Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін көрсету


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1. ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ6

1. 1. Лизингтің пайда болуы, мәні мен маңызы. . 6

1. 2. Лизингтің зерттелу тарихы мен лизинг түрлері10

2. ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ. 18

2. 1. Дамыған елдердегі лизингтік операциялардың сипаты . . . 18

2. 2. ТМД елдеріндегі лизингтік қызметтің ерекшеліктері28

2. 3. Лизингтің Қазақстанда даму деңгейі және оның тиімділігі . . . 31

3. ЛИЗИНГТІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ ЖОЛДАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ . . . 44

3. 1. Лизингтің Қазақстанда дамуының экономикалық механизмі… . . . 44

3. 2 Қазақстандағы лизингтік операциялар нарығының болашағы . . . 52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

ҚОСЫМША . . . 63

КІРІСПЕ

Ғылыми-техникалық прогрестің әсерімен өндірістің қайта ұйымдастырылуы, шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының түбірімен өзгеруі еліміз үшін материалдық-техникалық базаны жаңартудың және әртүрлі меншік нысанындағы субъектілердің негізгі құрал-жабдықтарын жетілдіру үшін дәстүрлі емес әдістерді іздестіру және ендіру қажет болып отыр. Осындай әдістердің бірі лизинг. Кәсіпкерлік саласындағы лизингтік бизнестің орны ең алдымен лизингтің объектісіне орай айқындалады.

Лизинг ұғымы Қазақстан экономикасына жаңадан келген ұғым. Оны біз Қазақстанның нарықтық экономикаға көшумен байланыстырамыз. Жоғарыда атап өткеніміздей, отандық өндірушілер үлкен тоқырауда тұрған кезде лизинг инвестициялар тартудың тиімді құралы ретінде еліміздің экономикасына инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Лизингтің инвестицияның басқа тәсілдерімен салыстырғанда артықшылығы мынада. Ол кәсіпкердің үй-жай және жабдық сатып алуға бүкіл қаражатын жұмсамай, оның бір бөлігін ғана пайдалана отырып, өз бизнесін дамытуға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде лизингке, әсіресе шағын және орта бизнес өкілдері айрықша қызығушылық танытады. Қомақты қаражатың болмаса да өндірісте озық технологияларды пайдалануға жол ашылады. Сонымен лизинг шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңызды құралына айналады.

Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.

Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылығы салалары кәсіпорындарының қаржылары болып табылады. Міне, осы буында нақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.

Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өрши түсуінің салдарынан инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.

Қазақстан экономикасы дамуының өзекті мәселелерінің бірі экономиканың базалық және басым салаларындағы негізгі құралдардың физикалық және моральді тозуы болды. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің, инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.

ҚР-да лизинг бизнесi даму үстiнде. Мұндай өсудiң себебi нарықта лизингке деген сұраныстың көбеюi.

Үкiмет Қазақстанның экономикалық өсуiне көңiл бөлуде, соның iшiнде шағын, орта бизнестi және инвестициялық өсуді дамытуда.

Лизингті жіктеудің қағидалары мен критерийлері шетелдік және отандық ғалымдар тарапынан біршама мол қарастырылған. Бұл мәселе әсіресе, В. Белов, Е. Кабатова, В. Анташов, Г. Уварова, Е. Чекмарева, В. Бочаров, В. Часовой, С. Медведков, В. Голощапов, В. Евстратов, Л. Гехт, А. Смирнов, К. Сусанян еңбектерінде кеңінен зерттелген. Алайда аталған ғалымдардың еңбектерінде лизингтік келісімнің мерзімі, объектісі мен субъектісі, т. б. мәселелер туралы көзқарастар біркелкі емес.

Қазіргі кезде дамыған мемлекеттердің шаруашылық тәжірибесінде лизингтің көптеген түрлері көрініс табады. Олардың ішінде негізгілеріне:

- Шұғыл лизинг;

- Қаржы лизингі;

- Қайтарылатын лизинг;

- Үлестік лизинг;

- Тура лизинг;

- Сублизинг жатады.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Ұлттық экономиканы көтерудің басым шараларының бірі ретінде инвестицияларды пайдалануды атады. Бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады. Сондықтан да лизингтің табиғатын, пайда болу тарихын, шет елдік және отандық тәжірибелерді, елімізде даму келешегін талдаудың маңызы зор. Осыған орай дипломдық тақырыпты таңдауға біріншіден, Қазақстан Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен қалыптасып, игерілмеуі; екіншіден, лизинг арқылы экономиканы инвестициялау бірден-бір дұрыс жол деп есептейтінім негіз болып тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.

Зерттеудің негізгі мақсаты лизингтің теориялық негіздерін зерттеу және оның шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы даму деңгейін, жетілу жолдарын іздеу және келешегіне болжам жасау. Осының негізінде дипломдық жұмыстың негізгі міндетері:

  • лизинг ұғымының түсінігін айқындау;
  • лизингтің даму тарихын, зерттелу үрдісі мен түрлерін сипаттау;
  • әлемдік және Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін көрсету;
  • Қазақстандағы лизингтік операциялардың дамуы мен болашағына зер салу.

Осы диплом жұмысында лизингтің пайда болуы, табиғаты және түрлеріне; Қазақстанның лизинг арқылы инвестициялар тарту тәжірибесіне; республикамыздағы лизингтік нарықтың қалыптасуы мен дамуындағы қолдаушы және кедергі келтіруші факторларға талдау жүргізілді.

Қазақстандағы лизингтік бизнестiң дамуына, жалпы экономиканың мәселесі және тағы басқа объективті, субъективтi жағдайлар әсер етеді.

Осы факторлардың кейбірі лизингтiк бизнестің дамуына кедергi болса, ал енді бір факторлар оның дамуына жол береді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1. Лизингтің пайда болуы, мәні мен маңызы

Тарихта лизингке ұқсас операцияның б. э. д. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавилонда жасалғандығы белгілі.

Тарихшылардың айғағы бойынша, лизингтік келісім бойынша алғашқы жазбаша дерек 1066 жылға жатады. Осы жылы Вильгельм Завоеватель норманд кеме иелерінен Британ аралдарын жаулап алу үшін кемені жалға алады.

Орта ғасырларда жалдау қызметі біршама шектеулі болды. Жалға негізінен ауыл шаруашылық құралдары мен ат берілді. Алайда уақыт өте келе жалдаудың әрқилы түрлері пайда бола бастады. Біршама тәжірибе жинақталды. Осындай тәжірибелер лизингтік қатынасқа негіз болады. 1248 жылы тұңғыш ресми лизингтік келісім жасалады, бұл кезекті крест жорығына дайындалған жорықшылардың келісімі болатын.

Ағылшын авторы Т. Кларк б. э. д. 1760 жылы қабылданған Хаммурапи патшаның заңдарында лизинг туралы бірнеше баптарды көрсеткен. Рим империясында лизинг туралы заң актілері Юстиан Институцияларында көрініс тапқан. Шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы “Белл Телефон Компани” деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді.

Дегенмен лизингтік операциямен арнайы айналысқан бірінші қоғам 1952 жылы құрылған. Ол Сан-Францискодағы американдық “Юнайтед стейтс лизинг корпорейшн” еді. Сөйтіп АҚШ жаңа бизнес түрінің отаны болып саналды. Европада 1962 жылы “Дойче лизинг ГМбХ” деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері Европада лизинг нарығы дамып келеді.

АҚШ пен Англиядағы лизингтік қызмет тәжірибесі КСРО-да қолданылмады. Тек ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде ғана кеңес азаматтары лизинг ұғымымен танысты. АҚШ өз одақтастарына қару-жарақты, азық-түлікті, техниканы, дәрі-дәрмекті осындай келісімдер негізінде берді. Алайда соғыстан кейін «лизинг» сөзі тоқсаныншы жылдарға дейін қолданылмады деуге болады.

Тек тоқсаныншы жылдардың басында ғана ТМД елдерінің үкіметі лизингке назар аудара бастады, оны инвестициялық қызметті ынталандыру үшін пайдаланудың алғашқы тәжірибелері жасала бастады.

Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы - жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушысы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.

Бірақ біздің ойымызша лизингтің мәнін толығымен келесі анықтама ашады.

Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.

Сонымен лизинг дегеніміз - лизингтік фирмалармен жүзеге асырылатын машиналар мен құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алуды білдіріп, тауарға меншік құқығын жалға берушіге қалдыратын инвестициялаудың ерекше әдісі болып табылады1.

Жалпы лизингтік компаниялардың басым көпшілігі лизингті қолданудың тиімділігін арттыру үшін банктердің көмегімен дербес қаржы көздерін тарту және өзара бірлестіктер мен одақтарға бірлесу арқылы ірілену саясатын жүргізуде. Лизингтік қызметтерді көрсететін компаниялар мен банктердің көбеюі бір жыл ішінде жасалатын лизингтік операциялар көлемінің артуына себепші болып, соңғы жылдары лизингтік мәмілелер мен операциялар саны қарқынды түрде арта түсті.

Лизингтің кез - келген анықтамасы осы жаңа несиелік құралдың барлық түрін қамтамасыз ете алмайтын шектеулі болып келеді, осыған қарамастан бір анықтама келтіруге болады, бұл анықтама - Еуропа Федерациясының лизинг құрылғысы (Leaseurope) туралы ұлттық ассоциациясының анықтамасы: “лизинг дегеніміз - бұл заводты жалға алудың - өндірістік тауарлар, құрылғылар, жылжымайтын мүліктердің келісім шарттарын жалға алушылардың өндірушілік мақсатында қолданылады, сонымен қатар жалға алушылардың тауарлары сатылуы қажет және ол өзімен бірге жеке меншік құқығын сақтайды”

Лизингтің негізгі ерекшелігі мыналардан тұрады жалға беруші бұрын қолданған мүлікті бермейді, ол жаңа жалға беру мақсатында арнайы сатып алған мүлікті береді. Лизингтің сипаттамасы жалға берудің уақыты қондырғының жұмыс істеу уақытына жақын болады. Жалға алудың келісім шарттағы уақыты біткеннен кейін, жалға алушы келісім шартты жеңілдік шартына айналдырып жекеменшік қылып алуға немесе мүлікті жалға берушіге қайтарып беруіне болады.

Біздің елімізде лизингтік қатынастар 2000 жылдың 5 шілдесінде қабылдаған “Қаржылық лизинг туралы” заңға сәйкес жүргізіліп реттеледі.

Лизингтік келісімге қатысушылар ретінде жоғарыда айтқанымыздай, лизингке беруші, лизинг алушы және лизингке берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар болып табылады.

Лизинг беруші - бұл өзіндік және сырттан тартылған қаражаттар есебінен лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және оны лизингтік келісім-шарт негізінде лизинг алушыға беретін лизингтік келісімнің қатысушысы. Лизинг беруші бір мезгілде басқа лизингтік келісімге қатысушы ретінде көрінуге құқығы жоқ.

Лизинг алушы - лизингтік келісім-шарт негізінде кәсіпкерлік мақсат үшін лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын лизингтік келісімге қатысушы тұлға2.

Лизинг беруші лизинг алушыға негізгі капитал элементтерін келісім-шартта көрсетілген мерзімге және белгілі бір төлемақымен бере отырып, шын мәнінде несиелік келісімге тән мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік қағидаларын іске асырады. Бірақ екінші жағынан лизинг беруші мен лизинг алушы өндірістік формадағы капиталмен жұмыс жасайды. Мұндай жағдай лизингті инвестиция түсінігімен жақындастырады және лизингтің халық шаруашылықтағы мағынасын арттырады.

Жалпы айтқанда, банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Әсіресе несие түрлерінен коммерциялық несиеге жақын. Комерциялық несие тауар формасында беріледі және ақша формасында өтеледі. Лизингтік келісім негізінде несие тауар формасында беріледі. Келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін келісім объектісі лизинг берушіге, қайтадан, лизинг берушіге заттай формада қайтарылады.

Сонымен, қаржылық лизинг банктік несиелеудің балама түрі болып табылатын күрделі қаржыны қаржылаудың ерекше формасы. Ол өндірісті компанияларға көп шығын жұмсай-ақ қажетті тауарларды алуға және өндірістік құрал-жабдықтардың ескеруімен байланысты тәуекелдіктерден сақтауға мүмкіндік береді. Яғни, лизинг - уақытша пайдалануға негізделген мүліктік қатынастар кешені болып табылады.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операцияларымен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден айырмашылығын келісім-шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Лизингтік мәміле бұл лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы (жабдықтаушы) арасындағы лизинг келісім-шартты жүзеге асыру үшін қажетті келісім-шарттар жиынтығы.

Лизинг объектісі ретінде ғимараттар мен құрылыстарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарды, жер учаскелерін және т. б. тұтынылмайтын заттарды қарастыруға болады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг объектісі болып табылмайды.

Лизингтік мәмілеге келесі субъектілер қатыса алады:

- Лизинг беруші - лизингтік мәмілені іске асыру барысында меншікті немесе тартылған ақша қаражаттары есебінен лизинг объектісін сатып алып, лизинг алушыға белгілі бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде уақыты біткен кезде меншік құнының ауысуымен немесе ауысуынсыз уақытша пайдалануға беретін заңды тұлға.

- Лизинг алушы - лизинг келісім-шартына сәйкес лизинг объектісін белгілі бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде уақытша пайдалану үшін алуға міндетті заңды тұлға.

- Мүлікті сатушы (жабдықтаушы) - лизинг берушімен сату-сатып алу шарты негізінде лизинг берушіге немесе лизинг алушыға белгіленген уақытта лизинг объектісін сатушы заңды тұлға.

- Банк (немесе басқа да несиелік мекеме) - лизинг объектісін сатып алуға қажетті қаржы ресурстарын беретін заңды тұлға. Сонымен қатар лизинг нарығындағы арнайы субъектілерді көрсетуге болады, оларға:

- Сақтандыру компаниясы - лизинг мәмілесін іске асыру кезінде пайда болатын әр түрлі тәуекелдерді сақтандыратын заңды тұлға. Лизингтің кез келген субъектісі Қазақстан Республикасының резидент немесе резидент емес тұлға болуы мүмкін, сонымен бірге ол шетел инвесторларының қатысуымен құрылған кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бола алады3.

Дамыған мемлекеттердегі қаржы лизингінің жағдайын талдай отырып, лизингке берілетін объектілерді келесі топтарға бөлуге болады:

- көліктік (ұшақтар, автомобильдер, су кемелері, темір жол вагондары және т. б. ) ;

- байланыс құралдары (радиостанциялар, спутниктер және т. б. ) ;

- ауыл шаруашылық құрал-жабдықтары;

- құрылыстық топ (крандар, бетонараластырушылар және т. б. ) ;

- басқа да құралдар.

Сонымен қатар, лизингтің жалпы қызметіне байланысты оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыруға болады. Лизингтің кеңінен тарауының басты себебі - оның қарапайым несиеден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:

1) лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге мүмкіндік береді. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойына лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды;

2) лизинг 100%-ға дейін неселеуді ұсынады, яғни ірі қаржылық ресурстары жинақтамай-ақ жаңа өндірісті ұйымдастыруға көмектеседі;

3) Салықты лизинг беруші төлейтіндіктен, лизинг алушы салықтан босатылады. Яғни ол тек қана амортизациялық аударымдарын жасайды (егер ол қаржылық лизинг болса) және лизингтік келісім шартында көрсетілгендей сәйкес төлемдерін жүргізеді ;

4) Маусымдық және күтпеген өндірістік мәселелері шешудің жеделдігі;

5) Банк мекемесі лизинг бойынша көрсеткен қызметі үшін белгілі бір мөлшерде комессиондық төлемдерді алады;

6) Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды:

7) Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол кепіл ретінде болады4.

Ал кемшіліктеріне мыналар жатады:

1) лизинг алушы құрал-жабдықтан қалдық құнының жоғарылауынан (әсіресе инфляциядан ) ештеңе ұтпайды;

2) ұйымдастырудың күрделілігі;

3) лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін коммисияны көбірек алуға тырысады.

Құнды қағаздар және табиғат қоры лизингтің бұйымы бола алмайды. Лизингтің бұйымы болғандай келісім шарттың да бұйымы болып, қолданған кезде өзінің табиғи қасиетін жоғалтпайтын кез-келген зат бола алады. Жалға беру келісім шартының мазмұны біреудің затын уақытша қолдану болғандықтан, жалға сонымен бірге қаржылық, қолданылмайтын заттар ғана беріледі.

1. 2. Лизингтің зерттелу тарихы мен лизинг түрлері

Лизингті жіктеудің қағидалары мен критерийлері шетелдік және отандық ғалымдар тарапынан біршама мол қарастырылған. Бұл мәселе әсіресе, В. Белов, Е. Кабатова, В. Анташов, Г. Уварова, Е. Чекмарева, В. Бочаров, В. Часовой, С. Медведков, В. Голощапов, В. Евстратов, Л. Гехт, А. Смирнов, К. Сусанян еңбектерінде кеңінен зерттелген. Алайда аталған ғалымдардың еңбектерінде лизингтік келісімнің мерзімі, объектісі мен субъектісі, т. б. мәселелер туралы көзқарастар біркелкі емес. Біздіңше, мұндай пікір айырмашылығы мыналарға негізделіп отыр:

а) «лизинг» түсінігінің өзін әр түрлі түсініп, әр түрлі түсіндіру;

ә) лизингтік келісімдердің әр елдің заңында әр түрлі реттелуі;

б) кейде шетелдік терминдердің дәл аударылмауы.

Қолданылып жүрген топтастыру қағидаларына қарай лизингті жіктеудің мынадай түрлері бар:

а) сызықтық, «жазық» жіктеу, мұнда лизинг түрлері жекелеген белгілері бойынша бөлінеді;

ә) көлемдік, сатылық жіктеу, мұнда алдымен лизингтің типтері (түрлері) беріліп, содан кейін соның шеңберінде осы операциялардың формалары мен жекелеген түрлері беріледі5.

Енді сызықтық және сатылық жіктеудің айырмашылығын байқау үшін Е. Чекмарева мен В. Бочаров жасаған лизингті жіктеудің ерекшеліктерін салыстырып көрейік.

Е. Чекмарева сызықтық жіктеу қағидасының жақтасы болып табылады. Мұнда лизингтің көптеген түрі бөлініп шығады. Лизинг түрлерін бөлуде жіктеудің сегіз белгісіне сүйенеді.

Мұндай белгілерге мыналар жатады:

  • Мәмілеге қатысушылардың құрамы;
  • Лизингке берілетін мүліктің типі;
  • Оның өзін ақтау дәрежесі;
  • Амортизация шарты;
  • Қызмет көрсету көлемі;
  • Операция жүргізілетін нарық секторы;
  • Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысы;
  • Лизингтік төлемдердің сипаты.

В. Бочаров біздің ойымызша, лизигті жіктеудің сатылы (көлемді) тобының өкілі болып табылады. Осындай көзқарасты В. Голощапов, В. Комаровский, В. Навочихин, А. Евстратов, Р. Ольхова және т. б. ұстанады. Жоғарыда келтірілген екі жіктеудің айырмашылығы мынадан тұрады:

1. Чекмаревада лизингтің түрлері ғана ажыратылып қойылған, ал Бочаров алдымен лизингтің түрлерін - шұғыл және қаржылық ажыратып алады, содан кейін олардың жекелеген түрлерін ажыратады, яғни екі сатылы жіктеу жасайды.

2. Лизингтік операциялардың аталған жіктемелерінің құрамы, түрлері мен жекелеген алуан түрлері әр түрлі. Чекмаревада жіктеу қағидаларының құрамы қисынды әрі жете ойластырылған болса, ал Бочаровта жаңа жабдықтың лизингі мен қолданылған жабдықтың лизингі бөлек берілген. Сонымен бірге лизингтің транзиттік, жаңартылатын, мерзімдік т. б. түрлері қосымша бөлінген, ал тура және қайтармалы лизингке Е. Чекмареваға қарағанда басқаша тұжырымдама берілген.

Жіктеу қағидаларының осы аталған екі түрінің артықшылықтары мен кемшіліктерін лизингтік операцияларды нақтылауда, жүйелеуде және одан әрі жетілдіруде пайдаланған жөн. Жоғарыда көрсетілген кейбір кемшіліктеріне қарамастан екі жіктеу де қолданылып жүрген жіктеулердің ішіндегі озығы болып табылады. Дегенмен бұларда әлі де лизингтің барлық қасиеттері толық ескерілмеген. Сондықтан көптеген жіктеулерді салыстыру нәтижелері негізінде лизингтің мынадай жіктеу белгілерін бөліп көрсетуге болады:

1. Мәмілеге қатысушылардың (субъектілердің) саны мен құрамы.

2. Мәміле объектісі.

3. Мәміле мерзімі (кезеңі) .

4. Мәміле ауқымы және сомасы.

5. Қосымша және қарыз қаражатын тарту деңгейі.

6. Мүліктің өзін-өзі ақтау дәрежесі.

7. Амортизация есептеу талаптары мен әдістері.

8. Қызмет көрсету көлемі.

9. Операция жүргізілетін нарық секторы.

10. Салықтық және басқа жеңілдіктерге қатысы.

11. Лизингтік төлемдер сипаты.

12. Лизингтік мәміледе опционның болуы.

13. Базистік (негізгі) кезең ішінде шартты бұзу және талаптарын өзгерту мүмкіндігі.

14. Мүлікті бухгалтерлік есепке алу тәсілдері.

15. Мәміленің өзіндік ерекшеліктері6.

Лизингтік мәмілеге қатысушылардың санына қарай екі жақты, үш жақты және көп жақты лизинг түрлері бөлінеді.

Классикалық лизинг әдетте үш жақты - «сатушы - лизингке беруші - лизингке алушы» болады. Кейбір экономистер бұл үш бұрышты «жеткізуші - жалға беруші - жалдаушы» түрінде көрсетіп жүр.

Қазіргі кезде дамыған мемлекеттердің шаруашылық тәжірибесінде лизингтің көптеген түрлері көрініс табады. Олардың ішінде негізгілеріне:

- Шұғыл лизинг;

- Қаржы лизингі;

- Қайтарылатын лизинг;

- Үлестік лизинг;

- Тура лизинг;

- Сублизинг жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына сипаттама
Лизингтік операциялар
Лизингтік операциялардың экономикалық мазмұны
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуы
Лизингтік операцияларды ұйымдастыру
Лизинг түрлерінің жіктелуі және лизингтік операциялар
Қазақстандағы лизингтік бизнестің даму тәжірибесі
Лизингтік төлемдерге банк комиссиясын үнемдеу
Қазақстандағы лизингтік операциялар нарығының болашағы
Коммерциялық банктердің лизингтік қызметінің тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz