Ақпарат талдау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РСЕПУЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті

Менеджмент және маркетинг кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Маркетингтік ақпарат жүйесі

Орындаған:

Тексерген:

Алматы 2005

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1. Ақпаратты жіктеу
2. Ақпаратқа қойылатын талаптар
3. Маркетингтік ақпаратық жүйе
4. Маркетинг зерттеулері

III. Қорытынды

І. Ақпарат
Ақпарат – маркетингтік зерттеулері барысында жиналған мәліметтердің
жиынтығы. Жақсы ақпарат мына мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
• Бәсекеде басымдылықты алу
• Шығын қаражаттарының қауіп-қатерін төмендету
• Тұтынушылардың тауарға деген ынтасын анықтыау
• Сыртқы ортаны терең бақылау
• Стратегияны бақылау
• Фирманың өз жұмысын терең бағалау
• Тұтынушылардың жарнамаға деген сенімін арттыру
• Тиімділікті көбейту

ІІ. 1. Ақпаратты жіктеу
Ақпарат әртүрлі сипатталады. Сондықтын шығу мерзіміне, оған жүктелген
міндетіне, оны өңдеуге қарай жіктеуге болады.
Шығу мерзіміне қарай мынадай ақпарат түрлерін айыруға болады:
• Тұрақты ақрарат – маркетингтік ортаның ұзақ уақыт өзгермейтін
көрсеткіштерін бейнелейді;
• Айнымалы ақпарат – маркетинг объектілерінің өз мәніндегі іс-әрекетін
ағынды сандық және сапалық сипаттамасымен көрсетеді;
• Ауық-ауық ақпарат – керек кезде ғана анда-сада ғана жиналатын
мәліметтер (мысалы, тауардың бағасын өзгерту мүмкіндіктерін анықтау
үшін жаңа бәсекелес фирма туралы мәліметтер жинау).
Ақпарат міндетіне байланысты ол былайша бөлінеді:
• Анықтымалық ақпарат – танымды сипат алады және маркетинг
объектілерінің біршама тұрақты белгілері анықтап, анықтама жүйесі
ретінде шығады;

• Кепілдемелік ақпарат – арнайы жүргізген маркетинг зерттеулері
қорытындысының немесе мәліметтерді талдаудың негізінде пайда болады.
Оған үнім өткізуді болжау, нысаналы рынокты, делдалдарды, жабдықтау
фирамаларды талдау приоритеттерді жүктеледі;
• Нормативтік ақпарат – негізінде өндіріс саласында қалыптасады,
өндірістің әртүрлі құрылым ережелері, нормативтері баяндалады;
• Хабаршы ақпарат – маркетинг ортасы объектілерінің іс-жүзіндегі
өзгеріс бағыты жоспарға үйлеспеген кезде пайда болады;
• Реттеуші ақпарат – хабаршы ақпараттың кемшілік себептерін жоюға
бағытталған әрекеттерді баяндайды.
Ақпаратты өңдеуге қарай жітеу маңызды мағына алып, мына түрлеріне
бөледі:
• Бастапқы ақпарат – нақтылы мақсатты көздей бірінші рет жиналған
мәліметтерді баяндау;
• Екінші ретті ақпарат – басқа мақсатпен бұрын жиналған қолда бар
мәліметтер;
• Туынды ақпарат – басқа мақсатты шешу үшін бастапқы, екінші ретті
ақпараттың, немесе өзге ақпараттың мәліметтерін баяндау.

ІІ. 2. Ақпаратқа қойылатын талаптар
Ақпаратты ұйымдастыру алдында оған келесі талаптар қойылады:
1. Ақпараттың өзектілігі – маркетинг ортасының жағдайын әр мезгілде
шындықпен нақты бейнелеу. Сондықтан сақтайтын құнды коммерциялық
мәліметтер базаларын күнделікті жаңарту қажет.
2. Мәліметтерің релеванттілігі – алға қойылған мақсатқа сәйкес қажетті
мәліметтерді іріктеп жинау және іске қатысы жоқ мәліметтерді алып
тастау.
3. Ақпараттың дәлме-дәлділігі – өндірістің, рыноктың, сыртқы
макроортаның нақты жағдайын және даму өзгерісін айнытпай көрсету.
Бәсеке күресі жағдайында ақиқат мәліметтерді арнайы бұрмалануы мүмкін.
Сондықтан ақпараты анықтау үшін мәліметтерді әртүрлі көздерден алып.
Оларды салыстыру қажет.
4. Толық бейнелеу – маркетинг ортаның жағдайында және оның даму
өзгерісіне әсер ететін барлық факторларды объективті түрде есептке
алу.
5. Мәліметтердің мақсаттылығы – тауарды өндіру, оны сыртқы және ішкі
рынокта өткізу арналары мақсаттарына сәйкес мәліметтер жинау.
6. Ақпараттың біртұтастығы және сәйкестігі – мәліметтер көрсеткіштері
жиынтығында өзара қайшылықтардың және мәліметтердің өзара
сәйкессіздігінің болмауы.

ІІ. 3. Маркетингтік ақпаратық жүйе
Әр фирма өзінің менеджерлерін қажетті маркетингтік ақпаратпен
қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан компанияның арнайы қызметкерлері әр
деңгейдегі басшыларға рынок туралы қандай мәліметтер керек екенін анықтайды
және маркетингтік ақпаратық жүйені болжамдайды.
Марктингтік ақпараттық жүйесі тұлғалар, неше түрлі құралдар жөніндегі
және маркетингтік шешім қабылдауға қажетті сенімді ақпаратты жинау,
сұрыптау, талдау, бағалау әдістерін қамтиды. (1-сурет)
Талдау, жоспарлау, жоспарды жүзеге асыру және бақылау мәселелерін
орындау үшін (1-суреттің сол жағы) маркетинг менеджерлеріне рынок
ортасындағы (1-суреттің оң жағы) өзгерістер туралы мәліметтер қажет.
Маркетингтік ақпарат жүйесінің ролі маркетингтік басқару үшін ақпарат
қажеттілігін анықтаумен, оны жинап алумен және дер кезінде менеджерлерге
пайдалануға берумен анықталады. Қажет мәліметтер фирманың ішкі есеп
жүргізуден, маркетингтік бақылаудан, ақпаратты зерттеу арқылы және оны
талдау арқылы жиналады.

1- сурет. Маркетингтік ақпарат жүйесі

Ішкі есеп жүргізу жүйесі маркетингтік ақпараттық жүйенің негізі
болады. Оның ішінде тапсырыстар, сату көлемі, бағалар, қорар туралы, т.б.
мәліметтер болады. Ішкі ақпаратты талдау арқылы маркетинг менеджері
компанияның мүмкіндіктерін және өзекті мәселелерін анықтайды.
Маркетингтік бақылау ісі рынок ортасында болып жатқан өзгерістерді
бейнелеу үшін менеджерлер қолданантын ақпарат көздері және оларды жинау
процедурасының реттелген жиынтығы арқылы жүргізіледі.

ІІ. 4. Маркетинг зерттеулері
Кәсіпорынның өндіріс түріне, оның іс-әрекетінде шешілуге тиісті
мәселелеріне байланысты әртүрлі маркетинг зерттеулері жүргізіледі. Мысалы,
АҚШ фирмаларының басым көпшілігі келесі зерттеулермен айналысады:
Рыноктың әлуетті мүмкіндіктерін бағалау – фирмалардың 93 %;
Рыноктың негізгі сипатын және фирмалардың рыноктағы үлесін зерттеу – 92
%;
Тұтынушылардың жаңа тауарға деген ынтасын анықтау – 84 %;
Бәсекелес фирмаларды зерттеу – 85 %;
Жарнама тиімділігін талдау – 67 %;
Жарнамалық текстерді зеррету – 49 % және т.б.
Оы мәліметтерден көріп отырғанымыздай, маркетинг зерртеулері
фирмалардың маркетинг жұмыстарының ең негізгісі болып табылады.
Кәсіби білгірлікпен жүргізілген маркетинг зерттеулері фирманың
рыноктағы мүмкіндіктерін әділ бағалау және алдына қойылған мақсатына
минималды қауіп-қатерсіз жету үшін тиімді бағыттарын белгілеу мүмкіндігін
жасайды.

Маркетинг зерттеулердің анықтамасы және оларды жүргізу шарттары
Маркетинг зерттеулері дегеніміз маркетинг дұрыс шешімдерін қабылдау
үшін және фирма әрекетіндегі мәлімсіздік жағдайды төмендету үшін
мәліметтерді жинау, оларды өңдеу, талдау үрдісі болып табылады.
Маркетинг зерттеулерінің мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін. Ең бастысы ол
зерттеулер әлуетті тұтынушыларды анықтауы тиіс, олардың қажеттерін зерттеу,
нысаналы рынокты таңдап алу үшін тауарға деген бүгінгі және болашақ
сұранысты белгілеу болып табылады. Рынокты таңдап алғаннан кейін оның
ішінде болып жатқан өзгерістерге дер кезінде тиімді ықпал жасау үшін оның
құбылыс ағымында бақылау қажет. Рыноктың ұзақ мерзімдегі даму бағытын
болжау үшін оны зерттеу керек. Белгіленген болжау фирманың мақсатын анықтау
жұмысына, стратегиясын және жұмыс жоспарын жетілдіруге негізі болады.
әсіресе маркетинг зерттеулері рынокқа жаңа тауарды дайындауда, оны өңдеп,
шығаруда маңызды орын алады.
Маркетинг зерттеулері нәтижелі және тиімді болуы үшін келесі шарттарды
орындау қажет:
Біріншіден, зерттеулер кешенді және жүйелі түрде өтуі қажет;
Екіншіден, жоғарыда айтылған ақпаратқа қойылған талаптарды ескере
отырып эерттеулерде ғылыми тәсілдерді қолдану қажет;
Үшіншіден, халықаралық Сауда Палатасы және қоғамдық пікірді зерттеу
Еуропа қоғамы бекіткен маркетингтік және әлеуметтік зерттеулері
практикасының Халықаралық Кодексіне сәйкес жүргізілуі тиіс;
Төртіншіден, маркетинг зерттеулері жұмыстары мұқият жоспарлануы тиіс.
Маркентингтік зерттеу үдерісі
Маркетингтік зерттеулер үдерісі белгілі сатылардан тұрады (2-сурет).
Барлық жұмыстар белгіленген тәртіп бойынша өткізіледі. Мысалы, екінші
ретті ақпарат фирма мәселелері мен мақсатын анықтамайынша зерттелмейді, ал
бастапқы ақпарат екінші ретті ақпаратты толық зерттегенге дейін жиналмайды.
Бастапқы ақпарат барлық жағдайда керек бола бермейді, егер фирма мәселесін
онсыз-ақ шешсе оның қажеті жоқ. Ал екінші ретті ақпарат сұрақтарға толық
жауап бремесе, онда бастапқы мәліметтерсіз мәселені шешу қиындайды.

2-сурет. Маркетингтік зерттеу үдерісінің сатылары

Зерттелетін мәселені анықтау сатысы маркетинг зерттеулердің бастапқы
қадамы болады. Зерттелетін мәселені нақты белгілеу арқылы тек қажетті
ақпарат жинап, мәселені тиянақты шешу жолдары белгіленді. Сонымен қатар
ақпаратты жинауға жұмсалған қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беріп,
белгіленген зерттеу мәселесін басқа мәселеден анық айыруға қамтамасыз
етеді. Сондықтан бұл зерттеу сатысынның сапалы орындалуы зерттелген мәселе
бойынша неғұрлым аз шығынмен тез арада терең талдау жүргізіп, ұтымды шешім
қабылдауға мүмкіндік береді.
Кейбір жағдайда зерттелетін мәселенің өзін және зерттеу мақсатын
анықтау үшін адын ала зерттеулер жүргзіледі.
Екінші ретті ақпаратты жинап, талдау сатысы зерттеу мәселесі онсыз шешу
мүмкіндігі болса да міндетті түрде жүргізіледі. Екінші ретті ақпараттың
жалпы құндылығын бағалау үшін оның жақсы жақтары мен кемшіліктері
анықталады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетингтік ақпарат жүйесі туралы
Маркетингтік ақпараттық жүйе
Болжамдау мен жоспарлауды ақпаратпен қамтамасыз ету
ЖШС кәсіпорынының қаржылық жағдайының аж -н құру
Маркетингілік зерттеудегі ақпараттың рөлі
Ақпарат
Нарықты зерттеу
Маркетинг зерттеулері
Маркетингтік ақпарат жүйесі
Ақпарат жинау
Пәндер