Кітап шығару


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе2

1. “Дәуір” Республикалық полиграфиялық баспа кешені жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің даму тарихы. 3

2. “РПБК “Дәуір” ЖШС-ның басқару және өндірістік құрылымы. 4

3. Рынокты және бәсекелестерді талдау. 5

4. Кәсіпорындағы жұмысшыларды ынталандыру шаралары. 8

5. “РПБК “Дәуір” ЖШС-ң шаруашылық қызметін талдау. 8

6. “РПБК “Дәуір” ЖШС-ның қаржылық-экономикалық қызметін талдау. 10

Қорытынды13

Қолданылған әдебиеттер, материалдар тізімі13

Кіріспе

Өндірістік практиканы 26 сәуірден 29 мамыр айлары аралығында “Республикалық полиграфиялық баспа кешені “Дәуір” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өттім.

Практиканы өтудің негізгі мақсаты болып, теориялық білімді іс жүзінде кәсіпорынның экономикалық қызметімен ұштастыру болды. Яғни кәсіпорынның экономикалық, қаржылық, шаруашылық қызметтерінің жүргізілу жолдарымен танысу арқылы теориялық және практикалық білімімді жоғарылата түстім.

Практиканы өту барысында жұмыс бағдарламасында көрсетілген негізгі міндеттерді орындай отырып жұмыс жүргіздім.

Бұл міндеттемелерде кәсіпорынның экономикалық қызметімен танысу, ұйымдастыру құрылымын және кәсіпорынның негізгі атқаратын қызметімен, қаржылық, маркетингтік, өндірістік қызметімен таныстым.

Жалпы “Дәуір” баспасы Қазақстандағы ірі полиграфиялық кешен болғандықтан, оның шаруашылық әрі қаржы-экономикалық қызметі газет, журнал, кітап шығарумен тығыз байланысты.

“Дәуір” баспасының экономикалық қызметі өте күрделі процесс болып табылады. Себебі өкімді дайындаудан оны тұтынушыға өткізуге дейінгі аралықты тиімді ұйымдастыруда асқан біліктілікті қажет етеді.

1. “Дәуір” Республикалық полиграфиялық баспа кешені жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің даму тарихы.

1932 жылдың мамыр айында кішігірім баспахана құрылымы, кейіннен “Республикалық газет-журналдың баспаханасы” аталды. Содан соң “Қазақстанның ЦК ПК баспаханасы” аталып, 2001 жылдың 28 мамырынан кәсіпорын акционерлендіріліп “Дәуір” Жабық акционерлік қоғамы болып тіркелді. Ал 2003 жылдың 1 ақпанынан бастап “Дәуір” РПБК ЖШС болып қайта құрылды.

Бұл мамандандырылған кәсіпорыны Қазақстан Республикасында ғана емес, Орта Азияда да өте ірі полиграфиялық кешен саналады.

Кәсіпорын негізінен офсеттік әдіспен газеттер мен журналдарды кезеңмен басып шығарып отырды, ал 1996 жылдан бастап - кітаптар, мектеп дәптерлері және ақ қағаз өнімдерін шығарды.

Баспа өнімін шығару - бұл басып шығарудан полиграфияға дейінгі дайын өнімді жөнелтудегі қиын технологиялық процесс. Осының бәрі РПБК “Дәуір” ЖШС -да үйлесімді орын алды. Кәсіпорынның тарихы - бұл ХХ ғасырдағы машиналардың қолмен тартпалау және қолмен теруден - қазіргі компьютерлік техникадан, жоғары және басып шығарудың терең процесінен - офсетке дейінгі технологиялық және техникалық даму тарихын айтады. Қазіргі таңда баспахана қазіргі техникамен жабдықталған және Европалық технологиялық стандартқа сай келеді.

80-ші және 90-шы жылдары “Дәуір” “РПБК” баспасының қарқынды дамыған жылдары деп санауға болады. Осы жылдары газет шығаратын РО-170 (Рокдосет Пламат немістік өнім) материалы 10 газеттік ролевтік басу машинасымен және есептік-жинақтаудың құрылғысы СКУ құрылымы және игерілуде. Бұл машиналардың жылдамдығы 2 айналым (сағат. Қағаз рулонының екі 84 см-ден 168 см-ге дейін және А2 16 жолды форматты және А3 32 жолды форматты қағазды қолдануға болады. Кәсіпорынның фототеграфы (жаңа жабдық) бар, ол газет жолдарын тек Қазақстаннан ғана емес, Ресейден де қабылдай және жібере алады.

Осының бәрі баспаханаға 7 шілде 50 атаулы газеттің, жылдық тиражы 800 млн. астам экземплярмен А2-4 жолдық форматқа келтірілген және 20 атаулы жорналдарды жалпы жылдық тиражы 25 млн. Экземплярда шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі күнде кәсіпорын 40 шақты атаулы газеттерді басады, оларға “Егемен Қазақстан”, “Казахстанская правда”, “Известия”, “Комсомольская правда”, “Деловая неделя”, “Жас Алаш”, “Мегополис” және т. б. жалпы тиражы айына 14 млн. экземпляр газет басады.

2003 жылы 1 сәуірден кәсіпорын “Кітап” ЖШС мен бірігіп қайта құрылады. Бұл бұрынғы кітап фабрикасы “Кітап” өндірісінің қосылуы 1974 жылғы қаңтардағы № 2 Гортипографияның негізінде құрылған.

Кітап фабрикасы кітап-жорналдық өнімді шығаруға мамандандырылған ірі полиграфиялық кәсіпорнының. Осы себепті қайта құрылған кәсіпорын “РПБК” “Дәуір” ЖШС-сы екі ірі полиграфиялық типографиясының бірлесуі мен газет шығарумен емес, сондай-ақ кітап-жорнал, мектептік ақ-қағаз және жазба өнімін шығарумен айналысады.

“Дәуір” “РПБК” ЖШС-сы мен газет редакциясымен ғана емес, сондай-ақ ірі полиграфиялық баспаханалар “Мектеп”, “Жазушы”, “Қазақстан”, “Жеті жарғы”, “Өнер” кәсіпорындарымен істес. Істес орталықтары жылдан-жылға көбеюде. Ай сайын кәсіпорын 40-тан 50-ге дейінгі тапсырыс берушілерді, соның ішінде ірісі “Қазығұрт” баспасы саналады.

Баспа паркінің жылдық қуаттылығы 260 млн бояуоттискіні құрайды. Ал кітап және кітапша шығару жылына 12 млн экземпляр.

2. “РПБК “Дәуір” ЖШС-ның басқару және өндірістік құрылымы.

Жалпы “РПБК “Дәуір” ЖШС-ның Жарғысына сәйкес ең жоғарғы басқару органы құрылтайшы болып табылады. Кәсіпорынның құрылтайшысы ретінде 1 заңды тұлға табылады.

Құрылтайшы Жарғыға сәйкес серіктестіктің басқару процесіне қатысады. Серіктесстік қызметі жөнінен мәліметтер алып, оның бухгалтерлік есебі жөнінде құжаттармен танысып отырады. Қазіргі заңдарға сәйкес серіктестіктің негізгі қызметінен табыс алады.

3. Рынокты және бәсекелестерді талдау.

“Дәуір” ЖШС-сы Қазақстан Республикасындағы ірі полиграфиялық кәсіпорындардың бірі.

Кәсіпорын Қазақстандағы қаржы және іскерлік орталығы Алматы қаласында орналасқан. Қазақстандағы дамыған өндірістік және әлеуметтік инфроқұрылымы бар үлкен қала. Қаладағы халық саны 1 адам. Бұл қалада газет, жорнал және кітап баспаханаларының саны өте көп (мемлекеттік мекемелерде тіркелген кәсіпорындар саны 152) . Қазақстанның полиграфиялық өнеркәсібі даму үстінде. Нарыққа ірі, орта және шағын кәсіпорындар қызмет етеді. Тек Алматының өзінде 207 кәсіпорын тіркелген, бұлар полиграфиялық қызмет: газет, жорнал басу, кітап және кітапшалар шығару, бланктік өндіріс, ақ қағаз өнімі, буып-түю және жарнама материалдарын және т. б. қызметтерді жүзеге асырады.

“Дәуір” ЖШС-гі ірі полиграфиялық кәсіпорыны келесі қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған:

  • газет және жорнал шығару;
  • кітап шығару;
  • ақ-қағаз өнімдерін өндіру.

Газет, жорнал шығару.

Қазіргі таңда Алматы қаласында 150 қоғамдық-саяси, ғылыми қарпайым мағынадағы газеттер тіркелген.

“Дәуір” ЖШС-сы Қазақстанда газет шығаруда ережеден келе жатқан кәсіпорын. Газет цехы жоғары жылдамдықта басу құралдарымен жабдықталған. Цехта қуатылығы жылына 513, 6 млн. бояу-оттисті құрайтын 10 офсетті газет басу “Рокдосен” құрылған.

Өнімнің атауы: Өнімнің атауы
2000ж: 2000ж
2001ж: 2001ж
2002ж: 2002ж
2003ж: 2003ж
Өнімнің атауы: Қазақстан бойынша басылған газеттер мен жорналдар және кезеңдік басылымдар мың экз.
2000ж: 417069
2001ж: 407907
2002ж: 415792
2003ж: 467629, 8
Өнімнің атауы: “Дәуір” баспасынан басылған газеттер, жорналдар және кезеңдік басылымдар мың экз.
2000ж: 131204
2001ж: 137989
2002ж: 156817
2003ж: 189392
Өнімнің атауы: “Дәуір” ЖШС-ның газет жорнал өнімін шығарудағы рыноктағы үлесі, %
2000ж: 31
2001ж: 33, 8
2002ж: 37
2003ж: 40, 5

Осы кестеден көрсетілгендей “Дәуір” ЖШС-сы газет-жорнал өнімін шығаруда еліміздің барлық газетінің үштен бірін басады.

Қазіргі күнде 28 газет осы жерде басады: “Комсомольная правда (2 басылымды) ”, “Известия”, “Рек-Тайм-Алматы”, “Антенна”, “Труд”, “Казахстанская правда”, “Егемен Қазақстан”, “Панорама”, “Время”, “Экспресс К”, “Деловая неделя”, “Жас Алаш”, “Вечерний Алматы”, және басқалары, сондай-ақ 10 жорнал (Парасат, Қазақстан әйелдері, Заң және заман, Қазақстан мектебі, Информатика, Бағдар, Формация) басылады.

Газет басудағы негізгі бәсекелестері: “БҮ Алма-Медия” ЖШС, “Квария” ААҚ, СП “АРТ” ЖШС. Бұл баспалардың барлығы Алматы қаласында орналасқан.

“Дәуір” ЖШС-сы газет-жорнал басуда Алматы облысы, қаласы бойынша рынокта 40% -ды құрайды.

Кітап шығару

Кітап шығару “Дәуір” баспаханаларының негізгі пайда көзі. Рыноктағы негізгі бәсекелестері негізінен полиграфиялық бағасы бар “Атамұра” баспа корпорациясы. Сондай-ақ бәсекелестер қатарына тағы кітап шығарумен айналысатын 10 типографияны айтуға болады. Бұл “Полиграфия” Атырау Республикалық өндірістік бірлестігі (Атырау қ), “БҮ Алма-Медия-Астана”(Астана қ), “Қостанай баспа үйі”(Қостанай қ), “Полиграфия” ААҚ (Петропавл қ), “Дастан” Батыс Қазақстан баспа Корпорациясы ААҚ, “Семей-Полиграфия”(Семей қ), Шығыс-Баспа ААҚ (Өскемен қ), “Қарағанды полиграфия” ААҚ, “Кварта” ААҚ (Алматы қ), және Сп “АРТ” ЖШС (Алматы қ) .

“Дәуір” ЖШС-сы бәсекелестерінен рынокта алда жүруі үшін өз жанынан мектеп және жоғары оқу орындарының оқулықтарын, кітаптарын басып шығаруға ат салысуда.

Ақ-қағаз өнімін өндіру

Қазіргі күнде “Дәуір” ЖШС-сы келесі ақ-қағазды өнімдерді рынокқа ұсынады:

  • дәптер, қалың пәндік, ноталық, мектептік;
  • күнтізбелер;
  • күнделіктер;
  • мемлекеттік белгілері бар плакаттар;
  • сынып жорналы;
  • мебелдер және басқа да бланктік өнімдер.

Бұл көптеген тауарлардың мектепке арналған өнімдер екенін көруге болады. Тауарының көп бөлігін ЖШС Алматы қаласындағы және облыс орталықтарындағы көтерме компаниялар-делдалдар арқылы өткізеді. Бұдан өзге кәсіпорын өзінің жеке дүкендері және көтерме базарларындағы өткізу тармақтары бар.

Кәсіпорынның негізгі тұтынушылары - “Абди компани” ЖАҚ, “Асем” ЖШС, “Культорг” ААҚ (Алматы қ) болып табылады.

Дистрибьютерлер желісі қарағанды, Тараз, Қызылорда, Теміртау, Шымкент, Атырау, Петропавл қалаларын қамтиды. Алматы қаласының орталық базарларында мамандандырылған контенерлер арқылы ақ-қағаз және кеңсе тауарлары өткізіледі.

Бұл нарықтағы негізгі бәсекелестер негізінен Ресей, Қытай, Еуропа елдерінен әкелінетін тауарлар жатқызады.

4. Кәсіпорындағы жұмысшыларды ынталандыру шаралары.

Жалпы кәсіпорында жұмысшыларды ынталандыру өнімділікті арттыру мақсатында жүргізіледі. Бұл негізінен баспахананың материалдық ресурстарынан үнемделген қаржылар негізінде жүзеге асырылады. Яғни бұл үнемделген қаржының 40%-ы жұмысшыларға премия беруге жұмсалады. Премия беру негізінен цехта, учаскеде немесе бригада да материалды ресурстардың шығын нормасын сақтау және жұмысты сапалы орындағаны үшін беріліп отырады.

Жалпы 2003 жылдан бастап кәсіпорында жалақы 10% -ға өсірілді. Ал қыркүйек айынан бастап жұмысты жақсы, сапалы орындағаны үшін қызметкерлерді ынталандыру мақсатында премиялар бекітілді. Осының бәрі еңбек өнімділігін арттыруға өз ықпалын енгізеді. Кәсіпорында жалпы орта айлық жалақы 11137 теңгеден 15665 теңгеге дейін арттырды және жылдық экономикалық көрсеткіштер ескеріліп есептеледі.

Сондай-ақ кәсіпорында өз қызметкерлерін кезекті демалыстарында демалыс орындарына жіберу көзделген. Ол жаз айларында (маусым айынан тамыз айы аралығында) 24 күндік демалысқа жіберді. Жалпы жолдаманың бір күндік құны 459 теңгені құрайды. Бұл негізінен кәсіпорынның қызметкерлерін ынталандырудағы негізгі шаралар болып табылады.

Бұдан өзге кәсіпорында жас мамандарды үнемі қолдап қызмет бабында өсіріп отыру, мақтау қағаздарымен және құнды сыйлықтарымен марапаттау шарлары қолданылады.

5. “РПБК “Дәуір” ЖШС-ң шаруашылық қызметін талдау.

2003 жылы 350384, 3 мың теңгеге өнім шығарылды, бұл былтырғы жылға қарағанда 15632, 9 мың теңгеге артық, яғни былтырғы жылы - 334751, 4 мың теңгені қамтиды. Осының ішінде газет шығаруға 210, 9 млн теңге, жорнал шығаруға 21, 1 млн. теңге жұмсалды. Жалпы өндіріс көлемі тауарлық өнімдерді шығаруда 2002 жылмен салыстырғанда 47 %-ға өсті.

Жалпы қызмет етуші өндірістік персоналдағы жұмысшылар саны 389 адамды құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 9 адамға көп. Қызметкерлердің санының бұлай өсуі кітаптар мен оқулықтардың қатты түптеу арқасында мүмкін болды. Кітапты шығарудың артуы басу мен кітапша-түптеу цехының жұмысын жүктеу, сондай-ақ жұмыс орындарын қысқарудан қашу арқылы жүзеге асырылады.

Натуралды түрде алсақ кітапты шығарудың өсуі 1155 мың экземпляр болды - бұл былтырғы жылмен салыстырғанда үш есе көп, сондай-ақ бояу - оттискіде былтырғы жылға қарағанда 70%-ға, яғни 21 млн. бояу оттискіге өсті.

Тауар өкімінің 1 теңгелік шығыны жыл басында 1, 16 теңгені құрады, ал бір жылда 0, 98 теңге болды.

Шығарылатын өнімнің өзіндік құнының шығынын төмендетуде бірнеше шаралар жүргізіледі:

  • полиграфиялық өндіріс процесіне шикізат пен материалдардың шығын нормасын қайта қарау;
  • цехтардағы жұмыс мерзімін 2 ауысымға аудару;
  • полиграфиялық өндіріс процесін өндіру уақытының нормасын қайта құру;
  • “Шығын кезеңі” және “Ғимараттарды ағымдық жөндеу” бағдарламалары бойынша шығындарды төмендету;
  • дебиторлармен жұмысты күшейту;
  • инженерлік құрылғыларға және құралдарға капиталды жөндеу жүргізу және т. б.

Тауар өнімінің жұмыс пен қызметтің өзіндік құны 385328, 0 мың теңгені құрады, бұдан баланстың алынған пайда 76, 2 млн сомасын құрады.

Осы көрсеткіштерді келесі кестеден көрсеткен:

2003 жылдың баланстық пайдасы

:
1 тоқсан: 1 тоқсан
2 тоқсан: 2 тоқсан
3 тоқсан: 3 тоқсан
4 тоқсан: 4 тоқсан
: 2002
1 тоқсан: 2003
2 тоқсан: 2002
3 тоқсан: 2003
4 тоқсан: 2002
2003
2002
2003
: Тоқсан бойынша
1 тоқсан: 16, 7
2 тоқсан: 2656, 8
3 тоқсан: 517, 3
4 тоқсан: 4050, 7
557, 5
3704, 0
1091, 3
10411, 5
: Жылдық
1 тоқсан:
2 тоқсан:
3 тоқсан:
4 тоқсан:
1091, 3
10411, 5

Енді бұны диаграмма түрінде көрсетсек:

Осыдан келіп өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтасақ. Себебі шаруашылық қызметті талдау үшін ең қажетті құрал өзіндік құнды анықтау болып табылады. Бұл келесі кесте де орын алған:

Өндірстік өнім, қызметтің өзіндік құны (мың теңге немесе USD)

6. “РПБК “Дәуір” ЖШС-ның қаржылық-экономикалық қызметін талдау.

Жалпы 2003 жылы кәсіпорында жалпы сомасы негізгі қызмет түрінен 450, 8 млн теңге өнімді дайындау мен өткізуден түсті. Бұл былтырғы жылға қарағанда біршама жоғары (4103 млн теңге) . Бұл жылдық өсуі 11, 3 % немесе 43, 1 млн теңгеге артық.

Бірақ “Дәуірдің” газетті өткізуді былтырғы жылы 158, 5 млн теңге пайда әкелсе, ал осы жылы 131 млн теңгені құрады. Бұл 27, 5 млн теңгеге немесе 17, 4 %-ға кем деген сөз. Ал кітап өткізудегі пайдасы былтыр 199, 6 млн теңгені құраса, 2003 жылы бұл көрсеткіш 269, 9 млн теңгені құрады.

Жалпы газет өткізудегі құлдырау 36, 4 млн экземпляр газеттің қысқарына әкелді. Бұл төмендеу газет атауы және тираждың қысқаруы, соның ішінде жарнама газеттерін басу төрт бояулы басуға көшуінің арқасында болды. Бұл газеттер “Начнем с понедельника”, “Рек Тайм”, “Базар”. “Эконом” газетінің редакциясы өз типографиясын ашты. Осының бәрі өз кезегінде “Дәуірдің” қызметін тұтынудың төмендеуіне зор ықпалын тигізді.

Ал қосымша қызметтен түскен пайда 152, 2 млн теңгені құрады. Осының ішінде:

- газет қағазын сату

- технография алаңын жалға беру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кітап шығару ісінің ерекшеліктері: проблемасы және келешегі
Кітап – халық тәрбиешісі
Баспа ісіндегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары
Кітап тарату ісі
Қазақстан кітап сауда жүйесі
Қазақстан баспаларының нарық талабына бейімделуі
Қазіргі замандағы Францияның кітап басу ісінің ерекшеліктері
Қазақстандық баспалар дамуындағы менеджмент пен маркетинг рөлі
Қазақ баспа ісінің өткені мен бүгіні
Тмд елдеріндегі кітап басып шығарудың дәстүрлі әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz