Дәнекерлеу жұмыстарының орындалуын бақылау


МАЗМҰНЫ
1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛIМ7
1. 1 Магистралды құбырөткiзгiштердiң классификациясы7
1. 2 Жоспарлы алдын ала жөндеудi ұйымдастыру9
1. 3 Магистралды құбырөткiзгiштердi күрделi жөндеу12
1. 3. 1 Күрделi жөндеу кезiндегi жұмыстар түрлерi12
1. 4 Магистралды құбырөткiзгiштерiн күрделi жөндеудi жүргiзудiң технологиялық сұлбалары15
1. 5 Жер жұмыстары17
1. 6 Траншеяларды қазу18
1. 7 Траншеяны көму19
1. 8 Құбырды дайындаудың қысқаша мәлiметi20
1. 9 Магистралды құбырөтiзгiштiң сызықтық бөлiмiнiң құрылысы21
1. 9. 1 Жер үстiндегi сызықық құрылыстар22
1. 10 Магистралды құбырөтiзгiштi коррозиядан сақтау23
1. 11 Құбырөткiзгiштi көтерiп ескi изоляциядан тазарту23
1. 12 Дәнекерлеу жұмыстары25
1. 13 Дәнекерлеу -монтаждау жұмыстары27
1. 13. 1 Болат құбырлар27
1. 13. 2 Жазық оралатын болат құбырлар29
1. 15 Көмiрқышқыл газды ортада жартылай автоматты дәнекерлеу30
1. 16 Дәнекерлеу жұмыстарының орындалуын бақылау31
1. 17 Изоляциялық жұмыстар34
1. 18 Изоляциялық - төсеу жұмыстары36
1. 18. 1 Изоляциялап-салыну жұмыстары36
1. 19 Тазалау және құбырөткiзгiштердi берiктiк пен тығыздыққа сынау39
1. 20 Құбырөткiзгiштердi қиын жағдайларда салу40
1. 20. 1 Су асты құбырөткiзгiштерiн жөндеу40
1. 20. 2 Құбырөткiзгiштi су қоймасынан шығарып жөндеу41
1. 21 Құбырөткiзгiштi бiр бөлiгiн шығару арқылы жөндеу46
1. 22 Жаңа құбырөткiзгiштi ескiнiң iшiмен өткiзу48
1. 23 Құбырларды шығару арқылы жағалық учаскесiн жөндеу49
1. 24 Құбырөткiзгiштiң иiлген учаскелерiн тереңдету немесе бекiту50
1. 25 Магистралды құбырөткiзгiштегi апаттар және оларды жою51
1. 25. 1 Магистралды құбырөткiзгiштегi апаттарды жою51
1. 26 Газ апаттарды жою56
1. 27 Патенттiк шолу60
2 ЕСЕПТIК БӨЛIМ65
2. 1 Құбырөткiзгiштiң қабырғасының қалыңдығын есептеу:65
2. 2 Берiктiкке және деформацияға тексеру68
2. 2Құбырөткiзгiштердiң жалпы орнықтылығын тексеру69
3 ЭЕМ - де ЕСЕПТЕУ БӨЛIМI75
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ78
4. 1 Мұнай құбырөткізгіш құрылысындағы инвестицияның экономикалық тиімділігі78
4. 2 Кәсіпорының қаржылық қызметін талдау79
4. 3 Уақытқа тәуелді ақша құндылығы79
4. 4 Пайдаланудағы шығындар есебі85
5 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛIМI94
5. 1 Қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру94
5. 2 Құбырөткiзгiштi жөндеудегi қауiпсiздiгi95
5. 3 Құбырөткiзгiштiң су асты бөлiгi96
6 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БӨЛIМI99
6. 1 Трассаның инженерлiк дайындалуы99
6. 2 Жер жұмыстары99
6. 3 Дәнекерлеу -монтждау жұмыстары100
6. 3. 1 Дәнекерлеу - монтаждау базасында секцияларды дайындау102
6. 3. 2 Бұрылмайтын жапсарлардың дәнекерленуi102
6. 4 Құбырөткiзгiштердi тазалау104
6. 5 Радиографикалық бақылау104
6. 6 Коррозиядан электро - химиялық қорғау105
ҚОРЫТЫНДЫ106
1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛIМ
1. 1 Магистралды құбырөткiзгiштердiң классификациясы
Магистралды құбырлар темiр және тас, асфальт төселген жолдардың астында, әр түрлi бедер және гидрогеологиялық жағдайлары бар жердiң учаскелерiмен өтедi, сулы бөгеттер жер асты электр кабельдерi, жер үстi жоғары вольттi электр беру тораптары және тағы басқаларды қиып өтедi. Осы факторларға тәуелдi құбыр жұмысының жағдайлары өзгередi және осыған байланысты магистралды құбырлар трассалары төрт категориялы учаскелерге бөлiнедi.
1 - категориялы учаскелер:
1. Барлық категориядағы темiр жолдары арқылы құбырлардың жер асты өткелдерi және ықтималды қауiптiлiк дәрежесi бойынша күзеттегi кеңiстiк шекараларындағы 1- және 2 - ктегориялы автомобиль жолдары.
2. Жалпыға тағайындалған темiржолдары арқылы мұнай және мұнайөнiмi құбырларының жер асты өткелдерi.
3. Барлық темiр және автомобиль жолдары арқылы жер үстi өткелдерi.
4. Барлық кеме жүзетiн сулы өткелдер және арналар арқылы жер үстi өткелдерi.
5. Су бетiнiң ара қашықтығы 20м және одан артық болатын өзендермен арналар арқылы өтетiн барлық жер асты өткелдерi.
6. Құбырөткiзгiштiң тоннельдердегi және таулы жағдайлардағы су тасқындары мен, шығару конустары мен қиылысу учаскелерi.
2 - категориялы учаскелер:
1. 3 және 4 категориялы тас, асфальт жолдары арқылы газ құбырларыныңжер асты өткелдерi.
2. Компрессорлық станцияларға жалғас (станция шекарасынан 250м шамасында) құбырөткiзгiш учаскелерi, жобада көрсетiлген ара қшықтықтағы көпiр өткелдерiне бағыттар.
3. Жұмыс iстеу қабiлетi 10, 25Па-тан аз болғандағы босаң (тұрақсыз) топырақты саз батпақтарда салынатын құбырлар.
4. Су бетiнiң 20 м-ден аз ара қашықтықтағы болатын өзендер мен арналар арқылы өтетiн барлық жер асты өткелдерi.
5. Мерзiмдi су басып кететiн жайылымдарда бiр жiптi сулы бөгеттерде салынатын құбырлар учаскелерi сонымен қатар(жобада көрсетiлген ара қашықтықтардағы) 1, 2, 3 және 4-категориялы барлық темiр және автомобиль жолдары арқылы өтетiн өткелдерге жалғас өткелдер.
6. Жер асты коммуникацияларының екi жағындағы 10 м-ден кем емес қашықтықтағы учаскелердi қосқанда басқа құбырлармен қиылысқан(түйiскен) жердегi учаскелер.
3 - категориялы учаскелер:
1. Топырақтың жұмыс iстеу қабiлетi 0, 25Па артық саз батпақтарда өтетiн құбырөткiзгiштер.
2. Саз батпақтар жiне кемелер жүрмейтiн су бөгеттер үстi өткелдер.
3. 3-категориялы автомобиль жолдары арқылы өтетiн құбырөткiзгiштерiнiң жер асты өткелдерi.
4. Станция шекарасынан 150 м ара қашықтықтағы сораптың станцияға жалғасатын мұнай және мұнайөнiмдерi құбырөткiзгiштерiнiң учаскелерi.
5. 1, 2, 3, 4, 5-категориялы автомобиль жолдарыв арқылы өтетiн мұнай және мұнайөнiмдерi құбырөткiзгiштерiнiң учаскелерi.
6. Барлық 1, 2, 3-категориялы автомобиль жолдары мен темiржол жолдары арқылы өтетiн өткелдермен жалғасатын құбырөткiзгiштердiң учаскелерi.
4- категориялы учаскелер:
1. Жасанды және табиғи бөгеттерден өтетiн өткелдердi кiргiзбегендегi жерастымен және жермен өтетiн құбырөткiзгiштердiң негiзгi сызықтық бөлiгi.
2. Күрделi емес бөгеттер арқылы өтетiн жер асты және жер үстi өткелдерi ойпаттары, кеуiп жатқан бұлақтар, кiшiгiрiм арықтар.
3. Жер үйiндiлерi арқылы өтетiн құбырөткiзгiштердiң учаскелерi.
Магистралды құбырөткiзгiштiң әр категориясына төселетiн құбырлардың берiктiлiк сипаттамалары жағынан болсын, құбырөткiзгiштi коррозиядан сақтау шаралары пiсiрiлген қосылыстарының сапасын бақылау және сынау жағынан болсын белгiлi бiр талаптар қойылады.
Кесте 1 - Әр түрлi категориялы құбырөткiзгiштердiң жұмыс iстеу жағдайларының коэффициенттерi.
1
2
3
4
0, 75
0, 75
0, 90
0, 90
100
100
100
100
Р сын =1, 25Р жұм
Алдынала сыналатын құбырөткiзгiштердiң учаскелерi.
Құбырөткiзгiштiң әр бiр учаскесiнiң категориясын жобаны құрастырғанда анықтайды.
Сонымен қатар құбырөткiзгiштiң құрлысының күрделiлiгiне қарай категорияларға бөлiнедi.
1. 2 Жоспарлы алдын ала жөндеудi ұйымдастыру
Магистралды құбырөткiзгiштiң тозуы мен бүлiнуi
Барлық жер асты магистралды құбырөткiзгiштер қорғайтын изолляциялық қабаттың болғанына қарамастан тозуға бейғм. Ол қоршаған ортаның әсерiнен изоляциялық қабаттың және металлдың бiртiндеп тозуымен түсiндiрiледi.
Изоляциялық қабаттың бұзылуы құбырөткiзгiштiң ескiруi нәтижесiнде және оның төселуi мен көмiлуi кезiнде орын алатын әр түрлi сипатты механикалық әсерлердiң нәтижесiнде болады. Изоляциялық қабаттың жергiлiктi бұзылуы құбырөткiзгiштiң ашық учаскесiнiң қарқынды коррозиялық бұзылуына апарады.
Изоляциялық қабаттағы құрамындағы ылғалмен тесiк топырақ толып ылғал электролит болғандықтан металл агрессивтi қоршаған ортамен нәтижесiенде электрлi әсерлесуге түседi.
Құбырөткiзгiш металлымен изоляциялық қаптауының бұзылу механизмi Киттельберг пен Эльма ұсынған сұлбамен жақсы түсiндiрiледi. Ол берiлген жағдайда процесс өтедi деген пiкiрге негiзделген.
Осмотикалық процесс кезiнде ылғал жартылай өткiзгiштiк жабындыдан, ерiтiндiлердiң концентрацияларының айырмасынан енедi процессте ылғал жартылай өткiзгiштiк изоляциялық жабындыдан потенциалдар айырмасының нәтижесiнде енедi. Ылғалдың құбырға жабындының ұлғаюы деп аталатын изоляциялық қабаттың металлға аддгезиясының жойылуына әкеп соқтырады.
Құбырөткiзгiштер металлының бiртiндеп бүлiнуi тозуының негiзгi себебi коррозия болып табылады. Сипаты физикалық табиғаты бойынша коррозиялық бұзылуды химиялық, электрохимиялық және бағытсыз токтардың әсерiнен болатын бүлiнулер деп бөлуге болады.
Химиялық коррозия - металлдың бүлiнуi металлмен химиялық агрессивтi ортаның әсерлескен жерiнде өтетiн электролиттерде емес металлдың бүлiну сипаты - бiр қалыпты.
Электрохимиялық коррозия - электр тогының әсерiнен болатын бүлiнулер. Электрохимиялық коррозия кезiнде металлдың бүлiнуi кейбiр жағдайларда құбырқабырғасының толық қалыңдығына әсер ететiн үлкен тереңдiктегi түйiршiк дақтар мен раковиналар түрiнде болады.
Электролиттегi электрохимиялық коррозия- тұздармен қышқылдардың
Суда ерiтiндiлерiнен және табиғи сулардың (су астындағы өзен, көл, саз балшық прқылы өтетiн құбырөткiзгiштер коррозиясы) әсерiнен болатын металлдың коррозиясы; топырақтың әсерiнен немесе металлдың бiрқалыпсыздығы салдарынан болатын топырақты электролиттiң әсерiнен болатын топырақты коррозия; атмосфералық коррозия - ауадағы көмiрсутегiнiң және атмосферадағы ылғалдың әсерiнен металлдың коррозиясы. Оған құбырөткiзгiштердiң ауадағы өткелдерi - өзендер, оврагтар арқылы өтетiн учаскелерi және жердегi қондырғылар - ысырмалар, вантуздар және тағы басқалар жатады.
Бғытсыз токтардың әсерiнен болатын коррозия құбырөткiзгiштiң электрофикацияланған темiржол жолдарының бойымен өткендегi учаскелерiнде орын алады.
Станцияның оң полюсi контакт сымдарына қосылып, терiс полюсi желiнетiн сымдар арқылы рельстерге қосылады. Рельстермен қайтқан кездегi токтың бiр бөлiгi кедергiсi ең аз жолдың бойымен келiп жерге кiрiп, бағытсыз токтарды туғызады. Олар құбырөткiзгiштiң изоляциялық қабатының бүлiнген жерлерi арқылы құбырөткiзгiшке түсiп оның бойымен өз жолдарын әрi қарай жалғастырады. Топырақтың электр өткiзгiштiгi құбырөткiзгiштiгi құбырөткiзгiштiң электрөткiзгiштiгiнен үлкен болған жағдайда құбырөткiзгiштiң кедергiснiң үлкеюiнiң салдарынан токтар тппыраққа шығады.
Бағытсыз токтардың құбырөткiзгiшке шығу учаскелерi катодты поляризацияланып катодты учаскелерге айналады, ал олардың құбырөткiзгiштен шығу учаскелерi анодты поляризацияланып жойылады.
1. 3 Магистралды құбырөткiзгiштердi күрделi жөндеу
Магистралды құбырөткiзгiштерiн жұмысқа жарамды жағдайда ұстау үшiн және магистралды құбырөткiзгiштiң шаруашылығының негiзгi қорларын қалпына келтiру үшiн оларды күрделi жөндеу жұмыстары ұйымдастырылады.
Магистралды құбырөткiзгiштерiн күрделi жөндеу негiзiнен изоляциялы жабындыларының қалыпты қорғағыш қасиеттерiн қайта қалпына келуiн және құбырлар металының нығайтылуын немесе ауыстырылуын жинақтайды.
1. 3. 1 Күрделi жөндеу кезiндегi жұмыстар түрлерi
Магистралды құбырөткiзгiштерiн күрделi жөндеу кезiндегi жұмыстарды дайындық және негiзгi деп екi топқа бқлуге болады.
Дайындық жұмыстары магистралды құбырөткiзгiштiң жағдайына, күрделiлiгiне, жөндеу жұмыстарының көлемiне және жөндеу колонналарының, машиналар мен механизмдерден жинақтауына тәуелсiз келесi жұмыстарды келесi жұмыстарды қамтиды:
а) Күрделi жөндеудi талап ететiн магистралды құбырөткiзгiштiң учаскелерiн анықтау;
б) Магистралды құбырөткiзгiштiң жеке учаскелерi бойынша жөндеу жұмысының көлемi мен сипатын анықтау;
в) Жұмыс өндiрiсiнiң графиктерi мен жобалау-сметалық құжаттарын құру;
г) Жұмысты жүргiзу жағдайларын дайындау (жөндеу-ққұрылыс учаскелерiнiң қуатын анықтау және қажетiнше олардың қуатын анықтау және қажетiнше олардың қуатын арттыру, жұмыскерлер үшiн тұрғын үйлердi дайындау, жөндеуге қажеттi материалдарды, механизмдердi және машиналрды магистралды құбырөткiзгiш учаскелерiне жеткiзу және тағы басқалар.
Күрделi жөндеудi талап ететiн учаскелердi магистралды құбырөткiзгiштiң коррозиялық бүлiнуi жөнiнде статикалық мәлiметтердi талдау нәтижелерi бойынша, магистралды құбырөткiзгiш трассалары бойымен жыл сайын өткiзiлетiн электрометрлiк өлшеулер мәлiметтерi бойынша, изоляцияны және магистралды құбырөткiзгiштерiн таңдамалы ашу жолымен натурал тексеру және тексеру шурфтарын салу мәлiметтерi бойынша анықтайды. Сквозный коррозиялық бүлiнудiң болуын есептемегенде магистралды құбырөткiзгiшiнiң электрохимиялық қорғағышпен изоляциялық қаптау жағдайы магистралды құбырөткiзгiштiне жалғанатын токтың таралу кедергiсiмен сипатталады. Бұл жағдайда “құбыр-жер” потенциалы мен топырақ кедергiсi әр 20-25 метр сайын өлшенедi. Қаптау жағдайын потенциалдар графигiнiң құламалығымен және катодтық станцияның қорғағыш учаскесiнiң ұзындығымен анықталады: магистралды құбырөткiзгiш бойымен потенциал графигi неғұрлым құламалырақ болса, изоляциялық жағдайы солғұрлым нашарырақ болады.
Бағытсыз тоқтар әрекетiндегi учаскелерде магистралды құбырөткiзгiштерiн изоляциялау жағдайын, жеткiлiктi түрде сенiмдi нәтижелер беретiн, ВНИИСТ құрылымындағы ИП-1-60 бүлiнудi iздеушiнiң көмегiмен анықтауға болады.
Жеке учаскелер бойынша жөндеу жұмыстарының сипаты мен көлемi магистралды құбырөткiзгiштiң металы мен изоляциялау жағдайына тәуелдi.
Жер жұмыстарының көлемiн есептеу үшiн шурфтарды ұзiп және жоғары жиiлiктi ВТР-4-М трасса iздегiштi қолдана отырып, магистралды құбырөткiзгiштерiн салудың нақты тереңдiгiн анықтайды .
Изоляциялық жұмыстар көлемiн есептеу кезiнде ескiизоляция жағдайы, топырақтың коррозияға ұшыраушылығы және бағытсыз тоқтардың барлығытуралы нақты мәлiметтер есепке алынады. магистралды құбырөткiзгiшiнiң изоляциясы магистралды құбырөткiзгiш учаскелерiнде изоляцияның жаңа түрiн тағайындап, жоғары сапалы изоляциондық материалдарды қолданады.
Дәнекерлеу жұмысының көлемi магистралды құбырөткiзгiшiнiң ашылған учаскелерiндегi натурал тексеру нәтижелерi бойынша белгiленедi. Магистралды құбырөткiзгiштерiн жөндеу практикасы көрсеткендей, әр 100 метр сайын шурфтарды қазу металл жағдайы жөнiде жеткiлiктi түрде сенiмдi нәтижелер бередi.
Магистралды құбырөткiзгiштерiн күрделi жөндеу кезiндегi негiзгi жұмыстар жер жұмыстарын, құбырөткiзгiштердi көтеру және салу, құбырөткiзгiштердi тозған изоляциялардан тазалау, дәнекерлеу жұмысының өндiрiсi, көмiп тастайтын құбырөткiзгiштердi изоляциялау және салу жұмыстарын қамтиды.
Күрделi жөндеудiң жеке операцияларына жұмсалған қаражат құрылымы, мысалға Орал -Сiбiр мұнай өткiзгiш басқармасы бойынша төмендегiдей: магистралды құбырөткiзгiштерiн күрделi жөндеу жалпы құнының жер жұиысының бағасы - 27-28 %, құбырөткiзгiштi көтеру және салу - 6-6, 5 %, тазалау жұмыстары - 8-15 %, дәнекерлеу жұмыстары - 4-5 %, изоляциялық жабындылар түсiру - 40-45 %, құбырөткiзгiштердi көмiп тастау - 5-5, 5%-ын құрайды.
1. 4 Магистралды құбырөткiзгiштерiн күрделi жөндеудi жүргiзудiң технологиялық сұлбалары
Жөнделетiн магистралды құбырөткiзгiштiң жағдайына байланысты күрделi жөндеудi жүргiзудiң келесi сұлбаларының бiрiн қолданылады:
- Құбырөткiзгiштi траншеяның бровкасына көтеру;
- Жөнделетiн учаскеде өұбырды ауыстыру ;
- Құбырөткiзгiштi көтермей және оның бойымен тоқтаусыз айдаумен құбырөткiзгiштiң астына үңгiр қазу және жер тосқауылдарын қалдыру;
- Тоқтаусыз айдаумен траншея лежкаларында құбырөткiзгiштердi көтеру және салу;
Траншеяның бровкасына көтеру және салу арқылы күрделi жөндеу дәнекерлеу жапсары мен құбырөткiзгiштердiң өз күйлерi жақсы болған жағдайда диаметрi 325 мм-ден артық емес құбырөткiзгiштер үшiн қолданылады.
Жөнделетiн учаскеде құбырды ауыстыру арқылы күрделi жөндеу дәнекерлеу жапсарларының өте нашар күйiнде және құбырөткiзгiштiң күштi коррозияға ұшыраған жағдайында олардың диаметрне тәуелсiз құбырөткiзгiштер үшiн қолданылады. Бұл сұлба бойынша күрделi жөндеу өндiрiсiнiң екi варианты болуы мүмкiн:
1) Жөндеуге жатқызылатын учаскеде, құбырөткiзгiштердi қжеттi ұзындықтағы плетте дәнекрлеп, изляциялайды; негiзгi құбырөткiзгiштен 3-4 метр қашықтықта траншея қазылады, оған дайындалған плеть салынады да оны гидравликалық опрессовкадан өткiзедi; бiр уақытта, ауыстырылатын құбырөткiзгiш учаскесiн мұнайдан тазартады; одан кейiн негiзгi магистралға жаңа учаскенi орнатып жөнделетiн учаскенi ажыратады ; соңғы операция-осы учаскенi ашу, мұнайды қуып шығуға айдалған судан тазарту, жөндеубазаларында тасу үшiн секциялар тозған изоляциялардан тазартып, коррозиялық каверналарды пiсiру жолымен қалпына келтiредi.
2) Бiрiншi сұлбадағы сияқты, басында ауыстырылуға жататын учаске үшiн жаңа құбырөткiзгiштерден плеть дайындайды; жөнделетiн құбырөткiзгiштi ашады осы учаскедегi айдалатын өнiмдi бөлiп шығарады және негiзгi магистралдан оның шеттерiн бөлiп алып судан босатқан соң көтередi; оның орнына дайындалған плетьттi түсiрiп, оны магистралға енгiзедi.
Құбырөткiзгiштердi екiншi сұлба бойынша жөндеген кезде жалпы ұзынды жөнделетiн учаскенiң ұзындығына тең ұзындыққа тең құбырлар қоры қажет еткiзiледi.
Құбырөткiзгiштiң көтерiлмей, астынан қазу арқылы және жер тiректерiн қалдыру арқылы жөнделуi, құбырөткiзгiштiң дәнекерленген қосылыстардың техникалық күйi оның көтерiлуiне мүмкiндiк бермейтiн жағдайда ғана өткiзiлуi тиiс.
Бұл тәсiлдiң артықшылығы күрделi жөндеудi өткiзген кезде мұнай айдауды тоқтатудың және жұмыс қысымын төмендетудiң қажеттiлiгiнiң жоқтығы, ал кемшiлiгi -жұмыстың кейбiр түрлерiнiң толық механизациялау мүмкiндiгiнiң жоқтығы (жер жұмыстары, тазарту және изоляциялау жұмыстары) және жөнделген учаскенiң астына қағылуының қажеттiлiгi.
Құбырөткiзгiштердi траншеяда лежкаларға көтерiп жатқызу арқылы жөндеу -қазiргi кездегi ең көп тараған және 30-50 см биiктiкке көтерiлуге жарайтын барлық диаметрдегi құбырөткiзгiштерге қолданылады. Берiлген тәсiлдiң негiзгi артықшылығы құбырөткiзгiштiң көтеруге, лежкаларға жатқызуға және изоляцияланғаннан соң түсiруге кеткен уақытты санамағандағы толық жөнделу уақытының бойында жұмыс iстеп тұруында. Жұмыстарды өткiзу технологиясы келесi: Құбырөткiзгiштердi оның төменгi жасаушысына дейiн ашып, дәнекерленген қосылыстарды физикалық тәсiлдерiмен 100 %-қ бақылаудан өткiзедi. Одан кейiн құбырөткiзгiштердi көтерiп, лежкалардан құралған клетиаларға жатқызып арнайы машиналармен тазартады. Тазартатын машина клетиларға жақындаған кезде тазартатын машинаның өтуi мақсатымен жоғарғы лежканы алып тастау үшiн, құбырөткiзгiштi жоғарғы лежкадан 4-5 см биiктiкке көтередi. Одан кейiн лежканы орнына жатқызып құбырөткiзгiштердi клетиларға ақырындап түсiредi.
Көтерiлуiмен температураның өзгеруi кезiндегi құбырөткiзгiште пайда болатын кернеулер жеткiлiктi үлкен мөлшерде болады, сондықтан тазарту және изоляциялау жұмыстарын өткiзген кезде жұмыс қысымын 25Па-қа дейiн төмендетiп, айдауды тоқтатады.
1. 5 Жер жұмыстары
Жер жұмыстары бiр шөмiштi көп шөмiштi, роторлы және арнайы экскаваторлармен жүргiзiледi.
Траншеяларды жалпы тағайындалған экскаваторлармен өңдеген кезде жер жұмыстарының көлемi қажеттi минимумнан әлде қайда үлкен болады одан басқа құбырөткiзгiштердiң бүлiнуiн болдырмау үшiн оның үстiнен қалыңдығы 15-20 см өңделмеген топырақ қабатын қалдыратындықтан жұмыстың бiр бөлiгiн қолмен жасауға тура келедi. Траншеялар профильдерiнiң рационал таңдалуы жалпы тағайындалған эксковаторларды паидалану эффективтiлiгiн мәндi жоғарылатуына мүмкiндiк бередi.
ВНИИСПТ-мұнай институтында ЭР-4 тартқыш эксковаторының негiзiнде ЭВР-377 арнайы роторлы аршу эксковаторы өңдеп шығарылған.
Роторлы аршу эксковаторы ауыспалы шөмiштерi бар, үш секциялы ротормен қамтамасыздандырылған; ортаңғы секциясы ең кiшi диаметрге ие. Ауыспалы шөмiштерiнiң кесетiн бөлiгiн аршылатын құбырөткiзгiштiң диаметрi бойынша өңдейдi, бұл құбырөткiзгiштi эксковатордың төменгi жасаушысына дейiн өтуi арқылы аршу мүмкiндiгiн бередi.
Сулы топырақтарда құбырөткiзгiштердi бiр шөмiштi Э-652, Э-505, Э-352, Э-302 эксковаторлары арқылы ашады.
Үлкен мөлшердегi суға толы топырақтардан өтетiн құбырөткiзгiштердi жөндеу кезiнде су жасанды түрде азайтылады.
1. 4. 1 Магистралды құбырөткiзгiштердi салу кезiндегi жер жұмыстары
Магистралды құбырөткiзгiштердi салу кезiнде жер жұмыстары құрлыс нормаларымен ережелердiң талаптары бойынша жүргiзiледi.
Траншеялардың өлшемдерi құбырөткiзгiштiң типi мен тағаиындалуына, құбырөткiзгiштiң диаметрiне, топырақтың түрi мен қату тереңдiгiне байланысты. Траншеяның енi құбырөткiзгiштiң диаметрне D тәуелдi. Мысалы диаметрi 700 мм ден кiшi құбырөткiзгiштер үшiн ол D+300мм, ал диаметрi 700 мм-ден үлкен құбырөткiзгiштер үшiн ол 1, 5D-ға тең. Сулы траншеялардың енi құбырөткiзгiштi жүкпен балластировка кезiнде жүк енiне 1 м қосқандағы мәнiне тең болуы керек, ал сумен балластировкалағанда 1, 5D-дан аз болмауы керек. Құбырөткiзгiштiң қисық учаскелерiнде траншея енiн жобада қарастырылған өлшемге дейiн үлкейтедi.
Құбырөткiзгiштiң траншеяға төселу тереңдiгi құбырөткiзгiштiң бетiне дейiн 0, 8 м-ден аз болмауы керек. Таулы және сазды топырақтарда ол 0, 5 метрге дейiн кiшiрейтiлуi мүмкiн.
Топрақтың түрiне және траншеяның тереңдiгiне байланысты олардың профильдерi әр түрлi конфигурацияларда болады.
1. 6 Траншеяларды қазу
Траншеяларды қалыпты топрақта қазу кезiнде жер жұмыстарының максималды көлемiн өнiмдiлiгi көбiрек роторлы экскаваторлар орындайды. Трассаның күрделi бұрылыстарында (бұрылу радиусы 50 м-ден кiшi), орманды учакелерде, құмды, қатты сулы және сазды топырақтарда, қатаң қиылысқан жерлерде траншеялардың өңделуi бiрожаулы экскаватордың көмегiмен өткiзiледi.
Таулы топырақтарда траншеялардың өңделуi жарылыс жұмыстарын пайдалану арқылы жүргiзiледi. Жұмыстардың басында таулы топырақтың үстiндегi жұмсақ породаны роторлы экскаватормен немесе бульдозермен алып тастайды. Траншея осiнiң бойымен тереңдiгiне, енiне және жарылатын топырақ категориясына байланысты шпурларды бiр немесе бiрнеше қатарда орналастырады, соңғыда шахматты ретпен. Қатарлар арасын 1-1, 2 м, ал шпурлар арасын 0, 8-1, 2 м деп алады. Жарылатын заттың мөлшерi 1 м 3 жерге 0, 5-1 кг мөлшерде, ал шпурларды 1, 5 м-ге дейiнгi тереңдiкке бұрғылайды.
Жер жұмыстары қысқы жағдайларда, жазғы жағдайларда олардың өткғзiлуi қиын жерлерде (саздар, сулы учаскелер), жазда және қыста құны бiрдей жерлерде және топырағы қатты мұздап кетуден сақталатын жерледе өткiзiледi. Егер жер жұмыстарының көлемi үлкен болса олардың өткiзiлу мерзiмiне, топырақ күйiне, қар қабатының тереңдiгiне байланысты онда алдын ала топырақты мұздап кетуден сақтайтын шаралар өткiзедi.
Сулы топырақтарда олардың консистенциясына байланысты траншеяны роторлы немесе бiр ожаулы экскаватормен өңдейдi. Траншеяның өңделуi траншеяға келетiн су экскаватор жұмысына бөгет жасамау үшiн төменiрек учаскеден бастайды.
1. 7 Траншеяны көму
Құбырөткiзгiштi траншеяға төсеген соң үстiнен жұмсақ топырақпен 20 см биiктiкте көмедi. Егер оны алу мүмкiндiгi болмаса құбырөткiзгiштi ағаш рейкаларынан құралған футеровкамен қорғайды.
Траншеялардың көмiлуi бульдозерлермен, арнайы траншея көмгiштермен және экскаваторлармен iске асады. Траншеяның үстiнен биiктiгi 0, 3-0, 5 метрлi валик жасайды. Материалға және құбырға қойылатын талап
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz