Сазы сұр, күнгір сұр аргилитке ұқсас әртүрлі дәрежелі құм тасты және құмайты тас


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 Геологиялық бөлім

1. 1Географиялық және экономикалық жағдайлар

1. 2Ауданың геология - геофизикалық зерттеу тарихы

1. 3Стратиграфия

1. 4Тектоника

1. 5Мұнайгаздылық

1. 6Сулылығы

1. 7Ұңғыны қазу кезінде кездесуі мүмкін қиындықтар аймақтар

1. 7. 1Бұрғылау ертіндісінің жұтылу мүмкіндіктері

1. 7. 2Ұңғыма қабырғасының опырылып түсуі мүмкін аралығы

1. 7. 3Мүмкін болатын қауіпті ұстау аймағындағы аралық

1. 7. 4Мұнай газдын пайда болуы мүмкін болатын аралықтар

1. 8Тасбағанды іріктеу аралық

1. 9Болашақта горизонтты сынау және ашу

1. 9. 1Горизонтты сынау тәсілдері және аралық

1. 9. 2Өнім горизонтын ашу әдісі

1. 10Ұңғыдағы геофизикалық зерттеулер

1. 10. 1Ашық оқпанда барлық тілікте

1. 10. 2Шегенделген ұңғыма

2 Техникалық және технологиялық бөлім

2. 1Бұрғылау тәсілін таңдау және дәлелдеу

2. 2Ұңғыма құрылмасын жобалау және дәлелдеу

2. 2. 1Қашаулар мен шегендеуші тізбектердің диаметрін таңдау

2. 3Бұрғылау қоңдырғысын таңдау

2. 4Бұрғылау тәртібінің параметрін жобалау

2. 4. 1Бұрғылау тәсіліне байланысты ара қашықтық тередігі бойынша жуатын сұйықтықтын шығынын жобалау

2. 4. 2Қашаудағы белдік жүктемені және оның айналу жылдамдығын жобалау

2. 4. 3Бұрғылау тәртібінің параметрін бақылау

2. 5Ұңғыманы бекіту

2. 5. 1Шегендеу тізбегін жобалау және оның беріктілікке есебі

2. 5. 2Аралық және пайдаланылған тізбектін төменгі конструкциясы

2. 5. 3Шегендеу тізбегін түсіру және түсіруге дайындық жұмысы

2. 6Ұңғымаларды игеру

2. 6. 1Өнімді қабаттарды ашу және байқау

2. 6. 2Мұнайлы қабаттарды байқау әдісі

2. 6. 3Ұңғыманы ондағы сұйықтан жеңілдету түрімен алмастыру арқылы игеру

2. 6. 4Ұңғыманы ауа айдау арқылы игеру

2. 6. 5Қабатты ашу және байқау

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

АННОТАЦИЯ

Ключевые слова: Гидромониторные долота,

гидромониторный эффект,

профиль, конструкция,

градиент давления,

насыщения.

В дипломном проекте рассматриваются вопросы проводки эксплуатационной скважины глубиной 3200м в сложных геологических условиях роторным способом на нефтегазовым месторождении Аккар.

В его недрах встречаются нефть и газ с разными физико-химическими свойствами. В проекте выбраны спооб бурения, оптимальные типы долот, а также вид и параметры промывочной жидкости с учетом особенности геологических условий месторождения.

В проекте также рассматриваются резервы повышения технико-экономических показателей строительства скважин, меропрития по улучшению условий труда и охраны окружающей среды.


АҢДАТПА

Өзекті сөздер: Гидромониторлық қашаулар,

,

Профиль, құрылма, қысым градиенті, қанығу қысымы.

Дипломдық жобада Аққар кен орнында 3200м пайдалану ұңғымасын шиеленісті геологиялық жағдайда роторлы тәсілмен бұрғылау мәселесі қаралады.

Оның қойнауында қасиеттері жағынан әртүрлі мұнай және газ кездеседі. Жобада, бұрғылау тәсілі, қашаудың оптимальдық түрі мен бұрғылау тәртібі, сондай-ақ бұрғылау ерітіндісі параметрлері мен түрі кен орнының ерекше геологиялық жағдайына сай таңдалынып алынған.

Жобада сондай-ақ ұңғыма құрылысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін көтеру, еңбек жағдайын жақсарту жолдары және қоршаған ортаны қорғау шаралары қарастырылады.



КІРІСПЕ

Әртүрлі отын мен май қажет ететін мұнай және жанармайдын ішкі жанатын қозғалтқышы кенінең қолданғанда, ХХ - шы ғасырда мұнай өндірісі қарқынды дами бастады. Химиялық өндірісте мұнай және оның өнімі шикізат ретінде қолданғалы бері дүние жүзілік мұнай өндірісі ерекше тез дами бастады.

Химиялық өндірісте табиғи газ шикізаты жақсы және арзан отын ретінде қолданылады.

Осылайша мұнай мен газ және оның қайта өңделген өнімдері еліміздің экономикасының дамуына, халықтың материалдық жағдайларының көтерілуіне үлкен ықпал етеді.

Ел басы Нұрсылтан Назарбаевтын Қазақстан 2030 жолдауында мұнай және өндірісінің болашақтағы даму жолдарын айқын көрсетіп берген.

Ел экономикасының мұнай - газ саласы республикамыздағы жетекші сала екендігі баршамызға аян. Халқымыздың экономикалық - әлеуметтік хал - ахуалын одан әрі жақсартуда мұнай және газ кенорындарын бағдарлы да пәрменді түрде игеру мәселесі мемлекетіміз үшін әлі де талай жылдар бойына басым бағыт болып қала берері дауысыз.

Мұнай - газ саласы ел экономикасының түпқазығы деп түсінсек, бұл саланың өзегі - мұнай - газ геологиясы. Бұл заңды да, себебі көмірсутек кендері, өзге де минералдық шикізат кенорындары сияқты, ең алдымен жер қойнауларының туындысы, ал жер қойнауына қатысты кез келген мәселе бірінші кезекте геологияға қатысты болатындығы түсінікті.


1 Геологиялық бөлім

  1. Географиялық және экономикалық жағдайлар

Қазақстаның Әкімшілік өндірістік қатынастар бойынша Маңғыстау облысының Ерали ауданың Аққар - Солтүстік Аққар ауданы орналасқан. Жақын елді мекендер: Жетібай бекеті - 35 шақырым, Жетібай ауылы - 25 шақырым, Маңғышлақ бекеті - 70 шақырым, Ақтау қаласы - 58 шақырым, Жаңа Өзен - 90 шақырым. Жобаланған оңтүстік - батыс және солтүстік - батыс ауданнының оңтүстігінде Өзен - Маңғышлақ - Ақтау темір жолы өтеді, Өзен - Ақтау тас жолы ауданың оңтүстігінде жатыр. Жобаланған ауданы елді мекенің төмен сапалы топырақ жолымен байланысты, яғни авто көліктердін құрғақ мезгілде жүруіне шек қатылмаған және қар ерігенде және жаңбырлы кезде өте қиын. Ауданың орографиялық қарым- қатынасы әлсіз сопақты жазықтар бар екенің және олардын солтүстік - шығысқа қарай оңтүстік - батысқа қарай төмендеитіндігін көрсетеді. Нақты нүктенің тербелісі 105 тен 120 м арасында.

Геологиялық ауданың көлемі континентальді климаты шөлді аймаққа жатады. Жазы құрғақ аптапты кейбір күндерде ауаның температурасы шілде айында + 40, + 45 0 С болады. Қыста қары аз шығыс және солтүстік - шығыс бағытында қатты жел тұрады, яғни ауаның температурасы - 25 0 С - қа барады.

Өсімдік құрлымының бүркеніші өте кедей және буу ауданда құрғақшылық, сондықтан тұзды бұталы жусандар кездеседі. Жануарлар әлемінде ауыз толтырып айтарлық, себебі мұнда: құландар, қояндар, тышқандар, қарсақтар, күзендер, ала шілдер, қырандар, бүркіттер мекендейді.

Жобаланған көлемнең 6 шақырым жерде орналасқан солтүстік - батыс Жетібай кен орнында техникалық сұйықтық бұрғысымен қамтамасыз етілген құбыры және су ұңғымасы арқылы іске асырылады. Бұл ауданда салынған гидрографиялық тізбек жұмыс істемейді. Ауыз суы Жаңа Жетібай ауылына жеткізіліп тұрады.

Бұрғылау жұмысы “МаңғышлақМұнай” МУРБ өндірістілік бірлестігі арқылы жүргізіледі. Материалды техникалық басқару базасы 70 шақырым қашықтықта Маңғышлақ бекітінде орналасқан. Ұңғаманың географиялық зертеу жұмысы Маңғышлақ бекітінде орналасқан “МаңғышлақМұнай - геофизика” №2 - ші геофизикалық кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Тампонаж жұмыстары Өзен тампонаж кеңсесінде жүргізіледі. Бұл база Жаңа Өзен қаласында орналасқан. Бұрғылау жуу сұйықтары Маңғышлақ бекітінде орналасқан материалды техникамен қамтамасыз ету базасынан әкеліп, бұрғыда 5 түрлі сыңар дайындалады. Қажетті материалдармен құрал - жабдықтар МУРБ және УПиТОК базасынан авто көлікпен жеткізіленеді.

Электр жүйесімен ДВС қамтамасыз етеді. Ақтау қаласынан автобуспен вахтаны бұрғылау орнына жеткізеді.

Бұрғылау орнымен басқарманың байланысы радио бекеті арқылы жүзеге асады.

  1. Ауданың геология - геофизикалық зерттеу тарихы

Жетібай - Өзен тектоника сатысында 50 - жылдары жүргізілген геология - геофизикалық аймақтық жұмыстарында осы жұмыс көлемі қамтылған болатын. Бұл аудан туралы алғашқы мәлімет 1970 - 1971 жылдары “МаңғышлақМұнай - геофизика” тресінің Жетібайдың солтүстік - батысынан солтүстікке ОГТ әдісімен жүргізілген тиянақты сейсмикалық жұмыс нәтижесінде алынған. Жетібайдың солтүстік - батысы мен Бекебашқұдық бел - белестері арасындағы аймақ қамтылған еді. (V ax ) оксфордтн бат (IV 2 ) көрінетін горизонтында, сонымен қатар жер беті қатпарындағы солтүстіктен - оңтүстікке қарай Триастың бөлінуі болады. Жобаланған ауданда ұңғыманың №1 аймағында таужыныстарының көтеріңкі астасуы кездеседі. 1985 жылы осы аумақта Юраның бөлуінуіне палеотектоникалық анализ жасалынған еді.

Палеотектоникалық жаңғыртуға негіз болған МОГТ сейсмобарлау материалдары солтүстік - батыс Жетібайдың терең бұрғылау мәліметтері бойынша Юраның шөгінді қуатының картасы жабын ГТ астасуының терңдігін V 2 жолымен есептеудің екі түрі құралды: 1. Майысу горизонтағы нүктелерінің қиылысында РТ және V 2 , 2. Біркелкі өріс нүктелері әдісімен болады. Нәтижесінде - зерттеу бөлімшесінде 10 х 12 шақырым мөлшердегі сейомо кескіні сирек тізбекпен жабылған, төменгі Юрадағы Триастын шөгінуін көтеруге байланысты төменгі қуаты екі аймақ пайда болды.

МНГФ трестісіне бөлімшелерді тиянақты жұмыс өткізу үшін кепілдеме берілді. Осы жылы МНГФ трестін кепілдемесін пайдалана отырып қарастырылған аумақтағы сейсмо жұмысы айқталды.

Орта Триастын жанартау - карбонаты шөгіндісі қабаталынған табанымен шағылдырғыш горизонтта ПШ: IV, V, V 2 IV , V 3 1 , V 3 , VI 1 , VI 2 , V 2 1 басындай құрылымдық карта салынды. Тектоникалық бұзылуы солтүстік - шығыстан және солтүстік - батыста шектелген №2 - ші ұңғыма Жетібай ауданның солтүстік - батысында Аққар жартылай күмбезтас бөлініп шығады. Теңіз деңгейінен биіктігі бірдей жерлерді қосатын сызықтар 3240 ретпен 240 м - ге 2х2 шақырым мөлшермен амплитуда көтерілді. Қазіргі уақытта ұңғыманы бұрғылау жүргізіп жатыр.

  1. Стратиграфия

Аққар іздеу бұрғылау жобаланған алаңында жобамен 3000 - 3350 м тереңдікте 6 ұңғыманы бұрғылау қарастылған. Ол үшін төменгі триас төртігінең бастап шөгіндісі ашылады.

Триастық жүйе (Т)

Зертеліп жатқан шөгінді алаңында триасты жүйе төменгі, орта, жоғарғы бөлімдерге бөлінеді.

Төменгі бөлім

Төменгі Триастын шөгіндісінде аргилитпен құмай тас болады.

Аргилитер қатты шашыранқылап сынатын жіңішке бөлшектенетін айналы сырғаныш жарықшақтық құмай тасты қоспасы бар материал. Құмай таста ірі және орта түйіршікті қатпарлы, массивті кейбір жерлері жарқыншақты полимиктелген кейде карбонатты сазы біркелкі емес және құмы біркелкі емес пиритті бар қызыл түсті саз. Төменгі Триасты шөгіндісінің ашылу қуаты шамамен 110 м құрайды.

Ортанғы бөлім

Орта Триасты шөгіндісі негізінен жанартау - карбонатты таужыныстардан құралған сұр, ашық - сұр және қара - сұр түсті болады. Құм тасты орта түйіршікті массивті жарықшақтық полимиктелген. Бөліктері кварцтан, өрісті шпатан, қабыршық слюдтен, түйіршікті глауконеттен құралған. Жарықшағында тотықан тау шайыры кездеседі.

Құмай тастар ұсақ және орта түйіршікті, массивті, жарықшақты, сазды, полимиктелген, аралығында әктасты болып келеді.

Аргилиттер жіңішке бөлшекті ықшам қабатты жіктелген жынысты, арасында құмай тасы бар, құрамында органикалық затты бар, біркелкі емес корбанатты болады. Әктастары көбінесі ықшамды, жіңішке түйіршікті, ұсақ кристалды, сазды, доломителген болып келеді. Сонымен қатар әктастарды ірі түйіршікті органагенді тез сынатын биогені болып келеді.

Әктастары оргонагенді ортанғы және ықшамды кристалды бөлігіне баяулап өтетін кейбір жерлі ойықты және тау шайырлы болады. Әктастары ұсақ түйіршікті балдырлы дитрит қоспасы шламды, әлсіз доломителінген, кристалды әктастар аз қуаты қабат құрайды. Біркелкі емес доломит барлық әктастардын түрлеріне тән. Доломиттер крем түсті, қуысты, кристал қабатты, бағдарлы әктасты арасында аз қуаты туф құм тастары бар болып келеді.

Туфтары - сұр және күл тәрізді түске баяу өтетін көгілдір - сұр кристалдары бар. Туфтар әртүрлі дәрежеде карбонатталған, доломителген, хлорителінген. Триастын орта таужыныстарының жарықшақты. Жарықшақтар кальцимен кварцтан жасалған құрамында тотықталған тау шайыры бар. Орта Триастын шөгіндісінің қуаты 245 м.

Жоғарғы бөлім (Т 3 )

Негізгі жоғарғы Триасты құмды малта тастар қабаты құрайды. Тіліктері кезектесіп құмдардан, құмай тастардан, саздан, аргелитттен тұрады. Таужыныстарының қаныққандығына тән қасиет құрамында ұсақ көміртекті өсімдікті детриттін бос күйінде және көмірлі қабат күйінде болуы.

Құм тасты сұр, ақшыл сұр, ұсақ орта және сирек, ірі түйіршікті, жақсы іріктелген мықты массивті гравня қоспасы бар таужынысы. Құм тас полимиктелінген кварцты қабыршықты цемент.

Құмай тастар құрамы құм тасқа ұқсас. Сұр саз, күнгірт сұр, тығыз, аргилит тәріздес, құмды жерлері құмай тасты, көміртекті заттармен бос күйінде араласады.

Аргилиттер қабыршықты гравилитер мен ұсақ малта тастар және жұмыр тастар жұмырланған және жартылай жұмырланған аргилитпен құм тасқа төселенетін сынықтардан тұрады. Жоғарғы триастын шөгінді қуысты 60 шақырым.

Юра жүйесі (J)

Юра жүйесінің шөгіндісі ортанғы және жоғарғы бөлімдерден тұрады. ПОМН геологиялық қызмет оның аумағындағы төменгі қабат деп есептейді.

Ортанғы бөлім (J 2 )

Ортанғы бөлімнің құрамаында Аален, Байос жік қабат.

Аалендік жік қабат (J )

Аален жік қабатының шөгіндісі әртүрлі түйіршіті құм тастардан жуандау, өзіне тиісті қабатында саздармен, малта тастармен жұмыр тастар кездеседі.

Құм тастар сұр, сары сұр, бура, ұсақ орта және ірі түйіршікті кейде көп мөлшерде сазды материалды қоспасы бар. Құм тас әлсіз, орташа мықты, сазды хлоридпен, боритті цементті цементелген. Көбінесе дөрекі түйршіктері құм тасынын гравилитіне малта тастары мен жұмыр тастарына суысады. Сазы сұр, күнгір сұр аргилитке ұқсас әртүрлі дәрежелі құм тасты және құмайты тас. Ааленаның шөгіндісі ерекше сазды өсімдікті органикасынын қаныққан бос күйінде немесе көміртекті қабаты бөлек болып кездеседі. Сұр және күнгірт сұр түсті құмайт тас түрінде кездеседі және олар тығыз, мықты, сазды құм тасты болады. Ааленаның шөгіндісінің қуаты 180 - 200 шақырым.

Байос жік қабаты (J 2bj )

Байостін шөгіндісінен саздармен құмай тас, құм тас кезектесіп құралған. Мергель және көмір түрінде өте сирек кездеседі. Таужыныстарын кезектесуі жұқа қабатты. Жалпы жоспарында байос жік қабатында төменгі бөлігінде аса сазды және құмды, құмай тасты таужыныстары бар және олар өте мықты қабат, қатты үйкеліске шыдамайды. Жоғарғы бөлігі құм тасты және құмайт тастан құралған. Мұнда сазды қабатының қуатылығы 5 - 10 м аспайды.

Таужыныстары өсімдікті органикадан тұрады. Құм тастары сұр, сары сұр, бура, ұсақ және орта түйіршікті, сазды құмайты құмай тасқа біртіндеп өтеді. Құмай тастардын құрамы полимикті кеуекті цементті сазды.

Құмайт тастар сұр, бура, орта және төменгі түйіршікті полимиктелінген. Құрамы және қарым - қатынасы жақынан таужыныс құрайтын минералдар құм тастарға хлоритті қабыршықты бозальді кеуекті цементке жақын. Саздар күнгірт сұр, қара десе де болады, әртүрлі дәрежедегі құм тастары құмайтары өсімдік органикасымен әбден қаныққан. Байос шөгіндісінің қуаты 260 - 290 м.

Бат жік қабаты (J 2bt )

Бат жік қабатының шөгіндісіне тән нәрсе құм тастармен құмайтардын және саздардын жиі өлшем суында құм тастар сұр, күнгірт сұр, бура, сары сұр, ұсақ түйіршікті анда - санда орта түйіршікті болады, себебі олар біртіндеп құмай тастарға өтеді. Сынықтары кварц, өрісті шпат, кварцит, кеуекті сазды цемент түрінде кездеседі.

Құмай тастар құрамы құм тастарға ұқсайды, яғни олар құмды және сазды. Олар хлорлы, сазды кеуекті, жапсарлы цемент екендігімен бөлектелінеді. Сазы күнгірт сұр, сұр, күнгірт қоңыр кей дәрежеде құм тасты және құмайты саздары жанартаулы әйнектермен араласқан, ал көмірлі сланецтін жұқа қабықшасы болып және өсімдікті детрит бос түрінде кезекдеседі. Саздын қабаты кейде оларға қаныққанға сонша көмірлі таужыныстарының келбетін құрайды. Баттын шөгінді қуаты 230 - 250 м.

Жоғарғы бөлім (J 3 )

Жоғарғы Юраның аралық шөгіндісі Келловей, Оксфорд және Кемеридж, Титон жік қабаттарымен ерекшелінеді.

Келловей жік қабаты (J 3сl )

Келловей жік қабатының шөгіндісі таужыныстарының құмды, құмайты, саз қоспаларының қабатын құрайды. Саздары жасыл - сұр, күнгірт сұр, кейде бура дақтары бар тығыз құмайты әлсіз құм тасты. Саздарының көпшілігі әлсіз корбанатты және корбанатсыз айырмашылықтарымен көзге түседі. Алайда жоғарғы бөлігінде корбанаттылығы аралықта өсіп олар мергелийге өтіп отырады.

Құм тастары мен құмайтары сұр, жасыл жеткілікті түрде ұсақ түйіршікті. Таужыныстарын құрайтын минералы өрісті шпатпен кварцтан тұрады. Цементі сазды, сазды карбонатты бозальді кеуекті түрлері бар.

Литологиялық ерекшеліктеріне қарағанда келловей жік қабаты үш бөлікке бөлінеді. Төменгі сазды, құмды, құмайты таужыныстары 1 метр қуатылығынан жұқа қабат түрінде кездеседі.

Ортанғысы құм тасты және құмайты құрамында саздары бар болып ұшарасады. Жоғарғысы жеткілікті сазды болып кездеседі. Бұл сазда саздын қуаттылығы сонша едәуір бөлігінде мергелий кездеседі. Келловей жік қабатының қуатылығы 80 - 100 м.

Оксфорд жік қабаты (J 3ох )

Оксфорд жік қабатының төменгі бөлігі сазды - карбонатты шөгіндісіндегі тілікте ерекше саз болғандығымен бөлектелінеді.

Сазы сұр, күнгірт сұр, жасыл сұр, мергельді, құмайты, сирек әлсіз құм тасты және тығыз. Құрамында кальций - карбонат болғандықтан біртіндеп мергелиге ауысады.

Мергелийдін құрлымы әдетте плитоморфты және ықшам түйіршікті. Негізгі олардың салмағын сазды кальцитпен құмай тас араласқан материал құрайды. Мергелий жарықшақты. Жарықшақтары ұсақ кристалды кальцитпен толтырылған. Оксфорд жік қабатының тіліктерінде құм тастармен құмай тастар қабыршығы бар екені кейде белгілі болып тұрады.

Құм тастары ұсақ түйіршікті ақшыл сұр, сұр, күнгірт сұр бояулары бар массив текстур болады. Құм тастары полимикті кварцтан және өрісті шпактан тұрады. Цементті сазды және кальций кеуекті бозальді болып келеді, ал құмай тастары ұсақ және әртүрлі түйіршікті сұр, ашық сұр, күнгірт сұр жұқа қабықшалы полимиктелінген. Оксфорд шөгіндісінде бос күйінде және тасберішті түрінде өсімдік және жәндіктер қалдығында периттер кездеседі. Оксфорд шөгіндісінің қуатылығы 200 - 220 м.

Кембридж жік қабаты (J 3km+t )

Кемеридж - бұл жік қабатының шөгіндісі доломитпен мергелей қабығы бар органагендік сынғыш ұсақ кристалды әктастардан тұрады.

Әктастардын органогенді айырмашылықтары 35 -55% пайызы кристалданып кеткен ине терілі қалдықтардан тұрады. Таужыныстары жарықшақты және кальцитпен толтырылған доломиттері көбінесе әктастары, доломиттер құрлымы оргоногенді сынықты және реликті әктастардан құралған. Доломиттерінде гнез холцидон фосфат түйіршігі кезедеседі.

Құм тастарымен құмай тастары сұр, жасыл сұр полимиктелінген крем тәрізді цементпен және мықты корбанатпен цементелген. Таужыныстары жарықшақты ұсақ кристалды кальциттермен тотырылған Кемеридж, Титон жік қабатының шөгінді қуаты 260 м.

Бор жүйесі (К)

Бор жүйесінің шөгіндісі жоғарғы және төменгі бөлітерден тұрады.

Төменгі бөлім (К 1 )

Төменгі бөліктін шөгіндісі неоком жік қабатының астына Альб, Апт жік қабаттарынан тұрады.

Неоком жік қабатының үсті (К 1пе )

Неоком шөгіндісінің шаюлуы жоғарғы Юра шөгіндісіне астасады. Негізінен жік қабатының үсті таужыныстарының әртүрлі фосфорит балдырғымен және тас малтамен монолитті қабат бозальді жұмыр тастар қаттылығы 0, 3 м дейін астасады. Жоғарғы тілігіт құм тастардан, әктастардан, сазды қабаттардан, құмайтармен доломиттердін құралған. Таужыныстары ашық сұр, жасыл сұр түске бояланған.

Тіліктін орта бөлігі құм тастардан саздан, құмай тастардан, әктастардан, доломитпен мергелмен кезектесіп құралған . Таужыныстардын құм тасты құмай тас, сазды карбонаттары біркелкі қарым - қатынаста болады.

Тіліктін жоғарғы бөлігі мергелий және саздын әктастардан құралған саздан және құм тастардан тұрады. Ала түсті бояу бұл бөліктін тілігіне тән қасиет.

Құм тастар ұсақ орта әртүрлі түйіршікті, әртүрлі деңгейде цементелген кварцті. Жіңішке және бос периттер үнемі байқалады. Оргоногенді сынықты әктастар цементелген карбонатты материалдардан және органикалық қалдықтардан құралған.

Жіңішке ықшам түйіршікті әктастар ұсақ түйіршікті карбонаттардан құралған. Олар әртүрлі дәрежеде доломителген. Ірі түйіршікті құм тасты құмай тастар, құм тасты құмай тастар таратылған олимитттерден тұрады. Саздары құмай тасты, құм тасты кейде таза тығыз шашыраңқы сынықтар болып келеді. Сазында өсімдік детриді шашыраңқы түрде болады. Оалит әктастарында жұмырлы және саз материал қоспасы бар. Мергелиі жіңішке қабатшалы құмай тас материалдарымен араласқан бақалтас сынықтары. Неоком шөгіндісінің қуатылығы 130 - 150 м.

Апт жік қабаты (К )

Апт жік қабаты әртүрлі жоғарғы қабаттағы Неоком шөгіндісімен астасатын фосфоритті жалбырлармен ұсақ жұмыр тас құрайтын құм тас тақтасынан басталады. Әдетте ол тақтаның қуатылығы 0, 2 - 1, 5 м, кейде 2 - 2, 5 м дейін болады. Жоғарырақ қалындығы күнгірт сұр түрлі қара сазбен астасады. Сазды қалындығының үстінде құм тастармен құмай тастар қабатша құрайды.

Апт саздары құмай тастары органикамен араласқан жіңішке бос детриті бар әлсіз карбонаттардан тұрады. Өсімдік қазба қадықтарымен және пелеципот сынықтарымен ерекшеленеді.

Құмай тастар күнгірт сұр, жасыл дақтары бар, әртүрлі түйіршікті полимиктелінген, жіңішке бос перит және глауканит қоспасы бар поликварцты шпатан тұрады. Цементті карбонатты кейде аралас түрді бозальді бар сазды болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іздестіру жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері
Ауыспалы егістіктердің территориясын ұйымдастыру
Алтынемел ұлттық саябағы
Оңтүстік Матин мұнайы
«Ақшат 1» әктас кенорнының өнеркәсіптік маңызын айқындап, С1 және С2 категориялары бойынша қор есептеу
ОҚО физикалық – географиялық сипаттама
Топырақ ерекшелігі
Жұбантам алаңына барлау жұмыстарын жүргізу нәтижелері және өнімді беткейдің мұнай газ шоғырларын анықтау жұмыстары
Шу-сарысу ойпаты аймағының қазіргі геоэкологиялық ахуалы
Оңтүстік Торғай ойпаты, Арысқұм иінді ойысында орналасқан Приозерный құрлымының мұнайгаздылы қорын есептеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz