Скважина қорларының өзгеру динамикасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе2

Бор жүйесі - К6

Төменгі бөлік - К6

Жоғарғы бөлік7

Бор өнімді қабатына сипаттама10

Юра өнімді қабатынан сипаттама11

Жылдар21

Шикі мұнай63

Керосин63

Шекті көмір сутектер64

Табиғи газ64

Күкіртті қоспалар64

Күкіртті64

Күкіртті ангидрит65

Объект67

Көмірсутектер (МГО қуаттылығына байланысты) - 1, 5-28%68

Кіріспе

Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіпшіліктің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді.

Еліміздің әлеуметтік - экономикалық жоспарында жаңа мұнай және газ кен орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда. Олардың қатарына Құмкөл кен орны жатады.

Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республикасы геология министрлігінің “Южказгеология ГӨБ - тегі Оңтүстік Қазақстан” экспедициясымен ашылды.

Фонтанды ағын алу Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік Торғай ойпатының өнеркәсіптік мұнай газдылығын растады.

1987 жылы ТМД - ның ҚЖМК - нің бекітуімен баланстық 153208 мың тонна алынатыны 89442 мың тонна болып мұнай қоры бекітілді.

Ұсынылып отырған диплом жобасы Құмкөл кен орнын пайдалану шарттарына сәйкес “І-ші кешендегі фонтанды скважинаны механикаландыру әдісіне ауыстырылғандығы техникалық - экономикалық тиімділігіне” арналған.

1. 1 Геологиялық және экономикалық жағдайлар

Құмкөл кен орны Жезқазған облысы Жезді ауданы Қазақстан мемлекетінде орналасқан жақын елді мекен темір жол шоғыры Жосалы ауданы кен орнынан 159 км қашықтықта орналасқан. Орталық облыстары Қызылорда және Жезқазған кен орнынан 174, 200 км қашықтықта орналасқан. Шығысқа қарай кен орнынан 116 км тас жолы өтеді. Қызылорда - Жезқазған сызықтық электр берілісі кен орнынан 20 км аралықта өтеді. Омск - Павлодар, Шымкент мұнай құбыры 230 км кен орнынан шығысқа қарай тартылған. Техникалық жұмыстарымен ауыз суға тереңдігі 80-110 жоғарғы бор су қабатынан алып пайдаланылады. Кен орнындағы тұщы судың құрамында фтор бар екені анықталып, ауыз суды кен орнынан 60 км қашықтықта орналасқан су ұңғысынан тасымалдап әкелінеді. Алау аймағында жергілікті халық жаз мезгілінде мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның әлеуметтік - экономикалық жағдайы нашар дамыған. Кен орнында тек тас жол бар. Жаз, күз мезгілдерінде бұл жолмен барлық көліктер жүре алады. Ал қыс мезгілінде қардың үйіліп қалуына байланысты көліктің жүруі қиындайды. Құмкөл кен орнын географиялық жағдайы теңіз деңгейінен 106-160 метр биіктікте орналасқан. Негізінен бұл жер қырлы болып келеді. Ол нақты бедер белгілерімен белгіленген. Алаңнан Оңтүстікке қарай құмды Арысқұм массиві орналасқан және жартылай бекітілген түйіршік бүдір құмнан құралған. Арыс тұзды көлі толық кеуіп қалған. Батысқа қарай 15 км орналасқан 70-90 ішкі биіктігі өзгермейтін тегіс жердің көтеріңкі платасы 150-200 м бедер белгісі бөліп тұр. Ауданның ауа - райы тез өзгермелі мезгілімен тәуліктік ауаның температура тербелісі ылғалдығы өте тапшы және аз мөлшерінде отырады. Жазда ең үлкен температурада 30-35 0 С ыстық, қыста -38, -40 0 С аяз. Жыл бойындағы түсетін ылғал мөлшері 150 мм - ге дейін негізінде қыс, күз мезгілдерінде түседі. Оңтүстікке ағып жатқан Сырдария өзені кен орнынан 210 км қашықтықта орналасқан. Жануарларды суару үшін алаңға жақын жерден Қызылорда гидро-геологиялық экспедициясымен өзгермейтін тегіс жерден артизиян ұңғысы бұрғыланған. Қазіргі кезде ПГО “Южказгеология” кен орны аймағында қанша құрылыс материалдар қор бар екенін анықтады.

1. 2 Ауданның геология - геофизикалық зерттеу тарихы

Оңтүстік - Торғай сипатының тиімділігі 1970 жылдың басқы кезінде жоғарғы полезой шөгінділерімен байланысқан. Ол грави өлшеміне мәліметтерімен негізделген магнитті және геология түсірген масштабы 15 және 12 аналогиялық Қостанай седловинасы бойынша Чу - Сары дипрессиясымен аймақтық сирек торабындағы сейсмологиялық кескіннің жұмысын орындап болғаннан кейін Арысқұммен КМПВ және жыланшық ғылыми геолгиялық зерттеулер жұмыстары нәтижесінде Юра - триосы гробень - сенклиналы (68-72) және мезозой қимасында тиімдіге жатады.

Юра шөгінділерінің қимасындағы екінші қабаттық құрылымдық ұңғысында сонымен қатар 2 қабаттық Арысқұм көрсеткіш ұңғысында, ал неокам шөгінділеріндегі 15 қабат құрылымдық ұңғысында мұнайдың алғашқы белгілері кездесе бастады. Турландық ГФЭ “Казгеофизика” өндірістік геология бөлімі аудан аймағындағы осы ұңғылардан 1983 жылы адыммен 4 км - сейсмопрофильді іздестіру жұмысы атқарылып - Құмкөл ойпаты пайда болды. Осы жылы қосылған ІІІ - шағылыстырылған горизонт ойпатында, І - іздеу ұңғысында бұрғылау жұмысы басталып, осы процестерден кейін ЛП сынау кезінде ақпан айының басында 1984 жылы жоғарғы неокам шөгінділерінен алғашқы мұнайдың атқылау ағысын алды, ал одан әрі қазу жұмысын тереңдете түскенде Юра шөгінділерінен мұнай және газдың атқылауы болды.

Іздеу барлама жұмыстарының нәтижесінде 1984 - 1985 жылы Құмкөл кен орнын төменгі неокам, жоғарғы және ортаңғы Юра шөгінділерінде мұнай бар екені анықталды.

Турландық геология - геофизикалық экспедициясы тексергенде Құмкөлдің өз ойпанынан ойпан пайда болып, оны Солтүстік Құмкөл деп атаған. Келешекті бұрғылау жұмыстары анықтады, ал жалғасып жатқан Солтүстік переклиналы болып табылады.

1987 жылы жылдың басында қайта өңдеу нәтижесінде сейсмологиялық материалдың қиындатылған бағдарламасы бойынша Қазақстан методикалық тәжірибе экспедициясы Батыс және Шығыс учаскелерінің құрылуы Құмкөл кен орнымен қиылысатын жері өнімдік қабат болып табылады.

Маңғышлақө мұнай бірлестігі 1987 жылы кен орнында пайдалану бұрғылау жұмыстарын бастап, қосымша оның өңдеу жұмыстарын бірге атқарды.

Құмкөл экспедициясы 1988 жылдың қаңтар айының бірінен бастап Құмкөл мұнай бірлестігіне ТМД - Б қарамағына беріліп, өздігінен мекем болып саналды.

1. 3 Стратиграфия

Құмкөл кен орнының қимасы мезозой, кайнозой шөгінділерімен көрсетілген. Арысқұм ойпатында және орнында мезозой - кайнозой екі құрылымдық қабаттарға бөліктелінеді. Бөліктелінгендер аймақтық стратиграфияға келіспейді. Жоғарғы триасты Юралық және бор палеогенді.

Юра жүйесі

Ортаңғы бөлік - I 2

Ортаңғы Юра шөгіндісі даман свитасына (І 2 d) бөлінген, олар қабаттасқан түрде сұр құмтастан, алевролиттен және күңгірт сұр аргеметтен құралған. Свитаның ернеуіндегі бөлігіндегі жиі кездесетін бір келкі қабаттасқан құмтастар және аргелит қалыңдығы 12-ден 56 метрге дейін, ал мұнайлы болып табылатын свитаның төменгі жағындағы құрылымдық қанатында 4-6 метр аралығындағы көмір қабаты бар. Төменгі свитаның бөлігі Ю - IX горизонты жыныс фундаментіне жататын жердегі қосымша құрылымдық бөлігіне қосылады.

Оңтүстік батыс бөлігіндегі шөгінділеріне даман свитасын толық қосылады, ал оның қабатының қалыңдығы 219 метрге жетеді. Арысқұм ойпатының грабень сенклиналды свита құрылысы сазды болып, оның қалыңдығы 502 метрге дейін жетеді.

Бор жүйесі - К

Құрылымдық бұрғылау кескінінің мәліметтері бойынша бор, дауылға және қараша - тау свитасының төменгі бөлігі, қызылкенінің төменгі, ортаңғы бөлігі, балапанның жоғарғы бөлігі және туран - сенон болып бөлінеді.

Төменгі бөлік - К

Неокам ярус үсті (к. п. с) неокам ярусенасы даул свитасына бөлінген.

Аумақтық жуылумен жатады және Қоскөл свитасының бұрыштық құрылыуына келіспей төменгі және жоғарғы дауыл ярусшалары болып бөліктелінеді. Төменгі даул ярусшасы негізінде Арысқұм горизонтының құрамын ұстап тұрады. Яғни Құмкөл кен орнында көрсетілгендей құммен және қоңыр сазды қабатта карбонатты алевромет және сазбен құралған.

Арысқұм горизонтының өзгеру жиегінің қалыңдығы 87 - ден 123 метрге дейін болады. Арысқұм горизонтының метрологиялық Құмкөл құрылымы бойынша үш бөлікке бөлінеді: төменгі және жоғарғы құмтасты алевралит және орташа сазды. Жоғарғы құмтасты біркелкі бөлігі және төменгі ернегіндегі бөлімі өнімді горизонты (М-І және М-ІІ) болып саналады. Төменгі даул свитасының жоғарғы бөлігі саздан және карбонатты алевралиттен құралған және карбонатты алевралиттен құралған саз қалыңдығы 113-163 метр. Бұл өнімді Арысқұм горизонтының беткі сұйық тірегі болып саналады. Жоғарғы даул ярусшасы төменгі және ортаңғы қимасында біркелкі құм, қызыл түсті саз жынысты болып, ал жоғарғысында сазды болып құралған.

Апт - альб ярусы (k, a - al 2 )

Апт - альб шөгіндісі жуылып даул свитасында жатыр және қарашатау свитасына біріккен. Свита әлсіз цементтелген, сұр және әр түсті құмтастан тұрады. Свита қалыңдығы 253-350 метр.

Төменгі, жоғарғы бөлік (k 1 - 2)

Альб - сеномон ярусы (kal 3 - 6) Альб сеномоншөгіндісі қарашатау свитасында жатыр және қызылқұм свиталарына бөлінген, бұлар әр түрлі - түсті саз алевролитінен құмтас қабатшасынан және саздан құралған свита қалыңдығы 87-168 метр.

Жоғарғы бөлік

Туран ярусы (k 2 t) . Туран шөгіндісі балапан свитасына бөлінген. Ол қызылқия свитасына трансгрессивті жатыр және жасыл сұр құмтаспен, жұқа көлденең қабаттардан жинақталған. Свита қалыңдығы 82-ден 150 метр шегінде ауытқып тұрады. Бұнда көмір қалыңдығы және гладконт дәні бар.

Жоғарғы - туран - төменгі сенон (k 2 t 2 - Ln)

Бұл шөгіндінің қалыңдығы жуылып балапан свитасының жынысында жатыр. Метрологиясы бойынша әр түрлі - түсті ала құмнан және 123 - 236 метр саз қалыңдығы күйінде көрсетілген.

Жоғарғы сенон (k 2 Ln 2 ) . Жоғарғы сенон құрылымы шөгіндісінің шегі помоген алдындағы жуылу себебінен көптеген ұңғыларда жинақталған қабатталған әктасты ақ құмнан және сұр сазбен құралған.

Палеоген жүйесі - f

Палеоген төменгі эоцен (f 1 - f 2 )

Палеоген төменгі эоцен шөгіндісі жуылып жоғарғы бордан әртүрлі горизонттарында жатыр. Олар күңгірт сұр саздың қатты қаныққан көмір өсімдік детритоин және кварцглаупинитті құмнан жинақталып сол күйінде көрсетілген. Олардың ең үлкен қалыңдығы 66 метрге жетеді.

Палеоген төрттік шөгіндісі (N - Q)

Палеоген төрттік жас шөгіндісі сыртқы Арысқұм иілімінің бөлігінде жетілген. Құмкөл құрылымына шартты түрде алаңның бетін жауып тұратын құм, супейс енгізілген. Олардың қалыңдығы 10 метрге жетпейді.

1. 4 Тектоника

Оңтүстік Торғай ойпаты Туран плитасының солтүстік шығысында орналасқан. Ойпат бор палеогеннің табан бойындағы кешенінің шөгінділері теріс құрылым күйінде көрсетіліп, Ұлытау антиклинарының арасына тіркелген және оның оңтүстік жалғасы шығыста, төменде Сырдария қосылған. Оңтүстік шығыс қыратымен қамтылған, ал солтүстігінде Қостанай седловинасымен қамтылған.

Өз ретімен Оңтүстік Торғай ойпаты екі иілімге бөлінеді. Арысқұм, Мыңбұлақ седловинасына бөліктенген.

Құмкөл антиклиналды құрылымы Арысқұм иілімімен орналасқан. Бұндағы бар палеоген кешенінің қалыңдығы 1500 - 1700 метрге жетеді. Мұндағы триос, Юра шөгңндңсң өздігінен құрылымдық қабат құрап, ерекше маңызды болып, ең үлкен қалыңдықтың таралуы және толық стратиграфиялық диапазоны жіңішке сызықтық грабень сенклиналы нетерогенді негізінде геофизикалық мәліметтер бойынша Арысқұм иілімінің шегінде субердионалды грабень сенклинал бағытында тартылған бес анықталды, бұрғылау жұмыстар нәтижесінде және оларды бөліп тұратын үш горап - антиклиналь текшесі. Техникалық бұзылулар нәтижесінде фундамент блоктарға бөлінеді, солтүстік батыс болып және шығыс - солтүстік шығысында созылып жоғалады. Фундаменттің бұзылу нәтижесі бір қатар горсты және грабенге бөлінеді. Шығыс бөлігінің құрылымында гросты ойпаты айырықша бөлініп, оның көлемі 2, 5-3, 5 км және ұзындығы 24 км болғанда амплитудасы 320 метрге дейін барады. Фундаменттің бет жағының жатқан тереңдігі 1200-1620 м құрайды. Юра шөгіндісінде анық екі құрылым беті көрінеді, оның бірі Құмкөл горизонтының жоғарғы Юра ойпан ернегінің құрылуына шағылады, екіншісі құмтас шөгінді ернегінің ойпанын сипаттайды. Осы бет жағының біріншісі Ю-І өнімді горизонтының ернегімен байланысты, осы индексте горизонттың шағылысуы бар.

Екінші беткі жағына IV шағылысугоризонты байланысып келесі ретпен өнімді IV горизонттың жамылғысына дәл келеді. Құмкөл IV шағылысу горизонт жамылғысы бойынша, өзін браклантиклинал қыртысы бойынша көрсетеді. Қыртыс өлшемі изогипс бойында 1150 метрді құрайды, ең үлкен амплитудакезінде 160 метр Батыс жағында бұл жыныстың құрауы 1 0 30’ құрайды, шығысында 2 0 30’ Қыртыс (F 1 F 2 F 3 ) тектоникалық бұзылулармен қиындатылған.

Көпке созылған F 2 амплитудасының кілт түсуі шығыстан 80-100 метрді құрап қыртысты қамтиды. Солтүстік жағындағы бұл бұзылыс F 3 бұзылысымен түсіндіріліп, әрі қарай сөнеді. Оңтүстік - батыс бөлігі құрылымындағы 12, 17, 19 ұңғыларының аудан аймақтарындағы ұңғылардан өзгешелігі орта Юра шөгінділерінің жоқтығы және жоғарғы Юра жыныстарымен қиындатылып өңделіп жасалған қимасында, ортаңғы Юра шөгінді қалыңдығы фундамент бетіне көтерілу кезінде төменгі бөліктің қимасына қиылысу есебінен анық көрінеді.

Бұны ұңғы қимасындағы корреляция куәлендіреді. Аудандағы ұңғыларды аз ғана изометриялық 1х1, 5 метр амплитудасы 25 метр өлшем бөліп тұр және батыстан, сонсоң шығыс жағынан тектониканың бұзылыстарымен шектеледі. Орта Юраның шөгіндісі 0 - ден 200 метрге дейін өзгереді. Құмкөл свитасының қалыңдығы алаң бойынша 55-75 метр шамасында, ал фундаментті көтеріңкі ойпан участкісінде 34-48 метрге азаяды.

Құмкөл өзін сызықтық ассиметриялық антиклинал қыртыста көрсетіп, оңтүстікке қарай своды ығысқан.

Ойпан өлшемі 17х4 км құрайды, 51 м амплитуда кезінде, тұйықталған изогипс бойында 1000 м, жоспардағы тәжірибе дәл келетіндей шығыс құрылым қанаты флексурамен қиындатылып F 1 тектоникалық бұзылуы Юра шөгіндісін кеседі. Әртүрлі ойпан беттеріндегі жоспар бойынша орындарында қойсақ, Арысқұм горизонтының ені азаяды да, оның көлемі өзгереді және орталық шығыс Ю-І горизонт ойпан бөлігіне қарап ығысқан.

Бор өнімді қабатына сипаттама

М-І жазықтығы үш қабатты коллектор түрінде көрсетілген. Олар саздармен бөлінген. Жоғарғы екі қабаттың қалыңдығы бірден тұрақты барлық құрылыммен жүріп алаңның оңтүстік бөлігіне келіп құлайды. Төменгі қабат қалыңдығы ұстамсыз және 20, 18, 3, 17, 10 ұңғыларында өткізбейтін жыныстармен қосылған. Төменгі және ортаңғы қабаттар алаңдағы 9-шы ұңғыға құяды.

Өнімді қабаттар (37, 9, 23, 24, 32, 40) ұңғыларында анықталып дәлелденген. Орталық және оңтүстік қорының бөлігі геология - геофизикалық зерттеулер нәтижесінде 7 және 11 ұңғылар бойынша су, мұнай 7-ші ұңғыдан 981, 7 метр аралығында алынды. Ең үлкен мұнай қалыңдық шамасы 3, 8, 9, 24 ұңғы аудандарына жалғасқан. Алаңның мұнайлығы 5109, 7 га құрайды, сонымен бірге таза мұнай аймағы 62%. Жоғарғы қабат биіктігі 43, 2 метр. Мұнай қабат қоры екі бөлімге бөлінген. Алаңдағы 27, 32, 40 ұңғылар жүзделі қабатты қосылыс болып саналады. Шығыс мұнайының биіктігі 8, 5 метр, ал оңтүстік жағы 17 метр, жалпы алаңның мұнайлығы 1622 га таза мұнай көлемі 800 га (33%) .

М-ІІ жазықтығы М-І жазықтығынан біркелкі саздар қалыңдығы 8-ден 20 метрге дейінгі аралықта ажыратылған және екі құмтас қабат түрінде көрсетілген.

Өнімді қабаттан сынама алу жұмыстары нәтижесінде өнімділігі төрт ұңғыда көрсетілген. Мұнайдың өнімділігі 14 м 3 /тәулікке тең. 180 м 3 /тәулікке дейін алады.

Зерттеулер нәтижесінде 3 және 23 ұңғыдан су алынған геологиялық зерттеулердің біреуі бойынша 6, 8, 24 ұңғыларында су, мұнай қосылысы қабылданған 999 белгісінде болады.

Мұнайды сынаушы ұңғыда сынама алу кезінде 994, 9 - 996, 4 метр аралықта геологиялық зерттеу экспедициясы қабылдағаннан 2 метр биіктігі (17, 4 метр) ал орналасқан.

Мұнай қорының биіктігі 17, 4 метр, ал мұнай алаңының көлемі 1084, 4.

Юра өнімді қабатынан сипаттама

Ю-І горизонтының мұнайлығы алаңның біршама көлемін алып жатыр және төменгі бор қабаты қорынан 80-148 метр төмен аралықта жатыр.

Горизонтты жауып жатқан Қоскөл свитасының біркелкі саз қалыңдығы 16-дан 106 метр болады. Геологиялық, физикалық зерттеулер нәтижесінде Ю-І горизонты үш құмтас күйінде көрсетіліп және барлық алаң көлемінде қатысады.

Құм қабатталады 5 метр жеткенде 5, 2, 11 аймағындағы ұңғылар горизонтты көбінесе бөлшектеліп сипатталады.

Газ - мұнай қоры негізінен горизонтқа қатысты. Горизонтты зерттеу нәтижесінде 1 ұңғысынан өндірілмеген мұнай қорының есебімен шығарылып тасталған. Жалпы тиімді қалыңдық 0, 8 метрден 12, 4 метр аралығында өзгереді.

Сонымен қатар, газдылықтың қалыңдығы әр ұңғы сайын 6, 6 - 8, 8 метрге дейін өзгереді, ал мұнайлылығының тиімді қалыңдығы толық контур шегінде 0, 4 метрден 12, 4 метр деңгейінде өзгеріп тұрады.

Ю-ІІ горизонты жоғарғы жақтан Ю-І горизонтынан қалыңдығы 3, 6 - 18, 6 метрге дейін біркелкі саздар арқылы ажыратылып бөлінген және орталық қорындағы бөлімде І - 2 құмтас қабатшалар күйінде көрсетілген. Алаңның мұнайлық қоры 6414 га құрайды, сонымен бірге таза мұнай аймағы 67% - ті алып жатыр. Алаңның газдылығы 223 га - ға тең. Газдың биіктігі және мұнай қорының бөлігі 9 және 91, 5 метрге тең.

Ю-ІІІ горизонты жағында аталған бөлімдерден саздармен бөлініп тұр, саз қалыңдығы 2-8 метр. Горизонт екі құмтас күйінде көрсетіліп алаңның барлық бойында ұсталады, тек қана 3, 7, 13 ұңғыларында жоғарғы қабат саздармен орналасқан. Бұнда ең кіші тиімді қалыңдықтың мәні белгіленген.

Жалпы тиімді қалыңдығы 16 метрден 220 метрге дейінгі деңгейде өзгереді, ал мұнайлылығы 10-нан 12, 2 метрге дейін өзгереді. Горизонт 13 ұңғыдан сыналып, осылардың ішінен 12 мм ұңғыдан мұнай ағынын алды және бірден су ағысын алды.

Алаңның барлық жерінде су мұнайдың түйісуін 1198 метр белгісі бойынша алынған. СМТ - ның қабылдауы бойынша мұнай қорының биіктігі 84 метр, алаңның мұнайлылығы 4141, 6 га таза мұнай аймағында 75%.

Ю-IV горизонты аз ғана құмтасты болып, көбінесе бөлшектеніп сипатталынады, оның құрамында 5 қабат коллекторларына шейін бөлінеді.

1. 5 Мұнай газдылығы және оның тиімділігі

Арысқұм ойпатын бұрғылау нәтижесінде 1983 жылы екінші құрылымдық ұңғысынан мұнайлылығы жөнінен бірнеше хабар алдық. Бұл 13541 сейсмопрофиль аймағында орналасқан. Неокам және Юра шөгінділігінен алынған керидерден күшті жанармай иісімен мұнай белгілері жақсы байқалады және керидердің алынған беттерінде ала дақтар болады.

Арысқұм ойпатында жүргізілген геология барлама жұмыстар нәтижесінде үш кешеннен тұратын ортаңғы Юра жоғарғы Юра және төменгі неокам шөгінділерінің мұнайлылығына көз жеткізіп отыр.

Бұдан басқа триас, төменгі триас кешені бөлініп Ік - Арысқұм көрсеткіш ұңғысынан бұрғылау барысы нәтижесінде газдың белсенді түрде шығуы байқалады.

Осы Құмкөл кен орнындағы өндірістік қабат кешенінен тұратын алаңнан дошон алаңындағы төрт ұңғыдан айырмасы бар.

Жоғарғы Юра шөгінділері Арысқұм алаңының көтеріңкі ойпат бөлігінде жетілген. Шөгінділердің өндірістік өнімі қабат қоры Құмкөл, Арысқұм және Қызылқұм кен орындарында орналасқан.

Караванин алаңынан мұндай ағысын жоғарғы Юра шөгінділерінің сынау кезінде қабат сынағышпен алды. Ақша бұлақ F 1 - параметрлік ұңғысынан және 2k Арысқұм ұңғыларынан құрылымдық бұрғылау жұмыстарымен бірнеше ұңғы қатарларынан алынған керндардан мұнайдың бар екені жағылған түрінде және майдың иісі шығып байқалады.

Қазіргі кезде сейсмологиялық зерттеулермен бірнеше тиімді мұнайлылығы бар. Ақшабұлақ және Ақсай үлкен деңгей алаңдарын ерекше атап өтуге болады.

Одан басқа Мыңбұлақ седловинасын өлшегенде жыланшық иілімде тиімді ойпан шықты.

Құмкөл кен орнында өндірістік мұнайлылығының қоры төменгі некам және Юра шөгінділерінде орналасқан. Төменгі неокамнан екі өнімді (М-І, М-ІІІ) горизонты байқалады, жоғарғы Юрада үшеу Ю-І, Ю-ІІ, Ю-ІІІ және ортаңғы Юрада біреу (Ю-IV) .

Бор қабатында өнім 1065 - 1120 метр аралығында орналасқан, ал Юрада 1190 - 1370 метр тереңдікте. Сонымен қатар кен орындарында екі қабатты өнімді қабат бар.

Төменгі бор және Юра өнімді қабатта көп ұңғылардан ерекше байқалып кен орнында жақсы таралған.

Қалыңдығы 8 - 20 метрге дейін сазды бөлік М-І және М-ІІ бор қабатын ажыратып тұр, ал саз қалыңдық бөлімшелері қабат арасындағы Ю-І, Ю-ІІ және Ю-ІІІ горизонттары 2 - 18, 6 метрге деңгейінде болады. Біркелкі 12 - 34 метр Ю-ІІІ горизонтының саз қалыңдығы, биіктігі жағынан жақсы игерілген Ю-IV горизонтын бөліп тұр. Алаңның мұнайлылығы және бор деңгейіндегі биіктік қоры және Юраның өнімді кешенінде жоғарыдан төмен, сонымен басқа осындай кен орнының түрі осы сияқты сипатталады.

1. 6 Жер асты сулары

Құмкөл кен орны Оңтүстік Торғай артизион бассейннің шегінде орналасқан. Кен орнында барлау процесі барысында 22 сулылығы бар 22 объектісі үрлеп шығару тәсілімен және екі объектісі ашық ақпанда гидрогеологиялық зерттеулер материалдары бойынша 241 сулылығы бар қабат 32 ұңғыға бөлінген. Құмкөл, Арысқұм алаңындағы барлау ұңғыларын барлау нәтижесінде іздеу, гидрогеологиялық, құрылымдық терең көрсеткіштік ұңғыларын бұрғылағанда протезон сулы кешені, Юра, бор палеогенді, неогенді және төрттік шөгінділері бөлінеді. Фундамент шөгінділері бөлінеді, ұңғыларды сынағанда Құмкөлден минералы 77, 6 гл су ағымын 1416 - 1503 л аралығында алды.

Құмкөл кен орнындағы орта Юра шөгіндісінің сулылығы жөнінен 2, 6, 16, 12 ұңғыларынан зерттелді. Су ағымының жақсы нәтиже беріп сүңгіш қасиетінің жоғары болғанын айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғарғы шөгінділерінің Юра Арысқұм алаңының көтеріңкі ойпат бөлігіне жетілген шөгінділердің өндірістік өнімді қабат қоры
Шығыс мұнайының биіктігі
Кең орнына ұңғымаларды орналастыру
Гамма теңіз кен орны
Қабат мұнайының орташа көрсеткіштері
Құмкөл кен орнының жағдайында өндіретін ұңғылар жұмысын қиындататын негізгі аспектілер
Өзен кен орнында қолданылатын қабаттардың мұнай бергіштігін көтеру әдістері
Тастопшаның қалындығы 257 метр
Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі
Мұнаймен ластанудың қоршаған ортаға тигізетін әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz