Қарамандыбас кенорынының қимасында


АННОТАЦИЯ
Ключевые слова: Гидромониторные долота,
гидромониторрый эффект,
профиль, конструкция,
градиент давления,
насыщения.
В дипломном проекте рассматриваются вопросы проводки эксплуатационной скважины глубиной 2000м в сложных геологических условиях роторным способом на нефтегазовым месторождении Карамандыбас.
В его недрах встречаются нефть и газ с разными физико - химическими свойствами. В проекте выбраны спооб бурения, оптимальные типы долот, а также вид и параметры промывочной жидкости с учетом особенности геологических условий месторождения.
В проекте также рассматриваются резервы повышения технико-экономических показателей строительства скважин, меропрития по улучшению условий труда и охраны окружающей среды.
АНДАТПА
Өзекті сөздер: Гидромониторлық қашаулар,
,
Профиль, құрылма, қысым градиенті, қанығу қысымы.
Дипломдық жобада Қарамандыбас кен орнында 2000м пайдалану ұңғымасын шиеленісті геологиялық жағдайда роторлы тәсілмен бұрғылау мәселесі қаралады.
Оның қойнауында қасиеттері жағынан әртүрлі мұнай және газ кездеседі. Жобада, бұрғылау тәсілі, қашаудың оптимальдық түрі мен бұрғылау тәртібі, сондай-ақ бұрғылау ерітіндісі параметрлері мен түрі кен орнының ерекше геологиялық жағдайына сай таңдалынып алынған.
Жобада сондай-ақ ұңғыма құрылысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін көтеру, еңбек жағдайын жақсарту жолдары және қоршаған ортаны қорғау шаралары қарастырылады.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Геологиялық бөлім
1. 1 Қарамандыбас кен орнының географиялық және экономикалық
жағдайлары . . .
1. 2 Кен орнының геологиялық зерттеулерінің тарихы . . .
1. 3 Кен орын туралы жалпы мәліметтер . . .
1. 4 Стратиграфия . . .
1. 5 Тектоника . . .
1. 6 Мұнай-газдылығы және оның преспективасы . . .
1. 7 Сулылығы . . .
1. 8 Ұңғыны қазу кезінде кездесуі мүмкін қиындықтар аймағы . . .
1. 8. 1 Бұрғылау ерітіндісінің жұтылу мүмкіндіктері . . .
1. 8. 2 Ұңғыма қабырғасының опырылып түсу мүмкіндігінің аралығы . . .
1. 8. 3 Мүмкін болатын қауіпті ұстау аймағындағы аралық . . .
1. 8. 4 Мұнай газдың пайда болатындағы мүмкін болатын аралықтар . . .
1. 9 Тасбағанды іріктеу аралық . . .
1. 10 Болашақта горизонтты сынау және ашу . . .
1. 10. 1 Горизонтты сынау тәсілдері және аралық . . .
1. 10. 2 Өнім горизонтын ашу әдісі . . .
1. 11 Ұңғыдағы геофизикалық зерттеулер . . .
1. 12 Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу (ҰГЗ) интерпретациясының
әдістемесі мен нәтижелері . . .
1. 12. 1 ҰГЗ әдістерінің кешені мен көлемі, олардың сапасы мен
тиімділігі . . .
1. 12. 1. 1 ҰГЗ техникасы мен көлемі . . .
1. 12. 1. 2 Барлау ұңғыларындағы геофизикалық зерттеулер . . .
1. 12. 1. 3 Пайдаланылатын ұңғымадағы геофизикалық зерттеулер . . .
1. 13 ҰГЗ жүргізудің геология-технологиялық жағдайлары . . .
1. 13. 1 ҰГЗ жүргізудің геологиялық жағдайлары . . .
1. 13. 2 ҰГЗ жүргізудің техникалық жағдайлары . . .
1. 13. 3 ҰГЗ нәтижелерінің сапасы . . .
1. 13. 4 Каротаждың электрлік және электромагниттік түрлері мен
материалдарының сапасы . . .
1. 13. 5 РК диаграммасының сапасы . . .
1. 13. 6 Табиғи гамма каротаж қисығын талдау . . .
1. 13. 7 Нейтронды гамма каротаж қисықтарын талдау . . .
1. 13. 8 ПС диаграммасының сапасы . . .
1. 13. 8. 1 Саз сызықтарының жағдайы . . .
1. 13. 8. 2 ПС амплитудалары . . .
1. 13. 9 Геологиялық тапсырмаларды шешуде ҰГЗ әдістерінің тиімділігі . . .
1. 14 Қарамандыбас кен орнының юра түзіліміндегі ҰГЗ деректері
интерпретациясының бұрын пайдаланылған әдістерін талдау . . .
1. 14. 1 Коллекторларды бөлу мен тиімді қабаттарды анықтау әдістемесі . . .
1. 15 ҰГЗ деректерінің интерпретациясының әдістемесінің негізделуі мен
юра түзілімдерінің есептеу параметрлерін анықтау . . .
1. 15. 1 Коллектор қабаттарының интерпретациялық үлгілерін негіздеу . . .
1. 15. 1. 1 Жалпы мәліметтер . . .
1. 15. 1. 2 Таужыныстарының кеуектілік еселеуіші мен сазды және
карбонатты цементтің арасындағы байланыс . . .
1. 15. 1. 3 Қалдықты суға қанығушылық пен тау жыныстарының кеуектілік
еселеуіші арасындағы байланыс . . .
1. 15. 1. 4 ПС қатысты аномалиясы мен таужыныстарының кеуектілік
еселеуіші арасындағы байланыс . . .
1. 15. 1. 5 ГК-ның 2 түрлі параметрі мен таужыныстарының саздылығы
арасындағы байланыс . . .
1. 15. 1. 6 Таужыныстарының өткізгіштігі мен кеуектілік еселеуіші
арасындағы байланыс . . .
1. 15. 1. 7 Петрофизикалық зерттеулердің деректері бойынша
таужыныстардың коллекторлық қасиеттерінің шекаралық
мәндерінің шамаларын бағалау . . .
1. 16 Қарамандыбас кен орнының юра шөгіндісіндегі өнімді қабаттары
бойынша таужыныстар коллектордың негізгі есептік параметрлерді
анықтау әдістемелері . . .
1. 16. 1 Қиманың литологиялық бөлінуі . . .
1. 16. 2 Коллекторларды бөлу және олардың тиімділік қабаттарын
анықтау . . .
1. 16. 3 Таужыныстардың кеуектілік коэфициенттерін анықтау . . .
1. 17 ПС салыстырмалы ауытқуы . . .
1. 17. 1 Саздар сызығын анықтау . . .
1. 17. 2 ПС салыстырмалы ауытқуын есептеу . . .
1. 17. 2. 1 ПС максимальды амплитудасы . . .
1. 17. 2. 2 ПС, НК және ЭК бойынша кеуектілікті анықтау . . .
1. 18 Мұнай газға қанығу коэфициентін анықтау, коллекторлардың қанығу
сипатына баға беру. ГКН, ГВК және ВНН жағдайларын анықтау . . .
1. 18. 1 Таужыныстардың меншікті электрлік кедергісін анықтау . . .
1. 18. 2 Таужыныстардың суға қаныққандылығын (К в ), мұнай газға
қаныққандылығын (К г ) және мұнай қаныққандылық (К н )
коэфициентін анықтау . . .
1. 18. 3 Бастапқы мұнайға қанығу коэфициентінің бағалануы . . .
1. 18. 4 Коллекторлардың қанығу сипатының бағасы мен қабаттық флюидтер
арасындағы байланыс орнын белгілеу . . .
1. 18. 5 Таужыныстардың өтімділігіне баға беру . . .
1. 19 ГИС мәліметтері бойынша негізгі есептік параметрлерін анықтау
нәтижелері және олардың нақтылығы . . .
1. 19. 1 Ерте алынған есептік параметрлерді анықтау нәтижелерін салыстыру
және өнімді шөгінділердің зерттелуін бағалау . . .
1. 19. 2 Коллекторларды бөлу нақтыларының бағасы, өнімді қабатты және
қанығу сипатын анықтау . . .
1. 19. 2. 1 Сынама нәтижелері мен коллекторларды бөлу нәтижелерін
сәйкестендіру . . .
1. 19. 2. 2 ПС салыстырмалы ауытқу және ГИС мәліметтері бойынша
кеуектілік коэфициентінің мәнінің өлшемін бағалау . . .
1. 19. 2. 3 Коллектор қанығу сипатының нақты бағалануы . . .
1. 19. 2. 3. 1 УЭС бағасы . . .
1. 19. 2. 3. 2 Сынама нәтижелері мен ГИС мәліметтері бойынша қанығу
сипатының бағаларының нәтижелерін салыстыру . . .
1. 19. 3 Таужыныстардың кеуектілігін анықтаудың нақтылығын бағалау . . .
1. 19. 4 Қазіргі мұнай газға қаныққан коллекторлардың анықтау нақтылығын
бағалау . . .
1. 20 Мұнайгаздануы . . .
1. 20. 1 Аудан кен орнының мұнай газдалуының қысқаша мәліметтері . . .
1. 20. 2 XIII өнімді горизонтының мұнайлылығы . . .
1. 20. 3 XIV өнімді горизонтының мұнайлылығы . . .
1. 20. 4 XV өнімді горизонтының мұнайлылығы . . .
1. 20. 5 XVI өнімді горизонтының газдылығы . . .
1. 20. 6 XVII өнімді горизонтының газдылығы . . .
1. 20. 7 XVIII өнімді горизонтының мұнай газдылығы . . .
1. 20. 8 XIX өнімді горизонтының мұнай газдылығы . . .
1. 20. 9 XX өнімді горизонтының мұнай газдылығы . . .
1. 20. 10 XXI өнімді горизонтының мұнай газдылығы . . .
1. 20. 11 XXII өнімді горизонтының мұнайлылығы . . .
1. 20. 12 XXIII өнімді горизонтының мұнайлылығы . . .
1. 20. 13 XXIV өнімді горизонтының мұнайлылығы . . .
1. 20. 14 XXV өнімді горизонтының мұнайлылығы . . .
2 Техникалық және технологиялық бөлім
2. 1 Бұрғылау тәсілін таңдау және дәлелдеу . . .
2. 2 Ұңғыма құрылысын жобалау және дәлелдеу . . .
2. 3 Бұрғы тізбегінің құрылымын жобалау, бұрғы құбырлар тізбегін
беріктікке есептеу . . .
2. 3. 1 Пайдалану тізбегінің орнын бұрғылау үшін бұрғылау тізбегін
таңдау және есептеу . . .
2. 3. 1. 1 Ауырлатылған бұрғылау құбырын есептеу . . .
2. 3. 2 Бұрғылау құбырлары тізбегін есептеу . . .
2. 3. 2. 1 Бұрғылау құбырлары тізбегін төзімділікке есептеу . . .
2. 3. 2. 2 Бұрғылау құбырлары тізбегін статистикалық беріктікке есептеу . . .
2. 4 Ұңғыманы жуу . . .
2. 4. 1 Жуу сұйығының түрін таңдау және оның параметрлерін әр тереңдік
аралықтары үшін тағайындау . . .
2. 4. 2 Жуу сұйығының барлық түрі саздың, химиялық реагенттердің,
ауырлатқыштың және тағы басқа материалдардың шығындарын
анықтау . . .
2. 4. 3 Жуу сұйығын дайындау, химиялық өңдеу үшін және ұңғыма сағасына
саңылаусыздыққа орнатылатын жабдықтарды таңдау . . .
2. 4. 4 Ұңғыманы жуудың гидравликалық есебі . . .
2. 5 Бұрғылау қондырғысын таңдау (бұрғылау жабдықтары мен мұнара) . . .
2. 6 Бұрғылау тәртібінің параметрлерін жобалау . . .
2. 6. 1 Қашаулардың түр-өлшемін, моделін және олардың көрсеткіштерін,
өндіріс статикалық мәліметтері бойынша жобалау . . .
2. 6. 2 Бұрғылау тәсілдеріне байланысты, әр тереңдік аралықтары үшін
жуу сұйығының шығынын жобалау . . .
2. 6. 3 Қашаудың өстік салмағын және оның айналу жиілігін жобалау . . .
2. 7 Ұңғымаларды бекіту . . .
2. 7. 1 Шегендеуші құбырлар тізбектерін жобалау және оларды
беріктікке есептеу . . .
2. 7. 2 Аралық және пайдалану құбырлар тізбегінің төменгі құрамалары . . .
2. 7. 3 Шегендеуші құбырлар тізбегін түсіруге дайындық жұмыстары
және оларды түсіру . . .
2. 7. 4 Шегендеуші құбырлар тізбегін дайындау . . .
2. 7. 5 Ұңғыма оқпанын дайындау жұмыстары . . .
2. 7. 6 Бұрғылау жабдықтарымен қондырғыларын дайындау . . .
2. 7. 7 Шегендеу құбырларының тізбегін ұңғымаға түсіру . . .
2. 7. 8 Цементтеу тәсілін таңдау және тізбектерді цементтеуге есептеу . . .
2. 7. 8. 1 Цементтеу тәсілін таңдау . . .
2. 7. 8. 2 Шегендеу құбырларын цементтеуге қажет материалдардың
көлемдерін анықтау . . .
2. 7. 9 Цементтеудің гидравликалық есептеуі . . .
2. 8. Ұңғымаларды игеру . . .
2. 8. 1 Өнімді қабаттарды ашу және өнімділікке байқау . . .
2. 8. 2 Мұнайлы қабаттарды байқау әдісі . . .
2. 8. 3 Ұңғыманы ондағы сұйықтан жеңілдету түрімен алмастыру арқылы
игеру . . .
2. 8. 4 Ұңғыманы ауа айдау арқылы игеру . . .
2. 8. 5 Қабаттарды ашу және байқау . . .
3 Еңбек қорғау бөлімі
3. 1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды таңдау . . .
3. 2 Қорғаныс шаралары . . .
3. 2. 1 Жалпылама шаралар . . .
3. 2. 2 Өндірістік санитария . . .
3. 2. 2. 1 Жалпылама шаралар . . .
3. 2. 2. 2 Өндірістік шағын климат . . .
3. 2. 2. 3 Өндірістік жарықтама . . .
3. 3 Техника қауіпсіздігі . . .
3. 4 Өрт қауіпсіздігі . . .
3. 5 Қоршаған ортаны қорғау . . .
4 Арнайы бөлім
4. 1 Хвостовикті цементтеу . . .
5 Экономикалық бөлім
5. 1 Ұңғыма құрылысы кезінде жұмыстарды ұйымдастыру . . .
5. 2 Ұңғыма құрылысының уақытын анықтау . . .
5. 3 Ұңғыманы бұрғылау және бекітудегі бағалаудың негізгі техника
экономикалық көрсеткіштерін жобалау . . .
5. 4 Ұңғыма құрылысына смета жасау . . .
6 Накладтық шығындар . . .
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Геологиялық бөлім
Кіріспе
Әртүрлі отын мен май қажет ететін мұнай және жанармайдын ішкі жанатын қозғалтқышы кенінең қолданғанда, ХХ - шы ғасырда мұнай өндірісі қарқынды дами бастады. Химиялық өндірісте мұнай және оның өнімі шикізат ретінде қолданғалы бері дүние жүзілік мұнай өндірісі ерекше тез дами бастады.
Химиялық өндірісте табиғи газ шикізаты жақсы және арзан отын ретінде қолданылады. Осылайша мұнай мен газ және оның қайта өңделген өнімдері еліміздің экономикасының дамуына, халықтың материалдық жағдайларының көтерілуіне үлкен ықпал етеді.
Ел басы Нұрсылтан Назарбаевтын Қазақстан 2030 жолдауында мұнай және өндірісінің болашақтағы даму жолдарын айқын көрсетіп берген.
Ел экономикасының мұнай - газ саласы республикамыздағы жетекші сала екендігі баршамызға аян. Халқымыздың экономикалық - әлеуметтік хал - ахуалын одан әрі жақсартуда мұнай және газ кенорындарын бағдарлы да пәрменді түрде игеру мәселесі мемлекетіміз үшін әлі де талай жылдар бойына басым бағыт болып қала берері дауысыз.
Мұнай - газ саласы ел экономикасының түпқазығы деп түсінсек, бұл саланың өзегі - мұнай - газ геологиясы. Бұл заңды да, себебі көмірсутек кендері, өзге де минералдық шикізат кенорындары сияқты, ең алдымен жер қойнауларының туындысы, ал жер қойнауына қатысты кез келген мәселе бірінші кезекте геологияға қатысты болатындығы түсінікті.
Қарамандыбас газ-мұнайлы кенорыны әлеуметтiк қатынаста Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау ауданында, Жаңа өзен қаласының солтүстiк - батысында 26, 5 км- де және Ақтау қаласынан шығысқа қара 155км орналасқан.
Кенорыны 1964 жылы ашылған, өнер кәсiптiк өңдеуге 1973 жылы енгiзiлдi. Мұнай мен газды өндiру құқығына рұқсат қағазы Қазақстан Республикасы өкiметiмен берiлген.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қорында А+В+С, категориясы бойынша есептелетiн мұнайдың бастапқы қорлары 61499 мың т., ал бастапқы лаынғандар - алу еселеушi 0, 431 болғанда - 19631 мың т., құрайды. Мұнайды жинап өндiру - 10203 мың т., еркiн газда - 1616 млн. м 3 құрайды.
Қарамандыбаскенорыны бойынша қорлардың алғашқы есептелудi Юра түзiлiмiнiң ХII - ХХIII өнiмдi горизонттары бойынша орындалған. 2000жылы арнайы арнайы құрылған комиссия Қарамандыбас кенорнының мұнай және газ қорларын қайта есептеудi ұсынды.
Осының нәтижесiнде Жер қойнауын пайдаланушы ЖШС “Мұнай Жоба” келiсiм шартқа отырды, осы ұжымның көмегiмен тапсырушының көмегiмен тапсырушының зерттелуiн орындауды қамтамасыз ету үшiн арнайы сейсмо-геологиялық, геофизикалық және геология- өнеркәсiптiк материялдар, оның iшiнде 25 iздеп - барлау және 406 пайдаланылатын ұңғымалар бойынша материалдар алынды. Бұдан басқа, салуларда өзен кенорынының көршiлес ұңғымалары бойынша деректер ескерiлдi. Жүргiзiлген жұмыстардың нәтижелерi флюидтардың сынамасын алуға негiзделген сынамалардың петрофизикалық, геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулерiнде орындалған, МОГТ-3Д, көлемдi сейсмобарлаудың кешендi интерпретациясының материалдарында негiзделген.
Жұмыста айтарлықтай жетiспеушiлiк арнайы петрофизикалық зерттеулер үшiн қажеттi керннiң болмауы болып табылды. Петрофизикалық зерттеулер (капиллярметрия, фазалық өткiзу, тығыздалу еселеуiшi және т. б. ) таужыныс коллекторлардың сүзiлу - сыйымдылық қасиеттерi мен мұнай - газға қанығулықтың бастапқы және өтпелі еселеуiштерiн нақты анықтау.
1 Геологиялық бөлім
1. 1 Географиялық және экономикалық жағдайлар
Қазақстаның Әкімшілік өндірістік қатынастар бойынша Маңғыстау облысының Ақтау ауданы Жаңа Өзен қаласынан 26 км қашықтықта орналасқан. Жақын елді мекендер: Жетібай бекеті - 35 шақырым, Жетібай ауылы - 15 шақырым, Маңғышлақ бекеті - 110 шақырым, Ақтау қаласы - 115 шақырым, Жаңа Өзен - 26 шақырым. Жобаланған солтүстік - батыс және шығыс ауданнының солтүстігінде Өзен - Маңғышлақ - Ақтау темір жолы өтеді, Өзен - Ақтау тас жолы ауданың солтүстігінде жатыр. Жобаланған ауданы елді мекенің төмен сапалы топырақ жолымен байланысты, яғни авто көліктердін құрғақ мезгілде жүруіне шек қатылмаған және қар ерігенде және жаңбырлы кезде өте қиын. Ауданың орографиялық қарым - қатынасы әлсіз сопақты жазықтар бар екенің және олардын солтүстік - шығысқа қарай солтүстік - батысқа қарай төмендейтіндігін көрсетеді. Нақты нүктенің тербелісі 105 тен 120 м арасында.
Геологиялық ауданың көлемі континентальді климаты шөлді аймаққа жатады. Жазы құрғақ аптапты кейбір күндерде ауаның температурасы шілде айында + 40, + 45 0 С болады. Қыста қары аз шығыс және солтүстік - шығыс бағытында қатты жел тұрады, яғни ауаның температурасы - 25 0 С - қа барады.
Өсімдік құрлымының бүркеніші өте кедей және буу ауданда құрғақшылық, сондықтан тұзды бұталы жусандар кездеседі. Жануарлар әлемінде ауыз толтырып айтарлық, себебі мұнда: құландар, қояндар, тышқандар, қарсақтар, күзендер, ала шілдер, қырандар, бүркіттер мекендейді.
Жобаланған көлемнең 6 шақырым жерде орналасқан солтүстік - батыс Жетібай кен орнында техникалық сұйықтық бұрғысымен қамтамасыз етілген құбыры және су ұңғымасы арқылы іске асырылады. Бұл ауданда салынған гидрографиялық тізбек жұмыс істемейді. Ауыз суы Жаңа Жетібай ауылына жеткізіліп тұрады.
Бұрғылау жұмысы “ӨзенМұнай” ТОО өндірістілік бірлестігі арқылы жүргізіледі. Материалды техникалық басқару базасы 30 шақырым қашықтықта Жаңа Өзен бекетінде орналасқан. Ұңғаманың географиялық зертеу жұмысы Жаңа Өзен бекетінде орналасқан “ӨзенМұнай - геофизика” №2 - ші геофизикалық кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Тампонаж жұмыстары Өзен тампонаж кеңсесінде жүргізіледі. Бұл база Жаңа Өзен қаласында орналасқан. Бұрғылау жуу сұйықтары Маңғышлақ бекітінде орналасқан материалды техникамен қамтамасыз ету базасынан әкеліп, бұрғыда 5 түрлі сыңар дайындалады. Қажетті материалдармен құрал - жабдықтар МУРБ және УПиТОК базасынан авто көлікпен жеткізіленеді.
Электр жүйесімен ДВС қамтамасыз етеді. Жаңа Өзен қаласынан автобуспен вахтаны бұрғылау орнына жеткізеді.
Бұрғылау орнымен басқарманың байланысы радио бекеті арқылы жүзеге асады.
1. 2 Ауданның геология - геофизикалық зерттеу тарихы
Жетібай - Өзен тектоника сатысында 1964 - жылдары жүргізілген геология - геофизикалық аймақтық жұмыстарында осы жұмыс көлемі қамтылған болатын. Бұл аудан туралы алғашқы мәлімет 1964 - 1973 жылдары “ӨзенМұнай - геофизика” тресінің Жетібайдың Оңтүстік - батысынан солтүстікке ОГТ әдісімен жүргізілген тиянақты сейсмикалық жұмыс нәтижесінде алынған. Жетібайдың оңтүстік - батысы белестері арасындағы аймақ қамтылған еді. (Ј 3 ох) оксфордтан бат (Ј 2 вt) көрінетін горизонтында, сонымен қатар жер беті қатпарындағы солтүстіктен - оңтүстікке қарай Триастың бөлінуі болады. Жобаланған ауданда ұңғыманың №1 аймағында таужыныстарының көтеріңкі астасуы кездеседі. 1985 жылы осы аумақта Юраның бөлуінуіне палеотектоникалық анализ жасалынған еді.
Палеотектоникалық жаңғыртуға негіз болған МОГТ сейсмобарлау материалдары солтүстік - батыс Жетібайдың терең бұрғылау мәліметтері бойынша Юраның шөгінді қуатының картасы жабын ГТ астасуының терңдігін V 2 жолымен есептеудің екі түрі құралды: 1. Майысу горизонтағы нүктелерінің қиылысында РТ және V 2 , 2. Біркелкі өріс нүктелері әдісімен болады. Нәтижесінде - зерттеу бөлімшесінде 10 х 12 шақырым мөлшердегі сейсмо кескіні сирек тізбекпен жабылған, төменгі Юрадағы Триастын шөгінуін көтеруге байланысты төменгі қуаты екі аймақ пайда болды.
МНГФ трестісіне бөлімшелерді тиянақты жұмыс өткізу үшін кепілдеме берілді. Осы жылы МНГФ трестін кепілдемесін пайдалана отырып қарастырылған аумақтағы сейсмо жұмысы айқталды.
Тектоникалық бұзылуы солтүстік - шығыстан және солтүстік - батыста шектелген №2 - ші ұңғыма Жаңа Өзен ауданның солтүстік - батысында Қарамандыбас жартылай күмбезтас бөлініп шығады. Теңіз деңгейінен биіктігі бірдей жерлерді қосатын сызықтар 2000 ретпен 240 м - ге 2х2 шақырым мөлшермен амплитуда көтерілді. Қазіргі уақытта ұңғыманы бұрғылау жүргізіп жатыр.
1. 3 Кенорыны туралы жалпы мәлiметтер
Қарамандыбас кенорны Маңғышлақ маңының далалық жазықты бөлiгiнде орналасқан. Кенорынның әлеуметтiк территориясы Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау ауданының құрамына кiредi. Облыс орталығы - Ақтау қаласы Қарамандыбастан батысқа қарай 115 км - де, ал Жаңаөзен қаласы - оңтүстiк - шығыста 26 км жерде орналасқан.
Территория орографиялық қатынаста 2 бөлiкке бөлiнедi: шығыста ағыссыз ойпаттар (Қарамандыбас, Асар) және оңтүстiкке.
Бұл ойпаттардың бүйiрлерi тiк және жыралармен бөлiнген. Ойпаттың шығыс еңiсiнiң абсолюттi белгiлерi - 200 м жоғары, ал батыста - 140 м дейiн. Алаңның оңтүстiк бөлiгi өздiгiнен оңтүстiк - батыс бағытта еңiс жазықтықты қатпарды көрсетедi. Ауданның климаты күрт континенталды, шөлейттi жерлер үшiн типтi. Атмосфералық жауын - шашындар өте аз түседi. Олар негiзiнен жылдың көктемгi және күз - мезгiлдерiнде болады. Жазы өте құрғақ, температура +40 +45 дейiн жетедi, қысы, аз қарлы, желдi. Қыстағы минемалды температура -20С дейiн төмендейдi. өсiмдiк және жануарлар әлемi шөл және шөлейттi жерлерге тән. Көктемде құмдақты массивтерде сексеуiл өседi. Жануарлар әлемiнен бұл жерде жайрандар, қасқыр, түлкi, қоян, iрi құстардан бүркiт және т. б. бар. Жұмыс ауданындағы негiзгi тұрғындар қазақтар мен орыстар.
Қиын климаттық жағдайлар мен нашар сумен қамтамасыз етуге байланысты Маңғышлақты игеру баяу жүрдi. 1961 жылы өзiнiң қорлары бойынша мұнай мен газ 2 iрi кенорнының ашылуы (Өзенжетiбай), Маңғышлақта мұнай өндiрүшi және химия өнеркәсiбiнiң жаңа орталығының дамуына әкелдi. Осы уақытқа дейiн, Каспий теңiзiнiң жағалауында Ақтау қаласы өстi. Осының қатарында Жаңа өзен және Жетiбай сияқты қалалық типтегi поселкелер салынды. Жетiбай және Өзен кенорындарын кәсiпорындық пайдалануға берiлуiнi байланысты (1964-1966ж) мұнай өнiмдерiн тасымалдау қажеттiлiктерi туындады. Алғашында, бұл сұрақ мұнай өндiрүшi, заводтар орналасқан Ақтау қаласымен Жетiбай, Өзен поселкелерiн бiрiктiретiн темiр жол могистралын салумен шешiлдi. Бiрақта, Маңғышлақта мұнай өндiрүiнiң жоғарылауымен байланысты, Маңғышлақты мұнайды өндiретiн заводпен бiрiктiретiн мұнай құбырлары қажет болды. Маңғышлақ үшiн қиын мәселе жұмыс атқарушы паселкелердi сумен қамтамасыз ету сұрағы болды. Қарамандыбас участiгiн ауыз суы Өзен және Жетiбайдан автоцистерналармен тасылады. Техникалық сумен қамтамасыз ету жерасты сулары есебiнде шешiледi. Техникалық мақсаттардан басқа, ұңғымадан су малды суару үшiн пайдаланылады. Оңтүстiк Маңғышлақ арзан құрылыс материалына бай - арнайы ашық карьерлерде өңделетiн әктасты- ракушка. Маңғышлақ сол сияқты, құрылыс мақсаттары мен ұңғыманы тазалау үшiн ерiтiндiлердi дайындауға қажеттi сазға бай. Сол сияқты қиыршық тас, пен бордың шоғырлары белгiлi. Ақтау қаласынан ТЭО, Жетiбай және Өзен өнеркәсiптерiне электр беру үшiн жоғары вольтты тоқ созылған. Қарамандыбас кенорнын барлау мен ашылу тарихына қатысты келесiдей жағдайларды айта кеткен дұрыс.
Қарамандыбас құрылымы алғаш рет 1960 жылы құрылымдық - iздеп бұрғылаумен ашылған.
Бұрғылау деректерi бойынша турон ярусның табаны бойынша құрылымдық карта салынды. Қарамандыбас кенорның ашылған уақыты 1964жылы 6 маусым, онда №1 ұңғымада ХIII өнiмдi горизонтты сынағанда мұнай құйылуы алынды. Бұған Маңғышлаұқтың оңтүстiк территориясында және тiкелей Қарамандыбас сейсмикалық партиясының участiгiнде жүргiзiлген жұмыстардың кешенiәсер еттi. Нәтижесiнде Қарамандыбас құрылымының тереңдегi құрылысы зерттелiп, оның көлемi мен амплитудасы нақтыланды.
Сейсмикалық жұмыстардың нәтижелерi “Маңғышлақ - мұнайгаз барлау” трестiнде Жетiбай мұнай экспедициясы жүргiзген геология - барлау жұмыстарын жүргiзуде пайдаланылды.
Барлау үрдiсiнде 25 iздеп - барлау ұңғымалары, ал пайдаланып бұрғылау үрдiсiнде - 406 ұңғыма бұрғыланды.
Қазiргi уақытта, юра түзiлiмдерiнiң, өнiмдi қабаттарын мұнай шоғырларын және еркiн газдың шоғырын (Шығыс күмбезде ХVI - ХХ) пайдалану жүзеге асырылады.
1. 4 Стратиграфия
Мезо- кайнозай қимасында ұңғымалармен триас, юра, бор, гамоген және неоген жүйелерi ашылған.
Ашылған түзiлiмдердiң жасы үлгiлердi, палеонтологиялық зеттеу негiзiнде, сол сияқты Қарамандыбас кенорны бұрын зерттелген Өзен және Жетiбай кенорындарындағы ұңғымалардың қималардың электрокаратажды сипаттамаларының корреляциясы жолымен белгiленген.
Қиманың литология - стратиграфиялық бөлiнуi мезозой түзiлiмiнiң аймақтық стратиграфиялық сұлбасына сәйкес келтiрiлген және қорытынды қимада (3 қосымша) және есеп беру текстiнде (12. 1 кесте) көрсетiлген.
Тiректi қималар ретiнде 1, 3, 22, және 270 терең ұңғымаларалынған.
Триас жүйесi ( Т )
Жоғары триас ( Т 3 )
Ашылған түзiлiмдердiң ең көнесi- жоғары триас 1 және 3 ұңғыманың қималарында бөлiнген. 1 ұңғымада 2328-2361 аралықта керн аргилиттер, әктастар және саздармен көрсетiлген. Аргилиттер - қара сұр, берiк әктастар қара сұр, көбiнесе қоңыр түспен, өте берiк, жарықшақты. Саздар қара сұр, қара, өте тығыз, аргилиттәрiздес, кейде қабатшалы, әктасты. 1 ұңғыманың қимасында әксаздар көп кездеседi. Барлық тау жыныстары үшiн сирек өсiмдiк қалдықтарының болуы тән. Керндi үлгiлерде өлшенген таужыныстарының құлау бұрыштары 15 жетер. Үлгiлнрде осы аралықтан спора- шаңды кешен анықталған. Ол үшiн спора үстiнде 14- 4, 5 % спектрдiң шаңды бөлiгiнiң 155-96% көп кездесуi тән.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz