Жануарларда тәжірибе
Жоспар:
КІРІСПЕ.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
І. Тәжірибеде гипопитуитаризмді үлгілеу.
ІІ. Тамырлық байланыстарымен бірге алынған гипофиздің
аллотрансплантациясын негіздеу.
ІІІ. Аллогенді гипофизді трансплантаттың морфологиялық-
функционалдық жағдайы.
ҚОРТЫНДЫ.
Пайдаланған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Мәселенің өзектілігі. Соңғы жылдары трансплантологияда өмірлік маңызды
ағзаларды (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, эндокринді ағзалар) ауыстырып
отырғызу бойынша жаңа операцияларды клиникалық апробациядан өткізбестен
бұрын оларды барынша тереңірек тәжірибе жүзінде зерттеуге бетбұрыс байқалды
(П.П.Коваленко, 1982; В.В.Шумаков, 2001; И.Д.Кирпатовский, 2002;
Ж.А.Доскалиев және с.а., 2002; А.А.Лубяко, 2005). Бұл мәселенің өзектілігін
2005-2010 жылдарға арналған ҚР денсаулық сақтауды дамыту және қайта құру
бағдарламасына енгізілгенінен көруге болады.
Гипофиздік нанизм, гипопитуитаризм, екіншілік гипогонадизм ауруларын
емдеуде гипофиз трансплантациясы маңызды орын алады (И.Д.Кирпатовский,
2002; Е.С.Дендеберов, 2002). Бірақ гипофизді тамырлық байланыстарымен
бірге ауыстырып отырғызу техникалық жағынан күрделі тамырлық операция болып
табылады. Гипофиздің құрылысы мен орналасуының, әсіресе қандануының
анатомиялық ерекшеліктері трансплантаттың артериялық-веналық аяқшасын
түзуді қиындатып, атабез, анабез, ұйқы бездерін ауыстырып отырғызғандағы
әдістерді қолдануға мүмкіндік бермейді.
Бұрыннан белгілі гипофизді тамырлық байланыстарымен бірге ауыстырып
отырғызу операциялары тек артериялық қанның ағып келуін ғана қамтамасыз
етті, басқаша айтқанда ауыстырып отырғызу бір ғана артериялық аяқшада
жүргізілді (Н.А.Богораз, 1948; Т.Е.Гнилорыбов, 1958; В.Л.Хенкин, 1974).
1977 жылы И.Д.Кирпатовский гипофизді артериялық-веналық аяқшасымен
бірге ауыстырып отырғызуды, яғни веналық қанның трансплантаттан ағып кетуін
қамтамасыз ету үшін үңгірлі қойнауға ауыстырып отырғызу аймағындағы
реципиент венасын жалғауды ұсынды. Бұл операцияны М.И.Головко1981 жылы адам
мүрделерінде топографиялық-анатомиялық және тәжірибелік зерттеулер жасай
отырып бекітті.
Гипофиз трансплантациясын әрі қарай дамытуда И.Д.Кирпатовскийдің
ұсынысы жаңа қадам болды, ол гипофизбен бірге алдыңғы гипоталамустың
нейросекреторлық ядроларын тұтас анатомиялық-физиологиялық кешен ретінде
ауыстырып отырғызуды ұсынды.
Аталған операцияны анатомиялық-тәжірибелік негіздеуді 1990 жылы
Д.Е.Жаныбеков орындады, ол адам мүрделерінде және тәжірибелік жануарларда
(иттерде) гипоталамустық-гипофиздік трансплантатты бөліп алу техникасын
және гипофиз бен алдыңғы гипоталамус ядроларын қанмен қамтамасыз ететін
тамырлық аяқшаның түзілуін негіздеді.
Бірақ клиникада жасалған жоғарыда келтірілген операциялар тәжірибелік
жануарларда, оның ішінде иттерде топографиялық-анатомиялық және тәжірибелік
зерттеулер арқылы негізделген жоқ. Біз әдебиеттерде иттерде тәжірибе
жүзінде ауыстырып отырғызу жағдайындағы гипофиздің артериялық арнасы мен
үңгірлі қойнау жүйесіне арналған зерттеу жұмыстарын кездестіре алмадық. Осы
уақытқа дейін жануарларда тәжірибелік гипопитуитаризм үлгісі жасалмаған.
Гипофиздік трансплантатты артериялық-веналық байланыстарымен бірге алу
әдісі де арнайы зерттеуді қажет етеді. Жануарларда, соның ішінде иттерде
гипофиздік трансплантатты ауыстырып отырғызудың тәжірибелік үлгісі
жасалмаған. Сондай-ақ гипофизді артериялық-веналық байланыстарымен бірге
ауыстырып отырғызғаннан кейінгі әртүрлі уақыттағы аденогипофиздің
капиллярлық ағымы мен жасушалық құрылымының морфологиялық-функционалдық
жағдайы туралы мәліметтер жоқ.
Жоғарыда келтірілген мәселелер жүргізілген анатомиялық-тәжірибелік
зерттеу жұмысын негіздейді.
Зерттеу мақсаты: тәжірибелік жануарларда (иттерде) гипофиз
аллотрансплантациясын тәжірибе жүзінде негіздеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Тәжірибелік гипопитуитаризм үлгісін жасау.
2. Тәжірибелік гипопитуитаризм кезіндегі аденогипофиздегі
морфологиялық өзгерістердің динамикасын зерттеу.
3. Иттердің гипофизінің ағзасыртылық қан тамырларының
топографиялық микроанатомиясын зерттеу және оны гипофиз
трансплантатының артериялық-веналық байланысын түзуге қолдану.
4. Тамырлық аяқшасымен бірге ауыстырып отырғызу мақсатында
гипофиз аллотрансплантатын бөліп алу әдісін жасау.
5. Итердің гипофизін артериялық-веналық байланыстарымен бірге
ауыстырып отырғызудың тәжірибелік үлгісін жасау.
6. Аллогенді гипофиздің тіндік құрылымының морфологиялық-
функционалдық жағдайын зерттеу.
7. Тамырлық байланыстарымен бірге ауыстырылып отырғызылған гипофиздің
реографиясын жасау.
Ғылыми жаңалығы:
Тәжірибелік гипопитуитаризм кезіндегі тәжірибелік жануарлардың
клиникалық жағдайы және олардың гипофизінің тіндік құрылымының жағдайы
зерттелген.
Иттерде артериялық-веналық байланыстарымен бірге ауыстырылып
отырғызылған гипофиздің трансплантациясына жауапты гипофиздің ағзасыртылық
қантамырларының топографиялық микроанатомиясы толығымен жазылған.
Иттерде гипофиздік трансплантаттың артериялық аяқшасының
микрохирургиялық анатомиясы толығымен зерттеліп, оны алудың рационалды
техникасы анатомиялық-тәжірибелік негізделген.
Тамырлық байланыстарымен бірге алынған гипофиздік аллотрансплантаттың
ағзалық принцип бойынша ауыстырып отырғызыудың тәжірибелік үлгісі жасалды.
Жарықоптикалық және ультрақұрылымдық деңгейде ауыстырылып отырғызылған
гипофиздік трансплантаттың морфологиялық-функционалдық құрылымы зерттеліп,
ағзалық принцип бойынша гетеротопиялық ауыстырылып отырғызылған
аденогипофиздің секреторлық жасушалары мен капиллярлық ағымының өмір сүру
ұзақтығы анықталды.
Жұмыстың практикалық маңызы:
Тәжірибелік гипопитуитаризм кезіндегі клиникалық және морфологиялық
өзгерістердің динамикасы зерттелді.
Зерттелген гипофиздің ағзасыртылық және хиазмалық артериялардың
топографиялық микроанатомиясының негізінде тәжірибеде гипофиздік
трансплантатты алудың рационалды әдісі жасалды.
Жасалған гипопитуитаризмнің тәжірибелік үлгісі және артериялық-веналық
байланыстарымен бірге гетеротопиялық аллотрансплантацияның тәжірибелік
үлгісін тәжірибелік медицина, тәжірибелік эндокринология және
нейроэндокринді трансплантация сұрақтарын шешуде қолдануда болады.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерді жоғары оқу орындарының медициналық
және биологиялық факультеттерінде, гистология, анатомия, эндокринология
кафедраларында практикалық сабақтар мен дәрістерде пайдалануға болады.
Диссертацияның негізгі жағдайлары Алматы қ. С.Ж.Асфендияров атындағы
ҚазҰМУ, Ақтөбе қ. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина
академиясында қалыпты анатомия кафедрасында дәрістерде қолданылуда.
Аталаған жұмысты істеу барысында серіктес авторлықта предпатенттікке
тапсырыс берілді: Способ выделения гипофизарного трансплантата у трупа
животных 06.11.2006, № 20061218.1.
Қорғауға ұсынылып отырған мәселелер:
1. Гипофиз аяқшасының қақпалық веналарын жартылай істен шығару мақсатында
жасалған тәжірибелік гипопитуитаризм аталған аурудың клиникалық және
морфологиялық көріністерінің динамикасын тәжірибеде бақылауға
мүмкіндік берді.
2. Ішкі ұйқы артерияларын гипофиздік артериялар тарайтын сегментімен
бірге алу ауыстырылып отырғызылатын гипофиздік трансплантаттың қанмен
толық қамтамасыздануына мүмкіндік береді.
3. Веналық қанның ағып кетуін қамтамасыз ететін үңгірлі қойнаудың
маңындағы анатомиялық құрылымдарды зақымдамау үшін оны реципиент
венасына төменгі қабырғасы арқылы жалғаған тиімді.
4. Аллогенді аденогипофиздің тіндік құрылымының морфологиялық-
функционалдық жағдайы зерттелді.
5. Тамырлық байланыстарымен бірге ауыстырып отырғызылған гипофиздің
реографиясы жасалды.
Аталған жұмыстың басқа ҒЗЖ және әртүрлі мемлекеттік және
халықаралық бағдарламалармен байланысы.
Жұмыс ҚазҰМУ ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында орындалды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Зерттеу материалдары мен әдістері
Зерттеу 3-3,5 жастағы 107 тексіз еркек иттерде жүргізілді. Иттер
вивариде стандартты жағдайда ұсталды. Жұмыс кешенді түрде жүргізілді және
оның құрамына кіреді:
1. Тәжірибелік гипопитуитаризмнен кейінгі аденогипофиздің морфологиялық-
қызметтік өзгерістерін зерттеу (тәжірибенің І сериясы).
2. Иттің гипофизінің және гипоталамустың хиазмалық аймағының
ағзасыртылық артерияларының топографиялық микроанатомиясын зерттеу.
3. Гипофиз трансплантатын артериялық-веналық байланыстарымен бірге
алуды анатомиялық-тәжірибелік зерттеу және тамырлық аяқшаны
қалыптастыру.
4. Иттерде гипофиз трансплантатын тамырлық байланыстарымен бірге
ауыстырып отырғызудың тәжірибелік үлгісін жасау (тәжірибенің ІІ
сериясы).
Тәжірибенің І сериясының міндеті гипофиздің қақпалық тамырларын
жартылай басу арқылы болатын аденогипофиздің морфологиялық-қызметтік
өзгерістерін зерттеу үшін гипопитуитаризм тәжірибелік үлгісін жасау болды
(1 кесте).
1 кесте. Тәжірибенің І-сериясындағы жануарларды (иттерді)
бақылау топтарына бөлу
Тәжірибелік Бақылау Тәжірибенің
Зерттеу түрі жануарлар n=30тобы ұзақтығы
n=6
Тәжірибелік 10 2 15 тәулік
гипопитуитаризм
моделін жасау
10 2 20 тәулік
10 2 30 тәулік
5 иттің мүрдесінде жартылай гипофизэктомиядан кейінгі 15, 20, 30
тәуліктерде гипофиздің морфологиялық-қызметтік өзгерістері зерттелді.
Қалған 25 ит артериялық-веналық байланыстарымен бірге алынған гипофиздің
гетеротопиялық аллотрансплантациясы кезінде реципиент ретінде қолданылды.
Топографиялық-анатомиялық зерттеу иттердің мүрдесінен алынған
гипофиздік кешенде жүргізілді. 40 мүрдеде гипофиз бен гипоталамустың
хиазмалық аймағының ағзасыртылық артерияларының топографиялық
микроанатомиясы, сондай-ақ гипофиз трансплантатының артериялық-веналық
байланысының топографиялық микроанатомиясы зерттелді (2 кесте).
2 кесте. Иттерге тәжірибелік зерттеу жүргізудің сипаты және көлемі
Зерттеу Зерттеу сипаты Мүрде Барлық
түрі саны бақылау
Топо-гранейрогипофиздің ағзасыртылық
фия-лық-артерияларының топографиялық 40* 80**
анато-мимикроанатомиясы
ялық аденогипофиздің ағзасыртылық 40* 80**
артерияларының топографиялық
микроанатомиясы 40* 80**
гипоталамустың хиазмалық
аймағының ағзасыртылық 40* 80**
артерияларының топографиялық
микроанатомиясы 40* 80**
гипофиз трансплантатының
артериялық аяқшасының
топографиялық микроанатомиясы
гипофиз трансплантатының
веналық аяқшасының
топографиялық микроанатомиясы
Барлығы 40* 440**
Ескерту: *- анатомиялық-топографиялық зерттеу 40 иттің мүрдесінде
жүргізілді
**- әр иттің мүрдесінде гипофиздің ағзасыртылық тамырлары
екі жағында зерттелді
Тәжірибенің екінші сериясына кіреді: гипофиз трансплантатын ауыстырып
отырғызуды жедел тәжірибеде 6 итте жүргізу (3 донор, 3 реципиент),
артериялық-веналық байланыстарымен бірге алынған гипофиз трансплантатының
аллотрансплантациясын созылмалы тәжірибеде 25 итте жүргізу (25 донор, 25
реципиент). Бұл кезде 25 ит реципиентте операцияға 1 ай қалғанда
гипофизэктомия жасалды (гипофиз қызметінің жетіспеушілігі, яғни
гипопитуитаризм қалыптастырылды). 4 итте гипофиздің гетеоротопиялық
аллотрансплантациясынан кейін трансплантаттың тамырлық аяқшасына реография
жасалды.
Осы жұмыстың қойылған міндеттерін орындау үшін төмендегідей зерттеу
әдістері қолданылды: 1-микроанатомиялық жіктеп-сылу, 2-боялған массалармен
қан тамырларына инъекция жасау, 3-контрасты ангиография, 4-стеклография, 5-
морфометрия, 6-анатомиялық тәжірибе, 7-жануарларда тәжірибе, 8-
гистологиялық және электрондық-микроскоптық зерттеу, 9-статистикалық өңдеу.
1. Микроанатомиялық жіктеп-сылу. Тәжірибелік жануарларда (иттерде)
гипофиздік трансплантаттың ағзасыртылық артерияларының микроанатомиялық
топографиясы микрохирургиялық құралдар мен қосымша оптикалық үлкейткіш
(лупа және операциялық микроскоп) арқылы жіктеп-сылынды. Зерттеу алдын-ала
қан тамырларына инъекция жасалған мүрдеден бөлектеніп алынған анатомиялық
кешендерде жүргізілді.
Гипофиздік және хиазмалық артериялардың диаметрінің кіші болуы, төменгі
гипофиздік артериялардың мидың қатты қабығымен және үңгірлі қойнау ішінде
орналасқан құрылымдармен тығыз байланысы анатомиялық жіктеп-сылуды өте
абайлап, мұқият жүргізуді талап етті. Сондықтан да біз операциялық оптика
мен микрохирургиялық құрылымдарды (микропинцет, микроқайшы, микроскальпель)
қолдандық.
Гипофиздің ағзасыртылық артерияларын жіктеп-сылу үшін алдымен үңгірлі
қойнауларды ашып, ішкі ұйқы артериясының үңгірлі қойнауға кіретін тұсынан
негізгі бағанасын соңғы тармақтарға бөлінетін жеріне дейін аштық, ары қарай
ішкі ұйқы артериясының үңгірлі бөлігінен бөлінетін төменгі гипофиздік
артерия жіктеп-сылынды. Содан кейін ішкі ұйқы артериясы үңгірлі қойнаудан
шығатын жерінен бөліп алынды. Жұмыр, жартылай өткір жолмен ішкі ұйқы
артериясының милық бөлігінен, алдыңғы ми, алдыңғы дәнекер, ортаңғы ми және
артқы дәнекер артерияларынан бөлінетін І-реттік тармақтар бөлінді. Гипофиз
суқұйғышының негізіне, гипофизге және гипоталамустың төменгі қабырғасына
баратын ұсақ артериялық тармақтарға аса көңіл бөлінді.
2. Қан тамырларын боялған массалармен инъекциялау. Гипофиздің
артериялық арнасы ішкі ұйқы артериясы арқылы инъекциялық массамен
толтырылды. Инъекциялық массаны үнемдеу үшін сыртқы ұйқы және омыртқа
артерияларына лигатура салынды. Бас миының тамырларын in situ бояу
гипоталамустық-гипофиздік және үңгірлі аймақтың ұсақ қан тамырларын
толығымен көруге мүмкіндік беретінін айта кетуіміз керек.
Инъекциялық масса ретінде сары күкірттік майлы бояуы, азот қышқылды
күміс, тушьтың судағы ерітіндісі, Герот әдісімен бояу массалары алынды.
Жануар мүрдесінің басын бекіту ұшін бас миын алу кезінде арнайы
бекіткіш қондырғы пайдаланылды. Бас сүйегінен алғаннан кейін бас миы
қатайту үшін 30 тәулік ішінде формалиннің жоғарылайтын концентрациясында
(3%, 5%, 10%, 12%) ұсталды.
3. Контрасты ангиография. Гипофиздің ағзасыртылық артерияларын зерттеу
үшін тұтас миға және жеке гипофиздік кешенге шолу рентгенограмма жасалды.
Рентгенконтрастылы масса ретінде сары күкіртті майлы бояу, йодолиполдың 40%
немесе кардиотрастың 60% ерітінділері қолданылды. Рентгенограмма Арман
аппаратымен 90 см қашықтықта жасалды, токтың н а прежениесі 60 ма,
экопозиция 4-10 секунд.
4. Стеклография әдісі. Бұл әдіс басқа зерттеу әдістерін толықтырып,
гипофиз бен хиазмалық аймақтың ағзасыртылық артерияларын микроанатомиялық
жіктеп-сылу нәтижелерін құжаттауға мүмкіндік берді.
5. Морфометрия. Микроанатомиялық жіктеп-сылу барысында гипофиз, хиазма
және трансплантаттың ағзасыртылық артерияларын өлшенді. Штангенциркул
немесе окуляр микрометрмен І-реттік тармақтардың диаметрі, ұзындығы,
бөліну деңгейі, жүру варианттары анықталды.
6. Анатомиялық тәжірибе. Мүрдеде гипофиздік трансплантатты тәжірибелік
трансплантациялау екі кезеңнен тұрды: І - трансплантатты алу, гипофиздік
трансплантатты тәжірибелік жағдайда ауыстырып отырғызу техникасын
имитациялау; ІІ – гипофиздік трансплантатты реципиенттің сан тамырларына
ауыстырып отырғызу.
7.Жануарларда тәжірибе. Жануарлардағы (иттердегі) тәжірибе жедел және
созылмалы болып екіге бөлінді.
Операция тексіз жануарларда венаішілік гексеналдық наркоз (2,5%) арқылы
жасалды. Жедел тәжірибеде трансплантатты қан ағымына қосу трансплантаттың
алдыңғы немесе ортаңғы ми артериясы мен үңгірлі қойнауын жануардың сан
тамырларымен қосу арқылы жүзеге асырылды. Артериялық-веналық аяқшаның
қызметін бағалау өткізгіштігін визуалды тексеру арқылы бағаланды.
Артериялық-веналық байланыстарымен бірге ауыстырылып отырғызылған аллогенді
гипофиздік трансплантаттың морфологиялық-функционалдық жағдайын бағалау
үшін 25 итте созылмалы тәжірибеде гипофиздік трансплантат ауыстырылып
отырғызылды. Гипофиздік трансплантаттың аяқшасын қоректендіру үшін сан
тамырлары (a.saphena et v. saphena magna) алынды.
Жануарлар бір күннен бір ай аралығында бақыланды. Бізді
аденогипофиздің секреттік жасушаларының гистосәйкессіздік реакциясына
толеранттылығының деңгейі қызықтырғандықтан иммуносупрессивті терапия
қолданылған жоқ. Гипофизэктомия операциясы созылмалы тәжірибеде 30 жануарда
венаішілік гексеналдық (2,5%) наркоз арқылы жүргізілді. Ит іші жоғары қарап
бекітілді. Аузы кеңіткішпен барынша ашылып қойылды. Бұл төменгі жақсүйек
бұлшық еттері бетсүйек доғасынан төмен түсіп тұруы үшін керек. Операция
аймағын 3 рет спирт және йод ерітіндісімен өңдегеннен кейін теріге доға
тәрізді тілік жүргіземіз, тіліктің ортасы орбиталды байламдарға паралелль
өтуі тиіс. Тері кесіндісін артқа және төмен қарай айналдырамыз. Әрі қарай
бет сүйек доғасын екі жерден кесеміз: орбиталдық байламдардың бекінетін
жерінің алдынан және артынан буын төмпешігінен сәл алға қарай. Самай
бұлшықетін беткей және терең шандырларымен бірге шеке және маңдай сүйекке
бекінетін жерлерінен кесеміз және артқа төмен қарай сылып аламыз. Осылайша
бұлшықет-шандырлық кесінді оны қандандыратын самай артериясын бүтін сақтап
қалуға мүмкіндік береді. Бұдан кейін маңдай сүйектің шеке және самай
сүйектермен байланысатын жерлерін ашамыз. Осы жерде абайлап Гальт трепаны
арқылы мидың қатты қабығын зақымдамайтындай етіп тесік жасалады. Себебі бұл
жерде мидың қатты қабығының ортаңғы артериясының тармағы орналасқан.
Трепанациялық тесікте ми қабығына вертикалды тілік жүргізіледі, ол жерден
мидың самайлық үлесі жақсы көрінеді. Абайлап иілген шпател арқылы мидың
самайлық үлесі жоғары жылжытылып, бірден көру нерві көрінеді. Ол да жоғары
қарай көтеріледі, нервтердің бойымен артқа қарай жүре отырып суқұйғышты
табамыз (гипофиз аяқшасы). Бұл жерде иттің үңгірлі қойнауының қабырғасы өте
жұқа (папирос қағазындай) және оңай зақымданатынын естен шығармау керек.
Гипофиз суқұйғышына лигатура салып сәл қысамыз, сөйтіп гипофиздің қақпалық
веналарының ағымын тоқтатамыз, әрі қарай абайлап шпателді аламыз. Бұлшықет-
шандырлық кесіндіні орнына қойып кетгутпен апоневрозға бекітеміз. Бет сүйек
доғасы жуан жібек жіптің көмегімен бекітіледі. Операциялық жара аймағына
пенициллин ерітіндісі 0,5 млн бірлік мөлшерінде енгіземіз. Тәжірибелік
иттер вивариде стандартты жағдайда ұсталды. Созылмалы тәжірибеде гипофизі
алынған жануарларға гипофизді ауыстырып отырғызудың алдындағы
акклиматизация кезеңі 1 айға созылды. Иттердің қоректенуі жасы, салмағы
және жынысы есепке ала отырылып жеке жүргізілді.
8. Жарықтық-оптикалық және электрондық-микроскопиялық зерттеуле.
Гистологиялық зерттеу үшін тәжірибелік материал Лилли әдісі бойынша бормен
нейтралданған 10 % формалин ерітіндісінде 3 тәулік бекітіліп, ағын суда
жуылды. 70(, 80(, 90( этил спиртінде сусыздандырылды. Парафиндік құю қатты
қағаздан жасалған арнайы пішіндер – “қайықшаларда” жүргізілді. Парафин
блоктар ағаш тақтайшаларға желімделді. Гистологиялық тіліктер С типті
пышақтар көмегімен микротомда жасалды.
Тәжірибелік зерттеулерде гематоксилин-эозин, Ван-Гизон, азан-
Ганденгайн, Хейл, Гомори әдістері және жалпы әдіс бойынша ШИК-реакциясы
жасалды. Электрондық микроскоп үшін материал дәстүрлі әдіспен өңделді.
Препараттар Tesla Bs-500 және Philips-201 электрондық микроскоптарында
зерттелді
9. Статистикалық әдіс
Алынған мәліметтерге статистикалық өңдеу жасағанда стандарттық
қателерді және арифметикалық көлемдердің сенімді интервалдарын Р.В.Стрелков
(1980) кестесінің көмегімен анықтадық.
Зерттеу нәтижелері мен оларды талдау
І. Тәжірибеде гипопитуитаризмді үлгілеу. Біз жасаған иттерде
тәжірибелік гипопитуитаризмді үлгілеу әдісі негізінде гипофиз аяқшасындағы
қақпалық веналарды жартылай істен шығару жатыр. Бұл әдіс тәжірибелік
гипопитуитаризмнің клиникалық және морфологиялық көріністерінің динамикасын
айтарлықтай асқынусыз бақылауға мүмкіндік берді. Тәжірибелік жануарлардағы
гипопитуитаризм кезінде тәжірибелік бақылау динамикасында 30 тәулік ішінде
сәйкес клиникалық көріністер дами бастады. Клиникалық көріністе тыныс
жетіспеушілігі біртіндеп күшейе берді, оны тыныс алу жиілігінің орташа
көрсеткіштерінің бақылау (30мин.) тобымен салыстырғанда үлкеюінен көруге
болады, 38 (20 тәулікте) 46 (30-тәулік).
Тәжірибелік жануарлардағы жүрек жұмысының бұзылуы брадикардия дамуынан
көрінді. Тәжірибенің 30-тәулігінде минутына 86 рет болса, тәжірибенің
соңында минутына 77 рет болды, бақылау тобында минутына 92 рет болды.
Қалқанша безінің гормондық қызметін белсендіретін тиреотропты гормонның
жетіспеушілігі жануарлардың гипотиреоидты жағдайына алып келеді. Жүректің
жиырылу ритмінің бұзылуы миокардтың зақымдалуынан, тиреоидты гормондардың
катихоламиндер сезімталдығына әсерінің төмендеуінен және симпатикалық нерв
жүйесінің миокардтың жиырылу белсенділігіне әсерінің әлсіреуінен болады.
Тыныс жетіспеушілігінің күшейе түсуі гипофиз жұмысының жетіспеушілігі
фонында дамитын кардиомиопатияда жүрек қуысындағы миогенді дилятация
салдарынан болуы мүмкін. Мұны келесі авторлардың жұмыстарынан көреміз:
В.И.Кандрор, 1999; Ж.А.Доскалиев және с.а., 2002; Т.М.Омаров, 2006.
Тұлға мен бастың жұмсақ тіндерінің ісінуі тәжірибенің 20 тәулігінде
байқалды және 30 тәулікте ең жоғары дәрежеде көрінді. Ісіктің дамуы қышқыл
глюкозаамингликандардың (ГАГ) ішкі ағзаларда және терінің барлық
қабаттарында артық жиналуынан болады. ГАГ-тың артық жиналуы дәнекер тіннің
коллоидты құрылысын өзгертеді. Оның гидрофилділігін күшейтеді, натрийді
қосып алады, бұл лимфа ағымының қиындауы жағдайында жұмсақ тіндерге ісіктің
таралуын туғызады. Бұдан басқа тәжірибелік жануарларда 20 тәуліктен кейін
қозғалыс белсенділігі біртіндеп төмендеп, сыртқы тітіркендіргіштердің
әсеріне реакциясы тежелді, бұл жағдай арқылы дисциркуляторлық өзгерістер
мен тіндердің ісігі фонында энцефалопатияның дамуын, мидағы жасушалардың
глюкоза мен оттегіні қабылдауының төмендеуін түсіндіруге болады
(М.И.Балаболкин, 1998; Ж.А.Доскалиев және с.а., 2002; Г.А.Мельниченко және
с.а., 2005).
Тәбетінің төмендеуі, төмен температураға сезімталдығының жоғарлауы,
асқазан-ішек жолы моторикасының бұзылыстары тамақ ішкеннен кейін құсуы,
дефекацияның қиын болуы, арықтауы зат алмасу және терморегуляция
процесстерінің терең бұзылыстарын және гипоталамустық-гипофиздік жүйе
жағынан бұзылыстар бар екендігін көрсетеді.
20-30 тәуліктерде атабездің мөлшерлері кішірейеді, жұмсарады, бұл
аденогипофиздің жыныс бездерін бақылауында гормондық өзгерістер болғанын
көрсетеді. Тері жамылғысы жұмсарады, тәжірибелік гипотиреозға қарағанда
өсуі күшейеді, тәжірибелік гипотиреозда тері жамылғысында симметриялық
аллопеция ошақтары, тұлғаның бүйір беттері мен тұмсығында терінің
гиперпигментациясы (қан құрамындағы 3-каротин деңгейінің жоғары болуынан
және оның А витаминіне баяу ауысуынан) байқалады. Гипофиздегі морфологиялық
өзгерістер динамикасы тәжірибе басталғаннан кейінгі 15, 20, 30 тәуліктерде
зерттелді.
Операциядан кейінгі 15 тәулікте гипофиз сұр-қызғылт түсті. Гипофиздің
абсалюттік салмағы 78,0±4,1 мг (қалыпта 70,0±3,2 мг).
Тәжірибелік гипопитуитаризмді моделдеу кезінде гипофиздің капиллярлық
арнасының әр бөлігі әртүрлі реакция береді. АГ-нің төмпелік бөлігінде
біріншілік капиллярлық тордың капиллярларының диаметрі 13-16 мкм-ге дейін
үлкейеді (бақылауда 7-9 мкм).
АГ капиллярлық торының сыйымдылығы 0,36 мм³-ге дейін үлкейеді (қалыпта
0,27 мм³). Синусоидтық капиллярлар (қалыпта 22,0±2,7 мкм) бойымен буылтық
тәрізді кеңеюлер кездеседі, бұлардың диаметрі 50,0-55,0 мкм, кейде күрт
деформацияланған немесе күрт тарылған диаметрі 10,0 мкм-ден аспайтын
синусоидтар кездеседі. Гипофиздің гистологиялық құрылысында АГ қапшығының
ісігі анық көрінеді. АГ кейбір жасушалары өзінің тинкториалдық қасиеттерін
жоғалтқан. Хромофобты жасушалардың саны 82,2% (қалыпта 53,3%), ацидофилдік
жасушалардың пайыздық мөлшері 31,2% (қалыпта 36,7%), базофилдік жасушалар
10,0% (қалыпта 12,1%).
Капиллярлық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz