Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясының қазіргі таңдағы ерекшеліктері


ЖОСПАРЫ
Кіріспе2
1. 1. Жұмысшы күші түрлері, бағыттары3
1. 2. Жұмысшы күші миграциясының қазіргі таңдағы ерекшеліктері4
2. 1. Жоғары маманданған қызметкерлердің еңбек миграциясының келешегі мен тенденциялары7
2. 2 Импортер елдер үшін жұмысшы күші миграциясының экономикалық салдары10
Қолданылған әдебиеттер тізімі13
Кіріспе
Қазіргі кезде халық санының көбеюіне байланысты жұмысшы күші де көбеюде. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғалы бері көп уақыт өткен жоқ. Мүмкін сол жайтқа байланысты болар, біздің елде жұмысшы күші миграциясы өзге елдермен салыстырғанда қатты дамымаған. Осы курсты таңдауымның себебі, осы Қазақстандағы жұмысшы күші миграциясының мәселелерін, өзекті проблемаларын кішкене ғана болса да шешу. Оның Қазақстандағы жағдайын, өзге елдердегі миграция жағдайын және осы мәліметерді салыстыру арқылы Қазақстандағы жұмысшы күші миграциясын дамыту. Курстық жұмысты жазу кезінде тек қана жұмысшы күші миграциясын қарастырып қана қоймай, онымен байланысты (мысалы: халық саны, білім деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, және т. б. ) көрсеткіштерді қарастыру. Халықаралық миграцияның жұмыс бабындағы, отбасылық, рекреациондық (үзіліс, дем алу мерзімі) және туристік т. б. нысандары бар. Біз негізінен халықаралық еңбек миграциясы мен жұмысшы күшінің халықаралық рыногына тоқталамыз. Жұмысшы күшінің халықаралық рыногы ұлттық шекарадан өтіп кететін еңбек ресурстарының ерсілі-қарсылы қозғалысы. Халықаралық еңбек рыногын ұлттық және аймақтық жұмысшы күші рыноктары құрайды. Халықаралық еңбек рыногы жұмыс бабындағы миграция түрінде жүзеге асады. Жұмысшы күшінің халықаралық рыногы басқа дүниежүзілік рыноктармен, мысалы, тауарлар, қызмет көрсету, капитал рыноктарымен қатар жүзеге асады. Жұмысшы күші өзінің бір елден екінші елге ауысуы барысында өзінің еңбекке қабілеттілігін тауар ретінде ұсынады. Еліміздегі жұмыс күші миграциясы бұл көпвекторлы стихиялық процесс, оның ішіне ауыл халқының қала халқына ішкі миграциясы, әсіресе оңтүстік аймақтарда кіреді. Қазақстанның жұмысшы күші экспорты бұл 1990 жылдан бастап дамып келе жатқан жаңа құбылыс. Сондықтан менің ойымша, Қазақстандағы жұмысшы күшін дамыту, оны өзге елдерге экспорттау керек. Өйткені жұмысшы күшін өзге елдерге көптеп экспорттаған сайын, еліміздің экономикасы да, қаржылық жағдайы да, әлеуметтік жағдайы да дамиды. Осы курстық жұмыста бірнеше жағдайларды қарастырдым. Мысалы, жоғары маманданған қызметкерлердің еңбек миграциясының келешегі мен тенденциялары, Импортер елдер үшін жұмысшы күші миграциясының экономикалық салдары, жұмысшы күші миграциясының мәселелері және т. б.
1. 1. Жұмысшы күші түрлері, бағыттары
Жұмысшы күші миграциясы дегеніміз тұрғылықты жерін өзгерту немесе оған қайта оралу мақсатында адамдардың белгілі бір территория шекаралары арқылы қозғалуы, ауысуы.
Халықаралық миграция әр түрлі формаларда болады:
Еңбектік
Отбасылық
Рекреациялық
Туристік және т. б.
Жұмысшы күшінің халықаралық нарығы ұлттық шекараларды кесіп өтетін еңбек ресурстарының әр түрлі бағыттарын қамтиды. Жұмысшы күшінің халықаралық нарығы жұмысшы күшінің ұлттық және аймақтық нарықтарының жиынтығы. Еңбектің халықаралық нарығы еңбек миграциясы формасында болады.
Халықаралық миграцияның жұмыс бабындағы, отбасылық, рекреациондық (үзіліс, дем алу мерзімі) және туристік т. б. нысандары бар. Біз негізінен халықаралық еңбек миграциясы мен жұмысшы күшінің халықаралық рыногына тоқталамыз. Жұмысшы күшінің халықаралық рыногы ұлттық шекарадан өтіп кететін еңбек ресурстарының ерсілі-қарсылы қозғалысы. Халықаралық еңбек рыногын ұлттық және аймақтық жұмысшы күші рыноктары құрайды. Халықаралық еңбек рыногы жұмыс бабындағы миграция түрінде жүзеге асады.
Жұмысшы күші миграциясының екі түрлі себебі бар:
- Экономикалық сипаттағы;
- Экономикалық емес сипаттағы.
Экономикалық емес сипаттағы себептерге мыналар жатады:
Саяси, ұлттық, діндік, нәсілдік, отбасылық және т. б.
Экономикалық сипаттағы себептерге жекелеген елдердің дамуының әр түрлі экономикалық деңгейіне сәйкес туындайды.
Жұмысшы күшінің миграциясының бес бағыты болады:
- жұмысшы күшінің дамушы елдерден өнеркәсібі дамыған елдерге миграциялануы;
- өнеркәсібі дамыған елдер шеңберіндегі миграция;
- дамушы елдер арасындағы жұмысшы күшінің миграциясы;
- жұмысшы күшінің бұрынғы социалистік елдерден дамыған елдерге миграциялануы;
- ғылыми қызметкерлердің, білікті мамандардың өнеркәсібі дамыған елдерден дамушы елдерге миграциялануы.
Өнеркәсібі дамыған елдер үшін дамушы елдерден келетін жұмысшы күші бірқатар салаларда, инфроқұрылымдық қызметтерде жұмыс істейді.
Мысалы, Францияда құрылыс саласындағы жұмысшылардың 25 пайызы эмигранттар, Бельгиядағы шахтерлердің жартысы шетелдік жұмысшылар, Швейцариядағы құрылысшылардың 40 пайызы шетелден келгендер.
Өнеркәсібі дамыған елдер шеңберіндегі жұмысшы күштерінің ауысуы негізінен экономикалық себептерге байланысты. Бұл елдерге тән нәрсе Еуропадан Америка Құрама Штаттарына “білімділердің кетуі” болып отыр.
Еуропалық одақ елдері шеңберіндегі халықаралық жұмысшы күшінің ауысуын ерекше атаған жөн. Еуропалық Одақта “Еуропалық Экономикалық Одақтастық елдері жұмысшыларының негізгі әлеуметтік құқықтары Хартиясы” қабылданған.
Ең бірінші жұмысшы күші миграциясын қарастырған кезде оған әсер ететін көптеген көрсеткіштерді қарастырған жөн. Соның бірі 2002 жылғы мәліметтерге сәйкес ТМД елдер ішіндегі, ТМД елдер сыртындағы, облысаралық, облыстық және республикалық мигранттар саны.
Кесте №1
Жұмысшы күшінің халықаралық рыногы басқа дүниежүзілік рыноктармен, мысалы, тауарлар, қызмет көрсету, капитал рыноктарымен қатар жүзеге асады. Жұмысшы күші өзінің бір елден екінші елге ауысуы барысында өзінің еңбекке қабілеттілігін тауар ретінде ұсынады.
1. 2. Жұмысшы күші миграциясының қазіргі таңдағы ерекшеліктері
Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясының қазіргі таңдағы ерекшеліктері:
- Еңбек нарығында қатаң шектеулердің күшейе түсуі.
Мексика АҚШ-қа қоныс аударушы мигранттардың ең негізгі қайнар көзі. 1995 жылы бұл елден тоқсан мың тұрақты қоныс аударушы АҚШ-қа келді.
Бірақ та бұрынғы Кеңес Одағы мен Филиппин елдерін қоса алғанда, осы жылдағы мигранттар саны елу бес мыңға, ал Филиппин мигранттарының саны елу бір мыңға тең болды.
Еуропалық одақ азаматтары осы Одаққа кіретін кез келген елде жұмыс істей алады. Ол Еуропалық Одақ шеңберінде экономикалық мигранттардың қозғалуына ықпал етеді.
Еуропалық Одаққа мүше елдердің әр қайсысындағы шетелдік азаматтардың арақатынасы кең шеңберде болады. Нидерландыда жиырма бес пайыз, Люксембургте сексен тоғыз пайызға дейін. Жақында бұл көрсеткіштер Орталық және Шығыс Еуропадан келген жаңа имигранттардың ағылуы нәтижесінде көтерілді.
- Мигранттар арасында жоғары классификациялы мамандар санының ұлғаюы.
Бұл құбылыс бүкіл дүние жүзіне тән. Ол экономиканы реттеудің ерекшеліктерін айқындайды. Өйткені көп ұлттық компаниялар кеңейді, олар өздерінің білікті жұмысшыларының ішкі нарықтарын дамытады.
- Сауданың кеңейтілуі.
Ол білікті мамандар үшін тікелей және жанама мүмкіндіктерді жасайды. Үкіметтер жоғары табыс табатын имигранттарды қабылдайды, сондықтан имиграциялық ережелер осындай мамандардың ағылып келуіне жағдайлар жасайды.
- Көп ұлттық кәсіпорындардың өсуі.
Ірі компаниялар еркіндікті қажет етеді, ол мамандардың бір елден екінші елге еркін ауысуына ықпал етеді. Бір елдің азаматтары басқа бір елде мамандардың жетіспеушілігі жағдайларын жеңілдетеді.
- Соңғы жылдары миграция мәселесі проблемалық сипатқа ие болуда.
Қабылдаушы ел үшін иммиграция көп пайда келтіреді. Бай елдер үшін демографиялық өзгерістер өте маңызды рөл атқарады. Халықтың орташа саны сарапшылардың болжамдары бойынша өсуде.
Иммиграция оның төмендеуіне ықпал етеді, өйткені мигранттардың көбі жас адамдар.
Ол белсенді жұмыскерлер мен зейнеткерлер арасындағы арақатынасты және салықтарды төмендетуі мүмкін.
Еліміздегі жұмыс күші миграциясы бұл көпвекторлы стихиялық процесс, оның ішіне ауыл халқының қала халқына ішкі миграциясы, әсіресе оңтүстік аймақтарда кіреді. Қазақстанның жұмысшы күші экспорты бұл 1990 жылдан бастап дамып келе жатқан жаңа құбылыс.
Жұмысшы күші миграциясының оларды импорттайтын және экспорттайтын елдерге қандай әсері бар? Соны қарастырайық.
Жұмысшы күшін қабылдайтын елдер төмендегідей артықшылықтарға ие болады:
- шетел жұмысшы күшінің бағасының төмендеу болуымен байланысты тауар өндірісінің шығындары азайып, өндірілген өнімнің бәсекелік мүмкіндігі артады;
- шетелдік жұмысшылар тауарлар мен қызмет көрсету түрлеріне қосымша сұраныс туғызып өндірістің өсуін және жұмыспен қамтуды ынталандырады;
- жоғары дәрежелі жұмысшы күшін импорттайтын ел оқытуға және мамандар даярлауға жұмсалатын шығындарды үнемдейді;
- шетелдік жұмысшылар экономикалық кризис немесе жұмыссыздық жағдайында белгілі бір амортизатор ролін атқарады. Олар бірінші кезекте жұмыстан шығарылады;
- шетелдік қызметкерлер зейнетақымен қамтамасыз етілмейді және олар түрлі әлеуметтік бағдарламаларда есепке алынбайды.
Жұмысшы күшін экспорттаушы елдердің артықшылықтарына мыналар жатады:
- жұмысшы күшінің экспорты елге валюта келтірудің маңызды көзі есебінде қарастырылады.
Халықаралық валюта қорының есептеуі бойынша тауар экспорты пайдасының орта нормасы - 20 пайыз, қызмет көрсетудікі-50 пайыз, ал жұмысшы күші экспорты пайдасының орта нормасы бұлардан әлдеқайда жоғары.
- жұмысшы күшін экспорттау артық еңбек ресурстарының экономикаға жасайтын қысымын бәсеңдетеді, сөйтіп қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендетеді.
- Экспорттаушы ел үшін маман кадрлар қайта дайындықтан тегін өтеді және еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістеріне үйренеді т. с. с.
Сонымен қатар жұмысшы күшін экспорттаушы елдеркейбір тиімсіз құбылыстарға да тап болады. Оның негізгісі “білімділердің кетуі”, яғни ұлттық экономиканың өзі зәру болып отырған жоғары мамандық иелерінің шетелге миграциясы.
Жоғарыда айтып кеткендей Қазақстандағы миграцияны қарастыру үшін көптеген көрсеткіштерді анықтау қажет. Соның бірі ауыл халқы мен қала халқының еңбекке жарамды адам санын қарастырайық.
Кесте №2
2. 1. Жоғары маманданған қызметкерлердің еңбек миграциясының келешегі мен тенденциялары
Еңбек миграциясының бір өзекті мәселесі эмиграциядағы жұмысшы күшінің арнайы тобы - жоғары маманданған кадрлар немесе білімділердің кетуі болып табылады. Интеллектуалды капитал кез келген қоғамның ең бағалы игілігі болып, оны жоғалтудың бағасы тек уақыт өткеннен кейін түсінікті болады.
Халықаралық еңбек миграцияның құрылымында жоғары білікті жұмыскерлер қозғалысы дәстүрлі түрде өте елеулі орын алады. Мысалға Ұлыбританияда жұмысқа тұруға рұқсаттардың (иммиграцияның міндетті шарты болып табылады) 85 пайызы жоғары маманданған кызметкерлер мен басқарушылар үлесіне тиеді. Осы елде жұмыс істейтін иммигранттардың 2/3 бөлігі осы категорияға жатады.
АҚШ соңғы 25 жылда дамушы елдерден 250 мың мамандар келтіріп, әр түрлі әлем аудандарынан интеллектуалды жұмысшы күшін тартудан үлкен пайда алды. Дамыған елдер өздерінің миграциялық және абсорбациялық саясатын көп жағдайда, келіп жатқан жұмысшы күшінің құрылымын жоғары маманданған топтар пайдасына өзгертуге тырысуда. Бірінші кезекте ғылыми қызметкерлер мен техникалық мамандарға көңіл аударылады. Еңбек миграциясының калыптасуының әр түрлі кезеңдерінде көптеген елдер білімділердің кетуі мәселесімен кездескен. Бұл процесс өз уақытында Жапония, Корея, Қытайға тән болған еді.
Бұл құбылыс екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада пайда болды. Алғашында Ұлыбритания, ГФР, Канададан мигранттардың ағымы АҚШ-қа бағытталған еді. 60-80 жылдары білімділердің кетуі негізінен дамушы Азия, Латын Америка мен Африка елдерінде болды. Осы жылдар ішінде үшінші әлем елдерінен 500 мыңнан аса инженер, ғалымдар, дәрігерлер сияқты мамандар кетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz