Қыртыстың алғашқы кіріспе


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Орталық нерв жүйесі жеке бөлімдерінің құрылысы мен қызметі, дамуы

Жоспар:

Кіріспе бөлім:

Орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) жеке бөлімдерінің физиологиясы

бөлімдерінің физиологиясы

Негізгі бөлім:

а) Вегатативтік (автономиялы) нерв жүйесі

б) Үлкен ми сыңарларының қыртысы функцияларының

фиологенетикалық дамуы

Қорытынды бөлім:

Қыртыстың алғашқы
кіріспе

Орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) жеке бөлімдерінің физиологиясы

ОНЖ-ның бөлімдеріне: жұлын, артқы ми (сопақша ми мен варолий көпірі), ортаңғы ми, мишық, аралық ми (таламус және гипотоламуд), алдыңғы ми (қыртысасты ядроларының стриаполлидарлық жүйесі және ми сыңарларының қыртысы) жатады (1-сурет) .

1-сурет. Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлімдері (сызбанұсқа)

Вегетативтік (автономиялы) нерв жүйесі

XIX ғасырдың басынан бері Француз физиологі М. Бишаның ұсынысы бойынша организмдегі функцияларды анимальдық (жануарлық), немесе соматикалық және вегетативтік (өсімдік) деп бөледі. Соматикалық функцияларға сыртқы әсерлерді қабылдау және қаңқа бұлшықеттері іске асыратын қозғалу реакциялар жатады. Ал вегетативтік функцияларға бүкіл организмдегі зат алмасуды іске асыратын жүйелер қызметін (ас қорыту, қан-айналу, тыныс алу, сыртқа шығару, т. с. с. ), сондай-ақ өсу мен көбеюді жатқызады. Функцияларды осылай бөлуге орай оларды реттеуді іске асыратын арнайы соматикалық және вегетативтік нерв жүйелерін ажыратады. (Ағылшын фармакологы Дж Ленгли вегетативтік нерв жүйесін автономды жүйе деп атауды ұсынған, 1905) .

Соматикалық нерв жүйесі экстерорецептивтік сенсорлық және моторлық функциялардьщ орындалуын қамтамасыз етеді. Вегетативтік нерв жүйесі ішкі органдардың, тамырлардың, бездерінің кызметін және каңқа бұлшықеттерінің, рецепторлардың нерв жүйесінің өзінің трофикалық иннервациясын қамтамасыз етеді. Вегетативтік нерв жүйесінің өзіне ғана тән болатын морфологиялық ерекшелігі бар. Оның ядролары орталық нерв жүйесінің арнайы бөлімдерінде орналасады, сондықтан талшықтары да тек сол ошақтардан шығады; талшықтардың шеткі бөлімдерде бөлініп орналасуында сегментарлық болмайды. Әр талшық диаметрі өте жіңішке болады. Осылармен қатар, вегетативтік нерв жүйесінің талшықтары мидан ішкі мүшелерге қарай бағытталған жолында міндетті түрде үзіліс жасайды. Мұндай үзіліс жасалатын орындарды шеткі вегетативтік ганглийлер деп атайды. Ганглий нейрондары мен мидан келетін талшықтар арасында синапстық байланыс болады. Танглий нейроңдарының аксондары тиісті ішкі мүшелерге жетіп, оларды жабдықтайды (иннервациялайды) .

Ганглийлер түрлі мүшелер мен ұлпаларға орталық нерв жүйесінің импульстерін жеткізушілер ғана емес, олар шеткі рефлекторлық оралықтар да болып есептеледі. Сондықтан белгілі дәрежеде ОНЖ-нен, тәуелсіз түрде, өз шеңберінде, ганлийлерде тұйықталатын рефлекторлық доға арқылы әр түрлі рефлекстерді іске асырып, ішкі мүшелер функцияларын реттей алады. Вегетативтік нерв жүйесі симпатикалық (грекше Sympathes - сезімге ортақтасу) және парасимпатикалық (грекше раrа - маңы, қасында) бөлімдерден тұрады.

1-сурет. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлімі (сызбанұсқасы)

Тұтас сызықтар - преганглийлық талшықтар; Үзік сызықтар - постганглийліктер. Бөліп көрсетілгендер жұлыннын тораколюмбальды бөлімі (мойынның VII сегментентінен бастап III - бел сегментіне дейін) . Бұлардан преганглийлық симпатикалық талшықтар басталады

Симпатикалық нерв жүйесінің (1-сурет) орталықтары жұлынның жоғарғы кеуде (1) сегменті мен II-ІV-інші бел сегменттерінің сұр затының бүйір мүйіздерінде орналасады (т ораколюмбальдық орталықтар) . Бұлардан басталатын прегенглионарлық (ганглийге дейінгі) деп аталатын талшықтар жұлыннан алдыңғы түбірлердегі соматиқалық талшықтармен бірге шығады. Одан әрі шекаралық симпатиқалық бағанға бағытталады. Баған ганглийлеріндегі нейрондардан постганглионарлық (ганглийден кейінгі) талшықтар шығады. Бұлар организмнің барлық ішкі мүшелердің, сондай-ақ қан тамырларын жабдықтау арқылы қаңқа бұлшықеттерін, теріні, миды, т. б. инвервациялайды. Бірақ преганглионарлық симпатикалық талшыктар шекаралық бағана ганглийлерінен үзіліссіз өтіп, шеткі ганглийлерде (сәуле тәрізді шажырқай түйіндерінде) аяқталады. Бұлардағы нейрондардан шығатын постганглионарлық талшыкгар өз тарапынан құрсақ бөліміндегі мүшелерге бағытталады.

2-сурет. Нейрон жүйесінің парасимпатикалық бөлімі (сызбанұсқасы) .

Бөліп көрсетілгендер көз қозғағыш нерв (ІІІ) құрамында парасимпатикалық талшық басталатын ортаңғы ми; бас нервінің (VІІ), жұтқыншақ нервінің (IX) және кезеген нервінің (Х) құрамында болатын парасимпатикалық талшықтар басты латын сопақша ми жамбас нерв басталатын жұлынның сегізкөз бөлігі.

Парасимпатикалық нерв жүйесінің (2-сурет) орталық бөлімдері ортаңғы мида (мезэнцефальдық орталықтар), мида (бульбарлық орталықтар) және жұлынның сегізкөз сегментттерінде (сакральдық орталықтар) орналасады. Көз қозғалтатын нервтің, бет, тіл-жұтқыншақ, кезеген және жамбас нервтерінің құрамына кіретін преганглионарлы парасимпатикалық талшықтар өздері жабдықтайтын мүшелердегі интрамуральдық ганглийлерде немесе оларға жақын маңдағы ганглийлерде аяқталады. Ал бұларда постганглийлі талшықтар шығатын нейрондар орналасады.

Көңіл аударатын бір жайт, симпатиқалық нерв талшықтары парасимпатикалыққа қарағанда организмде өлде қайда кен тараған. Егер симпатиқалық нервтер барлық дерлік мүшелер мен ұлпаларды жабдықтаса, парасимпатикалық нервтер қаңқа бұлшықеттерін, ОНЖ-ін, қан тамырларының басым бөлігін және жатырды жабдықтамайды (иннервацияламайды) . Олар тек ішкі мүшелерді және бас мүшелерін жабдықтайды.

Вегетативтіқ нерв жүйесі иннервациялайтын қөпшілік мүшелерге, симпатикалық және парасимпатикалық талшықтар қарама-қарсы әсер етеді. Мәселен, кезеген нервті тітіркендіруден жүрек қызметі әлсіреп, соғуы сирейді, ал симпатикалық нерв, керісінше, оның қызметін күшейтіп, соғуын жиілетеді; парасимпатикалық әсерлер тілдегі, сілекей бездеріндегі, жыныс мүшелердегі қан тамырларды кеңейтеді, симпатикалықтар - оларды тарылтады; парасимпатикалық нервтер қарашықты кішірейтсе, симпатикалық симпатикалық - үлкейтеді; парасимпатикалық әсерлер бронхыларды тарылтса симпатикалық - кеңейтеді; парасимпатикалық нервтер қарын бездерінің қызметін, ішектің жиырылып-босауын күшейтеді, ал симпатикалық нервтер оларды тежейді, т. с. с. Тұтас организмде бұл жүйелердің қызметтері өзара келіскен, «теңдестірілген» қүйде іске асады. Нақты жағдайда, организм кажетіне лайықтанған бағытта керек болса, бірінің қызметі (тонусы) күшейгенде, екіншісінікі төмендейді және керісінше.

Бірақ кейде бір жүйе тонусының жоғарылауынан белгілі бір дәрежеде екіншінің де тонусы жоғарлайтыны байқалған. Сонымен бірге мәселен, сілекей безінің қызметін симпатикалық та, парасимпатикалықта әсерлер күшейте алады. Организмдегі барлық мүшелер мен ұлпалардың бұл нервтермен жабдықталуы ылғи да қосарланбайтындығы жоғарыда айтылып өтті.

Вегетативтік нерв жүйесінің барлық деңгейлері аралық мида (гипоталамус пен жолақ денеде) орналасқан жоғары вегетативтік орталықтарға бағынады. Бұл орталықтар организмдегі көптеген мүшелер мен жүйлердің функцияларын үйлестіреді. Ал олар өз тарапында үлкен ми сыңарлары қыртысына бағынады. Ми қыртысы соматикалық және вегетативтіқ функцияларды біріктіріп, бірыңғай іс-әрекеттік актыларды тудыру арқылы бүкіл организмнің біртұтас жауабын қамтамасыз етеді.

Ерекшелік ретінде айта кететін нәрсе, организм реакцияларының соматикалық құрамдас бөліктері вегетативтіктерден өзгеше адам еркіне тәуелді түрде орындала алады, яғни оларды ерікке бағындырып, күшейтуге немесе тежеуге болады. Басқаша айтқанда олар ылғи да сана бақылауында болады. Вегетативтік құрамдас бөліктер әдетге мұндай бақылаудан тыс орындалып жатады: кәдімгі күнделікті өмірде адам қалауымен ішкі мүшелер қызметін өзгерте алмайды (арнайы, ерекше тәсілдермен жаттығулар жүргізу нәтижелерін еске алмағанда) . Соңдықтан да кейде вегетативтік нерв жүйесін автономды немесе ерікке тәуелсіз деп атайды. Әрине бұлай атау өте шартты түрде ғана мүмкін екені түсінікті. Бұған акад. К. М. Быковтың зертханаларында көптеп жүргізілген зерттеулер куә. Бұлар көрсеткендей, кез келген ішкі мүшенің қызметін шартты рефлекторлық жолмен қалаған бағытта өзгертуге болады. Ендеше вегетативтік нерв жүйесі ми сыңарлары қыртысының бақылауында қызмет атқаратынын атап көрсету керек.

Вегетативтік нерв жүйесі арқылы қозу өту процесі де түрлі медиаторлардың қатысуында жүреді. Парасимпатикалық нервтердің сондай-ақ симпатикалық вазодиля таторлардың, (тамыр кеңейткіштердің), тері бездерінің симпатикалық нервтердің ұшында ацетилхолин түзіледі, симпатикалық нервтер постганглионарлық бөлімдерінің ұштарында (тері бездері нервртер мен симпатикалық вазодилятаторлардан басқаларында норадреналин (бір метилтобынан айырылган адреналин) түзіледі.

Вегетативтік нерв талшықтарының ұштарында түзілетін медиаторлардың өздері жабдықтайтын клеткаларға соматикалық нервтерде түзілетін медиаторларға (ацетилхолинге) қарағанда әсер ету уақыты ұзақ болады. Себебі, бұларда, шамасы, медиаторларды бұзатын ферменттер белсенділігі төмен болса керек.

Медиаторлор вегетативтік нерв жүйесі ганглийлеріндегі синапстардың преганглионарлық талшықтары терминальдарында да түзіледі. Мұны алғаш байқағандардың бірі А. В. Кибяков (1933) болды. Ол мысықтың жоғарғы мойын симпатикалық түйініне келетін преганглионарлық симпатикалық талшықтарды тітіркендіргеннен соң, сол түйіннен ағып шығатын Рингер-Локк ертіндісінің құрамынан адреналин тәрізді затты тапқан. Кейін преганглионарлық талшықтар түзетін синапстарда пайда болатын қоздырушы медиатордың ацетилхолин екені анықталды. Ал адреналин симпатикалық ганглийлер нейрондарында тежелу тудыратын медиатор болып шыққан. Ганглийлер синапстарындағы ацетилхолин әрекетінің бір ерекшелігі - оның әсері түйінді атропинмен уландырса да тоқтамайды; бірақ никотинмен уландырса, ол әсер жойылады. Осыған байланысты оларда ацетилхолин әсерін сезінетін құрылымдардың екі типі бар деп есептеледі. Бірі - М-холинрецепторлар - сезгіштігін атропин әсерінен жоғалтады екіншісі - Н-холинрецепторлар - сезгіштігін никотиннің және кейбір басқа ганглиоблокаторлардың (гексонийдің) әсерін жоғалтады. Вегетативтік нейрондар аксондарының ұштарында қай медиатордын түзілетініне карай ол нейрондарды холинергиялық және адренергиялық деп беледі. Біріншілерінің аксондарының ұштарында ацетилхолин жасалады, ал екіншілерінікінде норадреналин жасалады. Аксон терминальдарынан босап шыққан медиаторлар-ацетилхолин мен норадреналин-постсинапстық мембранадағы (жарғақшадағы) спецификалы белокпен өзара әрекетке түсіп, комплексті қосылыс түзеді. Ацетилхолинмен өзара әркеттесетін белок халинрецептор деп, ал адреналинмен немесе норадреналинмен өзара әрекеттесетін белок адренорецептор деп аталады. Адреналин мен норадреналин әсер ететін адренорецепторлардың да екі негізгі түрі бар: α және β. Бұлардың әр түрлі органдарда орналасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кейбір органдарда оның екеуі де бар, олар бір не қарама-қарсы бағытты реақциялар тудырады; ал екінші біреулерінде олардың тек біреуі ғана кездеседі. Мәселен, қан тамырларында екі адреноцептор да бар. Осындағы α - адренорецепторлармен қосылыс түзетін симпатиқалық медиатор артериолдарды тарылтады, ал β - дренорецепторлар оларды кеңітеді. Ішекте де α және β - адренорецепторлар болады және олардың екеуі де ішектің бірыңғай салалы еттерінде тежелу тудырады. Жүректе және бронхыларда α - адренорецепторлар болмайды. Мұнда адреналин мен норадреналин тек β - адренорецепторлармен өзара әрекеттесіп, жүрек жұмысын күшейтеді және бронхыларды кеңейтеді. (Бұл материалды толықтыру және симпатикалық нерв жүйесінің адаптациялық-трофикалық маңызы туралы айту нейро-моторлық аппарат физиологиясын баяндағаңда жалғасады) .

3. 6. 3. 1. Ертедегі, ескі жөне жаңа қыртыс. 1

Ең бірінші рет дөңгелек ауыздылардың алдыңғы миыш

келешек қыртыстың негізі салынды. Ол толығымен йіс сш

фунқциясымен байланысты болды. Кейін қелденең ауыздылаш

бұл бастама жіктеліп, одан еқі туынды пайда болды. Йіс сёі

кыртысы немесе ертедегі қыртыс және аммон я ескі қыртыс. Бұл т

туьгндының еқеуі де бұрынғыша йіс сезумен байланысты. •

Сүтқореқтілердің үлкен ми сыңарларының негізгі массав

болып табылатын жаца қыртыс ең бірінші рет амфибиялаЛ

(қосмекенділерде) байқалып, рептилияларда одан әрі дамиды. Я

үлқен ми сыңарларьшың сыртқы қабырғасында ертедегі қыртаі

ауданында пайда болады. Бірақ қазіргі кезде өмір сүретіи

рептилияларда жаңа қыртыстың көлемі болымсыз ғана жәнеаі

ғана функциялармен байланасады. Оларда жаңа қыртыс түгіл, букіш

қыртысты зақымдаудың өзінен олардың жүріс-тұрысы өзгерЯ

қоймайды. Қазіргі кездегі рептилияларда көбірек дамыған бөлімдев

- түссіз шар мен стриатум. Тек сүтқорекгілерде ғана жаңа қыртьЛ

орталық нерв жүйесінің жоғарғы бөлімі болып табылады. ЖаЛ

қыртыстың дамуы төмпешік ядроларынан талшықтардьщ мш

сыңарының бүйір қабырғасындағы қыртысына енуімен байланыспД

Осының салдарынан қыртыс теқ йіс сезу қызметін ғана атқарум

қойып, оған теріден, қозғаяыс аппаратынан қөру мүшелерінен т, Я

импульстер қеле бастады. Кейін басқа да барлық афферентгіів

жүйелер қыртыспен байланыс орнатты. Жаңа қыртыс пенИ

филогенетикалық ескілеу туындылардың (ертедегі және есЯ

қыртыс) шекарасыңдағы қыртыс учаскелерін аралық қыртыс депі

атайды.

114

3. 6. 3. 2. Қыртыстың "алгашқы" құрылыс типінің эволюциясы.

І,, СальІстырмалы - анатомиялық және онтогенез мөліметтері ріргі тіршілік ететін сүтқоректілердің ертеде өлген тектерінің *Р?н ми сьщарлар қыртысының құрылысын сипаттауға мүмкіндік ™"ді. Олардың алдыңғы миында сүйелді (мозолистое) дене жоқ ан, жаңа қыртыс нашар дамыған, ми сыңарлар ауданының шлігін ертедегі қыртыс алып жатады.

І; Эволюция процесінің барысында үлкен жарты шарлар ^ ~~ысьшың бұл "алғашқы" құрьшыс типі көптеген өзгерістерге райды. Төменгі сатылы сүтқоректілердің (біртесіктілер, _алылар, бунақценежегіштер) ми қыртысы сол "алғашқы" типке айды. Мысалы, кірпіде жарты шарлар ауданының 32 пайыздайы а жаңа қыртысқа тиесілі, шамамен осындай ауданды (30 пайыз) •дегі қыртыс, . ал қалған ауданды есқі және аралық қыртыстар І жатады. Итте жаңа қыртыс үлесіне ми сыңарлар бетінің 5/6-сі, ,, айыз), ал ертедегі қыртысқа 7 пайыздан аздау аудан келеді. Сүтқоректілердің жеке отрядтарының ішінде қыртыстың жеке Ібелгілерінің түрліше болып келетіні аныкталды. Бұл түсінікті де. бі, ми сыңарлар қыртысының езгеріп отыратын сыртқы орта Шларына бейімделетін мүше ретінде гшастикалық қасиетгерінің уы заңды нәрсе. Тіршілік ету жағдайларына байланысты ~>Істың қейбір бөлімдері күшті прогрессивті дамуға ұшырап, ал лары езгермей, сол қалпында қалады немесе регрессияға Іұшырайды. Мысалы, приматтар мен адамда ертедегі қыртыстың бір Ібөлімінің (йіс сезу төмпешігі) құрылысы өте қарапайым болады, ал ІІбаскд сүтқоректілердің көптеген өкілдерінде йіс сезу төмпешігі Іхақсы дамыған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық нерв жүйесі жеке бөлімдерінің құрылысы мен қызметі, дамуы
Орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) жеке бөлімдерінің физиологиясы
Қамыр дайындау әдісі
Нан пісіру кезінде жүретін өзгерістер
Үлкен ми сыңарларының қызметі мен бөлімдері жайлы
Жүйке жүйесінің гистологиясы - оқу құралы
Сигналдық системалар
Қоздырғыш құрылымдардың функциялық ерекшеліктері. Қозғалыс қызметінің жүйелік реттелуі
Жердің әлем теңсіздігіндегі орны
Гранит қабатының қалыңд
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz