ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫН ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . … . . . ……. 6
I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МҰНАЙДЫ ҚҰБЫР АРҚЫЛЫ ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ . . . 7
1. 1 Қазақстандағы магистральды мұнай құбырының негізгі сипаттамасы . . . 7
1. 2 Кеңес Одағы аумағындағы көлік бірлестігі . . . 12
1. 3 Қазақстандағы құбыржолы тасымалы қорын кеңейту мүмкіндіктері . . . 18
2 ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫН ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ . . . 22
2. 1 Қазақстанның экспортты мұнайқұбырының жобалары . . . 22
2. 2 Көлік жүйесі бойынша көмірсутек шикізаты ағынын арттырудың экономикалық негіздері . . . 26
2. 3 Мұнай тасымалының негіздеме алгоритмін құру . . . 32
2. 4 Әлем нарығына мұнайды тасымалдау жобаларын экономикалық бағалау . . . 44
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙТАСЫМАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ . . . 51
3. 1 Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және олардың негізгі
мақсаттары . . . 51
3. 2 Мұнайгаз дамуының тиімді жолдарын моделдеу . . . 56
3. 3 Өңдеуге және экспортқа кететін көмірсутек шикізатын тасымалдаудың тиімділігін арттыруға әдістемелік шаралар қолдану . . . 57
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 69
Қосымша А . . . 71
КІРІСПЕ
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында мұнай-газ саласына ерекше көңіл бөлінеді. Жанар- жағар май ресурсының ұзақ мерзімді болашағын анықтай отырып және оны экономикалық өсуіне қарай тиімді пайдалану бағдарламасы барлық мұнай-газ кешеніне қатысты сұрақтардың шешілуіне жағдай жасайды.
Мұнай-газ саласы дамуының басты проблемасы әдеттегідей мұнай-газ шикізатын кешенді пайдалануды қажет етеді. Сонымен бірге Қазақстанда өткізіліп жатқан берілген жоба бөлігі шикізат даму саласымен тығыз байланысты.
Өндіріліп жатқан көмірсутек шикізатының сапалы сипаттамасын зерттеумен және олардың өндіріс процесінің ақырғы нәтижесіне әсер етуімен байланысты кешенді тапсырма шешімін іске асыру қадағаланады.
Көмірсутек шикізаты - сұйық немесе газ түрдегі физикалық жағдайына тәуелсіз. Және де жақсы дамыған мұнай-газ өңдеу мен мұнай химиялық саладағы өнеркәсіптегі пайдалы қазбаның ерекше түрі болып табылады.
Оның пайдалылығы дайын тауардағы таза технологиялық позицияда ерекше еңбекті қажет етпейтін өнімнің кең ауқымды бөлек фракциясында потенциалды бағаланады.
Мұнай-газ ресурстарын экспорттық тауар түрінде пайдалану мұнай саласының даму стратегиясында толықтай жеткіліксіздігін куәландырады. Сондықтан да көмірсутектерді рационалды және кешенді пайдалану ұлттық экономиканың басты приоритетінің санына тікелей қатысты.
Диплом жұмысына қойылған мақсат болашақта Қазақстандағы тиімді мұнайқұбырын анықтау.
Бұл проблеманы шешу үшін диплом жұмысында мынандай міндеттерді орындау қойылған:
- Қазіргі кездегі Қазақстандағы мұнайды тасымалдаудың даму жағдайын сипаттау;
- Қазақстандағы құбыржолы тасымалы қорын кеңейту мүмкіндігін көрсету;
- Инвестициялық жобалардың қаржылық жағын есептеу;
- Мұнайгаз дамуының тиімді жолдарын модельдеу.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МҰНАЙДЫ ҚҰБЫР АРҚЫЛЫ ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ
1. 1 Қазақстандағы магистральды мұнай құбырының негізгі сипаттамасы
Қазақстан Республикасы көмірсутектердің стратегиялық қоры бар және энергоресурстардың әлемдік нарығының қалыптасуына әсерін тигізетін мемлекеттер қатарына кіреді. Елімізде көмірсутек шикізатының 200-ден астам кен орындары бар. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан мұнай өндіруі бойынша Ресей Федерациясынан кейінгі екінші орынды алады. Республикамыз жоғары жеткілікті меншікті мұнай-газ потенциалының бар екендігіне қарамастан, өндіріс орындарының арасындағы географиялық бүлінуі, өңдеу және тұтыну, энергетикалық тәуелсіздіктің қалыптасуына үлкен қиыншылықтар әкеледі.
Мұнай шикізатының технологиялық процесстерге байланысты тауар өніміне айналуының бірден бір бөлігі бола отырып, Қазақстанда құбыр арқылы тасымалдау өз дамуын өнеркәсіптік аумақта өндіріс жұмысын жүргізумен қатар, яғни, бір уақытта бастады. Республикалық мұнай құбырының бірінші бастамасы Доссор ауданын Каспий теңізімен қосатын, шамамен 150-лік кұбыр жолы болып табылады.
Республика территориясынан өтетін магистральды мұнай құбырының одан әрі дамуы, мұнай тасымалы концепциясына сәйкес пайда болды.
Алғашқы мұнай өңдеу зауыттары, мұнай құбырының жеткіліксіздігіне байланысты өндіріс орталықтарына жақын орналастырылды. Осы құбыр жолымен тасымалдаудың шартты аяқталуы 60-шы жылдар соңы деп есептеледі. Батыс Сібірдегі мұнайды барлау мен кен орындарын игерудегі жұмысты бастау, жаңа мұнай өңдеу зауыттарындағы орналасу принциптерінің өзгеруіне әкеліп соқты. 70-ші жылдарда оларды өнеркәсіптік орталықтарға мүмкіндігінше жақын салуды ұйғарды.
Қазақстандағы 70-ші жылдың соңы мен 80-шы жылдар басындағы құрылған негізгі құбыры, Батыс Сібірдегі мұнай кен орнымен Орталық Азиядағы мұнай өңдеу зауытын байланыстыратын Павлодар- Шымкент мұнай құбыры болды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін тасымалдау мен мұнайды бөлудің ортақ жүйесінің құлауымен байланысты проблемалар қатарын шешуді сала алдында бірінші қажеттіліктерге қойды.
Мұнайды экспорттау мен импорт, кәсіпорынды басқару құрылымын оптимизациялау, күрделі қаржылар салымы, тасымалдау жөніндегі сұрақтарға Қазақстан Республикасы экономикалық қызығушылықтарды қамтамасыз етуде мемлекеттің тиімді қатысуымен жүзеге асты.
Қазіргі уақытта ЖАҚ «ҚазТрансОйл» қарамағында ұзындығы 6492км болатын мұнайқұбыр жүйесі мен ұзындығы 2434 км суарыны, сыйымдылығы 1200 млн. м 3 болатын резервуар паркі, 39 сорапты қотару станциясы, 18 қабылдап- жіберу пункті, 3 мұнай құю эстакадасы (Атырау, Макат, Атасу) және бір теміржол құю эстакадасы орналасқан.
Ішкі мұнайқұбыр жүйесі, Қазақстандағы мұнай кен орындарын республикадағы мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) мен Ресей Федерациясындағы мұнай құбыр жүйесімен жалғастыра отырып, өзара бір бірімен байланысты өзіндік үш регионға бөлінеді: орталық, шығыс және батыс.
Орталық филиал Кенкияқ- Орск мұнай құбырының екі жібін пайдаланады, ұзындығы 400 км астам, жалпы өткізу қабілеті 6, 5 млн. тонн. жыл. Бұл мұнайқұбыр Ақтөбе облысы кен орындарындағы өндірілген мұнайды Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауытына (МӨЗ) жеткізуге арналған. Алайда, кенкияқ мұнайының өндіріс көлемінің азаюына байланысты қазіргі уақытта құбыр бойымен жылытуды қажет етпейтін мұнай қоспасы тасымалданады.
Ақтөбе облысы кен орындарынан мұнайды жеткізу диверсификациясы мақсатында Кенкияқ- Атырау мұнайқұбыры бойынша(ұзындығы 448, 8 км) құрылыс- монтажды жұмыстар басталды.
Бірінші кезектегі мұнайқұбырының (2003 жыл) өткізу қабілеті 6 млн. тонн. жыл. құрайды, екінші кезекте (2004ж. ) - 10 млн. тонн. жыл, ал үшіншіде (2006ж. ) - 14 млн. тонн. жыл. Кенкияқ- Атырау мұнайқұбырының құрылысы Батыс Қазақстан- Қытай халықаралық мұнайқұбыры магистралын тұрғызудың басты кезеңі болып табылады, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы экономикалық қатынасты дамытады және Азияттық- Тынықмұхиттық аймақ нарығына енуін қамтамасыз етеді.
Орталық Қазақстандық магистральды мұнайқұбырының негізгі жүйесінің басты техникалық мінездемесі 1-ші таблицада келтірілген.
Шығыс филиал ең жас мұнайқұбыр жүйесін пайдаланады. Омск- Павлодар- Шымкент- Чарджоу мұнайқұбыры Батыссібір мұнайын Павлодар және Шымкент өңдеу қуатына және одан әрі Өзбекстан мұнай өңдеу зауыты мен Түркменстан мұнай өңдеу зауытына жеткізу мақсатында құрылған. Павлодар- Шымкент мұнайқұбырының жобалық өткізу қабілеті 17 млн. тонн. жыл. болатын екіжіпті Қарақойын- Құмкөл бұрмасы бар. Мемлекетаралық Келісім шартқа сәйкес(Қазақстан және Ресей) Батыссібір мұнайы Омск- Павлодар мұнайқұбыры бойымен Павлодар мұнай өңдеу зауытына, ал Құмкөл мұнайы Құмкөл- Қарақойын- Шымкент маршруты бойынша Шымкент мұнай өңдеу зауытына жеткізіледі.
Негізгі магистральды мұнайқұбырының Шығыс Қазақстандық жүйесінің басты техникалық мінездемесі 1-ші кестеде келтірілген.
Батыс филиалдың мұнайқұбыр жүйесі өзінің бастауын Қаламқас кен орнындағы(Маңғыстау облысы) тапсыру- қабылдау пунктінен алады. Мұнайқұбырының бұл жүйесі Ақтау теңіз порты терминалдарына дейінгі мұнай тасымалын қамтамасыз етеді, Атырау теміржол станциясындағы мұнай құю эстакадасына, Атырау МӨЗ-іне және Ресей федерациясының мұнайқұбыр жүйесіне (ПСП «Самара») - Ақтау Мұнай айдау стансасына, теміржол цистернасынан танкерге мұнай құю техникалық мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта мұндай операциялар «Тенгизшевройл» үшін орындалады. Ақтау портындағы мұнай құю қызметі бойынша алдын- ала қызығушылықтарды мұнай өндіру компаниялары қатары танытты. Танкерлерге мұнай құю бойынша қажеттіқуаттарды қамтамасыз ету үшін порт терминалдарында жұмыстар жүргізуді талап етеді.
Негізгі магистральді мұнайқұбырының Батыс Қазақстандық жүйесінің басты техникалық мінездемесі 1-ші кестеде келтірілген.
ЖАҚ «ҚазТрансОйл» құрылғаннан бастап осы уақыт аралығына дейін компанияның алдына қойған стратегиялық мақсаттары мен тапсырмаларын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі мұнай тасымалы көлемінің динамикалық ұлғаюына әкеліп соқты. Егер 1998 жылы мұнай тасымалдау көлемі магистральді мұнай құбыры жүйесі бойынша 24104 мың тонна болса, онда 2001жылы- 32023 мың тонна. Мұнай тасымалы көлемінің өсуі жүкайналымының ұлғаюына қол жеткізді: 1998ж. -15337 млн. т-км. Бюджеттен бөліну 1998ж. - 2998 млн. тг, 2001ж. - 21811 млн. теңге құрады.
Кесте 1-Негізгі магистральді мұнайқұбырының Батыс Қазақстандық жүйесінің басты техникалық сипаттамасы
Ауқымы
Ь, км
Диаметр,
мм
Кенкияқ- Орск
(1-ші белдік)
Кенкияқ- Орск
(2-ші белдік)
1936
(1981)
Қазақстан Республикасының мұнайқұбыры тасымалының одан әрі даму стратегиясы жаңа мұнай құбырын жасақтауда өзіміздің тұрақты жеке мұнай өңдеу зауытымызға(МӨЗ) жеткізілуін қамтамасыз ету қажет. Бүгінгі күні құбыр жүйесі мүмкіндігі бұлай жасауға жеткілікті көлемде қол жеткізу өте қиын. Осыған байланысты өндірістік бағдарлама мен Қазақстандағы құбыр торабының даму бағдарламасы экспорттық бағытта игерілді, және де ұзақ мерзімді даму бағдарламасын табысты іске асыру кезінде 2010 жылдан бастап жылына 70 млн. тонна қабылдау мүмкіндігін береді.
Осы даму және өсу стратегиясын іске асыруда инвестициялық жобалардың үлкен санының одан әрі жүзеге асуын талап етеді:
- Атырау- Самара мұнайқұбыры бойынша тасымалдау көлемін 25 млн. тонн. жылға дейін арттыру;
- жүйенің олық диагностикасын аяқтау, жөндеу және қазіргі жүйені модернизациялау бойынша жүргізілетін жұмыстар бағдарламасын жүзеге асыру мен игеру;
- компанияның одан әрі іс- әрекетін автоматизациялау және инфрақұрылымының дамуы;
- өндірісті автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу(SKADA) ;
- өндірісті автоматтандырылған іс- әрекеттер жүйесін енгізу(SAP R/3) ;
- модернизация және телекомуникация жүйесін дамыту;
- обьекті модернизациялау мен жаңа технологияларды енгізу жолымен энергия шығынын төмендету.
Жүйені модернизациялау бойынша ауқымды бағдарламалардың жүзеге асуы мен инвестициялық жобалардың жүзеге асуы мен инвестициялық жобалардың іске асуы, жобалық қаржыландыру түрінде ұзақ мерзімді инвестиция көлемін қаратуларды талап етеді.
2003 жылы қаржы салымдарының деңгейі 30 млрд. теңге болды, оның 6 млрд. тан астамы жөндеу жұмыстарына, яғни, 130 км мұнайқұбыры болып табылады.
Осы құбыр жүйесіне модернизациялау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде оның жұмыс жасау қабілеті сақталады, қызмет көрсету тиімділігі жоғарылайды, сонымен қатар жүйенің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Тасымалдау сұлбасы бойынша жаңа обьекттерді құру мен күрделі жұмыстарды жүргізу, тұтынушылар үшін қызмет көрсетудіңүлкен спектрі қамтамасыз етілді.
Мұнай тасымалына баға орнату механизмі жаратылыс монополиясын реттеуші Агенттікпен бекітілген. Тарифтің жаңа деңгейі 2003 жылдың 1-ші шілдесіне жоспарланған.
Бірауыздан қабылданған принциптерден құралған әдіс баға түзілуге икемді ықпал етеді, тұтынушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндігін есепке алады, құбырлар жүйесін максималды пайдалануға жағдай жасайды. Ұсынылып отырған әдістеменің негізгі қабілетіне мыналарды қатыстыруға болады: қажетті шығындар принципінің өзгермеуі және активтерден әділ табыс алу; қарапайым меншікті тарифтен екіставкалы тарифке өту, яғни, тасымалдау маршруты тәуелсіз, бірінші ставкасы 1 тонна мұнайдан шегерілетін, екіншісі- маршрут қашықтығына байланысты (меншікті тариф) ; өзіндік капиталдан түсетін табыс ставкасын есептеудің жетілген әдісін пайдалану.
Бүгінгі таңда құбыржолы тасымалы өндірілген мұнайдың айтарлықтай бөлігінің ауыспалылығын қамтамасыз етеді (80%) . Сондықтан да ЖАҚ «КазТрансОйл» ішкі есебінде, экспортты есебінде жаңа маршруттарды жоспарлауға бағытталған жұмыстарды жүргізу үстінде, сонымен қатар Ақтау- Баку- Тбилиси- Джейхан, екінші кезектегі құбыр КТК, Балтық құбыр жүйесі және басқалары. Экспортты мұнайқұбыры жобалары серіктестік құралы ретінде және халықаралық қатынастардың тұрақты кепілі ретінде қарастырылады. Болашақ экспорттық мұнайқұбыры маршруты шикізат ресурсы негізінде, әлемдік нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде, стратегиялық мақсаттар мен экономикалық ұтысқа қол жеткізу негізінде анықталады.
Осыған байланысты Қазақстаннның келешек табысы мен экономикалық дамуы тек қана мұнай- газ қорына тәуелді, бәрінен бұрын республикамыздың сутегі шикізатын экспорттаудағы тасымал тәуелсіздігінің қамтамасыздалуына байланысты. Өндіру, тасымалдау және өңдеу Қазақстан тұрғызылуының кілті және ұлттық стратегиямыздың дамуына септігін тигізетін маңызды факторы болып табылады.
- Кеңес Одағы аумағындағы көлік бірлестігі
Бұрынғы кеңес одағына дейінгі республикалардың тәуелзіз мемлекеттерге бөлініп шығуы мен шаруашылық байланыстардың бытырауы, Энерго- жанар- жағармай кешенінің жұмысына айтарлықтай әсерін тигізді. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің энергетикамен қамтамасыз ету салаларында өзіндік проблемалар пайда болды.
ТМД елдерінің отын энергетикалық сферасында ұлттық қызығушылықтар қалыптасты. Осы қызығушылықтарды есепке ала отырып Достастық елдерді үш топқа бөлуге болады:
- Өндіріс-елдер және энергоресурстарды экспорттаушылар немесе «ресурсты» елдер- Ресей, Қазақстан, Азербайжан, Өзбекстан және Түркменстан;
- Импорттаушы-елдер - Украина, Белоруссия, Молдавия, Грузия, Армения, Тәжікстан және Қырғызстан;
- Транзитті елдер - Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Украина, Белоруссия, Молдавия, Грузия және Армения.
Бұл елдердің энергетикалық сферадағы экономикалық қызығушылықтары әрқашан сәйкес келе бермейді. Мысалы, Ресей мұнай- газды экспорттаушы есебінде Украинамен транзиттік қызмет көрсетумен есептесу кезінде проблемалар туады. Қазақстан әлемдік нарыққа тікелей шығу жолы болмағандықтан, басқа елдермен жақын көлік- экономикалық байланысын орнату мүмкіндігінен айрылады. Қазақстаннның континент ішіндегі географиялық орналасуына байланысты осындай «жабықтылық» мемлекет экономикасына кері әсерін тигізеді.
Отандық эксперттер көлікконтинентальды магистральды, меридиональды бағыттағы теміржол және автомобиль жолдарын жүргізу сияқты әр түрлі нұсқаларды ұсынады. Айтылған нұсқаларды таңдау, осы магистральды тұрғызуға қатысты континенттегі барлық елдердің келісімі негізінде жүзеге асырылуы тиіс. ТМД мемлекеттеріндегі энергоресурстарды импорттаушы «ресурсты елдердің» назарын қамтамасыз ету бүгінгі таңда ең маңыздысы болып табылады. Көмірсутек шикізатын экспорттаушы- елдердің негізгі проблемаларының бірі, энергоресурстарды әлемдік нарыққа экспорттау және қаражат алу мақсатында өндіріс саласын дамыту болып табылады. Осыған байланысты Достастық елдерінің энергетикалық нарығы ТМД мемлекеттерінің айтылған тобы үшін - алыс шетел нарығына қарағанда, сутегіні тұтынушылар әзір аз мағыналы болып отыр. Түркменстан, Азербайжан және Қазақстан елдері үшін, Халықаралық энергетикалық агенттігінің бағалауы бойынша, әлемдік нарыққа көмірсутекті экспорттау кризистен шығудың бір ғана жолы болды.
Достастық елдер арасындағы энергетикалық бірлестіктердің даму перспективаларын бағалай отырып, олардың әр түрлі деңгейде және әр түрлі жылдамдықта дамып жатқанын ескеруіміз керек. Қазіргі уақытта Евразиялық экономикалық бірлестік құрылған- Ресей, Қазақстан, Белоруссия, Қырғызстан және Тәжікстан, сонымен қатар Ресейлік- Белорустік одақ. Осы бірігулер тұрғысында энергетикалық бірлестік шешуші рөл атқарады. Бұдан басқа, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан экономикалық аумақтағы бірлестікті құру туралы Келісімшартқа қол қойды.
Көлік және энергетикалық жобаларды іске асыру үшін «газдық альянс» құру туралы ұсыныстар айтылған. Алматыда өткен ТМД саммитінде Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Түркменстан елдері экспорттық саясатты үйлестіре білді, сонымен қатар газқұбыр жүйесін жергілікті басқару мен пайдалануды көздеді. Осы альянсқа қосылу ниетін ТМД арасындағы транзиттік елдер де білдірді.
Қазақстан Евразия құрлығының орталығында орналаса отырып, көлік жолының табиғи қиылысы болып табылады. Қазақстан арқылы өтетін қазіргі халықаралық көлік тасымалы өткелі желісінің даму тұжырымдамасы үш бағытта негізделеді: біріншіден, бұл Ресей, Европа елдері. Екіншіден, Оңтүстік- Шығыс Азия елдері және Япония, Қытай. Үшінші бағыт, Орталық Азия мемлекеттері және Кавказ маңы, Иран мен Турция.
Қазақстанның құбыржолы тасымалының даму кезеңіне қысқаша хронологиялық мінездеме бере отырып, 1935 жылы Батыс Қазақстандағы мұнайкәсіпшілерін Ресейдегі(Орск) мұнай өңдеу зауыттарымен қосатын бірінші магистральды мұнайқұбырының пайдалануға берілгенін ескере кетуіміз қажет. 70- ші жылдар басында тағы да бір Өзен- Атырау- Самара мұнайқұбырының құрылысы толықтай аяқталды. Қазақстан мұнайын Ресей МӨЗ- іне айдау ғана емес, сонымен қатар шет елдердегі негізгі экспорттық бағыттарға да айдауға мүмкіндік туғызды. Осы мұнайқұбыры сол уақыттары ұзындығы жағынан да(1480 км астам), техникалық шешімі жағынан да әлем бойынша дара болды.
Экспортты маршруттардың көпвекторлылығына байланысты үлкен мағына Ақтау портына беріліп отыр. Бүгінгі таңда Ақтау порты мемлекетаралық сауда- экономикалық қатынастарды байланыстырушы звено ретінде, Қазақстан, Ресей, Иран, Біріккен Араб Эмираты, Орталық Азия елдеріндегі кәсіпорындар қатарының экспортты- импортты және транзитті жүктеріне жедел режимде қызмет көрсетеді. Мұнайды Махачкалаға жіберуден басқа порт Солтүстік Бузачи кенінен азербайжандық Дюбенди(Баку маңы) портына түсіре бастады. Бұл маршрут 90- шы жылдар ортасында ТШО мен пайдаланылды, алайда, КТК ның енуіне қарай бұл жерде тасымалдау жұмысы тоқтатылды.
Қазақстан көздеген мақсатпен халықаралық көлік тасымалы форумын бірінші рет ұйымдастырып отырған жоқ: Шығыс- Батыс халықаралық транзитінің маңызды бөлігі ретінде әйгілі трансазиаттық коридорды республика территориясы арқылы жатқызу. Мұндай тасымалдаулардың дамуындағы үлкен үміт Ақтау теңіз портына артылып отыр.
Осылайша, Кеңес одағы құлағаннан кейін, біріңғай көлік жүйесіне ерте енген Қазақстан территориясынан 6 мың км. -ден астам мұнайқұбыр магистралы өтті. Алайда, бұл құбырлар жүйесі Қазақстан Республикасының экономикалық назарына жеткілікзіз шамада жауап берді.
КТК қатарына құрылуына дейін қазақстандық көмірсутек шикізатын шет елге жеткізу негізгі каналы Атырау- Самара құбыры болды. Содан соң ресейлік құбыр жүйесі бойынша шикізат Қара теңіз экспорттық терминалдарына немесе «Дружба» жүйесі бойынша Европаға айдалды. 2002 жылы, қазақстан мұнайын Ресей территориясы арқылы транзиттеу туралы қол қойылған келісімшартқа сәйкес, Атырау- Самара жүйесі бойынша 15 млн. тонна мұнай айдалды, оның 10, 5 млн. тонн алыс шет елдерге барса, ал 4, 5 млн. тонн- бұрынғы Кеңес Одағы республикаларына.
Экспорттың дәстүрлі маршруттарымен қатар перспективті жобалар қаралады және жетілдіріледі, негізгі мақсаты - жаңа экономикалық тартымды экспортты бағыттар мен каспий экспортты мұнайының ұлғайып келе жатқан көлемін тасымалдау үшін жаңа қуаттарды құру.
Ресейлік компания «Транснефть» Қазақстанға Ресей территориясы арқылы өтетін және де қазақстан мұнайының солтүстікевропа нарығына шығуын қамтамасыз ететін тасымалдаудың жаңа маршрутын ұсынуға дайын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz