Мұнайдан газды айыру


АҢДАТПА
Бұл дипломдық жоба 5 негізгі бөлімді құрайды.
- геологиялық бөлім;
- технико-технологиялық бөлім;
- экономикалық бөлім;
- еңбекті қорғау бөлімі;
- қоршаған ортаны қорғау бөлімі.
Геологиялық бөлімде кен орнының жалпы мәліметтері, стратигрофиясы, тектоникасы, кеуектілігі, сулы қабаттардың сипаттамасы, мұнайдың құрамы мен қасиеттері қарастырылған.
Технико-технологиялық бөлімде ұңғыманың толық қоры, мұнай жинау жүйесінің қондырғылары мен элементтері тасымалдау мен дайындау жұмыстары жүргізілді.
Экономикалық бөлімде экономикалық көрсеткіштер мен жылдық экономикалық тиімділіктің есептеулері көрсетілген.
Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау бөлімдерінде кен орнында жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етілуі қарастырылған.
АННОТАЦИЯ
Данный дипломный проект состоит из 5 основных частей.
- геологическая часть;
- технико-технологическая часть;
- экономическая часть;
- охрана труда;
- охрана окружающий среды.
В геологической части рассматривается общие сведения о месторождении, стратиграфии, тектонике, характер пластовых вод, физико-химические свойства нефти, газа и воды.
В технико-технологической части подробно описывается фонд скважины, приведен анализ текущего состояние разработки, а также элементы системы сбора и подготовки нефти, газа и воды в установках.
В экономической части дан расчет основных экономических показателей и годового экономического эффекта.
В разделах охраны труда и охрана окружающей среды рассматриваются мероприятия обеспечения безопасности работающих не месторождений.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе3
1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ4
1. 1 Мұнайлы ауданның физика-географиялық және экономикалық4
сипаттамасы4
1. 2 Кен орнының игерілуі мен геологиялық зерттеу тарихы5
1. 3 Стратиграфия6
1. 4 Тектоника7
1. 5 Мұнайгаздылық8
1. 6 Кеуектілік10
1. 7 Мұнайдың құрамы мен қасиеті12
1. 8 Сулы қабаттардың сипаттамалары13
1. 9 Мұнайдың, газдың және конденсаттың қоры14
2 ТЕХНИКА-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ15
2. 1 Игерудің жағдайы туралы қысқаша мағлұматтар15
2. 2 Мұнай, газ және су алу сипаттамасы16
2. 3 Объектілер бойынша мұнай, газ және су өндірудің қысқаша талдануы18
2. 4 Қабат қысымының динамикасы22
2. 5 Қабат қысымы ұстау үшін айдалатын су динамикасы23
2. 6 Жинау жүйесінің қондырғылары24
2. 7 Өз ағыны арқылы мұнай және газ жинау жүйесі24
2. 8 Мұнай жинау жүйесі элементтерін тасымалдау және дайындау есептері. 25
2. 9 Мұнайдан газды айыру26
2. 10 Тік гравитациялық сепараторды газды жіберуіне байланысты есептеу27
2. 11 Тік гравитациялық сепараторды сұйық өткізу қабілетіне есептеу30
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ33
3. 1 Жайық мұнай-газ өндіру басқармасының өндірістік-ұйымдастыру құрылымы33
3. 3 Орындалған геологиялық-техникалық шаралардың талдануы48
3. 4 Деэмульгаторды енгізудің экономикалық тиімділігінің есебі49
4 Еңбек қорғау51
4. 1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау51
4. 2Жеке қорғаныс құралы52
4. 2. 1 Өндірістік санитария52
4. 2. 2 Техника қауiпсiздiгi53
4. 2. 3Өрт жарылыс қауiпсiздiгi58
5. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ59
5. 1 Қоршаған ортаға тасымалдау және газ мұнай өңдеу технологиясы әсерінің негізгі факторлары60
5. 1. 2 Атмосфераның ластаушы көздері ретінде технологиялық үрдістердің анализі63
5. 1. 3 Топыраққа және жер қойнауына әсер етуі. 64
5. 2 Ұйымдастыру шаралары66
5. 2. 1 Атмосфераны қорғауды қамтамасыз ету66
5. 2. 2 Гидросфераны және литосфераны қорғау69
ҚОРЫТЫНДЫ70
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ71
Кіріспе
Мұнай өнеркәсібі еліміз экономикасында басты орындардың бірін алады, әсіресе энергетикалық сала өркендеуінде өзінің зор үлесін қосады.
Жалпы, мұнай өндірісі дамуы ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің, ауыл шаруашылығы, транспорттың дамып, алға басуын жеделдетеді.
Қазақстан Республикасының мұнай-газ және газдыконденсат кен орындары, көбіне оның батыс бөлігінде орналасқан, қазіргі уақытта да көптеген жаңа кен орындары ашылу үстінде.
Батыс Қазақстан бойынша, белгілі ашылған кен орындары Каспий маңы ойпатының тұз-күмбезді құрылымында орналасқан.
Сондай-ақ Каспий маңы ойпатының терең жатқан мұнай кеніштерін игеруге өнеркәсіптік кірісу мыналарға қол жеткізеді: континентальды шелфтегі мұнай-газ кен орындарын меңгеруді жеделдету және осы үшін керекті өндірістік-техникалық базасының жасақталуы.
Осы аудандағы мұнай-газ кен орындарының әртүрлі жағдайда орналасуы, олардың мұнайларының әртүрлі қасиетке ие болуына бірден-бір себепкер.
Осы мұнайлар қасиеттерінің әртүрлі болуы, оларды игеруге, әртүрлі жаңарған техниканы және технологияны қолдануды қажет етеді.
Осы дипломдық жобаның негізін болып отырған Балғымбаев кен орынын да, өз мәнінде игеру мен пайдаланудың көптеген әдістерін қоолданып игеріледі.
Балғымбаев кен орыны 1968 жылдан өндірістік іске қосылды. Қазіргі уақытта мұнай төрт өнімді горизонт бойынша өндіріледі, олар: апт-неоком, I неоком, II неоком және ортаюра.
Жазылған дипломдық жұмысым осы кен орынның өндірілген мұнайын жинау, тасымалдауға дайындауға арналған.
1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Мұнайлы ауданның физика-географиялық және экономикалық
сипаттамасы
Балғымбаев мұнай кен орнын өндірістік игеру 1968 жылдан басталған.
Балғымбаев кен орны, ол Жайық пен Еділ аралығында, теңізді зонада орналасқан.
Облыстық басқару және өндіріс орталығы Атырау қаласы Аққыстау поселкесінен 84 км қашықтықта тұрады, ал Балғымбаев 76 км шығыс жақ бетте орналасқан. Бұл кен орны өте қолайлы экономикалық зона бойында.
Ол негізінен алғанда Ембі мұнайлы аймағының батысында және Солтүстік Каспийдің жағалық аймағында орын тепкен.
Балғымбаев кен орны геологиялық-барлау жұмыстарына сәйкес қолайлы құрылымдардан: Қамысты, Жаңаталап, Бақсай, Манаш, Шәлік, Гран және Малаядан тұрады. Осылардың ішінде мұнайлы деп табылған және мұнай игерілетіндер: Қамысты, Жаңаталап, Гран, Ровное.
Геоморфологиялық жағынан алғанда, қарастырылып отырған аудан теңіздік аккумулятивтік минус 20 метр абсолюттік белгіде, ал солтүстік белгі минус 30 метр болады.
Балғымбаев тұз күмбездерінің төмен түсуіне байланысты ол жердің рельефі жазықтармен сипатталады. Топырағы құмды, кейбір жерлерінде сазбалшықтармен алмасады.
Өсімдіктер әлемі тапшы, көбінесе қамыс тәріздес өсімдіктер өседі.
Грунт суларының деңгейі 1, 5-2 метр тереңдікте орналасқан. Құмды құмайт бөліктеріндегі суы аз минералданған. Балғымбаев өз территориясында өзен жоқ. Балғымбаев территориясынан солтүстік-шығысқа қарай Жайық өзенінің бір бөлігі болып есептелетін Бақсай өзені ағып өтеді. Су тасыған уақытта ағынды сулар молаяды, ал жазда ол су айдау станциялары арқылы Жайық өзенінің есебінен болады.
Теңіз жағалауы Балғымбаевтан оңтүстікке 12-15 км қашықтықта жатады.
Аудан климаты континетальды. Жазы ыстық, қысы суық. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері 160 пен 300 мм аралығында ауытқып тұрады.
Ауданның жергілікті тұрғындары және өндіріс жұмысшыларының негізгі дені - қазақтар.
Ауыл және мал шаруашылықтары жақсы дамыған.
1. 2 Кен орнының игерілуі мен геологиялық зерттеу тарихы
Балғымбаев ауданында геофизикалық барлау жұмыстары 1957 жылдан бастап жүргізіле бастады. 1960 жылы 15:60 сейсмикалық партиясы Балғымбаев ауданына зерттеу жүргізді.
Бұл кен орын құрылымы солтүстік-шығыс бағытқа тартылған, оңтүстік-шығыста бірте-бірте өзгеретін тұз күмбезі тәрізді.
1961 жылы маусым айынан бастап зерттеу қорытындысы бойынша Балғымбаев территориясының геологиялық құрылысын нақтылау үшін, төменгі бор қабаттарда мұнай бар екені белгілі болғаннан кейін және құрылымды терең барлама бұрғылауға дайындау үшін структуралық іздеу бұрғылауы басталды.
1961 жылдың тамыз айынан бастап структуралық іздеу бұрғылауы арқылы төменгі бор қабаттарда мұнай жиындары белгілі болған соң, бұрғылау жүргізуге тура келді.
Құрылымды іздеу және барлама бұрғылау арқылы ол жерлерде апт-неокомамен контактіде мұнай жиындары бар екені анықталды.
Осы кен орнында бұрын Ембі мұнайлы ауданында кеңінен қолданбаған әдіс-сұйықтың жоғары жылдамдылығы, яғни ол дегеніміз - қарқынымен алу-алынатын мұнай қорының 10%-не дейін, контур ішінен су ацдау, скважиналардың сирек торын жасау, тағы басқадай іс-шаралар жобалауымен түсіндіре аламыз.
1. 3 Стратиграфия
Балғымбаев мұнай кен орны тұзды-күмбезді құрылымда орналасқан. Ондағы тұз тереңдігі 1190 метрге дейін жетеді. Кен орын қимасында кунгур жыныстарынан төрттікке дейінгі қабаттар ашылған.
P - Төменгі пермь жүйесі.
Pik - кунгур ярусы.
Кунгур шөгіндісі термгенді жыныстармен алмасып келетін кристалды тұздан және гипстен тұрады. Кен орнындағы 13-ші скважинадағы тұздың ашылған қалыңдығы 80 метр.
Mz - Мезозой тобы.
T - триас жүйесі.
Триас жүйесінің қабаттары ұсақ галегникті кангломератты, гипс, құм және құмтастармен саздың алмасып келуінен болады.
Қабат қалыңдығы 147 метрден 515 метрге дейін барады.
I - Юра жүйесі.
Юра жүйесі үш бөлімнен тұрады, олар: төменгі, орта және жоғарғы.
Юра қабаты көбінесе құм, құмтас және сазды болып келеді.
Қиманың саздануы төменнен жоғары қарай өседі. Жоғарғы бөлігінде мергельмен известняк байқалады. Юра шөгінділерінің қалыңдығы 523 метр.
К - Бор жүйесі.
Ашылмаған қабат қимасында бор жүйесінің төменгі бөлім (готерив, баррем, апт, альб) және жоғарғы (турон-коньяк, сантон, кампон, мастрихт) бөлім кездеседі. Турон жыныстары трангрессивті сәйкессіздікпен альб ярусында жатады.
Төменгі бор қабаттары құмды-сазды жыныстардан, сонымен қатар баррем негізінде қалыңдығы 715 метрдей құмды қабаттан тұрады.
Апт және альб қималарында көбіне саздар болады. Төменгі бор қабаттарының қалыңдығы 595, 5 метрге дейін жетеді. Жоғары бор қабаттары көбінесе ізбес тас пен бордан және құммен саз қабаттасқан мергельден тұрады. Жоғарғы бор қабатының қалыңдығы 392 метрге дейін тартады.
N - Неоген жүйесі.
Неоген шөгіндісі екі ярусқа бөлінеді, олар: ақшағыл және апшерон. Бұлар шұғыл сәйкессіздікпен бордың бетінде жатады, литологиялық қатынаста қарастырылып отырған қабат алмасып әк тас келетін құм, саз, мергель және әк тас көрінген. Неоген қалыңдығы 24-134 метр болып келеді.
Q - Төрттік жүйе.
Төрттік жүйеге құмды болып келетін бакин ярусы жатады. Төрттік шөгіндінің қалыңдығы 75 метрді құрайды.
Төрттік жүйе шөгінділерінің қалыптасуы Каспий тенізі трансгрессиясындағыға тәуелді, сондықтан да төрттік жүйе шөгінділерін Каспий шөгінділері деп атайды. Каспий шөгінділері ашық-қоңыр саз балшықтармен ашылған. Олар слюдалы, темірлі, тығыз, құмтасты, әк тасты болып келеді.
Қиманың төменгі жағында сирек емес, саз қабатшасы болатын саз балшықтары жатады. Бұл саздар құмтасты, әрі әк тасты болып келеді.
Төрттік жүйе шөгінділерінің ең кіші қалыңдығы 29 метр де, ал үлкені 75 метр құрайды.
1. 4 Тектоника
Тұз үсті шөгінділерінің құрылысы тұзды ядро морфологиясымен тығыз байланысты. Ол құрылымды белгілеріне қарап Солтүстік және Оңтүстік Балғымбаев болып бөлінеді.
Солтүстік Балғымбаев мынадай бөліктерден тұрады: солтүстік қанат солтүстік қабаққа кіреді, ал оңтүстік солтүстік тұзды биіктікке кіреді. Осы қанаттар тұз биіктігі сводына қарап жатқан грабенмен бөлінген.
Оңтүстік Балғымбаев солтүстік-батыс және оңтүстік қанаттар өзара грабенмен бөлінген. Кен орынның құрылысын структуралық карта және геологиялық профильдер береді.
Солтүстік Балғымбаев.
Құрылымның ең биік жері - Солтүстік қанат. Оңтүстікке ол негізгі амплитудасы 450-480 метр болатын грабеннің лықсуымен шектеледі. Осы лықсудың құлау бұрышы 45-50º. 13-ші скважинада 516 метр тереңдікте
-лықсуы бар, амплитудасы 90 метр. Осы лықсудың құлау бағыты-солтүстікке 60º бұрыш жасайды. Осы лықсу екінші грабен лықсуы болып табылады.
Оңтүстік Балғымбаев.
Тұз үсті шөгінділері құрылымы бойынша антиклиналь болады, ол грабеннің орталық бөлігінде. Осы жерде екі қанат - Солтүстік-батыс және Оңтүстік қанаттар. Оңтүстік қанат құрылымда ең көтеріңкі және жартылай тұйықталған түрде болады.
Тұз үсті шөгінділерінің құрылысы тұзды ядро морфологиясымен тығыз байланыста.
Ол құрылымда белгілеріне қарап Солтүстік және Оңтүстік Балғымбаев болып бөлінеді.
1. 5 Мұнайгаздылық
Көп қабатты Балғымбаев кен орнының мұнайгаздылығы негізінен бес өнімді қабатта ашылған, олар төменгі бор - К және орта Юра
шөгінділерімен байланысты.
Апт-неоком горизонты.
Бұл горизонт жиыны солтүстік батыс қанатының барлық алаңдарында және оңтүстік қанатта негізгі мұнайдың геологиялық қорын құрайды. Бұл горизонт аудан бойынша барынша едәуір көлемде үлкен. Мұнай қоры құрамы әртүрлілігімен де, қалыңдығымен де ерекшеленеді.
Бастапқы су-мұнай контактісі белгісі - 709 метрмен - 715 метр ішінде өзгеріп отырады, ал мұнайлы қабаттың қалыңдығы 95 метр болады.
I Неоком горизонты.
I неоком горизонтының тиімді қалыңдығы 2 . . . 4 метр аралығында. Горизонттың абсолюттік тереңдігі - 634 метр, ал контурда - 720 метр. Залеж биіктігі 76 метр.
Горизонт литологиялық жағынан ұсақ түйіршікті құмтастардан, құмнан және алевролиттерден тұрады. I неоком горизонты бір онша қалың емес қабаттан тұрады, және де ол қабат екі қабатшаға бөлшектенеді. Бөлшектенудің орташа коёффициенті 1, 2 болады.
Жиын өнімділігі бойынша I неоком горизонты апт-неоком горизонтына жол береді. Бастапқы шығым 2-80 т/тәулігіне аралығында.
Аралық горизонт.
Аралық горизонт оңтүстік қанаттың солтүстік-шығыс бөлігінде және орталығында екі линзамен түзілген. Горизонттың тиімді қалыңдығы 0, 1 мен 3, 5 метр аралығында. Литологиялық жағынан аралық горизонттың жоғары жатқан горизонттардан айырмашылығы аз.
II Неоком горизонты.
II неоком горизонты өндірістік мәні жағынан апт-неокомнен кейін екінші жиын болып табылады.
Бастапқы мұнай шығымдары 5-120 т/тәулігіне, ал газдық факторларда 2-40 м3/м3. Бастапқы су-мұнай контактісі 706 метрде анықталады. Жиын биіктігі 49 метрге тең. Горизонт 2-3 қабатшаға бөлінген. Мұнаймен қаныққан тиімді қалыңдық 6-10 метр аралығында өзгереді. II неоком горизонты жоғарғыларға қарағанда әртекті, оның бөлшектену коэффициенті 2, 46-ға тең.
Орта Юра горизонты.
Орта Юра горизонты Солтүстік Балғымбаевта өндірістік мұнайлы горизонт. Горизонттың абсолютті тереңдігі сводта минус 870 метр, ал контурда минус 930 метр. Жиын биіктігі 60 метр.
Өндірістік геофизика бойынша өнімді қабаттардың мұнаймен қанығуы анықталған.
Төменде қабаттар бойынша мұнаймен қанығуының коэффициенттері көрсетілген:
Апт-неоком 0, 76
I неоком 0, 56
Аралық 0, 67
II неоком 0, 67
Орта Юра 0, 66
1-кесте Балғымбаев кен орны мұнайлы горизонттарының геологиялық-физикалық сипаттамасы
Горизонт
тар
1. 6 Кеуектілік
Коллекторлар кеуектілігін керн және басқа да геофизикалық әдістермен анықтайды.
Керн арқылы көрсеткіштердің жоғарғы мәндерін алуға болады. II неоком горизонтынан басқадай жерлерде кеуектілік аз мөлшерде, тіпті кейде өзгермейді деуге де болады.
Нақты берілгендер әрбір блоктың орташа кеуектілігінің мәні бір горизонтта бір-бірінен айырмашылығы болмайтынын көрсетеді. Толығымен апт-неоком горизонтының орташа мәні кернмен алғанда 30, 4%, каротажбен 33, 1%, кеуектілік мәнінің интервалы 23-35% болады. I неоком горизонты бойынша орташа кеуектілік кернмен 35, 1%, каротажбен 25, 6%, кеуектілік мәнінің интервалы 23-35%.
Аралық горизонттың керн бойынша орташа кеуектілігі 32, 8%, каротажбен 28, 5%, кеуектілік мәнінің интервалы 25-35%.
Ортаюра горизонты бойынша орташа мәні кернмен алғанда 27, 6%, каротажбен алғанда 25, 5%, ал кеуектілік мәнінің интервалы 22-32%.
II неоком бойынша орташа кеуектілік керн бойынша алғанда 30, 3%, каротажбен алса 29, 3%.
Апт-неоком горизонты бойынша скважинадан алғанда орташа арифметикалық әдіспен анықтағанда өзгереді.
I неоком горизонты бойынша орташа арифметикалық әдіспен есептегенде ашық кеуектіліктің орташа мәні 31, 9%-33, 2%-ге дейін өзгереді.
Аралық горизонт бойынша орташа арифметикалық әдіс бойынша орташа кеуектілік 25, 4% пен 34, 9% аралықтарында.
II неоком горизонты бойынша скважинамен алынған орташа арифметикалық әдіспен есептелген ашық кеуектіліктің орташа мәні 24, 2-32% аралығында, ал орташа өлшенген мән 26% пен 32, 7% аралықтарында.
Ортаюра горизонты бойынша ашық кеуектілік орташа арифметикалық әдіспен алынған 26. 0-31, 1% арасында. Орташа өлшенген әдіс бойынша кеуектілік скважиналарда 23, 3% пен 30, 8% арасында өзгереді.
Өткізгіштік.
Өткізгіштік 36 скважинада зерттеуге мүмкіндік болды. Осы жағдайда тұрақтандырылған сынақ алу арқылы 26 анықтама, қысым таралу қисығын тұрғызу арқылы, 17 анықтама алынды және 7 скважина арқылы екі әдіспен де есеп жүргізілді.
Ауа бойынша орташа арифметикалық өткізгіштің мәні 414 мд, ал су бойынша 111, 6 мд.
I неоком горизонты бойынша ауамен коллектордың орташа арифметикалық өткізгіштігі 143 мд, ал сумен 30 мд.
Аралық горизонт бойынша коллектордың орташа арифметикалық өткізгіштігі газбен 594, 6 мд, ал сумен 10 мд.
II неоком горизонт бойынша орташа арифметикалық өткізгіштік ауамен 511 мд, сумен 188 мд.
Ортаюра горизонтының ауа бойынша өткізгіштігі 188, 0 мд, ал сумен 566, 5 мд.
Осы берілгендерге сүйенер болсақ, Балғымбаев кен орнының скважиналарының өнімділігінің жоғары екенін көреміз.
Өнімділік коэффициенті үлкен шамада өзгереді, яғни тәулігіне 1 мен 32 тонна аралығында. Бұл өнімді жыныстардың фильтрациялық қасиеттерінің әртүрлі екенін көрсетеді.
Өндірістік геофизика материалдары бойынша өнімді қабаттардың мұнаймен қанығуы ауқымды өзгереді.
Горизонттар бойынша мұнаймен қанығушылық коэффициенттерінің шамалары:
Апт-неоком горизонты үшін 86-56%-ке дейін;
I неоком горизонты үшін 65-50 ке дейін;
Аралық горизонт үшін 85% бастап соңы аяқталмаған;
II неоком горизонты үшін 78-51%-ке дейін;
Ортаюра горизонты үшін 71-60%-ке дейін.
Қабаттардың қалдық мұнаймен қанығу картасымен келісе отырып, тұтастай алғанда қалдық тиімді қуат солтүстік бағыттан оңтүстік және оңтүстік шығысқа қарай өсетінін көреміз.
Сонымен қатар осы бағытта аралық қабаттар саны да өседі, тиімжі қабат 4 пен 9 метрдің арасында өзгеріп отырады. Бағыты солтүстіктен оңтүстік шығысқа.
1. 7 Мұнайдың құрамы мен қасиеті
Балғымбаев кен орнының өнімді шөгу қабаттарының екі түрлі топқа сәйкес мұнай беретінін көрсетеді:
а) майлы мұнай;
б) бензинді мұнай.
Апт-неоком және I және II неоком горизонттарының беретін мұнайлары майлы, ал юра горизонтынікі, яғни бұл Солтүстік Балғымбаевта, бензинді мұнайға жатады.
Барлық горизонттардың мұнайлары өз құмдарына сәйкес бір түрде болып келеді. олар 2177-66 МЕСТ-қа сәйкес аз күкіртті, аз парафинді, смолалы болып келеді.
Олардың меншікті салмағы 809-37, 5 кг/м3 аралығында. Газсізденген мұнай тұтқырлығы 50ºС-де 23-45 МЕСТ аралығында.
Бұлардың барлығы жоғарғы температурада көлемі ұлғайып, төменгі температурада көлемі азаяды.
Юра горизонтының мұнайы бор горизонтының мұнайына қарағанда анағұрлым жеңіл. Олардың меншікті салмағы 778, 5-788, 5 кг/м3. бұл мұнайлар тұтқырлығы аз, яғни тұтқырлығы 50ºС-де 2, 08-2, 7 ССТ-ты болады.
Бұл юра горизонты мұнайынан ашық түсті фракциялардың шығуы бор горизонтының мұнайларына қарағанда жоғары болады.
Күкірт пен парафинді мөлшері онша үлкен емес. Күкірт 0, 3%-ден аз, парафин 0, 6%-тей және смолалы 20%-тей.
2-кесте Балғымбаев кен орны қабат мұнайының көрсеткіштері
Горизонт
тар
1. 8 Сулы қабаттардың сипаттамалары
Балғымбаев алаңдарында қабаттар сулануы триас, юра, неоком, апт, альт, үштік шөгінділерде.
Орта юра екі сулы қабаттан тұрады. Оның біріншісі Оңтүстік және Солтүстік Балғымбаев аралығында анықталған. Бұнда судың тұздылығы 20 . . . 23º Бе.
Төменгі бордың сулы қабаттары мұнай кенішінің контур сырты аймағында төселген. Бұл қабат суларының тұздылығы 19º Бе-ге дейін және тығыздығы 1160 кг/м3 жоғары болуымен сипатталады.
Барлық айтылған шөгінділер суларының минерализациясы жоғары. Олар тығыз, тұзды болып келген. Пальмер бойынша III класты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz