Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 2

І Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу
негіздері.

1.1 Отаншылдық тәрбиенің негізгі
ұғымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын қалыптастырудағы
еліміздің даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 15
ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік
сезімін оятудағы маңызы.
2.1 Ұлықтау рәсімінің бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді
тәрбиелеудегі
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
34
2.2 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында
жүргізілген іс
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 43
2.3 Бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу
бағытында жүргізілген эксперименттік
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .. 67
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 72
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... . 74

Кіріспе.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері балалардың бойында
отаншылдық сезімді жастайынан қалыптастыру мәселесі күрделене
түсті.Сондықтан Қазақстан Республикасының жастарына үздіксіз тәлім-тәрбие
беру тұжырымдамасында тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана-
сезімі оянған, иманды, ақылды, парасатты, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-
ожданы мол, еңбекқор, іскер, талғамы жоғары және бойында тағы да басқа ізгі
қасиеттері бар азаматты тәрбиелеу деп белгіленген.

Қазақ халқы, яғни біздің ата-бабаларымыз, тәрбиенің
негізгі мақсаты сегіз қырлы, бір сырлы, жетілген адамды тәрбиелеу деп
санаған.Тәрбенің негізгі міндеттерінің (бағыттарының) ішінде патриоттық
(елжандылық, ұлтжандылық) тәрбие ерекше орын алады. Сондықтан оқу – тәрбие
ісінде назар аударып отырған, тәрбие салаларының бірі – отансүйгіштік
тәрбие. Қазақстан Республикасы – көп ұлтты іргелі ел.
Жаңа қоғамның дамуындағы ең маңызды нәтиже – оның барысында қалыптасқан
жаңа адам бостандықты жеңіп алып, оны ауыр күрестерде қорғай білген, барлық
сын – сынақтардан өтіп, өзі адам танымастай болып өзгерген. Өзінің бұрынғы
қасиеттеріне саяси мұраттылықты қосып, өмір сүрудің тәжірибелерінен қуат
алып, өзінің жеке басының мәдениетің білімін кәдеге жаратып, мәреден көріне
білетін адам.
Ұлттық дәстүрге берік, елің жерін сүйетін азамат тәрбиелеу, оқушылардың
бойына қазақстандық отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру өскелең өмір
талабынан туындап отыр.
Қазіргі кезеңде “қазақстандық отансүйгіштік” ұғымына зор мән берілуде.
Көп ұлтты Қазақстан халықының отансүгіштік сезімін қалыпастыратын –
азаматтық келісім, ұлттық бірлік. Егемен еліміздің тәуелсіздігін сақтау
ұлттық келісім, ішкі үндесім барша халқымыздың ынтымағы мен өзара
жарасымдылығында.
Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер,
туған өлкедегі тамаша киелі орындар – жалпы ұлттық құндылықтар ешкімді де
бейтарап қалдыра алмайды. Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық, жақындық,
гуыстық сезімдерді ұялатын жатады. Бір сөзбен айтқанда, отансүйгіштік
қасиетті ұғым.
Қазақстандық отансүйгіштікке келсек, ол тек қазақтардың ғана өз отанына
сүйіспеншілігі емес, онда мекендейтін бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне
қатысты дүние. Бұл сезімнің мағынасы терең, аумағы кең, құдіреті күшті. Ол
өз мазмұны, өз аясы бар, құдіретті күшке кездейсоқтықтан айналмайды, бұл
сезімнің оянып, бірте-бірте күш алып, саналы өзіндік мәні, өлшемі, мағынасы
бар біртұтас сезімге ұласуы обьективтік шарттылықтарды қажет етеді.
Отанын адамның өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір – қасиетін
ұққанда, тарихын, өткен жолын, қиындық мехнаттарын, рухын, тар жол, тайғақ
кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде, елдің басын
біріктірген жат жұрттықтардан жерін, суын, даласын, тауын қанын төгіп
қайсарлықпен қорғап алған ерліктерін сезіп білгенде ғана, соған деген
мақтаныш сезімі оянады.
Отаншылдық сезім – ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. Елбасы өзінің
халыққа Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген
сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі
элементтерінің бірі ретінде таниды.
Халықтың отаншылдық сезімін қалыптастыру үшін алғышарттар пісіп жетілуі
керек. Сол алғы шарттардың пісіп жетілуімен сабақтаса адамдардың сана-
сезімі артыпғ жаңа құндылықтарды, оның ішінде отаншылдық сезімді бойына
молырақ сезінетін болады.
Отансүйгіштік сана-сезімі болса, ол – отан құндылығы көрінісінің
нәтижесі, өткендегі өмір сүрген ата-баба санасының қажеттілігі мен
ұмтылысына, құлшынысынан туған елдік салт-дәстүрлерді адамдардың
санасындағы қажеттілігі мен қызығушылығы арқылы қабылдау.
Адам қауымдасып өмір сүргеннен кейін бастап, қандай ғылым болмасын
адамзаттың ақыл-ойынан, өмірден, іс-тәжірибеден туындайтыны аян. Адам
өмірімен тікелей байланысты тәлім – тәрбиелік тұжырымдамалар халық тәрбиесі
мен ғылыми ойдың ажырамас туындысы. Ал халықтық тәлім – тәрбие әр ұлттың
ғасырдан-ғасырға жалғасқан мұрасы. Сондықтан да этнопедагогика
педагогиканың негізі, нәр беретін тамыры болмақ.

Әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси-әлеуметтік және идеологиялық
ерекшелігі болатыны айқын. Сол сияқты бүгінгі күннің азаматтарының да өз
талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыз терең мағыналы дана сөзін Тауына қарай
ақы, заманына қарай заңы деп тауып айтқан. Жаңарған ел, жаңа тіл заңы,
тұжырымдамалар мен бағдарламалар тәрбие жүйесіне жаңа көзқарастағы
азаматтар тәрбиелеуді талап етуде.
Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі арналған стратегиясында
Қазақстан азаматтарының денсаулығына, білімі мен әл-ауқатын арттыруға аса
көп мән беру керектігі айтылған.
Әрбір азамат өзін әлем бүкіл планетаның бір бөлігі ретінде түсіне
отырып өз орнын таба білуге ұмтылуы ең маңызды мәселе болып табылады.
Әлемде өз орнын табу, яғни өз бойындағы мүмкіндіктерді тани білу және оның
осал тұстарын дамыту ерекше мәнге ие.
Ел Президентінің Жолдауында Егер біз ниетімізді байсалды ұстасақ,
пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын
талдап таразылай білсек, онда біздің дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз
бар делінген.
Ел қорғайтын ерлеріміздің қызмет барысында кездесетін кедергілерді
саналы түрде жеңе білуі жеке адамның, яғни, саналы да салауатты азаматтың
қолында екендігі айқын көрсетіп отыр. Осы біз қозғап отырған ел қорғайтын
саналы да салауатты азамат тәрбиелеу – тек бүгінгі күннің тәрбие мақсаты
емес. Қазақ елі ұлт болып қалыптасқалы Сегіз қырлы – бір сырлы немесе
Күшіне ақылы, ақылына күші сай ер азаматтар тәрбиелеп келеді және өзіндік
тәрбие жүйесі де қалыптасқан.
Жалпы кез келген адам іс-әрекеттерінде немесе басқа жағдайда ерлік
істерге бару үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Патриотизмге
тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселелерді көздейді: педагогикалық
тәжірибедегі мүмкіндіктерді барынша толық қамтып, біртұтас түрде оқушының
жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әр түрлі пәндерді оқытуда және
тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу;
бұл бағытта жас буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне
қатысты жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану т.б.
Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға
болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім
қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.
Сана мен сезім бөліп қарауға болмайтын біртұтас дүниелер болғанымен,
олардың психологиясында тегі әр түрлі. Сана - өмір шындығының адам
психологиясындағы бейнесі.

1-тарау Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу
негіздері.

1. Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары.
Азаматтық тәрбие сана-сезімді, дүниетанымды қалыптастырудан басталып
саяси идеялық тәрбие арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа әкеледі.
Отансүйгіштік, ұлтжандылық екеуі егіз ұғым. Патриотизм- отанға деген
сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуатын, білімін Отан игілігі мен мүддесіне
жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту.
Патриоизм грекше patriotes- отандас, patris-отан, туған жер деген ұғымды
білдіреді. Отансүйгіштік - адамның бойындағы сезімге байланысты.
Шәкірттердің сол сезімін ояту, өзін өз елінің азаматымын деп сезіне білу,
өзінің бүкіл елімен және халқымен туысқандығын сезу, адамды қолдап,
отыратын өзінің күші мен мүмкіндіктерін, сенімін нығайтатын ең күшті сезім
болып саналады. Отансүйгіштік ұғымы елдің саяси құрылысына, оның саяси
мекемелеріне сүйіспеншілік пен халықтың құрамын, өзі өмір сүріп отырған
мәдени ортаға (мәдениетке, адамгершілікке, елдің әдет-ғұрпына) халықтың
сүйіспеншілігін, өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға (елдегі
әлеуметтік-экономикалық қатынастарға, оның еңбек жағдайларына) халықтың
сүйіспеншілігі мен құрметін қамтиды. Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу
міндеттеріне:
- Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір ұлт өкілдеріне ұлтжандылық,
отансүйгіштік сезімді түсіндіру;
- Қазақстанда қызмет етуді моойындату;
- Қазақстанды ішкі немесе сыртқы жаудан қорғауға дайындау.
Қазір буржуазиялық, пролетариаттық патриотизм жоқ. Әр мемлекет өз мүддесін
қорғайды. Сондықтан елдік, отандық патриотизм немесе отансүйгіштік тәрбие
бар [21; 109-111].
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жалпыадамзаттық құндылықтарға
негізделген қоғамда жаңа идеология қалыптастыру керек болды. Бұл
идеологиялардың негіздерін патриотизм, қазақстандық патриотизм және
ұлтжандылық ұғымдары құралады
Ежелгі грек жерінде пайда болған патриотсөзі дүниежүзілік
қауымдастықтың даму тарихына және мемлекеттерді саяси жағдайға байланысты
сан алуан сипат пен мағынаға иеболып отырған. Ежелгі грек ғұламалары
Аристотель, Платон, Цицерон, 18-ғасырда француз матералистері, неміс
философтары, орыс революционер-демократтары, қазақ ағартушылары
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев т.б. еңбектері мен шығармаларын
еліне, жеріне деген ұлтжандылық және патриоттық сүйіспеншілік көрініс
тапқан. Патриоттық тәрбиенің негіөгі мақсаты-жеке тұлғаның, әлеуметтік
топтың патриоттық іс-әрекеттерін саналы түрде меңгеріп алудағы талпынысын
айқындайтын саяси моральдық, кәсіптік шынықтыру салаларымен қалыетастыру.
Қазақ халқының батыры, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы Патриотизм-
Отанға деген сүйіспеншілік,жеке адамның аман-саулығы қоғамдық-мемлекеттік
қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді
екенін мойындау,қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз- мемлекет деген
ұғымды, оны жеке адам мен барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және
болашағы мен қарым-қатынасын біріктіреді,- деп атап көрсеткен болатын.
Сондай-ақ соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеулерде жастарды патриоттыққа
тәрбиелеудің теориялық тұстарының ескерілмей келгені де байқалады. Міне,
осы проблемалардың бәрі патриоттық тәрбие мәселесінің белсенділігін
көрсетсе керек.Қазіргі егменді ел жағдайында жастарды отаншылдыққа
тәрбиелеу, олардың елін, жерін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, ұлтын пір
тұтатын азамат болып өсуін қамтамассыз ету-бүгінгі мектептің басты мақсаты
деуге болады.
Жоғарыда патриотизм ұғымына берілген сипаттамалар мен зерттеушілер,
ұлы ойшылдардың, қазақ зиялыларының пікірлеріне сүйене отырып, біз өз
пайымдауымызды білдірдік.Патриотизм-ол өзінің туған жеріне, тіліне, еліне,
мемлекетке деген сүйіспеншілік сезімі, сол мемлекеттің, Отанның гүлденуіне,
өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосу,қызмет ету.
Ел Президенті Қазақстан халқына жолдауында:-Біз Қазақстанның барлық
азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға
тиіспіз,-деген болатын. Қазақстан түрлі тарихи аласапрандарды басынан
өткізіп барып, тәуелсіздікке қолын жеткізген,көп ұлтты республика.Сондықтан
оның берік болуы патриоттық тәрбині дұрыс жолға қоя білуге байланысты
болмақ. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа Конституциясында да республика
қызметінің түбегейлі қағидаларының бірі- қазақстандық патриотизм деп атап
көрсетілген.
Қазақстандық патриотизм ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа
сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді.
Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан
олардың көпшілігінің
туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ.
Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата жұртым деп танып, оның
тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс.
Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып,
кеңінен қалыптасып келеді.
Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ
Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты.Қазақстандық
патриотизм-Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік,өнеге
көрсетушілік,бойдағы білім мен білікті,ақыл-парасатты ел игілігіне
жұмсау,атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін құрметтей білу де
осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек.
А.Абижанов- патриотизмнің мәні өте күрделі. Бір жағынан,ол
ізгілікті саяси үрдіс,яки жеке тұлға хәм қоғамдық сана элементтерінен
тұрса,екінші жағынан,Отанды қорғауға,нығайтуға бағытталған сезім болып
табылады-деген.Мұнда автор патриотизм деген ұғымды адамның санасы және
сезімімен байланыстырып отыр,демек, болашақ азаматтардың бойына патриоттық
сана-сезім орнықтыру қажет.Қазақстандағы мектеп оқушыларын пратриотизмге
тәрбиелеу тақырыбы көптен бері зерттеліп келеді. Сондай еңбектердің бірі
ретінде С.Қ.Нұрмұқашеваның Қазақстан мектептеріндегі оқушыларды
патриотизмге тәрбиелеудің дамуы еңбегін атауға тұрарлық. Онда,білімнің
мазмұнын жаңғырту, оқулықтарға қазақстандық материалдар енгізу; оқытудың
әдіс-тәсілдерін жаңғырту; оқушыларға тарихи ерекшеліктерді іздеп табу
оларды оқу-тәрбие ісіне пайдалану секілді іс-әрекеттерін ұйымдастыру
секілді ұсыныстар берілген.
Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға
болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім
қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ. Психологияда адамның жан-
дүниесі, сезім әрекеттеріне екінші сигналдық жүйенің ықпалы мол екендігі
айтылады. Бұл ретте мектептердің патриотизмге тәрбиелеу жолдарын қарастыра
келіп, олардың, жалпы оқушылардың сана - сезіміне ықпал ету, іс-әрекеттерін
ұйымдастыру бағыттарында жүргізілгендігін анықтадық. Ұйымдастыру жұмыстарын
осы бағыттар бойынша топтастырсақ, олар былайша бейнеленеді: лекторий,
соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулер, әңгіме кітаптар бойынша оқырман
конференцияларын ұйымдастыру, ойын-сауық кештері, мұражайларға материалдар
жинау фото қалқаншалар, фотоальбомдар жасау тағы басқа іс-әрекеттерді
ұйымдастыруға бағытталған. Тәрбиелік іс-шараның бағыттары
ұлтжандылық,ұлттық патриотизмдік сананы қалыптастыру болса,ол-
ар,намыс,ождан,қарыз,парыз секілді тағы басқа ұғымдар мен түсініктерді
нақтылауды;олар туралы оқушы білімдерін жетілдіруді және олардың ауқымын
кеңейтіп,тереңдетуді; сөйтіп Отан, мемлекет, ел, ұлт,халық,атамекен
секілді киелі ұғымдармен байланысын ашып көрсетуді талап етеді. Өсіп келе
жатқан жас буындардың бойында ұлттық патриотизмді қалыптастыруда, олардың
әрқайсыларының өзін ұлтының перзентімін деп сезінуін нысанаға ала отырып,
Қазақстандағы дәл бүгінгі жағдайда ұлтты сақтап, одан әрі өркенін
өсірудің кепілі,-деп білген жөн. Мұның өзі ұлт дегеніміз - ұлттың өзін-
өзі билеу идеясы басын құраған адамдардың шынайы жүрек жарды бірлестігі
деген идеядан өрбиді.
Патриоттық сезім- келтірілген киелі ұғымдармен байланысты: қуаныш,
мақтаныш, күйіну, сүйсіну секілді т.б. эмоция спектілеріне қозғау салу,
ояту, дамыту, қалыптастыру мәселелерін шешуді де көздейді. Патриоттық сезім-
жоғары сезімдер тобына кіреді деген пікірдеміз. Өйткені ол қоғамдық мәнді
және көңіл күйге байланысты моральдық сезімдерге қатысты болып келеді,
ол сананың жетілуімен тығыз байланысты дамиды. Қоғамдық тәрбиенің
ықпалымен патриоттық сезімдер тұрақтанып, оқушының іс-әрекеті, мінез-
құлқынан, сөзі мен ісінен көрініс беріп, ұлты, халқы, Отаны үшін қызмет
етуге дайын тұрады.
Философиялық еңбектерді талдау барысында біз Отан және Атамекен
ұғымдарының іс-жүзінде мағыналас екеніне, бірақ Қазақстан Республикасы
осы мемлекетте туып, тұрғылықты тұрып жатқан барлық ұлт өкілдеріне
Отан болғанымен тек тұрғылықты қазақ халқына ғана Отан және Атамекен
болып саналады.
Патриотизм ұғымының құрылымын айқындау кезінде біз үшін
М.Н.Росенко ұсынған моральдық таным деген ұғым жақын болды.
М.Н.Росенко бойынша моральдық таным тұлғаның мінез-құлық нормалары мен
принциптерінде, нысаналы қондырғыларда, сенімдерінде анықталады. Ол
адамдар арасындағы қарым-қатынастарда реттеуіштердің екі деңгейінде қызмет
етеді: олар эмоционалды-сезімдік және рационалды- теориялық. Осылардың
негізінде моральдық танымнан туындайтындардың бірі ретінде эмоционалдық
және интеллектуалдық компоненттерді қамтиды.Интеллектуалдық компонеттерді
қалыптастыру өз Отанының тарихы, мәдениеті, дәстүрлері және т.б. туралы
білімдерді игеруді көздейді.Оқушы патриотизмнің қалыптасуы мен дамуына
әсер ететін оқу-тәрбие факторларын айқындау кезіндегі өз зерттеулерімізде
біз этномәдени білім берудің мемлекеттік тұжырымдамасында көрсетілген үш
бағыт туралы ережеге арқа сүйейміз: институционалдық(балабақша, мектеп,
гимназия, лицей, колледж, ЖОО-лар және т.б ); институционалдық емес
(курстар, кітапханалар, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдени ұйымдары,
орталықтар, қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар), ресми емес( отбасында оқыту
мен тәрбиелеу, достармен, таныстармен, көршілермен араласу және т.б.)
Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып өркендеп гүлденуі ұлттық
біртектілікті сақтаудан басталады. Оның басты құндылықтары-ана тілі, ұлттық
рух, діни наным сенімдермен тығыз байланысты. Бүгінгі күнге дейін сақталып,
тәулелсіз мемлекетке ие болу дәрежесіне дейін көтеріліп отырған қазақ
халкының тарихына көз жіберсек,сонау Күлтөгін,Білкеқаған,Тоныкөктен бастап
ерін,елін,жерін,тілін,ділін, қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Күлтөгін
жазбасында:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым...
Түркі иелігінен айырылған халықты
Ата-баба мекеніне орнаттым...- дейді.
Жоңғар сисқты алып империамен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне
қыышпен қарсы шабуылға етееген де осы потриатизмнің қуатты күші.Ежелгі ата-
бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы-сырнайының үні, асқақтата
салған әсем әні, ғашықтық жырлары, шешендіксөз, айтыс өлеңдері, ою-
өрнектері мен бостандық үшін жері мен елін қорғаған батыр бабаарымыз туралы
тарихи дастандарды ғасырлар бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, адамгершілік
ар- ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.Олай
болса тәуелсіздік туы желбіреген еліміздің болашақ отансүйгіш ұрпағын
тәрбиелеуде олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік,
әдептілік, елін, жерін, Отанын сүйушілік секілді ең асыл қасиеттерді қаны
мен жанына сіңіруде осы ұлттық құндылықтарды басшылыққа алсақ, өте ұтымды
болар еді.
Туға жерге деген ыстық сезім, атамекенге деген құрмет пен қадыр -
қасиет тұтуды ұлы дала ойшылдары Қорқыт ата, әл-Фараби, Жүсіп баласағұни,
Махмұд Қашқари т.б. айтқан болатын.
Қазақ трихын тұңғыш зерттеуші ғалым Ш. Уалиханов өзінің патриотық
сезімін білдіре келіп,Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка
сиақты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде бір сандық ), мен ең
алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ,
ел-жұртым, руластарым, одан соң халхымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей
жұртын қадірлеймін,- деген екен.
Қазақта ең алғаш қазақ балалары үшін халық мұрасына, салт-дәстүріне,
ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негіздей отырып, оқулық жазған Ы.Алтынсарин
болды. Ол көшпелі елдің басына дүнияуи ғылым-білім, өнер үйретуді
армандады.
Абай Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарйтын болсақ жастарды ерлік
рухта, потриатизімге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін
оятуды үнемі мақсат етті.Оның Азаматтың бәрін сүй бауырым-деп деген сөзі
ұлы гуманистік идеианың айқын көрінісі еді.(16;10-15)
Қазіргі қоғам адам тағдырына жаңа көзқараспен қарап, соған сәйкес
оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуды, халықтық әдет-ғұрыптар мен
салт-дәстүрлердің негізінде ұлттық сана-сезімді қалыптастыруды, оқушыларың
білім сапасын жетілдіруді талап етуде.
Орта мектепте оқытылатын жаратылыстану курстарының мазмұндарын халық
педегогикасымен сабақтастырудың үмкіндіктері мол. Осы мүмеідіктердің бірі-
жаратылыстану пәндерінің сабақтары ме н сыныптан тыс жұмыстарында халық
педагогикасы арқылы оқушыардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Педагогикалық зерттеулерде оқушылардың тамекеге сүйіспеншілігін
қалыптастыру мәселесі жеке дара қарстырылмаған, көптеген зерттеулерде
оқушыларға адмгершілік (Р.Төлеубекова, Р.Елубаев, А.Қисымова,
Ж.Сәдірмекова, А.Аманжолова, С.Әбілдина ), патриоттық(К.Әбілғазиева,
А.Жұмаханов, С.Иманбаева,)т.б.тәрбиелеріәмен үнемі бірге жүріп жатыр.Біздің
ойымызша, атамекенге сүйіспеншілікті қалыптастыратын тәрбиемен білім беру
мәселесін арнайы зерттеулерде жеке бағыт ретінде бөліп қарастыруға болады,
өйткені оның өзіндік мақсаты мен өзіне тән міндеттері бар. Бүгінгі таңда
атамекен ұғымына әр ғылым саласындағы ғалымдар әртүрлі анықтамалар беріп
жүр. Атамекен сөзі араб этимологиясында мекен – жай орын денген сөзден
туындап, кір жуып, кіндік кескен аймақ, өңір ддегенді білдіреді. Атамекен
сөзі түркі қауымына ортақ ата сөзімен қосылып, әуелде ата қоныс ұғымында
қолданған.
Атамекенге деген сүйіспеншілік Асан Қайғы бастаған 15-18 ғғ. Ақын-
жыраулардың сыртқы жаудан қазақ жерін қорғаудағы ерлік және жауынгерлік
дәстүрлерінде, қазақ демократ-ағартушыларының ұлттық мұраларымызды
өркендету жолындағы еңбектерінде, қазақ зиялыларының қазақ қоғамын, оқу-
ағрту және мәдениет салаларының дамуына қосқан үлестерінде, Ұлы Отан
соғысында қазақ жауынгерлерінің Кеңестік Отанды қорғаудағы көзсіз ерліктері
мен кешегі Желтоқсан оқиғасында өрімдей қыздарымыз бен жігіттеріміздің
еліміздің бодандыққа ұшырамай, азаттық алу жолындағы күрестерінде көрініс
тапты.Атамекенге сүйіспеншілікті қалыптастырушы тәрбие адамгершілік
тәрбиесімен тығыз байланысты. Өйткені адам бойындағы асыл қасиеттер
атамекенге деген сүйіспеншіліктен де туындайды. Оқушылардың атамекенге
деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда жеке тұлғаның әлуметтік жағынан құнды,
жағымды қасиеттерін дамыту ғана емес, сонымен халық педагогикасы арқылы
оқушыларға сапалы білім беріліп, біліктері мен дағдыларын орнықтыруға да
назар аударылған.Атамекенге сүйіспеншілікті қалыптастыру кең мағынада
ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет, ол оқушыларға халық педагогикасы
негізінде сапалы білім беру, оларда ікерлік пен дағдыны дамытуға
шығармашылықты арттыруға, жеке тұлғада атамекенді қадірлеу, сүю, көркейту
секілді атамекенге деген сүйіспеншіліктің белгілерін, қалыптастыруға,
саяси сана мен ойлау қабілетін арттыруға бағытталған.
Мысалы география пәнінде оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін
қалыптастыратын халық педагогикасымен сабақтастыруда пәнаралық
байланыстардың артатыны байқалады.Туған өлке географиясы– тақырыбынөткенде
өткенде ауылдың, яғни атамекеннің өсімдігі мен жануарларын түсіндіргенде
биологиямен,атамекен шежіресін өткенде тарих пәнімен, атамекен жырларын
келтіргенде әдебиетпен, тіпті атамекеннің көрікті жерлерінің суреттерін
салддырғанда бейнелеу өнері пәндерімен байланыстырамыз.Мысалы, Туған өлке
географиясы тақырыптарын өткенде поэзия жанры мен туған өлке материалдары
арқылы оқушыларды атмекенді сүю қорғау, қастерлеу және көркейту сияқты
борыштарын дамыту көзделді. Оқушылар өздері тұратын жерлердің өсімдік,
жануар дүниесімен танысып, су, ауа мен топпрағына зерттеу жұмыстарын
жүргізеді. Теориалық тұрғыда өз жерлерінің тарихи шежіресіне шолу жасап,
мәдениеті мен тарихын қарастырады.Нәтижесінде олардың шығармашылық,
іздемпздық, орындауылық қабілеттері дамиды. Осы тақырыпты орта мектепте
өткенде оқушыларға көптеген тапсырмалар беріліп, материалдар
жинақталды.Ауылдың ландшафтын білу үшін оқушылар таныымжорықтар мен
топсеруендерге шықты. Бұл ауыл жайында өлең-жырлар жинақталған. [24;12-
17]
Өсіп келе жатқан ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу қшанда толастамаған.
Сонау төңкеріс жылдарынан бастау алатын советтік патриотизм Ұлы Отан
соғысында жеңіске жеткізді. Одан кейінгі жылдары патриотизмге баулу жан-
жақты, үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу, коммунистік мораль қалыптастыру
аясында жүргізілді. Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу мектептің
тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрады. Патриотизмнің тарихи
элементтері туған жерге, анна тіліне, салт- дәстүріне сүйіспеншілік
түрінде, ықылым заманнан қалыптаса бастаған. Таптық қоғамда патриотизм
мазмұны да таптық тұрғыда көрініс табады, өйткені әрбір тап Отанға деген
көз қарасын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді. Патриотизм қазақ халқымен
бірге жасасып келе жатқан рухани сезім болып, ауыз әдебиетінен кең орын
алған. Орхон- Енесей жазбаларында патриотизмнің қайнар көзі Мемлекет,
Отан, Атамекен, ел-жұрт -деген сияқты ұғымдар келтірілсе, Қорқыт ата
кітабында жауынгерлердің мінез- құлқына сипаттама беріледі. Отанға, елге
деген сүйіспеншілік батырлықтың келіп шығу тегі, батырлардың мінез-құлық
ерекшеліктері, батырлық кәсіптің маңызы, ер азаматтардың міндеті жайлы
Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Яссауй, Сайф-Сайран, Әбу-Насыр-әл –Фараби,
Махмұд Қашқари т.б. еңбектерінде келелі пікір айтылған. Мектептегі тәрбие
жұмысын халықтың педагогика негізінде ұйымдастыру туралы көп жылдардан бері
айтылып келеді. Егер осы идея толығымен жүзеге асатын болса, оқушыларды
патриотизмге тәрбиелеу мәселесін ерекше бөліп қараудың қажеті бола қоймас
еді. Өкінішке орай сабақтан тыс тәрбие жұмысы бір жүйеге түсе қойған жоқ,
әлі де болса стихиялы сипатқа ие. Өсіп келе жатқан жас буындарға патриоттық
тәрбие берудің психологиялық тетіктерін Ә.Алдамұратов, С.Әсімбетовалар
Азамат болу, ел қамын ойлау атты еңбектерінде көрсеткен. Сонымен бірге
Қ.Б.Жарықбаев халықтық педагогика, ұлттық психологияға қатысты еңбектерінде
отаншылдыққа тәрбиелеуге мән берді . Жастардың бойында ұлттық патриоттық
сана-сезім қалыптастыруға зианын тигізіп отырған аппарат құралдарын сынай
келе Рухани жұтаңдық қайдан шығады атты мақаламен Б.А.Абыраев
жастарымыздың кафе, мейрамханаларға әуес болып, жеңіл -желпі ән-күйлерге
еліктеуінің рухани жұтаңдыққа апаратынын баяндайды.[22;10-15 ]

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын қалыптастырудағы
еліміздің даму тарихы.
Қазақ даласын мекендеген тұрғындар арасында сақ дәуірінен бастап бет-
бейне жағынан Орталық Азиядан шыққанын көрсететін моңғол тұрпатты аралас
адамдар пайда болды. Шаруашылықты жүргізудің сол кездегі жағдайында
неғұрлым прогресшіл тәсілі болып табылған көшпелі мал шаруашылығына қарай
ойысу да тап сақ дәуіріне сай келеді.
Мұндай Иран басқыншыларының, ұлы Ескендір Зұлқарнайын армиясының
шабуылдарын тойтарыс беріп тоқтатқан мемлекеттер пайда болды. Мұндай адам
мен ат одағы құрылып, соның арқасында түркілер мен басқа да көшпелі
халықтар сол кезде өздеріне белгілі болған әлемнің тең жартысы тізе
бүкітіріп, бағындыра білді және оның қалған бөлігі – Батыс Европа мен
Қытайды үрейлі қорқыныштан көз аштырмады. Мұнда, Ертістің, Іленің,
Сырдарияның, Жайықтың және Еділдің жағалауларында орасан зор империялардың
– ғұндардың, түркі қағанаттарының, қарлұқ мемлекеттерінің, моңғол хандары
мен олардың мұрагері ұлыстарының – ғажайып астаналары пайда болды.
Орасан зор Евразия құрлығындағы орталық кең-байтақ алқапты дала мен
құмды шөлдер белдеуі алып жатты. Міне, тап сол кеңістікте көшпелі ұлы
мемлекеттер пайда болды. Қазіргі Қазақстанның және оған шектес жатқан
аймақтардың аумағында дүниеге келген алуан түрлі мәдениеттер әлемнің
көптеген халықтарының дамуына айқындаушы ықпалын тигізді.
Орталық Азиядағы алғашқы ірі көшпелі империя біздің дәуірімізге дейінгі
ІІІ ғасырдың соңында құрылды. Ол сюнну (хунну, ғұндар) империясы еді. Ол
көп ұзамай – ақ Байкал сыртынан Тибетке дейінгі, Орта Азиядан Хуанхэге
дейінгі аймақты басып алып, өзінің дүркін – дүркін баса-көктеп кіріп
баратын шабуылымен ежелгі Қытай мемлекетін жарты мың жыл бойы қалтыратқан
үрейлі қорқынышта ұстады. Біздің дәуіріміздің IV – V ғасырларында ғұндардың
Европа мен Батыс Азиядағы жасаған шабуылдары туралы жылнамалар хабарлайды
[25; 77-85]
VI ғасырда Евразиядағы тарих сахнасына жаңа тарихи тұлға – Түркі қағанаты
– Түркілердің далалық империясы шықты. Ол өзінің гүлденіп өсуінің шырқау
шегіне жеткен кезінде Қиыр Шығыстағы Кореядан Қара теңіздегі Қырымға
дейінгі орасан зор шетсіз – шексіз кең байтақ аумақты алып жатты. IV – VIII
ғасырлардағы жылнамалар Европада түркілердің алғашқы легі аварлардың,
бұлғарлардың, суарлардың, хазарлардың пайда бола бастағанын жазады. Содан
кейін шығыстан батысқа қарай оғыз – печенегтер, түркілер, салжұқтар, сондай
– ақ құрлұқтар қыпшақтар (половцылар, құмандар), қырғыздар ағылды. Түркі
тайпалары Қазақстан мен Орта Азияның мол аумағын мекендеп қалды да, Иран
мен Закавказьеге басып кіре бастады. Ал, ХІ ғасырда олардың бір бөлігі
(оғыздар мен түрікмендер) Кіші Азияға қоныс аударды. Қысқасы, түркі
тайпалары осылай тарала келіп, бірте-бірте отырықшылыққа көшкеннен және
жергілікті халықтармен араласа бастағаннан кейін, ал кейде көшпелі өмір
салтын сақтап қала отырып, шығыстағы якуттардан (сахалардан),
тувалықтардан, алтайтықтардан, қазақтардан, ұйғырлардан бастап батыстағы
шуваштарға, газауздарға, Еділ мен Қырым татарларына, құмықтарға,
қарашайларға, балқарларға және түріктерге дейінгі халықтардың орасан зор
тобы құрылды.
Біздің арғы ата – бабаларымыз Қиыр Шығыстағы Батыс Европаға дейінгі,
Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі
мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді [25;86-87]
Орасан зор кең – байтақ аумақта қоныс аударумен болған көшпелілер
Евразияның этностық және мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет
өзгертті. Дүние жүзіндегі аса маңызды тілдік топ – алтай тілдік тобының
(негізінен оның түркі және моңғол тілді тармақтарының), оған қазақ тілі де
кіреді, ежелгі және ортағасырлық замандарда кеңінен таралуы ортазиялық
көшпелілердің ұдайы қоныс аударып отыруына байланысты болды. Мейлінше, кең
тараған тілдік топтардың бірі – түркі тілдік тобының Евразияға қарай жылжып
ене бастауы – сол кезеңде пайда болған құбылыс.
“Алғашқы кезде көшпелі өмір салты көшпелілердің (командардың)
табиғи дене бітімінің жетілгендігі және психологиялық жинақылықпен
жұмылғыштығы арқасында серпінді қарқынмен жедел дамудың маңызды факторына
айналды. Сол заманның бізге дейін жеткен қорымқорғандарынан табылған
аңдардың ширыққан бейнелері, шайқас пен текетірес көріністері ілгері
дамудың нысаны болғаны тіпті де тегін емес. Техникалық тұрғыдан жетілудің
жаңа деңгейі байланыс жасау саласында шын мәнінде соны серпіліс жасауға
мүмкіндік берді. Дүние көкжиегінің шекарасы кеңейе түсті, орасан зор
аумақтарда жаңа үлгілер мен өлшемдер көзді ашып-жұмғанша дерлік тез
таралатын болды” [30;87-88]
Бәрі де бұдан бірнеше ғасыр бұрын басталған болатын. Аңыздың айтуы
бойынша, жау қырғынға ұшыратып кеткен тайпаның тас-талқаны шыққан жұртында
тірі қалған нәрестені бір қаншық қасқыр Шығыс Тянь-Шань тауындағы өз
апанына алып барып, аман асырап өсіреді, кейіннен одан тапқан он баланың
анасына айналады. Ержеткен балалар өздеріне жар тауып, үйлі-баранды болады.
Қаншық қасқырдың немерелерінің бірі Ашина деген атқа ие болады. Соғды және
сақ тілдерінде бұл есім көк түсті реңк дегенді білдіреді. Егер қаншық
қасқыр асырап өсірген ағайынды Ромул мен Рем билікке таласып, өз бауырын
өзі өлтірген Ромул Римнің негізін қалаушыға айналса, Тянь-Шань қасқырының
балалары Евразияның көптеген халықтарының арғы аталарына айналды. Ол
халықтар өздерінің бір-бірімен туыс екендігін күні бүгінге дейін айқын
сезінеді. Көк бөрінің жалпы түркі тектес халықтардың бәріне ортақ қасиетті
тотенге айналуы, ал біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туынның
негізінен көгілдір аспан түстес болуы тіпті де кездейсоқ нәрсе емес.
Тарихи деректерде “түркі” терминдік атауы VI ғасырдың екінші жартысында
кездеседі және содан бастап кеңінен таралғаны көрінеді. Түркі қағанаты
құрылғанға дейін “түркі” сөзі он (кейінірек он екі) тайпаның 460-жыл
шамасында Алтайда пайда болған одағы деген мағынаны білдіріп келген
болатын. Түркі елі дүниеге, міне осылай келген еді [30;84]
Түркілердің ұлы жабғысы Бумынь 552 жылы ақ киізге көтеріліп, орасан
зор, алып империяның алғашқы қағаны болады. Оның ұрпақтары Орталық Азия мен
Оңтүстік Сібірге түркілердің үстемдігін берік орнатты, ал Қытай
императорлары оларға алым-салық төлеп тұрды. Түркі тайпаларының иелігіндегі
аумақтың бұдан кейінгі ғасырлардағы кеңейе түсуі, географиялық факторларға
байланысты болса керек. Орталықтағы Евразия кеңістігінің әртүрлі аймақтарға
бөлінетін географиялық шекаралары жоқ. Өзендер тілгілеп жатқан Ұлы дала
Карпат таулары мен Қара теңіздің солтүстік жағалауларынан бастап бір
қиырдағы сонау Тынық мұхиттың батыс жағалауларына дейін созылды. Онда
тіршілік етіп, аман қалу тәсілі өмірлік маңызы бар кеңістікті кеңейте
түсуге тікелей байланысты болды. Өйткені кең даланы мекендеген халықтарды,
Европадағы мемлекеттер сияқты, жолы қиын географиялық кедергілер қоршап
жатқан жоқ еді. Кең – байтақ кеңістікте өмір сүру салтын қамтамасыз ету
үшін тез көшіп-қонатын мүмкіндіктер тудыру қажеттігі империя аумағы ұдайы
ұлғайтып отыруды қажет етті.
Бір бөлігін Қазақстанның кең-байтақ даласы құрайтын Евразияның
Хуанхэ өзенінен Карпат тауларына, Орта Азия мен Шығыс Түркістанның шөлейт
аймақтарына және Евразия тундрасына дейінгі орасан зор далаға ұласқан
шетсіз-шексіз алып аймақты игеру тек көшпелі малшылардың ғана қолынан
келетін еді. Түйе, жылқы, қой-олардың әрі көшіп-қонып жүретін күш көлігі,
әрі ет, сүт, тері, жүн беретін, яғни көшпелілердің азық-түлігін де, киім-
кешегін де, баспанасын да қамтамассыз ететін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу
Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастыру
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері
Әдеби туындыны бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негізін жасау
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері туралы ақпарат
Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Әдебиеттік оқу пәнінен отансүйгіштік, елжандылық бағытындағы тапсырмалар
Өлкетану деректерін жинақтау
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшелектері
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Пәндер