Басқару тәсілдері


Жоспар
Кіріспе2
2 Негізгі бөлім5
2. 1 Басшылық ұғымының негізгі түсінігі5
2. 2 Басқару тәсілдері6
2. 3 Нарықтық экономикадағы басқару тәсілдері7
3. Қорытынды11
Пайдаланған әдебиеттер тізімі13
Кіріспе
Нарық - бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру және оларды ақшаның көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы.
Нарық - бұл нәтиже мен еңбек шығындары аралығындағы байланыстарды (арақатынастарын) объективті көрсететін, демек, өндірістің ағымдағы мөлшеріне сай тұтынуды сипаттайтын өндіріс өнімдерін айырбастау актісінің жиынтығы. Экономикалық қатынастар қалыптасқан қоғамда нарық қоғамдағы өндірісті біртұтас процесс ретінде ұйымдастырады. Тек нарық көмегімен ғана қоғамдық өндіріс экокномикалық жүйеге (немесе экономикаға) айналады.
Нарықтық экономика - өте күрделі, көптеген құрылымы бар ұғым. Бұл жағдай нарық жүйесін құрылымдық жағынан шектеудің көптеген белгілері бар екендігін анықтайды.
Нарықты аумақтық өзіндік белгілеріне сәйкес былайша белгілеуге болады:
Белгілі бір аймақтың нарығы
Салааралық бірлестіктер нарығы
Әлемдік нарық.
Нарықтық экономиканың тағы бір құрылымын анықтайтын белгі - нарықтық қатынастың кемеліне келу деңгейі, яғни дамыған нарық. Нарықтың жеке түрлерін қарастырайық.
1. 1 Өндіріс құрал жабдықтар нарығы. Нарықтың ішкі құрылымы өте күрделі, оның маңызды бөлімі - өндіріс құрал-жабдықтарының нарығы. Бізде ұзақ уақыт өндіріс құрал-жабдықтары қозғалысының формасы материалдық-техникалық жабдықтау болып келді. Материалдық-техникалық жабдықтау - бұл өндірушілер мен тұтыншушыларды бір-біріне жақындастыру негізінде, бір орталықтан бекітілген қорлар бойынша ресурстарды жоспарлы түрде бөлуге негізделген. Мұндай жүйе әкімшілдік-әміршілдік басқару әдісіне тән. Бұл жағдайда тауар-ақша қатынастары жеткілікті дамымайды.
Көтерме сауда өнім өндіруші кәсіпорындар мен тұтынушы кәсіпорындар арасындағы тікелей сауда-саттық (коммерциялық) байланысты да, сондай-ақ, олардың арасындағы шаруашылық есептегі делдал ретіндегі көтерме сауда базасы арқылы болатын байланысты да қамтиды.
- Капитал (қорлар) нарығы. Біздің қоғамда, көпке дейін нарық қатынастары сферасына: жер, кәсіпорындар, ғылыми-техникалық жетістіктер, жұмысшы күші, яғни өндірістің негізгі шарттары тартылмайды деген көзқарас болғаны рас. Ол бойынша мемлекеттенген экономиканың шын көрінісін бейнелейді. Сонымен қатар, ресурстардың көлденең (кәсіпорындар арасында) қозғалысына жол бермей, кәсіпорындар мемлекет бюджетінің қаржысы арқылы ресурстармен қамтамасыз етіліп отырды.
Қазір көптеген нарықтық банктер ашылды, ал келешекте кәсіпорындардың әрқайсысына өз банктерін ашуға жағдай жасау белгіленген. Қоғамдық меншіктегі өндірістік объектілерді аукционда сату кең өріс алуда. Оларды кооперативтерге, жеке адамдарға сату басталады.
- Тұтыну тауарлары мен қызмет түрлерінің нарығы. Біздің бұрыңғы Одақта бөлшек сауда нарығының қажеттілігі 30-жылдардың өзінде-ақ мойындалған. Бірақ практика жүзінде бұл сауданың мазмұны бұрмаланды. Бөлшек сауда нарықтық қатысынсыз бөлуге кең жол ашылды, тіпті қазірдің өзінде де мемлекеттендірудің әр түрлі формалары сақталып отырғаны аян.
Бұл бір жағынан, теңгермешілікке әкеліп соқты, ал екінші жағынан, еңбек шығынына байланысы жоқ табыс мөлшерінің іркілуіне, жұмысшының белгілі бір категорияға жататыны себепті оған айырықша жеңілдіктер енгізуге жол ашылып, бұл құбылыстың етек алуына жағдай жасалды.
Бүгінгі таңда тұтыну нарығының қалыптасу жолындағы басты кедергі - тауар тапшылығы. Міне, осы жағдайда өндірушілер мен сатушылар монополиялық жағдайға ие болып, сатып алушыларға үстемдік көрсетуде.
Сонымен қатар, кейінгі жылдары жүзеге асырылып жатқан шаралар нарыққа жол ашуда.
- Ғылыми-техникалық шешімдер нарығы. Нарық қандай да бір қоғамда болсын, олардың даму процесінің барлық кезеңдерінде орын ала бермегені белгілі. Осыдан келіп ғылыми-өндіргіш күштердің маңызды факторына айналуына байланысты екендігін көрінеді. Ғылыми-техникалық шешімдер бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылып, тұтынушыларға сатылған жоқ. Ол жағдайда кәспорындарға бір орталықтан бөлініп, тағы да сол орталықтан бөлінген қаржыларға сатылып алынды.
Сол себептен, көп жағдайда өнім өндірушілер үстемдік етіп отырды. Бұл бір жағынан, ғылыми-техникалық шешімдерді өндіріске тек күштеп «енгізуді» талап етсе, ал екінші жағынан, тапсырыс берушілердің осы шешімдердің тиімділігіне деген талабын кемітіп отырды.
Соның нәтижесінде жаңа техникалық бағасы және оны игеру мерзімі (20-30 жыл) әрдайым өсе түсіп, қор қайтарымын кемітуге мәжбүр етті. Сондықтан жалпы ҒТП экономика жағынан тиімді болмай, күрт баяулап техника-технологиялық бағытта капиталисттік мемлекеттерден артта қалуымызды жеделдетті.
Елімізде жұмыс істеу қабілетін жойған ұйымдастыру құрылымы қалыптасты. Жалпы, бұл құрылым жаңа ғылыми-техникалық мақсаттарды шешуге жол ашпай, әрдайым тежеу жасап отырды.
1. 5 Бағалы қағаздар нарығы. Бұлардың негізгі түрлері:
Акциялар (бағалы қағаз, дивиденттер, олардан түсетін пайда кәсіпорындар әрекектінің нәтижесіне байланысты) және облигациялар (бағалы қағаздар, бұлардың белгілі бір мезгілде сәйекс нақты проценті көрсетіліп шығарылды) .
Бірінші жағдайда, акция қожасы мемлекет және кәсіпорындар иесінің бірі болады, ол тек пайданы (дивиденд) бөлуге қатысып қана қоймай, сонымен бірге, кәсіпорындарды басқаруға да құқы бар.
Екінші жағдайда, облигация қожасы тек несие беруші ғана, ол яғни несиеге ақша беруші рөлін атқарады.
1. 6 Еңбек нарығы. Жалдау формасы біздің елге тән құбылыс екеніне күмән жоқ, бірақ ол іс жүзінде қалай болса, солай жүргізілді, яғни біз оған немқұрайлы көзбен қарадық.
Еңбеккерлерге белгілі бір жұмыс орны бекітіліп беріліп, тіпті оның зейнетке шығуына дейін қамтамасыз етіліп отырды. Оларды жұмыстан шағаруда көптеген жағдайлар тосқауыл болып отырды.
Ал қазіргі жағдай аз да болса өзгеріп келеді. Меншіктің әртүрлі формаларына көшуге байланысты қоғамның әрбір мүшесіне жұмыс орны ерікті түрде таңдауына ғана емес, сонымен қатар, өзінің жұмыс күшін өз еркімен пайдалануына да кең жол ашуда. Олардың қоғамдастырылған өндірісте (мемлекеттік немесе ұжымдық) жұмыс істеуі, жеке еңбек әрекеті, жалдамалы еңбекпен айналысу құқықтары кеңейтілуде. Сонымен қатар, келешекте әрбір адамның өз еліндегі орнын анықтауына, тіпті басқа елге кетуіне мүмкіндік туды.
Нарықтық экономикаға көшуге орай, жұмысшы күшінің жұмыс орнынан босану процесі өрістеуде. Болашақта жұмыс орны кепілдік түрде анықталмайды, яғни еңбекке жалдау нақты түрде жүзеге асырылатын болады. Бұл жағдай, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбеккерлердің табысының өсуіне, ғылыми-техникалық прогресті біршама тежейтін формаларды жоюға жол ашады.
2 Негізгі бөлім
2. 1 Басшылық ұғымының негізгі түсінігі
Басшылық пен жетекшілік (лидерлік) жеке адамдардар арасындағы басқару аспектісі болып саналады, сол арқылы бағыныштылар кәсіпорынның мақсатын, әрі оған жету үшін неғұрлым тиімді және қолайлы ықпал етуді білуі мүмкін.
Басқару функциясы - бұл басқару қызметінің белгілі біп тұтастай мазмұнға ие болған оқшауланған бөлігі, яғни бұл басқару қызметінің мамандырылған бөлігі. Басқарудың мамандырылған функциясының біріңғай тұтас синтезделуін және интерграциялануын басшылық деп атайды.
Кәсіпорын басшысы мен оның құрылымдық бөлімшелері әкімшілік еңбекті атқарады. Бұл функция өте қиын, өйткені басшының алуан түрлі фактілермен істес болуына тура келеді. Басшы өзіне екі міндеттің жүктелетіндігін білуі тиіс: адамдармен жұмыс істеу және басқару жүйесін ұйымдастыру. Олар өзара байланысты, әрі күн өткен сайын күрделене түседі.
Басшы өз жұмысында ғылым мен техника жетістіктерін жаппай қолдану өндіріс технологиясына, еңбек құралдары мен заттарына, адамдардың еңбек әрекетінің сипаттына сапалық өзгеріс енгізетіндігін ескеруі тиіс. Әрі мұның өзі жұмыскерлердің ынта-ықыласына, талап-тілегі мен мотивтеріне терең ықпал етеді. Мұның өзі оның жұмысын қиындата түседі, өйткені білімді білікті жұмыскерді басқару едәуір күрделі.
2. 2 Басқару тәсілдері
Басқару үшін ықпал ету қажет, ал ықпал ету үшін билік керек. Билік орындаушылардың белсенді талаптарына (физиологиялық талабы, қорғалу талабы, әлеуметтік талабы, құрметтеу талабы) ықпал етуге негізделген. Ықпал етудің барлық формалары басқа адамның тілегін орындауға түрткі болады.
Гренг пен Рейвенің жіктеуі бойынша биліктің негізгі бес формасы болады:
- Мәжбүр етуге негізделген билік. Қорқыту арқылы ықпал ету сонда ғана тиімді болады, егер ол мықты бақылау жүйесімен нығайтылатын болса, әдетте бұған көп шығын кетеді.
- Көтермелеуге негізделген билік - қорқытып билік жүргізуге қарағанда едәуір ықпалды, әрі жұмыс сапасы біршама жақсарады. Кейде қандай көтермелеудің тиімді болатындығын айқындау қиын.
- Эксперттік билік. Ықпал етушінің арнайы білімі барына, сол себепті тиісті мұқтажын орындаушы сенеді. Технология күрделілігі мен ұйым көлемі артып отырған жағдайда орындаушыға сенім арту барған сайын тиімді бола түсуде.
- Эталондық билік (үлгі билігі) . Ықпал етудің мінез-құлқы немесе қасиеті тартамды болатындығы соншалық, орындаушылар соған еліктеуге, сондай басшы боуға тырысады.
- Заңды билік. Ықпал етушінің бұйрық беруге хақысы бар екендігін орындаушы мойындайды, әрі оның міндеті бағыну керектігін түсінеді. Бағынушылар ықпал етушінің бұйрығын орындайды, өйткені дәстүр бойынша бағыну орындаушының қажетін сенеді. Сондықтанда көп жағдайдазаңды билікті дәстүрлі билік деп атайды. Барлық басшылар заңды билікті пайдаланады, өйткені оның өзі басқа адамдарды басқаруға өкілдік береді.
Биліктің осы негіздері басшының негізгі құралы болып саналады, сол арқылы ол ұйымның мақсатына жету үшін қол астындағыларға жұмысты орындауды міндеттей алады.
Әлеуметтік құндылықтың өзгеруіне байланысты ұйым басшыларының пікірінше, қызметте істейтіндерге, әріптестерге, сондай-ақ ұйым мүшелігінде жоқ адамдарға ықпал етудің ең тиімді жолы сендіру деп есептейді. Бірақ бұл тәсіл біршама баяу әсер етеді.
2. 3 Нарықтық экономикадағы басқару тәсілдері
Нарықты экономика - таңдау еркін кәсіпкерлікке негізделген. (Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі 1920-1950) Ғылыми басқару өкілдері өз зерттеулерін негізінен өндірісті басқаруға арнады. Олар басқарылатын деңгейден төменгі сатыдағы еңбек өнімділігін арттырумен шұғылданады. Әкімшілік мектептері пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен, әкімшілік қызметті ұйымдастыру принциптерімен айналысты. Бұл проблемалар француз зерттеушісі Анри Файольдің (1841-1925) есімімен тікелей байланысты. Ол әкімшілік басқару мектебінің көрнекті европалық ғалымы деп есептелінеді.
Файоль өзінің негізгі «Жалпы және өнеркәсіптік әкімшілік» (1916) атты еңбегінде капиталисттің әкімшілік қызметке жалпы көзқарасын қарастырып, осының негізінде әкімшілік етудің кейбір қатаң міндетті принциптерін тұжырымдайды. Басқару деп есептеді ол, кәсіпорын мақсатына сай жолға қою, сөйтіп қолда бар ресурстарды пайдалана отырып барлық мүмкіндігін пайдалану. Файольдің пікірінше, әкімшілік ету жан-жақты қызмет ауқымын қамтитын басқарудың бір бөлігі және де техникалық (технологиялық процесс), коммерциялық (сатып алу, сату, айырбастау және қаржылық ақша қаражаттарын іздестіру және оны тиімді пайдалану), қорғаныстық (жеке меншік пен жеке адамды қорғау), бухгалтерлік (мүлікті түгендеу, балансалық ведомость, шығындар, статистика), әкімшілік (жұмыскерлерге ықпал ету) салаларын қамтиды.
әкімшілік функцияны талдай отырып, Файоль оның бес элементін бөліп көрсетті:
жоспарлау
ұйымдастыру
басшылық ету
үйлестіру
бақылау
Тейлор теориясына қарамастан Файоль әкімшілік функция ұйымдастырудың барлық деңгейінде, тіпті жұмысшылар арасында да болады деп есептеді.
А. Файоль әкімшілік басқарудың бірқатар принциптерін ойластыруда, мұның өзі оның пікірінше кез келген ұйымға қолдануға жарайды. Менеджменттің осындай әмбебап принциптер менеджерлердің өз қызметі міндеттерін қалай орындауы тиіс екендігін көрсетеді.
Оның менеджментке арналған он төрт принциптерінде басқарушылардың қызмет міндеттерін қалай орындау керектігін көрсетеді:
- Жұмысты бөлісу. Еңбекті мамандандыру ұйымдық табысқа жету қажет.
- Билік. Бұйрық беру правосы жауапкершілікпен ұштасуы тиіс.
- Дара басшылық. Әрбір жұмыскер тек бір бастығынан бұйрық алуы тиіс.
- Бағыт билігі. Ұйымдастыру кезінде әрбір адамның күш-жігері бір бағытқа үйлестірілуі тиіс.
- Тәртіп. Тыңдау және құрметтеу жұмысты байсалды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
- Жеке мүддені жалпы мүддеге бағындыру. Басқарудағы ең қиын жағдай - жеке мүдде мен ортақ мүддені жалпы ұйымдық игілікке айналдыра білуде.
- Ақы төлеу. Жұмыскерлер өздерінің қосқан үлесіне ақы алуы тиіс.
- Орталықтандыру. Орталықтандыру мен децентрализациялау (жергілікті мекемелерге орталық мекемелерінің кейбір басқару міндетін тапсыру) пропорция мәселесі болып саналады; әрбір ұйымда қолайлы тепе-теңдік болуы тиіс.
- Иерархиялық (төмен шенділердің жоғарғы шенділерге бағыну тәртібі) тізбек. Бағыныштылар басшылықтың формальды тізбегін орындауы тиіс, мұның өзі жоғарыдағы басшылардың біреуі басқалармен ақпаратты (информацияны) алмасу жөнінде нұсқау бергенше сақталады.
- Реттілік. Материалдың құнды затында болуы тиіс.
- Әділеттілік. Мейірімділік пен заңдылыққа негізделген әділеттілік қызметті шын көңілмен беріле істеуге ықпал етеді.
- Қызметшілердің тұрақтылығы және қызмет лауазымында болу мерзімі. Адамдарға өз жұмысын жете білуіне уақыт беру қажет.
- Ынта-ықылас. Адамдардың ең көп қанағаттануы - жоспарды өз бетінше жасауы және орындауы.
- Ерекше рух. Қызметкерлердің күш-жігерді жұмылдыруы ұйымдастырудың табысты болуының кепілі.
Файольдің функциясы мен принциптері уақыт тезінен ойдағыдай өтіп, жаппай қолданыла бастады.
Файоль былай деп атап көрсетті: басқару күрделі процесс ретінде тәуелсіз салалар мен функцияларға бөлінуі мүмкін. Оның пікірінше, басқару жоспарлардан басталып, бақылаумен аяқаталтын үздіксіз процесс болып саналады. Сол себептен де оның еңбегі күні бүгінге дейін жұртшылықтан кең қолдау тауып отыр.
Классикалық мектептің өкілі Л. Урвин Файольдің негізгі қағидаларын одан әрі дамытып, тереңдете түсті. Урвин де Файоль секілді әкімшілік қызметтің негізгі элементтерін тұжырымдап, бұған жоспарлауды, ұйымдастыруды, штатты жинақтауды, басшылықты, үйлестіруді, есеп беруді және бюджет жасауды жатқызды. Бұл элементтер күні бүгінге дейін шетел авторларының көптеген зерттеулерінің түп қазығы ретінде пайдаланып отыр.
Урвин формальды ұйым құру принциптерін жасауға ерекше көңіл бөлді. Мұның маңыздылығы күні бүгінге дейін сақталып отыр:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz