Салық декларациясы папкасы


Тақырыбы: Салық органдары қызыметінде казіргі
компьютерлік технологияны пайдалану.
Жұмыс жоспары:
Кіріспе
1. бөлім. Салық есептегенде және оны төлегенде ақпараттық
технологияны пайдалану
2-бөлім. АИС «Налог» туралы түсінік және оны құрудың
мақсаты
3-бөлім. Салық мәліметтерін өңдеу үшін компьютерлік
ақпараттық технологияны ұйымдастыру.
4-бөлім. Салық ақпараттарын өңдеудегі компьютерлік
ақпараттық технологияны ақпараттық қамту
5-бөлім. Салық ақпараттарын өңдеудің компьютерлік
ақпараттық технология базасында салық жүйесінің
функциялық тапсырмаларын шешу.
6-бөлім. Қорытынды
Кіріспе
Қазіргі таңда дүние жүзі бойынша мемлекеттік органдардың іс-қимыл әрекеттерін жетілдіруге бағытталған, олардың жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында, мемлекеттік органдарда телекоммгникациялық технологияны пайдаланудың недәуір өскендігі байқалады. Мемлекеттік органдар азаматтар мен ұйымдармен бірлесе отырып ғаламтор-технологияны (интернет) пайдаланып «Электрондық үкімет» қағидасымен жұмыс жасауға көшіп жатыр.
Дүние жүзінде жылма жыл салық органдарына декларацияларын электронды түрде тапсыратын азаматтар мен ұйымдар саны артып келеді. Интернет-технологияны пайдаланып салық деларациясын тапсыру жүйесі АҚШ, Австралия, Франция, Белгия, Люксенбург, Литва, Эстония және Қазахстан мемлекеттерінде дамып келеді. Олардың кейбіреулерінің азаматтарының 75-пайызы салық декларацияларын электронды түрде тапсырады. Мыналар дүние жүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай салық декларацияларын интернет-технологияны пайдаланып тапыру жүйесіне көшудің негізгі тиімді нәтижелері болып табылады:
*Салық төлеушілер үшін салық есептерін дайындауға және оны салық органдарына тапсыруға кететін уақытты азайту. Электронды түрдегі салық есептерінің пішімдерін (формаларын) толтырғанда көрсеткіштердің дұрыс толтырылғандығын тексеріледі:
*Бухгалтерлік есептер мен салық декларацияларында өзгерістер болған жағдайда, тапсырылған есептердің форматтарын тез өзгертуге болады.
*Бюджет алдындағы міндеттерінің орындалуы туралы ақпараттарды өте тез ала алатындығы.
*Салық органы қызыметінң тиімділігін арттыратындығы.
Осы диплом жұмысының негізгі махсаты Қазахстан республикасында салық есептеу мен салық жинау жүйесін автоматтандырудың қажет екендігіне көз жеткізу.
Жұмыс авторының негізгі мақсаты:
*Салық процестерін автоматтандырудың қажет екендігін дәлелдеу.
*Бүгінгі таңдағы салық органдарындағы пайдаланылып отырған ақпараттық жүйені зерттеу.
*Кәзіргі ақпараттық жүйенің кемшіліктерін анықтау және салық есептерін қабылдаудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесіне көшудің алғы шарттары.
Қазақстанның мемлекеттік салық қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқармасының орталық органының жүйесіне кіреді және Қазақстан мемлекетінің президенті мен Қазақстан мемлекетінің үкіметіне бағынады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық қызметінің негізгі міндеті болып салық жөніндегі заңдылықтардың дұрыс сақталуы, оның есептелінуінің дұрыстығы, заңмен беркіген мемлекеттік салықтар мен басқа да төлемдердің сәйкес бюджеттерге толықтай және мерзімінде төленуі.
Салық салу басқармасы жүйесінің мақсаты басқару субъектілерінің басқару объектілеріне ықпалы арқылы экономиканы тиімді дамыту. Қаралып отырған тапсырмада басқару объектісі (нысаны) болып әртүрлі пішімдегі (формадағы) меншік иесі мен тұрғындар, өндіріс орындары мен ұйымдар табылады. Басқару субъектілер салық қызметі атынан мемлекет болып есептеледі. Ықпал салық заңдары тағайындаған жүйе арқылы жасалады.
Салық жүйесін тиімді пайдалану тек қана қазіргі кездегі компьютер техникасының базасындағы алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны пайдалану арқылы мүмкін. Осы мақсатта салық қызметі органдарында бюджеттік және бюджеттік емес қорларға салық және де басқа міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудің барлық функцияларын автоматтандыру салық салу материалдарын комплексті, оперативті талдау жасау тиісті дәрежедегі салық қызметін нақты деректермен қамтамасыз ету үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйе жасақталады. Салық жүйесіндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе (АИТ-ААЖ) - бұл техникалық тізбеге біріктірілген ақпараттық процесс пен программалы-техникалық құралдардың әдістерінің жиынтығы.
Ақпараттық қамтамасыз етуге қойылған тапсырмаларды автоматтандыру процесінде қолданылатын, салық органдарының жүйесінде қолданылатын құжаттардың, классификаторлардың, кодтардың, әдістердің көрсеткіштер жиынтығы.
Мемлекеттік билікке барлық уақытта өзін қамтамасыз ететін қаржы керек болды, бірақ қоғамның даму дәрежесіне және жағдайына байланысты оны табудың әдістері өзгеріп отырды. Қазіргі мезгіл шаруашылық жүргізудің өзгерген мезгілі. Мемлекеттің органдарын қамтамасыз ету негізінен салық әкімшілігіне жүктелген Қазақстандағы қазіргі салық жүйесі мемлекеттің экономикалық барлық құрылымдарын қамтитын 20-дан астам заңдылықтардың негізінде 1992 жылы енгізілген өзінің принципі мен құрылымына қарай жасалған салық жүйесі негізінен дүние жүзі бойынша қолданыстағы салық жүйесіне ұқсас.
Қолданылатын салық түрлерінің тізімі қазіргі кезеңдегі нарықтық экономикаға сай салық жинаудың көпшілік бөліктері біздің тәжірибемізде бұрыннан қолданылап келеді. Мемлекеттің нарықтық экономикаға әсер ететін көптеген экономикалық рычагтарының ішінде басты орын алатыны салық салу. Салық және барлық салық жүйесі нарық жағдайында экономиканы басқаратын қуатты құрал болып табылады. Қаншалықты салық салу жүйесі дұрыс жасалынғанынан, барлық салық шаруашылығының тиімді дамуына байланысты.
1-бөлім. Салық есептегенде және төлегенде ақпараттық
технологияны пайдалану.
Бүгінгі таңда есепшілерден тек қана салық пен еңбек ақыны дұрыс есептеп, есептерді ұқыпты жүргізу, құжат бойынша праводкаларды дәл жүргізу салық органдары ме бюджеттік емес мекемелерге есептерін мерзімінде беріп тұру мен қатар, кәсіпорындарды басқару саласында, табыс айналымын көбейту үшін, қолдағы бар құралдарды тиімді пайдаланып, шығындарды азайту үшін кәсіби кеңестер беруді күтеді
Алайда күнбе-күнгі ауыр жұмыспен (әсіресе ірі кәсіпорындарда) жұмысбасты болғандықтан бұл өте қиын. Көп уақыты мен күші көптеген құжаттарды өңдеуге, шаруашылық операциялардың немесе келісімдердің жасақталуын бақылау, адамды шаршататын арифметикалық есептерді орындау, деректерді тексеру, сондай ақ кеткен қателіктерді іздеп табуға кетеді. Одан басқа есепшіге салық салу мен бухгалтерлік есепті жүргізудің көптеген заңдылықтар мен нұсқаулардағы еніп жатқан өзгертулер мен толықтыруларды үнемі бақылап, керек болған жағдайда түзетулерді тез енгізуі керек. Бұны жасап отыру заңды акт кері числомен шықса өте күрделі болады.
Салық заңдылығы Қазақстан Республикасында да сондай-ақ дүние жүзі бойынша заңдылықтардың нағыз динамикалық саласының бірі болып табылады. Бұл мемлекеттің бизнес климатының өзгеруіне, осы саладағы заңдылықтардың үнемі өзгеріп жетілуіне және салық төлеушілер мен мемлекет арасында үнемі үйлесімді іс-қимылдарды іздестіруге байланысты. Сондай-ақ өңделетін ақпараттар ауқымының үнемі көбейіп отыруы салық есептері мен оны төлеуде ақпараттық технологияны пайдаланудың өте қажет екендігін көрсетеді.
Кәсіпорындарда салық есептерін есептегенде қателіктерге жол бермеу мақсатында Консултант Плюс, Эталон, Эксперт, Гарант және т. б. электронды құқықтық базалар қолданылады. Бұл құқықты базалар оң ақпараттарды алуды едәуір жеңілдетеді, кәсіпорындардың төлеуге тиісті салықтарын есептегенде заңдылықтарды бұзудан сақтайды. Алайда кәсіпорындарда олар болмаған жағдайда заңдылықтардағы өзгерістерді www. Pravo by сайтынан табуға болады. Біріншіден ол ресми болғандықтан, екіншіден ол ғаламторы бар кез келген жерден ақпарат алуға болатындықтан осы нормативті құқықтық акт көзі туралы анығырақ айтылуы керек.
Бүгінгі таңда ғаламторға байланысты операторы арқылы шығуға болатындықтан осы ақпарат көзін барлық жерде қолдануға болады, нормативті құқықтық актіге шығудың басқа жолдары болмаған жағдайда заңгерлер қажетіне жарауы мүмкін.
Бұл ақпарат көзін пайдалану өте қарапайым. Алдымен www. Pravo by еніп, деректердің электронды банк сілтемесінен (Құқықтық ақпарат рубрикасының сайтының оң жақ жоғарғы бұрышына орналасқан) жүреді. Сілтемені басқанда ізделетін нормативтік құқықтық акт түрін аламыз.
- Құқықтық акт түрі
- Құқықтық акт аты
- Құқықтық акт мәтіні
- Қабылданған уақыты
- Қабылданған номері
Төленуге тиісті салық сомасын есептегенде, сондай-ақ салық төлегенде сөзсіз маңызды салық ақпарат көзі Қазақстан Республикасының салық жөніндегі Министрлігінің сайты ( www. Nalog. by ) болып есептеледі. Бұл сайттан салық заңдылықтарына енгізілген өзгертулерді, салық органдарына берілетін құжат пішімдерін, салық төлеушілердің анықтамаларын және т. б. ақпараттарды табуға болады. www. qb. by сайтында электронды нұсқасы бар «Главный бухгалтер» журналы әрбір кәсіпорынның есепшісінің көмекшісі болып табылады. Бұл сайттан тәжірибелі есепшілердің, заңгерлердің және салық Министрлігінің өкілдерінің, салық есептеу және салық төлеу кезінде туындайтын қиындықтарға берілетін ақыл кеңестерін табуға болады.
Сондай-ақ заңгерлердің ақпараттары мен кеңестерін «Салық жаршысы» (налоговой вестник) журналының электронды нұсқасының (www. profmebia. by/pyb/tax/) ақпараттық-құқықтық резистр агентінің сайтынан табуға болады.
Қазіргі кезеңде салықшылар осы форма нормативтік құжат болғандықтан, салық және де басқа есептерді қағаз түрінде қабылдайды. Әрине мұндай шектеу жұмыс тиімділігін төмендетіп, салық төлеушілерге қосымша ыңғайсыздық туғызады. Және де бұл өндірісті басқару мен бухгалтерлік қызметті автоматтандыру үшін компьютерлік технологияны жаппай қолдану кезеңінде болып отыр.
Ғаламтор мен телекоммуникация қызметі жүйесін пайдалану тез жетіліп келеді. Салық органдарында да соңғы жылдары компьютерлену деңгейі айтарлықтай дамыды. Осыған байланысты салық органдарына салықтық және бухгалтерлік есептерді жасақтау үшін жаңа технологияны пайдалануға көптеген талпыныстар жасалуда.
Салық қызметін автоматтандырудың принциптері
Мемлекеттік билікке барлық уақытта өзін қамтамасыз ететін қаржы керек болды, бірақ қоғамның даму дәрежесіне және жағдайына байланысты оны табудың әдістері өзгеріп отырды. Қазіргі мезгіл шаруашылық жүргізудің өзгерген мезгілі. Мемлекеттің органдардың қамтамасыз ету негізінен салық әкімшілігіне жүктелген Қазақстандағы қазіргі салық жүйесі мемлекеттің экономикалық барлық құрылымдарын қамтитын 20-дан астам заңдылықтардың негізінде 1992 жылы енгізілген өзінің принципі мен құрылымына қарай жасалған салық жүйесі негізінен дүние жүзі бойынша қолданыстағы салық жүйесіне ұқсас.
Қолданылатын салық түрлерінің тізімі қазіргі кезеңдегі нарықтық экономикаға сай салық жинаудың көпшілік бөліктері біздің тәжірибемізде бұрыннан қолданылап келеді. Мемлекеттің нарықтық экономикаға әсер ететін көптеген экономикалық рычагтарының ішінде басты орын алатыны салық салу. Салық және барлық салық жүйесі нарық жағдайында экономиканы басқаратын қуатты құрал болып табылады. Қаншалықты салық салу жүйесі дұрыс жасалынғанынан, барлық салық шаруашылығын тиімді дамуына байланысты.
Көрсеткіштер жүйесі бастапқы, аралық және нәтижелік көрсеткіштерден тұрады. Олар салық салу нысандарын сипаттап, салық түрлерін, салық ставкасын салық төлеушінің қаржылық жағдайын, салық төлеушінің бюджетпен арадағы есептік жағдайын көрсетеді.
Тапсырма аты: Қосымша құн салығы жөніндегі құжаттарды қабылдап өңдеу.
- Тапсырманы шешу орны:
- Ұйымдар
- Жеке кәсіпкерлер
- Тауарды кедендік шекара арқылы өткізетін адам.
- Мемлекеттік салық қызметі.
Тапсырманы шешу мақсаты:
Салық жинаудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін, тез шара қолдану үшін ақпараттарды қабылдаудың тездігін арттыру:
Салық инспекцияларының құрылымдық бөлімшелеріндегі ақпараттарды өңдеу, іздеу үшін жинақтау мерзімі мен еңбек көлемін азайту:
Өңдеу процесін қайталамау мақсатында ішкі және сыртқы ақпарат ағындарын қарапаймдау, тәртіпке келтіру.
- Есептік-жоспарлық, қаржылық, статистикалық жұмыстарды автоматтандыру.
- Берілген ақпараттардың толықтығы мен дәлдігін арттыру, ол аудан бойынша және тұтас аймақ бойынша жағдайды толық бағалау үшін қажет, сондай-ақ салық түсімінің динамикасын комплексті түрде болжауға мүмкіндік береді.
- Бухгалтерлік есептердің сапасы жақсарады, салық сомасының түсу динамикасын терең талдап, осы динамиканы болжауға мүмкіндік береді.
Тапсырманы шешу мерзімі мен кезеңділігі:
Ай сайын, бірақ, айдың 20-нан кеш емес. Квартал (тоқсан) сайын, бірақ, келесі есептік кезеңнің айының 20-сынан кеш емес. Егер тауар сатудан түсетін түсім қосымша құн салығын қоспағанда 2 млн. теңгеден аспайтын болса (тоқсан ішінде) .
Сурет 1. Ақпарат көздері мен оның мекен-жайы.
Басқа тапсырмалар мен ақпараттық байланыс: берілген кескіндемеде кіріс және шығыс ақпараттарының өзара байланысы ашық көрсетілген.
Кіріс ақпараттары
Шығыс ақпараттары
2-сурет. Енгізілген және шығатын ақпараттардың өзара байланысы.
Кіріс ақпараттарының мазмұны.
Кіріс ақпараты - бұл осы ақпараттардың негізінде шығыс ақпараттары алынатын ақпарат. Кіріс ақпараттар тізімі талдау нысандарының сипаты мен талдау әдістері арқылы анықталады. Оны тапсырмада қосымша құн салығын анықтауға салық заңдылығымен беркіген, кіріс ақпараттық құжаттары саналады. Бюджетке төленуге тиісті Н. Д. С. (Қ. Қ. С. ) сомасын есептейтін ақпараттық база болғандықтан оларды жүргізу міндетті.
- Алынған және жіберілген счет-фактураның есебін жүргізетін жүрнал.
- Сатып алу кітабы (книга покупки)
- Сату кітабы ( книга продаж)
Қ. Қ. С. есебінің арнаулы жүйесі бухгалтерлік есеп счетындағы, счет-фактураны жасақтау, сатып алу және сату кітаптарын жүргізудің ағымдық есептерін көрсетеді.
Бағыныңқы жүйе керекті процедураларды соның ішінде негізгі құжат счет-фактураны (1-жалғама) жүргізуді автоматтандырады. Счет-фактура өнімді сатушының толтырып сатып алушыға беретін, Қ. Қ. С. есептуге негіз болатын алғашқы (бірінші) есептік құжат. Ол өнім сатып алушыға жіберіліп Қ. Қ. С. есептеуге негіз болып табылады. Счет-фактура сатып алушының Қ. Қ. С. есептеп өзіне тауар сатқан адамға (орындаушыға) төлеген салық мөлшерін есептейтін құжат сонымен счет-фактура налог есебінің құжаты болып табылады және де тек қана Қ. Қ. С. дұрыс есептеп төлеу үшін қолданылады. Қ. Қ. С. салығын төлейтін барлық салық төлеушілер счет-фактура толтырулары керек.
Счет-фактурада міндетті түрде деректемелері көрсетілуі керек. Сатушының атрибуттары экранда болғандықтан счет-фактураға толтырылмайды. Мына ақпараттар енгізілуі керек:
-Счет-фактураның реттік номері мен датасы
-Сатып алушының аты, мекен жайы, индетивті номері
-Жүк жіберуші мен жүк қабылдаушының аттары мен мекен жайлары
- Егер жіберілетін тауарға немесе атқарылатын жұмыс пен қызмет көрсетуге аванс ретінде ақы алынған болса, есептік төлем құжаттарының номері.
Жіберілген тауардың аты, немесе жасалынған жұмыс пен қызмет көрсетудің көлемі, өлшем бірлігі (егер оны көрсету мүмкін болса)
- Счет фактура бойынша жіберілген тауардың көлемі
- Баға (тариф) бір бірлік үшін
- Акциздік тауарлардың акциз құны
- Тауардың шыққан жері және жүктің кедендік декларациясының номері
Сатушы мен сатып алушының қолы мен мөрлері.
Түскен тауардың құжаттарын ақпараттық базаға тіркегенде Қ. Қ. С. автоматтты түрде есептеледі. Есептік мерзім біткенде бюджетке түсуге тиісті Қ. Қ. С. сомасы есептеледі.
Счет-фактураның бірінші данасы сатып алушыға, ал екінші данасы сатушыға беріледі. Сатушының толтырылған барлық счет-фактуралар сату кітабына құйылады. Алынған счет-фактуралар сатып алу кітабына тіркеледі. Жазылған деректер бухгалтерлік проводка толтырудың негізі болып табылады. Құжаттарды бұлай көрсету Қ. Қ. С. есебінің дұрыс есептелгендігін тексеру үшін қажет.
Есептік мерзім біткеннен кейін бюджетке аударылуға тиісті Қ. Қ. С. сомасы есептеледі.
Таблица1
Кіріс құжаттарының құрылымы (счет-фактураны енгізу)
Жолдың аты Дерек түрі
Реттік номер Сандық 8
Датасы Сандық 8
Сатып алушының аты, Символдық 30
мекен жайы Символдық 30
ИНН Сандық 12
Тауар аты Символдық 20
Өлшем бірлігі Символдық 2
Саны Сандық 4
Бағасы Сандық 8
Салық ставкасы Сандық 2
Шыққан жері Символдық 10
Бұл счет-фактураны толтырудың құрылымын құжаттарды жасақтау процесін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл разрядность бақылау деп аталады - құжаттың әрбір жолында өзінің сәйкес деректемесі болады, оларды цифр арқылы немесе әріп арқылы белгілейді, бірақ цифрлар мен әріптердің шегі болады. Бұл құжаттарды тез және дұрыс толтыруға көмектеседі.
Шығыс ақпараттарының мазмұны:
Шығыс ақпараттары - бұл кіріс ақпараттарының негізінде алынған ақпараттар.
Шығыс құжаттары - автоматты өңдеудің нәтижесінде алынған біріккен деректерін құрайды. Ақпараттарды өңдеудің технологиялық процесінің берілген кезеңі клиенттердің сұрауы бойынша әртүрлі формадағы құжаттарды алуына байланысты соңғы кезең болып есептеледі.
Берілген мысалда бюджетке төленетін Қ. Қ. С. шығыс ақпарат болып Қ. Қ. С. салық декларациясы жабылады. (2-қосымша жалғама) . Қ. Қ. С. салық декларациясы салықты есептеу мен түскен салықты анықтайтын құжат болып табылады.
Қ. Қ. С. есебінің дұрыстығын тексеру үшін салық төлеуші салық қызметіне ҚҚС салық декларациясын тапсырады. Онда ҚҚС бойынша салық базасы, салық ставкасы ҚҚС сомасы, шегерілетін салық сомасы анықталады. ҚҚС жалпы сомасы көрсетіледі. Декларация сатып алу және сату кітаптарының негізінде автоматты түрде толтырылады.
Салық декларациясын салық органдарына салық төлеушілерден белгіленген мерзімде тапсыру керек, яғни өткен салық мерзімінен кейінгі айдың 20-күніне дейін ҚҚС декларациясы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 бөлімдер мен жалғамалардан тұратын титулдік бетше.
Салық төлеушіге міндетті болып табылады:
- Титулдік бетше
- 1. бөлім. «Салық төлеушінің деректері бойынша бюджетке төленуге тиісті салық сомасы»
- 2-9 бөлімдер және декларацияның жалғамалары салық төлеушілер тиісті әрекеттерді жасаған кезде салық органдарына сол әрекеттердің құрамының декларациясын көрсетеді.
Егер әрекеттер жасалмаған болса, салық салынатын және салық салудан босаған салық төлеушілер өздері тіркелген салық органдарына салық мерзімінде декларация тапсырады. Көрсетілген салық төлеушілер декларацияның 1-ші бөлімін және титул бетшесін толтырады. Декларацияның бөлімдерін толтырғанда бөлімнің жолдарына сызықша қойылады. Декларацияның титул бетшесінің «Салық органының қызметкері толтырады» деген жолынан басқасын салық төлеуші толтырады. Декларация беттерін номерлеу оңнан солға қарай санның ең аз разрядынан бастап ұяшықтарды толтыру жолымен жасалады. Басқа ұяшықтарға нольдер салынады. (1) «ИНН» және «КПП» көрсеткіштерін толтырғанда мыналар көрсетіледі:
- Ұйымдар үшін
Салық төлеушінің идентификациялық номері (ИНН) және заңды
тұлғаның салық органына тіркелгендігі туралы куәлігіне сәйкес ұйымның орналасқан жеріндегі есепке алу коды (К. П. П. ) .
Ұйымның он екі ұяшықтағы он орыннан тұратын И. Н. Н. номерін толтырғанда алдыңғы екі орынға (00) сандары салынып, содан кейін он ұяшыққа И. Н. Н. номері толтырылады.
Жеке кәсіпкерлер үшін;
Салық органына тіркелгендігі туралы куәлікке сәйкес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының территориясындағы мекен-жайы мен И. Н. Н. -і.
- Салық агентінің міндетін атқарушы жеке тұлғалар үшін.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz