Ұңғымалар қоры күйі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

I ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ3

1. 1 Кен орнына жалпы шолу3

1. 2 Тектоника7

1. 3 Стратиграфия8

1. 4 Өнімділік қабаттардың коллекторлық қасиеттері12

1. 5 Мұнай мен газдың физикалық - химиялық қасиеттері12

Кесте 1. 2 -Мұнайдың физика-химиялық қасиеттерінің кестелік17

II ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ18

2. 1 Жанажол кен орнын игерудің ағымдағы күйі18

2. 2 Мұнай мен газды өндіру, қабатқа су айдау24

2. 3 Өндіріс қоры бойынша негізгі техникалық шаралардың орындалуы25

2. 3. 1 Айдау қоры бойынща технологиялық шаралардың28

орындалуы және олардың тиімділігі28

2. 4 Кенішті игеру режимі және қабат энергиясы түрлеріне сипаттама28

2. 6 Айдау жұмысшы агентіне сипаттама33

2. 7 Ұңғымаларды пайдалану кезіндегі қиындықтардың алдын алу шаралары33

2. 8 Мұнайбергіштікті көбейту әдістері34

2. 9 Қабатты сұйықтықпен жару35

2. 10 Жанажол кен орнының ұңғымаларын гидродинамикалық зерттеу52

III ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ53

3. 1 «Октябрмұнай» мұнай газ өндіруші басқармасының мекемелік сипаттамасы54

3. 2 Негізгі және қосалқы өндірістік мекеме54

3. 3 «Октябрьскмұнай» мұнай-газ өндіруші басқармасының 2004 жылғы өндірістік-қаржылық қызметі55

Күрделі құрылыс салу58

3. 4 Жанажол кен орнының өңдеуінің техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау59

3. 5 Ұсынылған шаралар мен оның енгізілу мақсатына арналған шағын сипаттама60

3. 6 Тұз қышқылын өңдеуде кететін шығын көлемін анықтау61

3. 6. 1 Шараны енгізу алдындағы эксплуатациялық шығынды61

анықтау61

3. 6. 2 Шараның енгізілуінен соңғы пайдалану шығынының есебі66

3. 6. 3 Шараны енгізуден пайда болған жылдық экономикалық әсерді анықтау72

3. 7 Шығынсыз өнім нүктесінің есебі мен сараптамасы73

IV ҚОРШАҒАН ОРТА МЕН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ74

4. 1 Еңбек қауіпсідігінің жалпы ережелері74

4. 2 Қабатты сұйықпен жару және тұз қышқылымен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары82

4. 3 Ұңғымаларды зерттеу және сынау кезіндегі қауіпсіздік84

4. 4 Қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау87

4. 5 «Октябрьскмұнай» МГӨҚ апаттарды жою жоспары89

4. 5. 1 Күкірсутекті ортада жұмыс жасаудың жалпы талаптары90

4. 5. 2 Объектілердегі өртке қарсы шаралар92

ҚОРЫТЫНДЫ94

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР96

АНДАТПА

Менің дипломдық жобам төрт бөлімнен тұрады.

Бірінші геологиялық бөлімде Жанажол кен орнына мәліметтерін қысқаша қорытындылау келе, осы кен орнының стратиграфиясын, тектоникасын сипттадым. Сондай - ақ кен орнының мұнайы, газы мен суының физикалық - химиялық қасиеттерін сипаттадым.

Екінші бөлімде осы кен орнының қысқаша игеру тарихына тоқталдым. Сосын кен орнының ұңғымалар қоры динамикасына, қабат энергиясыны, ұңғымаларды пайдалану тәсілдеріне сипаттама беруге тырыстым. Жанажол кен орнында қазіргі таңда мұнайбергіштікті көбейту мақсатында істелініп жатырған тәсілдерге тоқтала келе, қабатты сұйықпен жару процесінің толықтай осы кен орнында жүзеге асуын талдадым, сондай - ақ қабаттар мен ұңғымаларға гидродинамикалық зерттеулердің жүргізілуі туралы қысқаша тоқталып өттім.

Үшінші бөлімде кен орнының ұйымдастыру құрылысын сипаттай келе кен орнында жүргізіліп жатырған шараларға экономикалық тұрғыда баға бердім.

Соңғы бөлім - қоршаған орта мен еңбекті қорғау бөлімінде « Октябрьскмұнай» мұнай мен газ өндіру басқармасында жүргізіліп жатырған қауіпсіздік шаралары туралы жаздым.

КІРІСПЕ

Мұнай мыңдаған жылдар бойы адамзатқа жарық, жағар май, денсаулықты сақтауда өзінің қызметін көрсетіп отырды. Мұнай мен газ өндірісінің дамуының маңызы зор. Өйткені Республиканың халық шаруашылығының дамуы үшін мұнай мен газдың үлкен ролі бар. Табиғи газ бен мұнайдан алынатын ауыр қалдықтар арзан және энергетикалық және жанар жағар май ретінде өте ыңғайлы.

Мұнайдан алынатын барлық жанар жағар майдың түрлері алынады: бензиндер, керосиндер, іштен жанатын қозғалтқыштар үшін майдың реактивті және дизельдік сорттары, жағылғыш материалдарының түрлері, битумдар, синтетикалық майлы қышқылдар және басқалары.

Мұнайға ілеспе газдар, мұнайды өңдеу процестері кезінде алынатын газдар, ароматты көмірсутектер химиялық өнеркәсіп үшін негізгі шикізат болып есептелінеді.

Мұнайхимиясы өнімдері: полимерлік материалдар және пластикалық заттар, синтетикалық талшықтар, каучуктер, спирттер, жууға арналған заттар, спирттер, альдегиттер және басқада заттар халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылады. Полимерлік материалдарды пайдалану автомобильдік, авияциялық, кеме жасауда, электрлі-техникалық және басқада өндіріс салаларында қолдану техникалық прогресті анықтайды. Автомобильдік өндіріс пластмасты, синтетикалық талшықтарды, жаснды каучук және резина, лак және сыр пайдаланатын ірі өндіріск айналды. Пластмассаны пайдалану бірнеше мың тонна темірді үнемдеуге мүмкіндік берді, технологиялық операциялар санын және олардың көлемін азайтты.

Жанажол кен орнынң мұнайын өндіру қазіргі таңда үлкен мәселелердің бірі болып отыр. Себебі құрамында күкіртқышқылы өте көп. Жанажол кен орнын игерушілердің мақсаты - осы жер қойнауынан шығып жатырған қара алтынды тиімді өндіру.

I ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1 Кен орнына жалпы шолу

Жаңажол кен орны шамамен Предурал аймағында орналасқан. Мұғалжар тауларымен Ембі арасында, ол нақты айтқанда Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданына жатады. Сол аймақта басқа да мұнай, мұнайгазды кен орындары бар. Олар: Лақтыбай, Әлібек-Мола, Қожасай, Қаратөбе, Ақжар, Кеңкияқ.

Мұнайлы аймақтың ең ірі мұнайгазконденсатты Жаңажол кен орны 1978 жылы ашылып, 1983 жылы пайдалануға берілді.

Сол жылы № 163 фонтанды ұңғымадан тұңғыш рет мұнай атқылады. МГӨБ Октябрь мұнай мекемесі «СНПС Ақтқбемұнайгаз» Акционерлік қоғамның басты мекемесі болып табылады.

Жаңажол кен орны ұңғымаларын 1 және 2 мұнай газ өндіру цехтар коллективтері пайдаланылады. Бұл коллективтерді тәжірибелі мамандар басқарады.

Айдау ұңғымаларына суды айдауды ҚҚҰ цехтары басқарады. Бұл цехтар қуаты күшті сораптармен жабдықталған, ол суды керекті көлемде айдауға көмек береді. МГӨБ «Октябрьмұнай» құрылысына кіретін қосымша цехтар мұнай, газ өндіру және ҚҚҰ басты цехтарына үлкен көмек береді. Бұл цехтарға мұнай кәсіпшілік жабдықтарын жөндеу цехтары, өндіру және айдау ұңғымаларындағы зерттеу жұмыстарын өндіру цехтары, өндірісті автоматизациялау цехы, мұнай өндірістік объектілерін электр қажеттіліктерімен қамтамассыз ету цехы және мұнай, газ өндіру цехы мен ҚҚҰ цехының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ететін тағы басқа цехтар жатады.

01. 08. 2001 жылы санағы бойынша «Октябрь мұнайгаз» МГӨБ-да 956 жұмысшы қызмет етті. Соның ішінде 736 адам өндірісте, 99 адам басқару аппаратында, 121 адам социалистік ортада қызмет етеді.

Жұмысшылардың еңбек ақысын ААҚ «МГӨБ - Ақтөбе мұнайгаз» штаттың кестесі бойынша төленеді. Мұнайгазконденсатты Жаңажол кен орны Каспий ойпатының шығыс жағында орналасқан. Кен орны екі карбанатты қабатқа бөлінеді: КТ-1 және КТ- П . Бұл қабаттар өз кезегінде сегіз геологиялық өндіру обьектілеріне бөлінеді: А, Б, В оңтүстік, В солтүстік, Дн, Д-ш, Ғш. . 1938 жылы Жаңажол кен орнының жоғары қабатын, яғни

КТ-1-ді тәжірибе өнеркәсіптік өндірісі бұрғылауды бастады. Бұның технологиялық схемасын 1982 жылы Гипрвосток нефть Самара, Ресей институты құрастырды. Қазіргі кезде 1986 жылы құрастырылған «Технологиялық өндіру схема» бойынша өнеркәсіптік өндірісі өндірулер жүргізіп жатыр, мұнда бұрғылаудың басты көлемі корбанатты қабаттың екінші объектілеріне КТ-П тасымалданған. Сол институттың құрастырған геологиялық өндіру жобасында Жаңажол кен орындарын өндіру ұңғымаларын 1991 жылдан бастап мұнай өндірудің механизацияланған түрі- компрессорлы газлифтті әдіспен өндіруге көзделген. Бірақ Совет Одағының ыдырауы экономикалық тұрақсыздығы қаржының жеткіліксіз болуы бұл жобаны орындауға мүмкіндік бермеді. Сонда Гипровостокмұнай институты 1992 жылы Жаңажол кен орны игерудің тұйықталған жобасын құрастырды. Осы жобаға сәйкес Жаңажол кен орны 2000 жылға дейін игерілді.

1998 жылы «Ақтөбемұнайгаз» МГӨБ - на Қытайдың мұнай мұнай корпорациясының үлесі тиісті болғандықтан, Жаңажол кен орнын игеру жобасын Синьзянь мұнайгаз ғылыми-зерттеу институтына тапсырылды. Қазіргі кезде жобаны игеру аяқталды да, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан сынақтан өтіп, бекітіледі.

1983 жылдан бастап Жаңажол кен орнын игеруде 498 ұңғымалары бұрғыланған, оның ішінде:

  • өндіру ұңғымалары - 369;
  • айдау ұңғымалары - 113;
  • бақылау ұңғымалары - 11;

Жаңажол кен орнын игеруді бастағаннан бері 3, 570 мың тонна мұнай өндірілді, қабат қысымын ұстау мақсатында қабатқа 45011, 285 мың м 3 су айдалды.

01. 01. 2003 жылы мәліметтер бойынша жалпы қордан - 29, 38 мұнай өндірілді, ал жалпы қор көлемі 118140, 0 мың тонна. Ұңғымаларды өндіру көбінесе фонтанды әдіспен қолданылады. Мұнай ұңғымаларының орташа алымы - 26, 5 т/тәу., орташа газ факторы 1 тонна мұнай үшін - 250 м 3 газ.

1997 жылдан бастап Жаңажол кен орнындарының өндіру ұңғымаларын пайдалану ШТС пайдалану әдісіне аударып жатыр. Қазіргі кезде Жаңажол кен орындарының 39 ұңғымалары штангалы сорап жүйесімен өндіріледі, көбінесе Америка және Қытай жабдықтары ШТС-қа алмастырылған. Жер асты жабдықтары агрессивті ортада пайдаланылады. Сондықтан басты талап - жер асты жабдықтарының барлық элементтері күкірт сутегіне берік болуы және жоғары газ факторымен жұмыс сорабын қолдану. Жаңажол кен орнында қабат қысымын қолдау жүйесі жұмыс істейді, оған 113 айдау ұңғымалары кіреді. № 45 КНС, № 3 КНС техникалық суы бар су қойма ұңғымалары ҚҚҰ жүйесінде Жаңажол газ өңдеу зауытынан келетін жер асты суымен қамтамасыздандырылады. . 1991 жылға дейін бұрғылау және Жаңажол мұнай ұңғымаларын іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде алынған мұнай көлемі жобадағы көрсеткіштерден асып кетті. Ал 1991 жылдан бастап мұнайдың алынған көлемі нақты қөрсеткіштерден төмен болды, себебі: ұңғымалар механизацияланған әдістерге ауыстарылған жоқ және баяу бұрғыланды. Қазіргі кездегі жаңа міндет - жаңа мұнай ұңғымаларын іске қосу арқасында өндіру қорын арттыру, өндіру ұңғымаларын компрессорлы - газлифт әдісіне ауыстыру.

Жаңажол кен орнында мұнайдың жалпы қоры 118140 млн. тонна.

01. 08. 2002 жылға дейінгі мәліметтер бойынша жалпы қордан 34, 706 млн. тонна немесе 39, 38 % мұнай өндірілген.

Әр тәулікте Жаңажол кен орны бойынша 8750 тонна мұнай алынуы қажет, соның ішінде солтүстік бойынша тәулігіне 2550 тонна алынуы тиіс.

Өндіру қоры - 369 ұңғымаларын құрайды, соның ішінде өнім беретін - 336 ұңғымалары . Фонтанды тәсілмен пайдаланылатын 269 ұңғымалары бар, . ШТС - 39 ұңғымалары, НДГ - 15 ұңғымалары, газлифтті - 13 ұңғымалары пайдаланылады.

Ай сайын ШТС-пен пайдаланылатын ұңғымалардан 220 мың тонна мұнай өндіріледі. ШТС-пен жабдықталған әр ұңғымалары бір тәулікте 19 тонна мұнай өндіреді. Ұұңғымаларға Америкада және Қытайда шығарылған жабдықтарды қолданады. Кен орнында Лафкин теңселмелі станогы - 15, Ротофлекс теңселмелі станогы - 11, Суджей теңселмелі станогы - 13.

23. 07. 2003 жылдан бастап пайдалану ұңғымаларын компрессорлары- газлифт түріне ауыстыру жұмыстары басталды.

Жаңа кен орындағы мұнайды жинау және тасымалдауды 52 АГЗУ спутнигі басқарады. Оның ішінде 26-сы солтүстік бойынша және 26-сы оңтүстік бойынша. Бұдан мұнай Жаңажолдың 1және П ГӨЗ-на барады. Өнімнің сулануы 2, 5%. 1 тонна үшін газдың ағымы -338, 0 м 3 . Техникалық суы бар су қоймасы 20 су қоймасы бар ұңғымалармен жабдықталған. Оның ішінде 16-сы жұмыс істейді, ол 4-резервте тұрады.

Бұл су қойнаулардың су өндіруі 19000 м 3 /тәу. 1, 2 су көтергіш станциялары бар. Олар 2ЦНС - 500-160 сораптары мен және 6ЦНС - 300-180 сораптарымен жабдықталған, олар су арынды өткізгіш құбыры мен кен орындарының солтүстік және оңтүстік аумақтарға су жеткізеді.

1. 2 Тектоника

Тектоникалық қатынаста Жаңажол кен орны Каспий ойпатының шығыс аймағында орналасқан. Орал геосиплинал белдемінен Ащысай және сотүстік көклетін жарылымымен бөлінген.

Геологиялық жетілу ерекшелігінің бірі аумақтық қарқынды шөгуі және қалың шөгуі тыс құрылуы 17-10 км.

Шөгінді тау жыныстарының басты бөлігі тұз асты комплексінен құрастырлыған. Тұз асты беттегі батысқа қарай минималды түсінікті келеді, 2, 2, 5 км Ащысай қиындысынан күмбезіне дейін 5, 5-6 км.

Айтылған (көрсетілген) монокминал аралығында жекелеген саты қатары бөлінген. Шығыстан батысқа қарай Жаңажол, Кеңқияқ, Қожасай және Шұбарқұдық жүйелерінің сатысы бөлінеді, ол аралықтарда тұз түзілімдердің жамылтқы беті келесі тереңдіктермен ерекшеленеді: 3-3, 5 км, 3-4 км, 4-5 км,

5 км төмен.

Ұзын өс бойынша Жаңажол көтерілісі 28 км брахиантиклинап қатпары түрде көрсетілген. Қатар локальді компимедегі (дөңес) тұрады. Оңтүстік ұңғымалардың аумағындағы солтүстік ауданда 50 ұңғыма бар.

Мұнайлық кең орны құрылымының шамасы 287 км . Бұрғылаумен анықталған бөлімнің көтерілу амплитудасы 250 м құрайды, батыс қанатында тік боп келеді (8-10 0 ), шығыс қанатына қарағанда (4-7 0 ) .

1. 3 Стратиграфия

Жаңажол кен орнындағы бұрғылау жұмыстарының нәтижесінде төменгі тас көмірлі қабаттан төрттік түзілімдерге дейінгі түзілімдер комплексті бөлшектелініп зерттеледі.

Тіліктерді стратиграфиялық мүшелеу кезінде геологиялық-геофизикалық материалдар керні, суреттемесі полеонтологиялық анықтамалар қолданылады.

Таскөмір жүйе - С

Таскөмір жүйе барлық үш бөлімнен келтірілген: төменгі, орта және жоғарғы.

ТӨМЕНГІ БӨЛІМ-С 1

Төменгі бөлім түзілімдері визит және серпухов ярустар құрамында ашылған визит ярусы С I V терригенді және корбанатты жыныстармен берілген. Кен орында ашылған ең ежелгі қабаттар визит ярустың терригенді тұнбалары болып ьабылады.

Олар жасыл-қоңыр қоңырдан қараға дейінгі тығыз плиткалы слюдалы, аргимиттердің өсімдік қалдықтармен фауна қосылыстарымен, алевролиттер мен қоңыр, жасыл қоңыр, тығыз әртүрлі түйіршікті конгламераттар мен гравелиттің қабатта бөлінуі болып келеді. Қалыңдық тілігінде сонымен қатар ашық қоңыр, қоңыр массивті, тығыз сазды қалыңдығы бірнеше сантиметрден метрге дейін жететін әк тастар да кездеседі.

Бірінші корбанат қалыңдығындағы КТ-I судағы кальцийдің мөлшері 2, 9-4, 7 г/л құрайды, сульфаттар 1, 4-2, 6 г/л, бромның мөлшері 197 мг/л жетеді.

Қабат жағдайындағы тұтқырлық 0, 59-дан 0, 62 МПа дейін өзгереді, орташа 0, 60 МПа құрайды, көлемдік коэффициент 1, 010 тең, сулар орташа метаморфизациясымен негізделінеді (ICL-Na/Mg 2, 6 жоғары емес) .

Екінші корбанат қалыңдығындағы қабат суы құрамы кальцийдің жоғарғы 3, 7-8, 7 г/л сульфат мөлшерінің төмендеуімен 04, -12 г/л және бромның 183 мг/л жоғары болмауымен ерекшеленеді. Қабат суының тұтқырлығы 0, 50-0, 55 МГа көлемдік коэффициент 1, 018 тең суы тым жоғары метаморфизациясымен мінездемеленеді (ICL-Na) Mg=3, 4, ал топырақ мөгінділерімен ұштасып жатқан суларда Д 6-I ал 6, 7-17 дейін көбейеді.

Толығымен өңдеудің барлық объектілеріндегі қабат сулары В. А. Сулиннің мінездемесі бойынша хлорокальцилі типке жатады. Олардың тығыздығы стандартты жағдайда шамалы өзгереді.

Бірінші корбанатты қалыңдық суы үшін КТ-II-I, 0, 48-1, 067 г/см 3 орташа 1, 056 г/см 3 , орташа минирализациялау мәні сәйкесінше 87, 5 г/л және тең.

Жаңажол кен орнының корбанат шөгінділерінің сулары кондиционды болып табылады, бірақ сулы аумақтың коллекторының өнімділігі төмен болғандықтан, олар өндіріске қолдануға жарамсыз.

Палеонтологиялық және палеонтологиялық анықтау мәліметтері бойынша терригенді қабаттар төменгі және визиттік яруспен мерзімделген. Ашылған қалыңдық 682 м. Тілікпен жоғары өтуі каратожды сынаттамасының күрт өзгеруі бойынша айқын белгіленеді, виневан жасындағы корбанатты тұнбалар қалыңдығы жатады.

Линетологиялық веневск қабаттар ақ, қоңыр сұр, массивті оргоногенді, кейде ұсақ сионецтелген әк тастардан қосылады. Құрылымның орта бөлігінің аз қалыңдығы 103 м және 98 м, ал 6 максимал қалыңдық күмбезде 119 м, ал сай күмбезде 172 м. Олай болса батыс қанаттардың қалыңдығы шығыс қанаттармен орталық бөлікке қарағанда үлкен.

Серпухов ярусы - С 1 Серпухов ярусының бір типті жыныстары веневтік қабаттарда жатады. Палеонтологиялық мәліметтерді ескерсек және қаратомады ойпаттама бойынша Серпухов қабаттары үш беткейге бөлінеді: тарустық стевневтік және противиндік. Бұл беткейлердің түзілімдік бір-бірінен литологиялық ерекшеленбейді және ашық сұр түстен қара сұр түске дейін.

Противиндік уақыттағы түзілімдердің ерекшелігі олардың әр түрлі теңіз фауналарына брахсопод, тікен терілілер, караллдарға байлығы болады. Кен орнындағы горизонттардың қалыңдығы негізінен өзгермейді және келесідей тарустік 60 м тегіндік стешевтік 98-120 м және противиндік 47-60 м.

ОРТА БӨЛІМ-С 2

Орта бөлім түзілімдері башқұрлық және мәскеулік ярустер құрамында ашылған. Башқұрлық ярус С 2 тек төменгі ярус асты құрылымда бөлінеді және сұр, қатты кристалл, вертикал стилелитті тігістері бар, аргелитке ұқсас материалдан жасалған, әк тасты болып келеді. Төмен башқұрлық түзілімдер төмен жатқан веневск-серпухов түзілімдерден томпақ әк тастармен әк тасты гравелит, құмдақтардың кейде солиттік әк тастардың кең дамығандығымен ерекшеленеді. Биоморфты әк тас бар. Кейде кесекті қою айырмалар кездеседі. Полеонтологиялық анықтаулар бойынша краснополяндық және солтүстік кельтмендік беткейлердің қабаттары сенімді орнатылды, прикомскидің бдеткейі аз анықталған және оның бөлінуі барлық жерде емес. Башқұрлық түзілімдері қалыңдығы 111 м-ден 175 м-ге дейін өзгереді, яғни солтүстік көтерілуде ұлғаяды.

Мәскеулік ярус екі кіші ярустен тұрады, төменгі күрт стратеграфиялық сәйкессіздікпен жатады. Кен орнының оң жақ бөлігінде мәскеулік төменгі ярус қабаты болмайды және аз қуатты қалыңдықты топтамалар түрінде солтүстік бөлігінде пайда болады. Құрылымның солтүстік шығыс бөлігінде төменгі мәскеулік қабаттың қалыңдығы ұлғаяды және Жаңажол шыңырауларына шамалас болып қалады. Төменгі бөлік литологиялық қабаттар ашық түсті, массивті қоңыр сұр әк тастармен берілген қалыңдығы 0-ден 130 м-ге дейін.

Жоғарғы визиттің венев түзілімдері төмен мәскеулікке дейін қабаттар жыныстардың төменгі корбанатты қалыңдығын түзеді, оны КТ-II индексімен белгілейді. КТ-II қабаты олардың питологиялық-фациалды ерекшеліктерін ескергенде ұсақ сулы шельф жағдайына қалыптасқан. Бұл жағдайлардың өзгеруі қосылатын жыныстар құрамына, олардың қалыңдығының шамасын, шыңырау тіліктерінің түзетілуі дәрежесіне әсер еткен.

Жоғары мәскеулік ярус терригенді жыныстарына қоңыр сұр және қара алевритті аргелиттермен, массивты слюдалы, ұсақ түйіршікті әк тастармен берілген. Полигетологиялық мәліметтер бойынша жыныстардың жасы падальдік.

Теригенді топтама көміртектер үшін флюнге төзімді болып табылады. Топтамалар қалыңдығы 64-226 м-ге дейін өзгереді.

ҮСТІҢГІ БӨЛІМ- С 3

Үстіңгі карбан касимов және гексель ярустардан құралған.

Касимов ярусы қалыңдығы 50-100 м доломиттер көрсетілген, ярустың негізінде битумдалған, солтүстік-шығыс бөлігінде ангридуталған.

Гексель ярусы. Әк тастар және дололиттермен, көбіне оргоногенді жарықшақты әк тастардан құралған, ортаңғы бөлімінде қалыңдығы 10-20 м екі топтама қапталады, сазды әк тастармен тұтқырлы битуммен қаныққан жарықшақтарда. Ауданның солтүстік-шығыс бөлімінде әк тастар толық антидрит аргилит тәрізді сөзбен алмасқан.

Ангедрит топтамасының қалыңдығы 100-150 м-ге дейін. Корбанат бөлімінің қалыңдығы 110-240 м.

1. 4 Өнімділік қабаттардың коллекторлық қасиеттері

Жаңажол кен орны ашылған геологиялық тілігі төрттік, төменгі борлы, юра, триас, перль және таскөмір көнелікті тау жыныстарынан құралады.

Жаңажол сатысының, ерекшелігінің бірі: корбанат массивынан (дамуы) жетілуі, бронхионтикминальды түрлі көтерінкімен асқынған.

Өнеркәсіпшілік мұнай газдылығы екі корбанатты қалыңдықтармен байланысты: бірінші (КТ-I) және екінші (КТ-II) терригенді топтама тау жынысымен бөлінген, қалыңдығы 206-дан 417 метрге дейін.

Топтамалардың басты параметрлері. КТ-I және КТ-II.

Бірінші корбанатты қабаттың КТ-I литологиялық құрамы әк тас, дололит және оларға өтпелі айырмашылықтарымен көрсетілген. Күш бойынша КТ-I мұнайға қаныққан бөлігінде орташа орифметикалық мәні 11, 8%-тен, газға қаныққандығы 80% өткізгіштік орташа мәні - 0, 16 мкм 3 .

Екінші корбанатты қабаттың литологиялық құрамы көбіне әк тас дололиттан құралған. Қуыстылығы - 9% өткізгіштігі - 0, 0824 мкм 3 , газға қаныққандығы - 83%.

Санама мәліметтері бойынша №1, 3, 12, 15 ұңғымалардың аумағында коллекторлар жоқ.

1. 5 Мұнай мен газдың физикалық - химиялық қасиеттері

Жаңажол кен орнының мұнайы мен газының қасиеттері 6 ұңғымадан алынған 22 сынаманы зерттеу арқылы белгілі болады.

Зерттеулер «Эмбамұнай » орталық лабораториясында (тереңдік сынама 5 ұңғымадан, 4 ұңғымадан беткі сынама) жүргізілді.

«Гурьевмұнайгаз» геология бірлестігінің ( №№ 5, 11, 16 ұңғымалардан алынған 19 тереңдік сынамасы, 4 ұңғымадан алынған беттік сынама ) орталық лабораториясында зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеулер нәтижесінде стандартты газсыздандыру жүйені кен орындағы сепарациялық құрылғылар жұмысына сәйкес келмеген жағдайда жүргізіледі. Сондықтан да 17 және 25 ұңғымалар бойынша алынған мұнай мен газдың параметрлері тек температура сынамасының стандартты жағдайында (атмосфералық қысым және температура 20 0 С) бірінші сатылы газсыздандыру кезінде анықталып қана қоймайды. Және де аппараттардың жұмысшы жағдайында эксперименттік РУТ-12 қондырғысында, сонымен қатар қабат мұнайының компоненттік құрамын есебімен және ЭВМ «Минск-32» -де тепе-теңдік тұрақтысын (const) қолданып анықтауға болады. Эксперименттер және есептеулер сепарациясының келесі жұмысы жағдайында жүргізіледі.

Сынамаларды зерттеу толық көлемде тек 17 және 25 ұңғымалар бойынша жүргізілді. Осы ұңғымалар бойынша алынған мұнаймен газ параметрлерінің мәні өзара жуық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Башқұрт жікқабатының қалыңдығы 204 метр
Мұнай және газ қорлары
Мұнай және газ кен орындарын игеру технологиясы және игеру кезеңдері
Кен орнының геологиялық құрылымы
Өзен кен орнындағы осы және басқа да проблемалар шешімдерін табу
Аманкелді кенорнын газбен өндіру
Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық-экономиялық бағалау
Геоақпараттық технологияларды қолдану
Амангелді кен орнының геологиялық-физикалық сипаттамасы
Мұнай мен газ кен орындарын игеру мен пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz