Жарнаманы тарату құралдары


Жоспар
- Кіріспе. Жарнама . . . 3
- Негізгі бөлім. Жарнаманың атқаратын қызметі . . . 4Жарнама түрлері . . . 5Жарнама әрекетін жүргізудегі негізгі сатылар . . . 6Жарнаманы тарату құралдары . . . 9
- Қорытынды. Жарнамалық саясат . . . 10
- Пайдаланған әдебиеттер . . . 11
Кіріспе
Жарнама дегеніміз - белгілі тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжыту. Жарнама ол тауарды, қызметтерді, идеяларды тұтынушыларға қарай жылжытуына арналған кез-келген әрекеттер нысандары және нақтылы жағдайды есепке ала отырып, әлуетті тұтынушылардың назарларын жарнамалау объектісіне аудару үшін орындалатын ақылы қызметтер деп анықталған.
Жарнама ерекшіліктері:
* қоғамдық сипаттама алады;
* үгіттеуге қаражат қабілеттілігі бар сатушы жарнама арқылы өзінің хабарландыруын бірнеше рет қайталай алады.
* мәнерлік-түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге болады;
* иесіз жарнама монолог ретінде ғана жасалады.
Негізгі бөлім
Жарнаманың атқаратын қызметі
Рыноктағы жарнама бернесі:
* экономика бернесі - сұранысты қалыптастыру, өтімді ынталандыру, тұтынушыларға тауарларды алғызуды тездету арқылы “сату-алу” үдерісін тездетеді;
* ақпараттық бернесі - тұтынушыларды өтінушілер туралы және олардың тауарлары туралы ақпарат ағымдары мен қамтамасыз етеді;
* коммуникациялық бернесі - маркетинг зерттеулері кезінде қолданылатын сауалдама, тұтынушылар пікірлерін жинау, тауар өтімін талдау арқылы жарнама рынокпен және тұтынушымен қайтара байланысын қамтамасыз етеді;
* бақылау бернесі - рыноктағы өнімдердің жылжуын бақылауға мүмкіндік береді;
* түзетім бернесі - өткізу саясатын және жарнама қызметін ұтымды жағына өзгеруге мүмкіндік жасайды;
* сұранысты басқару бернесі - нақты тұтынушылар топтарына көзделген әсер тигізу жолдарын табуға мүмкіндік ашады.
Жарнама түрлері
Жарнаманың жоғарыдағы айтылған көптеген бернесі оның әмбебап сипатын көрсетеді және оның жеке түрлерін бөліп талдауды қажет етеді. Жарнаманың түрлерін айтуда көптеген белгілер қолданылады. Оның бірнешеуі 14-кестеде көрсетілген.
Қатаң жарнама - қысқа мерзімді, агрессияшыл жарнама.
Жайлы жарнама - тауар айналысында қолайлы жағдай құратын жарнама.
Өндірушінің атынан жүргізілген жарнама көбінесе коммерциялық әрекетке байланысты
Жеке адамдар атынан жүргізілген жарнама көбінесе хабарландыру сипатын алады.
Оңтайлы жарнама - әлуетті тұтынушының ақыл ойына әсер ететін жарнама
Эмоционалды жарнама - тұтынушылардың сезіміне, эмоциясына ассоциясы арқылы әсер ететін жарнама.
Бизнес саласына арналған жарнама - тауарды өндірістерде қолдану үшін сатып алатын тұтынушыларға және делдалдарға арналған жарнама
Жеке тұтынушыға арналған жарнама.
Таңдамалы жарнама - нақты рынок сегментіне арналған жарнама
Жалпылама жарнама - жалпы рынокқа арналған жарнама
Ақпараттық жарнама - тұтынушыларды жаңа тауармен және жаңа фирмамен таныстыратын жарнама
Ескерту жарнама - тұтынушылар есіне тауар туралы ақпаратты сақтауға арналған және тауарды қай жерде сатып алуын еске түсіретін жарнама
Кеңесші үгіт жарнамасы - таңдамалы сұранысты қалыптастыруға арналған жарнама.
Тауар жарнамасы - тауарға сұранысты қалыптастыратын және оған ынталандыратын жарнама
Фирма (фирма беделі) жарнамасы - кәсіпорынның жұмысын жағымды көрсететін жарнама
Тікелей жарнама - жеке тұлғаға арналған жарнама (мысалы, директ-мейл)
Жанама жарнама - көпшілікке арналған жарнама (мысалы, теледидар, радио жарнамасы)
Көз жарнамасы баспа және сырт жарнамасы
Акустикалық жарнама радиожарнама
Иіс сезу қабілетіне әсер ететін жарнама (хош иісті буклет немесе с. с заттар арқылы)
Жарнама әрекетін жүргізудегі негізгі сатылар
Маркетинг жүйесіндегі жарнама қызметі бірқатар сатыларға бөлінген құрамдас үдеріс ретінде сипатталады 22-сурет
22-сурет. Жарнама қызметін жүргізудегі негізгі сатылар
Жарнама мақсаттары кәсіпорын қабылдаған жалпы маркетинг және коммуникациялық стратегияларына сәйкес анықталады. Ол мақсаттарды 2 үлкен топқа бөлуге болады:
- тауарды өткізу сатысына байланысты мақсаттар - сату көлемін молайтуға және тұтынушылардың тауарды сатып алуын ынталандыруға арналады;
- комуникация саласына байланысты мақсаттар - нақты идеяларды хабарлауға, кәсіпорынның бейнесін қалыптастыруға, тұтыну әдетін ыңғайлы өзгертуге бағытталады.
Жарнама мақсаты негізінде жарнамалық жариялау шешімдерін қабылдау тәсілдері анықталады. Алдымен ұсынатын тауардың ерекше қасиеттері талданып, соның ішіндегі тұтынушыларға аса маңыздылығының тізімі жасалады. Одан кейін жарнамалық жариялаудың қандай мақсатты аудиторияға арнауын нақты анықтау керек.
Жарнамалық жариялауды дайындаған кезде мына мәселелерді шешу қажет:
- жарнамалық жариялаудың құрылымы
- жарнамалық жариялаудың түрі
- жарнамалық жариялаудың бет-бейнесі
... жалғасыЖарнамалық жариялаудың құрылымы AIDA (Attention- назар, Interest -қызығу, Desire-ықылас, Action-әрекет) талаптарына сәйкес болуы қажет. Дұрыс қарастырылған хабарландыру тартымды да қызықты болады. Ондай хабарландыруды адам қайтара оқуы, немесе көруі мүмкін. Хабарландырумен түгел танысып, жарнама объектінің дәлелдігіне толық сенсе, тұтынушы тауарды сатып алуы мүмкін.
Жарнамалық жариялаудың түрі тауарды тұтынушыға көрсету әдісіне байланысты. Көрсету әдісінің бірнешесі болады. Олар тауарды ұнатымды жақтарымен клиенттердің пікірлерін игеру, қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауардың жағымды қолдану тәсілдерін көрсету, тұтынушының көңілін көрсету үшін әзіл-сықақ т. б жағдай жасау.
Жарнамалық жариялаудың бет - бейнесі көзделген ойды тұтынушыға ауысша не жазбаша түрде жеткізуі керек. Жарнамада 5 түрлі атқарымдық бет-бейнесін айыруға болады:
* ресми іскерлік;
* ғылыми түрде кәсібилік;
* жариялымдық;
* әдеби тілмен сөйлесу;
* деректі тілмен сөйлесу.
Жарнамалық жариялауды дайындаумен бірге жарнама тарату құралдарын тарату мәселелері де шешілуі қажет. Жарнама тарату құралдарын таңдау кезінде мына сұрақтарға жауап табу қажет болады:
* Кімнің қажетін қамту қажет? Бұл сұраққа жауап беру үшін мақсатты және әлуетті тұтынушыларды нақты табу керек. Ол үшін рынок сегменттеуі жүргізіледі.
* Әлуетті тұтынушылар қай жерде орналасқан?Тұтынушылардың көбі орналасқан жерде жарнама берілуі тиіс.
* Қашан және қайсы кезде жарнама берілуі керек? Демек уақытты(жылы, айы, аптасы, күні, сағаты) анықталуы керек.
Жарнама тарату құралдарын таңдауына мынандай факторлар әсер етеді:
* жарнаманың мақсаты;
* жарнамалайтын тауардың ерекшеліктері;
* рыноктың керекті қамту көлемі;
* жарнама тарату арасының мақсатты аудиториясының сипатына сәйкестігі;
* бәсекелестердің жарнамалық әрекеттері;
* керекті құралдардың қолда болуы;
* жарнаманың нарқы;
Жарнама тарату құралдары анықтағаннан кейін жарнамаға қажетқаржы көлемі есептеледі.
Жарнама қаржы көлемі анықталғанда келесі факторлар есепке алынады:
* болжаған өткізу рыногының көлемі мен мөлшері;
* кәсіпорын маркетинг кешеніндегі жарнаманың рөлі;
* тауардың өмір кезеңдері;
* бәсекелестердің жарнама шығындары;
* өзінің қаржы мүмкіндіктері.
Жарнама қаржы коммуникациясы кешенінің жалпы шығындары сметасына енгізілуі тиіс.
Дәрежелі жарнама көптеген шығындарды талап етеді. Сондықтан жарнама қызметінің тиімділігі бағалау жұмысы өте маңызды орын алады. Оның өзі мынадай мүмкіндіктерді береді:
* жарнаманың пайдалылығы туралы ақпарат береді;
* әрбір жарнама тарату құралдарының нәтижелігін көрсетеді;
* әлуетті тұтынушыларға жарнаманың оңтайлы әсер ету шартын анықтайды.
Жарнама науқаны мен құралдарының тиімділігі нақты асолютті санмен анықтау мүмкін емес. Осы туралы американдық кәсіпкер Джон Ванемейкер былай деді: “Менің жарнамаға жұмсаған ақшаларымның бірталайы бекерге кететінін білімін. Бірақ оның нақты мөлшерін анықтай алмадым”. Салыстырмалы есеп бойынша жарнама өзін сонда да ақтайды. Мұнда жарнаманың экономикалық тиімділігі жарнаманың психологиялық әсер ету тиімділігін айыру қажет. Жарнаманың экономикалық тиімділігі жарнаманың сату көлеміне тигізетін әсерімен анықталады. Ол үшін оперативті және бухгалтерия мәліметтерін талдау керек.
Жарнаманың психологиялық әсер ету тиімділігі әлуетті тұтынушылардың назарын тарту деңгейімен және жарнамалық жариялауды таңдаушылар қаншалықты еске сақтау деңгейімен анықталады. Бұны тұтынушылар қимылдарының өзгерістерінен шамалап білуге болады. Ал оны есептеп шығару қиындау.
Жарнаманы тарату құралдары
Қазіргі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz