Салық бақылауының жіктелуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 4.

I . Салықтық бақылауды ұйымдастырудың обьективті қажеттілігі мен экономикалық маңызы.

1. 1. Салықтық бақылауды ұйымдастырудың экономикалық мазмұны, мақсаты және мүддесі. .

1. 2. Салық бақылауын ұйымдастырудың объективті қажеттілігі мен негізгі принциптері

ІІ. ҚР салықтық бақылауды ұйымдастырудың тәртібі

2. 1. Салыктық бақылаудың зандық және нормативтік негіздері……….

2. 2. Бюджетке түсетін түсімдерді салықтық бақылаудың жүргізідің тәртібі және оның тиімділігі. .

2. 3. ОҚО және Ордабасы ауданы бойынша салықтық комитеттінде жүргізілген салықтық бақылау нәтижелер

ІІІ. Салыклық бақылаудың тиімділігін арттыруды жетілдіру жолдары

3. І. Салық комитетінің жұмысының ұйымдастырылуын және салықтық бақылауды жетілдіру.

3. 2. Мемлекеттік салық қызметінің ақпараттануы және олардың іс-әрекетінің бағалық көрсеткіші, оларды дамытудың қажеттілігі

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі. .

Кіріспе

Бақылау мәселесі экономика ғылымында бүгінгі таңда бірінші қатардағы жоспарда тұр, яғни, өте өзекті мәселе болып отыр. Бақылау мәселесін зерттеген көптеген авторлардың көзқарастары бақылаудың - басқарудың кұрамдас бір бөлігі екендігін, оның кез-келген дәрежеде біліктілікпен баскару мүмкін еместігін айтуда түйісіп отыр, және де басқарьшушы жүйе неғұрлым көпжақты және кәсіби болса, солғұрлым бақылау да кұрделі болуы тиіс.

Кеңестік дәуірдің салықтық-қаржы әдебиеттерінде бақылау мемлекеттік және коғамдық өмірдің рәміздерінің бірі ретінде, экономиканың дұрыс дамуының маңызды жағдайы ретінде қарастырылды. Бақылаудың жан-жақгы қажеттілігі, оның түрлері мен жүзеге асырылу әдістері және т. б. ашып көрсетіліп отырды. Бірақ ол кездегі қаржы бақылауы бүгінгі экономикамыздағы салықтық бақылау екеуі тіптен екі түрлі.

Мемлекеттік бақылау түрлері оның ішінде мемлекетгік қаржы бақылауы терең зерттеліп, содан кейін ғана мемлекеттік саяси, экономикалық және әлеуметгік қайта құрулар сәйкес шешімдер мен ережелер бекітіледі. Олардың орындалуынсыз қоғам алға қойған мақсаттарына: экономикалық өсімге, қаржы тұрақтылығына, азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге, олардың қауіпсіздігіне және тағы сол сияқтыларға қол жеткізе алмайды.

Бұл туралы А. Смит 1776 жылдары-ақ салық жүйесі кағидаларын жасағанда: мемлекеттің қол астындағылар мүмкіндігінше өзінің үкіметін ұстауға өз мүмкіндіктері мен күштеріне сәйкес қатысулары керек, яғни, олардың мемлекеттік қорғаныс пен қамқорлықты пайдалануы дәрежесіне сай болуы керек деп айтып кеткен (15-588 бет. ) .

Біздің ойымызша бақылау дегеніміз кері байланыстың бір түрі бола отырып, сол сәтте басқару шешімдерінің орындалуына катализатор бола алады. Басқарылу обьектісі туралы қажетті акпараттарды алып, оны талдау арқылы оған шаралар қолдануға, яғни, жағдайды түзетуге бағытталған нормативтік аклілермен баскару шешімдерін қабылдау кажеттігі туралы қорытындылар жасауға болады.

Ал салықтық бакылау дегенімізде салық заңдылықтарының: Салық кодексі, және зандық нормативтік актілерді т. б. орындалуын бақылауды түсіну қажет. Негізгі заңның бұзылмауын қадағалау - ол Заңның әр бір саласына қатысты жалпы мемелекеттің міндеті. Құқықтық нормативтік актілерді шығарып және оның орындалуын бақылауды жүзеге асыра отырып, мемлекет қоғамдық саяси жүйенің субъектісі ретінде әрекет етеді. Сол арқылы мемлекеттік бақылау заң мен тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Сол жағынан салық зандылықтарының сақталуын бақылау басқа салалардан ешбір айырмашылығы жоқ.

Сонымен қатар салық зандарын бақылау, мемлекеттің табысы болып табылатын салықтың түсуін қамтамасыз ету құралы екеңдігін көрмеу мүмкін емес. Яғни, бұл дегеніміз салықтық бақылаудың негізінде мемлекеттің материалдық қызығушылығы жатыр.

Баскаша айтар болсақ, егер басқа жағдайларда қоғамдық қатынастарды реттей отырып, мемлекет оған қатыспайтын болса, салыктық құқыктық қатынаста мемлекет әрі реттей тұрып, оған қатынасады.

Мұның барлығы басқа мемлекеттік бақылау түрлерінен салықтық бақылаудың өз алдына ерекше жүгі бар екеңцігін бөліп көрсетеді.

Біздің ойымызша қорыта айтар болсақ салықтық бақылау мемлекеттік

бақылаудың барынша жақсылап ұйымдастырылған түрінің бірі болып табылады. Мысалы: салықтық бақылаудың ұйымдастырылуын экологиялық және санитарлық сияқты бақылаулармен салыстыруға болмайды. Мұндағы мемлекеттің материалдық қызығушылығы салыктық бақылаудың барлық аймағына қатысты болады, яғни төленбеген салықтың салдары баска экономикалық, әлеуметтік сияқты салаларға да әсерін тигізеді.

Дипломдық жұмысты осы тақырыпта алуымның себебі, мен біздің еліміздің халқының табысты болуының және экономикасы дамығын елдерінің қатарыннан қалмауын қалаймын, ал бірақ бұл іс -шараларға төмен салықтық мәдениетпен, мемелкеттің бюджеттінің кіріс бөлігі аспай жету мүмкін емес.

Сондықтан осы диплом жұмысында мен салықтық бақылаудың қажеттілігін, жүргізу әдістерін және принциптерин талдап, ОҚО бойынша салықтар мәселерін жағдайдын нақты талдап, өзімнің көз қарасымнан жаңа бақылау әдістерін таппақшы болдым.

Қойылған мақсатқа сәйкес, төмендегі міндеттерді шешуге әрекеттер жасалды:

-салықгық бакылауды ұйымдастырудың экономикалық маңызы мен объективті қажетгілігін ашу;

-салықгық бақылаудың заңдық және нормативтік негіздеріне талдау жасау;

-салыктың бақылаулық қызметінің мазмүнын, қаржылық бақылаудың жүйелес бөлігі ретіндегі спецификасын, сонымен бірге мәні мен ұйымдастыру принциптерін қарастыру;

-салықгық бакылау ұйымдастыру мен бюджетке түсетін төлемдерді бақылаудың жүргізілу тәртібі мен оның кейбір салаларға әсеріне талдау жасау;

-салыктық бақылаудың салық комитетгеріндегі ұйымдастырылуы мен ақпараттық даму деңгейіне баға беру және болашағын зерттеу;

-жалпылама салық органының жұмысын негізге ала отырып салық бақылауының ұйымдастырылу ісін және әдісін жетілдіру бағыттарын қарастыру;

-ҚР салық қызметіндегі салықгық бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша нақгы үсыныстар жасау және оларға негіздер беру.

Жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және қорытынды дан құрылған.

І бөлімінде салықтық бақылауының теориялық негіздері қарастырылған, ал екінші бөлімінде ОҚО бойынша нақты жағдай талдалған және үшінші бөлімінде салықтық бақылауды жетілдіру бағыттары берілген.

I . Салықтық бақылауды ұйымдастырудың обьективті қажеттілігі мен экономикалық маңызы

1. 1. Салықтық бақылауды ұйымдастырудың экономикалық мазмұны, мақсаты және мүддесі

Қазіргі тандағы экономистер салықтық бақылауға төмендегіше белгілермен сипаттамалар береді:

Біріншіден, салықтық бақылау мемлекеттік бақылаудың бір түрі болып табылады. Яғни, оны мемлекеттің бақылау қызметін атқарушы мемлекеттік орган жүзеге асырады. Сонымен бірге бұл мемлекеттік орган біржақты мемлекеттің өкілетті органы ретінде бөлінісі, сол берілген функцияны аткару мүмкіндігіне ие.

Екіншіден, салыктық бакылау қаржылық бақылаудың бір түрі болып табылады. Қаржалық бақылауға Худяков А. И. : бұл мемлекетгік және қоғамдық органдардың орталықтанған және орталықтанбаған ақша қорларының қалыптасуы, бөлінуі мен қолданылуы процестерін тексеруге негізделген іс-әрекеті, деп анықтама береді (14-184-219 бет) . Оны жүргізу барысында мекемелер мен кәсіпорындардың және азаматтардың ақша қорларын занды және мақсатгы пайдалануын тексереді. Сол арқылы экономика дамуына және халық жағдайын жақсартуға тиімді қолданылуын қадағалайды.

Салық бақылауын жүзеге асыру барысында мемлекеттің қаржылық іс әрекетіне бағытталған, ақша қорларын құрауға кететін, осы мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамына кіретін табыстарды жинау болып табылады.

Үшіншіден, салықтық бақылау мемлекеттік бақылаудың арнайыланған түріне жатады. Бұл бірінші кезекте салықтық бақылауды тек арнайы өкілетті орган ғана жүзеге асыра алатындығынан көруге болады.

Салықтық бақылаудың арнайылылығы оның төртінші қырын - функционалдығын ашады, кез-келген салықтық міндеттері бар занды және жеке тұлғалардың олардың меншік түрлеріне, ұйымдастыру құқықтық нысанына және айналысатын іс түріне қарамай кез-келгені оның обьектісі бола алатындығынан көруге болады.

Жоғарыдай айтқанымыздай салықтық бақылау экономикадағы алатын орыны ерекше болғандықтан, оның мазмұны да өте теренде жатыр. Біздің пікірімізше осы күнге дейін оның мазмұны толық ашылмаған. Салықтық бақылаудың экономикалық маңызы, оның салық жүйесінің құрамдас бөлігі ретіңдегі қоғам қозғалысына әсеріңде. Яғни, салықтық қатынастарды бақылау арқылы, салықтық түсімдерід арттыру арқылы қоғамға оң әсері тисе, кейбір салық төлеуден жалтарушыларды анықтау барысында, оларды жазалау барысында кері әсерін көре аламыз.

Басқа тұрғыдан қарасақ, әрбір төленуге тиіс бірақ бюджетке түспеген соманың қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, қорғаныс және саяси т. с. с. салаларға әсері бар.

Кейбір салық-қаржы, экономикалық әдебиеттерде: Салықтық бақылаудың өздігінен айтарлықтай күрделі ұйымдық жүйе болып табылатындықтан және төмендегінше элементтерден:

а) бақылау субъектісі;

б) бақылау объектісі;

в) бақылау тақырыбы немесе пәні;

г) бақылау мақсаты;

д) бақылауды жүзеге асыру әдістерінен тұратындығын білеміз (12-252 бет) .

Салықтық бақылаудың субъектісі дегеніміз мемлекеттің салық қызметі, яғни, тек салықтық тексеру жүргізуге құқығы бар орган - салық комитеті.

Салық бақылауының объектісі болып, салық заңдылықтары бойынша заңды міңдеттемелер жүктелген тұлғалар табылады. Оларға төменге негізгі топтарды жатқызуға болады:

  1. салық төлеушілер;
  2. салық агентгері;
  3. банктер;

4) салық төлеуші туралы ақпараттары бар тұлғалар.

Салықтық бақылау тақырыбы дегеніміз тексерілушінің салық зандары, Салық Кодексі, заңдық нормативтік актілер және де ресми құжаттар бойынша атқаруға тиіс, орындауға тиіс міндеттері.

Салық бақылауының мақсаты:

  1. салық зандарын бұзушылық фактілерді немесе салықтық құқықтық қатынастарда қатысушының өз міңдетін сапасыз орындалғанын анықтау;
  2. айыптыларды анықтау және оларды занда бекітілген жауапкершілікке тарту;
  3. салық заңын бұзушылықты жою;
  4. қарыздарды өндіру бойынша шаралар қолдану түріндегі мемлекеттің материалдық пайдасын қорғау;
  5. салық заңын бұзушылықтарды алдын алу.

Соңғы мақсат бойынша айтар болсақ салықтық тексеру барысында тіпті заң бұзушылық болмағанның өзіңде де салық төлеуші өзі де салықтық міңдеттемелердің орыңдалуын мүқият қадағалап отыратын болады.

Салықтық бақылауды әр түрлі аспектілерде: ұйымдастыру, әдістемелік, техникалық жағынан қарастыруға болады. Салықтық бақылаудың әдістемесіне келер болсақ бұл дегеніміз нақты жүзеге асырылатын әдістер мен тәсілдер.

Салықтық бақылауының жалпы жіктелуін төмендегі сызба 1 көруге болады.

Сызба 1. Салық бақылауының жіктелуі

Салықтық бақылауды әртүрлі негіздерін құрай темендегіше жіктеуге де болады.

Салықтық бақылауды жүзеге асыру формасы бойынша:

  1. тікелей бақылау;
  2. сырттай бақылаудеп бөлуге болады.

1) Тікелей салық бақылауына біріншіден тексеру бақылау обьектісінде өтетіндігінен, екіншіден тексеруші тұлға алғашқы құжаттармен, салықтық есепке қатысты құжаттарды тексеруін талдау. жасайтындығымен сипаттауға болады. Бұл салык бақылауына құжаттық тексеру рейдтік тексеру, хронометражды тексеруді жатқызуға болады.

2) Сырттай салық бақылауы: біріншіден бақылау субъектісі мен обьектісі тексеру жүргізу кезінде байланысқа түспеуі мүмкін, яғни сырттай тексеру жүргізіле беретіңдігінен сипатталады. Яғни тексеруші негізін есептіліктермен жұмыс істейді. Бұл салықтық бақылауға камералдық тексеруді жатқызуға болады.

Салық бақылауы өткізілу уақыты бойынша алдын-ала, қазіргі немесе ағымдағы және кейінгі деген түрлерге бөлінеді.

Алдын-ала салықтық бақылау, аты айтып тұрғандай-ақ кез-келген қаржылық шаралардың жүзеге асырылу барысында ешқандай салық заңдылығына қайшы келмеуі үшін жасалады. Кейде бұл тексеру түрін жедел тексеру деп те атайды. Бұл тексеру түрін салық төлеуші банктерде шот ашу кезінде рұқсаттарына виза қойдыру кезінде, мекемені ашу құжаттарын оку, әр түрлі келісім-шарттарын, жедел амортизация әдісін қолдану бойынша есеп сметаларын қарау, жаңа салық төлеушіні тіркеу барысында жүзеге асырылады. Шет еддер тәжірибесінде қазіргі кезде алдын-ала бақылаудың ролі күшейген. Мысалы, Швецияда салыктық бақылау органы алдын-ала болатын іс-шара бойынша салыктық міндеттемелерінің көлемі көрсетілген қаулы беретіндігі тәжірибеге енді. Бізде аддын-ала бақылау түрі өте сирек колданылады. Бұл бақылау турі мерзімдік сипаттағы кәсіпкерлік түрімен айналысатын занды немесе жеке тұлғалардың келісімімен жүзеге асырылады.

Ағымдағы бақылау түрін де жүзеге асыра беру салық жүйесінде мүмкін емес. Оны жүзеге асыру үшін бақылаушы орган - каржылық операцияға қатысты болуы керек. Яғни, бұл бақылау түрі негізінен салық және басқа да бюджетке міңдетті төлемдердің толық және дер кезінде түсуін банктік информациялар негізінде бақылауға арналған. Сонымен бірге бюджеттік жүйелердің деңгейлеріне бөлуі туралы қазынашылық органының ақпаратын бақылау, кәсіпкерлікпен айналысушы тіркеуге тұрмаған немесе лицензиясы жоқ тұлғаларды анықтау үшін, салық төлеушінің төлеуге қабілетсіз болуының себебін зерттеу барысында жүзеге асырылады.

Осылайша айтар болсак кейінгі салықтық бақылау түрі ең негізгі салықтық бақылау түрі болып табылады. Кейінгі бақылауда салык органы тарапынан барынша толық тексеру арқылы жүзеге асырылады. Бұл бақылау түрі мекеменің-салык төлеушінін каржы-шаруашылық іс-әрекетін жан-жақгы терең зерттейтіндігімен, сол арқылы алды-ал ағымдық бақылауларда көрінбеген кемшіліктерді анықтайтындығымен ерекшеленеді.

Тәжірибе жүзінде ең көп қолданылатын бақылау кейінгі бақылау түрі десек те, жоғарыды аталған барлық бақылау түрлері бір-бірімен өзара байланыста қолданылуда. Бақылаудың нақты бір түрін тандап алу салық жүйесінің және салықтық бақылауды ұйымдастырылуының даму дәрежесіне байланысты.

Салықтық бақылау ішкі және сыртқы сипатта болады.

Ішкі бақылау түрі-бақылау субъектісі мен бақылау объектісі бір ұйымдық жүйенің бөлімдері болған жағдайда жүргізіледі. Мысалы, Министірлік өзіне қарасты ведомстваларды өз салық міндеттемелерін, заңдылықтарын қалай орындап жатқандығын тексереді.

Сыртқы бақылау өзіне қарасты емес субъектілерге қатысты жүзеге асырылады. Мұндай бақылау салық комитеті органдарының тексеруіне тән .

Салықтық бақылаудың ішкі бақылау түрі қажет екендігі күмәнсіз: әрбір салық төлеуші өзінің салықтық міндеттемелерін толық және дер кезінде орындауға ұмтылуы керек. Бірақ бұл бақылауды ішкі бақылау мемлекеттік бакылау деп айтуға да болмайды-мұнда салық төлеуші өзін-өзі бақылайды.

Біріншіден салыктық бақылау-ол мемлекеттің өкілетті органы мемлекет атынан жүзеге асырылады. Ішкі бақылауды мекеме басшысы жасаса ол мемлекеттік орган ретінде қарастырыла алмайды.

Екіншіден салықтық бақылауда бақылаушы субъект-бақылаушы объект деген сызбамен(схема) жүзере асырылады ішкі бақылау жағдайында бақылаушы объект өзін-өзі тексереді.

Сондықтан ішқі шаруашылық бақылау қажет бола тұрса да, оның салық тәртібін жақсартуға әсері бар болса да, оны салықтық бақылауға жатқызуға болмайды, салықтық бақылау тек салыктық қатынастарға ғана билеуші және бағынушы моделі түрінде жүзеге асырылып отырады. Мұнда бақылаушы мемлекеттік орган, яғни, мемлекет өкілеттік берген салық органы болып табылады. Сондықтан да аудиторлық тексерулерді салықтық бақылауға жатқызуға болмайды.

Аудиторлар барлық салыкқа қатысты мәселелерді, салықтық қатынастарды салық төлеушінің өз арызы бойынша тексере алады. Бірақ аудитор немесе аудиторлык ұйым мемлекеттік орган емес. Және де мұндағы тексеру субъектісі мен салық төлеуші салықтық-құқықтық емес, азаматтық-құқықтық сипатта жүргізіледі. Аудиторлық қызметтің негізгі принциптерінің бірі, құпиялылық болғандықтан, салықтық тексеру кезінде аудиторлық тексеру актісін көрсетуге салық төлеуші міндетті емес.

Осыған байланысты салықтық бақылауды мемлекетгің қаржылық іс-әрекетінің бір түрі ретінде және барлық салықтық тексерулерді ажырата білу керек.

Салықтық бақылау негізінен үкім орындаушы органының іс-әрекеті арқылы, ал нақтылай айтқанда-мемлекеттік салық органы арқылы ғана іске асырылады.

Бірақ кұқық қорғау органдары да салықтық бақылау жасай алатындығын айтпауға болмайды, тек салық органының қатысуымен.

Сотта төмендегіше істерді қарау барысында салықытқ бақылау әрекеттері байқалады:

а) салық органының арызы негізінде, түзелмейтін салық төлеушілерден салықтық қарыздарын өндіргеңде;

б) салық төлеушінің салық органы қызметіне шағымданған жағдайыңда;

в) салық төлеушінің салық органы қызметкерінің негізсіз әрекеті әсерінен келген шығынының орнын толтыру мақсатындағы жазған арызы негізіңце;

г) салық органы қызметкерінің салық төлеушіні қаржылық-құқыктық немесе әкімшілік-құқықтық жауапкершілікке тарту туралы шешіміне салық төлеуші шағымданған жағдайда;

д) салық телеушінің салық зандарын бұзуының нәтижесінде құрылған қылмыстық ісін қарау барысында.

Салықтық бақылау жүргізілетін шеңбердегі салықтық қатынастар сипатына қарай: материалдық және ұйымдастырушылық деп екіге бөлінеді.

Материалдық салықтық бақылау түрін материалдық салықтық қатынастар, салықтық міндеттемелердің орындалуы, яғни, салықтың толық және дер кезінде төленуі, сонымен бірге оның орындалуына қатысты элементтерді тексеруден өткізуі жатады.

Ұйымдастырушылық салықтық бақылау түріне ұйымдастырушылық реттегі салықтық-құқықтық қатынастар жатады. Яғни, мұнда салықтың есептелуі, ұсталуы аударылуының дұрыс-дұрыс еместігі анықталады. Сонымен бірге салық төлеушінің салық сомасын бюджетке аударуы туралы құжаттарының орындалуы бойынша банктің іс-әрекетін де тексеру жатады.

1. 2. Салық бақылауын ұйымдастырудың объективті қажеттілігі мен негізгі принциптері

Салықтық бақылауды ұйымдастырудың дамуы соңғы жылдары салық заңдарының тұрақсыздығы салдарынан, салық комитеті жұмысын ұйымдастырудағы мәселелердің туындауынан, салық төлеушілердің салық жүйесіне деген теріс көзқарастарының әсерінен көп қиындықтарға тап болуда. Бұл өз кезегінде салықтық бақылауды ұйымдастыру және әрекет ету барысында көрініс беретіні анық. Бірақ соған қарамастан бүгінгі қоғамда салық түсімдерін бақылаудың мағынасы, оның экономика және қоғамның әлеуметтік салаларына әсері туралы салыстырмалы түрде бірқатар ойлар түюге, сонымен бірге оны әрі қарай дамыту қажет екендігін көруге болады.

Салықтық бакылау мемлекеттің фискалдық қызығушылығын жүзеге асыруға бағытталған, сондықтан да оның мағынасын біздің көзқарасымызға бірінші кезекте мемлекеттің бұл ойы қаншалықты толық қанағаттандырылуда екендігі жағынан карастыруымыз керек.

Салықтық бақылау шаруашылық субъектілері мен жеке кәіпкерлердің әрекетіне әсер етеді. Салық заңдылықтарының талаптарына сай болу және айыппұл санкциясын төлемеу мақсатында олардың есептерін тәртіпке келтіругс, есептің қарапайымдалған түріне өтуге мәжбүр етеді, сонымен бірге бухгалтерлік есепті каржылық және өндірістік етіп бөлу қажеттігін ұсынады. Мекеменің есеп-бухгалтерлік аппарат кұрамынан салық төлеу бойынша жауапты білікті қызметкерлер немесе заң, экономика мәселелері, экономикалық талдау, бухгалтерлік есеп және тағы басқа да мәселелер бойынша мамандар бірге, тығыз жұмыс істейтін топтар бөлінеді.

Кесте 1. Қазақстан Республикасы салық органының бір маманына мемлекет таранынан 1 жылда кететін шығын динамикасы. *

:
2003 жыл:

2003 жыл

2004 жыл:

2004 жыл

:

Бір жылға салық комитеті

қызметкеріне кететін шығын көлемі (мың теңге)

2003 жыл:

130, 5

2004 жыл:

171, 7

:

Тексеруден кейін қосымша есептелген төлемнің бір салық комитеті қызметкеріне қатынасы

2003 жыл:

5572, 0

2004 жыл:

4905, 4

*Кесте мәліметтері ОҚО салық комитетінің деректерінен алынған

1 Кестеде көріп отырғанымыздай мемлекеттің фискалдық қызметке жұмсаған қаражатының ақталуда деп есептеуге болады. Салық органы қызметкерлері жинакталған өз тәжірибесінен салық жүйесін барынша қарапайымдандырмай, оның шығыны азаймайтындығын біледі. ҚР салык кодексі бойынша салықтық бақылауда-салық қызметі органы тек салық зандарының орындалуын ғана емес, сонымен бірге міндетті зейнет акы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына және де Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына аударымдардың толық және өз уақытында аударуын да бакылайды. Салық кодексінің 517 бабының 2 тармағының 11 бөліміне сай салық органы басқа уәкілетті органдарды да бақылайды. Заңдарды қабылдау барысында Үкімет органдары алғашқы тәуелсіздік алған кездері кей жағдайда салық төлемдерін түсіру әкімшілігі бойынша салық комитетінің мүмкіндіктері толық ескерілмей жатты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүлік салығын төлеушілер және салық салу объектілер
Қаржылық бақылаудың түсінігі
Қаржыларды басқаруды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілік ету механизімін жетілдіру туралы
Мемлекеттік қаржылық-бюджетке түсінік
Салықтық бақылаудың нысандары мен әдістері
Кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдар мен кедендік бақылауға жататын көлік құралдар
Салық қызметі органдарының салықтық әкімшілік ету қызметін ұйымдастыруды және құқықтық негiзiн кешендi зерттеу арқылы салық органдарының қызметiн талдау және жалпылау негiзiнде салық органдарының бақылау-экономикалық қызметiн жетiлдiруге байланысты тәжiрибелiк ұсыныстар
Кедендік сараптама: мақсаттары, міндеттері, объектілері
Салық бақылауын жүргізудің әдістері және салық тексерісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz