Қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесінің үлгісі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдерді оқытудың лингвистикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .8
1.1. Дауыс ырғағының сөзде атқаратын рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2. Ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.2.1. Сұраулы сөйлем дауыс ырғағының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ...17
1.2.2. Ағылшын тілінде сұраулы сөйлем дауыс ырғағының қазақ тілінен
айырмашылығы мен
ұқсастықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 20
1.3. Ағылшын тілінде дауыс ырғағын меңгерудегі қазақ тілді студенттердің
кездестіретін
қиыншылықтары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 24
Бірінші бөлім бойынша
түйін ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..29
ІІ. Тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде
сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесінің
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
2.1. Ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын оқытудың негізгі
принциптерінің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 30
2.2. Қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс
ырғағын оқыту әдістемесінің
үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .33
Екінші бөлім бойынша

... ...38
ІІІ. Тәжірибелік оқыту
үрдісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 39
3.1.Тәжірибелік оқытуды
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
3.2.Тәжірибелік оқытуды
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.42
3.3.Нәтижелерді
қорытындылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .45
Үшінші бөлім бойынша

... ..56
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .61
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Қазіргі таңда шет тілі, әсіресе ағылшын тілі білімі бар азаматтарға
сұраныс күннен күнге артуда.
Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге сай ағылшын тілін оқытудың сапасын
арттыру мәселесі бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Қазіргі нарық
заманында Қазақстан көптеген шет мемлекеттермен достық қарым-қатынасты
нығайтуда. Мемлекетіміздегі болып жатқан өзгерістер мен саяси-мәдени
араласулардың көбеюі, біріккен өнеркәсіптердің пайда болуы, экономикалық
қайта құрулар қазақтардың тілге деген қызығушылығы мен сұраныстарын тудырып
отыр.
Алайда Республикамыздағы ағылшын тілін оқыту мәселесі бүгінгі таңда
әдіскерлер мен тәжиребелі, ізденімпаз мұғалімдерді қатты алаңдатып отыр.
Тілді оқытудың сапасы мен нәтижесіне деген қанағаттанбаушылық сезімі оқу
процесінің тиімділігін арттыру жолдарын іздеуге жетелейді.
Қазіргі әдіскерлердің оқыту саласында айрықша назар аударатын мәселесі
тілді коммуникативтік-танымдық тұрғыдан оқыту. Қандай тіл болмасын оны
еркін меңгеріп, өз ойын толық та нақты жеткізе білу үшін сол тілді
грамматикалық, фонетикалық, лексикалық тұрғыдан жетік игеруі тиіс. Алайда,
ағылшын тілінде басты рөлді сөзді фонетикалық дұрыс жеткізе білу ойнайды.
Шетел ғалымы Б.Ф. Корндорф айтқандай: “Фонетиканы меңгерудің маңыздылығы
сол, дыбыстық тіл адамзат қоғамының жалғыз тілі болған да, бола бермек.”
Сөйлеушінің көңіл-күйі, эмоциясы, қатынасын дұрыс жеткізе білуінде
және тыңдаушының оның сөзін дұрыс ұға білуінде дауыс ырғағының рөлі
айрықша. Шетел фонетистерінің бірі Р.Кингдонның “Дауыс ырғағы -тілдің жан-
дүниесінің айнасы” деген сөзі осы мәселені дәлелдейтін секілді. 1, 56
Сөйлем түрлерінің ішінде қоғамда адамның өз ойын, таным-білімін дұрыс
жеткізуінде сұраулы сөйлемнің орны ерекше. Алайда, тілдік жоғары оқу
орнында қазақ тілді студенттердің ағылшын тілінде сұраулы сөйлем дауыс
ырғағын ана тіліндегі сұраулы сөйлем құрылысы мен айту ырғағының
ерекшеліктерінің әсерінен дұрыс меңгере алмау кемшілігін жою мақсаты
зерттеу жұмысының тақырыбын осы мәселеге арнауға мәжбүр етті.
Көптеген жылдар бойы әртүрлі ұлттар аудиториясында шетел тілінің
фонетикасына үйретуде студенттердің ана тілінің ерекшеліктерін ескере
отырып оқыту зерттеушілердің іздену жұмыстарының басты пәні болып келеді
(Г. П. Торсуев, Г.К. Тусупова, В. А. Исаков, И. В. Коробова, және т.б.), ал
дауыс ырғағы, оның компоненттерін, олардың қызметін және рөлін
зерттеушілердің де саны аз емес (В. А. Васильев, Ю. А. Дубовский, Л. Р.
Зиндер, Т. М. Николаева, Джоунз Д. т.б.) және дыбыс ырғағының жүйесінің
функциясын анықтауда біраз зерттеушілер еңбек сіңірді (Ф.А.Артемов,
И.Г.Торсуева, D.Crystal, H.Palmer, D.Jones, R.Kingdon). Соның ішінде қазақ
тілі мен ағылшын тілін салыстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен
ұқсастықтарын анықтауда қазақ зерттеушісі М.К.Исаевтың еңбегін зор
мақтанышпен айтуға болады.2; 3
Алайда ғылыми еңбектер, оқулықтар, бағдарламалар, зерттеу жұмыстарының
нәтижелеріне талдау жасай келе тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді
студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын меңгертуде
нақты да нәтижелі жол көрсетілмегені, бұл мәселе жетік зерттелмегені
байқалады. Содан болар, білім беру, оқыту кезінде студенттердің ана тілінің
(біздің мәселемізде қазақ тілінің) ерекшеліктерінің әсерін ескере отырып
жасалған оқыту әдісі жоқтың қасы.
Осының нәтижесінде көптеген жағдайда қазақ тілді студенттер ағылшын
тілінде сұрақ қойған кезде дауыс ырғағын қате қолданады, бұл, әлбетте,
студенттердің сөзінің мән-мағынасына кері әсер етіп, оның көркемділігіне
бөгет болады.
Яғни, тілдік жоғары оқу орындарындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын
тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын меңгертудің белгілі бір нақты
оқыту технологиясы, ғылыми зерттеуден өткен оқыту материалдарының жоқтығы
басты мәселе болып отыр.
Мұның бәрі қазақ тілді студенттердің ағылшын тілін жетік біліп, сол
тілде, әсіресе сұраулы сөйлемнің дауыс ырғағын қолдануда білім, білік,
дағдыны қалыптастыру үшін керекті, тәжірибелі әдістеме жасау қажеттілігін
тудырады.
Осы зерттеу жұмысында ұсынылғалы отырған тәжірибе нәтижелері,
әдістемелер алда тұрған ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын
оқытудағы мәселені шешуге көп септигін тигізе отырып, зерттеу жұмысының
таңдалған тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің нысаны. Тілдік жоғары оқу орнында ағылшын тілінде сұраулы
сөйлемнің дауыс ырғағын оқыту процесі
Зерттеу жұмысының басты қаралар пәні— ағылшын тіліндегі сұраулы
сөйлемдер, олардың құрылымы мен дауыс ырғағын тілдік жоғары оқу орнындағы
қазақ тілді студенттерге оқыту әдістемесі.
Ағылшын тіліндегі дауыс ырғағы ұғымын анықтап, сұраулы сөйлем типтері мен
олардың интонациялық құрылымдарын, ерекшеліктерін айқындай отырып, тілдік
жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде дауыс ырғағын
дұрыс қолдануды меңгертудің тиімді әдістерін, технологиясын жасау зерттеу
жұмысының мақсаты болып табылады.
Осы мақсатқа жету жолында зерттеу жұмысында мынадай міндеттер іске
асырылуы тиіс:
• Теориялық материалды лингвистикалық, педагогикалық, психологиялық және
әдістемелік тұрғыдан жан(жақты талдау жасап, сұраулы сөйлемнің дауыс
ырғағының функциялық мәнін анықтау
• Ағылшын тілін үйренуші қазақ тілді студенттердің дыбыстаған тілдік
материалын магниттік таспаға түсіре отырып, ағылшын, қазақ және орыс
тілдеріндегі дыбыстарды, дауыс ырғағын фонетикалық(фонологиялық
деңгейде сараптамалы лингво(әдістемелік талдау жасау және дауыс
ырғағын қолданудағы қателер мен қиыншылықтарды анықтау
• Дыбысталған материалды ағылшын тілінде сөйлеуші адамдармен бірлесе
отырып талдау
• Қазақ тілді студенттерге сай келетін ағылшын тіліндегі сұраулы
сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесін жасау
• Жасалған әдістеменің нәтижелілігін тәжірибе жүзінде тексеру
Қойылған міндеттерді шешу контрастивтік, имитативтік, эксперименттік,
статистикалық әдістерді қолдануды талап етеді. Атап айтқанда:
• ғылыми әдебиеттер мен теориялық білім көздерін зерттей отырып, талдау
жасау
• сұраулы сөйлемдердің түрлерінің дауыс ырғағын салыстырмалы түрде
зерттеу
• әлеуметтік–педагогикалық (бақылау, жоғары оқу орнында қолданылатын оқу
бағдарламаларын зерттеу, әңгіме, педагогикалық тәжірибені зерттеп,
қорытындылау, дедукция және индукция)
• эксперименттік (ойлау эксперименті, педагогикалық эксперимент)
• статистикалық (эксперименттік оқыту нәтижелеріне талдау жасау)
Зерттеу жұмысында қазақ тілді студенттердің ағылшын тілінде айтқан
сөздері маңызды материал қызметін атқарды.
Зерттеу жұмысының жетекші идеасы
Ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын меңгерту қазақ тілді
студенттерге сол тілде еркін, сауатты сөйлей алу қабілетін игеруге ықпал
етеді және ағылшын тілін коммуникативті–танымдық тұрғыдан меңгертуге жол
ашады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
Зерттеу жұмысында тілдік жоғары оқу орнында оқитын қазақ тілді
студенттердің ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын
меңгертудің ғылыми–теориялық негізі анықталып, студенттердің ана тілінің
ерекшеліктері назарға алына отырып жасалған оқыту процесінде жаңа әдістеме
ұсынылып, жаңа тиімді әдістер көрсетіледі.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы
Егер студенттерге ағылшын тілінің дауыс ырғағын тез және нәтижелі
меңгерту барысында олардың ана тіліндегі қалыптасқан дыбыстау білімін
көңілге ала отырып, анықталған қателерге баса назар аудартып оқытса, онда
интонациялық дағдыларды меңгеру деңгейі жоғары болары және интерференциялық
ісерлерді болдырмай, олардың алдын алатыны сөзсіз, өйткені әрбір тілдің
өзіндік ерекшеліктері болады және студенттер ана тілінде қолданылатын дауыс
ырғағын салыстыра отырып үйренуге мүмкіндік алады, қателерді алдын ала
саналы түрде жібермеуге дайындалады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізіне тілдік іс–әрекет теориясы, тіл
және ойлау теориясы, ауызша тілдесудің құрылымының лингвистикалық
зерттеулері, біртұтас педагогикалық процесс теориясы, тілдік іс–әрекет
ерекшеліктері теориясы, психология және физиология теориясы, коммуникация
және ауызша тілдесу теориясы алынады. Осы теориялар назарға алына отырып,
ағылшын, орыс және қазақ тілдерінің сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағының
ерекшеліктері анықталып, ағылшын тілінде дауыс ырғағын дұрыс пайдалана
білуге үйретудің психологиялық––педагогикалық негіздері зерттеледі.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы
• қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс
ырғағына оқыту әдістемесі жасалды;
• тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттердің ағылшын тілінде
сұраулы сөйлемнің дауыс ырғағын қолданғанда жіберетін қателерін
жүйелеп, негізгі түрлері анықталды;
• қазақ және ағылшын тілдеріндегі сұраулы сөйлемдердің түрлер мен дауыс
ырғағындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтары анықталып, салыстырмалы
зерттеу жүргізілді;
• тілдік жоғары оқу орнында қазақ тілді студенттерге ағылшын тіліндегі
сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын оқытуда негізгі әдістемелік
ұстанымдар (принциптер) анықталды;
Зерттеудің тәжірибедегі маңыздылығы
Зерттеу жұмысындағы нәтижелер түркі тілдес білімгерлер бөлімінде де
ағылшын тілін оқытудың сапасын жақсартуға көмегін тигізе отырып, оқыту
процесінде, оқулықтар, оқыту методикалық көмекшілер жасауда қолдануға
болады. Диссертацияда берілген оқыту әдістемесі тіл үйренушілердің ағылшын
тіліне деген ынта-жігерін, қызығушылығын арттыруда тиімді рөл атқарады.
Зерттеу жұмысының құрылымы
Зерттеу жұмысының мақсат және міндеттеріне қарай диссертациялық еңбек
кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты, міндеттері,
нысаны, пәні, ғылыми болжамы, ғылыми жаңалығы, жетекші идеясы, қолданылатын
әдістері, әдіснамалық негізі, теориялық және тәжірибелік маңыздылығы
қарастырылады.
Зерттеудің “Ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағына
оқытудың лингвистикалық негізі” деп аталатын теориялық бөлімінде ағылшын
тіліндегі сұраулы сөйлемдердің құрылымы, олардың дауыс ырғағының
ерекшеліктері, ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын қазақ
тілімен салыстыра отырып, талдау жасалды, оларды меңгеруде қазақ тілді
студенттердің беттесетін қиыншылықтары анықталып, оларды шешу жолдары
қарастырылады.
Зерттеу жұмысының “Қазақ тілді студенттерге ағылшын тіліндегі сұраулы
сөйлемдердің интонациялық құрылымдарын оқыту әдісінің негіздері” деген
тақырып алатын бөлімде қазақ тілді студенттерге арнайы жасалған әдістеме
үлгісі беріледі.
Осы ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігін тексеру мақсатында тілдік
жоғары оқу орнының қазақ тілді студенттерімен арнайы тәжірибелік жұмыс
жасалады. Бұл тәжірибелік оқыту үрдісі мен одан алынатын қорытынды
мілңметтер зерттеу жқмысының үшінші бөлімін Тәжірибелік оқыту үрдісі
құрастырады.
Аталмыш зерттеу жұмысының үш бөліміне қорытынды жасай келе,
диссетациялық зерртеу жұмысы қолданылған әдебиеттер тізімімен аяқталады.
І. Ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдерді оқытудың лингвистикалық негіздері
1. Дауыс ырғағының сөзде атқаратын рөлі
Қандай тіл болмасын оны еркін меңгеріп, өз ойын толық та нақты жеткізе
білу үшін сол тілді грамматикалық, лексикалық және фонетикалық тұрғыдан
жетік игеруі тиіс. Алайда, тілде қарым-қатынас жасап, ақпарат алмасу
процесінде басты рөлді сөзді фонетикалық дұрыс жеткізе білу ойнайды.
Кез-келген тілдің фонетикалық жүйесі оның сегменттік бөлшектерінің,
яғни сөздердің дыбыстарынан ғана тұрмайды, ол тілдің күрделі
супрасегменттік просодикалық деңгейін, яғни сөйлемдердің, мәтіннің жалпы
интонациялық сипатын да қамтиды. Дауыс ырғағы адамдардың бір-бірімен қарым-
қатынас жасауында атқаратын рөлі ерекше, сондықтан да болар дауыс ырғағы
дыбыстардан да бұрын пайда болған. Оған дәлел ретінде дамуы жоғары
саналатын үйірлі хайуанаттардың өзара қатынастарында олардың дауыс
ырғағының құбылуының мәні зор екені айтылады.
Әрбір сөзде сөйлеу, сөздер мен ойды жеткізуде дауыс ырғағы қатысады,
онсыз ешқандай фразаны құрастырып, айту мүмкін емес.
Дауыс ырғағының мәні мен мазмұнын түсіне отырып, студенттерге шетел
тілінің дауыс ырғағына оқыту керек. Кері жағдайда, тілді үйренуде
студенттер ана тіліндегі дауыс ырғағының заңдылықтары арқылы сөйлеп, дауыс
ырғағын меңгереді. Тілдердің интонациялық жүйесі арасында толық ұқсастық
болмайды деген пікірді негізге ала отырып, бұл жағдайға жол бермеу керек.
Олар қарым-қатынасты қиындатып немес бұзуға әкеп соғуы әбден мүмкін.
Сондықтан, біздің қазақ тілді студенттерге ағылшын тіліндегі сұраулы
сөйлемдердің дауыс ырғағын үйрету мақсатына жетіп, соған сай әдістеме
жасамас бұрын, әрине ағылшын тілінде және жалпы тілдегі дауыс ырғағының
алатын орны мен табиғаты туралы мәлімет, түсінік алуымыз керек.
Дауыс ырғағының адамдардың қарым-қатынасындағы ең алғашқы құралы,
сөздің ажырамас бөлігі екендігін онтогенез көрсеткіштері арқылы білуге
болады. Бесіктегі сәбилер, ең алдымен уілдеуден бастап қана қоймай, сөз
мағынасын түсінбесе де, анасының дауыс ырғағын, сөздің интонациясын ұға
бастайды, соған сай әрекет жасайды. Олардың жауап ретінде жасаған
әрекеттері мен шығарған дыбыстарының тонының өзгеруінен оның ойын білуге
болады. Осы өзгерістер дауыс ырғағының алғашқы қадамдары ретінде қызмет
атқарады.
Сондықтан, адам қай тілде сөйлемесін, оның сөзі дауыс ырғағы көмегімен
іске асырылады. “Дауыс ырғағынсыз сөз жоқ және дауыс ырғағы ещқандай рөл
атқармайтын тіл жоқ” деген С.А.Берлиннің пікірі текке айтылмаса керек.4,
4
Адам сөзінде дауыс ырғағы сөздерді сөйлемдерге айналдырып қана қоймай,
белгілі семантикалық мағынаға ие болады, яғни сөздердің коммуникативтік
мағынасын, эмоциялық-экспрессивті түрлерін анықтайды, сөзді айқындап,
дәлдей түседі. Дауыс ырғағының көмегімен сөйлеуші адамның айтылатын ойға
қатынасы, оның көңіл-күйі мен мінезі, жүйке жүйесінің қалпы және т.б.
көрінеді. Тек сонда ғана тыңдаушы сөйлеушінің сөзін дұрыс ұғып, оның
эмоциясын көре алады. Бір сөздің айтылу интонациясына қарап, ол сөздің
қандай сезіммен айтылып тұрғанын аңғару адамға қиын емес. Орыс лингвисті
Е.А.Брызгунова дауыс ырғағының мәнін айрықша бағалай келе, мынадай мысалмен
дәлелдей түседі: “Шетел әртістерінің қойылымдарын тыңдап және көре отырып,
оның тілін білмей-ақ көп жерлерін олардың дауыс ырғағының көмегімен түсіне
аламыз.”5, 159 Бұл, әрине сөздің мағынасы оның эмоцияналды-бағалау
қасиетіне байланыстылығын, оның коммуникативтік зор маңызының айғағы болып
табылады. Бұл А.М.Пешковскийдің “Адам сезімін сөз арқылы жеткізу мүмкін
емес, оны тек дауыс ырғағы арқылы беруге болады” деген сөзін еске түсіреді.
6, 179
Л.С.Выготскийдің айтуынша, дауыс ырғағы сөйлеушінің ішкі психологиялық
жағдайын көрсетеді, сонда ғана айтылған сөздің түпкі мағынасы жеткізіледі.
Дауыс ырғағының мағынасы мен маңызы ерте кезден бастап аңғарылып, назарға
алынған. Фонетиканың “дауыс ырғағы” бөлімінің тарихы өте терең.
Дауыс ырғағын зерттеу тарихы ертеден, көне замандардан басталады.
Байырғы замандарда дауыс ырғағының ерекшеліктеріне мән берген зерттеушілер
оны сахна өнерімен, шешендер сөзімен және тақпақ айтушылардың өнерімен
байланысты қарастырған. Дауыс ырғағының логикалық және эмоциялық
қасиеттерін зерттеудегі ең көне деректер ежелгі Греция мен Римде кездеседі.
Онда сөйлеу тіліндегі әуен, іркіліс, қарқын, ырғақ туралы алғашқы
түсініктер берілген.
Сөйлемнің ырғақты құрылымының ерекшеліктері мен артықшлықтары туралы
пікірлерді Аристотельдің, Деметрияның, Цицеронның, Трасимахтың еңбектерінде
кездестіруге болады. Ырғақ туралы ең толық түсінікті Цицеронның “Оратор”
еңбегінде көреміз. Онда автор ырғақтың ерекшеліктеріне тоқталып қана қоймай
оны шешендердің сөзіне қалай, қай мөлшерде қолдану керектігіне тоқталады.
7, 5
Әуеліде “интонация” термині латынның “intonare – қатты сөйлеу” деген
сөзінен пайда болған. Бұл термин ең алдымен музыка саласында қолданылған.
Бұл сөздің алғашқы мағынасы қазіргі мағынасына негіз болуы әбден мүмкін,
қатты сөйлеу деген мағынаның түбінде дауыс шығарып, дыбыстау деген ой, сөз
жатқан болар.
Ал, фонетика жағынан дауыс ырғағы көптеген анықтама алды, қазіргі
таңда тіл білімінде, соның ішінде фонетикада бір ортақ анықтама немесе ой
жоқ болып отыр.
Ж.Марузо дауыс ырғағын сөздің әуенімен теңестіре отырып, мынадай
анықтама береді: “Сөзде дауыс әуенінің өзгеруін дауыс ырғағы деп
атайды.”8 Басқа лингвисттер мен фонетисттер дауыс ырғағын кең көлемде
қарастырады. Мысалға алатын болсақ, А.М.Пешковский “дауыс ырғағы және ырғақ
(ритм) түсініктерді бөле қарастырады, бірақ тығыз байланыста дей отырып,
дауыс ырғағын ойды білдіру жолы, ол логикалық, психологиялық, ритмикалық
және грамматикалық екпінді білдіреді” дейді. Ол дауыс ырғағының бір бөлігі
деп тембрді танып, сөздік іркілістерге көңіл бөледі. 9,52
Л.В.Щербаның берген анықтамасы бойынша, дауыс ырғағы – бұл әуен, яғни
сөйлеу кезіндегі дауыстың музыкалық қозғалысы болып табылса,10,85
Д.Джоунз дауыс ырғағын сөздегі дауыс биіктігіндегі өзгеріс ретінде
қарастырады. 11,25
В.А.Васильев және басқалары “English phonetics” кітабында дауыс
ырғағын сөз әуені, фразалық екпін, дауыс тембрі және сөз қарқынының
бірлігі, яғни сөйлем мағынасын, сөйлеушінің қарым-қатынасын және сезімін
білдіруге мүмкіндік беретін құрал десе, 12,98 Г.П.Торсуев әуен мен
екпінді дауыс ырғағының негізі ретінде санайды. Сөйтіп, барлық зерттеушілер
көзқарасы бойынша, негізгі тонның биіктігінің өзгеруі дауыс ырғағының
маңызды және негізгі компоненті болып табылады.
Қорыта айтқанда, дауыс ырғағына анықтама беруде біз Е.А.Брызгунованың
анықтамасын негізге аламыз: “Интонация – звуковое средство языка (различное
соотношение количественных изменений основного тона, интенсивности,
длительности, тембра), с помощтю которого говорящий и слушающий выделяют в
потоке речи высказывание и его смысловые части, противопоставляют
высказывания по их цели, выражают субъективное отношение к содержанию
высказывания.”5,160
Жалпы тіл біліміндегі күрделі мәселелердің бірі тілдің бір көрінісі
ретіндегі дауыс ырғағының тіл жүйесіндегі алатын орнын анықтау болып
табылады. Дауыс ырғағы деген ұғымның әртүрлі түсіндірілуі оған ғалымдардың
әр қырынан қарауына байланысты болса керек. Басқа сөзбен айтқанда,
зерттеушінің көңілі не оның сыртқы формалық жағына, не мазмұнына, не
атқаратын қызметіне ғана түскенінен болу керек. Бұлай болу себебі, дауыс
ырғағының өте күрделі де құбылмалы болуына байланысты. Сонымен қатар,
зерттеушілердің ойларының бір жерден шықпауы, олардың дауыс ырғағын зерттеу
барысында әртүрлі әдістер, яғни синтаксистік, не фонологиялық әдістерін
қолданудан да болады.
Автор Дауыс ырғағының компоненттері
Тонның биіктігінің өзгеруі тембр
іркіліс Фразалық екпін Ырғақ қарқын ым Пешковский + + + + +
Норк + + + + + + Торсуев + + + + Васильев +
+ + + Ахманова, Никонова + + + Дикушина +
+ + + Ваараск + + + + Трахтеров + + +
Хальверсон + + + Матусевич + + + Трубецкой +
+ + Ладо, Фриз + + Витомская + +
Хилл + + Жанна Видон-Варне + + Щерба +
Джоунз + Нұрмаханова + + + + +
Дауыс ырғағының сөздегі басты қасиеті – коммуникативтілік, сөйлеудің
басты бөлігі – сөздерді құру екенін айтып өткенбіз, бір сөзбен айтқанда,
қарым-қатынастың жаны бола білуінде. Ал, қарым-қатынас процесі, өз
кезегінде, бір-бірімен тығыз байланыста болатын адамның екі сөздік іс-
әрекетінен тұрады: сөзді шығару және оны қабылдау, яғни түсіну.
Сөзді шығарар кезде адам өз ойларын лексикалық, грамматикалық,
фонетикалық және стилистикалық құралдар арқылы кодтайды. Ал оны түсіну
адамның сөздік сигналдарды қабылдап, оларды декодтау болып табылады.
Адамдар, яғни сигналдарды шығарып және қабылдап отыратын кодтау және
декодтау кезінде бірдей құрал не тәсіл қолдану керек. Егер тәсілдер сай
келмесе, қарым-қатынас болмайды деуге болады.
Интонациялық құрылымдарды дұрыс қолданбау сөйлеуде қателерге әкеп
соқтырады. Ол адамды шетел тілінде қажетті ойды толық жеткізу мүмкіндігінен
айырады.
Қарым-қатынастың болғанын адамдар хабар алып, соған сай әрекет
жасағаннан көруге болады. Бөлек жалғыз сөздердің өзі хабар бола алмайды.
Олар тек контекстте ғана өз мағынасына ие болады. Сөздің рөлі үнемі өзгеріп
отырады. Контекстте бір сөзді жекелер көрсету үшін дауыс ырғағы
қолданылады. Сондықтан бір сөз басқа сөздермен салыстырғанда үлкен
коммуникативтік мағынаға ие болады.
Дауыс ырғағы толық мағынаны тек сөздермен байланыс жасағанда ғана
білдіре алады, сөйтіп фраза құрайды. Дауыс ырғағы фразасыз, ал фраза дауыс
ырғағынсыз болмайды. Бұл дегеніміз, тілдің барлық бөліктері бір-бірімен өте
тығыз байланыстылығын білдіреді.
Шетел тілінде меңгеріп жатқан адамдар сол тілдің интонациясын толық
меңгермеген жағдайда, өз ана тілінде қолданып жүрген интонациялық
заңдылықтарға сай сөйлей береді, ал бұл сөз мағынасын бұзып, толық түсінік
алуға кедергі келтіреді.
Дауыс ырғағының көмегімен сөйлеп, түсінуге мүмкіндік береді. Олардың
бірлігіне қарамастан, әрқайсысы өзінің физиология, психология және
лингвистикамен байланысты ерекшеліктері болады.
Физиологиялық мағынада сөйлеу моторлы-акустикалық байланысты, ал
естуде акустика - моторлы байланысты білдіреді. Психологиялық тұрғыдан
сөйлеу кезінде тілдік материалды есте сақтау басты рөлді атқарса, ал есту
кезінде – оны тану.
Өздерінің ойларын шетел тілінде кодтай отырып, адам белгілі бір
көлемдегі тілдік материалды (сөз, грамматикалық модельдер, интонациялық
құрылымдар) пайдалана алады, ал бұл оған әртүрлі жағдайда қарым-қатынас
жасауға мүмкіндік береді. Сол сөзді декодтаған кезде тыңдаушы күнделікті
өмірде сөзінде қолданатын тілдік материалдың белгіленген көлеміне арқа
сүйей алмайды. Оған өзі қолданатыннан көп сөздерді қабылдауға тура келеді.
Ол тек сөйлеушінің ойын ғана емес, оған қоса оның эмоционалды қатынасын,
көңілін қарым-қатынас үрдісінде сөздік интонация, ым, ишара арқылы
қабылдайды.
Негізінен, ойдың толық мағынасы сөйлемдердегі сөздер мен сөз
тіркестерінде берілмейді, ол тек дауыс ырғағы көмегімен жеткізіледі.
Алайда, кейде ойдың мағынасын көмекші құралдар, яғни сөйлемдегі сөз
тәртібі, күшейткіш жалғаулар, инверсия, көмекші етістік, мысалы to do т.б.
Бірақ, егер біз қолда тұрған мәтінді оқығанда, онда дауыс ырғағын қалай
қолдану керектігі көрсетілмейді және біз мәлімет алу барысында әрбір
сөйлемді оқыр алдында қандай дауыс ырғағын қолдану керек, тонды көтеру не
түсіру керек екен деп ойланып тұрмаймыз. Әрине, біз мәтіннің мағынасын
түсінеміз. Алайда, біз оны мәтіннің белгілі бір бөлігін оқып болғанда ғана
түсінік аламыз. Бұдан нендей қорытыды шығаруға болады? Яғни дұрыс дауыс
ырғағын қолдану үшін белгілі бір контекст болу керек. Әрине, әрбір адам
онсыз сөйлемдерді өзінше оқи алады. Сол үшін дұрыс дауыс ырғағын білдіретін
қарым-қатынас ситуациясын түсіну, сезіну болып табылады.
Сөзде дауыс ырғағының мағынасын түсіну үшін оның мағыналық түрлеріне
мән беру керек. Біз, өз кезегімізде, В.А.Артемовтың берген коммуникативтік,
синтаксистік, логикалық және модальдық қызметін қарастыруды дұрыс көрдік.
Барлық тілдерде сөйлемнің және оның дауыс ырғағының коммуникативтік
мәні ортақ, яғни адамдар бірдей хабарлайды, сұрайды, яғни дауыс ырғағы
коммуникативті мағынаға байланысты бөлініп, әртүрлі керекті ситуацияда
қолданылады. Ал, сөйлемдерді фразаға айналдыра отырып, дауыс ырғағы
синтаксистік қызмет атқарады. Фразаны синтагмаларға бөлгенде дауыс
ырғағының логикалық қызметі атқарылады. Сөз синтагмаларға ойдың мағынасына,
әңгіменің ситуациясына қарай бөлінеді.
Сонымен қатар, сөздік интонацияның модальдық қызметі болады. Ешқандай
қарым-қатынас, коммуникация сезімнің элементтерінсіз болмайды. Сондықтан
“сезім тілінің” өзінің заңдары мен ережелері болады, өйткені басқа адамдар
сөйлеушінің сөзіне, дауыс ырғағына қарап, қандай күйде тұрғанын біле алады,
және соған сай “сөздік іс-әрекет” жасайды. Бұдан шығатын қорытынды,
эмоционалдық интонация ерекше коммуникация тілі болып саналады. Адамның
эмоционалдық күйін анықтау үшін сөз және дауыс ырғағы қолданылады.
Негізінен алғанда, ағылшын тілінде дауыс ырғағы кем дегенде келесідей
үш негізгі қызмет атқарады:
• Грамматикалық мағынаны жеткізеді
• Мәтін асты мағынаны жеткізеді
• Сөйлеушінің эмоционалды жағдайын, айтылатын ойға қатынасын білдіреді
13, 35
Сонымен, қорыта айтқанда, дауыс ырғағы адам өз ойын сөзде жеткізіп,
қарым-қатынасқа қатысуы үшін өте маңызды, ол ойды тиянақтап, көздеген
мақсатына, яғни хабар беру не алу, жетуге себеп болады. Қарым-қатынаста
мәлімет алмасу процесі жүреді, соған сай адамдардың мақсаты, көңіл-күйі
олар қолданатын сөздер мен сөйлемдерде бейнеленеді және әртүрлі дауыс
ырғағымен айтылады. Бұл адамның айтқысы келетін хабарға субъективтік
қатынасын да білдіреді. Сол арқылы біз дауыс ырғағын сұрақ, хабарлама,
лепті және бұйрық сияқты коммуникативтік мағынасына қарай бөліп
қабылдаймыз. әр типтің өзіне ғана тән дауыс ырғағы болады. Алайда көптеген
лингвисттер дауыс ырғағының түрлерін әртүрлі анықтаған. Мысалға алсақ,
А.М.Пешковский орыс тілінде дауыс ырғағының он түрін ажыратқан, О.А.Норк
неміс тілінде дауыс ырғағының он екі түрі бар десе, француз зерттеушісі
П.Делатр француз тіліне тән дауыс ырғағының он түрін анықтаған. 7, 18
Солай бола тұрса да, жалпы дауыс ырғағы сөйлемнің айтылу мақсатына қарай
хабарлы, лепті, бұйрықты және сұраулы сөйлем болып бөлінеді.
1.2. Ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің құрылымы.
Сөйлемнің төрт коммуникативтік типтерінің ішінде өмірде кең таралып,
кең көлемде қолданылатын, өмір қажеттілігін қамтамасыз ететін, қарым-
қатынаста маңызды рөл атқаратын, керекті ақпарат алудың басты құралы болып
табылатын сұраулы сөйлем деп білеміз. Сұраулы сөйлем қарым-қатынас
процесінде қарсыласты керекті бір мәлімет беруге итермелейтін және
белгісізді анықтап білу мақсатымен қойылады. “Орыс тілі грамматикасы”
кітабында сұраулы сөйлемге “Сұраулы сөйлем деп дауыс ырғағы, арнайы сөздер
көмегімен сөйлеуші өзінің тыңдаушыдан бір мәліметті білуді қажет
ететіндігін білдіретін сөйлемді айтамыз” деген анықтама берілген. 14,365
Сұрақ қоя отырып, адам белгілі мен белгісіз арасын айқындайды. П.В.Копнин
айтқандай “сұрақ – танып-білудің бір түрі”15, 318 Сұраулы сөйлемде
белгісіздің элементі болуы тиіс, тек сол ғана сұраулы сөйлемді сөйлемдердің
басқа түрінен ажыратады. Сұрақ ерте заманнан бастап көртеген ғалым,
зерттеушілердің зерттеу жұмысының нысаны болып келген. Сұрақ сөз түрі
ретінде Протагор еңбегінде қаралса, Сократ сұрақ көмегімен шындықты іздеді,
Бэкон әдістемесі сұрақты қою және оларға жауап ала білу қасиетін қамтиды.
Кант сұрақ туралы былай ойын білдірген: “ақылды сұрақтар қоя білу – ақылдың
басты белгісі...”16,34
Лингвистикалық әдебиеттерде сұраулы сөйлемді зерттеуге аса зор назар аудару
қарым-қатынаста сөйлемнің коммуникативтік типтерінің ішінде ең жиі
қолданылатын осы сұраулы сөйлем екенін дәлелдейді.
Алайда, адамдардың арасындағы қарым-қатынаста болатын көптеген әртүрлі
жағдайлар қарым-қатынастың мақсат, міндетіне сай сұраулы сөйлемнің түрлері
де өзгеріп отыратынын көрсетеді. Ағылшын тілінде қазақ тілі секілді сұраулы
сөйлемнің мазмұны мен коммуникативтік мәні лексико-грамматикалық құралдар
мен дауыс ырғағы арқылы жеткізіледі. Сұраулы сөйлемнің бірнеше түрлері бар
және олардың арасында да айырмашылықтар мен өздеріне тән белгілері болады.
Бұл сұраулы сөйлемнің күрделі көпфункционалды құбылыс екенін көрсететін
тәрізді. Сөйлеу барысында сұрақтың құрылысы мен мағынасы да өзгеруі мүмкін.
Сұраулы сөйлемнің алуантүрлілігі әртүрлі критерий бойынша
(грамматикалық құрылысы, мағынасы немесе сөздегі қызметі) көптеген жіктеу
түріне әкеп соқтырады.
С.Ф.Гедздің еңбегінде сұраулы сөйлемді оларға берілетін жауаптарды
негізге ала отырып жіктелген сұраулы сөйлемнің төрт түрі берілген:1) жалпы
сұрақтар, 2) арнайы сұрақтар, 3) аралас сұрақтар, 4) альтернативті
сұрақтар. 17,3
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz