Басқару жүйесінің тұжырымдамалары


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Банк Ісі Академиясының Колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
БАСҚАРУ
НЕГІЗДЕРІ
Орындаған: Ерімбетов Д. 3-29 топ
Тексерген : Доланбаева Н. С.
Алматы, 2006 ж.
Басқару негіздері
Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
- Басқару ғылымы.
- Басқару жүйесінің тұжырымдамалары.
- Басқарудың классикалық немесе әкімшілдік мектебі.
ІІІ. Қорытынды
- Басқару ғылыми мектебі.
Кең мағынасында алғанда, басқару дегеніміз - қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тәң. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару), Ф. Энгельс еңбек құралдарын басқаруға «заттарды басқару» деген анықтама берген:
- тірі организмдердегі (биологиялық жүйелердегі) басқару процестері;
- қоғамдағы (әлеуметтік жүйедегі) басқару процестері.
«Техникалық жүйелерді басқару дегеніміз» - адамның көріну қатысуынсыз өлі табиғаттағы (станоктармен, механизмдермен) басқару. Ол басқару процесіне философиялық сипат береді. Басқарудың бұл саласы - жаратылыстану ғылымы зерттейтін тақырып.
«Әлеуметтік (қоғамдық) жүйелерді басқару» дегеніміз - шын мәнінде келгенде, адамдарды басқару. қоғамның ең басты «өндіргіш күші» ретінде адамдар табиғат пен қоғам заңдарын танып, оларды материалдық игіліктерді өндіру мен тұтыну процесінде пайдаланады. Зерттеу объектілері - әлеуметтік - экономикалық жүйелер, ал пәні-өндірісті басқару жүйесі болады. Француз экономисі, «саяси экономия» деген терминнің авторы Антуан Монкретьеннің (шамамен 1575-1621) өзі де елдің шаруашылығын ең алдымен мемлекеттік басқару объектісі деп ойлаған болатын. Басқарудың бұл жағы-әлеуметтік (қоғамдық) ғылымдар зерттейтін тақырып. Басты ерекшелігі басқарудың нысананлылығында саналы көзқараста болып табылады.
Бұл жүйе: саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік (әлеуметтік қатынастар) басқару болып бөлінеді - олар қоғам өмірінің тиісті салаларын көрсетеді.
Қоғам өмірінің осы салаларын негізге алғанда, әлеуметтік басқару үш түрге: экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, қоғам өмірінің рухани саласын басқару, түрлеріне бөлінеді.
Әлеуметтік-экономикалық процестердің өздері тұрақты және үздіксіз болғандықтан экономиканы басқару үздіксіз сипат алады.
Бұл жүйелердің факторлары: еңбек бөлінісі, мамандандыру, кооперация, қоғам өмірінің үздіксіздігі, нысаналылық.
Басқару ол біздің айналамыздағы дүние элементтерінің бірі болып табылады. Бірақ басқару процестрін тарихтан тыс және басқаруды жүзеге асыру саласынан қол үзген деп қарастыруға болмайды.
Басқарудың анықтамалары көп. Олардың кейбіреулері мынадай:
- Басқару дегеніміз - жүйенің жаңа, сол жүйеге арналған күйге көшуі (академик Берг) ;
- Басқару -не істеуге тура келетінін және мұны қайткенде, мейлінше, жақсы және арзан істеуге болатынын білу өнері (Тейлор) .
Жалпы қорытынды мынандай: басқарудың нақты тарихи және саяси сипатын барлық (басқару анықтамасының) авторылары атап көрсетеді. Оның нысаналылығы атап айтылады.
Басқарудың екі жағы бар. Бірінші жағы, еңбек бөлісінің қажеттігіне байланысты. Екінші жағы - басқару қашанда билігі бар өкілеттікпен (әлеуметтік-экономикалық аспект), белгілі бір мақсатты іске асырумен байланысты.
Барлық қоғамдық жүйелер ішінен зерттеу үшін басқару ғылымы қоғамдық өндірісті басқаруды таңдап алады. Ол мынандай буындардан: жалпы қоғамдық өндірісті басқару, материалдық игіліктер өндіруді басқару, рухани игіліктер өндіруді басқару және қызмет көрсетуді басқару буындарынан тұрады.
Бұл арада олардың арасында көбеу байланыстар бар екені әбден айқын көрінеді. Материалдық игіліктер өндіру басым болады, өйткені басқарудың басты объектісі сол. Ол материалдық негіз ретінде рухани игіліктер өндіру мен қызмет көрсетуді алдын ала анықтайды, ал сонымен қатар, олар материалдық игіліктер өндіруге ықпал жасайды.
Өндірісті басқарудың мәні мыналардан көрінеді:
- өндірісті басқару - объективті экономикалық заңдарының бүкіл жүйесінің талаптарын жүзег асыратын механизм;
- өндірісті басқару - қоғамдық, коллективтік және жеке мүдделерінің жүйесін жүзеге асыратын механизм.
Басқарудың бастапқы негізі басқарудың қадыптастырылуы мен мақсатын таңдап алу болып табылады. Адамның кез келген қызметінің басты белгісі - нысаналы қызмет ретінде басқаруға нысаналылық тән.
Әлеуметтік басқарудың айырмашылығы мынада: басқару субъектісі басқару объектісіне қызметтің мақсатын анықтау жлымен ықпал жасайды.
Өтпелі кезең жағдайында экономиканы басқарудың орасан зор мақсаты нарықтық қатынастарды реттеу әдістерінің икемді жүйесін жасау, халық шаруашылығының әлеуметтік жағынан бағдарланған, қоғам мүшелерінің лайықты өмір сүруі үшін материалдық жағдайлар жасай алатын нарықтық экономикаға оңтайлы енуін қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, басқарудың перспктивалы мақсаттарының бірі оны кәсіпорындар мен аймақтар деңгейінде демократияландыруды одан әрі тереңдете түсуі тиіс.
Ежелгі тәжірибе - жаңа ғылым.
Басқару - өте ежелгі тәжірибе болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болды. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның барлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асырылып келді. Дегенмен, басқару - қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым және зерттеу саласы түрінде салытырмалы түрде алғанда жаңа болып табылады. өйткені көп басқару қызметті орындайтын орта буын басшыларының болмауы, басқару қызметтерінің нақты және деректі түрде бөлінбеуі, басшылықтың мұрагерлік және тартып алу арқылы берілу әдісі осыған түрткі болады. Қорыта айтқанда, ХХ ғасырға дейінгі кезең де жүйелі, жан-жақты түрде басқару ғылымы жайлы ешкім терең ойлана қоймады. Мәселен, ХХ ғасырдың басындағы Нью-Ланардегі Роберт Оуэннің батыл да тамаша әлеуметтік сипаттағы тәжірибесін ешбір басшы өз тәжірибесінде қолданған емес. Басқаша айтқанда, соңғы ғасырға дейін басқарудың ғылыми-әдістемелік маңызы айтарлықтай дамымай келді.
Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану-техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу ХХ ғасырдың басынан орын алды. 1911 жылы жарияланған Фредерик У. Тейлордың «Ғылыми басқару қағидалары» атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Тейлордың пікірінше, тиімді ғылыми басқару ұдайы бақылау, тәжірибе жасау және ой-саналық, топшылау арқылы анықталған көрсеткіштер көмегімен бизнесті жандандыратын қызмет саласы болып саналады. Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып, мынадай тоқтамға келді: «дәстүрлі әдістің орнына - ғылым, қарама-қарсылықтың орнына - үйлесімділік, дербес жұмыстың орнына-ынтымақтастық, еңбек өнімділігін арттыру, өте қажетті барынша қолайлы жағдай жасау . . . »
Басқару жүйесінің басты тұжырымдамалары
Қазіргі кездегі басқару теориясының дамуы ғылыми басқару мектебінің өкілдері Ф. Тейлор және Х. Гилберт, Г. Гант, Г. Эмерсон және Г. Фордтың еңбектерімен тығыз байланыстырылады.
Ф. Тейлор ғылыми басқаруды көрсеткіштер уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баула, ақшалай ынталандыру салаларында дамытты. Ф. Тейлордың ғылыми басқару жүйесінің қағидалары мынадай:
- қызметкерді ғылыми түрде сұрыптау және баулу;
- еңбекке мамандандыру;
- еңбекақыда ынталандыру жүйесін қолдану;
- жауапкершіліктің әділетті арттырылуы.
Л. Гилбреттер микрохронометр ойлап тауып, еңбек өнімділігін арттыру
мақсатында әрбір операцияға жұмсалған еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеді. Г. Эмерсон өз еңбегінде «Өнімділіктің 12 қағидасы» деп аталатын кәсіпорынды басқаруды төмендегідей белгіледі:
- әрбір басшы мен қызметкер ұмтылатын дәл тұжырымдалған мақсат;
- болашақ мақсатты ескере отырып, рбір жаңа процесті талдауға шынайы көңіл бөлу;
- білікті кеңес беру, арнайы білімділік беделінің маңызы;
- нақты белгіленген тәртіп пен ережеге бағыну;
- қызметкерлерге әділ көңіл бөлу;
- дер кезіде әрі сенімді есеп беру;
- ұйым қызметін мұқият және жедел басқару; көрсеткіштер мен жұмыс кестелері;
- уақыт, күш-қуат пен шығындарды үйлдесімді ұштастыра білу;
- операциялар көрсеткішін жасау;
- ереже мен жазбаша нұсқауларды қолдану;
- еңбек өнімділігіне арттыру үшін сыйақы төлеу.
Г. Эмерсон алғашқы болып өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудағы
күрделі міндеттерді шешуде әрекеттер қажеттілігін және рационализациялау (ұтымды ету) ұғымын енгізді.
Г. Форд өндірісті ұйымдастырудағы «Тейлор жүйесін» жетілдіре
отырып, төмендегідей басқару қағидаларын атап өтті:
- өндіріс процесі мен оның сатыларын байланыстыра отырып дәл есептеу мен жоспарлау;
- қажетті жұмыс мен басқа да ресурстарды әзірлеу;
- стандартты технология мен механизмдері қолдану;
- өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі іздестіру.
Аталған ғалым-практиктер, және басқалардың еңбектері нәтижесінде
басқарудағы «ғылым қағидалар» тұжырымдамасы осылайша қалыптасып дамыды.
Басқарудың классикалық немесе әкімшілдік мектебі
Ғылыми басқару мектебінің өкілдері көп жағдайда төменгі буындағы қызметтерді атқаруы себепті, олар еңбек өнімділігін арттырумен ғана шұғылданды. әкімшілік мектептері пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен, әкімшілік қызметті ұйымдастыру қағидасымен айналысты.
Классикалық мектеп өкілдерінің ұйғарымы бойынша, басқару - белгілі бір мақсатқа жетуде орын алатын қатаң әкімшілік қағида әдістердің жиынтығы. Мәселен, осы бағыттың көрнекті өкілі А. Файольдің пікірінше, әкімшілік ету - жан-жақты ауқымын белгілейтін басқарудың бір бөлігі және де техникалық, коммерциялық, қорғаныстық, бухгалтерлік, әкімшілік салаларын қамтиды. Осы қызметтер арасында әкімшілк әрекет ең маңызды есептелініп, оның элементтері: жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру және бақылау анықталған. Сонымен қатар, А. Файоль тәжірибеде кең қолдану тапқан басқарудың 14 қағидасын жасап шығарды. Оларға енетіндер: жауапкершілік, жеке дара басшылық, иерархиялық басқару, жеке және жалпы мүдделер үйлесімділігі, мамандандыру, тәртіп, әділеттілік, ынта-ықылас, лауазымға сәйкестілік, қызметкерлер тұрақтылығы, орталықтандыру және т. б.
Классикалық мектептің өкілі Л. Урвик Файольдің негізгі қағидаларын одан әрі дамыта отырып, әкімшілік қызметтің негізгі элементтері ретінде: жоспарлау мен ұйымдастыруды, басшылық пен үйлестіруді, есеп беруді және бюджет жасауды атап көрсетті. Аталған элементтер күні бүгінге дейін бірқатар ғылыми зерттеулердің түп қазығы ретінде пайдаланып келеді. Сонымен қатар, Л. Урвик өз еңбектерінде ресми ұйым құрудың қағидаларын жасауға ерекше көңіл бөліп оларды тереңірек тұжырымдады. Оның пайымдауынша, ұйым қызметінің тиімділігіне қол жеткізуде бақылау өрісі мен құрылымының сәйкестілігі, мамандандыру мен қызмет айқындылығы, құрылымды мұқият ойластыру мен жауапкершілік шегін белгілеудің маңыздылығын өте зор.
Ұйымдағы басшылық, билік және құрылым құру проблемаларына көңіл бөліп зерттеуде әкімшілік мектептің келесі бір өкілі М. Вебер ерекше орын алады. Ол әр түрлі ұйымдард талдай отырып, басшы ие болатын билік сипатына қарай ұйымдастырудың негізгі үш кезеңін, яғни харизматикалық, дәстүрлі, идеалды кезеңдерін ажыратып берді. М. Вебер ұйымдастырудың аталған түрлерін зерттей келе, үшінші кезеңге үлкен көңіл бөле отырып «бюрократтық жүйе қағидаларын» жасап шығарды. Оларға:
- Нақтылы еңбек бөлінісі;
- Басқару деңгейлерінің жіктелуі (иерархиясы) ;
- Міндеттер бірыңғайлығымен үйлестіріле қажетті ресми ережелер және стандарттар жүйесін жасау;
- «Әлеуметтік аралық» пен әділеттілік;
- Жұмысқа қабылдауда қатаң талаптардың орын алуы жатқызылады.
Адамдық қатынастар мектебі және тәртіптілік тәсілі
ХХ ғасырдың орта женіне қарай ғылыми басқару және әкімшілік мектептерінің адам факторына жеткіліксіз көңіл бөлуіне жауап ретінде жаңа бағыт - адамдық қатынастар мектебі пайда болды. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшілікті шешу мақсатында пайда болғандықтан адамдық қатынастар мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz