Босқындар барған жерлер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

КІРІСПЕ

I ТАРАУ. 1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДА КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ

1. 1. РЕСЕЙ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ ЖЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ БОСҚЫНДАРЫНЫҢ ҚАЙҒЫЛЫ ТАҒДЫРЫ

1. 2. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ШЕТ ЕЛГЕ АУА КӨШУЛЕРІ

II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДА XX ҒАСЫРДЫҢ ЕҢ ІРІ ДЕМОГРАФИЛЫҚ АПАТЫНЫҢ СИПАТЫ

2. 1. АШТЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАППАЙ БОСҚЫНШЫЛЫҚТЫ ТОҚТАТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР

2. 2. КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АПАТТЫҢ ЗАРДАПТАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Кейінгі кезде ізденімпаз зерттеушілеріміздің (Ә. Ғалиев, Т. Омарбеков, М. Қойгелдиев, Қ. Атабаев) арқасында көптеген архив деректері табылды. Сөйтіп, біздің бұрынғы таза ғылыми демографиялық талдауларымыз расқа шықты. Мысалы, 1927-ші жылғы республикалық ЦУНХУ-дің болжамы бойынша, 1932-ші жылы Қазақстандағы ауыл халқының саны 4, 2 миллион ғана адам болуға тиісті еді.

Ал 1933-ші жылдың ортасында жүргізген ресми санаққа қанша қосып жазуға тырысып бақса да, өлген адамдардың санын көзбояушы шенеуніктер қанша азайтқысы келмегенмен, ауылдық жерде тірі қалған адамдардың санын 1, 5 миллионнан асыра алмады.

Жоғарыда жасалған қылмыстың кесірінен есептеуші-зерттеуші сымақтарымыз құрбан болғандардың саны 1, 1-1, 2 миллион адам деп анықтаманы төмендетіп берді. Өкінішке орай, олар осы деректердің өзін бастапқыда жасырып келді де, кейіннен «темір сандыққа» салып тастады. Қазақстанда ашаршылықтан 2, 5 миллион адам өлді деген дерек шындыққа жақындайды. Өйткені, бұл деректер зұлматтың беті ашылып, қателік зардаптарын тез арада түзету керек деген ақ ниет жеңген кезде жиналды.

1926-шы жылғы халық санағынан кейін құрбан болған адамдарының санын 1937-ші жылға дейін қалпына келтіре алмаған қазақстандық төрт ұлт туралы мынандай ресми деректер келтіруге болады. Мысалы, 1926-1937-ші жылдар аралығында қазақтар - 3, 627, 6 мыңнан 2, 181, 5 мыңға дейін: украиндер - 860, 2 мыңнан 549, 6 мыңға дейін, ұйғырлар - 63, 4 мыңнан 33, 4 мыңға дейін, өзбектер - 129, 4 мыңнан 110, 0 мыңға дейін кеміп кетті. Олар осы он жыл аралығында барлығы 1, 816, 2 мың адамын жоғалтқан екен. Бұл санақтардың он жылдық кезеңінде олар 15-17 процент өсудің орнына 40 процентке көшіп отырған. Сонда барлық жиыны демографиялық есеп бойынша 55-57 процент азайған /3/. Тіпті, осынау апатты жылдардағы халықтың өсімін қоса есептегеннің өзінде бұл төрт ұлттың кем дегенде тең жартысы келмеске кетіпті. Рас, украиндар мен өзбектердің және ұйғырлардың көпшілігі Қазақстанмен жапсарлас жатқан, не Сібірге, не Орта Азияға, не Қытайға тиісінше көшіп кетіп, аман қалып үлгерді.

Ал басқа ұлттарға келетін болсақ (орыс, неміс, татар, беларус), олар ашаршылықтан кейін қаңырап бос қалған Қазақстан жеріне күштеп қоныстандырылды. Сөйтіп, олар бұрынғы олқылықтарының орнын толтырып қана қоймай, онан сайын қаулап өсе түсіпті. Алайда, біздің қоғамтанушыларымыздың күні бүгінге дейін білмей жүрген бір нәрсесі - ол орталықтың жасанды жолмен бір мезгілде «ерікті ұжымдандыру» арқылы және екінші жағынан «жедел индустрияландыру» саясатының кесірінен Қазақстандағы байырғы халықтың мүлдем азшылыққа айналғандығы, яғни бұл бірінші бесжылдықта (1929-34) қазақты өз жерінде құрбандыққа шалу есебінен келімсектерге «социалистік бақыт» орнату әрекеті болды.

Сталин мен Голощекин бір халықтың мәдениеті мен ұлттық шаруашылығын құрту арқылы екінші халықтың өркендеуіне ашықтан ашық жол салды. Мысалы, қазақтың малын тартып алып, ауқаттыларын тәркілеп жіберді де, бүкіл Орта Азияны отырықшыландырып, тұрақты егіс алқабына айналдырды. Немесе үшінші біреулерін қалалы жерлерге шоғырландырды. Сөйтіп, жоғары индустрияны жеделдете дамытудың салдарынан ұлттардың бір-бірімен «жақындасқаны» сондай, жойылып кетуге шақ қалды. Қазақтың тәркілеумен тартып алынған малы ірі өндіріс орындарында, «аға халықтың» қолында «бесжылдықтың» балғасы солқылдата соғылуы үшін құрбандыққа шалынған болса, ал қазақтардың өзі малдан айырылған соң аштықтан қырылып қалған.

1926-1959 жылдардың арасында жүргізілген санаққа зер салсақ, ұжымдандыру, индустрияландыру науқандарын айтпағанның өзінде, кейін күшпен жер аударылғандар (депортация) мен соғыс кезінде көшіп келгендердің (эвакуация), тың игерушілердің Қазақстан жеріне жаппай ағылуы ұлт саясатын өрескел бұрмалауға әкеп соқтырды. Егер республикамыздағы ең көп екі ұлт - орыс пен қазақтың арасалмағын, салыстырар болсақ, Орталық ретінде билеп-төстеуші Мәскеудің күштеу саясатының бет-бейнесі айқындала түседі. Тек 1926-1959 жылдары ғана қазақтардың саны 58, 7 проценттен 29, 8 процентке қатты құлдыраса, ал орыстардың, саны 20, 5 проценттен 42, 7 процентке бірақ көтерілген. /3/ Осы көрсеткіштің өзінен-ақ біраз шындықты айқын байқауға болады емес пе?

Сөйтіп, қазақтар жеке халық болып ұлттық белгісі жағынан, ал Қазақстан Республикасы болып құрамы жағынан бұрынғы КСРО-ның Орта Азиядағы одақтас республикаларының бірі емес, Ресейдің Федеративтік құрамындағы автономиялық республикалармен бірдей болып қалды.

Сондықтан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясы Қазақстандағы ұлттық қасіреттің себеп-салдарын түбегейлі зерттеп, оған кінәлілерді анықтау мақсатында арнайы комиссия құрды. Республикамыздағы 1931-33-ші жылдардағы зұламатқа нақты саяси баға беру үшін бұл комиссияның құрамына білікті тарихшылар мен демографтар, заңгерлер мен саясатшылар де енді. Сөйтіп, Голощекиннің құрығынан құрбан болған жазықсыз жандардың бейнесін мәңгілікке есте тұту мүкіндігі енді ғана туды.

Қорыта айтар болсақ, біздің қоғамтанушылар тікелей голощекиндік геноцид салдарынан, тағы басқа әміршіл зұламаттың зардабынан күні бүгінге дейін қазақ халқының ұлттық дамуы демографиялық детерминизм, яғни амалсыз санға тәуелділік жағдайында қалып қойғанын әлі біле алмай келе жатқан сияқты. Сол демографиялық кәріптікті жеңіп, сол ауыр дертті бір жола жазбайынша қазақты ұлт ретінде ұшпаққа шығара алмаймыз.

Диплом жұмысының мақсаты. Қазақстанда XX ғасырдың 30-шы жылдардағы күштеп ұжымдастырудың зардаптарына орны мен маңызына сипаттама беру.

Зерттеу міндеттері. Қазақстан тарихындағы ұлттық мемлекетті қалыптасуы үшін күрестің маңыздылығын ашып көрсету.

Зерттеу әдістері. Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес салыстырмалы, талдау, ғылыми-танымдылық әдістер қолданылды. Отандық және жақын шет елдерде жарияларғар деректерден тақырып бойынша мәліметтерді талдау және көрсету.

Зерттеу деректері. Тарихшы мамандардың осы тақырып бойынша еңбектері, мақалалар, арнайы басылымдар, оқу-әдістемелік және құжаттар болып табылады.

Тәжірибелік құндылығы. Диплом жұмысының нәтижелері мен ұсыныстары тарих ғылымының дамуына, болашақтағы тарихи-саяси қызметтерді ұйымдастыруды жетілдіруге көмектеседі.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 2-тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырып көкейкестілігі негізделіп зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталып, оның теориялық және тәжірибелік маңызы көрсетілген.

1 тарауда «1930 жылдардағы Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары» қазақ халқы үшін қиын жылдарда ашаршылықтың болуы, соның салдарынан басқа мемлекеттерге көшуі туралы айтылған.

2 тарауда «XX ғасырда Қазақстанда ең ірі демографиялық апаттың сипаты» қазақ халқы үшін ең ауыр жылдарындағы тағдыры жөнінде айтылған.

Қорытындыда зерттеу нәтижесінің негізгі тұжырымдамалары шығарылған тиісті ұсыныстар берілген.

Пайдаланған әдебиеттер тізімінде диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер мен басылымдар жүйелі түрде көрсетілген.


I ТАРАУ. 1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДА КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ

1. 1. РЕСЕЙ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ ЖЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ БОСҚЫНДАРЫНЫҢ ҚАЙҒЫЛЫ ТАҒДЫРЫ

Қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығын күйрету, ет және астық дайындау науқандарындағы зобалаңдар, байлар қожалықтарын тәркілеу және жойып жіберу саясаты, күштеп ұжымдастыру және зорлап отырықшыландыру, кінәсіз шаруаларды кеңес органдарының «ұлтшыл», «бандит», «контрреволюционер» деген жалған жалалармен жаппай қуғын-сүргінге ұшыратуы қазақ шаруаларын босқыншылыққа ұрындырды. Тоталитарлық жүйе ұзақ жылдар бойы тарихымызда ашық айтуға тыйьм салып келген осы жалпыхалықтық қасірет қазіргі күні арнайы зерттеулерді күтіп жатыр. Босқыншылықтың немесе туған жерден көшіп кетушіліктің 1930-1933 жылдар арасында аса көлемді көрініс бергені және әсіресе көшпелі, жартылай көшпелі қазақ шаруалары өмірінде терең, қасіретті із қалдырғаны белгілі.

Қазақстанның басшы мемлекеттік органдары, Қазақ өлкелік партия комитеті қазақ ауылында болып жатқан осынау ауыр өзгерістерден әрқашан хабардар болды.

1931 жылдың 1 желтоқсанында Қазақ өлкелік партия комитетіне ПП ОГПУ мынандай мәліметтер түсірді:

«1929 жылдың ішінде көшіп кетулер туралы мәлімет (шекаралық аудандарды айтпағанда) жоқ, өйткені көшіп кету қозғалысы тек 1930 жылдың көктемінен басталып, ауыл шаруашылығындағы капиталистік элементтерге кеңінен шабуыл кезеңіңде бұқаралық сипат алды.

1930 жылы көшіп кету қозғалысымен 34 977 қожалық қамтылды. 1931 жылы толық емес мәліметтер бойынша 45 000 шаруашылық көше бастады /1/. Айта кететін бір мәселе - бұл мәліметтер республикадан тыс көшіп кеткендерді ғана емес, сондай-ақ өлкенің өз ішінде туған жерден қозғалып, босқындар қатарына қосылғандарды жалпы түрде көрсете алады. Яғни орта есеппен алсақ, жоғарыдағы 1931 жылғы босқындар жолына түскен қазақ шаруаларының жалпы саны 225 000 адамдай болып шығады.

Ал енді осыншама босқындардың қайда және қаншасы көшіп кеткенін дәлме-дәл анықтау тіптен мүмкін емес. Өйткені қоныстарынан ауа көшушілердің едәуір бөлігі белгілі бір аймақта тұрақтап қалмай, үздіксіз босып, сенделумен болған. Дегенмен бұл мәселенің көлемін және негізгі бағыттарын шамамен болса да айқындап беретін тарихи деректер баршылық. Қаражат халық комиссариатының Өлкелік партия комитетіне берген 1931 жылғы 5 тамызға дейінгі мәліметінде босқындардың қайда көшіп жатқаны нақты көрсетілген. Мұнда 27 ауданның ғана мәліметі есептеліп, ал қалған 47 ауданнан әлі мұндай деректер түсе қоймаған кезең бейнеленген. Бұл дерек босқыншылыққа ұшыраған қожалықтардың сандарын ғана емес, тіптен олар айдап әкеткен мал басы сандарын да шамамен есепке алғандықтан да тарих үшін құнды.

Сонымен қазақстандық босқындар төмендегідей жат өлкелерге және аймақтарға босып кеткен: /1/

№:
Босқындар барған жерлер: Босқындар барған жерлер
Босқынқожалықтары:

Босқын

қожалықтары

Олардағы малбасы:

Олардағы мал

басы

№: 1.
Босқындар барған жерлер: Өзбекстанға
Босқынқожалықтары: 3436
Олардағы малбасы: 187909
№: 2.
Босқындар барған жерлер: Түрікменстанға
Босқынқожалықтары: 7371
Олардағы малбасы: 319725
№: 3.
Босқындар барған жерлер: Тәжікстанға
Босқынқожалықтары: 1767
Олардағы малбасы: 88350
№: 4.
Босқындар барған жерлер: Қырғыз республ.
Босқынқожалықтары: 1031
Олардағы малбасы: 33595
№: 5.
Босқындар барған жерлер: Қ. А. 0.
Босқынқожалықтары: 2355
Олардағы малбасы: 112621
№: 6.
Босқындар барған жерлер: Т-Волга өлкесіне
Босқынқожалықтары: 2562
Олардағы малбасы: 13797
№: 7.
Босқындар барған жерлер: Сібір өлкесіне
Босқынқожалықтары: 2100
Олардағы малбасы: 27348
№: 8.
Босқындар барған жерлер: Украинаға
Босқынқожалықтары: 901
Олардағы малбасы: 6652
№: 9.
Босқындар барған жерлер: РСФСР-дің қалған бөліктеріне
Босқынқожалықтары: 13511
Олардағы малбасы: 100801
№: 10.
Босқындар барған жерлер: Қытайға
Босқынқожалықтары: 563
Олардағы малбасы: 2276
№:
Босқындар барған жерлер:
Босқынқожалықтары: 35597
Олардағы малбасы: 893074

Кестеден аңғарылатын нәрсе, қазақ босқындары негізінен Ресей және Орта Азия республикаларына қоныс аудара бастаған.

1932 жылы алапат ашаршылық Қазақстанда кеңінен таралғанда жағдай тіптен ауырлап, жоғарыда кестеде көрсетілген өлкелерге қазақтардың жаппай босулары орын алды. Исаев пен Орымбаевтың 1932 жылғы 11 мамырда Мәскеудегі Халық Комиссарлары Кеңесіне жолдаған мазмұндама хаты беретін аталған жылдың 1 ақпанына дейінгі мәлімет бойынша, «қоныстан ауу мен қоныс аудару есебінен кеміген қожалықтардың саны 300 мыңнан асып» кеткен. Бұл орта есеппен алғанда 1 млн. 500 мың адам.

Босқыншылық 1933 жылдың шілдесіне дейін толастамай қойды. Осы жылдың мәліметтеріне назар аударсақ, бұған көзіміз айқын жетеді. Қазақстан үкіметінің 1933 жылы Мәскеуге берген осы мәселеге байланысты ресми есебінде мынадай жолдар бар: «1931-1933 жылдарғы салық, есептері мәліметіне қарағанда, Қазақстан бойынша қожалықтардың жалпы саны 490 мыңға, ал село халқының саны 2, 6 млн адамға кеміді. Оның үстіне Қазақстанда қалған қазақтар қожалықтарының аса үлкен бөлігі өздерінің бұрынғы мекендерінен ауа көшті . . . ».

Қазақстан Халық шаруашылығы есебі мекемесінің өзінің Мәскеудегі басшылығына және Қазақстанның басшысы Л. И. Мирзоянға берген ресми мәліметтеріне сүйеніп Қазақстаңдағы ауыл халқының жылдан жылға қанша адамға азайғанын анықтасақ, ол төмендегідей болып шығады (мәлімет әр жылғы 1 маусымда алынған) : /1/

Жылдар аралығы: Жылдар аралығы
Кеміген аламдар саны (мың адам): Кеміген аламдар саны (мың адам)
Жылдар аралығы:

1930-1931

1931-1932

1932-1933

Кеміген аламдар саны (мың адам):

759, 0

1887, 0

733, 5

Жылдар аралығы: 1930-1933
Кеміген аламдар саны (мың адам): 3 379, 5

Кестеден көріп отырмыз, үш жылдың ішіндегі адамдар санының жалпы кемуі Қазақстанның ауылдық жерінде 3 млн 379, 5 адам.

Т. Рысқұловтың И. Сталинге 1933 жылы 9 наурызда жазған хатында босқын қазақтар көшіп барған аудандардан алынған мәліметтер бар. Бұдан аңғаратынымыз, көрсетілген уақытта Орта Еділде босқын қазақтар - 40 мың, Қырғызстанда - 100 мың, Батыс Сібірде - 50 мың, Қарақалпақстанда - 20 мың, Орта Азияда - 30 мың адамға жеткен. /2/ Сондай-ақ Т. Рысқұлов босқындардың Қалмақ, Тәжікстан, Солтүстік өлке өңірінен де кездесетінін, Батыс Қытайға ауа көшкендерін атап көрсетеді.

Көріп отырмыз, республикадан тыс жерлерге босып кетушілер аз емес. 1931 жылдың күзінен бастап Қазақстандағы Голощекин тәртібінен Батыс Сібір өлкесіне қашып кетушілер байқалған болса, ал 1932 жылдың алғашқы айларында аш-жалаңаш босқын қазақтардан Батыс Сібір Өлкелік партия комитетінің хатшысы М. Зайцевтің айтуына қарағанда, босқындар негізінен колхозшылар болды да, тек олардың шамалы ғана бөлігі бай-кулактар элементіне жатты. Қазақ даласынан келген босқындардың қаншалықты көлем алғанын Батыс Сібірдің Қазақстанмен шектесетін көрші Славгород ауданындағы қазақтардың 1 адамға көбейгеніне, ал олардың 6000-ы Славгород қаласының өзінде ғана орналасқанынан да байқауға болатын еді. Батыс Сібірдің басқа аудандарындағы қазақтар да босқындар есебінен шұғыл өсті. Мысалы., Баевск ауданыңда 1300 босқын қазақ есепке алынды.

Алқымнан алған аштық Сібірдегі босқын қазақтарды қылмысқа итермеледі. 1932 жылдың тек 15-20 қаңтарында ғана осында 9 рет жылқы ұрлау фактілері, сондай-ақ ұрлық пен тонаудың кеңінен таралуы орын алды. Аштық адам кейпінен айыра бастаған, есі ауып, ісініп кеткен қазақтар көшелердегілерден де, пәтер тұрғындарынан да нанды ашықтан-ашық тартып алып, аштық аранына араша іздеді. Жоғарыда аталған Батыс Сібір хатшысы М. Зайцевтің Қазақ өлкелік партия комитетіне жолдаған хатында жазғанындай, 5-8 адамнан тұратын топқа біріккен қазақтар пәтерлерге кіріп, олардан нан беруді талап етті. Славгород қаласының асханалары жүдеп-ашыққан қазақтарға аузы-мұрнынан шыға толып кеткен. Олар столдардан шашылып түскен нанның қоқымдарын теріп жеп, тамақтанғандардан қалған тәрелкелерді жалап-жұқтап, кейде тіптен олардың стол үстіндегі тамақтарын да тартып алып, қолдарына түскен тамақ қалдықтарын дым қалдырмай қылғытумен болды.

Қаладағы аудандық мекемелердің алдына күн сайын дерлік топтасып келетін босқындар осында балаларын қалдырып, өздері тайып тұратын еді. Күңде осылай ата-анадан айрылып көшеде қамқорсыз қалған 4-5 баланы кездестіретін жергілікті өкімет орындарының органдары оларды орналастыратын жер таппай, әбігер болды. Жағдайды қиындата түскен балалар үйлері мен ауруханалардың осындайларға толып кетуі де еді.

Батыс Сібір өлкесінің кейбір аудандарының өздері де азық-түлік қиыншылықтарына кездескендіктен аштық қуалап босып келген қазақтарға қажетті көмек көрсетуге жергілікті жерлердегі мүмкіндіктер де шамалы еді. Сондықтан Батыс Сібір өлкелік партия комитеті Қазақ өлкелік партия комитетінен қазақтардың қашып келуін тоқтатуды, оған қажетті шараларды жедел қолдануды, босқындарға қажетті көмек көрсетуді қайта-қайта өтініп сұрады.

Архив мәліметтерінен көрінетініндей, егер 1932 жылға дейін қазақ босқындары Сібірдің Қазақстанмен шектескен аудандарына ғана орналасқан болса, ал 1932 жылдың алғашқы айларында олардың Сібір жеріне тереңдеп кеткенін, шалғай жатқан Новосибирск жері тәрізді аудандарда да «қоныстана» бастағанын аңғарамыз. Осыған қатты алаңдаған Батыс Сібір өлкелік партия комитетінің хатшысы Эйхе Қазақ Өлкелік партия комитетінің босқындарды Қазақстанға қайтарып алуға неге асықпайтынын түсіне алмай Голощекинге хат жазды.

Ал Голощекин болса Сібір басшыларынан бай-кулактарды ұстап беруді талап етумен болды. Батыс Сібір басшылары бай-кулактарды босқындар араларынан іріктеп алуды тек Қазақстанның өзінде ғана жүзеге асырған жөн деп санады. Біз қайтатындарды қабылдау пункттеріне жібереміз, сол жерлерде, яғни Қазақстанның өзінің аумағында босқындар арасынан байларыңды, кулактарыңды іріктеп алындар да, өздеріңнің спецпоселоктарыңа (арнайы қоныстар) жөнелтіңдер және оларды орталық ұйымдардың арнайы нұсқауларына сәйкес қалауларыңша әр түрлі жұмыстарға пайдаланыңдар, - десті сібірліктер. /4/

Республика аумағындағы және Солтүстіктегі көршілеріне ауа көшкен босқын қазақтардың аянышты халін Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданының Луганский поселкасынан Сталиннің секретариатына 1932 жылы 27 шілдеде жолданған домалақ хат шынайы да әділ суреттеп берді. Осы ауданда ұжымдастыруды жүзеге асыру барысында жол берілген әр түрлі асыра сілтеулерді тәптіштеп суреттеген хат иесі Орталық Комитетке Қазақстанның жергілікті халқы қазақтарға істеліп жатқан зорлық-зомбылықтар туралы арнайы әңгімеледі.

Сталиннің секретариатына жолданған бұл хатты едәуір сауаты бар қарапайым еңбек адамы жазған деп жорамал жасауға болады. Өйткені мәселе қарапайым шаруа тілімен баяңдалған. Онда мынадай мәселелер айтылады: Сібірге қашқан қазақтарды Голощекин жіберген уәкілдер жергілікті ОГПУ органдарының көмегімен іздеп тауып, қорқыту, күштеу және зорлық-зомбылық көрсету жолымен Қазақстанға алып қайтқан. «Сауын сиыр береміз, нанға тойғызамыз», - дегенге сеніп келген халық туған өлкеде тағы да аштыққа ұрынды. Кеудесінде шыбын жаны барлар Солтүстікке қайта қашты. Осылайша біресе Қазақстанға, біресе солтүстіктегі көршілерге қайта оралып, ерсілі-қарсылы жосылып, екі ортаны жол қылып, аштықтан әбден қалжыраған, екі ел арасына жұқпалы ауруларды да таратқан, сөйтіп өздері орта жолда көмусіз қалған, іздер-сұрары жоқ өлекселер қатарын толықтырып, голощекиншілдіктің құрбандығына айналған, соры қайнаған қазақтар туралы жоғарыдағы хат арқылы Сталиннің секретариаты тағы да хабардар болды.

Қазақтардың осы бір аянышты да мүсәпір кейпін әңгімелеген хаттың белгісіз иесі Шыңғырлау ауданындағы осы бір аштық зобалаңын Азамат соғысы жылдарымен салыстыра келіп, тіптен аудан аумағына ақтардың әскерлері келген кезде де мұндай сұмдықтар болған жоқ еді, халық қайта солармен жақсы тұрған еді, ал енді ғой ерікті Советтер Одағындағы халіміз адам айтқысыз ауыр болды деп күйзелді.

Хатты алған соң Кремльдегілер Қазақстаннан жедел жауап сұрады. БК (б) П Орталық Комитеті алғаш 30 қарашаға дейін хатта көрсетілген фактілерді анықтап беруді сұраса, келесі жолы (11. XII. 1932 ж. ), 27 желтоқсанға дейін Қазақ өлкелік партия комитетінің шұғыл жауап қайтаруын талап етті.

Өз кезегінде Қазақ өлкелік партия комитеті де Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінен хатта жазылғандарды тексеруді талап етіп қайта-қайта хат жолдады. Бірақ обком қызметкерлері арызды тексеруге немқұрайлы қарады. Осы салақтықтың басында отырған осы обкомның бұқаралық үгіт секторы меңгерушісі Александров Таран 1933 жылы 6 қаңтарда ақыры сөгіс алды. Дегенмен бәрібір бұдан жағдай өзгере қойған жоқ. /6/ Тек бір айдай уақыттан кейін ғана, дәлірек айтқанда, 5 ақпанда Шыңғырлау аудандық партия комитетінің бюро мәжілісі М. Коломийцев тексерген осы арыздың қорытындысын шығарып, онда көрсетілген өрескелдіктердің шындығында да орын алғанын мойындады. Бірақ архивте сақталған осы мәселеге байланысты жоғары орынға - Кремльге жіберілген тексеру қорытындысында босқын қазақтардың қасіретті ауыр жағдайы туралы мәселе назардан тыс қалды. Арызды тексеруші М. Коломийцев өзінің қорытындысында тіптен «қазақ» деген сөзді аузына да алмаған.

Босқын қазақтардың аса қайғылы жағдайы Қазақстанда туып-өскен кез келген қазақстандықты толғандырарлықтай, оған ауыр ой саларлықтай еді. Осының нақты мысалы, өзі қарағандылық, ал ашаршылық жылдарында Иркутскідегі Главзолотоның тау-кен институтында студент болған Н. А. Кузиннің Қазақ өлкелік партия комитетіне 1933 жылы 27 қазанда ашына хат жазуы дер едік. Ол өзінің 1931 жылы Сібірге оқуға кеткенін, оған дейін Қазақстанда қайғылы өзгерістер бола қоймағанын айта келіп, Л. И. Мирзоянға былай деп жазды: «1932 ж. орыс тілін мүлде білмегендеріне қарамастан тәуекелге бел буған және үздіксіз лектермен Шығыс Сібір арқылы, сондай-ақ, онан ары Қиыр Шығысқа шұбырған қазақтардың көптігі мені таңдандырды. Ал Сіз көшпелі қазақ үшін ауылдан белгісіз қиырға аттану дегеннің не екенін менен кем білмейсіз».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың басындағы қазақ диаспорасының пайда болуы (1910-1930 жж)
ХАЛЫҚТЫҢ ҚҰРАМЫ
Қазақстанда XX ғасырдың ең ірі демографилық апатының сипаты
Қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландыру және оның ауыр зардаптары
Мин әулетінің билікке келуі
1930 жылдардағы Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
ДИАСПОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДИАСПОРА ҰҒЫМЫ
Қайтымсыз көші - қон
Күрділердің мәдени орталықтары
Тың игеру жылдарындағы қазақстан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz