Басқару принциптерін дамыту


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2. 1 Классикалық басқару мектебінің өкілдері, негізгі идеялары

2. 2 А. Файоль ұсынған әкімшілік басқару қағидалары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

“Менеджмент” (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің “манус”, яғни “қол күші” деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:

  1. адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
  2. билік және басқару өнері;
  3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
  4. басқару органы, әкімшілік бөлігі.

Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. Тейлордың пікірінше менеджмент - іргелі дәл ғылымға, ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе, Дракердің түсіндіруінше - менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гөрі, практикаға жуықтау.

Менеджмент ұғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек түсінік берді. Бұлар батыстағы іскерлік әлемге “Бизнес пен менеджментті” ұйымдастыру кітабының авторы ретінде танымал.

Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецияның пікірінше, басқару процесі - өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайға қарап ғылымды қолдану.

Менеджмент - нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.

М. Х. Мескон, М. Альберт, Х. Хедоури «Менеджмент негіздері: басқарудағы ой-пікірдің дамуы» кітабында мектептің төрт түрін белгіледі:

  1. Ғылыми басқару мектебі (1885-1920жж. ),
  2. Классикалық немесе әкімшілік басқару мектебі (1920-1950жж. ),
  3. Психология және адамдар қарым-қатынасының мектебі (1930 - қазіргі уақытқа дейін),
  4. Басқару ғылымының мектебі немесе сандық мектеп (1950 - қазіргі уақытқа дейін) .

Мұнда басқару төрт түрлі көзқараста қарастырылады.

Осы жұмыста біз классикалық немесе әкімшілік басқару мектебінің тоқталып, оның өкілдерінің негізгі идеяларына, ойларына тоқталамыз.

2. Негізгі бөлім

2. 1 Классикалық басқару мектебінің өкілдері, негізгі идеялары

Ұйымдағы басқару процесі көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылды.

Ғылыми басқару мектебі өкілдері негізінен өндіріс процесінің тиімділігін арттыру жолдарын ізденумен шұғылдана отырып, сонымен бір мезгілде ұйымдағы жалпы басқару проблемаларына көңіл бөлмеді.

Бұл кемшілікті жеңу жолдары әкімшілік басқару мектебінде қарастырылды. Бұл мектептің менеджмент практикасына қосқан үлесі анағұрлым жоғары, себебі, осы мектеп барлық ұйым типтерінде басқарудың барлық деңгейлері үшін жарамды әмбебап принциптерін ұсынды. Бұл принциптерді қалыптастырушы Анри Файоль (1841-1925жж. ), қазіргі заманғы менеджменттің өкіл атасы деп саналады. Ол 1916 жылы тұңғыш рет менеджменттің толық теориясын ұсынды және оның негізгі принциптерін қалыптастырды.

Классикалық басқару мектебінің дамуына біршама үлесін қосқан ғалымдарды атап өтуге болады, олар Л. Урвик, Д. Муни.

Әкімшілік басқару концепциясының дамуына белгілі үлесін қосқан Ч. Бернард болды. Психология мен социология бойынша өте жақсы білімдерін игере отыра, ол бірінші болып, адам факторының коммуникация жүйесіне, шешім қабылдау, және ұйым ортасына әсер ету маңыздылығын білді.

1938 жылы «Әкімшілік функциясы» кітабында, жүйелік ыңғай тұрғысынан, Ч. Бернард ұйым жүйесін қалыптастыру жағдайын, сонымен қатар сол жүйедегі менеджер функциясын анықтап көрсетті. Ұйым индивид болған жағдайда ғана өмір сүре алады, олар өзара бір-бірімен іс-әрекетте болып, өз үлестерін топтың іс-қимылына қосады. Әр ұйым бірнеше элементтер кешенін құрайды: құрылымдық және функционалды бөліну жүйесі, бөлек адамдардың топ қызметіне ұтымды үлесін қосудың тиімді ынталандыру механизмі, билік және авторитет жүйесі, шешім қабылдау жүйесі.

Осыған орай, Ч. Бернард менеджердің негізгі функцияларын тұжырымдады: ұйымдық құрылым көмегімен ұйымдық байланысты қолдау, өз ұйымына берілген жауапты және қабілетті кадрларды таңдау.

Әкімшілік мектеп менеджмент практикасына үлкен әсер етті, себебі оның өкілдері бірінші рет практикада, яғни кәсіпорындарды басқарудың барлық деңгейлерінде пайдалануға қажетті кең масштабты принциптерді қолдануға ұмтылыс жасады. Бұл мектеп менеджмент туралы білім жүйесін дамытудың ең маңызды шараларын жасады. Оның негізгі үлестері мынада:

  • басқарылу жүйесінің жоғары жеңгейіне және әкімшілік жүесіне деген назарды шоғырландыру;
  • әр менеджермен орындалатын басқарылу жүйесінің функциясын бөлу (жоспарлау, ұйымдастыру, басқылау) ;
  • барлық ұйым типтеріне қажетті менеджмент принциптерін жасау (бірлік, өкілеттілікті жүктеу, еңбектң бөлу) .

Файольдың ізбасары Американ инженері Гаррингтон Эмерсон (1853-1931жж. ), 1912 жылы еңбек өнімділігінің 12 қағидасын атап өтті:

  1. Басқарудың түпкі нүктесі - анық, нақты қойылған мақсат;
  2. Ақыл қорыту, қателер мойындалуы және олардың себебі ізделуі керек;
  3. Басқаруды жетілдіру мақсатымен кәсіпқой мамандарды тарту негізінде білікті кеңес алу;
  4. Іс-әрекет нақты белгілеуге, бақылауға, негізделген тәртіп;
  5. Мамандарға әділетті қарым-қатынас;
  6. Тез, сенімді, толық, дәл және ұдайы есеп жүргізу;
  7. Өндірісті диспетчерлеу;
  8. Нормалар және нұсқаулар;
  9. Еңбек жағдайын қалыпты жағдайға келтіру;
  10. Операцияларды мөлшерлеу;
  11. Жазба стандарт нұсқаулар;
  12. Еңбек өнімділігі үшін көтермелеу.

Сонымен қатар, әлемге танымал кәсіпкер Генри Фордтың басқаруды ұйымдастыру принциптері де көңіл аударуға тұрады.

Г. Форд 1913 жылы тұңғыш рет өндірісте конвейерлерді қолдана отырып үздіксіз-тасқынды жүйені іске қосты. Ол ұсынған өндірісті ұйымдастырудың принциптері мыналар:

  1. Кәсіпорындағы басқаруды ұйымдастыру вертикаль құрылымды болуы керек. Өндірістің барлық бөліктері және кезеңдері бір орталықтан басқарылуы тиіс.
  2. Жаппай өндіріс, бұл өндіріс шығынын барынша азайта отырып, өнімді арзандатады, яғни масштаб эффекті әсер етеді.
  3. Стандарттаудың дамуы, бұл тез және бәлендей шығынсыз өнімнің жаңа түрін шығаруғы көшуге мүмкіндік береді.
  4. Еңбекті көптеген операцияға бөліп орындайтын конвейер.
  5. Басқаруды ұдайы жетілдіру.

Басқарудың әлеуметтік концепциясына ең алдымен П. М. Керженцевтің (1881-1940жж. ) ұйымдастырушылық іс-әрекет теориясын жатқызуға болады. Ол еңбекті ғылыми ұйымдастырудың 3 объектісін бөліп қарастырады:

  • еңбек;
  • өндіріс;
  • басқару.

Ол басқаруды ең маңызды компонент ретінде қарастырады.

Керженцев басқару бойынша кез-келген жұмыста ортақ элементтер бар деп есептеді, сондықтан әртүрлі өндіріс салаларына жататын басқару іс-әрекеттерінің тәжірибесін алмасуға және басқарудың жалпылама принциптерін қалыптастыруға болады. Бұл принциптерге Керженцев төмендегілерді жатқызды:

  • мақсаттар мен міндеттерді тағайындау;
  • ұйымдастыру формасын таңдау;
  • жоспарды талқылау;
  • есеп жүргізу және бақылау;
  • адам мен материал қорларын пайдалануды үйлестіру.

Әлеуметтік басқарудың тағы бір өкілі Н. А. Витке өзінің «Өндірісті басқарудың әлеуметтік-еңбектік концепциясында» заттарды және адамдарды басқаруды бөліп қарай отырып, соның ішінде соңғысына басты назар аударды. Оның пікірінше:

  • басқарудың басты міндеті бірыңғай еңбек кооперациясына қатысушылар ретінде адамдарды орынды ұйымдастыру болып табылады.
  • Басқару дегеніміз - әлеуметтік еңбек қатынастары жүйесін және осы қатынастар іске асатын нақты өмірді біріктіретін процесс болып табылады.

Процестің барлық элементтері әкімшілік функциясы көмегімен біріктіріледі. Жалпы алғанда, Витке өз концепциясында әкімшілік функциясын зерттеуді басшылыққа алды.

Сонымен қатар, басқарудың әлеуметтік концепциясындағы маңызды белесі ретінде Ф. Р. Дунаевскийдің (1887-1960жж. ) әкімшілік сыйымдылық теориясын алып қарауға болады. Яғни, бұл теория бойынша кез-келген жетекші жеке қасиеттеріне қарамастан тек белгілі бір шамадағы адамдар санына басшылық етуге қабілетті. Дунаевский өндірістің дамуына орай орталықтың әкімшілік сыйымдылығының шамасына артып кетудің қарымтасы ретінде жетекшіліктің орта буындарының ісініп, созылыңқы болып кетуі туындайды деп есептеді. Яғни, Дунаевский басқарудағы ақпараттық кедергінің өскенін аңғарып, оны жеңу жолдары туралы идеялар ұсынды.

Классикалық мектептің келесі өкілі М. Вебер болып саналады. Ол ұйым билігіндегі жетекшілік пен құрылым проблемаларын зерттеуге ерекше көңіл бөлді. Әр түрлі ұйымдарды талдай отырып, басшы ие болатын билік сипатына қарай ұйымдастырудың негізгі үш түрлі кезеңін ажыратады: харизматикалық, дәстүрлі, идеалды (бюрократтық) .

Ұйымдастырудың харизматикалық түрі басшының ерекше сапасы болған жағдайда пайда болады. Ұйымдастырудың дәстүрлі түрі харизматикалық түрден туындайды да, мұнда жетекшінің орны табиғи түрде алмастырылып, ұйым мүшесі қалыптасқан дәстүрге сәйкес бұрынғы жетекшінің орнын басқан адамға бағынады. Ең соңында ұйымдастырудың идеалдық (бюрократтық) түрі билікті арнайы бөлуге негізделеді де, ұйым басшының жетекші болуын қамтамасыз етеді.

Аталған белгілердің қолайлы жақтарын (атап айтқанда еңбек бөлінісінің және оның формальды бекітілуінің қажеттілігін) бағалай отырып, Вебердің ұйым қызметін талдаудағы көзқарасының біржақтылығын, тек оның элементтерінің ғана жұмыс істеуін қарастырумен шектелетіндігін атап көрсеткен жөн.

2. 2 А. Файоль ұсынған әкімшілік басқару қағидалары

Файоль басты назарды мамандарды мамандарды басқаруға, соның ішінде ең алдымен жетекшілерді басқаруға аударды. Кәсіпорында атқарылатын жұмыстарды ол келесі негізгі іс-әрекет түрлеріне келтірді:

  • өндірістік-техникалық іс-әрекет, яғни технологиялық процесті жүзеге асыру - оған басқарушы уақытының 10% -і жұмсалады;
  • коммерциялық іс-әрекет, ол өндіріс факторларын және дайын өнімді сатып алу, сату, айырбас жасауды білдіреді - оған басқарушы уақытының 10%-і жұмсалады;
  • қаржылық іс-әрекет, бұл қаржы қорларын жинақтау, іздестіру және тиімді пайдалануды білдіреді - басқарушы уақытының 10%-і жұмсалады;
  • бухгалтерлік іс-әрекет, бұл статистикалық байқаулар жүргізуге, баланс жасауға және тағы басқа байланысты іс-әрекеттер жиынтығы - басқарушы уақытының 10%-і жұмсалады;
  • сақтандыру функциясы - басқарушы уақытының 10%-і жұмсалады;
  • әкімшілік іс-әрекет, ол жұмысшыларға ықпал етуге арналған - басқарушы уақытының 40%-і жұмсалады.

Файольдың пікірінше, өндірістік ұйым мүшелері әртүрлі дәрежеде ұйымдастырушылық, техникалық және әлеуметтік қабілеттер мен білімдерге ие болуы тиіс. Бұл қабілеттер мен білімдердің өзара ара-қатынасы ұйым мүшесінің атқаратын қызметіне байланысты өзгеріп отырады. (1 кесте) .

1 кесте

№:
Жетекшілікдеңгейлері:

Жетекшілік

деңгейлері

Әкімшілікқабілеті:

Әкімшілік

қабілеті

Техникалық қабілеті: Техникалық қабілеті
Әлеуметтік қабілеті: Әлеуметтік қабілеті
№: 1
Жетекшілікдеңгейлері: Директор
Әкімшілікқабілеті: 40
Техникалық қабілеті: 15
Әлеуметтік қабілеті: 45
№: 2
Жетекшілікдеңгейлері: Бас инженер
Әкімшілікқабілеті: 35
Техникалық қабілеті: 30
Әлеуметтік қабілеті: 35
№: 3
Жетекшілікдеңгейлері: Бөлім меңгерушісі
Әкімшілікқабілеті: 30
Техникалық қабілеті: 30
Әлеуметтік қабілеті: 40
№: 4
Жетекшілікдеңгейлері: Шеберхана бастығы
Әкімшілікқабілеті: 25
Техникалық қабілеті: 45
Әлеуметтік қабілеті: 30
№: 5
Жетекшілікдеңгейлері: Мастер
Әкімшілікқабілеті: 15
Техникалық қабілеті: 80
Әлеуметтік қабілеті: 5
№: 6
Жетекшілікдеңгейлері: Жұмысшы
Әкімшілікқабілеті: 5
Техникалық қабілеті: 85
Әлеуметтік қабілеті: 10

А. Файоль әкімшілік басқарудың 14 қағидасын ұсынды:

  1. Билік пен жауапкершіліктің бірлігі;
  2. Еңбек бөлісі;
  3. Бір орталықтан басқару;
  4. Жалпыға ортақ тәртіп, жетекшімен орындаушының бір-бірін құрметтеуі;
  5. Ортақ мақсат жолындағы атқарылатын барлық міндеттер үшін бір жетекші және ортақ жоспар болуға тиіс;
  6. Жеке мүдделер жалпы мүдделерге бағындырырылуы тиіс;
  7. Көтермелеу барлығы үшін әділетті болуы тиіс;
  8. Көкейге қонымды мамандану;
  9. Басқару иерархиясы ыңғайлы, горизонталь байланыстар пайдалы болуы тиіс;
  10. Еңбек тәртібі «әркімге өз орны, әркім өз орнында» принципіне негізделуі тиіс;
  11. Жетекшілердің объективтілігі;
  12. Мамандардың орнықтылығы, өйткені кадр аққыштығы нашар басқару салдары болып табылады;
  13. Қызметкелердің белсендігі, бастама көтеруі;
  14. Ұйымшылдық рух.

Басқарудың классикалық мектебінің басқаруды дамытуға қосқан үлесі:

  1. Басқару принциптерін дамыту.
  2. Басқару функциясын бейнелеу.
  3. Бүкіл ұйымды басқарудың жүйелендірілген ықпалы.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МДҰ әдістемелік кабинет
Менеджменттің Классикалық мектебі
Қазақстанда корпоративтік басқаруды дамыту
Құқықтық саясат тұжырымдамасы
Эко - стильдегі кафе дизайнының негізгі принциптері мен ерекшеліктері
Мейірбике ісі мамандығы
Басқару психологиясы
Ұлттық құқықтық жүйенің негізі - конституциялық құқық
Басқару ой-пікірінің эволюциясын танытатын менеджменттің шетелдік мектептері
Биология курсын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz