Қаратобе кен орнының мұнай ұңғымалары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 2
I Геологиялық бөлім 4
1.1 Кен орнына жалпы шолу 4
1.2 Тектоника 6
1.3 Стратиграфия 8
1.4 Мұнай, газ және судың физикалық – химиялық қасиеттері 11
1.5 Өнімді қабаттардың коллекторлық қасиеттері 14
II Технологиялық бөлім 17
2.1 Кенкияқ кен орнын игерудің қазіргі жағдайына қысқаша
талдау 17
2.2 Сұйықтықтарды өндіру қозғалысы 18
2.3 Айдалынатын сұйықтық көлемі қозғалысы 19
2.4 Тұзүсті және тұзасты Кенкияқ кен орнын игеруді талдау 20
2.4.1 Табиғи режимде игеру учаскесі 20
2.4.2 Кенкияқ кен орнындағы буды айдау учаскесі 21
2.5 Кенкияқ кен орны мұнай ұңғымалары қоры ағымы 23
2.6 Кенкияқ кен орнының негізгі ауданы 25
2.6.1 Табиғи режимде игерілу учаскесі 25
2.7 Мұнайбергіштікті көтеру әдістері 27
2.8 Қабаттың түп маңына бумен әсер ету 33
2 .9 Тұз үсті тәжірибелік - өндірістік учаскелеріндегі бу айдау
жұмыстарын талдау 35
2.10 Бу айдау станциясының орналасуы 41
2.11 Бу айдау қазанының жұмыс істеу жағдайы 43
2.12 № 6014 ұңғымаға бу жылуымен өңдеуді есептеу 45
III Экономикалық бөлім 48
3.1 Октябрмұнай мұнай газ өндіруші басқармасының мекемелік сипаттамасы
48
3.2 Негізгі және қосалқы өндірістік мекеме 48
3.3 Кенкияқмұнай мұнай-газ өндіруші басқармасының 2004 жылғы өндірістік-
қаржылық қызметі 49
3.3 Кенкияқ кен орнының өңдеуінің техника-экономикалық көрсеткіштерін
талдау 53
3.5 Ұсынылған шаралар мен оның енгізілу мақсатына арналған шағын
сипаттама 54
3.7 Тұз қышқылын өңдеуде кететін шығын көлемін анықтау 55
3.7.1 Шараны енгізу алдындағы эксплуатациялық шығынды анықтау 55
3.7.2 Шараның енгізілуінен соңғы пайдалану шығынның есебі және өнім
бірлігінің өз құнын анықтау 60
3.7.3 Шараны енгізуден пайда болған жылдық экономикалық 65
әсерді анықтау 65
3.8 Шығынсыз өнім нүктесінің есебі мен сараптамасы 66
IV Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау бөлімі 68
4.1 Еңбек қауіпсідігінің жалпы ережелері 68
4.2 ААҚ Кенкияқмұнайгаздың қазіргі жағдайы 70
4.3 Қабатты сұйықпен жару және тұз қышқылымен өңдеу кегізіндегі
техникалық қауіпсіздік талаптары 74
4.4 Ұңғыларды зерттеу және сынау негізіндегі қауіпсіздік 76
4.5 Қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау 79
4.6 Октябрьскмұнай МГӨҚ апаттарды жою жоспары 82
4.6.1 Күкірсутекті ортада жұмыс жасаудың қ.т жалпы талаптары 82
4.6.2 Объектегі өртке қарсы шаралар 84
4 Еңбек қорғау бөлімі 86
4.1 Жуу жұмыстарының қауіпсіздігі 87
4.2 Жуу агрегаттарындағы қауіпсіздік жұмыстары 89
4.3 Қышқылмен өңдеген кездегі қауіпсіздік 90
ҚОРЫТЫНДЫ 91
Қолданылған әдебиеттер тізімі 92

Кіріспе

Мұнай мен газ өндірісінің дамуының маңызы зор. Өйткені
Республиканың халық шаруашылығының дамуы үшін мұнай мен газдың
үлкен ролі бар. Табиғи газ бен мұнайдан алынатын ауыр қалдықтар
арзан және энергетикалық және жанар жағар май ретінде өте
ыңғайлы.
Мұнайдан алынатын барлық жанар жағар майдың түрлері
алынады: бензиндер, керосиндер, іштен жанатын қозғалтқыштар үшін
майдың реактивті және дизельдік сорттары , жағалғыш материалдарының
түрлері, битумдар, синтетикалық майлы қышқылдар және басқалары.
Мұнайға ілеспе газдар , мұнайды өңдеу процесстері кезінде
алынатын газдар , ароматты көмірсутектер химиялық өнеркәсіп үшін
негізгі шикізат болып есептелінеді.
Мұнайхимиясы өнімдері: полимерлік материалдар және
пластикалық заттар, синтетикалық талшықтар, каучуктер, спирттер,
жууға арналған заттар, спирттер, альдегиттер және басқада заттар
халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылады. Полимерлік
материалдарды пайдалану автомобильдік, авияциялық, кеме жасауда,
электрлі-техникалық және басқада өндіріс салаларында қолдану
техникалық прогресті анықтайды. Автомобильдік өндіріс пластмасты,
синтетикалық талшықтарды, жаснды каучук және резина, лак және сыр
пайдаланатын ірі өндіріск айналды. Пластмассаны пайдалану бірнеше
мың тонна темірді үнемдеуге мүмкіндік берді, технологиялық
операциялар санын және олардың көлемін азайтты.
Мұнай өндірісі ролі қазіргі уақытта мұнайхимиясы шикізат
базасы ретінде жоғарылады. Ілеспе газдарды және табиғи газдарды
пайдалану мұнайды өңдеу процесі кезінде пайдаланған қалдықтардан
алынатын газдарды пайдаланған тиімді.
Мұнай , газ және олардан алынған өнімдер Республика
экономикасының өсуі үшін маңызы зор.

I Геологиялық бөлім

1.1 Кен орнына жалпы шолу

Кенкияқ мұнай кен орны оңтұстігінде орналасқан Ақтөбе
қаласынан 180 км, оңтүстік – батыстағы Емді станциясынан 80 км
ара қашықтықта орналасқан. Ол Кенкияқ тұзды күмбезіне бағынады.
Мезазой қабаттарын терең бұрғылау 1959 жылы алымы 45,6
м3күнге Саркөл свитасындағы құмды қабаттан К – 34 құрылым –
іздегіш ұңғымысынан және орта юралық қабаттан К-17 ұңғымасы
бойынша алынған мұнайдан соң басталды. 1962 жылы оңтүстік ылдида
бұрғыланған 47 және 48 ұңғымалардан перм қабатындағы мұнайы
алынды. 1969 жылы тұз асты жынысының мұнайлылығын тексеру
мақсатында 8-П параметрикалық ұңғымасы бұрғыланып басталды. Бұл
бұрғалаудың нәтижесінде артиндік жыныстың мұнайгаздылығы
орнатылды.
Кенкияқ кен орны көпқабатты. Онда жоғары пермде, төменгі
триаста , төменгі және орта юрада және төменгі борда орналасқан
мұнайдың өндірістік кеніштері саз құмайттардан, алевролиттерден,
алевриттерден және құмайттардан тұрады.Жоғарғы перм қабатында 13
мұнай және екі газ горизонты бекітілді, төменгі триаста - үш мұнай
, төменгі юрада - бір мұнай, иаленде - бір мұнай, байосбатта -
екі мұнай және бір газ, готерде, барремда, аптта және альбта – бір
– бірден мұнай горизонттары орнатылды. Жоғары пермде және төменгі
триастағы мұнай кеніші тектоникалық – экрандалған, төменгі юрада -
стратиграфиялық, орта юра мен төменгі бордагы - жалпы мұнайлылық
этажы - 1200 м-ден көп қабатты күмбезден тұрады және кеніште
серпімді су арынды режим қалыптасқан.
Кенкияқ қанатының оңтүстік бөлігінің казан қалыңдығында
бір мұнай және бір газ, татар қалыңдығында бір газ және он екі
мұнай горизноты орналасқан. Олар 649 - 2475 м тереңдікте
орналасқан. Жіңішке жиекше тәрізді қалыңдығы 400 – 600 м-ге
дейінгі мұнай кеніші тұзды сілімге қарай ығысқан және олар СМН
– ның өзіндік мөлшерімен, 2,5 м – ден 41 м-ге дейінгі мұнайлылық
қуаттымен ерекшелінеді.
Негізінде Саркөл тастопшаға жататын бірінші төменгі
триастағы горизонт оңтүстікте 585 – 750 м тереңдікте, ал солтүстікте
430 – 585 м тереңдікте, сәйкесінше мұнайлылық
қалыңдығы 9,5 – 16 м. 850 м3 ауданы бар кеніштің биікткгі 110-160
м. Кеніштің солтүстік қанатындағы СМН -388,7 м абсолюттік
белгіде, ал оңтүстігінде - 575 м белгіде жүргізіледі.
Ақжар тастопшасы табанындағы екінші төменгі триас 387 – 469
м тереңдікте тек солтүстік қанатта орналасқан. 820 мың. м2
ауданды биіктігі 102 м мұнайлылық сатысы 287,8 м белгіде
жүргізіледі.
Төменгі юра горизонтының мұнайлылық қалыңды - 2-8 м,
теріңдігі - 320,5-990 м. 2438 мың м2 ауданның мұнайлылық сатысы
32 м – ге тең. СМН солтүстік – шығыстан оңтүстік - батысқа қарай
бұрылған, ал оңтүстік қанатта - 161-174 м белгіде, оңтүстікте - 180-
185 м белгіде жүргізіледі.
Аалянстық горизонт 280-377 тереңдікте орналасқан, оның
мұнайлылық қалыңдығы - 2,7-22 м-ге тең. Солтүстік қанатта 145-151
м және оңтүстікте 180-185 м абсолюттік белгідегі СМН солтүстік –
батыстан оңтүстік – батысқа қарай бұрылған.
Бірінші байос-батыс горизонтының мұнайлылық қуаты 3-27 м ,
тереңдігі 284 – 360 м – де орналасқан. Кеніштің биіктігі 110 м,
ауданы 5479,5 мың. м2. СМН еңкіш, солтүстік қанатта 120,5 – 122 м
абсолюттік белгіде жүргізіледі, оңтүстікте 148-165 м-ге төмендейді.
Екінші байос – баттық горизонт 234 – 335 м тереңдікте
орналасқан, мұнайлылық қалыңдығы 1,5 – 48,5 м . Кеніштің көлемі –
10085,5 мың м2 , биіктігі 68 м. СМН еңкіш, , солтүстік қанатта
75 – 88 м абсолюттік белгіде жүргізіледі, оңтүстікте 88 - 98 м-ге
төмендейді.
Үшінші байос – баттық горизонт 200 – 320 м тереңдікте
орналасқан, мұнайлылық қалыңдылығы - 6 – 14 м. Кеніштің биіктігі 38
м, СМН 40-63 м белгіде жүргізіледі.
Готериевский горизонты 1 85 – 246 м тереңдікте
орналасқан, мұнайлылық қалыңдылығы - 1 – 5,2 м. Кеніштің биіктігі
34 м, ауданы - 7731,5 мың м2. СМН 36 м белгіде жүргізіледі.
Барремский горизонты 159 – 195 м тереңдікте
орналасқан, мұнайлылық қалыңдылығы - 1,0 – 16,5 м. Кеніштің
биіктігі 31 м, ауданы - 7 426 мың м2. СМН 7 м белгіде
жүргізіледі.
Аптский горизонты 77– 125 м тереңдікте орналасқан,
мұнайлылық қалыңдылығы - 0,21 – 2,9 м. Кеніштің биіктігі 10 м,
ауданы - 150 мың м2. СМН 90,6 м белгіде жүргізіледі.
Алъбский горизонты 50 – 85 м тереңдікте орналасқан,
мұнайлылық қалыңдылығы - 3,7 м. Кеніштің биіктігі 10 м, СМН
110 м белгіде жүргізіледі.

1.2 Тектоника

Кенкияқ тұзасты көтерілімі батыстық бұрылымда бөлінетін
борт жаны аймағының батыс бөлігінде орналасқан. Бұл аймақ
толықтай сейсмикалық тұрғыдан зерттелінген. ПI шағылысу горизонты,
оған сәйкес келетін Vг =5300 мсек бұзылған горизонт бойынша дөңес
жабық 3500 м изогипсте кең шайылымды алып жатыр. Оның өлшемі:
ұзындығы - 10 км, ені – 8 км , амплитудасы – 300 м. Дөңес күмбезі
тереңдігі 3400 м ПI горизонты 3200 м страгипспен шектеліп тұз
күмбезінің астында жатыр. Дөңес аздап ассиммеметрикалық , периклиналь
және оң қанаты батыс периклиналь және солтүстік қанатқа қарағанда
ойпатта орналасқан. Қабаттардың оңтүстік қанатта төмендеуі – 100 –қа
дейін, солтүстікте – 60 - қа дейін төмендейді.
П2 шағылғыш горизонты , оған сәйкес келетін Vг =6300
мсек бұзылған горизонт дөңес бөлігінің 4,6 км тереңдікте
орналасқан.
Фс Vг =6300 мсек горизонты сәйкес келетін кристалдық
фундамент беті 8,7 – 8,9 км тереңдікте орналасқан.
Кенкияқ кен орнындағы тұзды сілім тұз асты палеозой
дөңесінде орналасқан, оның пішіні дөңгелек пішіндес келеді. Оның
550 м страгипс бойынша ұзындығы - 8,5 км , ені - 3,2 км – ді
құрайды. Дөңестің солтүстік сілімі ойпатты, иілу бұрышы 56 -800 ,
оңтүстігінің иілу бұрышы 40 – 550 қа дейн өзгереді.
Тұзды сілім ұшы 360 м страгипспен шектелген және жоғары
перм жынысын толықтай жырып жіберген. Көрші орналасқан төменгі триас
қабаты әркелкі. Сілім бойындағы тұздың орналасу тереңдігі 460 –
837 м. Оңтүстікте ойпаттағы тұз 2572 – 3000 м тереңдікте
ұңғымалармен ашылды, ал солотүстікте - 1450 – 2290 м –де ашылды.
Төменгі триас және юра – бор шөгінділеріндегі тұз сілімі
дөңгелек пішіндес, құрылысы күрделі келеді. Төменгі триас шөгіндісі
бойынша оңтүстік дөңес жаны бөлігінде 100 – 150 м амплитудадасы
ба р ұзын грабен бар, ал солтүстікте бөлік тәрізді бұзылулар бар.
Төменгі триас жынысының оңтүстік қанатында құлау бұрышы – 15 – 200
– ты, солтүстігінде – 25 – 320 – ты құрайды. Юра – бор шөгіндісі
төменгі триасты 18 – 320 бұрышпен және стратиграфиялық
келіспеушілікпен жыныстарды бөліп тастаған. Ол аз 10 – 15 м – ге
дейін амплитудалы өзгерістермен және 110 – 120 м амплитудасы бар
жатық симметриялық құрылысымен, 2 – 30 құлау бұрышымен сипатталады.

1.3 Стратиграфия

Кенкияқ кен орнында бұрғыланған ұңғымалармен кең
стратиграфиялық диапазонда палеозойдан бастап кәдімгі қалдықтардан
аяқталатын шөгінділер ашылды.

Пермдік жүйе
Кенкияқ кен орнында ашылған ежелгі жыныстарға перм жүйесінің
палеазой тобы жатады. Перм жүйесінің ең ежелгі жыныстарына
артинский ярусы жыныстары жатады. Бұл шөгінділер тұз дөңесіне
бұрғыланған ұңғымалар арқылы ашылды. П – 88 ұңғымасында олар 3780 –
3918 м тереңдікте орналасқан, олар 40 – қа дейігі құлау бұрышы бар
құмайттар мен аргиллиттерден тұрады.
Ариллиттер қою көкшіл , полимиктілі және ізбестілі, орташа
және уақ түйіртпекті, қабатты, қатты, аздап жарықтау, ізбастілі
цементті келеді.
Кунгур ярусындағы шөгіндіде үш қабат бөлінген: төменгі
сульфатты – терригенді, галогенді және жоғарғы сульфатты – терригенді.
Төменгі сульфатты – терригенді қабат құмайтты және ангидритті
аргиллиттерден және алевролиттерден ьтұрады, гравелиттердің жалаң
қабаттарыда кездесіп қалады.
Аргиллиттер қою көкшіл және қара, алевролитті және
ізбестілі, ангидриттелген учаскілері бар, қабатты, қатты, аздап
жарықтау ( жарықтары ангидриттермен толтырылған ) келеді.
Алевролиттер пен құмайттар қою көкшіл , сазды және
ізбесткалы, полимиктілі, ұсақ түйіртпекті, қабатты және плинчатты.
Ангидриттер көкшіл – көк, сазды учаскілі, ұсақ және орташа
кристалды, қабатты, қатты, кейде жарықтау келеді.
Гравилиттер құрамы бойынша алевролиттер пен құмайттарға ұқсас
келеді.
Төменгі сульфатты – терригенді жыныстың бұрылу бұрышы 4 -100 –ты
құрайды, қалыңдығы бірнеше метрге жетеді.
Галогенді қабат ақ, орташа – ірі кристалды , массивті тұзды
тастан құралған. Бұл қабатта әртүрлі қалыңдықтағы бірнеше
қабатшалардан тұратын сульфатты – терригенді жыныстар қабаттары
кездеседі. Кенкияқ кен орнында галогенді қабаттартар қалыңдығы үш
мың метрден ( 3185 м ) асады.
Жоғары сульфатты - терригендік қабат алевролитті қабатшалардан
тұратын аргалиттерден , құмайттардан және ізбестілі ангидриттерден
тұрады. Оның қалыңдығы 600 м аралықта.
Жоғары пермдік қызыл түсті континентальды шөгінді Кенкияқ кен
орны тілігінде уфимский, казанский және татарский ярустарынан
тұрады. Бұл шөгінділер тұз ылдиына бұрғыланған ұңғымалар арқылы
ашылды. Бұл шөгінділер күмбездер аралық ойпаттарда орналасқан,
олардың қалыңдығы екі мың метрден жоғары. Олар құмайтты,
алевролитті және Аз қалыңдықты ізбескілер қабатшаларынан құралған
аргиллиттерден тұрады. Бұл жыныстар қызыл – қоңыр түсті келеді,
құрамында гравилиттер, конгломераттар мен ангидриттер кездеседі.

Триастық жүйе
Триас жүйесі жыныстары төменгі бөлімнен тұрады. Төменгі триастың
субаквальды өзенді – континентальды шөгінділері Кенкияқ төбесінің
күмбезі бөлігіндегі кунгур ярусында, ал төбе қанатында татар
ярусында жатыр.
Шөгінді жыныстары бірінен соң бірі төслген жұқа құмайтты және
сазды жыныстардан тұрады.
Құмайттар мен құмдар қызғылт - қоңырлау, поликтивитті, сазды,
ұсақ және әркелкі түйіртпекті болып келеді.
Саздар әртүрлі түсті, қоңыр ө кызыл және көкшіл – жасыл,
алевролитті, тығыз келеді. Шөгінді қалыңдығы 400 м шамасында.

Юралық жүйе
Кенкияқ кен орнының тілігіндегі юра жүйесі төменгі және
жоғарғы жүйеден тұрады.
Төменгі юра шөгіндісі литологиялық құрамы бойынша екі қабатқа
бөлінеді: құмайттыгалчникті және сазды.
Құмдар негізінде кварцтыалаңдышпатты келген ашық – сұр түсті,
ұсақ және орташа түйіртпекті, тез бұзылғыш кварцтан және құмайт
линзаларынан тұрады.
Саздар сұрлау – ақшыл, аздап алевролитті, тығыз, шарт сынғыш
және өсімдік қалдықтарынана тұрады. Қкабат қалыңдығы 90 м – ге
дейін жетеді.
Орта юралық лагунді – континентальды шөгінділер құмайтты және
сазды қабаттардан тұрады.
Құмайтты қабат құмдардан тұрады. Құмдар сұрғылттау ,
кварцтыалаңдышпатты келген ашық – сұр түсті, ұсақ және орташа
түйіртпекті, әркелкі түйіртпекті, түйіртпек негізінен көмірлі және
жартылай опырылғыш, тез бұзылғыш келеді .
Сазды қабат саздардан, шымқай – сұрлау және қою – сұрлау,
алевролитті, құмайтты, қабатты, тығыз , тас көмір қабатшаларынан
тұрады. Жыныс қалыңдығы 150 м – ге дейін жетеді.

Бор жүйесі
Бор жүйесі жыныстары төменгі және жоғары бөлімнен тұрады.
Төменгі бор жүйесі валанжин яруынан басқа ярустардың бәрінен
тұрады. Бұл жыныстар өзара кезектескен сазды , құмайтты – сазды
және құмайтты қабатшалардан тұрады. Ашық боялған әртүрлі
түстердегі құмайты – сазды шөгінділерден тұратын баррем ярусы қабаты
назар аударарлық.
Саздар әртүрлі түсті, біресе қою қызғылт – кызыл, ашық қызыл
және көкшіл – жасыл түсті, құмайтты, ізбескілі емес, тығыз, аргеллит
тәрізді келеді.
Құмайттар әртүрлі түсті және жасыл – сұрлау, полимикті және
сазды, ұсақ және орташа түйіртпекті, түйіртпектер көмірлі және шарт
сынғыш, жұқа келеді. Қабат қалыңдығы шамамен 400 м – ді құрайды.
Жоғары бор шөгінділері барлық ярустардан тұрады. Алайда
тіліктер ярусы толықтай емес, ол жоғары жатқан қабаттарға
байланысты. Жоғары бор шөгінділері литологиялық жағынан құмайтты –
сазды шөгінділерден және мергелдерден, сондай – ақ саздардан мен
фосфор конкрецияларынан тұрады. Жоғары бор шөгінділері қалыңдығы
350 м – ге жетеді.

1.4 Мұнай, газ және судың физикалық – химиялық қасиеттері

Кенкияқ кен орнында алты мұнайгаздылық жыныс комплекстері
бар:
- тұзасты артиндік
- жоғары пермдік:
- төменгі триастық;
- орта юралық
- төменгі бор

Артиндік мұнай горизонты қоңырқай - жасыл түсті, оның
тығыздығы 20 0С – да 0,84 гсм3, ұсақ түйіртпекті ( 0,22 %),
шайырлы (10 %) , тұтқырлығы қалыпты жағдайда 9,07 с. б. Тең.
Мұнай бастапқы температурасы 840 бензинді – керосинді, фракциялардың
шығу температурасы 2000 – 25 %, 3000 – 48 %.
Артин жынысынан газ алынды, оның құрамына СН4-84; С2Н10 – 1,5;
СО2-2,4; Rе +N2 – 4,7.
Жоғары перм шөгіндісі мұнайы татар және қазан ярустары
шөгінділерінен тұрады. Қазан мұнай шөгінділері өзіндік салмағы 0,8449
– 0,8594 гсм3 , , ұсақ түйіртпекті ( 0,32 – 0,61 %), шайырлы ( 14
- 20 %) , парафинді ( 1,3 – 1,91 %) және асфальтенді ( 0,08 –
0,15 %) тұтқырлығы қалыпты жағдайда 9,07 с. б. , бензинкеросинді.
Фракциялардың шығу температурасы 2000 – 19 - 25 %, 3000 – 43,5 -
46,5 %.
Татар мұнайы шөгіндісінің өзіндік салмағы 0,8186 – 0,8921 гсм3,
, күкіртті ( 0,16 – 0,46 %), шайырлы ( 7,4 - 38 %) , парафинді (
1,02 – 3,84 %) және асфальтенді ( 0,01 – 3,03 %) тұтқырлығы 20
0С-да 3 – 44,9 с. б. . Мұнай 80,5 % майы бар бензинкеросинді.
Бензин фракциясының шығу температурасы 2000 – 12 - 36 %, 3000 –
25 - 57 %. Мұнайдағы газ факторы 22,5 – 126,4 атм – лық қанығу
қысымында 3,5 – тен 16 м3см – ге дейін өзгереді. Шөгіндіде сондай -
ақ құрамында келесідей газ құрамы (%) байқалды: СН4 – 81,06; С2Н6 –
2,32; С3Н8 – 1,22; С4Н10 -0,45; СО2 – 2 ЖӘНЕ Re + N2 - 11,95.
Каратюбе тік жар тұз күмбезіндегі татар шөгіндісінде 20 – ға
дейін су горизонттары бар. Бұл шөгінділердің суы негізінен
минералдануы 1,0357 – 1,1836 гсм3 тығыздықта 50,3 – тен 292 гл –
ге дейін өзгеретін еріген метанды және азотты газдары бар
хлоркальциилі болып келеді. Мұндай судың минералдануы татар
шөгіндісі күмбезде тұз ағымымен бөлінген және су ағыстарымен үнемі
байланысып тұрады. Судың газға қаныққандығы 267 см3 л. Татар
ярусы сулары арынды, статикалық деңгейі 104 м абсолюттік белгіде
орнатылған.
Төменгі триас қабатында төрт мұнай горизонттары орнатылған. Бұл
горизонттар мұнайы тығыздығы 0,8150 , 0,9355 г 3, аз күкіртті (
0,13– 0,34 %), аз парафинді ( 0,28 – 0,67 %), шайырлығы жоғары
( 20 – 26,2 %) және кинематикалық тұтқырлығы 200 0С-да 68,3
– 296,8 с. б. . Мұнай құрамында 2000 0С дейін қайнайтын
бензинкеросинді фракциялар тіптен жоқ деседе болады . Керосин
фракциясы 30000 температурада 42 % - тен аспайды, майдың щығуы
2401 – 48,5 , сондықтан да мұнай керосинді – майлыға жатады.
Төменгі юра мұнайындағы газ факторы 0,59 м3т , газ
негізінен метанды, оның құрамына (%) келесілер кіреді: СН4 – 90,3 –
92,3 ; С2Н6 – 1,4 – 4,2; С3Н8 – 0,3 – 2,2; С4Н10 -0, 3 – 1,6; СО2 –
0,3 – 0,6 ; Re + N2 - 1,6 – 5,9.
Төменгі юра шөгінділері қабатындағы су қабаттары
минералдануы 1,4 – тен 55,6 гл – ге дейін өзгеретін
хлоркальцийлі болып келеді. Сулар арынды келеді, олардың статикалық
деңгейі жер бетінен 116 – 170 м тереңдікте есептеледі.
Орташа юра мұнайы 0,9 047 – ден 0,9 418 – ге дейінгі тығыздықта
кездесді, аз күкіртті ( 0,11– 0,58 %), аз парафинді ( 0,29 – 0,74
%), шайырлы . Мұнай құрамында бензинкеросинді фракциялар 17 % -
тен көп болмайды, аз күкіртті ( 0,13– 0,34 %), аз парафинді (
0,28 – 0,67 %), шайырлығы жоғары ( 20 – 26,2 %) және
кинематикалық тұтқырлығы 200 0С-да 68,3 – 296,8 с. б. . Мұнай
құрамында 2000 0С дейін қайнайтын бензинкеросинді фракциялар тіптен
жоқ деседе болады . Керосин фракциясы 30000 температурада 11 –
43,5 % , майдың шығуы 31 % - тен аспайды. Нафтендік
көмірсутегінің құрамы 3000- қа дейін 90 % - ке дейін жетеді,
ароматтық 5 – 7 %, парафиндік – 24 % - тен кем емес. Газ факторы 3
м3т – дан артық емес.
Төменгі бор шөгінділері төрт горизонтта орналасқан: готеривтік,
барремдік, апттық және альбтық.
Готеривтік горизонт мұнайы тығыздығы 0,9050 – 0,9124 г 3,
олар аз күкіртті ( 0,26– 0,4 %), аз парафинді ( 0,43 – 0,76 %),
кинематикалық тұтқырлығы 200 0С-да 31,3 – 64 с. б. . Мұнай
майлы - керосинді, бензин фракциясының 3000 0С температурада пайда
болуы 18 – ден 25 % - ке дейін. Мұнайдағы еріген газ 1,35 м3т –
дан аспайды.
Барремдік горизонт мұнайы тығыздығы 0,9428 – 0,9497 гсм3, аз
күкіртті 21,1 – 46 %. Мұнайда бензин фракциялары жоқ, ол майлы –
керосинді, 3000 – ға дейін фракциялардың шығуы 4 – 15,75 %.
Апттік горизонт мұнайы тығыздығы 0,9567 гсм3. Күкірт 0,89 % -
ті құрайды. Бензин фракциясы 1 %- тен аспайды, 3000 – ға дейін
фракциялардың шығуы 7 – 23,5 %. Мұнайда еріген газ жоқ.
Альбтік шөгіндіде мұнай 0,9265 – 0,9458 гсм3, күкіртті ( 0,22–
0,49 %), парафинді ( 0,254 – 0,44 %). Мұнайда бензин фракциялары
және еріген газ жоқ. 3000 – ға дейін фракциялардың шығуы 7,75 – 8
%.
Төменгі бор шөгіндісі сулары негізінен сұйықкарбонатты – натрийлі
және сульфатты – натрийлі, аздап хлоркальцийлі, минерализациясы
1,000 – 1,022 гсм3 – те 0,3 – тен 31,7 гл –ге дейін. Альбтік
горизонт суының минералдануы готеривтікіне қарағанда жоғары. Сулар
арынды, статикалық деңгей 5 – 55 м – де орнатылды. Кенкияқ кен
орнының мұнайының сипаттамасы 1.1 кестеде көрсетілген.

1.5 Өнімді қабаттардың коллекторлық қасиеттері

Артиндік жыныстардың мұнайгаздылығы қабатта ұсақ және
орташа түйіртпекті құмайттардан тұрады. Құмайттар 5,2 % толықтай
кеуекті, ашықтай - 2,6 % . 30 – 35 % карбонаттылықта аз өткізгіш.
Жоғары пермдік жыныстар мұнайгаздылығы қуаты 25 – 37 м – ге дейін
құмайттар мен алевролиттер қабатшаларынан тұрады. Олар қазан және
негізінен татар ярусында орналасқан. Кенкияқ кен орнында жоғары
пермдік өнімді горизонттары 649 – 2475 м тереңдікте орналасқан.и
Онда қазан ярусында бір мұнай және бір газ гоизонттары бар, ал
татар ярусы қабатында 12 мұнай және бір газ горизонттары бар. Ө
қабатты құрайтын құмайттар мен алевролиттер кеуектілігі 15,7 – ден
31,1 % - ке дейін ашық кеуектілік және 1013,0 – 1326 млд. – қа
дейін өткізгіштік өзгерген жағдайда 16 – 31,7 % - ті құрайды.
Жыныстың мұнайға қаныққандығы 80 % . Игерудің бастапқы кезінде бұл
горизонттардың алымы 5 мм штуцерда 186 м3күнге болды.
Төменгі триас шөгіндісі қабатында үш мұнайлылық горизонты бар,
олар негізінен саркөл тастопшасы мен ақжар тастопшасында
орналасқан. Горизонттар қатты құмайттардан және ұсақ галечкілі
конгломераттардан құралған. Құмайттар 10 – 12 % гравиядан тұрады.
Жыныстың коллекторлық қасиеті кең көлемде өзгереді: 133,5 - 22,9
млд. өткізгіштік пен 70 % мұнайгазға қаныққандықта толық
кеуектілік 5,9 -22,9 % - ке дейін, ашық кеуектілік 5 – тен 20 %
- ке дейін өзгереді. Бұл горизонттар мұнай алымы алғашында бірнеше
куб метрден 140 м3күнге 5 мм штуцерда өзгерді.
Төменгі юра шөгіндісі мұнайлылығы 322 м тереңдікткгі құмайтты
- галечкалы қабаттардан тұрады. Жыныс өте жақсы қасиеттерге ие: :
1913 млд. өткізгіштік пен 72 - 80 % мұнайгазға қаныққандықта
ашық кеуектілік 22,3 – 39,5 % - ке дейін өзгереді. Бұл
горизонттар мұнай алымы алғашында бірнеше куб метрден 100 м3күнге
5 мм штуцерда өзгерді.
Орташа юра өнімді горизонттары негізінен аалендік ярус пен
байос - баттық шөгінділерінде орналасқан. Аалендік өнімді қабаты
негізінен құм мен алевролиттерден тұрады. Коллекторлық келесі
қасиеттерге ие: 105,4 - 5600 млд. өткізгіштік пен 72 - 80 %
мұнайгазға қаныққандықта ашық кеуектілік 21,25 – 38,1 % - ке
дейін, толық кеуектілік 32,25 – 44,1 % - ке дейін өзгереді
Байостық және баттық шөгіндісінде төрт қалыңдығы 25 – 30 м өзара
саздармен бөлінген құмды мұнай қабатшаларынан тұрады. Мұнай алымы
бастапқыда 74 м3күнге жетті. Жыныстың коллекторлық қасиеті
мынадай: 148 - 41382 млд. өткізгіштік пен 68 - 80 % мұнайгазға
қаныққандықта толық кеуектілік 524,4 – 49,2 % - ке дейін, ашық
кеуектілік 23,5 – тен 39,5 % - ке дейін өзгереді.
Төменгі бор шөгінділерінде мұнайгазға қаныққандық готеремдік ,
барремдік, апттық және альбтық ярустарымен байланысты .
Готеремдік яруста қалыңдығы 5 – 12 м өнімді қабат саз
қабатының жамылтқы бетінде орналасқан . Бұл горизонт бойынша мұнай
алымы аз, бастапқы 16 м3 күнге . Бұл горизонттың коллекторлық
қасиеті нашар: қалыңдығы 5 – 12 м : 32,3 - 153 млд.
өткізгіштік пен 60 % мұнайгазға қаныққандықта толық кеуектілік
14 - 20 % - ке дейін, ашық кеуектілік 35,4 % - ке дейін , толық
кеуектілік 38 % - ге дейін өзгереді Құмның коллекторлық қасиеті
құмайттарға қарағанла жоғары, саздылығына байланысты сұйықтар ағысы
өте нашар.
Баррем ярусы табанында құлағыш құмдардан тұратын өнімді қабат
орналасқан. Бұл горизонт мұнайы алымы 5 м3 күнге аспады. Бұл
горизонттың коллекторлық сипаты мынадай: 5680 млд. өткізгіштік
пен 74 % мұнайгазға қаныққандықта толық кеуектілік 23 - 47 % -
ке дейін, ашық кеуектілік 20,7 – 38,8 % - ке дейін , толық
кеуектілік 38 % - ге дейін өзгереді.
Альбтағы өнімді қабаты құм қабаты ауыр қышқылды мұнайдан тұрады.
Горизонт әртүрлі сортты құмдардан тұрады, Өте жэақсы коллекторлық
қасиеттерге ие : 667,5 -5373,3 млд. өткізгіштік пен 75 %
мұнайгазға қаныққандықта толық кеуектілік 26,4 – 45,4 % - ке дейін,
ашық кеуектілік 23,7 – 44,8 % - ке дейін , толық кеуектілік 38
% - ге дейін өзгереді.

II Технологиялық бөлім

2.1 Кенкияқ кен орнын игерудің қазіргі жағдайына қысқаша талдау

Кенкияқ кен орны 1966 жылы игерілуге берілді. Алғашқыда
құрылымның оңтүстік қанатындағы тәжірибе учаскісіне бу айдау
технологиялық сызба жасалынды. Тәжірибе учаскісін бұрғылау 1967 –
1969 жылдарда басталды.
Кенкияқмұнай МГӨБ Кенкияқ кен орнын игеруде Кенкияқ
кен орнын жылу тасығыштарды пайдалана отырып игеру анықталған
технологиялық жобаны пайдалануда. Бұл жобаны 1948 жылы ССКО
мұнай кен орнын игеру орталық комиссиясы бекіткен.
Бірінші рет 26 жылдан соң 1.05.1998 жылы жылу
тасығыштарды қабатқа қарқынды айдау бу айдау қондырғыларының
жарамсыздығынан және басқа да себептердің салдарынан Кенкияқ кен
орнының оңтүстік қанатындағы 1 – 7 қатарларында тоқтатылды.
Ақтөбемұнайгаз АО – ның 1998 жылдың 5 сәуіріндегі №
66 бұйрығына сәйкес моторының жасамауына байланысты бірінші бу
генераторы қондырғысы істен шығарылды.
Жылутасығышты қабатқа айдау кен орнының оңтүстік –
шығысындағы 9 – 11 қатарлар ауданында екі БАГ 5060 бу айдау
генераторлары арқылы жалғастырылды.
Кенкияқ кен орны тұтқырлығы жоғары кен орындарыны (тұз
бетіндегі кеніштер бойынша ) қатарына жатады.
Ю - II горизонты бойынша мұнай қоры бумалар бойынша бөлінеді:
А+В+С1 категориясы бойынша 72,194 млн. тоннаны , Ю- II горизонты
бойынша - 12,4 млн. тоннаны құрайды.
Кен орнының тұз үстілік кеніштеріндегі 81 % мұнайдың
алынатын қоры юра жүйесінің орташа бөлімі шөгіндісінде орналасқан.

2004 жылы мұнайдың өсуі бұрғылау және ұңғымаларды меңгеру
жұмыстарына, сондай – ақ буды циклдеп айдау бойынша тәжірибе -
өндірістік жұмыстарына байланысты.

2.2 Сұйықтықтарды өндіру қозғалысы

Ұңғыма өнімдерінде су 1968 жылы кенішті пайдаланудың екінші
жылы пайда болды. Бу айдаумен әсер ету технологиячын сынау
тәжирибелілік жұмыстардың басталу кезінде кеніштердің сулануы 9,3 % -
ті құрады. 1981 жылы сулану қарқыны 51 – 52 % - ті құрады, ал
1985 жылы 57,2 % - тен 64,8 % - ке дейін өсті. 1999 жылы бүкіл
кен орны бойынша ұңғыма өнімдерінің сулануы 63% - тен 75 % - ке
жетті. Орташа юра шөгіндісінде екі қабаттың сулануы байқалды, оған
буды, суды айдау , нұсқа суларының және орташа юра горизонтының
суға қаныққан қабатшаларынан ағыстардың тартылуы әсер етті. Мұнай
мен сұйықтықтардың орташа күндік алымы бір ұңғымаға шаққанда
1.01.2004 жылы 3,1 тн. мұнай және 11,9 тн. сұйықтықты құрады.
Кенкияқ кен орны бойынша 2004 жылы 585300 тонна мұнай
өндірілді, жоспар бойынша 100 % - ті құрады. Жыл бойынша 1 535 925
м3 сұйықтық өндірілді. Жоспар бойынша тапсырылуы керек 237 248
тонна мұнай орнына 237653 тонна тауарлық мұнай тапсырылды.
Мұнайбергіштік коэффициент баланстық қордың 0,1-ін құрады.
Мұнай ұңғымалары бойынша алынған мұнайды талдай отырып
мұнайдың 87,5 % - ті орташа юраның II +III горизонттарынан
алынатынын айта кету қажет.

2.3 Айдалынатын сұйықтық көлемі қозғалысы

Қабаттың қысымын қолдау мақсатында кен орнында бу алу үшін
көкжиде кен орнының ауызды суы және қабат суы пайдаланылады.
Қабатқа кейіннен сумұнай эмульсиясына айырылынатын қабат
суын пайдаланған пайдалы.Орналасу жағдайына байланысты седиментациялық
сулар қабатша аралық суларға жатады және мұнайға қаныққан
тіліктің құмды, линза тәрізді қабатшаларда кездеседі. Олардың
минералдануы 113 гл , хлоркальцийлі түрге жатады.
Нұсқа сырты сулары сульфатты – натрийлі, минералдануы 5,9 – 7,8
гл. Нұсқадан күмбезге қарай судың минералдануы 12,7 – 13,2 гл
– ге өседі жәнеде сулар үш түрлі гинетикалық түрге жатады.Оңтүстік
– батыс бөлігінде қабат суларының минералдануы 34,9 гл – ге өсті.
Бұралқы сулар әртүрлі горизонттар сулары қоспасынан тұрады,
9,9 гл минералдануы бойынша сұйықкарбонатты – натрийлі түрге жатады.
Су рН – 0,7 және 1220 мгл сұйықтық карбонатты. Сульфат
мөлшері - 23,9 мгл, күкіртсутегі концентрациясы - 0,22 мгл,
көмірқышқыл газ - 5 мгл.
Юра горизонтының өнімді коллекторлары кеуектілілігі - 21 – 43
%, өткізгіштігі 0,02 – 20 мкм2, қуыс мөлшері 0 – 75 мкм.
Коллекторлардың сипатына қарай айдалынатын су келесі талаптарға
сай болуы қажет:
1) тұрақтылық;
2) саздың ісінуі болмауы қажет;
3) механикалық қоспалар 10 – 30 мгл – ден аспауы қажет;
4) қоспа заттардың размері 10 мкм – ден артық болмауы тиіс;
5) мұнай өнімдері 10 – 30 мгл болуы ;
6) күкірт сутегі 0,1 мкм болуы;
7) оттегі 1 мгм – нен артық болмауы қажет;
8) темір 1 мгл артық болмауы тиіс;
9) сульфатты – қайта тірілетін бактериялардың болмауы;
10) желіну жылдамдығы 0,2 ммжылға болуы;
11) қабат суларымен өзара араласуы.
1.01.1999 жылдан 1.04.1999 жылға дейін 110 мың тонна бу
қабатқа айдалынды. Мұнайдың арзан бағамен сатылуына байланысты
қабатқа су айдау көп шығынды қажет ететіндіктен бу айдау
тоқтатылды.
1.01.1999 жылы 9 айдау ұңғымалары бойынша 650 мың тонна
қбұралқы су бу жиегін ығыстыру үшін айдалды.

2.4 Тұзүсті және тұзасты Кенкияқ кен орнын игеруді талдау

2.4.1 Табиғи режимде игеру учаскесі

Кен орнының негізгі бөлігіндегі 821 ұңғыма 1.01.2004 жылы
табиғи режимде пайдалануда.
Сол жылы тоқтап тұрған 303 ұңғыма пісіру жігін пайдалану
нәтижесінде жұмысын жалғастыруда. Пісіру жігін жасаған соң
ұңғымаларды 2 – 5 күнге, мұнай деңгейі көтерілгенше қалдырылды.
Пісіру жігін жасағанға дейін ұңғыма оқпанында жасанды түп, су
бөлімі және статикалық деңгей анықталды. Мұнайдың орташа күндік
алымы 44 тоннадан 80 тоннаға дейін метрологиялық жағдайларға (
жаңбыр, жол жоқтық және т.б.) байланысты өзгереді.
2004 жыл бойы мұнай ұңғымаларының алымын қайтадан орнықтыру
мақсатында 1004 ұңғыма – операция , оның ішінде 843 ұңғымаға құмды
кедергіні жуу арқылы сорапты ауыстыру секілді жер асты жөндеу
жұмыстары жүргізілді.
Терең сорапты және СКҚ – ды жоғарыға алып тексерген соң
қабылдау клапанында саңылауыңдың пайда болуы ( құмның отыруы және
клапанның құм нәтижесінде желінуі) нәтижесінде орташа 30 м
перфорация интервалында құмның жиналғаны байқалды.
Барлық ұңғымаларды жуу кезінде олардың перфорация интервалында
жұтылуы байқалды. Бұл ұңғымаларды пайдалану кезінде күндік алымды
орнатуды қиындатып жіберді. Болашақта құмды кедергіні жеңілдеу
сұйықтыққа немесе ауыр жұмыс болсада көбікпен жууды қарастыру
қажет. Қабаттың жұтуы өнімді көп көлемде алынған ұңғымаларда
байқалады.
Қабат қысымын бақылау мақсатында кен орнының солтүстік –
шығысы мен шығыс – батысында жаңа ұңғымамалар бұрғыланды, пайдалану
құбырларын перфорация жасаған соң қабат қысымы өлшенді. Көрсетілген
учаскілердегі ұңғымаларда өлшенген қабат қысымы 15 атм. – дан 22
атм. – ға дейін өзгерді. Негізгі учаскілердегі ұңғыма өнімдерінің
сулануы жылдың соңында 72 % - ті құрады.
12 ұңғыма бойынша мұнайлылық сипаттамасы жасалынды:
Соның ішінде : 61033,61054,0061074,00064032,00Т – 2396 жаңа
ұңғымаларда; 368, 1364, 1419, 2583, 1271, 1207, 1254 жаңа
ұңғымаларда.
Орташа юра горизонттарынан алынатын сусыз мұнайдың тереңдік
интервалдары анықталды.

2.4.2 Кенкияқ кен орнындағы буды айдау учаскесі

2004 апрелінен бастап екі бу генераторына күздік – қыстық
кезеңге байланысты бу генераторлары мен бу құбырлары қатып қалмас
үшін дайындау жұмыстары басталды.
Алғашында буды циклдеп айдау мына ұңғымаларда жүргізілді: № №
6005, 6008, 1315, 1333, 6001, 6002, 6006, 6012, 6013, 6014, 1293,
1315, 1332, 1354. Барлығы 15 ұңғыма.
26.06.2003 жылғы СНПС – Ақтөбемұнайгаз ААҚ – ның № 2Р –
133 бұйрығы бойынша Буды айдауды орнықтыру жобасының
жоқтығына сәйкес бұрын бар бу құбырлары Кенкияқ құрылыс
басқармасының күшімен №№ 1248, 1272, 1290, 1217, 1355, 2447 және
6015 ұңғымаларға қалпына келтірілді. Барлығы 7 ұңғыма.
Түп маңы аймағын жылу шыдайтын сүзгілермен және сағалық бу
қондырғыларымен қамтамасыз еткен соң жоғарыда көрсетілген
ұңғымалар буды циклдеп айдауға көшірілді.
ҚҚР ықпалымен №№ 6001, 6002, 6003, 6006, 6008, 6009, Т – 1249,
1251 ұңғымалары барлығы 8 ұңғыма , соның ішінде 6 ұңғыма
қыркүйектен, 2 ұңғыма желтоқсаннан бастап буды үнемі айдау әдісіне
көшірілді. Бүкіл жыл бойына 92 653 тонна бу айдалында. Учаске
бойынша процесс басталынғаннан бері жиналған бу мөлшері -
185 725 тоннаны құрады. Буды айдағаннан бері қосымша алынған
мұнай бір жылға 9 524 тоннаны құрады. 1.06.2004 жыл бойынша 25
ұңғыманың орташа күндік алымы 3,1 тонна мұнайды, 11,9 тонна
сұйықтықты құрады. өткен жылға қарағанда ұңғымалардың күндік алымы
азайып келеді.
Азаю 2,3 тоннакүндік мұнайға, 5,7 тоннакүндік сұйықтыққа
тең. Учаске бойынша сулану 71 % тең. Бұған себеп 2003 жылы 6
ұңғыма буды үнемі айдауға көшірілгендігі болуы керек. Жалпы
ұңғымаларға жиі - жиі жер асты жұмыстары жүргізілді. 2004 жыл
бойы 114 ұңғымаға жөндеу жұмыстары жүргізілді, соның ішінде 98
ұңғымаға құмды кедергіні жуумен сораптарды ауыстыру жұмыстары
жүргізілді.
№№ 1354, 1271 ұңғымалары бойынша төменгі су қабаттарын айыру
жұмыстары жүргізілді.
Жаңа Тұз үсті Кенкияқ кен орнын жобалауға сәйкес орташа
күндік өнімі 137,2 тнкүн мұнай және 288,6 м3күн сұйықтық
беретін 80 жаңа ұңғыма бұрғыланды.
Ұңғымаларды меңгерген және пісіру жігін істеген соң олраға
құмға қарсы сүзгілер орнатылды, сағаға бу арматуралары орнатылды
және СКН 5 кұрастыру жұмыстары жүргізілді.

2.5 Кенкияқ кен орны мұнай ұңғымалары қоры ағымы

1.01.2004 жыл бойынша кен орнының пайдалану қоры 1159
ұңғыманы, соның ішінде: 877 ұңғыма қозғалыста,
282 ұңғыма қозғалыссыз тұр
8 ұңғыма айдау қорында
267 ұңғыма жұмысы
тоқтатылған
14 ұңғыма бақылау
фондында
3 ұңғыма жұтып қойғыш
2 ұңғыма тұзды
101 ұңғыма жұмысы мүлдем
тоқтатылған.
1.01.2004 жыл бойынша 1807 ұңғыма бұрғыланған
1.01.03 жылмен салыстырғанда қор 215 ұңғымаға өсті.
Қордың өсуі бұрғалау жұмыстарының және кейбір ұңғымалардың
бір категориядан екінші категорияға өзгеруінде. 80 ұңғыма айдау
қорынан пайдалану мұнай қорына өтті.

Кесте 2.1 Ұңғымалар қоры сипаттамасы

№№ Ұңғымалар қоры 1.01.201.01.2004 Ескетпе
пп категориясы 03 жылға
жылға
1 Пайдалану қоры944 1159 89 ұңғ. бұрғылаудан келді,
Соның оның ішінде:
ішінде 1 85 тұз үсті
ұңғыма 4 тұзасты ұңғымалары
Жақсымай 3 күр. жөндеуден Г-110,
дыкі г-115, Г-131
айдан қорынан -30 ұңғ.
тоқтаудан – 103 ұңғ.
8 ұңғ. айдау қорына ауыст.
1 ұңғ. жұм. тоқтатылды
1.1 Оның ішінде 692 877 Өтті: 89 ұңғ. бұрғылаудан
қозғалыстағысы 3 ұңғ. - күр. жөндеуден (
Г-110, Г-115, Г-231)
102 ұңғ. тоқтаудан,
271 ұңғ. қозғалыссыздықтан
Кетті: 1 ұңғ. тоқтауға,
271 жұмыссыздыққа,
8 ұңғ. айдау қорына
1.2 Қозғалыссыз- 251 283 Келді: 30 ұңғ. айдау қорынан
дағы Соның 271 ұңғ. қозғалыстағыдан,
ішінде 1 1 ұңғ. ( Г-96) – тоқталытан
ұңғыма 1ұңғ. ( 4П Құмсай)меңгеруден
Жақсымай 271 ұңғ. қозғалыс қорына
дыкі кетті.
1.3 Меңгеруде 1 -
1.4 Меңгеруді күтуде( ұңғ. -

Құмсай)
2 Тоқталып тұрған 330 267 Қаратобе кен орнының
мұнай ұңғымалары КММГБО қорынан 11 ұңғ.
Қаратобе Интернейшл Ойл
Компаниға берілді
50 ұңғ. айдау қорынан
1ұңғ. қозғалыс қорынан
103 ұңғ. қозғалыс қорына
өтті.
3 Барлық айдау 80 8 80 бу айдау ұңғымалары мұнай
және тоқтап қорына өтті
тұрған ұңғымалар 8 ұңғыма мұнай қорынан айдау
қорына өтті
3.1 Соның ішінде: 30 ұңғ. мұнай қозғалыссыз
қозғалыстағы - - қорына өтті
3.2 қозғалыссыз 30
3.3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұңғымалар қоры күйі
Көкжиде кен орнының игерілуінің сипаты
Түзілімдердің қалыңдығы 136 метр
Жұмыстар нәтижесі авторы
Алаңдардағы түзілімдерден мұнай мен газ шоғырларын ашу мұ-най іздеу жұмыстарының көлемін ұлғайту
Мұнай кен орнының геологиялық бейіні
Алмаз алаңының геологиялық құрылысы, мұнайгаздылығының болашағы және жобалау әдістері
Ақжар мұнай кен орнын игеру әрекетіне бөлінген территория
Қабатты мұнайдың параметрлері
Батыс-Қазақстанда орналасқан Cолтүстік Шығыс алаңында мұнай іздеу жұмыстарының геолого-технико-экономикалық тиімділігі
Пәндер