Басқару негіздері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Банк Ісі Академиясының Колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Ф. Тейлордың басқару ғылымына қосқан үлесі
Орындаған: Ерімбетов Д. 3-29 топ
Тексерген : Доланбаева Н. С.
Алматы, 2006 ж.
ЖОСПАР
Кіріспе3
Ғылыми басқару (1856 -1920) 4
Тейлор концепсиясының негізгі қағидалары5
Басқару ғылымы дамуындағы әр түрлі бағыттардың қосқан үлесі6
Қорытынды8
Қолданылған әдебиеттер8
Кіріспе
Өндірісті басқарудың ғылыми негіздерін қалыптастыру өткен ғасырдың соңғы жүз жылдығында басталды. Бұл процесс тез арада әр жақты сипат ала тұрса да, оның ойдағыдай өркендеу ортасы өнеркәсіптік өндіріс болды. Ғылым мен техниканың дамуы өндірісті шоғырландыруға, ал соңғысы өз кезегінде жаратылыс - техникалық білімнің барлық саласында қарқынды іздестіру жұмыстарына ықпал етті.
Сонымен, ХІХ ғасырдың аяғындағы ғылым, осының алдындағы дәуірде жинақталған орасан зор нақты материалдарды теориялық тұрғыда жинақтап, әзірлеуге арналды.
Әрине, капиталистік өндірісті дамытуға қажетті ғылыми ілімді теорияландыруға талпыныс, өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру принциптерін тану секілді саланы да қамтыды.
Басқару мәселесіне алғашқы көңіл бөлу 1911 жылы байқалды. Сол кезде Фредерик У. Тейлор өзінің «Ғылыми басқару принциптері» деген кітабын жариялады. Міне, осы кезден бастап басқару ғылымы зерттеудің жеке саласы ретінде танылды. Басқару ісіне мүдделіктің негізгі күші, жоғарыда атап көрсетілгендей, Англияда басталған өнеркәсіптік революция болды. Алайда, басқару ісінің өзі ұйымдастырудың дамуына және табыстылығына елеулі ықпал ететіндігі туралы идея тұңғыш рет Америкада пайда болды.
Бұған себепші болған жайт, жиырмасыншы жылдың басында адамдардың шыққан тегіне, ұльына қарамастан, өзінің білімі мен ақыл - ойын көрсете алатын бірден - бір мемлекет АҚШ болды. Миллиондаған европалықтар өз өмірін жақсарту мақсатында ХІХ ғасырда Америкаға қоныс ауыстырып, бизнестің, сонымен қоса басқарудың алуан түрлі ролін атқара алатын еңбекқор адамдардан жұмысшы күшінің аса көп тобын жасақтады.
ХІХ ғасырдың соңында құрылысы аяқталған трансконтиненталдық темір жол линиясы Американы әлемдегі ең ірі бірыңғай рынокқа айналдырды. Елде іс жүзінде бизнесті мемлекеттік тұрғыда реттеу деген болмады. Кәсіпкерлердің ішкі ісіне араласу деген болмағандықтан, өз бизнесін дамытудың бастапқы кезеңінде - ақ олар едәуір жетістікке жетіп, монополистер болды. Осындай және басқадай факторлар ірі салаларды, ірі кәсіпорындарды қалыптастырып, басқару тәсілдерін жетілдіруді қажет етті.
Менеджмент - дәстүрлерді, тарихты, концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз дәлелденген қағида. өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар т. б. ) басталған мезетте пайда болды.
Ғылыми басқару (1856 -1920)
Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредрик Уинслоу Тейлордың (1856 - 1915) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері - «Фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгрестің арнайы комиссиясы алдында көрсету» (1912) . Филадельфиядағы оның зиратының басына «Ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған.
1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Фредерик В. Тейлор еңбек процесін өздігінен жүзеге асатын іс ретінде қарастырмай, оған терең ден қойып, зерттей бастаған тұңғыш адам болды.
1856 жылы филадельфиялық адвокаттың отбасында дүниеге келген Фредерик В. Тейлор жасынан талапкер, ізденгіш болып өсті. әуелі көзі уақытша нашар көргендіктен, Гарвард университетінде оқуды тоқтатып, Тейлор Филадельфиядағы шағын шеберханаға қарапайым жұмысшы болып орналасты.
Төрт жылдың ішінде ол модельді (үлгіші) және механик мамандықтарын меңгерді. Кейіннен Тейлор «Мидвейльдің» басқарушысы болғанда өнеркәсіп практикасындағы берекесіздікке қайран қалды. Ол басқарушы мен жұмысшы арасындағы ешқандай ынтымақтастықты көре алмады. Берекесіздік пен ысырапшылық етек алған еді. Жұмысшылардың өнім өндіруінің шектеулі кең етек алған еді. Мұны Тейлор ұдайы әскери қызмет деп атады. Нашар жабдықталған, әрі жеткілікті үйретілмеген жұмысшыларға ешбір талғамсыз кез келген жұмыс тапсырылды. Осыдан бастап Тейлор, ғылыми менеджменттің атасы «таңдаулы жол іздестіруге» құлшына кірісті.
Тейлордың ғылыми менеджментті ұдайы бақылау, эксперименттеу және логикалық топшылау арқылы анықталған нормативтер көмегімен бизнесті жандандыратын менеджмент түрі болып саналады. «Мидвейлде», кейіннен «Бетлехем Стилде» жұмыс істеген кезде Тейлор ғылыми менеджментті төрт салада дамытты: нормалау, уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау, уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру.
Тейлордың пікірінше, еңбек өнімділгінің артуы қожайынға да, жұмысшыға да молшылық әкелді. Ол үшін қожайынның да, жұмысшының да психологиясын түбегейлі өзгерту қажет. екі жағы да қосымша өнімді өзара бөлуге назар аудармай, бар күш - жігерін оны молайтуға жұмсауы тиіс. Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып, мынадай тоқтамға келді: «дәстүрлі әдістің орнына ғылым; қарама - қарсылықтың орнына үйлесімділік; дербес жұмыстың орнына еңбек өнімділігін барынша арттыру; әрбір жұмысшының еңбек өнімділігін барынша арттыру, оларға барынша қолайлы жағдай жасау.
Басқарудың анықтамалары көп. Олардың кейбіреулері мынадай:
- Басқару дегеніміз - жүйенің жаңа, сол жүйеге арналған күйге көшуі (академик Берг) ;
- Басқару -не істеуге тура келетінін және мұны қайткенде, мейлінше, жақсы және арзан істеуге болатынын білу өнері (Тейлор) .
Жалпы қорытынды мынандай: басқарудың нақты тарихи және саяси сипатын барлық (басқару анықтамасының) авторылары атап көрсетеді. Оның нысаналылығы атап айтылады.
Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану-техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу ХХ ғасырдың басынан орын алды. 1911 жылы жарияланған Фредерик У. Тейлордың «Ғылыми басқару қағидалары» атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Тейлордың пікірінше, тиімді ғылыми басқару ұдайы бақылау, тәжірибе жасау және ой-саналық, топшылау арқылы анықталған көрсеткіштер көмегімен бизнесті жандандыратын қызмет саласы болып саналады. Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып, мынадай тоқтамға келді: «дәстүрлі әдістің орнына - ғылым, қарама-қарсылықтың орнына - үйлесімділік, дербес жұмыстың орнына-ынтымақтастық, еңбек өнімділігін арттыру, өте қажетті барынша қолайлы жағдай жасау . . . »
Қазіргі кездегі басқару теориясының дамуы ғылыми басқару мектебінің өкілдері Ф. Тейлор және Х. Гилберт, Г. Гант, Г. Эмерсон және Г. Фордтың еңбектерімен тығыз байланыстырылады.
Ф. Тейлор ғылыми басқаруды көрсеткіштер уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баула, ақшалай ынталандыру салаларында дамытты.
Ф. Тейлордың ғылыми басқару жүйесінің қағидалары мынадай:
- қызметкерді ғылыми түрде сұрыптау және баулу;
- еңбекке мамандандыру;
- еңбекақыда ынталандыру жүйесін қолдану;
- жауапкершіліктің әділетті арттырылуы.
Тейлор концепсиясының негізгі қағидалары
- Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оның әрбір элементін ғылми тұрғыдан зерттеу. Ол былай деді: басқаруда да, көпір салу секілді асқан дәлдік керек.
- Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, оларды жаттықтыру және баулу.
- Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін практикаға енгізу ісінде әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.
- Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.
Еңбек өнімділігін барынша арттыруды басты мақсат етіп қоя отырып,
Тейлор жұмысшы еңбегі мен өндіріс құралдарын пайдалануды; материалдар мен аспаптарды үнемдеп жұмсауды, аспаптарды, жұмыс операцияларын стандарттауды, жұмыс уақытын хронометраждау арқылы еңбек процестерін зерттеуд, әрбір операцияға бақылау орнатуды, бірыңғайланған еңбек ақыны қолдануды т. б. көздеді.
Тейлор жеке жұмыскерлердің еңбек операцияларын талдай отырып, әрбір операцияны жекелеген құрамдас бөліктерге жіктеуге және де хнонметраж көмегімен жұмыстың неғұрлым прогрессивті әдістерін анықтауға болатындығын дәлелдеді. Тейлор жүйесінде еңбек қарқынының артатындығы соншалық, жұмысшылардың күш - қуатын қалпына келтіруге мүлде дерлік уақыты болмайды екен. Тиімсіз қозғалыстарды жоя отырып, Тейлор «ең қолайлы» жұмыс тәсілін жасады. Осыған орай жекелеген жұмысшылардың мамандығын ескере отырып олардың еңбегін мамандандыру, неғұрлым тиімді жұмыс амалдарын пайдалану үшін жұмысшыларды баулу және жаттықтыру қажеттігі туды.
Жұмыс уақытын дәл есептеу еңбек құралдарын, жұмыс операциялары мен қозғалыстарын стандарттауды, нұсқаулық карталарды енгізуді және жұмыс барысын бақылауды қажет етті. Мұның өзі өндрісті жоспарлағанда басқаруға өзгеріс енгізуге, цехтарды басқаруды қайта құруға мүмкіндік берді. Линиядағы бір мастердің орынын әр түрлі жұмысты атқаратын сегіз мастер орындады. Цехта тікелей 4 мастер жұмыс істеді: инспектор, жөндеу жөніндегі мастер, жұмыс ырғағын белгілейтін мастер, бригадир. Қалған мастерлер - «үлестіру бюросы» деп аталатындар маршруттармен, нұсқау әзірлеумен және есеп берумен, өзіндік құнды анықтаумен, нұсқау әзірлеумен т. б. шұғылданды. Тейлор еңбек ақы жүйесіне де түбегейлі өзгеріс енгізді. Оның өзі белгіленген норманы орындауына орай жеке дара жүргізілді.
Тейлор жұмысындағы басты жүйе - жекелеген жұмысшылардың еңбегін ұтымды ету, өндіріс процестерін және де соған сәйкес басқару процесін ұйымдастыруды қайта құру болды. Тейлор ілімінің дәл осы жағы өнеркәсп орындарында жаппай - қолданылды.
Басқару ғылымы дамуындағы әр түрлі бағыттардың қосқан үлесі
Ғылыми басқару мектебі
- Міндетті орындаудың таңдаулы әдістерін анықтауда ғылыми талдауды пайдалану;
- Мақсатқа қол жеткізу үшін ең қолайлы қызметкерлерді таңдау, оларды баулып отыруды қамтамасыз ету;
- Қызметкерлерді өз міндеттерін тиімді орындауға қажетті ресурстармен қамтамасыз ету;
- Еңбек өнімділігін арттыруда материалдық ынталандыруды ұдайы және дұрыс қолдану.
20 - жылдары тейлор ілімінің көрнекті зерттеушілері мен белсенді насихатшылары Генри Гантт, Френк Б. Гилберт, Лилиан Гильберт, Хорейс Хетэуй, Сенфорт, Харригон, Эмергон, Г. Форд болды.
Л. Гилбреттер микрохронометр ойлап тауып, еңбек өнімділігін арттыру
мақсатында әрбір операцияға жұмсалған еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеді. Г. Эмерсон өз еңбегінде «Өнімділіктің 12 қағидасы» деп аталатын кәсіпорынды басқаруды төмендегідей белгіледі:
- әрбір басшы мен қызметкер ұмтылатын дәл тұжырымдалған мақсат;
- болашақ мақсатты ескере отырып, рбір жаңа процесті талдауға шынайы көңіл бөлу;
- білікті кеңес беру, арнайы білімділік беделінің маңызы;
- нақты белгіленген тәртіп пен ережеге бағыну;
- қызметкерлерге әділ көңіл бөлу;
- дер кезіде әрі сенімді есеп беру;
- ұйым қызметін мұқият және жедел басқару; көрсеткіштер мен жұмыс кестелері;
- уақыт, күш-қуат пен шығындарды үйлдесімді ұштастыра білу;
- операциялар көрсеткішін жасау;
- ереже мен жазбаша нұсқауларды қолдану;
- еңбек өнімділігіне арттыру үшін сыйақы төлеу.
... жалғасыГ. Эмерсон алғашқы болып өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудағы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz