Өлу диагнозын қою
Қазақстан Республикасының Бiлiм және
ғылым Министрлiгi
Қазақ құқықтану және халықаралық
қатынастар институты
Р Е Ф Е Р А Т
Тақырыбы: Өлу және өлiм
Орындаған: 1-курс, 1-топ
студентi Тоқманбетов Ә. Қ.
Тексерген: Жетпiсбаев Ғ. А.
Алматы 2003ж.
Жоспар
1. Өлім және өлікті сот-медицина тұрғысынан зерттеу 1
3. Өлу диагнозын қою 7
ӨЛІКТІК ҚҰБЫЛЫСТАР 9
1. Алғашқы өліктік құбылыстар 10
2. Кейінгі өліктік құбылыстар 12
3. Өліктерді жасанды жолмен сақтау 16
4. Өліктерді шыбын-шіркейлер мен өсімдіктердің бұзуы 16
5. Өліктерді қалпына келтіру (реставрациялау) 17
Пайдаланған әдебиет. 18
1. Өлім және өлікті сот-медицина тұрғысынан зерттеу
Өлім туралы білім танатология деп аталады. Қазіргі танатологияның
міндетіне өлу процесі динамикасының терминалдық жағдайларына
(танатогенеза), өлумен бірге болатын клиникалық, биохимиялық және
морфологиялық өзгерістеріне қатысты мәселелерді зерттеу кіреді. Өлу
процесіне дәрігердің араласу мәселесі — организмді тiрілту (реанимация)
және эутаназия (науқастың ажал алдындағы азабын жеңілдету) танаталогия
проблемасымен тығыз байланысты.
Танатология жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы танатология
өлімнің басталу диагностикасы мен даму динамикасы мәселелерін, өлік
өзгерістері мен олардың сыртқы ортаның жай-күйіне байланыстылығын, өлу
себептерін анықтау үшін өлікті зерттеу ерекшеліктерін, жасанды жолмен
сақтау және жерлеу әдістерін, т.б. зерттейді. Жеке танатология бұл
мәселелерді әр түрлі аурулар, жарақаттар және өлімнің әр түрлі себептері
жағдайында қарастырады.
Сот-медицина танатологиясы бірінші кезекте зорлықтан және кенеттен
болған өлімге байланысты проблемаларды зерттейді. Бұл сот әділдігі
органдарына өздерінің қылмыскерлікке қарсы күрес жөніндегі міндеттерін
жүзеге асыруына, ал денсаулық сақтау органдарына халыққа емдеу және алдын
алу көмегін көрсетуді (диагностикалық қателердің алдын алу, жарақаттанудың,
уланудың жәнет.б. алдын алу) жақсартуға көмектеседі. Сотмедицина
танатологиясының бірінші кезектегі міндеті — бірқатар арнаулы мәселелерді
(өлу мерзімін, себебін, улану диагнозын және т.б.) анықтауда тергеу
органдарына көмектесу. Сондықтан өлікке сот-медицина сараптамасын жүргізу
процесінде патологиялық-анатомиялық жару кезіндегіге қарағанда, жалпы және
жеке танатология мәселелеріне зор көңіл бөлінеді.
Өлікті сот-медицина тұрғысынан зерттеудің патологиялық-анатомиялық
зерттеуден мақсаты жағынан да, объектілері жағынан да айырмашылығы бар.
1. Сот-медициналық союдың іс жүргізу (заң) жағынан айырмашылығы бар.
Ол тергеу және сот органдарының жазбаша ұсынысы болған жағдайда ғана
жүргізіледі.
2. Өлік дәрігерлер үшін міндетті бірыңғай ережелерге сәйкес жазылуға
тиіс. Ол ережелерде өліктерді қабылдау, тіркеу, зерттеу, сақтау және беру
тәртібі көрсетілген. Өлік материалдарын алып, зерттеудің қосымша әдістеріне
жіберудің де арнаулы ережелері бар.
3. Өліктерді сот-медициналық жару кезінде тергеу органдары өкілдерінің
қатысуына болады.
4. Тұтас және жаңа өліктер ғана емес, олардың бөліктері де, сондай-ақ
әр түрлі сатыда бұзылған (шіріген) өліктер де сот-медициналық тұрғыдан
жаруға жатады.
5. Ауру тарихы болатын және белгілі бір клиникалық диагноз қойылған
өліктерді патологиялық-анатомиялық тұрғыдан жарудан айырмашылығы — сот-
медицина сараптамасы жағдайында оны жару кезіне дейін өлудің мән-жайы
көбінесе белгісіз болады және өлудің себебі мен генезі, жарақаттын
механизмі және т.б. туралы бірқатар күрделі мәселелерді жару нәтижесі
бойынша ғана шешуте тура келеді.
6. Патологиялық-анатомиялық жарудың міндетіне өлу себептерін анықтау
және патологиялық-анатомиялық диагноз қою кіреді. Ал сот-медицина сарапшысы
оның үстіне адамның өлу мерзімін, қанша уақытта өлгенін, өлген адамның
оқиға болған сәтте және өлген кезде отырған-тұрғанын, т.б. анықтауға тиіс.
Әдетте патологанатомнын алдына мәселелер қойылмайды, өйткені науқас адам
емдеу мекемесінде медицина қызметкері мен басқа да адамдардың көз алдында
өледі.
7. Патологанатом маманы өліктің сыртын қарауға және өлік құбылыстарына
біршама аз көңіл бөліп, ішкі құрылысын, зерттеуге баса назар аударады. Ал
сот-медицина сарапшысына өліктің сыртын қараудың зор маңызы бар, өйткені
сыртын қарау деректері оның бірқатар маңызды мәселелерді шешуіне мүмкіндік
береді. Оларға сыртқы жарақаттардың шоғырлануы, үлкендігі мен
ерекшеліктері, олардың адам тірі кезінде немесе өлгеннен кейін салынғаны,
өлікті тануға мүмкіндік беретін жеке белгілері және т.б. жатады.
8. Сот-медицина сарапшысы өліктің киім-кешегін, қару-жарақты қарап
шығуға, патологиялық анатомияда қолданылмайтын сот-химиялық және физикалық-
техникалық зерттеу әдістерінің нәтижелерін ескеруге міндетті.
9. Өлгеннен кейін түрлі мерзімде жерден қазып алынған (эксгумация)
өліктерді зерттеу тек сот дөрігерлерінің ғана құзыретіне жатады, оны
патологанатомдар жүргізбейді.
Сонымен өлікті сот-медициналық зерттеу танатология деректеріне
негізделген көптеген арнаулы сұрақтарды шешумен байланысты. Сондықтан сот
медицинасында өлім және өлік құбылыстары туралы ілімге зор көңіл бөлінеді.
Өмір мен өлім көрер көзге қаншалықты қарапайым болғанмен,
оларға дәл және нақты анықтама беру өте қиын. Биология және медицина
ғылымдарының дамуына байланысты өлім, ажал туралы түсінік, сондай-ақ "өлім"
деген ұғымның анықтамасы өзгерді.
Өлім (биологиялық) — организм тіршілігінің қайтып оралмастай
болып тоқтауы, кез келген оқшауланған тірі жүйенің жеке тіршілiгiнiң болмай
қоймайтын ақырғы нүктесі.
"Өмір бар жерде, өлмек бар" дейді халқымыз. Демек, тіршілік еткеннің бәрі
өлуге тиіс, ал өмірде жоқ тіршіліктің өлуі де мүмкін емес. Демек, өмір мен
өлім біртүтас процесс, қарама-қарсылықтардың бірлігі ретінде қарастырылуға
тиіс. Өлім өмірдің табиғи және болмай қоймайтын соңы, ақыры, ол бүкіл өмір
бойы организмде бірінен кейін бірі болып жа-татын өзгерістер мен процестер
тізбегінің бір шеті, ақырғы шеті. Адам ғүмырының шегі қандай? Ол ең көп
дегенде қанша жасай алады?
И.П. Павлов адамды кемінде 100 жыл жасауға тиіс деп санаған. Ол былай
деп жазды: "Біз өзіміздің ынсапсыздығымызбен, өзіміздің
берекетсіздігімізбен, өзіміздің өз организмімізге лайықсыз
қарайтындығымызбен осы қалыпты мерзімді анағұрлым аз цифрға түсіреміз..."
"Жүз жыл жасауға тырысамын. Сол үшін шайқасамын". И.П. Павловтың ұзақ та
жемісті өмір сүріп, әбден қартайғанша ақылы айқын, жұмыс қабілеті жоғары
болғаны белгілі.
Ал И.И. Мечников ғылым деректеріне негізделген өмір ажалды
алыстатады, сөйтіп, адам одан қорықпайтын болады деп көрсетті. Адам
жасампаз еңбекке толы өте ұзақ өмір сүреді, деді ол, сөйтіп өлім де ұйқы
сияқты физиологиялық құбылысқа айналады. Бұл арада геронтология мен
танатология бір арнаға құятын сияқты. Қазіргі геронтология қартаю мәселесін
қартайған кездегі жұмысқа қабілеттілік кезеңін барынша ұзарту үшін
зерттейді. Жалпы алғанда, ұзақ жасау проблемасы адамдардың жұмысқа
қабілеттілігімен тығыз байланысты. Ұзақ жасаушылардың басым көпшілігі —
еңбекке берілген, дене еңбегін сүйетін және спортпен айналысатын белсенді
адамдар.
2. Терминалдық жагдайлардың сот-медициналық мәні
Өлім өмір жолының соңғы және міндетті кезеңі болғандықтан,
танатология өмірді зерттеумен, яғни биологияның, физиологияның,
биохимияның, патологияның тиісті бөлімдерімен тығыз байланысты. Қазіргі
танатологияның пөні терминалдық жағдайларға (латынша —шекаралас, шектес),
яғни өмірдің соңғы сатысына, өмір мен өлім арасындағы шекаралас жағдайға
қатысты мәселелерді зерттеу болып табылады. Ал "терминалдық жағдайлар"
ұғымына ен ауыр естен тану (шок) түрлері, талықсу (коллапс), жанталасу
алдындағы жағдай, терминалдық үзіліс (пауза), жанталасу (агония) және
клиникалық өлім кіреді. Бұл процестерді терминалдық жағдайларға
біріктіретін сипатты ерекшелік заттар, атап айтқанда, органикалық қышқылдар
алмасуының толық қышқылданбаған өнімдері жинақталуының салдарынан ацитоздың
асқынуына байланысты тез үдей түсетін гипоксия болып табылады. Ацидоздың
дәрежесі мен ұзаққа созылуы жандану болжамына да себепші болады.
Шоқтың ауыр сатылары, коллапс тікелей жанталасу алдындағы жағдайға
ауысуы мүмкін, бұл жағдай орталық нерв жүйесінің жоғары бөлімдерінде
тежелістің бел алып, естен тануынан көрінеді. Бұл орайда мидың сабақ бөлігі
қозу жағдайында болып, біршама уақыттан кейін тежелістің ми сабағына да
ауысуы мүмкін.
Жанталасу алдындағы жағдай кейде талай сағаттарға созылып, терминалдық
үзіліске ауысады. Соңғысы рефлекстердін болмауымен, тыныс алудың және жүрек-
қан тамыр қызметінің аз уақытқа тоқтап қалуынан байқалады. Мұндай жағдайда
науқас өліп қалған сияқты болып көрінуі мүмкін. Терминалдық үзілістің
айрықша ерекшелігі бұл барлық орталықтардың жұмыс істеуі сақталған жағдайда
қабықтың терең тежелуі болып табылады, соның салдарынан организмнің қызметі
"бей-берекет", үздік-создық сипатта болады. Терминалдық үзіліс бір минутқа,
кейде 2—4 минутқа созылып, организмнің тіршілік үшін күреонің соңғы
сілкішсі сияқты болып көрінетін жанталасқа ауысады. Кейбір ғалымдар
жанталасты сөніп бара жатқан алаудың түтініне ұқсастырады. Жанталасу
бірнеше минуттан отыз және одан да көп минуттарға созылуы мүмкін.
Жанталасу кезінде тырысып-құрысу түрінде дем алу қайтадан пайда
болады, кейде әлсіз болса да жүрек-қан тамыр қызметі қалпына келеді, тіпті
аз уақытқа адамның есі кіруі де мүмкін. Науқасгың маңындағылар мен туыстары
мұндай жағ-дайды екінің бірінде науқас сауығып келе жатыр деп ұғып, оның
содан кейінгі жантәсілім етуін медицина қызметкерінің дұрыс әрекет
жасамағандығынан болды деп санауы ықтимал.
Жанталасу кезінде қабық терең тежелген жағдайда физиологиялық
функциялардың бұл барлық реттеу белсенділігінің барынша артқаны байқалады.
Сонан соң тежелу мидың сабақ жағына көшіп, клиникалық өлімге апарып соғады.
Осы кезге қарай ми ұлпасында тотықтану ғана емес, сонымен бірге гликолиз де
тоқтайды, бұл, сірә, ферменттік жүйелердің бұзылу салдарынан болуы мүмкін.
Мұның өзі мида сүт қышқылынын ұлғаюы мен ацидоз құбылыстарының күшеюіне
апарып соғады. Клиникалық өлім орын алады, ол жүректің соңғы жиырылуы мен
соңғы тыныстан басталады деп саналады. Тыныс алу мен жүрек соғысы бір
мезгілде тоқтамауы да мүмкін.
Клиникалық өлім кезеңінің ұзақтығы 5—6 минутқа созылады, кейде 3—4 минутқа
дейін қысқаруы ықтимал. Егер өлім кезінде температура төмен (гипотерия)
болса, жас адамдар, дене күші мықты субъектілер өлгенде, сондай-ақ адам тез
өліп кеткен жағдайда, т.б. бұл мерзім ұлғаяды. Жанталасудың және бүкіл өлу
кезеңінің патологиялық процесі мен ұзақтығы сипатының да мәнмағынасы бар.
Өлу ұзаққа созылған жағдайда адамның барлық компенсаторлық
механизмдері іске қосылады, қанның қайта бөлінуі соның көріністерінің бірі
болып табылады. Шеткі қан тамырларының түйілуі (спазм) салдарынан қанның
негізгі массасы жүрек пен миға ағылады, мұның өзі олардың неғұрлым ұзақ
тіршілік етуіне себепші бодады. Мұндай жағдай кейде бірнеше сағатқа созылуы
мүмкін, ал егер адамға жан бітірудің сәті түспесе, барлық тіршілік
функцияларының толық және біржола сарқылу көріністері жағдайында ол өліп
кетеді. Бұл жағдайларда клиникалық өлім өте қысқа (бірнеше секунд)
болғанның өзінде де адамға жан бітіру іс жүзінде мүмкін емес, өйткені
организм шын мәнінде жүрек пен тыныс тоқтағанға дейін-ақ өліп қалған. Жарып
көрген кезде одан ми клеткалары біршама сақталған жағдайда бауыр мен
бүйректін дистрофиялық ауыр зақымдануы байқалуы мүмкін. Өлімнің мұндай
механизмі соматикалық механизм деп аталады.
Адам тез өліп кеткен жағдайда организм өзінің бүкіл компенсаторлық,
энергетикалық және функционалдық мүмкіндіктерін сарықпайды, мұның өзі
неғұрлым ұзаққа (бірнеше минутқа) созылған клиникалық өлім кезінде
организмнің жандануын қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайларда паренхиматоздық
мүшелердің ұзаққа созылған жанталасқа байланысты дистрофиялық өзгерістер
болмайды, ал сол кезде олардың ми клеткаларынан байқалуы мүмкін ("ми
өлімі").
Өлімiнің келу қарқынын морфологиялық белгілер бойынша анықтаудың сот-
медициналық мәні зор. Жанталасудың ұзаққа созылғаны жүрек пен ірі қан
тамырларында, мидың қатты қабықтарының қатпарларында болатын қызыл және,
әсіресе, сары (ақшыл) ұйыған қанның табылуымен анықталады. Мұндай
жағдайларда қанның едәуір дәрежеде ұйығандығы өліктік таңбалардың
қаншалықты айқын болатындығынан көрінеді. Керісінше, адам тез өліп кеткен
жағдайда, кенеттен өлген кезде өліктегі қан сүйық болып қалады, бүл айқын
аңғарылатын өліктік таңбалардың пайда болуьша, көк тамыр жүйесінде қанның
тұрып қалуына, ішкі мүшелерде қанның толық болуына және өкпенің, жүректің
сероздық қабықшалары астында ұсақ нүктелер тәрізді экхимоздар пайда
болуына, сондай-ақ қабақ конъюнктивасына себепші болады. Кенеттен өлудің
бұл белгілерінің бәрі бұрын тұншығып өлу белгілері деп қарастырылып келді,
бұл дұрыс емес.
Кенеттен өлген жағдайда өлікте қанның сұйық күйде болуын
фибриногенолизбен, яғни фибриногеннің берік фибрин түйіршіктер түзу
қабілетінен айрылуымен түсіндіруге болады. Кенеттен болған өлім жағдайында
бүл фибриногеннщ таяқша тәрізді түрден ірі дискерсті корпускулярлық
белокқа, фибрин-глобулинге көшуі салдарынан орын алады. Таяқшалар
қозғалмалы түйірлерге айналады да, олар енді түшрдгік түзіп, берік арқауға
жабыса алмайды.
Өлген бойдан барлық реттерде де өліктегі қанның адам тірі кезде қан ұйып
қалған жерлерден басқасының бәрінде әрқашанда сүйық болатынын атап
көрсеткен жөн. Жанталасу ұзаққа созылған жағдайда қан адам өлгеннен кейін 2
сағаттан соң ұйиды. Кенеттен тез өліп кеткен жағдайда, өлу себептеріне
қарамастан, өліктің қаны өзінің ұю қабілетін өлгеннен кейін 3—5 сағат өткен
соң жоғалтады. Алайда мұндай жағдайда да адамнын денесінен жарақат алу
салдарынан құйылған қан тірі адамның қаны сияқты ұйиды. Егер тез өлген
адамның мәйітінен ол өлгеннен кейін жарты — бір сағаттан соң шама үшін
түтікшеге қан құйып алынса, қан ұйып қалады да, бірсыпыра уақыт өткен, соң
ол қайтадан сүйық қанға айналады. Тез өліп кеткен адамдардың қаны ол өлген
соң 3—5 сағаттан кейін ұю қабілетін толық жоғалтады, сондықтан мұндай
өліктерді жарған кезде қан тамырлары мен жүрек қуыстарынан сұйық қан шығып,
ол тромбин қосқанның өзінде де ұйымайды.
Таяқша тәрізді фибриногеннің корпускулярлық белокқа айналуы адамның тірі
кезінде де, мысалы, дене қуысына құйылған қаннан да басталуы мүмкін. Мұндай
қанның ұйымайтыны мәлім, мұның өзі ішкі қан ағуының із-түзсіз сіңіп кетуіне
жәрдемдеседі.
3. Өлу диагнозын қою
Организм өлуінің бастапқы кезеңінде өлу диагнозын қою едәуір қиын. Теория
жүзінде өлу сәтін едәуір дәл анықтауға болады, ол жүректің соңғы
жиырылуымен немесе ақтық дем алумен байланысты. Бірақ тәжірибеде бұл
әлдеқайда қиын, өйткені өлу процесі белгілі бір уақыт аралығына созылады.
Организмнің бір мезгілде өлмейтіні жоғарыда айтылды. Жүйелердің бірі
қызметін тоқтатқан кезде бүкіл организм өледі.
Өмірді сақтап қалу жөніндегі сынамалар "орамалы үштаған" ("витальный
треножник" — жүрек, өкпе, ми) дейтіннің төңірегіне шоғырланған және ең
басты өмірлік қызметтердің болуын — нерв жүйесінің тұтастығын, тыныс пен
қан айналысының болуын дәлелдеуге негізделген. Өмірдің сақталуына сынама
алу эволюциясы едәуір дәрежеде медицинаның эволюциясын көрсетеді, ол қызған
темір мен айнаның көмегімен сынама алудан электрокардирграфия мен
электроэнцефалографияға дейінгі жолдан өтті.
Нерв жүйесінің жұмыс істеуіне негізделген сынамалар ішінде мыналарды атаған
жөн: 1. Естен тану (өте салыстырмалы белгі). 2. Мүрынға иісі қатты шығатын
нәрсені, мысалы, мүсәтір спиртін және т.б. жақындатқанда нәтиже бермейді.
3. Рефлекстердің, әсіресе көздің мүйізгек қабығы рефлекстерінің болмауы өлу
диагнозын қоюда зор рөл атқарады.
4. Көз алмасын басқанда қарашық түрінің өзгеруі ("мысық көз феномені"). Көз
алмасын басқан кезде тірі адамның көз қарашығы өзгермейді, ал өлген адамда
ол сығырайып кетеді (Белоглазовтың белгісі). Бұл өте бағалы белгі және ол
адам өлген соң 10—15 минуттан кейін байқалады. 5. Элеқтроэнцефалографиялық
зерттеу ең дәлелдісі болып табылады. Алайда ол белгілі бір жағдайларда ғана
қолданылуы мүмкін.
Тыныс болуын төс ойығы тұсынан фонендоскоппен тыңдау арқылы анықтауға
болады.
Тіршілік барына сынама жасаудың көпшілігі қан айналысының болуын
дәлелдейтін төмендегідей белгілерді анықтауға қатысты: 1) жүрек лүпілінің
сезілуі және иық, күре тамыр, самай, сан артериясы маңында лүпіл болуы; 2)
жүректі тыңдау; 3) алақанды ашып, жарыққа ұстағанда тірі адамның саусақтары
арасындағы саңылаудан қызғылт сәуле шығады, ал өлген адамда бұл белгі
болмайды; 4) тірі адамның қатты бунақтап байланған саусағы қызарады және
тоқтап қалған гиперемия есебінен байланған жердің жоғарғы маңы ағарып
кетеді, өлікте саусақтың түсі өзгермейді; 5) тірі адамда артериотомия
сипатты артериалдық қан ағуын көрсетеді; 6) көк тамырға енгізілген 1%
флюоресцеин ерітіндісі теріні тез арада сарғайтып, ал тірі адамның
склерасына жасыл түс береді;
7) ең сенімді сынама электрокардиографиялық және рентгеноскопиялық зерттеу,
бірақ олар белгілі бір жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.
Біз мұнда тек өмірді сақтаудың ең бастыларын ғана келтіріп отырмыз,
бұлардан басқалары да бар. Оларды әрбір дәрігер, әсіресе жедел жәрдем
дәрігері, сондай-ақ өлікті оқиға болған жерде көруге келген сот-медицина
сарапшысы білуге тиіс, өйткені мұндай жағдайларда қателесу елеулі
зардаптарға ұрындыруы мүмкін.
Жалпы алғанда, адамның өлген сәтін анықтау үшін жауапкершілік дәрігерге
жүктеледі. Өлу сәтін мамандар клиникалық деректер негізінде анықтауға, ал
қажет болған жағдайда оны диагностикалық аспаптардың көрсеткіштерімен
толықтыруға тиіс. Егер әңгіме адам мүшесін ауыстырып салу жайында болса,
оның өлген сәтін бұлайша ауыстырып салуға еш қатысы жоқ екі немесе одан да
көп дәрігерлер анықтауы керек.
Әлбетте, адамның өлгеніне күмән туған жағдайда дәрігер адамның өлгеніне
анық көз жеткізгенге дейін, яғни алғашқы өліктік құбылыстар пайда болғанға
дейін оған қолынан келетін барлық көмекті көрсетуге тиіс (жасанды жолмен
тыныс алдыру, жүрек дәрі-дәрмектерін енгізу және т.б.). Демек, өзінің күш-
жігерін де, уақытын да аямай көмек көрсетуге міндетті.
Сот-медициналық жарудың негізгі міндеті — адамның өлу себептерін анықтау.
Ал оның себептері мейлінше алуан түрлі және белгілі бір жарақаттарға,
ауруларға және олардың асқынуына байланысты болады.
Адамның өлгені туралы дәрігер куәлігін арнаулы үлгі бойынша толтыра отырып,
дәрігер өлімге тікелей не (ауру немесе негізгі аурудың асқынуы) себеп
болғанын және т.т. түгел көрсетуге тиіс. Мысалы, адам жалпы атеросклероз
сал-дарынан бел алған коронарокардиосклероз негізінде асқынған жүрек-қан
тамыр жеткіліксіздігінен өліп кеткен делік. Сонымен бірге өлікті зерттеген
кезде сарапшы-дәрігер адамның өлуіне тікелей себеп болған негізгі аурумен
немесе оның асқынуымен байланысы жоқ, бірақ өлімге қосымша болған басқа да
елеулі ауруларды анықтауға міндетті.
Бірқатар жарақаттар немесе ауру процестері болған жағдайда өлім
себептерінің бәсекесі дейтін туралы мәселе туындайды. Бүл мәселенің
танатогенезді түсіну үшін ғана емес, сонымен қатар әрбір жарақаттың,
әсіресе әр түрлі адамдар салған жарақаттың ауырлығын анықтау үшін де өте
елеулі мәні бар. Өлім себептері бәсекесінің мынадай түрлері болады:
1. Өлімнің екі немесе бірнеше табиғи (зорлықтан болмаған) себептерінің
ұштасуы. Өлімнің зорлықтан болмаған екі себебінің бөсекесіне жүрек ауруына
(миокард инфаркті) өкпе қабынуының қосылуы жиі мысал болып табылады.
2. Өлімнің зорлықтан болған екі немесе одан да көп себептерінің араласуы.
Біздің тәжірибемізде аралас жарақат алған ер адамның өлігін жарып сойғанда
оның миы шайқалып, жарақаттанғаны, талағы жарылып, ішіне едәуір қан аққаны,
жамбас сүйектері сынып, жарақаттан естен тану құбылыстары болғаны
анықталды. Бұл жағдайда әңгіме бірнеше жарақат пен олар туғызған асқыну
салдарынан өлу себептерінің дағдылы бәсекесі жайында болып отыр.
3. Өлімнің зорлықтан болмаған және зорлықтан болған себептерінің ұштасуы.
Өлім қаупін туғызатын себептердің сипаты бойынша өлімнің бәрі екі санатқа
(категорияға) — зорлықтан болған және зорлықтан болмаған өлімге бөлінеді.
Зорлықтан болған өлім сыртқы күштердің — механикалық, термиялық, химиялық,
электр және т.т. күштердің әсері салдарынан болады. Өлім қаупін туғызатын
мән-жайларға байланысты өлімді басқа біреудін өлтіруі, өзін-өзі өлтіру және
жазатайым оқиғалар деп бөлуге болады. Сонымен бірге сот медицинасында
өлімді түрлерге бөлу де бар, мысалы, олар механикалық жарақаттардан,
уланудан, тұншығудан, жоғары температураның әсерінен өлу және т.б. деп
бөлінеді.
Зорлықтан болмаған өлім санатына айқын және жасырын өтетін аурулардан өліп
кететін жағдайлар кіреді. Зорлықтан болған өлім (кенеттен өліп кету,
беймәлім адам өлігін немесе жаңа туған нәресте өлігін тауып алу) деп күдік
келтірілген жағдайларды қоспағанда, өлгендей жағдайлардың көпшілігінде өлік
патологиялық-анатомиялық тұрғыдан жарып зерттелуге тиіс.
ӨЛІКТІК ҚҰБЫЛЫСТАР
Өліктік құбылыстар олардың пайда болған уақыты бойынша алғашқы және
кейінгі деп бөлінеді. Адам өлгеннен кейінгі алғашқы тәуліктер ішінде
дамитын ерте құбылыстарға өлікгің сууы, өлікгің тобарсуы, өлік таңбалары,
өліктің сіресуі және өліктік аутолиз жатқызылады. Кейінгі өліктік
құбылыстар өліктің шіруінен және өлікті табиғи сақтау құбылыстарынан:
өліктің қақталуынан, өлік балауызынан, шымтезек арқылы өңдеуден,
салқындатудан, кейбір табиғи сұйықтарда (мұнай, тұз ерітінділері арқылы)
сақтаудан көрінеді.
1. Алғашқы өліктік құбылыстар
1. Өліктің сууы. Адам өлгеннен кейін өліктегі алмасу процесі тоқталады да,
ол дене қызуы салқындауының физикалық заңдары бойынша жылу шығара бастайды.
Өлік оның температурасымен теңескенге дейін салқындай береді немесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz