Жұмысшы күші миграциясының мәселелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ
Кіріспе 2
Жоғары маманданған қызметкерлердің еңбек миграциясының келешегі мен
тенденциялары 3
Импортер елдер үшін жұмысшы күші миграциясының экономикалық салдары
5
Жұмысшы күші миграциясының мәселелері 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі 17

Кіріспе

Қазіргі кезде халық санының көбеюіне байланысты жұмысшы күші
де көбеюде. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғалы бері көп
уақыт өткен жоқ. Мүмкін сол жайтқа байланысты болар, біздің елде жұмысшы
күші миграциясы өзге елдермен салыстырғанда қатты дамымаған. Осы курсты
таңдауымның себебі, осы Қазақстандағы жұмысшы күші миграциясының
мәселелерін, өзекті проблемаларын кішкене ғана болса да шешу. Оның
Қазақстандағы жағдайын, өзге елдердегі миграция жағдайын және осы
мәліметерді салыстыру арқылы Қазақстандағы жұмысшы күші миграциясын
дамыту. Курстық жұмысты жазу кезінде тек қана жұмысшы күші
миграциясын қарастырып қана қоймай, онымен байланысты (мысалы: халық саны,
білім деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, және т.б.) көрсеткіштерді қарастыру.
Халықаралық миграцияның жұмыс бабындағы, отбасылық, рекреациондық
(үзіліс, дем алу мерзімі) және туристік т.б. нысандары бар. Біз
негізінен халықаралық еңбек миграциясы мен жұмысшы күшінің халықаралық
рыногына тоқталамыз. Жұмысшы күшінің халықаралық рыногы ұлттық шекарадан
өтіп кететін еңбек ресурстарының ерсілі-қарсылы қозғалысы. Халықаралық
еңбек рыногын ұлттық және аймақтық жұмысшы күші рыноктары құрайды.
Халықаралық еңбек рыногы жұмыс бабындағы миграция түрінде жүзеге
асады. Жұмысшы күшінің халықаралық рыногы басқа дүниежүзілік
рыноктармен, мысалы, тауарлар, қызмет көрсету, капитал рыноктарымен
қатар жүзеге асады. Жұмысшы күші өзінің бір елден екінші елге
ауысуы барысында өзінің еңбекке қабілеттілігін тауар ретінде
ұсынады. Еліміздегі жұмыс күші миграциясы бұл көпвекторлы стихиялық
процесс, оның ішіне ауыл халқының қала халқына ішкі миграциясы,
әсіресе оңтүстік аймақтарда кіреді. Қазақстанның жұмысшы күші
экспорты бұл 1990 жылдан бастап дамып келе жатқан жаңа құбылыс.
Сондықтан менің ойымша, Қазақстандағы жұмысшы күшін дамыту, оны
өзге елдерге экспорттау керек. Өйткені жұмысшы күшін өзге елдерге
көптеп экспорттаған сайын, еліміздің экономикасы да, қаржылық
жағдайы да, әлеуметтік жағдайы да дамиды. Осы курстық жұмыста
бірнеше жағдайларды қарастырдым. Мысалы, жоғары маманданған
қызметкерлердің еңбек миграциясының келешегі мен тенденциялары, Импортер
елдер үшін жұмысшы күші миграциясының экономикалық салдары, жұмысшы күші
миграциясының мәселелері және т.б.

Жоғары маманданған қызметкерлердің еңбек миграциясының келешегі мен
тенденциялары

Еңбек миграциясының бір өзекті мәселесі эмиграциядағы жұмысшы күшінің
арнайы тобы - жоғары маманданған кадрлар немесе білімділердің кетуі болып
табылады. Интеллектуалды капитал кез келген қоғамның ең бағалы игілігі
болып, оны жоғалтудың бағасы тек уақыт өткеннен кейін түсінікті болады.
Халықаралық еңбек миграцияның құрылымында жоғары білікті жұмыскерлер
қозғалысы дәстүрлі түрде өте елеулі орын алады. Мысалға Ұлыбританияда
жұмысқа тұруға рұқсаттардың (иммиграцияның міндетті шарты болып табылады)
85 пайызы жоғары маманданған кызметкерлер мен басқарушылар үлесіне тиеді.
Осы елде жұмыс істейтін иммигранттардың 23 бөлігі осы категорияға жатады.
АҚШ соңғы 25 жылда дамушы елдерден 250 мың мамандар келтіріп, әр түрлі
әлем аудандарынан интеллектуалды жұмысшы күшін тартудан үлкен пайда алды.
Дамыған елдер өздерінің миграциялық және абсорбациялық саясатын көп
жағдайда, келіп жатқан жұмысшы күшінің құрылымын жоғары маманданған топтар
пайдасына өзгертуге тырысуда. Бірінші кезекте ғылыми қызметкерлер мен
техникалық мамандарға көңіл аударылады. Еңбек миграциясының калыптасуының
әр түрлі кезеңдерінде көптеген елдер білімділердің кетуі мәселесімен
кездескен. Бұл процесс өз уақытында Жапония, Корея, Қытайға тән болған еді.
Бұл құбылыс екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада пайда болды.
Алғашында Ұлыбритания, ГФР, Канададан мигранттардың ағымы АҚШ-қа
бағытталған еді. 60-80 жылдары білімділердің кетуі негізінен дамушы Азия,
Латын Америка мен Африка елдерінде болды. Осы жылдар ішінде үшінші әлем
елдерінен 500 мыңнан аса инженер, ғалымдар, дәрігерлер сияқты мамандар
кетті.
Ғалымдардың пікірінше, осы уақытта білімділердің кетуі терминінің мәні
кедей елдерден индустриалды орталыққа жоғары маманданған, талантты
индивидтердің миграциясы деген анықтама пайда болды, Білімділердің кетуі
(brain drain) термині алғашқы рет ресми түрде 1962 жылы қолданылды.
Осы уақытта социалистік лагерь (КСРО, Шығыс Еуропа, Қытай, Куба және
т.б.) деп аталған елдердің интеллектуалды бөлігінде АҚШ, Канада, Батыс
Еуропа елдерінің ғылыми орталықтары мен университтетерінде жұмыс істеу мен
оқуға қызығушылықтары пайда бола бастады. Бірақ елден еркін кетуге құқығы
жоқтығы мен идеологиялық шектеулер миграцияның бұл түріне сенімді тосқауыл
болды.
80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басыңда жағдай күрт өзгерді. Тек
1986- 1990 жылдар кезеңінде Шығыс Еуропа мен бұрынғы КСРО елдерінен 1,5
миллион адам эмиграциялап, оның басым бөлігін ғылыми және инженерлік-
техникалық жұмыскерлер құрады.
Соңғы 20 жыл ішінде АҚШ математиктердегі қажеттілігінің 50 пайызын
бұрынғы КСРО елдерінен келген эммиграция есебінен қанағаттандырды. Осының
нәтижесінде 1975 жылмен салыстырған 90-жылдар басындағы ғалымдар санының
үлес салмағы бізде 25 пайыздан 19 пайызға түссе, АҚШ-та сол кезеңде 23
пайыздан 31 г пайызға өсті.
Эксперттердің есебі бойынша, АҚШ-тың елге бір орташа гуманитарлық
ғалымды тартудың таза пайдасы 70-жылдары -230 мың доллар, қоғамдық
білімдердің ғалымын -235 мың, инженерді -253 мың, дәрігерді -646 мың
долларға тең болды. Осының нәтижесінде АҚШ экономикасы тек білім беру мен
ғылыми іс-әрекет сферасында 15 млрд. доллардай үнемдеді.
Канаданың мигранттардың білімін тарту процесіндегі алынған пайдасы
дамушы елдерге көрсеткен көмегінен 7 есе артық Британияда маман- мигранттар
келуінен алынған пайда, оның Азия мен Африкаға көрсететін көмегінен 3 есе
көп.
Көрнекті мысал ретінде 1948 жылы құрылған Израиль мемлекеті бола
алады. Осы мемлекеттің халық саны бастапқы кезде 650 мың адам болған. Сол
кезеңнен бастап елге 2,6 млн. аса адам келіп, оның ішінде 65 мың инженерлер
мен технологтар, 16 мыңдай дәрігерлер, 13 мың ғылым мен мәдениет саласының
жұмыскерлері, 28 мың мұғалімдер болды. Осының нәтижесінде Израиль елінің
халқы 23 -ге өсті. Мамандардың мұндай ағымы бірде-бір елде жоқ.
1973 жыл ғалым-иммигранттарды ғылыми қауымдастыққа енгізуге көмектесу
мен олардың интеллектуалды потенциалын тиімді пайдалану үшін ғылымдағы
абсорбация орталығы құрылды.
Орталықтың мақсаттары - репатриант-ғалымдарды ғылым мен өндіріс
бағытына белсенді тартуды консультациямен жұмыс іздеуге көмектесу, олардың
ғылыми жобаларын жүзеге асыру, кәсіби білімі мен тәжірибесін толық
пайдалану, алғашқы уақыттағы кезеңде зерттеушілік жұмыстарын қаржыландыру
жолымен жүргізу. Орталық ғылыми қызметкерлерге көмектесуін, олар мына
шарттардың біріне сәйкес келсе жүзеге асырады:
Талапкер академиялық үшінші дәрежеге ие болып, ғылыми жұмыспен
Израильге келгенге дейінгі 5 жылдың 3 жылы айналысып, ғылыми еңбектер саны
үшеуден кем болмай немесе үш патентке ие болуы қажет.
Талапкер академиялық екінші дәрежеге ие болып (бес жылдық жоғары оқу
білімі бар), ғылыммен 6 жылдың 4- де айналысып, үш ғылыми еңбегі немесе 3
патентке ие болуы керек.
Білімділердің кету процесін ішкі және сыртқы экономикалық тұрғыдан
қарастыру қажет. Сыртқы жағы, жоғарыда айтылғандай, жоғары мамандамған
жұмысшылардың шетелге кетуімен, ішкісі мамандардың сектораралық
мобильдігімен сипатталады. Ішкі интелектуалды потенциалдың ғылыми емес
сфераға құйылуы сыртқа кетуге қарағанда қауіпті болып табылады.
Ресейде ғылым мен жоғары білікті еңбек саласынан кетіп жатқан ер 10
адамның 9-ы экономикалық себептері мен ұлттық экономиканың коммерциялық
салаларына кетіп, тек 1 адамы шетелге кетуде. Интеллектуалды сыртқы
миграция процесінің механизмін мемлекеттік тұрғыдан қарастырып, іс-
әректінің ерекшелігін көрейік:
1. Импортер елдерде салыстырмалы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі бар. Ол
әртүрлі бағыттарындағы жоғары білікті жұмыскерлер дефицитін, тіпті білім
берудің жоғары дамыған жүйесі бар елдерде қамтамасыз ете алмайды. Ал
экспортер елдерде, халықаралық еңбек күш рыногына ауыр экономикалық
жағдайға байланысты шығып жатқан жоғары білікті жұмысшы күші армиясы бар.
2. Қазіргі ғылымға жоғары дәрежеде мамандану тән. Тұрақты түрде жаңа
мамандықтар пайда болуда, ал дәстүрлі, бірақ ескі мамандықтар да жаңа
технологиялар енгізілуіне байланысты білімнің жаңалануын қажет етеді.СЕDЕ
FОР мен эксперттік ұйымдардың топтастыруына сәйкес, 300 әртүрлі
мамандықтардың 14 -і 30 жыл бұрын белгілі болмаған.
Мамандану - өте қымбат процесс. Интеллектуалды миграция мәселелеріне
байланысты өткізілген халықаралық семинарда көрсетілгендей, үлкен дамыған
елдердің өзі мамаңданудың пәндері мен түрлерінің бәрінен универсалды
бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ.
Сондықтан, әрбір ел ең жақсы ғылыми мектептер мен техникалық
жабдықталуы жоғары басқа елдердің кейбір білім беру мен, зерттеу
мүмкіндіктерін пайдалануда. Осыған байланысты, бірқатар ғылыми
мамаңдықтарда мемлекеттік қажеттілік, оқыту мен шетелге студенттерді,
стажер, тәжірибеленуші, зерттеушілерді жіберуді ұйымдастыру қажеттілігін
туғызып, одан басқа шетелден профессор, оқытушыларды және әр түрлі мерзімге
шақыруды қажет етеді.

Импортер елдер үшін жұмысшы күші миграциясының экономикалық салдары

Халықаралық миграция жұмысшы күшін экспорттайтын немесе импорттайтын
елдердің арасындағы экономикалық даму жағдайы мен халықтың табиғи өсу
қарқыныңда елеулі айырмашылықтар болғандықтан пайда болады. Сондықтан,
иммиграцияның географиялық орталықтары - АҚШ, Канада, Австралия. Батыс
Еуропа елдерінің көпшілігі секілді жоғары экономикалық дамуы бар және мұнай
сатудан түсетін жоғары табысқа байланысты өте қарқынды экономикалық дамыған
елдер болып отыр. Бұл елдер қатарына Бахрейн, Кувейт, Катар, Сауд Аравиясы,
Біріккен Араб Эмираттарын жатқызуға болады.
Әлемнің көптеген мемлекеттері сыртқы сауданы либерализациялау жолына
түскен кезде, олардың бәрі жұмысшы күшінің халықаралық миграциясын
шектейтін шаралар қолдануда.
Миграцияның теріс әсерлерінің бірі - мигранттардың дамыған елдер
бюджетіне салатын қаржылық ауыртпалығы. Ол дамыған елдер дамушы елдерге
жақын немесе шекаралас болғанда өте айқын көрінеді. Оған мысал ретінде АҚШ,
Мексика мен Кариб бассейні елдері, Франция мен Магриб елдері, Германия мен
Түркия бола алады. Осындай жақын көршілестік заңды ғана емес, материалды
көмекті немесе отанына қайтару үшін көп қаржы-қаражатты қажет ететін заңсыз
иммигранттардың көптеп ағылуына әкеледі.
Импортер-елдер жұмысшы күшінің үлкен ағымы келгендіктен, ұлттық
мүдделерін қорғауға байланысты саясатын жүргізеді. Оның басты мақсаты -
талапкерлерді тексеру мен таңдау жүргізу болып табылады.
Иммиграциялық
саясаттың мақсаттары үш аспектіде қарастырылуы мүмкін:

- ұлттық экономиканы қажетсіз жұмысшы-мигранттар ағымынан ауқымы мен
сапа құрылымы бойынша қорғауды қамтамасыз ету;

- қабылдаушы елдегі ішкі халықтың жұмысбастылығының өзекті
мәселелерін шетел жұмысшы күшінің санын реттеу есебінен шешу;
- импортер-елдің экономикалық және саяси мүдделеріне байланысты елге
келген жұмысшы-мигранттарды тиімді пайдалану;
Миграциялық саясат концепциясын таңдау кезіңде елдің ұлтық- тарихи
ерекшеліктері өте маңызды болады. Еуропалық қауымдастық елдер үкіметтері
біртұтас халықаралық еңбек рыногын құру мақсатыңда интеграция концепциясына
негізделуде. Оған қарама-қарсы АҚШ, Канада, Австралия саясаттарына шетел
жұмысшы күшінің жаппай келуі ұлттың қалыптасуымен қабаттасқаңдықтан,
ассимиляция мен натурализация концепциясы тән;
Батыс Еуропа жағдайындағы интеграция концепциясы XX ғасыр басыңда
пайдаланыла басталып, 60-70 жылдары жаппай сипат алған ротация
концепциясына ауысты. Ротация жүйесі дегеніміз мигранттарды тек белгілі
мерзімге жұмысқа алуды білдіреді. Жұмысшы күшін тез ауыстыру, кәсіпкерге
еңбекті көп қажет ететін салалар мен конвейерлі өнеркәсіпте қажетті еңбек
өнімділігі деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіңдік береді. Ротацияны қолдану
миграцияның іріктеу функциясының орнын жоғарылатады: кәсіпкер арнайы қызмет
орыңдары көмегімен, қандай да жұмыскерге қажетілігі болса, еңбек келісімін
ұзарта алады; шетел жұмысшы күшінің қартаюы, бөтендердің өңдірісте басты
орын алуын болдырмауға, қабылдаушы жақтың жұмысшыларға өмірге қажетті
жағдайларды қамтамасыз ету жауапкершшігін төмендетуге, кәсіби дайындық пен
мамаңдықты жоғарылатудан бас тартуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлер үшін
көрнекті пайдалығына қарамастан, қазіргі уақытта ротация концепциясын ЕО
елдері Үкіметтері ресми мойыңдай алмайды, өйткені оның демократиялық емес,
әкімшілік принциптері батыс Еуропа интеграция идеясына қарама-қарсы болуда,
Германияда мигрант-жұмысшы топтары арасыңда жүргізілгең әлеуметтік сұрау
зерттеуі отанына қайтуды жоспарламайтын адамдардың үлесі жоғары болып, ол
6,7 пайыздан - 40,1 пайызға дейін құрағанын көрсетті.
Сөйтіп, Германиядағы әрбір төртінші мигрант қабылдаушы елде қалуды
жоспарлауда. Отанына қайтпайтын мигранттар үлесі Германияда ғана емес,
Еуропа одағының басқа елдеріңде де өсуде.
Германияда ұзақ мерзім жұмыс істегеңдердің санының өсуі (1990 жылы
мигранттардың 52 пайызы 9 жылдан астам уақыт бойы өмір сүрген)
кәсіпкерлердің өндірісте сол контингентті пайдаланудың артықшылықтарын;
пайдасын түсінуге көмектесті. Жұмысшылар кәсіпорын ерекшеліктеріне үйреніп,
соның есебінен кәсіпкерлерге жаңадан келгендерді оқыту мен үйренуге кететін
шығындарды үнемдеуіне мүмкіндік береді. Ақырында кәсіпкерлер мен
экономистердің көп бөлігі шетел жұмысшыларының еңбегін пайдалану уақытша
құбылыс емес екендігі қажет кезде оларды отанына қайтару оңай еместігін
түсіне бастады.
Еңбек миграциясы мәселелері бойынша Еуропа Одағы Кеңесі шешімінің
негізгі идеясы - иммиграция ауқымы рыноктағы еңбек күшінің санымен ғана
емес; ұлттық экономикалардың жұмысшы күшіндегі нақты қажеттіліктерімен
анықталуы тиіс.
Қазіргі уақытта Еуропа Одағының ортақ еңбек күші рыногы шеңберіндегі
миграциялық саясат екі белгілі факторлар әсерімен қалыптасуда:
- бұрын, уақытша құбылыс ретіңде қарастырылатын еңбек күші импортер-
елдің шаруашылық конъюнктурасына байланыссыз, экономикаға әсер ететін
маңызды белігінің бірі болды.
- мигранттардың реципиент-елдегі болуының орташа мерзімінің мөлшері
өсуде. Жұмыскер-мигрант импортер-елдің ұзақ мерзімді тұрғыны бола бастап,
ол мемлекетаралық еңбек миграциясының сипатын өзгертуде.
Иммиграциялық саясаттың маңызды мақсаттарының бірі -ұлттық еңбек
рыногын бақыланбайтын еңбек күші ағымынан қорғау болғандықтан, импортер-
елдер иммиграцияны болдырмау мен шетел жұмысшы күшінің санын қысқартуға
бағытталған шараларды қолдануда.
Осы шаралар қатарына:
1. Елге жұмысшы-мигранттардың заңмен рұқсат етілмеген келуін
болдырмау. Заңсыз миграция барлық еңбек күшін импорттаушы-елдерде кең
тараған. Мысалға АҚШ-та әртүрлі бағалар бойынша 6-млн. -нан 12 млн.-ға
дейін тіркелмеген мигранттар бар.
2. Заңсыз мигранттармен күресу үшін депортация (қуғындау) мен
интернирование (тұтқындау) шаралары кең қолданылады.
АҚШ-та 1984 жылы Президенттің заңсыз келген шетелдіктер үшін лагерь
құру туралы №12473 Жарлығы бекітілді. Бұл акцияға мемлекеттік бюджеттен 200
мың адамға арналған 10 лагерь құрылысына 8 млн. 262 мың доллар жұмсалады.
Депортация 1986 жылға дейін, иммиграциялық заң қабылданғанша жүргізілді.
Осы заң заңсыз мигранттарды тығып жүрген кәсіпкерлерге қарсы шараларды
бекітіп, ол 250-10 мың доллар айып ретінде немесе 6 айға дейін бас
бостандығынан айыруды бекітті.
3аңсыз мигранттарға саясатты қаталдатумен бірге АҚШ-тағы заң елдегі
шетелдіктердің бір бөлігіне заңды тұрғыға өтуге мүмкіндік берді. Ірі
агробизнес мүдделеріне байланысты, маусымдық ауылшаруашылық жұмысшылары
үшін жеңілдіктер жасалған. Қазіргі уақытта АҚШ-тағы тіркелмеген
мигранттардың заңды жағдайға өтуі ұзақ бюрократиялық кедергілер: нақты
жұмыс іс-әрекетіне рұқсат алу, квоталарды белгілеудегі ұзақтық, ағылшын
тілін білу туралы куәлік және американ заңын білу тағы басқа да ірі
шарттармен шектелуде.
Ұлыбританияда мемлекетке заңсыздарды депортациялау мен шығарып
жіберуге кең мүмкіндіктер берілді. Заңсыз иммигрант болып саналған адамдар,
ешбір артық бюроткратиялық кедергісіз кез келген уақытта елден шығарылып
жіберілуі мүмкін. Осының нәтижесінде Ұлыбританиядан депортацияланғаңдардың
саны 70-жылдары 500 адам болса, 80-жылдары 2500 адамға жетті.
Иммиграцияны бақылаудың әртүрлі түрлерін енгізу талпыныстары
өнеркәсіптік даму жолына түскен елдер деп аталатын елдерде де болды. 80-
жылдары Парсы түбегінің елдеріңде заңсыз мигранттарға иммиграциялық
талаптар қаталданып, жұмысқа орналасу өтініштерге келісім бермеу саны
ұлғайып, толық құжаттары жоқ шетелдіктерге қарсы полициялық шаралар
күшейтіліп, депортация ауқымы өте қатты өсті. 1984 жылы Кувейтте айына 200
адам депортацияға ұшыраса, 1985 жылы олардың саны 15 мыңға жетті.
Иммиграциялық заңда заңсыз мигранттар еңбегін пайдаланып жұмыс берушілерге
айып пен соттық шешімдер түрінде әсер ету шаралары бар. Осындай тәжірибе
Нидерланд, Германия, Люксембург, Бельгия және тағы басқа елдерде
қолданылады.
Өте қатал шаралар заңсыз миграцияны жеткізумен айналысып жүрген
делдалдарға қолданылады. Мысалға Францияда осындай қылмыстық іс үшін заң
бойынша 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырады немесе 10 мыңнан
200 мың франкке дейін айып салынады.
3. Импортер-елдердегі иммигранттардың (репатриация) отанына қайтуын
ынталандыру. Жұмысшы күшін импортер-елдердің кәсібі ресми тіркелген
жұмысшылардың отанына қайту репатриациясын ынталандырудың мемлекеттік
бағдарламаларын қабылдады. Әкімшілік шараларға қарағанда, мұнда
экономикалық ынталандыру шаралары басым. Қабылданған бағдарламалар
іріктемелі сипатта болды. Оның іс-әрекеті тек мигранттардың белгілі бір
топтарына бағытталды. Олар импортер-ел үшін жарымсыз ұлт өкілдерінің,
ұлттық рынокта сұранысы жоқ мамандықтар өкілдерінің репатриациясын (отанына
қайтуын) ынталандыруға бағытталған. Отанына қайтуды (репартация,
реэмиграция) ынталандыру шаралары ішінен мыналарды атап етуге болады:
Осындай шаралар нәтижесiнде бір жағынан жаңа эмиграция өсімін
баяулатса, екіншi жағынан реэмигранттардың бір бөлiгiн жұмыспен қамтамасыз
етті. Осындай ынтымақтастықтың мысалы ретінде Германия мен Түркияны алуға
болады. Олар даму кооперативтерін құру туралы екі жақты келісімге қол
койып, одан кейін Германияда жұмыс істеп жатқан түрік азаматтарының
қаржыларын тарту арқылы акционерлік қоғамдарды құруды жоспарлады.
Нидерландта иммигранттардың отанына қайтуын ынталандыру үшiн жоба жасалынып
ол отанында өз ісiн бастаймын деген жұмысшы-мигранттарға несие беру
жоспарланды. Осы бағдарлама шеңберiнде Югославияда жаппай миграцияның
экономикалық артта қалған аудандарын қаржыландыру үшiн арнайы қор құрылды.
Елге келу, елде болу мерзiмiн ұзарту, жұмыс орнын ауыстыру, тағы
сондай сияқты мәселелердiң тәртiбiн қиындатуға бағытталған шаралар. Бұл
әкiмшiлiк-құқықтық шаралар шектемелi сипатта болып, еңбектенушi-мигранттар
санының азаюына бағытталады. Көптеген импортер-елдерде визалар тек жұмыспен
қамтамасыз етiлудiң кепiлдiгi болған кезде берiледi. Мысалға Оңтүстiк
Африка Республикасының заңы бойынша, бiрiншi кезекте тек мемлекеттiк немесе
жеке кәсiпорында жұмыс барын құжат арқылы дәлелдей алатын мигранттар
қабылданады.
АҚШ-та елге кiру визасын алу үшiн АҚШ еңбек министрлiгi растаған,
фирма мен компанияның жұмыс орнын беру туралы ресми келiсiмi болатын еңбек
сертификатын алу қажет. Бұл құжатты алу процесi өте күрделi және ұзақ болып
табылады. Мигрантқа берiлген виза мерзiмi 2 жылдан аспайды, ал оны ұзарту
мен қайта пайдалану өте қиын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмысшы күшінің Қазақстандағы жағдайы
Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясының қазіргі таңдағы ерекшеліктері
Қазіргі кездегі жұмысшы күшінің миграциялық тартылуы және негізгі орталықтары мен ауқымы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МИГРАЦИЯ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Жұмысшы күштің халықаралық миграциясы
Әлем шаруашылығының дамуындағы жұмысшы күші, миграцияның дамуы
Қазақстан Республикасындағы еңбек миграциясының динамикасы мен себептері және оның елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері
Халықаралық дербес құқығындағы еңбек қатынастарының құқықтық реттелуі
Халықаралық сауданың теориялары
Халықаралық экономикалық қатынастардың жиынтығы
Пәндер