Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   

1- Дәріс.

Тақырыбы: Информатиканы оқыту әдістемесінің негізгі

міндеттері және мақсаттары.

Мақсаты : Орта мектептегі Информатика курсын оқыту

заңдылықтары мен нақты тақырыптардың оқыту

әдістері қарастырылады.

Қазіргі кезде ақпарат және оны білім беру саласына енгізу жалпы қоғамның дамуын анықтайтың шешуші фактор екені талас тудырмайды. Осы тұрғыдан қарасақ, республикамыздың білім жүйесін қайта құрудың негізгі бағыттарын қамтитын мәселе оны ақпараттандыру болып табылады.

Қазіргі уақытта ”қоғамды информатикаландыру, ” “білім беруді информатикаландыру” деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды информатикаландыру дегеніміз не? Қоғамды информатикаландыру дегеніміз - ғылыми техникалық прогересс жетіс-тіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты объективті процесс.

Уақыт өте білім беру жүйесін компьютерлендірудің ойдағыдай жүзеге асып келе жатқандығын практика көрсетіп келеді. Бұл мәселені есептегіш техникамен, оның программалық қамтамасыз етілуінің біртіндеп жүзеге асырылуы, мұғалімдердің дайындалу қарқыны, информатика курсын оқытудың әдістемесінің, оның ішінде нақты тақырыптарды оқыту әдістемесінің қалыптасып келе жатқандығынан байқауға болады. Информатика және есептегіш техника негіздері жалпы білім беретін орта мектепке міндетті пән ретінде енгізілгелі бері курсты оқытудың белгілі тәжірибелері жинақталды. Сонымен қатар, курсты оқытудың дидактикалық жүйесі де қалыптасып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Білім беру жүйесін ақпараттандыруға бағытталған бағдарламасына байланысты бірқатар шаралар жасалуда. Атап айтқанда, жалпы білім беретін орта мектептер қазіргі заман талабына сай техникамен және программалық құралдармен жабдықталу үстінде. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында орта мектептегі информатика курсы бойынша Мемлекеттік білім беру стандарты құрылып, оку процесіне енгізілді. Мемлекеттік білім беру стандарты бойынша курс 7-класстан бастап оқытылады. Бұдан информатика курсын оқытудың әдістемелік жүйесін айқындау мәселесі алдыңғы кезекке шығады.

Қоғамды индустриаландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді информатикаландыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат - оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастыру мен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау. Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін орта мектептегі информатика курсынан басталады. “Инфор-матиканы оқыту әдістемесі және технологиясы” деп аталатын пәнді оқытуда мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу - әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, психо-логиялық мәселелерін жан-жақты қарыстыратын болады. Сонымен жоға-рыда айтқандай информатика сөзіне анықтама берейік. Информатика - ЭЕМ-дың көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудің әдісі, тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ-нің көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде өндеуді жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау инфор-матиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі есептегіш техникалар - оның материалдық базасы.

Жалпы білім беретін орта мектепте “Информатика және есептегіш техника негіздері” курсының енгізілуіне байланысты педогогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу обьектісі - информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқыту заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатиканың дамуының нақты кезеңіне сай келеді.

Қазіргі кезде информатиканың оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде; оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы, зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезенде, мектепте, орта оқу буындардың барлық типтерінде, жоғары мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін және т. с. с. Осы ғылымның алдында өзіне тән проблемаларын қоюда.

Біздін жағдайда алдыңғы кезекте қарастырылатын мәселеміз, мектеп көлемінде оқытылатын “Информатика” курсын оқыту әдістемесі. Информатика оқыту әдістемесі оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкс өзінің алдына келесі негізгі міндеттерді қояды:

  • Информатика және есептегіш техниканы үйретудің нақты мақсатын және орта мектептегі жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау, оқыту түрлерін ұсыну;
  • Информатика және есептегіш техниканы оқытудың барлық құралдарын қарастыру (оқу құралдпры, программалық құралдар, компьютерлер және т. б. ), мұғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.

Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі сұрактар информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына қойылады.

  1. Оқытудың мақсаты (Не үшін оқытамыз?) .
  2. Оқытудың мазмұны (Нені оқытамыз?) .
  3. Оқыту әдіс (Қалай оқытамыз?) .
  4. Оқыту туралы (Неден оқытамыз?) .
  5. Оқытуды ұйымдастыру жолы (Қайтіп оқытамыз?) .

Бұл айтылғандардан басқа екі мәселеге көңіл аудару керек. Олар:

  1. Кімді оқытамыз?
  2. Кім оқытады?

Соңғы екеуіндегі кімді оқытамыз деген сурақта; қай жастағы оқушыны қалай оқыту керек. Яғни қай пәнді, оның бөліктерін, қай кластан бастау керек дегенді білдіреді. Информатиканы оқыту әдістемесі жанадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым. Педогогика ғылымының іргелі бөлігі ретінде өзінің дамуында информатиканы оқыту әдістемесі философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға сүйенеді. Сонымен қатар, орта мектепттің кеңейтілген практикалық тәжірибесін басшылыққы алады.

Информатика әдістемесінен біріктірілген барлық әдістемелік педагогикалық білімдер мен тәжірибелер жиынтығынан “Информатиканы оқыту әдістемесі” деп аталатын пән бөлініп шығады. Бұл оқу пәнінің маз-мұнында информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, типтік техникалық құралдар жиыны және сонымен бірге мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдістері қарастырылады.

Жалпы оқытудың негізгі мақсаты - оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерт-тейтін бағыт.

Орта білім берудің басты мақсаты - жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.

Сонымен, мектептің алдына төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады.

  1. Білім беру;
  2. Тәрбиелік;
  3. Практикалық.

Енді мектепке тән осы негізгі мақсаттардың информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарына қатысты болатынын көрсетейік.

Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл - ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді.

Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру - дамытушылық мақсаты - оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.

Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты - оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.

Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, прог-раммалаудың ЭЕМ-нің қазіргі кезеңдегі өндірістік рөлі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика курсында кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты мәліметтер, ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа ғылымдар жайында мәліметтер берілуі тиіс. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының “тұрмыстық аспектісі” де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға үйретеді. Қорыта келгенде, инфор-матиканы оқытудың практикалық мақсаты - оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есеп-терді шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.

Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор. Информатиканы оқыту барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа сапалы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байла-ныстыра білу сияқты жалпы адамзаттық мәні бар қасиетер де қалыптасады. Сонымен информатиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат - оқушыны азамат-тық, адамгершілік қасиетке және жоғары саналыққа баулуға бағытталған.

Информатиканы оқып үйренудің жоғарыда аталған мақсаттары бір-бірімен өте тығыз байланыста, оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Оқушыларға негізгі жалпы білімді беріп болмай, информатиканың тәрбиелік эффектісін алуға болмайды. Мектепте информатиканы оқыту-дың жалпы мақсаттары нақты оқу процесіне байланысты нақты мақсат-тарға айналады, яғни нақты тақырыптарды оқытудың мақсатына айналады. Пәнді оқытудың нақты мақсатарын анықтау жалпы дидактикадан басталады. Қазіргі қоғамның дамуына байланысты дидактиканың көптеген қағидалары өзгеріске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым болған-дықтан даму үстінде, оны мектепте оқыту мазмұны да әлі қалыптасу үстінде. Осындай жағдайда ғылыми тұрғыдан негізделген мақсат қана оқыту мазмұнын дәл анықтауға мүмкіндік береді.

2-Дәріс.

Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектептегі Информатика

курсын оқытудың мақсаттары .

Мақсаты : Орта мектептегі Информатика курсы оқытып үйретуде

тәрбиелеу мен білім берудің жалпы мақсатын қарастыру

Информатиканың тақырыптары оның әртүрлі салада қолданы-латындығымен анықталады. Қоғамдық өмірдің көптеген салаларында қолданылатын әртүрлі информациялық технологиялардың жалпы сипат-тамаларымен қатар әрқайсының өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған байланысты операциялар мен процедуралардың әртүрлі жинақтарына, кибернетикалық жабдықтардың әртүріне және әртүрлі информациялық тасымалдаушыларға негізделген “пәндік информа-тикалар” пайда болды.

Қазіргі кезде информатиканың ықпалына көп сүйенетін саланың бірі халық ағарту жүйесі. Ал, мектептегі информатика проблемаларын қарастыратын сала мектеп информатикасы деп аталады. Мектеп информатикасы информатика ғылымның бір саласы ретінде, мектептегі оқу процесінде пайдаланылатын ЭЕМ-ді программалық, техникалық, оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық жақтарынан қамтамасыз етуді зерттейтін сала ретінде анықталады. Мектеп информатикасын прог-раммалық қамтамасыз ету орта мектептің информациялық, басқару және оқыту жүйелерді жобалауға арналған сериялық құралдар бар. Мектеп информатикасын оқу әдістемелік жағынан қамтамасыз ету үшін ол курс бойынша оқу программалары, әдістемелік құралдар, оқулықтар жасалуы қажет.

Қазіргі уақытта қалыптасқан информатиканы оқытудың практикасы төмендегідей негізгі факторлармен сипатталады.

Біріншіден, бұл күндері информатиканы оқытуда жеке мәселелерді оқыту тереңдігі мен материялдық баяндалу бағыты және мазмұны бойынша бір-бірінен едәуір айырмашылығы бар, әр түрлі оқу құралдары мен оқу бағдарламалары пайдаланылады. Тағы бір айтылатын мәселе информатиканы оқытатын мұғалімдердің мамандық деңгейі мен базалық білімі әртүрлі. Сондықтан әр мектептегі информатиканы оқыту нақты мазмұны мен бұл пән бойынша оқушылардың дайындығына жеке оқытушылар тарапынан қойылатын талаптардың деңгейі түрліше. Бұдан көптеген мектептерде жалпы білімдік мәні бар курстың маңызды мәселелері қалып қояды.

Екіншіден , қазіргі уақытта информатиканы оқытуды тек жоғары кластарда ғана емес, төменгі буынға көшіру қажеттілігі анықталып отыр. Қазіргі кезде Информатика 7-кластан оқытылады. Ал, бұл информа-тиканың мазмұнының осы жастағы оқушылардың танымдық мүмкін-діктеріне сай болуына талап етеді.

Үшіншіден , информатика курс алғаш оқу жоспарына кіргенде, компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету құралы ретінде, оқушыларды информациялық қоғамда еңбек етуге дайындау үшін енгізілгені белгілі. Бұдан бұл курстың жалпы білім беретін маңызды міндеті ескерілмей қалған. Қазіргі уақытта компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру үшін информатика негіздерін зерттеу мәселелерінде біртіндеп межелеп бөліну байқалып келе жатыр. Есептегіш техниканың мектепте жаппай енгізілуі жағдайында барлық пәнді оқытудағы компьютердің қолданылуы төменгі кластарда компьютерлік сауаттылықты қалыптастырудан бастап, мектептегі барлық оқу пәндерінде қалыптастырылатын жалпы оқу іскерлігімен сипатталады. Информатика негіздері курсының алдында компьютерлік сауатылықты қалыптастыру мәселесі шеңберінен тыс жалпы білім беретін пән ретінде оқу-тәрбие мәселесінің комплексі тұр.

Мектептегі информатика курсының болашақтағы дамуы, бұл курстын жалпы білім беретін функциясымен, оның оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту сияқты жалпы мәселелерді шешудегі потенциалдық мүмкіндіктеріне баса көніл аударуға, басқа сөзбен айтқанда, компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру мәселесінен жалпы білім беретін оқу пәніне көшуге байланысты. Осындай озгерістердің бағытына сәйкес инфор-матиканы оқытудың мақсаты оның мазмұнын қайта қарауды талап етеді. Мектепте информатикадан берілетін білімнің негізі компоненттерін бөлу мұғалімдерге көмек көрсетіп, оқушылардың дайындығына негізделетін талаптарды жасауға бағыт беруі, курстың мазмұнындағы жалпы білімдік мәні бар негізгі мәселелерді айқындауға мүмкіндік береді.

Орта мектептегі оқу жоспарындағы Информатика курсының мазмұны

Информатика және есептегіш техника негіздері курсын оқыту тәжірибелерін талдау, мектепке информатиканы оқыту мақсатының жаңа түсінігі мектептегі оқу процесінде информациялық мәдениетті қалып-тастыру мен информатика негіздерін меңгеруді бірнеше кезенге бөлу қажеттілігін көрсетеді (А. Кузнецовтың тұжырымдамасы) .

Бірінші кезең (1-6-кластар) - пропедевтикалық курс. Бұл кезінде оқушылар компьютермен алғаш рет танысады. Математика, орыс тілі және басқа сабақтарда қарапайым компьютерлік тренажер, оқу ойын програмаларын пайдалану процесінде информациялық мәдениеттің алғашқы элементері қалыптасады.

Екінші кезең (7-9-кластар) - оқушыларға информатикадан берілетін міндетті жалпы білім көлемін қамтамасыз ететін базалық курс. Ол оқушыларға информациялық техналогия құралдары мен әдістерін пайда-ланып есептер шығару, алдымен оқу іс-әрекетінде, онаң кейін кәсіптік мамандығына компьютерді саналы да, тиімді пайдалану дағдысын қалып-тастыруға бағытылған. Информатиканы жүйелі оқытудың бастамасын орта буынға көшіру, яғни мектептегі білім беруді информатикаландыру жағ-дайында информатикадан берілетін білім мен іскерліктің басқа пәндерді оқытуда орта буыннан бастап кеңінен пайдаланылу қажеттілігі екі негізі фактормен сипаталды:

  1. информатиканы төменгі кластардан бастап оқытудың оң нәтиже беретіндігі;
  2. дәл осы жастан информатиканы оқытудың жас өспірімдердің дүниеге ғалыми көзқарасын қалыптастыру мен логикалық ойлауын дамытуда маңызды ролі бар.
  3. Компьютерлік сауаттылықты қалыптастыруға байланысты информациялық технологияны практикалық іс-әрекетке кеңінен қолдануға дайындықты қамтамасыз ететін пайдаланушылық аспект.

Үшінші кезең (10-11-кластар) - кәсіптік оқыту ретінде информатика саласы бойынша білім беруді жалғастыру. Бұл атап айтқанда, математика мамандығына бағытталған кластар мен мектептер үшін программалау мен есептеу математикасы әдістерін терендетіп оқыту, ал жаратылыстану мамандығына бағытталған мектептер үшін - эксперимент мәліметтерін өңдеу, компьютерді модельдеу үшін қолдануға байланысты информатика курсы, ал ауыл мектептері үшін - ауыл шаруашылық өндіріс эконо-микасын ұйымдастыруға арналған есептерді шығаруға информациялық технологияны қолдану іскерлігін қалыптастыруға бағытталған курс оқытылады.

Негізгі мектепте информатиканы оқытуда берілетін білім мазмұнының құрылымы төмендегідей:

  1. Информациялық процесстер, информацияның берілуі:
  • адам өмірінде, тірі табиғатта, техникада информацияны пайдалану, алу, тарату, түрлендіру және сақтау;
  • информацияны сандық бағалау, информация мөлшерінің бірліктері;
  • тіл информацияны беру тәсілін реттегенде, информацияның екілік түрде берілуі және оның ерекшеліктері мен артықшылықтары;
  • компьютерде командалардың және мәліметтердің берілу принциптері.
  1. Алгоритмдеу және программалау.
  • алгоритмдер, алгоритмдердің қасиеттері, алгоритмді атқару арқылы адам қызметін автоматтандырудың мүмкіндіктері;
  • шама: атау және мәні, шамалардың типі, мәліметтердің негізгі құрлымы;
  • алгоритмдердің негізгі құрлымы және оны алгоритм құру үшін пайдалану, алгоритмдер кітапханасы;
  • мектептік алгоритмдік тіл (немесе программалау тілі) .
  1. Компьютер және оны программалық қамтамасыз ету.
  • ЭЕМ жұмысын басқаруды ұиымдастыру, компьютердің негізгі құрлымының жалпы жұмыс істеу принципі;
  • ЭЕМ-де программаның автоматты түрде атқару принципі;
  • ЭЕМ-ді программалық қамтамасыз етудің түрлері (базалық программалық қамтамасыз ету, трансляторлар, программалау тілдері, инструментарийлер, қолданбалы программалық қамтамасыз ету) .
  1. Формальдау және модельдеу негіздері.
  • формальдаудың негізгі принципі;
  • компьютерлік модель құру және оны пайдалану.
  1. Информациялық технологиялар.
  • компьютерде есеп шығару негіздері: есептің қойылысы, модель құру, алгоритм жазу және атқару, Нәтижелерді талдау;
  • текстік, графикалық редакторларды пайдалану, мәліметтер қоры, электрондық кестелер;
  • телекомуникациялар, әртүрлі типтегі телекомуникациялық желілер (жергілікті, аймақтық, аумақтық), оның тағайындалуы мен мүмкіндіктері, электрондық телеконференциялар;
  • мультимедия технологиясы.

Бұл жалпы білім беретін орта мектеп информатика курса бойынша берілетін білім мазмұны. Әрбір мәселені оқыту терендігі мен деңгейі, оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдысына қойылатын талаптарды анықтау осы пән бойынша мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жасалады. Ал, материялдың жүйелік баяндалуы, логикасы - мектепте информатиканы оқытудың әдістемесін жасайтын оқулық авторлары, мұғалім әдіскер, ғалымдардың жұмысы болып табылады.

3-Дәріс.

Тақырыбы: Информатика негіздері және оның қолдануларын

мектепте қосымша оқытудың мақсаттары мен

түрлері

Мақсаты : Орта мектептегі Информатика курсын қосымша

оқытуда оқушылардың жоғары дайындығын,

теориялық білімі, іскерлігі мен дағдысын тереңдету

Мектепте компьютердің пайда болуы оқушылардың сабақтан және мектептен жұмыс істеуіне көп мүмкіндіктер береді. Информатикадан жүргізілетін қосымша сабақтар оқушылардың жеке қабілетін дамытуға мүмкіндіктер береді. Ол өзінің алдына мынадай міндеттер қояды:

  1. Информатиканы және оның қолдануларын тереңдетіп оқытуға деген қызығушылығын туғызып дамыту;
  2. Ғылыми зерттеу сипатындағы дағдыны қалыптастыру;
  3. Информатика мен ЭЕМ-ны қолдану саласында мектеп оқушы-ларының еңбекке, мамандық алуға дайындығын қамтамасыз ету;
  4. Оқушылардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру.

Мектеп оқушыларының информатика пәні бойынша жүргізілетін кластан тыс жұмыстар кейбір жағдайларда дәстүрлі үйірме, факультативті курстар, экскурсия, олимпиадалар түрінде болуы мүмін. Сонымен қатар, мұндай жұмыстардың өзіне тән ерекше түрлері де болады. Оларға компьютерлік клубтар, жас программалаушылардың сырттай оқытатын және күндізгі мектептері, мектептен тыс (ақылы курс) жұмыстармен ұштасатын арнаулы дайындық түрлерін де жатқызуға болады. Математика мен физиканы тереңдететіп оқытылатын кластар мен мектептер, мектеп аралық оқу-өндірістік комбинаттарында дайындалатын мамандықтар да жатады.

Информатика курсы бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстары

Информатиканың ұйымдастырылатын үйіріме-мектеп оқушыла-рымен жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың ең көп таралған түрлерінің бірі. Есептегіш техника кабинетінің бар болуы-үйірме жұмысын ұйымдастырудың алғашқы шарты, өйткені үйірме жұмысын ұйымдастыру үшін ЭЕМ-нің болуы қажет.

Информатикадан жүргізілетін үйірмені мектептерде, оқушылар сарайында, оқу-өндірістік комбинаттарындағы мектепаралық есептегіш, техника кабинеттерінде, жоғарғы оқу орындарының кафедраларында ұйымдастыруға болады. Үйірмені компьютермен жұмыс істейтіндей қызықты ойын сипатында беруге боады.

Сондықтан информатикадан жүргізілетін үйірме жұмыстары оқушыларды, оның ішінде орта және төменгі класс оқушыларын өте қызықтырады. Бірақ үйірме жұмыстарын балалардың компьютерлік ойындарға деген қызығушылығы негізінде ұйымдастырмау керектігін есте ұстаған дұрыс. Орта мектепте информатиканы оқытудың жалпы жүйесіне сай үйірме жұмыстарының программаларын дайындау, мектеп оқушыларының дайындық деңгейіне қарай оқу тапсырмаларының жиынтығын, сонымен бірге осы сабақтардың тиімді программалық қамта-масыз етілуін дайындау- маңызды әдіснамалық міндет болып табылады.

Информатика және оның қолданулары бойынша жүргізілетін факультативтік курстар.

Мектептің оқу жоспарына «Информатика және есептегіш техника негіздерінің» жаңа пән болып енуіне байланысты информатиканың факультативтік сабақтарын өткізу әдісі мен мазмұнын жасау үлкен маңызды мәселе болған. Алғашқы кездері ЭЕМ-ның құрылымымен, алгоритмдеу және программалау негіздерімен таныстырылатын факуль-тативтік курстардың программалары құрылды.

Қазіргі уақыт талабына сай, мектептердің есептегіш техника кабинеттернің негізінде пәнаралық факультативтік курстардың жасалып, іске асырылуы, информатика, автоматика, электроника саласында балалар-дың «техникалық шығармашылығын» дамытады деген үлкен мәнге ие болып отыр.

Жалпы білім беретін орта мектепте информатикадан мемлекеттік білім беру стандартына жасалып, оқу процесіне енгізілуі факультативтік курстардың дамуына елеулі үлесін тигізеді.

Факультативтік сабақтың мақсаты:

  • Информатика саласы немесе ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа пәндер бойынша алынған теориялық білім, іскерлік пен дағдыларды тереңдетіп, кеңейту;
  • Оқытудың кәсіптік бағдарын күшейтетін практикалық дайындықты қамтуы тиіс;

Факультативтік сабаққа:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлерді программалық қамсыздандыру курсын оқыту әдістемесі
Педагогикалық технологияны талдау сызбасы
КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Информатиканың жаратылыстану ғылымдары арасындағы алатын орнын анықтау
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Кәсіби оқытуда арнайы пәндерін оқыту әдістемесі
Информатика курсын оқыту
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Информатика пәнін бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаты
Информатика курсының компьютерлiк оқыту құралын оқу процесiнде пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz