• - заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
• - ақша аударымдары;
• - Қазынашылық;
• - банкноттар, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау және жіберу;
• - бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы, стипендия төлеу;
• - зейнетақы, жәрдемақы және өзге әлеуметтік төлемдер төлеу;
• - коммуналдық және салық төлемдерін қабылдау;
• - Төлем карточкаларымен қызмет көрсету;
Қазпочта АҚ кең ауқымда агенттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады:
• Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ ынтымақтастық
• Директ Майл –тікелей почталық жарнама қызметтері;
• Зейнетақы жинақтаушы қорлар мен сақтандыру; компанияларымен жұмыс;
• Күнделікті сұраныс тауарлары мен лотерей билеттерін сату.
Алматы почтамтында VIII бастап XIX ғғ. дейінгі аралықта Қазақстанда туған
тамаша адамдардың өміріне арналған лекциялардың курсы ашылды.
26 мамырда лекциялық курс шеңберінде почтамттың филателия бөлімі бірқатар
іс-шаралар кешенін ұйымдастырды:бөлім бастығы Валентина Молдабекова ақын,
дін қайраткері, ХII ғасырдың ойшысы Ахмет Иассауи туралы қызықты лекция
оқыды, Түркістан қаласындағы Ахмет Иассауи кесенесі туралы әңгімелеп берді,
бөлім қызметкерлері ескерткіш кешен туралы маркалардың көрмесін
ұйымдастырды, ақынның хикметтерін, сондай-ақ ол туралы өлеңдер оқыды.
Енді Алматы почтамтының барлық қызметкерлері қазақ тарихының ашылмаған
беттерін ашу және осы қызықты да танып білерлік жобаның арқасында тамаша
ата-бабаларымыздың өмірлерімен танысу үшін әр бейсенбіні асыға күтеді
 Оқыту жүйесін құруға байланысты алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру
мақсатында 18-20 мамыр аралығында Қазпочта АҚ Алматы тренинг-орталығында
Оқытуда интерактивтік технологиялар мен нысандар тақырыбы бойынша оқытуды
ұйымдастыруға және өткізуге жауапты филиалдардың мамандары үшін семинар-
тренинг өткізілді.
Семинар-тренингті Қоғамның Адам ресурстарын жүйелеу басқармасының бастығы
Л. Попина ашты. Өз сөзінде Любовь Александровна филиалдарда оқытуды
ұйымдастыру және өткізу саласына қатысты негізгі мақсаттар мен міндеттерді
атап өтті.
Оқу бағдарламасы Қазпочта АҚ әрі қарай дамытуда персоналды оқытудың
рөлі, Оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің қойылуы. Оқыту нысандары,
қолданылу саласы, талдау, Оқытуда интерактивтік технологиялар мен
нысандар, Нұсқаушы-оқытушыларды дайындау сияқты тақырыптардан құралды.
Семинарды тиімді өткізу үшін ұйымдастырушылар Starlet консалтингілік
компанияның сертификатталған тренер-кеңесшісі С. Олифировты шақырды.
Семинарға қатысушылар шағын топтарда жұмыс істеді және рөлдік ойын
барысында оқытудың интерактивтік технологиялары мен нысандарын қолдануға
жаттықты. Семинарда Тренинг орталығының қызметкерлерімен дайындалған
құжаттар талқыланды: Оқыту жүйесін құру мен дамыту және компания
персоналының біліктілігін жоғарылату тұжырымдамасының жобасы; Қазпочта АҚ
персоналын оқытуда сұраныстарды анықтау жөніндегі әдістемелік ұсыныстар;
Қазпочта АҚ персоналын оқыту тәртібі туралы нұсқау. АФ Алматы
почтамтының Адам ресурстарын жүйелеу басқармасының бастығы Ф. Амралина
семинар-тренингке қатысушылармен өндірістік-техникалық оқытуды
ұйымдастыруға және өткізуге қатысты тәжірибесімен бөлісті. Тренингтің
қорытындысы бойынша тестілеу жүргізілді, оның нәтижелері материалдың жақсы
игерілгендігін көрсетті. Семинарға қатысушылардың барлығына сертификат
табыс етілді.
4 маусымда Алматы қаласында техникалық базаны жаңғырту және EMS қызмет
көрсету сапасын жақсарту мақсатында Қазпочта АҚ сатып алған жаңа
машиналарының кілттерін табыс ету салтанатының рәсімі өтті. Аталмыш
автомобильдер EMS-жөнелтілімдерді жеткізу учаскелерінде және қалалық
қызметтік почта бағыттарында пайдаланылатын болады.
Қазпочта АҚ Басқарма Төрағасы Аркен Арыстанов, жаңа автомашиналардың
түсуі – халыққа почталық хат-хабарлар мен мерзімді баспа өнімдерін уақтылы
жеткізудің тағы да бір кепілі, яғни бұл өз алдына республиканың почталық
қызметіне үлкен сенім артуды қалыптастыруға мүмкіндік туғызатындығын атап
өтті. Автомобильдер паркін жаңарту Қазпочтаны дамытудың стратегиялық
жоспарының өзекті шараларының бірі болып табылады.
Қазпочта почталық сервис жұмысының сапасын көтеру және халыққа почта
жөнелтілімдерін уақтылы жеткізу мақсатымен арнайы EMS Kazpost қызметі
үшін қосымша Алматы почтамтына 17 автомашина сатып алынды, оның ішінде 10
бірлігі Пежо-Партнер маркасы.
Француз өндірісінен шыққан автомобильдің артықшылығы автомобильдің жүк
бөлігіне көлемі 3 куб метрге және салмағы 800 кг. дейін жүк оп-оңай сыйып
кетеді, яғни почта жөнелтілімдерін қала ішінде тасымалдау үшін толық
жеткілікті.
Қазпочта бүгінгі күні автокөлік паркін жаппай жаңартумен белсенді
айналысып жатыр.
- Біздің мақсатымыз-почталық қызмет көрсету сапасын әлемдік
стандарттарға дейін жеткізу, - деп атады Рамазан Тұңғышбаев. Құжаттарды,
тауарлар мен хат-хабарларды жеделдетіп жіберу және жеткізу жөнінде
қызметтердің кең ауқымын және қосымша қызмет көрсететін EMS Kazpost
Қызметі бүгінгі күні қазақстан почтасының ең тез дамып келе жатқан
құрылымының бірі. Пежо автомашиналарын сатып алу бұл тұрғыда халыққа
қызмет көрсету сапасын көтеруге мүмкіндік туғызады деп сенеміз.
Сонымен қатар жүргізушілер үшін бірнеше жылдан кейін олардың амортизация
мерзімі өтісімен Пежо машиналарын өз меншігіне сатып алуға мүмкіндік
берілетіндігі өте қуанышты жаңалық болды. Бұл дерек Қазпочта басшылығының
өз қызметкерлерінің еңбек жағдайын және әл-ауқатын жақсартуға мүдделі
екендігін растайды.
Маусымның басында Қазпочта АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Р.
Тұңғышбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды.
Рамазан Тұңғышбаев облыс әкімінің орынбасары М. Бортникпен өткен
кездесуде аймақта почталық қызмет саласын әрі қарай дамытуға қатысты
бірқатар мәселелерді, сонымен қатар Ақтау қаласында Қазпочта АҚ
филиалының орталық офисін тездетіп салу мәселесін талқылады. Облыстық
филиалда өткен кеңесте почта-жинақ жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес
тиімді салу мәселелері талқыланды. Р. Тұңғышбаев өзінің ескертулерін айтып,
почталық айырбасты жақсарту жөнінде нақты ұсыныстар берді. Темір жол
басшыларымен өткізілген келіссөздердің нәтижесінде құрамында почта вагоны
бар поездың бірінші жолға келуі туралы шешім қабылданды, яғни бұл почта
жөнелтілімдерін тасымалдауға байланысты почташылардың жұмысын едәуір
жеңілдетеді.
Қазпочта АҚ басшылық құрамының кеңесі
2005 жылғы 6-шы сәуірде Астана қаласында 2004 жылдың жұмыс қорытындылары
бойынша Қазпочта АҚ басшылық құрамының кеңесі өтті.
Кеңеске Қазпочта АҚ басшылығы, облыстық филиалдарының директорлары,
Қазпочта Орталық аппаратының дербес құрылымдық бөлімшелерінің басшылары
қатысты. Қазпочта АҚ Басқарма Төрағасы А. Арыстанов Қоғамның 2004 жылғы
қызмет қорытындылары туралы есепті баяндамасымен кеңесті ашты.
Басқарма Төрағасы Қазпочта АҚ 2005 жылға даму жоспарлары туралы
әңгімеледі, сонымен қатар Қоғамның облыстық филиалдарының және орталық
аппаратындағы бөлімшелерінің жаңадан тағайындалған басшыларымен таныстырды.
Кеңес барысында Алматы филиалы Алматы почтамтының, Солтүстік Қазақстан,
Шығыс Қазақстан және басқа облыстық филиалдардың жұмыс қорытындылары мен
даму перспективалары баяндалды. Сонан соң Қазпочта АҚ қызметінің басым
бағыттары, сонымен қатар Қоғамның дамытудың өзекті мәселелері (Маркетинг
және сауда-саттық саласында Қазпочтаның қызметі, желілерін дамыту
перспективалары, почталық технологияларды дамыту, көлік және жылжымайтын
мүлік мәселелері баяндалды) бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді. Кеңестің
қорытынды бөлігінде 2004 жылдың қорытындылары бойынша облыстық филиалдардың
жеңімпаздарын анықтау және марапаттау шарасы жүргізілді.
Тиімді ішкі корпоративтік қатынастарды салу мәселелері Астана қаласында
17-19 мамыр аралығында Астана филиалы Астана почтамты мен Астана қ. ПТБ
құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысқан семинар-тренингте талқыланды.
Тренинг келесі сессиялардан құралды: Жеке адамның, топтың және ұйымның
мінез-құлқы, Ұйымдастыру жүйесі және ішкі ұйымдық өзара қарым-
қатынастарды ұйымдастыру жүйесі, Тиімді командаларды қалай қалыптастыру
керек, Іскери өзара қарым-қатынастың этикасы, Ұйымдағы дауларды
басқару. Семинарға қатысушылар алдында Қазпочта АҚ АРЖБ Персоналмен
жұмыс жөніндегі бөлімнің бастығы А. Утеева баяндама жасады, ол жиналған
қауымды Қоғамның нормативтік құжаттармен және корпоративтік мәдениетпен
таныстырды. Тренингтің нәтижелі өткізілуі үшін ұйымдастырушылар семинар-
тренингтің жұмысына ББК консультгрупп консалтинг компаниясының көптеген
үйрету модульдері бар, тәжірибесі мол тренер-конкультант Б. Кәрібжановты
тартты. Семинар-тренингтің жұмыс қорытындылары бойынша ұйымдастырылуын және
берілген материалдардың сапасын бағалау жөнінде сауалнама жүргізілді.
 2005 жылдың 3-ші маусымында Петропавл қаласының Борки кентінде жаңа
почталық байланыс пунктінің салтанатты тұсаукесері өтті. Енді клиенттер
жаңа почталық байланыс бөлімшесінің кең жайында почта байланысының баршаға
қолжетімді қызметтерімен қатар коммуналдық төлемдерді төлеуге, кез келген
басылымдарға жазылуға, жаңа баспасөз басылымдарын, конверттер мен
открыткаларды және т.с.с. сатып алуға мүмкіншілік алды. Тұтас алғанда облыс
бойынша 2005 жылдың басынан 7 почталық байланыс пункті ашылды, оның ішінде
Борки кентінің облыс орталығында -1, облыс аудандарында-6. Іс-шараға
Петропавл қ. әкімінің орынбасарлары Т. Құлжанова және П. Глова қатысты,
олар қала мен облыстың әлеуметтік маңызды міндеттерін шешуде почта
байланысының елеулі еңбегін атап өтті.
Депозиттерді тарту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмысты
жандандыру мақсатымен Қарағанды облыстық филиалда жедел депозиттер тарту
бойынша қалалық почталық байланыс бөлімшелерінің операторлары арасында
конкурс өткізілді. Қарағанды қ. 29-ПББ операторы Н. Кисилева жедел
депозитке ең көп сома жинап жеңімпаз атанды. Жеңімпазға салтанатты түрде
бағалы жүлде табыс етілді.
Конкурс қызметкерлер арасында қызығушылық танытты, сондықтан оны 2-ші
тоқсанда да өткізу туралы шешім қабылданды.
Қарағанды облысы Осакаровский ауданында шалғай орналасқан кенттердің
тұрғындары хат-хабарлар мен зейнетақыларын уақтылы ала бастады. Бүгінгі
күні оларға таяуда ұйымдастырылған жылжымалы байланыс бөлімшелері
көрсетеді. Қарағанды филиалының бастығы Ертай Асаинов, дөңгелекті почта
халыққа үнемі бүкіл почталық қызметтердің кең ауқымын көрсетумен қатар
хаттар, сәлемдемелер мен газеттерді жеткізу шығындарын төмендеуге
көмектесетіндігін айтты. Болашақта почталық пикаптар аймақтың үш ауданында-
Бұхар Жырау, Қарқаралы мен Ұлытауда пайда болады.
Қазпочта АҚ Қарағанды облыстық филиалы Отанды қорғаушылар күніне орай,
А ну-ка, парни Казпочты! конкурсын ұйымдастырып өткізді. Оған филиалдың
барлық ер адамдары белсенді қатысты.
Конкурсқа қатысушылар өздерінің күш-жігерлік дайындығын, тапқырлығын,
ерекше ой ептілігін, сонымен қатар атыстан мергендік, алғаш медициналық
жәрдем көрсету, үй шаруасы мен өзге көптеген жағдайларда қабілеті мен
шеберлігін көрсетті.
Көрермендерді мұндай көріністер өте әсерлендірді және олар өз
тараптарынан белсенді қолдау көрсетті. Қазылар алқасының бірауыздан
қабылдаған шешімі бойынша ОФ автобаза қызметкері - Сапар Иманғалиев
жеңімпаз атанды.
Облыстық филиалдың ПББ бастығы Валентина Ивердің айтуынша, бүгінгі күні
Ақтөбедегі абоненттік жәшіктердің көбісі пайдалануға жарамсыз күйде, яғни
бұл почташылардың жұмысын едәуір қиындатады.
Сондықтан қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатымен Қазпочта жаңа –
тағылыққа қарсы почта жәшіктерін әзірледі. Қалыңдығы 1мм металдан жасалған
жәшік почтаны өртеуден сақтайды. Бірақ, оларды ақтөбеліктер өз
қаражаттарының есебінен орнатуға тиіс, әр керемет-жәшік үш мың теңге
тұрады
11-12 мамырда Қазпочта АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалында
Қазпочта АҚ Батыс Қазақстан ОФ 2005-2007 жылдарға арналған даму
тұжырымдамасы, оның қиыншылықтары мен перспективалары атты облыстық мәнде
конференция өткізілді.
Мәжілісті ашқан филиал директоры Мағал Бекмағамбетов жемісті еңбектері
үшін өз әріптестеріне алғысын білдірді және таяу жылдарға филиалдың және
тұтас алғанда Қоғамның міндеттері туралы әңгімеледі.
Конференцияда сөйлеген өндірістік бөлімдердің бастықтары мәжіліс
қатысушыларын қазіргі технологиялар мен құрылымдық бөлімшелерді
автоматтандыру жөнінде қызықты ұсыныстармен таныстырды.
Филиал бөлімшелерінің қызметін рейтингтік бағалау нәтижелері бойынша
бағалы сыйлықтар табыс ету мәжілістің есте қаларлық сәтінің бірі болды. 1
топ бойынша жеңімпаздар: Бұрлы АПБТ – 1 орын, Қазтал АПБТ – 2 орын. II топ
бойынша: Бөкейорда АПБТ – 1 орын, Жанғалы АПБТ – 2 орын.
Жеңімпаздарға жүлде ретінде музыкалық орталықтар мен микротолқынды пештер
табыс етілді

ІІІ Тарау. ҚР-ның өзін-өзі басқаруы
3.1. Өзін-өзі басқарудың функциялары немесе принциптері
Бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң басын қосқан Алматы облыстық
қоғамдық мәселелердi сараптау Орталығы Қазақстандағы жергiлiктi жерлердiң
өзiн-өзi басқаруы жобасын талқыға салды. Жаңа құрылған ұйымның жұмысымен
Текелi қаласындағы жалғызбасты аналар ассоциациасының төрайымы Мира
Бочарникова таныстырды. Бұл ұйымның ең негiзгi екi мақсаты бар: үгiтшiлер
дайындау және жергiлiктi халықтың өзiн-өзi басқару туралы бiлiмдерiн
көтеру,-дедi төрайым. Жаңа жұмыс бастаған ұйым алдағы уақытта Текелi
қаласында, Лепсi кентiнде үгiт насихат жұмысын жүргiзетiн жандарды
дайындауды көздеп отыр екен. Олар өз бiлгендерiн жергiлiктi тұрғындарға
таратпақшы. Ұйымдастырушылардың ойынша бұл бастама халықтың белсендiлiгiн,
саяси сауаттылығын арттырады.
Жергiлiктi жердегi өзiн-өзi басқару ұйымдарының қажет екендiгiн Шығыс
Қазақстан облысы, Өскемен қаласында құрылған комитеттiң жұмысынан көруге
болады. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару комитеттерi халықпен тығыз қарым-
қатынаста болып, олардың мұң-мұқтажын, мәселелерiн бiрлесе отырып шешедi.
Мысалы, Алматы қаласындағы Түрксiб ауданында құрылған жергiлiктi өзiн-өзi
басқару ұйымы монополистердiң жұмысын бақылап коммуналдық қызметке - суға,
жылуға төленетiн төлемақы көлемiн өздерi анықтайды. Жергiлiктi өзiн-өзi
басқару комитеттерiн қаржыландыру мәселесi де жоқ емес. Бүгiнде Ескелдi,
Көксу аудандарында өз-өзiне көмектесу топтары жұмысқа кiрiсiп кеттi.
Қазiргi таңда Шымыр, Мәмбет ауылдарында су құбырлары жөнделiп, ауыз су
мәселесi шешiлдi. Текелi қаласының жалғызбасты аналар ассоциациясының
төрайымы Мира Бочарникованың айтуы бойынша Болгарияда жергiлiктi жерлердiң
өзiн-өзi басқару ұйымдары осыдан 5 жыл бұрын құрылған екен. Жергiлiктi
жерлердiң өзiн-өзi басқару комитеттерi шешiлмеген көп мәселелердi қолға
алып, жергiлiктi атқару органдарымен, тұрғындармен бiрлесе отырып шешедi.
Осындай комитеттер Райымбек, Талғар, Сарқан аудандарында құрылған.
Жұмыссыздықты жою, жастар мәселесiн шешу, компьютер клубтарын ашу сияқты
мәселелердi шешу қолға алған. Мысалы, Аманбөктер ауылында сүттен
даярланатын цех ашылды, тiгiн цехы да iске қосылды. Кездесуге келген
журналистердi жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыстарымен
таныстырып, бұл ұйымның қаншалықты маңызды екенi түсiндiрiлдi.
Азаматтық қоғам құру мәселесі кеңестік жүйенің құшағынан шыққан
елдердің бәрінде де кеңінен сөз болуда. Азаматтық қоғамның тұжырымдамасын
жасап, оның мәнін, мазмұнын, қызметі мен құрылымын анықтауға, азаматтық
қоғам институттарын жетілдіруге және оның мемлекеттік органдармен қарым-
қатынасын айқындауға барынша белсенді талпыныс жасалуда. Демократия мен
азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия Қазақстан
Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жобасын жасап,
баспасөзде талқылауға ұсынған болатын. Бұл тұжырымдаманы биылғы жылы
Демократиялық реформалардың бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі
мемлекеттік комиссия қайта қарап, оған түзетулер мен өзгерістер енгізіп,
Елбасының қарауына ұсынды. Бір сөзбен айтқанда, азаматтық қоғамға деген
ықылас саясаткерлер арасында ғана емес, бүкіл зиялы қауым өкілдері арасында
күшейіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару ғылымының мазмұны мен әдістері
Экономикалық басқару әдістері
Басқару функциялары - берілген нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мақсатты қызметтің нақты түрлері
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Персоналды басқару жүйесі туралы
Басқарудың ұйымдастыру - әкімшілік әдістері
Менеджмент әдістерін қалыптастырудың жалпы ғылыми принциптері
Қызметкерді басқару әдістері
Басқарудағы негізгі әдістердің проблемалары және даму жолдары
Кеден жүйесідегі басқарудың объектілері құрылымы
Пәндер