Мұнай құбыр өткізгіштері


Мұнай құбыр өткізгіштері
МАЗМҰНЫ
- ТехнологиЯлыҚ бӨлімМұнай құбыр өткізгіштің жалпы сипаттамасы және оның негізгі параметрлеріМұнай құбыр өткізгіштің сызықты бөлімінің технологиялық шешіміАвариялық жөндеу пункттері
- ЭкономикалыҚ бӨлімМагистральды құбыр өткізгіштің дамуындағы болашағы бар жобаны бағалауда капиталды салымдарды есептеуЖоба бойынша экономикалық талдауОперационды шығындарСалықтар және басқа да төлемдерТәуекелді бағалау және жобаның сезімталдығын талдауЖоба тиімділігінің көрсеткіштеріТаза ағымдағы құн (ТАҚ) Пайданың ішкі нормасы (ПІН) Жобаның өтеу мерзіміКүрделі қаржылардың экономикалық тиімділігіӨндірістің қиын нүктесі немесе залалсыздық нүктесі (тиімділік табалдырығы)
- ЕҢбекті ҚорҒау жӘне техника Қауіпсіздігі
- ЭкологиЯ жӘне ҚоршаҒан ортаны ҚорҒау
Қорытынды
ҚолданылҒан Әдебиеттер
1 ТехнологиЯлыҚ бӨлім
1. 1 Мұнай құбыр өткізгіштің жалпы сипаттамасы және оның негізгі параметрлері
Магистральды құбырлар келесі құрылымдар жиынтығынан тұрады:
- Жеткізуші құбырлар, мұнай мен мұнай өнімдерінің көздерін құбырлардың басты құбырларымен байланыстырады. Мұнайды кәсіптерден, мұнай өнімдерін мұнай өндеу зауаттан айдамалау станцияларының резервуарларына айдап алады;
- Басты айдамалау станциясы, мұнай және мұнай өнімдерін жинайды, магистральды құбырлар бойымен айдауға арналған. Мұнда мұнай және мұнай өнімдерін қабылдауды, оларды сорт бойынша бөлуді, есеп жүргізуді және келесі станцияға айдауды жүзеге асырады;
- Аралық айдамалау станциялары, мұнда мұнай өнімдерін алдыңғы станциядан келіп, жалғастырылып айдаланылады;
- Ақырғы пункт, мұнда құбырлардың өнімдерді қабылдап, тұтынушыларға үлестіріледі немесе транспорттың басқа түрлерімен жіберіледі;
- Құбырлардың сызықтық құрылымдары, осыған құбырлар-дың өздері, трассадағы сызықты құдықтар, катодты және проекторлы қорғаныстағы станциялар, дренажды қондырғылар, сонымен қатар су бөгеттері арқылы өткелдер, темір және автокөлік жолдары жатады.
Техникалық есепке негізгі мәліметтер:
1) Мұнай құбырының істеп шығару қабілетін (G) млн. т жылына есептеудің негізгі бастапқы көлемі, жоспарлы тапсырмаларда көрсетіледі. Магистральды мұнай құбырларының жұмыс күндерінің есептік санын, техникалық қызмет көрсетуге кеткен уақыт шығынын, күрделі жөндеу мен зақымдарды жоюды есептеу арқылы анықтау;
2) Құбыр салу тереңдігіндегі грунттың орта айлық температурасын климаттық анықтамалардан алады. Бұл мәліметтер мұнай тығыздығы мен жабысқақтығының есептік мәнін анықтау үшін қажет;
3) Мұнай тығыздығы мен жабдықтығын лабораториялық талдау арқылы немесе анықтамалар пайдалану арқылы анықтайды. Сонымен қатар сәйкес формулалар қолдану арқылы есептеу жолымен анықтауға болады;
4) Магистральды құбырлар қабырғаларының қалыңдығын есептеуге қажетті болаттың техникалық қасиеттері (төзімділік көрсеткіштері) тәжірибелік жолмен анықталады;
5) Өте тиімді вариантты анықтаудағы капитал шығыны мен пайдалану шығынын есептеу үшін техника-экономикалық көрсеткіштер қажет.
Қалалар мен ауылдарды, ауыл шаруашылығын, өнеркәсіптерді мұнай өніміміен, газбен қамтамасыздандыру, мұнай және газ өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік жоспарларын өңдеу процес-терінде құбырлар құрылысының қажеттілігі көрінеді. Нақты магистральды құбырларды жобалау шешімін Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті қабылдайды, онан кейін мұнай және газ өнеркәсібінің министрлігі жобалауға тапсырма береді. Мұнда келесі негізгі мәліметтер көрсетіледі:
- Құбырлардың атауы мен тағайындалуы;
- Бірінші кезектегі құрылыстың жылдық өткізу қабілеттілігі және өткізгіштік қабілеттілігінің болашақта өсуі;
- Құбыр бағыты (бастапқы, соңғы және аралық пункттер) ;
- Мұнай, мұнай өнімдері және газдың сипаттамалары;
- Басты станциялардағы, соңғы және шығарып тастау пункттеріндегі мұнай, мұнай өнімдерін және газдың қажетті запастары;
- Құрылыстың басталуы және аяқталу мерзімі;
- Күрделі қаржыландырудың бағытталған көлемі;
- Негізгі технологиялық құрал-жабдықтар;
- Мұнай айдау станцияны сумен, жылумен және энергиямен қамтамасыздандыру көздері.
Кенқияқ-Атырау магистральды құбыр өткізгіштің негізгі мақсаты - шикі мұнайды, мұнай кен орындарынан (басты мұнай айдау станциясы) БМАС Кенқияқ, (мұнай айдау станциясы - 3) МАС - 3, (сорапты инженерлік станция) СИС Мақат, Атырау МАС - ның резервуарлық паркіне айдауды ұйымдастыру. Мұның өзі мұнайды экспортқа шығаруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді (КТК мұнай құбыр өткізгішімен Новороссийск портына және Атырау-Самара мұнай құбыр өткізгішімен мұнай тасымалдау жүйесі бойынша Балтық теңіз портына және Батыс Европаға) .
Кенқияқ-Атырау магистральды мұнай құбыр өткізгіштік бірінші кезеңінде БМАС Кенқияқтан МАС - 3 дейін диаметрі 530 мм құбырды төсеу қарастырылады. Осы құбырлар төселгеннен кейін БМАС Кенқияқтан МАС - 3 дейін 10 млн. т/ж. Көлемдегі мұнайды айдау қарастырылады. МАС - 3 берілген мұнай көлеміне 0, 2 млн. т/ж көлеміндегі мұнай қосылып, МАС - 3 Қосшағылға дейін 300 мм құбыр өткізгішпен 1, 2 млн. т/ж көлемдегі мұнайды тасымалдау қарастырылады.
БМАС Кенқияқ және МАС - 3 аралығындағы берілген мұнайды тасымалдау бұрыннан орналасқан сорапты агрегаттармен тасымалданады.
МАС - 3 Атырауға дейін диаметрі 530 мм мұнай құбыр өт-кізгіші төселгеннен кейін және СИС Мақат құрылысы аяқталғаннан кейін, БМАС Кенқияқ пен МАС - 3 бар сорапты агрегаттарды қолдана отырып, 4, 4 млн. т/ж көлемдегі мұнайды тасы-малдауға болады. Кенқияқ-Атырау магистральды құбыр өткізгіштің жобалы мұнай айдау көлемі 6. 0 млн. т/ж. Бұл көлемді айдау МАС - 3 жаңа сорапты станциялы құрылысы аяқталғаннан кейін мүмкін. Мұның өзінде БМАС Кенқияқтан МАС - 3 дейін, 5, 17 мм т/ж МАС - 3 СИС Мақатқа дейін 5, 615 млн. т/ж және СИС Мақаттан Атырауға дейін 6. 0 млн. т/ж көлеміндегі мұнай айдалынады.
Магистральды мұнай құбыр өткізгіштің ұзындығы - 448 км. Құбырдың сыртқы диаметрі 530 мм., қабырға қалыңдығы 10 мм. -ден 7 мм. дейін. Максималды жұмыс қысымы - 6. 0 МПА. Айда-латын мұнайды минималды температурасы 0 0 С тең болуы керек. Құбыр өткізгіштің негізгі бөлігі ІV категорияға жатады, СНиП 2. 05. 06-85* бойынша. Су кедергілерімен қиылысатын жерлері І категорияға жатады. Құбыр өткізгіштің төсеу тереңдігі жердің қату тереңдігінен төмен. құбырларды пісіру СНиП 111-42-80* ережелері бойынша орындалады. Мөлшерлеме талаптарына байланысты термоөңдеу қажет емес. Гидравликалық сынаулар СНиП 111-42-80* талаптары бойынша өткізіледі. Мұнай құбыр өткізгіштің басымен аяғының геометриялық белгілер айырмашылығы 200 м.
1, 2 млн. т/ж көлеміндегі мұнайды Кенқияқтан Қосшағылға, МАС - 3 құбыр өткізгішіне 0, 2 млн. т/ж көлемдегі мұнай қосылып, МАС - 3 мұнай ағынын тоқтатпай үзіліссіз айдауға болады.
Ол үшін БМАС Кенқияқта НПВ 1250-60 тегеуріндік сорап және НМ 1250-60 магистральды сорап орнату керек, ал МАС-3 ЦНС 300-300 сорап орнату керек, айдалатын мұнай температурасына байланысты емес (12 0 С немесе 0 0 С) .
4, 4 млн. т/ж көлемдегі мұнайды БМАС (Кенқияқ) және МАС - 3 орнатылған сораптарды қолдана отырып тасымалдануы мүмкін. Бұл жағдайда мұнай МАС - 3 және СИС Мақатта үзіліссіз айдалуы мүмкін. Ол үшін СИС Мақатқа инженерлік сорап НК 65 130 - 240 негізінде сорапты станция монтаждалынуы керек.
Берілген көлемді Кенқияқтан Атырауға айдағанда МАС-З пен СИС Мақатқа мұнай ағыны үзіліссіз болуы үшін БМАС Кенқияқта НПВ 1550х60 тегеуріндік сорап және екі НМ 1250х260 магистральды сораптар жұмыс істеу керек және олар сораптан сорапқа әдісімен жалғануы керек. МАС - 3 ЦНС 300-300 инженерлік сорап жұмыс істеу керек, ал СИС Мақатта НК 65/30-240 инженерлік сорап істеу керек.
6. 0 млн. т/ж көлемдегі мұнайды тасымалдауда БМАС Кенқияқта орнатылған сорапты агрегаттарды қолдануға болады, бірақ М. А. С. - 3 мұнай ағыны үзінді болады. Мұның өзінде МАС - 3 гидравликалық есептерді ескере отырып жаңа сорапты агрегаттар (екі НПВ 1250-60 тегеуріндік сорапта және төрт НМ 1260х60 тегеурендік сораптар және төрт НМ 1250х60 тегеуріндік сораптар және төрт НМ 1250х60 магистральды сораптар) монтаждалуы керек. СИС Мақатта үш НК 65/35-240 сорапты агрегаттар (екі жұмыс жасайтын және бір резервті) монтаждалуы керек.
Жобаланған 6. 0 млн. т/ж көлемдегі мұнайды (5, 17 млн. т/ж көлемдегі БМАС Кенқияқтан МАС - 3 айдау, 5, 615 млн. т/ж көлемді СИС Мақаттан МАС Атырауға айдау) келесі әдіспен тасымалдауға болады.
БМАС Кенқияқ мұнайға керек қысымды БМАС Кенқияқпен МАС - 3 аралығында қамтамасыз етеді, МАС - 3 станциясында мұнайға керекті қысымды МАС - 3 пен Атырау резервуар парк аралығында қамтамасыз етеді. СИС Мақатта құбыр өткізгішке мұнайды қосу инжекциялық сораппен қамтамасыз етіледі.
БМАС Кенқияқтан Атыраудағы резервуар паркіне шикі мұнайды осы әдіспен тасымалдау оңтайлы болып келеді, өйткені құбыр өткізгіштің максималды қысымын азайтуға мүмкіндік береді және БМАС Кенқияқтың максималды қуатын пайдалануға мүмкіндік береді.
Кенқияқ-Атырау мұнай құбыр өткізгіштің бірінші құрылыс кезеңінде Ду = 500 мм құбырды БМАС Кенқияқтан МАС Атырауға дейін төсеу қарастырылады. Бірінші құрылыс кезеңі аяқталғаннан кейін 1, 2 ден 4, 4 млн. т/ж көлемдегі мұнайды БМАС Кенқияқтан Қосшағылға немесе Атырауға айдауға мүмкіндік береді.
1 суретте 6 млн. тонна/жыл айдау көлемі көрсетілген.
- Мұнай құбыр өткізгіштің сызықты бөлімінің технологиялық шешімі
СНиП 2. 05. 06. - 85* “Магистральды құбыр өткізгіштер. Жоба-лау нормалары” байланысты Кенқияқ-Атырау магистральды мұнай құбыр өткізгіш ІV категорияның ІІІ классына жатады.
Трассаның басты нүктесі болып табылады, ал Кенқияқ ауылының оңтүстігінде 2 км. және Шабаршы қаласынан солтүстікке қарай 5 км. Жерде орналасқан.
Соңғы нүктесі “Атырау” резервуар паркі және сорапты станциясы болып табылады, ал Атырау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 5 км. жерде Атырау-ІІІ ауылында орналасқан. Жобаланатын мұнай құбыр өткізгіш Ақтөбе және Атырау облыстарынан өтеді.
Гео - құрылымдық және гидрогеологиялық ерекшеліктерімен ІІ ретті 2 гидрогеологиялық аудандарға бөлінеді: Орал-Эмбі платасы және Каспий өңірі. Магистральді мұнай құбыр өткізгіш өтетін аудан 1-ші ретті Каспий бассейніне жатады, ол курделі гидрогеологиялық тұрғысымен сипатталынады. Бұл судың жоғары тұздылығын көрсетеді. Іздеу ауданының гидрогеологиялық торы Каспий бассейніне жатады. Бірақ өзендердегі судың тасуы, мұнай құбыр өткізгіштің өзендермен қиылысқан жерлеріне тек қана Орал өзеніне (428 км) қатысты болады.
Сағыз өзені су толған кезде ғана тасиды. Басқа уақыттарда өзен арықтары кеуіп, құм тоқтап қалған тұзды суға айналады. Құбыр өткізгіш өтетін жерлерде (105, 152, 257 км. ) Сағыз өзенін қиып өтеді. Өзеннің ені 15 м-ден 30 м. дейін, тереңдігі 0, 5 - 1, 2 м дейін, ағынының жылдамдығы 0, 1 м/сек., түбі құмды, жағасы биік орналасқан (3 м-ден 5 м-ге дейін) . Мұнай құбыр өткізгіштің өту ауданы тез континентальдық климатпен сипатталынады, температураның мерзімдік және тәуліктік ауысуы мүмкін.
Бұл аудандағы жел материк жел сипатына ие болады. Жылдың суық мерзімдерінде жел шығыспен солтүстікке соғады, жылдың жылы мерімдерінде жел батысқа және оңтүстікке соғады. Желдің орта жылдық жылдамдығы 4-5 м/сек. Ең үлкен жылдамдығы 15 м/сек. Қарастырылатын территория ең құрғақ климатқа жатады. Жауын-шашын мөлшері жыл сайын өзгермейді. Орта жылдық температура трасса басында +4, 5о С, трасса аяғында +8о С. Жыл-дың суық мерзімдерінде температура - 12оС-дан -18оС- дейін.
Магистральды мұнай құбыр өткізгіштің сызықты бөлігін салу үшін диаметрі 530 мм, болат маркасы 17 Г1С, мықтылығы К-52 тік құбырлар қолданылады. СНиП 2. 05. 06-85 табл. 2. мұнай құбыр өткізгіштігі ІV категорияға жатады. Жағымсыз табиғат жағдайларына байланысты трассаның бөлек учаскелереі (жер асты сулары, жер қыртысының қаттылығы) ІІІ ктегориаға дейін көтеріледі. Мұнай құбыр өткізгіштің су кедергілері, автожолдар, теміржолдар және тағы да басқа коммуникациялар мен қиылысатын жерлері СНП 2. 05. 06-85 таблица 3 бойынша ІІ немесе І категорияға дейін көтеріледі.
1 кестеде құбыр түрлері көрсетілген.
Кесте 1 - Құбыр түрлері
2 кестеде сызықты ысырмалар орналасуы көрсетілген.
Кесте 2 - Сызықты ысырмалар орналасуы
Мұнай құбыр өткізгішті коррозиядан қорғау үшін құбырларды коррозияға қарсы жабылғымен орайды. Бұл құбырлар ГОСТ 25812 “Болат құбыр өткізгіштер коррозиядан сақтаудың жалпы талаптары” бойынша заводта коррозияға қарсы жабылғымен оралу керек.
Жоба екі типті жабылғыны қарастырады:
- Комбинирлік мастингі - политилендік (су кедергілерінен) ;
- Комбинирлік ленталы-полителиндік (құбыр өткізгіш бойымен) .
Магистральды мұнай құбыр өткізгіштің барлық ұзындығы бойынша құбырды жерасты төсеу қарастырады.
Құбыр өткізгішті төсеу тереңдігі климаттық жағдайларға мұнай қасиеттеріне және оптимальды температураға, жердің қату тереңдігіне байланысты 2, 3 мм-ден 1, 9 м-ге дейін орналасады. Мұнай құбыр өткізгішітің темір жол мен автомобиль жолдарын қиып өтуі нөлдік белгілері және себілген жолдардан қарастырады. Мұнай құбыр өткізгіштің темір немесе автомобиль жолды қиып өтуі 90 о тең болуы керек.
Мұнай құбыр өткізгіштігі темір жол немесе автомобиль жолдың кез-келген категориясында ауыр жамылғымен және жеңілдетілген жамылғымен, қорғау кожутты (диаметрі 720х10 мм ГОСТ 10704 - 92 бойына төселінеді) . Құбыр өткізгіш тереңдігі темір жол астымен төселген кезде, тереңдігі темір жол табанынан қорғау кожухтың бетіне дейін 2 м-ден кем болмау керек.
Құбыр өткізгіш тереңдігі автомобиль жолының астымен төселген кезде, тереңдігі жолдың бетінен қорғау кожух бетіне дейін 1, 4 м-ден кем болмауы керек.
Айдау жолдарын қиып өткен кезде сериясы 3 503. 1-93. 1-1, көлемі 1, 99х1, 5х0, 17 темір бетонды жол плитасын төсеу қарастырылады, ал құмды жерлерде қалыңдығы 0, 10м темір бетон плитасын төсеу қарастырылады. Магистральды мұнай құбыр өткізгіштігі басқа да магистральды мұнай құбыр өткізгіштік бойымен төселген кезде олардың аралығы 350 мм кем болмау керек. Құбыр өткізгіштер қиылысатын жерлері және құбыр өткізгіш басқа да инженерлік торлармен қиылысатын болса, онда СНиП 11-89-90 талаптарына сай қарастырылады.
Құбыр өткізгіш жер асты коммуникацияларымен қиылысқан кезде, техникалық шарттарға байланысты сол коммуникацияның иесі рұқсатымен орындалады. Құбыр өткізгіш байланыс жүйелерімен қиылысқан кезде, сол жүйелер диаметрі 76х4 мм кесілген темір кожухқа ГОСТ 10704-97 бойынша орнатылады. Құбыр өткізгіш құмды жерлерде өткен кезде құм бульдозерлермен итеріп тегістеледі. Ені 75 м кем өзендерден өткен кезде, құбыр өткізгішті су астымен төсегенде су кедергілерінің түбіне тереңдетіліп өткізіледі.
Орал өзенінің су асты өтуі СНиП 2. 05-85* бойынша І категорияға жатады. Қиындықтар тобына байланысты СНиП 1. 02. 07-87 бойынша “Үлкен өткелдерге” жатады.
Орал өзенінің өту жобасы бойынша, екі нұсқасы бар:
- Тасып өту әдісі;
- Көлденең бұрғылау әдісі.
Тасып өту әдісі
Жоба бойынша Орал өзенін қиып өтудің негізгі және көмекші құбыр өткізгіштер қарастырылады. Екі жағада ашып-жабу арматураларының орналасуы ГВВ 10% белгісінен төмен емес және мұз ағынына жоғары болу керек. Екі құбыр өткізгіш арақашықтығы 50 м болуы керек.
Көмекші құбыр өткізгіш жоба бойынша қырғыштарды және құбыр өткізгіш диагностика құралдарын қабылдау және жіберу стационарлары камерасына мыналар кіреді:
- Қырғыштарды және диагностикалық құралдарды қабылдау, жіберу камерасы;
- Құбыр өткізгіштер, арматура және қосалқы бөлшектер;
- Жіберу және қабылдау камералардан кейінгі қалған қалдықтар ыдысы;
- Қырғыштарды және диагностикалық құралдарды алу, қозғалту, ауыстыру механизмдері;
- қырғыштарды және диагностикалық құралдардың өтуін алдын-ала белгі беру приборы және қысымды тексеретін приборлар.
Негізгі құбыр өткізгіш негізгі мұнай көлемін қабылдау және жіберу камераларымен қызмет етеді. Құбыр өткізгіш майысу радиусына байланысты, өзен рельефіне байланысты, өзен жағаларының және түбінің геологиялық құрылымына байланысты, құбырды төсеу әдісіне байланысты, өзенде өту профилі тағайындалады.
Су асты өтетін құбырлардың ішін тазалау және диагностика жасау үшін жоба бойынша негізгі және көмекші құбыр өткізгіштер диаметрі 530 мм болуы керек. Құбыр қабырғасының қалыңдығы 8 мм. Орал өзенін қиып өтетін құбыр өткізгіш су түбіне тереңдетіліп өтеді. Сутүбіне тереңдету тереңдігі өзен түбірінің деформациясына байланысты тағайындалады. Балласталған мұнай құбыр өткізгішін тереңдету, өзен ағынының деформациясынан 1 метрден кем болмау керек, су асты өткелі 25 жылға жобаланған.
Траншеяны қазу алдындамына шараларды жасау керек:
- Жобаланған реперлар мен ұстағыштарды тексеру және қатайту;
- Өткел өтетін жерде өзен тереңдігін өлшеу.
Орал өзенінен өтуде көптеген жер үсті жұмыстары жүргізіледі: - тік жағалар мен жарларды кесу;
- жағадан траншея қазу;
- траншеяны көму;
- жағаларды қатайту;
- су ағатын каналдарды салу;
- жағада құрылыс алаңдарын жоспарлау.
Құбырларды пісіру өте қатаң тексеріледі, өйткені су асты төселген құбырлар ажырап кетсе үлкен шығындарға және экология-лық қатерлерге әкеледі. Құбыр өткізгіш су асты траншеясының жұмыстары аяқталған кезде төсеуге дайын болу керек. Мұнай құбыр өткізгішті құбыр түбіне төсеп, оны жерге батыру үшін келесі шарт орындалса ғана жіберіледі. Құбырдың майысу радиусы тіректі құбыр өткізгіштің майысу радиусынан аз болмау керек.
Құбыр өткізгішті тексеру алдында, оның су асты траншеясында орналасуын тексеру керек. Орал өзені құбыр өткізгіш қиып өтетін жердегі жағаларды қатайту құрылымдары қолданылады.
Көлденең бұрғылау әдісі.
Жобаның шешімі бойынша Кеқияқ-Атырау магистральды құ-быр өткізгіш Орал өзені су асты өткенде келесі шарттар қарасты-рылады. Көлденең бұрғылау әдісін қолдана отырып, диаметрі 530 мм құбырды төсеу. Осы учаскеде көлденең бұрғылау әдісі құбыр өткізгіштерді салу ведомості мөлшерлемесіне сәйкес “В” категориясына жатады. “В” категориясы участікке өтетін: құбыр өткізгіштің құбырды пісіру жұмыстары 100% радиографикалық әдіспен тексерілуі керек. Мөлшерлемелерге сай құбыр өткізгіш қолдануға берілу алдында герметикалық, гидравликалық мықтылыққа тексерілу және тазалану қажет.
Көлденең бұрғылау әдісін қолданып Орал өзенінен өткенде келесі технологиялық операциялар қарастырылады:
- траншеясыз төсеудегі құрылыс алдында өзеннің енін анықтау;
- жер асты коммуникацияларын текстеру;
- тапсырушыдан негізгі және уақытша реперларды қабылдау;
- өзен жағасының құрылыс өтетін жерлерін тазалау және жоспарлау;
- алаңнан уақытша су ағысы арналарын ұйымдастыру;
- су өткеліне өтетін жолды жақсарту.
Монтажды алаңдар құрылымы:
- монтажды алаң № 1 - бұрғылау қондырғысының көмекші технологиялық құрылымдар орналасу алаңы;
- монтажды алаң № 2 - бұрғылау каналдарын шығару алаңы, өзеннің сол жағасында орналасады;
- монтажды алаң № 3 - дюпердің пісірілген жерлерін изоляциялау және сынау, пісірілген жерлеріне бақылау, пісіру, монтаждау.
Изоляцияланған құбыр өткізгішті тіректерге орналастыру бұрғыланған ұңғыға құбыр қткізгішті тасу алаңы.
Құрылыстың негізгі кезеңдері келесі этаптарға бөлінеді:
1 этап - өзен түбінің астынан ұңғыны бұрғылау, керекті диаметрге дейін ұңғыны кеңейту, оның диаметрі құбыр өткізгіштен 200 мм дейін үлкен болу керек;
2 этап - құбыр өткізгішті дайындау және оны бағыттаушы тіректерге қою, құрастыру;
3 этап - керекті диаметрге дейін кеңейтілген ұңғыға құбыр өткізгішті енгізу.
Құбыр өткізгішті қолдану алдында келесі жою және қайта қалпына келтіру жұмыстары орындалады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz