Банктік қызметтің классификациясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .3-4

I. Маркетингтің банк сферасындағы орны

1. Банктер және оның клиенттерге көрсететін қызметтері ... ... 5-7
2. Жаңа ғасырдағы электрондық маркетингке бейімделу ... ... ... .8
3. Маркетинг саласында көрсетілетін кәсіпқойлық қызметтер...8
4. Банктік қызметтердің мінездемесіне қарай сегменттеу ... ... .9-10

II. Несие қызметтері.

1. Несиенің түрлері және оның мәні.
2. Несие қызметтері және оның экономикадағы рөлі

III. Қазақстан Халық Банкі АҚ- дағы корпоративті клиенттерге қызмет
көрсететін нарықты талдау.

3.1 Корпоративті клиенттердің несиелеу нарығын талдау
3.2 Қазақстан Халық Банкі-нің қаржылық көрсеткішіне талдау жасау

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе бөлім.

Маркетингтің пайда болу тарихы көне заманнан жатыр.
Маркетинг қызметінің алғашқы фрмасы (баға саясаты мен жарнама)
ақшалай-тауарлық қатынастың қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезеңде пайда
болды. Тауарлар жарнамасы туралы мәліметті Шумердің, ежелгі мысырдың,
ежелгі Месопотамия мемлекеттерінің тарихы құжаттарынан кездестіруге
болады.
Мәселен, 1650 жылы Мицуи сауда фирмасының бір қызметкері Токиода
әмбебеп дүкенге ұқсас дүкен ашады. Бұл дүкенде алғаш рет әр түрлі
тауарлардың сұранысы мен ұсынысы, өтімді тауарлардың өндірісіне тапсырыс
туралы ақпараттарды топтастыру, сатып алушының тауарды қайтып беруіне әрі
өз ақшасын қайтарып алуына мүмкіндік беретін кепілдікті мерзімнің болуы,
жарнама секілді бірқатар маркетингтің негізгі прициптері пайдаланылады.
Эканомиканың, социологияның және басқарудың түйіскен жерінен
дербес ғылым ретінде болатын маркетингтік теориялық негіздерін
американдық Сайрес Маккормик (1809-1884 жж.) жасады. Тарихта ол алғашқы
комбайнды құрастырушы ретінде белгілі. Тек техникалық білімі болса да, ол
нарықты зерделеу және талдау, баға саясаты мен сервистік қызмет
көрсетудің негізгі түрлері мен оларды таңдау секілді қазіргі заманғы
маркетингтің бағыттарын құрып кетті. Мұның бәрі Интернешнл Харвестер
фирмасының өркендеуіне әкелді.
XX ғасырдың 20-30-жылдарында маркетингке қатысты көптеген
жарияланымдар пайда болды. Ағылшын экономисі Еджеми Маккарти маркетинг
мазмұнын түсіндіріп беруге арналған үлгіні ұсынады. Бұл үлгі – тауар
(product), баға (price), нарық (place), пайда (profit) –негізгі төрт
элемент бойынша 4-P атауына ие болады.
Маркетинг кәсіпкерлік қызметінің түрі ретінде өнеркәсіпте 50 – ші
жылдары кеңінен тарағаны мәлім. Банк саласына ол 60- шы жылдары банк
қызметін еңбек жемісін сақтайтын әрі белгілі бір қызмет көрсетуге деген
қажеттіліктерге қанағаттандыратын сала ретінде әйгілеген жарнама
кампаниясынан кейін ене бастады.
1970 – ші жылдары маркетингтің маңыздылығын бағалаған банктер
өздерін және өз қызметтерін жарнамалай бастады. Бұл уақытта жекелеген
банк қызметінің маркетингісі пайда болды.
Кейіңгі 80-ші жылдары банк маркетингісінің коммерциялық банктерді
басқарудың тұтас жүйесі ретінде рәсімделеуімен сипатталады. Бүгінгі таңда
банктер маркендингтің әдістері мен тәсілдерін пайдаланып жүр.
Маркетинг – бұл тауарлар мен қызмет көрсетілердің ағынын
өндірушіден тұтынушыға бағыттайтын кәсіпкерлік қызметің түрі. Ол тек
нарыққа және нақты тұтынушыға қажетті өнімдерді өндіруге әрі өткізуге
бағдарланады.
70- шы жылдары күшейген банк жүйесіндегі бәсекелестік стратегиялық
жоспарлаудың және маркетинг принциптерін пайдаланудың объективті
қажеттілігін тудырады.
Бәсекелестің күшеюіне әлем эканомикасындағы белгілі бір
тенденцияның дамуы себеп болды.
Осы тенденцияларының дамуы нәтижесінде қаржылық қызмет
көрсетулермен өнімдер бүкіл әлемде біркелкі тұрпатқа (типке) айналды.
Осының салдарынан банктің өз араларында және басқа несие институттарының
арасында бәсекелестік күрес айтарлықтай күшейді.
Әине, банктер маркетингтің көптеген тұжырымдалық приниптерін
өнеркәсіптен алды, өйткені, маркетингтің негізгі мақсаты , міндеттері ,
әдістері және тәсілдері нарық жағдайында жұмыс істейтін барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілерде бірдей, яғни, бір- біріне ұқсас , сәйкес болып
келеді.
Сонымен бірге банк өнімінің , яғни банк орындайтын кез келген
операция мен кез келген қызмет көрсетудің өзәндік ерекшеліктеріне сәйкес
айырмашылықтар болады. Осы өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, банк
маркетингісіне анықтама берейік.
Банк маркетингісі – бұл клиентураның нақты қажеттіліктерін ескере
отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы нарықтарын іздестіруге
және пайдалануға бағытталған қызмет түрі.

Негізгі бөлім.
1. Банктер және оның клиенттерге көрсететін қызметтері.

Осы
шақта ережелер жүйесі өзгерді.
Тауар бірде бар, бірде жоқ. Қазіргі
кезде ең басты құндылық,
клиенттермен қарым – қатынас болып
табылады.

Б. Уэйланд

Банктер арасында клиенттерді тарту жөнінде бәсекенің күшеюі
банктердің клиенттермен өзара қарым- қатынасты ұйымдастыру сұрақтарына
ерекше көңіл бөлу талап етеді. Қазақстан Республикасының банктер және
банктік қызмет туралы заңның 33 – бабы бойынша банктер тең құқылы
әріптестер ретінде шығып, бос несие ресурстар нарығында өз операияларын
жүргізеді.
Олар өз қызметінде, өз клиенттеріне қаражаттарды орналастыру,
несие алу үшін жақсы жағдайлар , банктік қызметтердің әлде қайда кең
спектірін көрсете отырып, бір- бірімен бәсекеге түседі. Банктер өз
клиенттері алдыңда жауапты.
Банктң клиентпен эканомикалық жұмысы – банкке клиентті тартудан
бастап, оның шоты бойынша әр түрлі банктік операцияларды жүргізуге
дейінгі банктік қызметін барлық жақтарын қамтиды.
Клиенттерді тарту банктен жарнама жаңа қызмет түрлерін ендіруді
жетілдіру бойынша , келіссөздер жүргізу, қаржылық жағдайда алдын ала
талдау, әр түрлі келісім шоттарды дайындау және т.б. бойынша белгілі бір
жұмыстарды жүргізуді талап етеді. Осы аталған жұмыстардың барлығы банктің
активтері мен пассивтері басқару қызметімен тығыз байланысты.
Клиентпен жұмыс: есеп айырысу, кассалық және несиелік қызмет
көрсету, бірлескен қызмет, депозиттік шоттарды ашу және жүргізу, т.б. әр
түрлі келісім – шарттар жасау негізінде құрылады.
Клиенттердің ағымдағы және есеп айырысу шоттарын ашу, олар
бойынша операцияларды жүргізу, есеп айырысу және есеп айырысу- кассалық
қызмет көрсету келісім шарт негізінде жасалады.
Есеп айырысу қызметін көрсету туралы келісім – шарттарында есеп
айырысу немесеағымдағы шотты ашу және өзара бойынша операция жүргізу
шарттары көрсетіледі.Есеп айырысу – кассалық қызмет көрсету туралы
келісім – шартта бүдан басқа, тағы да кассалық операцияларды жүргізу
тәртібі реттеледі.
Есеп айырысу тәртібі құжаттардың белгіленген мерзімде өтуі
кепілдемесін қамтамасыз ету керек.
Банктік операциялардың орындалуына жатпайтын кезендегі банктік
материалдық жауапкершілігі осы келісім шартта қарастырылады.
Банктік операцияларға жатпайтындарды орындаған жағдайда банкпен
клиенттер Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген Қазақстан
Республикасында қолма – қолсыз есеп айырысуды жүргізу тәртібін бұзғаны
үшін эканомикалық санкциялар туралы ережеге сай жауапкершілікке
тартылады.
Банк пен клиенттің бірлескен қызметін жүзеге асырғанда, екі
жақтың құқығы мен міндеттемелері және қаржыландыру тәртібі мен олардың
арасында табысты үйлестіру қарастырылған бірлескен қызмет туралы келісім
– шарт жасалады.
Клиентті несиелендіру банк пен клиент арасындағы жасалған несиелік
келісім – шарт негізінде жүргізіледі және де өз қарыздың мерзімі, шарты
мен беру тәртібін және оны өтеуін, сондай – ақ екі жақтың құқықтары мен
міндеттемелерін қарыз бойынша кепілдеме мен пайыздық мөлшермелерді
реттейді.
Кейбір банктерде несиелік келісім – шартпен (ол бірнеше жылға
жасалады) бірге, несиелік хаттамада қолданылады. Соңғысы – ағымдағы жылға
жасалады. Оларда жеке сәттер нақтыланады, мысалға, несиенің жеке түрлерін
берудің шарттары мен тиімділіктің жалпы және өзіне тән белгілері.
Депозиттік шоттарды ашу және жүргізутуралы келісім – шартта
депозиттің ашылу мерзімі, ол бойынша пайыз төлеу тәртібі, осы депозиттік
шоттан қаражаттарды алу тәртібі жайлы мәліметтер қарастырылады.
Барлық айтылған келісім – шарттар банктің клиентпен қарым –
қатынасының сипатын анықтап, олардың арасында келіссөз бір – бірінің
қызметін алдын ала, жан - жақты танып білудің нәтижесінде жасалады. Банк
әріптесінің қаржылық жағдайы аса несиелік қабілеттілігін белгілеген
әдістеме арқылы талдайды, көбіне көрсеткіштердің төрт тобына негізделеді
: өтімділік, айналымдылық, қаражаттарды тарту және табыстылық.
Жоғарыда айтылған келісім – шарттардың барлығы банк шешімі
сияқты, клиенттің шешімі негізінде де бұзылуы мүмкін. Келісім – шарттың
жүргізілу тәртібі мен шарттары алдын ала қарастырылады. Келісім – шарттың
бұзылу себебі мынада болуы мүмкін : екі жақтың біреуінің міндеттерін
орындалмауы, өз міндеттерін орындау кезінде екі жақтың біреуінің зиян
келтіруі.
Депозиттермен жүргізілетін ағымды эканомикалық жұмыс – бұл
пассивтерді басқару бойынша банк қызметінің маңызды бағыттарының бірі.
Ол банк клиенттерінің шоттары бойынша қаражаттар қозғалысын және
депозиттердің неғұрлым өтімдірек топтарынан соғұрлым азырақ өтімді
топтарына қатысты өткізгіштік мүмкіндіктерін талдайды. Мұндай талдау
банкке сенімсіз клиенттер мен төлем тәртібін бұзылушыларды анықтауға
көмектеседі. Оңдай мәліметтер банкке осындай клиенттерге несие керек
болған жағдайда, оларға несие беру туралы шешім қабылдауға ұажет болады.
Депозиттермен жүргізілетін ағымды жұмыстың басқа бағыты болып –
клиенттердің банк қызметтерінің жаңа түрлеріне деген мұқтаждығын анықтау
мен есеп айырысудың формаларын жетілдіруі жатады.
Банк клиентпен келісуі бойынша несиелік бөлімге қарыз алушының
балансы мен басқа да есеп айырысу формаларын берудің тәртібі мен
мерзімін, қаржылық жағдайы мен оның несиелік қабілеттілігін талдайды.
Банк несиенің өз уақытында қайтарылуын қамтамасыз етуі ретінде
кепіл, кепілдеме және банктік тәжірибеде қабылдаған формадағы
міндеттемелерді қабылдайды.
Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы
заңның 36 – бабына сәйкес банктің несиені өз уақытында қайтару бойынша
міндеттемелері мен басқа да төлемдерді орындамайтын клиенттеріне қатысты
келесідей шараларды қолдануға құқығы бар :
- қарызды мерзімінен бұрын қайтаруды талап ету ;
- осы клиенттердің шоттарында бар кез келген қаражаттар есебіне
қарыз
мөлшерін өтеу ;
- кепілге алынған мүлікті сату ;
Қазақстан Республикасының заңдарына сай, мұндай жағдайда олар
төлем қабілеті жоқ қарыз алушылар деп жариялануы мүмкін.
Банктің өз клиенттеріне берген несиелер мен пайыздар бойынша
кінәлары ескерусіз қалмайды.
Банктер өз клиенттері мен корреспонденттердің операциялары,
шоттары және салымдары бойынша құпияны сақтауға міндеттері.
Банктің заңды тұлғаларынаң шоттары мен салымдары, операциялары
бойынша анықтамаларды соттарға, арбитражды соттарға, тергеу жүргізу және
прокаратура органдарына және салық салу сұрақтары бойынша салық
органдарына береді.
Жеке тұлғалардың шоты мен салымдары бойынша анықтамалары өз
клиенттері мен олардың басқа соттар мен тергеуші органдарға да беріледі.
Салым салушылардың мүдделерін қорғау мақсатында банктер банктік
депозиттері ұжымдық сақтандыруда жүзеге асыра алады.
Салымдарды сақтандыру жүйесі банктің банкротқа ұшыраған немесе
төлем қабілетсіз болған жағдайда барлық салым иелеріне белгілеген
сомаларға дейін зиянның орнын толтыруын кепілдейді.
Банктер мен олардың құрылтайшылары, басқадай клиенттері арасындағы
барлық келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соттың
тәртібімен шешіледі.

2. Жаңа ғасырдағы электрондық маркетингке бейімделу.

Тауар тек оны сатып алған
кезде тауар. Басқа жағдайда ол
тек қана музейлік экспонат.

Т. Левитт

Тауарды сату және сатып алу процесінде не өзгереді?
Бүгінге күнге дейін білікті мамандар көмегімен тауарды сатып алатын,
каталогтарды зерделейтін, жеткізушіге хабарласып екі жаққа да ең тиімді
шарт орнатуға тырысты. Қазіргі агенттер өздерінің жұмыстарында қазіргі
жұмыстарына сай құралдар мен жұмыс істейді. Интернет арқылы оларда
ешқашан болмаған жаңа көлемді ақпараттарға ие болады. Интернет көмегімен
жеткізушілерді оңай табады. Несиені өтеу қабілеті және сенімділікті
бағалайды.
Интернетте болашақ уақытта ақпараттық делдал пайда алады, олар аз
көлемді ақша сомасына алымдар мен делдалдардың әр түрлі ұсынуларды
бағалаумен жұмыс жасайды.

Маркетингтің банктік қызмет сферасындағы орны.
Маркетингтің областық әрекеті соңғы кезде кеңейіп, тауарлық сферадан
бөлек қызмет көрсетуді де жаулап алуда. Банктік қызметте маркетинг 70-ші
ғасырлардан бастап қолданылып келеді. Банктік қызметке еңгізілген,
көптеген концептуалдық прициптер, өнеркәсіптен құралған, бірақ банктік
қызметті барлық жақтарынан қарағанда өзіндік ерекшелігі бар екенін
түсінуіміз керек. Өнеркәсіпте белгіленген принциптік қатар мен қарым –
қатынастар, акценттік қатарда өзгерсе де толығымен онда қолданылмайды.

1.3 Маркетинг саласында көрсетілетін кәсіпқойлық қызметтер.

1. Мысалы: банктік қызметті сату, сақтандыру.
2. Мақсатқа жету стратегиясы.

1. Құзіреттілік (компетентность)
2. Проблеманың тез шешілеуі
3. Бәсекелестікке тұратын бағалар
4. Клиенттер мен басқа қызығушылығы бар тұлғалардың қарым – қатынастарын
басқару

B. Маркетинг бөлімінің атқаратын рөлі:

1. Тиімді мақсатты сараланымды анықтау және қызмет көрсетулердің
стратегиялық портфельді дайындауға қатысу.
2. Деректер қорын құруда біліктілік көмегін көрсету.
3. Компанияның өзіндік ерекшелігін қамсыздандыру
1.4 Банктік қызметтердің мінездемесіне қарай сегменттеу.

Ұсынылған қызметтердің мінездемесіне қарай сегменттеу нарықты мақсатты
түрде іріктеген кезде, пайдалы және банктік тауардың клиенттерге ең
қызықтысын таңдауға және де басқа конкуренттердің қызметтерімен салыстыруға
көмектеседі. Негізі, бұл сегменттеу процесі, тұтынушылардың белгілі тауар
мінездемесіне қарым – қатынасын анықтауға және сол тұтынушыларға топ құрып,
қандай қызмет керектігін анықтап, өздерінің бәсекелестік позициясын құруға
бағытталған.
Бұл өнімді белгілеу кезіндегі нарық сегменті банктік қызметті 4 топқа
бөліп қарастырады:
1. Несиелік қызмет;
2. Салым операциялары;
3. Инвестициялық операциялар;
4. Басқа да қызметтер;

Осы банктік тауардың түрлерін қолданылуы сегменттелген нарықтың
критериіне байланысты болып табылады. Сегменттеу кезінде қолданылатын
негізгі қызметтердің біріне тоқталып кетейік.
Өнімді өткізу стратегиясы маркетинг комплексінің жоспарлау процессінің
элементі болып табылады, себебі, банк пен клиенттер арасындағы қарым –
қатынас банктік тауарды ұсынумен басталады.

6.3 сурет. Банктік қызметтің классификациясы.

Банктік қызметтер клиенттердің мүддесіне құрылған әрекет болып
табылады.
Банктік қызметтер сферасының кеңеюіне қарай банктік тауардың жаңа
түрлері шыға бастады, олар қызмет көрсетумен байланысты, мысалы, сату және
сатып алу қызметтері.
Банктік тауардың негізгі қызметі қажеттілікті қанағаттандыруға
арналған. Сондықтан тауардың түбірі белгілі бір проблеманы шешуге және
мұқтаждықты қанағаттандыруға арналған.
Сонымен клиент шын менде не сатып алады? Шын менде клиент белгілі бір
тәні бәр тауарды сатып алмайды, тек өздерінің қажеттілігін қанағаттандыру
үшін керек. Мысалы, клиент ақша сомасын депозитке тек сала қоймайды, олар
өздерінің қажеттілігін есеп айырысу қызметтерін көрсету кезінде,
инкассациялық қызметтер кезінде, ақша аударудың электронды құралдарында,
инвестиция мен қолма – қол ақшаны басқаруда, жедел шетел валютасын
айырбастау кезінде т.с.с. қанағаттандырады. Сонымен банктердің негізгі
мақсаты клиенттерге тауарды тек қана өткізу және жылжыту ғана емес, олардың
пайдасы мен қажеттілігін орнықтыру болып табылады.
Банктер өздерінің қызметтерін анық түрде көрсету үшін классификацияға
жүгінеді. Классификация банктік тауарлардың қызметтерін зерттеуге
көмектеседі. Олар 6.3 суретінде көрсетілген.

II. Несие қызметтері.
3. Несиенің қызметтері және оның экономикадағы маңызы.

Әрбір экономикалық категорияның мәні оның атқаратын қызметінен
көрінеді. Ал оның әрбір қызметі басқа категориялардан өзгешелігін
анықтайтын маңызын сипаттайды.
Айырбас процесінде уақытша бөлініп шыққан құнды кейін өзінің алғашқы
иесіне өсім ақымен қайтарып беру келісімі бойынша несие беруші мен қарыз
алушының арасында несие қатынастары пайда болады. Бұл қайта бөлу – несиенің
алғашқы қызметі. Несие арқылы қайта бөлінетін не? Соны анықтау қажет, яғни
несиенің қайта бөлу қызметінің белгілері қандай? Несие беруші несие
мәмілесі арқылы қарыздары бір жағдайда уақытша қолдануға тауарлы –
материалдық құндылықтарды; ал басқа жағдайда ақша қаражаты беруі мүмкін.
Екі жағдайда да мәміленің мәні бірдей болғанымен берілетін зат (объект) әр
түрлі. Алайда заттың формасының әр түрлі болуына қарамастан, оның мазмұны
өзгермейді: қайта бөлінетін заттың құны.
Сонымен, несиенің қайта бөлу қызметіне құнды бөлу қасиетіне тән. Ол
аймақтық, салалық, шаруашылық нысандарына байланысты: аймақтықаралық,
салалықаралық, салалық және шаруашылықаралық түрлерге бөлінеді. Несие
қатынастары, тұратын орнына қарамай, адамдар мен әр түрлі ұйымдар арасында
туындаса ол құнды аймақтықаралық қайта бөлу деп есептеледі. Егер салалық
банктен несие алынса, ол несиені салалық қайта бөлу, ал егер есие беруші
экономиканың бір саласында болып, қарыздар – кәсіпорын басқа салада болса,
онда несиені салықаралық қайта бөлу болады. Несиені шаруашылақаралық қайта
бөлу бір кәсіпорын деңгейінде жүргізілмейді, ол тек екі шаруашылық
субъектісі арасында уақытша бос ақша қаражатын несие көзі ретінде
пайдаланғанда туындайды.
Қайта бөлуді несие ресурстарын пайдаланушы субъектілердің әр түрлі
деңгейіне байланысты да қарауға болады. Мысалы, несие қатынастарының
субъектісі ретінде кәсіпорын деңгейінде құнның қайталама айналымы және
айналымы шеңберінде ақша қаражаты мен тауарлы – материалдық құндылықтарды
қайта бөледі. Ал халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қатысуымен жиынтық
өнім, ұлттық табыс қайта бөлінеді. Айта кететін бірінші жәйт, несиенің
қайта бөлу қызметінің көп түрлілігіне қарамасан берілетін құнның меншік
иесі өзгермейді, қайта бөлінетін құн иесі берушінің меншігі болып қала
береді. Екінші, несиенің қайта бөлу қызметі жалпы құнның қайта бөлінуін
емес, тек уақытша бөлініп шыққан құнды қамтиды.
Несиенің қайта бөлу қызметінің бірсыпыра айырықша белгілері бар:
• несиені қатысуымен қоғамның тек бір жылда өндірген материалдық
игіліктерінің, өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарының
құны, яғни ұлттық жалпы өнім ғана қайта бөлінбей, сонымен бірге
бұрынғы жылдары өндірілген өндірістік құрал-жабдықтар мен тұтыну
заттарының құны қайта бөлінеді;
• несиенің қатысуымен тек ұлттық жалпы өнім ғана емес, сонымен бірге
ұлттық табыс, қоғамның барлық ұлттық байлығы қайта бөлінуі мүмкін;
• несиені қайта бөлу қызметінің елеулі белгісі – уақытша бөлініп
шыққан құнды бөлу;
• несиенің қатысуымен уақытша бөлініп шыққан құнды беру делдал-
банктер мен басқа да несие мекемелерінің қатысуымен жүзеге
асырылады;

Несиенің келесі атқаратын қызметі – нақты ақшаны несие операцияларымен
алмастыру. Тауарлы шаруашылықта нақты ақшаның орнына несие операцияларын
жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Сатылып алынған тауарлар мен
көрсетілген қызметтер үшін қолма – қол ақшасыз есеп айыруға байланысты,
өзара есептесу бойынша бір шоттан екіншісіне ақша аудару қолма – қол ақша
төлемін қысқартуға ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем айналымын
кеңейтуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде айналым шығындарын азайтады. Қазіргі
тауарлы шаруашылықта қарызға берілген құн шаруашылық айналымында жалпы
ақшаның орнына жүрмейді, экономикалық айналымда ақшаны тек уақытша
алмастыру қызметін атқаратынын айта кету керек. Қарыздардың қарызға алған
құны шаруашылық айналымында ақшаға тән қызметін атқарады (тауарлы-
материалдық құндылықтарды сатып алуға, жалақы төлеуге және т.с.с.
жұмсалады).
Нақты ақшаны несие операциялармен алмастыру үшін бірсыпыра алдын ала
жасалған жағдайлар болуы шарт:
• дамыған банк жүйесі мен төлем айналымын ұйымдастыруда оның
маңызының жоғары болуы;
• экономикада төлем тапсырмасы немесе міндеттемесі бар төлем
құжаттарының еркін айналуы;

• орталық банктердің несие ақшаларын эмиссиялауы (шығаруы).

Несиенің қызметтерін айта келіп, кейбір экономистер оның бақылау
қызметін де атап өтеді. Бірақ, біздің тұжырым бойынша, бақылау банк
мекемесінде қызмет жасайтын мамандардың саналы да мақсатты іс- әрекеті, ал
экономикалық категория (несие) сол бақылаудың негізі және құралы болып
табылады.

Несиенің экономиканы дамытудағы маңызы деп несиені қолдану әдістерін
қолданып, мемлекет пен халық үшін қол жеткізген нәтижелерді айтады. Несиені
қолдану әдістеріне: оны қайтарып беру (несиенің қайтарылуы), белгілі бір
мерзім аралығында пайдалану (несиенің мерзімділігі), пайдаланғаны үшін ақы
төлеу (несиенің ақылылығы) жатады. Несиенің бұл ерекшеліктерінің
ресурстарды тиімді пайдалануды маңызы зор.

Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдану аясы елдің экономикалық
жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы
орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге
байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық несиелерді
пайдалану жаңғыртылды, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі
де өзгерді.

Акционерлік компаниялардың пайда болып, олардың акциялар шығаруы,
бюджеттің әр түрлі бағалы қағаздар тарту арқылы қаржысын кеңейтуі бағалы
қағаздар мен жүргізілетін несие операцияларын дамытты. Сондай-ақ несие беру
тәсілдерінің жоғары сатыға көтерілуі несиенің маңызын арттырады. Оған дәлел
ретінде мынадай мысал келтіруге болады. Бұрын банктік несие орталықтан
қатаң басқарылып, қарыз алушыларға белгілі бір мақсатқа және белгілі бір
шектеулі (лимит) сома берілетін. Қазір нарықтық экономика жағдайында
жылжымайтын мүлікті кепілдікке салып күрделі қаражат алуға мүмкіндік бар.

III. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ АҚ- ДАҒЫ КОРПОРАТИВТІ КЛИЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТЕТІН НАРЫҚТЫ ТАЛДАУ

3.1 Корпоративті клиенттердің несиелеу нарығын талдау

Қазақстан Халық Банкі АҚ — өз клиенттерінің игілігі үшін 80
жылдан астам уақыт табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан
Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді
әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі.
Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамы бұрынғы Қазақстан Республикасы
Жинақ банкінің негізінде қайта құрылды және біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің
зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті болып келді.
Активтері мен меншікті капиталының көлемі жағынан Халық банкі
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі ірі банктердің үштігіне кіреді.
2006 жылғы 1 cәуірдегі жағдай бойынша Банктің активтері 651,7 млрд теңге,
жарғылық капиталы 29,9 млрд теңге, меншікті капитал мөлшері (есеп айырысу)
64,5 млрд теңге, тапқан таза пайда көлемі — 3,4 млрд теңге шамасында болды.
2007 жылдың 1 сәуірідегі қортынды бойынша Қазақстан Халық Банкі
акционерлік қоғамының активтері 965 млрд теңге, міндеттемелер – 837 млрд
теңге, меншікті капиталы – 128 млрд теңге, жарғылық капитал – 65,6 млрд
теңге, тапқан таза пайда көлемі 1 ші тоқсан бойынша – 9,6 млрд теңге.

2001 жылы жүргізілген Халық банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде
Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін
ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді.
Банк VISA International және MasterCard International төлем
жүйесінің карточкаларын шығарады және қазақстандық пластикалық карточкалар
рыногының тұрақты көшбасшысы болып келеді. Банктің айналымдағы
карточкаларының жалпы саны 2 млн бірліктен асып түсті, ал 2007 жылда 1
сәуірдегі жағдай бойынша пластикалық карточкалар 2,8 млн бірліктерін
шығарды. Екінші деңгейдегі банктер арасындағы Банктің бұл көрсеткіш
бойынша үлесі 70 пайызды құрайды.

Қазақстан Халық Банкі АҚ Басқармасының Төрағасы
Марченко Григорий Александрұлы болып табылады.

Банктің шоғырландырылған толық қаржылық есептемесін Халық банкінің
сайтынан көруге болады

2007 жылғы қаржылық қызметтерге жалпы шолу
Таза табыс: Банктің 2007жылғы шоғырландырылған таза табысы 72 %-ға ұлғайып,
27,159 млн теңгеге жетті (2006 жылы 15,828 млн теңге болған). Банктің бұл
көрсеткішке қол жеткізуі ең алдымен таза пайыздық табыстың 98 %-ға, ал
комиссиялық және алым түріндегі таза табыстың 39 %-ға ұлғаюымен тікелей
байланысты болып отыр, өз кезегінде бұл аталған көрсеткіштер пайыздық емес
шығыстардың 48 %-ға және табыс салығы бойынша шығыстың 139 %-ға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық жүйе мысалдары
Коммерциялық банкте депозиттік саясаттың қалыптасуы
Кәсіпкерлік кызметтің түрлері,классификациясы, мемлекеттік реттелуі Қазақстан Республикасында құрылуы
ҚР бағалы қағаздар рыногы
Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері
Банктік несиені заңсыз алу
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуы және дамуы
Кәсіпкерлік тәуекелділік
Банктің несиелік саясаты туралы
Кәсіпкерлік тәуекелділік: түрлері мен типтері және оның зардаптарын жеңілдету жолдары
Пәндер