Әлеуметтік қажеттіліктер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
І – бөлім. Мотивацияның теориялық негіздері 3
1.1 Мотивацияның мәні, маңызы. 3
1.2 Мотивацияның мазмұндылық теориясы 4
1.3. Мотивацияның іс-жүргізушілік (процессуалдық) теориясы 8
Қорытынды 10
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 11

КІРІСПЕ
Белгілі ір ұйым басшысы ойлаған мақсатына жету үшін, ол жұмысты дұрыс
үйлестіріп, адамдарға жүктелген міндетін орындата білуі тиіс. Өз шешімін
жүзеге асыру үшін мотивацияның негізгі принциптерін қолданады. Мотивация
мен басқару бір-бірімен басшы болып тағайындалғаннан кейін, оның осыған сай
өзінің қабілеті болуы керек. Ол жұмысшыларды өзінің артынан еризе алып және
сол сеніп тапсырылған жұмысты белгілі бір ынтамен істеп нәтиже шығаруы
керек. Әр еңбек еткен адамның алдында белгілі бір мақсат болады. Сол
мақсатқа жету үшін ол аянбай ынталанып еңбек етеді.
Жалпы адамдардың қызметке мотивациясы белгілі іс-әрекетті жүзеге
асыруға талпындыратын қозғалыс күшінің жиынтығы ретінде түсіндіреледі.
Адамдарды басқарған кезде қалай адамдар жақсы және өнімді жұмыс істеуі
керек? Адамдар не үшін жұмыс істеуі керек? тағы да осындай көптеген
сауалдар тууы мүмкін. Басшы осы сұрақтарға дұрыс жауап тауып, жұмысшылардың
керегін дұрыс қанағаттандырып, оларды ынталандыра білсе ол кезде барып
жұмыс өрге жылжиды.
Сонымен қатар жеке күштер мен адам іс-әрекетінің арасындағы байланыс
күрделі өзара қызмет жүйесімен жинақталған нәтижесінде әртүрлі адамдар әсер
етуі мүмкін және де адамның тәртібі жүзеге асыру қызметі, өз кезегінде
ықпал жасап әсерлеседі, нәтижесінде осы жерден шыққан ықпал ету дәрежесі
және де тәртіптік бағдарын өзгертуі мүмкін.
Адамдар басқару оның мотивациясын түсіну арқылы болады. Тек қана
адамды қозғайтын, іс-әрекетте ынталандыратын оның іс-әрекет кезінде қандай
түрткі барыс біліп адамды басқаруда тиімді нысан әзірлеуге болады.
Өзінің жұмысын орындауға адамның әзірлігі мен тілегінің бар болуы,
бірден-бір ұйым жандануының фактор көзі.
І – бөлім. Мотивацияның теориялық негіздері
1.1 Мотивацияның мәні, маңызы.

Менеджменттің аса маңызды міндеттерінің бірі - өзінің қарамағындағы
адам ресурстарын тиімді пайдалдану.
Басшы ойлаған мақсатына жетуі үшін, ол жұмысты дұрыс үйлестіріп,
адамдарға жүктелген міндетін орындата білуі тиіс. ӨЗ шешімін жүзеге асыру
үшін басшы мотивацияның негізгі принциптерін қолданады.
Мотивацияның басқару міндетіне – амалдар мен құралдар жиынтығы кіреді.
Басқарушы мұны негіздеген мақсатқа жету үшін, ішкі қозғаушы күшті
(мотивтерді) пайдаланады. Басшылар адамдарды ұйым үшін жұмыс істеуге қажет
екенін әрқашанда түсінген. Бірақ олар бұл үшін жәй ғана материалдық
сыйлықтар беру жеткілікті деп есептеді. Бұл әдістен басқа әдістер бар
екендігін адам қызметінің негізгі мотивациялары қарастырады.
Басшы жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыру кезінде берілген ұйымның нақты
не істеуі керектігін, қашан, қалай және кімнің жұмысты орындайтығын таңдап
алады. Осы арада тиімді шешім қабылдай алса, басшы көптеген мүмкіндіктерге
қол жеткізеді.
Мотив дегеніміз – адамдардың бір іс-әрекет жасауларына итермелейтін
себеп.
Мотив тек адамдарды іс-әрекетке оятып қана қоймайды, сонымен бірге ол
не істеу керек екендігін және оның қалай орындалатындығын да анықтайды.
Адамның мінез-құлқы тек бір ғана себеппен (мотивпен) анықталмайды, ол
жиынтық ретінде қарастырылады. Сондықтан адамдардың мотивациялық құрылымы
олардың іс-әрекетінің орындалу негізі ретінде қарастырылады. Адамның
мотивациялық құрылымы негізінен тұрақты құбылыс ретінде қалыптасады, бірақ
ол саналы түрде өзгеріп отырады. Мысалы, тәрбиелеу және оқу процесі
үстінде.
Мотивациялау – бұл адамдардың бойындағы мотивтерді қозғау арқылы
оларға, әсер ету процесі. Мотивациялау – адамдарды басқару негізін құрайды.
Мотивация – адамдарға әсер ететін көптеген ішкі және сыртқы
факторлармен байланысты күрделі процесс.
Мотивацияның екі типі бар:
- сыртқы күштердің әсерінен адамдардағы белгілі іс-қимыл мотивтерін
оятады. Мысалы: сауда келісімі. Екі жақ бір-біріне мүдделі қарым-қатынаста
болмаса, мотивациялық процесс болмайды.
- адамның бойында белгілі мотивациялық құрылымның қалыптасуы. Бұл
тип- тәрбиелеу және оқыту процестеріне байланысты. Адам еңбегінің
нәтижесіне де байланысты.
Мотивация қызметтің төмендегідей сипаттамаларына ықпал етеді:
- ынта-жігер;
- талпыну, - тырысу;
- табандылық;
- жауапкершілік;
- бағыттылық;
Сонымен мотивация дегеніміз – бір бағыттағы мақсатқа жету үшін
адамдардың белгілі – бір дәрежеде жұмсалған ынта жігері, көрсеткен
табандылығы және талпыну деңгейі немесе әркімнің өз мақсаттарына жетуі үшін
өзін және өзгелерді қызметке тарту процесі.

1.2 Мотивацияның мазмұндылық теориясы

Мотивацияның мазмұнды теориясы ең бірінші кезекте адамды қызметке
ынталандыратын қажеттілікті анықтауға тырысады. Мотивацияның мазмұндық
теориясын зерттеудің арасынан төрт адамның теориясын атап көрсетуге болады.
Олар:
1. Абрахам Маслау әзірлеген, қажеттілік теориясы;
2. Альдерфермен әзірлеген ERG теориясы;
3. Мак Клелландтың қанағаттырылған қажеттілік теориясы;
4. Герцбергтің екі фактор ілімі;
Абрахам Маслоудың 20 ғасырындағы 40 жылындағы психологияның бір саласы
ретінде бихевиоризм ғылыми дамыды.
Бихевиоризм – ағымынша мінез-құлық деген ұғымды береді. Оның басқа
теориялардан айырмашылығы, психология пән ретінде сана мен ойлауды ғана
емес, мінез-құлықты да қарастырады деп дәлелдейді.
Абрахам Маслоу негізгі қажеттіліктерді бес топқа бөлген:
1. Физиологиялық қажеттіліктер өмір сүру үшін қажеттіліктер, бұған
тамақ, су, баспана, демалу, тыныштық т.с.с. қажеттіліктер жатады.
2. Қауіпсіздік және болашаққа деген сенім қажеттілігі. Бұл
қажеттіліктер бірқалыпты және қауіпсіз күйде болған, ауыртпалықтан, аурудан
және қиыншылықтан қорғанумен және болашақта да қанағаттандырылатынына сену
жатады. Оған мысал ретінде сақтандыру полисін сатып алу немесе жақсы
зейнетақыны қамтамасыз ететін жұмысты айтуға болады.
3. Әлеуметтік қажеттіліктер. Адамдардың көпшілікпен бірге жұмыс
істеуге бір ұйымдардың мүшесі болуға, қоғамдық іс-әрекеттерге қатысуға
ұмтылуынан тұрады. Әлеуметтік қажеттілігі күшті адамға жұмыс белгілі – бір
ұжымға қатыстылығын, әріптестерімен достық қатынасын құруға мүмкіншілік
береді. Мұндай адамдарды басқару жұмыс орнында қарым-қатынас құруға
жағдайды жақсарту, достық серіктестікті таратуды, еңбекті топтық жолмен
ұйымдастыру, жұмыстан тыс топтық шаралар және т.б. арқылы болады.
4. Құрметтеу қажеттілігіне адамның өзін-өзі құрметтеуінен, өз
қызметінде жетік екенін, мықты және өзіне сенімді адам болып көрінгісі
келетінінен туады. Мұндай адамдарды басқару үшін олардың жетістіктерін әр
түрлі қолдау керек, мысалы атақ беру, дәреже тағайындау, прессада елге
таныту, басшы баяндамасында атап өту, құрметті награда тапсыру т.б.
5. Өзін-өзі көрсету қажеттілігі. Адамның творчествалық жігерін
көрсететін, өзінің білімін, қабілеттілігін, іскерлігін және шеберлігін
толық қолдануға ұмтылуынан туады. Мұндай адамдарды басқару үшін, оларға
жеке тапсырмалар беріп, шешім құралдарын таңдауда үлкен бостандық беру
қажет.
Маслоу теориясы бойынша, бұл қажеттіліктерді қатаң иерархиялық құрылым
ретінде орналастыруға болады.

Маслоу бойынша қажеттілік теориясы.
Нақты уақыт кезінде адам өзі үшін аса маңызды және күшті қажеттілікті
қанағаттандыруға ұмтылады. Әдетте қажеттілік ең төменгі деңгейден басталады
да сатылап жоғарылайды. Келесі деңгейдегі қажеттілік маңызы арта түскенге
дейін, төменгі деңгейдегі қажеттілік қанағаттандырылуы тиіс.
Өзін-өзі көрсету қажеттілігі ешқашанда толық қанағаттандырылмайды,
өйткені адамның жеке басының ой-орісі дамуына орай, оның потенциалдық
мүмкіндігі ұлғая түседі.
Маслоу теориясы адамдардың жұмысқа ынталану негізін түсінуге зор үлес
қосты. Басшылар адамдардың мотивациясы, олардың қажетсінуімен
айқындалатындығын түсінеді.
Ұйымның ойлаған мақсатына жету үшін басшылар адамдардың ең қажетті
нәрселерін мүмкіндігінше толық қанағаттандыруға тырысу қажет.
Басшы өзінің қарамағындағыларды мұқият бақылауы, сөйтіп, қандай
қажеттілік олардың белсенділігін арттыратындығын білуі тиіс. Қажеттілік
уақыт өткен сайын өзгеріп отыратындықтан, адамдарға бір рет қолайлы жағдай
жасағаннан кейін, ол үнемі жұмысқа тиімді әсер етеді деп есептеуге
болмайды. Уақыт өте келе мотивация көзқарасы да өзгереді. Мәселен, бұрын
экономикалық тәсіл басым болса, енді мотивацияға әлеуметтік экономикалық
тәсіл басым бола бастады.
К.Альдерфердің ERG теориясы - қажеттіліктерді келесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рекреациялық қажеттіліктердің зерттеу әдістері
Мотивация дегеніміз не?
Жеке адам психологиясы туралы
Мотивацияның негізгі теориялары
Басқару кадрларын мотивациялау
Мотивацияның мәселелері
Мотивацияның маңызды теориясы
Мотивация мен эмоция туралы психологиялық теориялары
Ерікті болу қасиеті
Педагогикалық мотивацияның психологиялық негіздері
Пәндер