Алевролитты - сазды қабат


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

АҢДАТПА

Дипломдық жобада Ақтөбе облысында орналасқан Мыңжылқы алаңында жиналған геологиялық-геофизикалық мәліметтер негізінде мұнай іздеу жұмыстарының геологиялық-техника-экономикалық тиімділігі негізделген. Жобаланатын алаңда жоғарғы және орта юра түзілімдері өнімді болып табылады. Жобалау тереңдігі 3250 м, бес іздеу ұңғыларын тұрғызу болжанады (біреуі тәуелсіз, төртеуі тәуелді) . Жобалау беткейлері: пермотриас.

С 3 категориясы бойынша мұнайдың есептелген қоры 14903220, 375 т.

АННОТАЦИЯ

В дипломном проекте обосновывается геолого-технико-экономическая целесообразность постановки поисковых работ на нефть, на основе геолого-геофизических материалов, собранных по площади Мынжылкы, расположенной в Актюбинской области. На проектируемой площади продуктивны отложения верхней и средней юры.

Проектируется заложение пяти поисковых скважин (одна зависимая и четыре зависимые) с проектной глубиной 3250 м. Проектные горизонты: пермотриас.

Подсчитанные запасы нефти по категории С 3 составляют 14903220, 375 т.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ13

1. 1. Ауданның географиялық-экономикалық жағдайы13

1. 2. Ауданның геологиялық-геофизикалық зерттелуі13

1. 2. 1. Геологиялық зерттелуі14

1. 2. 2. Геофизикалық зерттелуі15

1. 3 Жобалық литологиялық-стратиграфииялық қима22

1. 4. Тектоникасы35

1. 4. 1 Геотектоникалық құрылымы және Шалқар ойысының көтерілімдер түрі (Солтүстік-батыс Аралмаңы) (арнайы бөлім) 41

1. 5. Мұнайгаздылығы46

1. 6. Гидрогеологиялық сипаттамасы49

1. 7. Мұнай және газ қорын есептеу59

1. 7. 1 Мұнай қорын есептеу59

1. 8 Жобалық іздеу жұмыстырының әдістері мен көлемі61

1. 8. 1 Іздеу жұмыстырының нысаны мен міндеттері61

1. 8. 2 Ұңғыларды орналастыру жүйесі62

2 ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ64

2. 1 Ұңғыма бұрғылаудың геологиялық жағдайлары64

2. 2 Жуу сұйықтығының сипаттамасы65

2. 3 Ұңғымалардың үлгі құрылысын негіздеу66

2. 3. 1 Ұңғыма конструкциясын жобалау66

2. 3. 2 Шегендеу тізбегінің диаметрін таңдау71

2. 3. 3 Пайдалану тізбегін есептеу73

2. 4 Ұңғыма сағасына орналастырылатын жабдықтарды таңдау78

2. 5 Геологиялық, геофизикалық зерттеулер78

2. 5. 1 Шлам және керн іріктеу78

2. 5. 2 Геофизикалық зерттеулер80

2. 5. 3. Ұңғымаларды сынамалау, сынау және зерттеу81

3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ86

3. 1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру86

3. 2 Материалды-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру88

3. 2. 1 Ұңғы құрылысын қажет мерзімде негіздеу88

Жұмыстың атаулары89

Мерзімі, тәулік89

Жинау-құрастыру89

Бұрғылау және бекіту89

Жоспарланған жұмыстардың89

3. 3 Техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің негіздерін есептеу89

4 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау96

4. 1 Еңбекті қорғау96

4. 1. 1 Өндірістік зиянды және қауіпті факторлерды талдау96

4. 2. 1 Қоршаған ортадағы зиянды факторларды талдау102

4. 2. 2 Қоршаған ортаны қорғау шаралары. 105

ҚОРЫТЫНДЫ111

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ112

ГРАФИКА

КІРІСПЕ

Арал-Тұран плитасының ортасында орналасқан. Осыған орай оның мұнайгаздылық болашағына геологтар 60-жылдардан бастап назар аудара бастады.

Бұл Маңғыстаудан ашылған ірі және Тұран плитасының басқада аймақтарынан шағын мұнай шоғырларының, кен орындарының ашылуымен байланысты болады.

Солтүстік-батыс Арал маңында эоцен түзілімдерінен қоры 20 млрд м 3 . болатын Бозой газ кен орыны ашылды.

Дегенмен осы 60-жылдары Арал аймағынан мұнайгаз іздеу жұмыстары теріс нәтиже берді. Солтүстік және Солтүстік-Батыс Арал маңында мұнайгаз іздеу және терең параметрлік ұңғылар арқылы көмірсутекті шоғырлардың жоқтығы және шөгінді жыныстың қалыңдығының біршама аздығы анықталды. Сондай-ақ Оңтүстік-шығыс, Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Арал маңынан мұнай және газ шоғырлары табылған жоқ.

Осы теріс нәтижелердің барлығы 70-жылдары мұнайгаз барлау жұмыстарының тоқталуына әкеліп соқты. Тек 80-жылдардың аяғында қарастырылып отырған регионмен іргелес жатқан Оңтүстік Торғай мұнайгазды бассейнінің жиналған барлық геологиялық-геофизикалық материалдарды жаңа бағытта талдау және қайта қарастыру жұмыстары басталды. Мұндай қорытындылау АН ҚазССР геологиялық ғылымдар Институтында жасалды және Солтүстік Арал маңында перспективті объектілерді бөлуге және мұнай газ іздеуге практикалық рекомендацияны жетілдіруге мүмкіндік берді. Көрсетілген рекомендацияны іске асыру мақсатында Түңғырықсор және Шоңысын құрылымдарында екі терең параметрлік үңғылар бүрғыланды және бірталай сейсмобарлау жұмыстары жүргізілді. 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында Шығыс Арал маңының қүрғақ бөлігінде сирек торлы сейсмобарлау профильдері пайдаланылды.

Мұнайгаздылық болашағы Арал аймағының геологиялқ қүрлысының және дамуының ерекшеліктері оны 3 мұнайгазды ауданға бөлуге мүмкіндік береді:

  1. Батыс, Солтүстік Үстірт ойпаңының Солтүстік-Шығыс бөлігін қамтиды.
  2. Орталық, Орталық-Арал белдемін қамтиды.
  3. Шығыс, Шығыс-Арал ойпаңын қамтиды.

Батыс ауданында мұнай барлау жұмыстары 60-жылдардың басында жүргізілді. Олардың нәтижесінде палеоген түзілімдерінен 300-400 метр тереңдіктен газ кен орындары ашылды. Олардың ішіндегі ірісі - Базой. Дегенмен, шөгінді тысының біршама терең горизонттарынан көмірсутек іздеу жетістік әкеледі. Бұл аудандарда бор түзілімдері (неокомнан басқа) нашар минералданған сумен шайылған болып шықты, юра түзілімдерінен шоғыр табылған жоқ және палезой квозиплатформалық түзілімдері тіпті зерттелген жоқ.

60-жылдары іздеу құрылыстары тоқтап қалды. Тек, 90-жылдардың 2-жартысында ғана жапон мемлекеттік мұнай компаниясының қаржыландыруымен сейсмобарлау және бұрғылау жұмыстары жаңартылды. Бірақ бұл нәтиже бермеді.

Шөгінді тысының түзілімдерінің құрылымдық және литологиялық-фракциялық сипаттамаларын және қабат суының гидродинамикалық ерекшеліктерін қортындылай келе, ірі көтерілімдермен терең иілімдердің бірігу белдеміндегі төменгі бор және юра горизонттары көмірсутек шоғырларын іздеуге біршама перспективті екендігін көреміз. Бұл белдемдерде тек антиклиналды емес, сондай-ақ стратиграфиялық, тектоникалық экрандалған тұтқыштардың түзілу мүмкіндіктері бар. Бұларда шоғырлар көмірсутектердің миграциясынан түзілуі мүмкін.

Орталық Арал ауданында мұнай барлау жұмыстары негізінен Солтүстік Арал маңында жүргізілді. Мүнда 50-жылдары сынған толқын әдісімен жеке сейсмобарлау профильдері пайдаланылды және 2 терең ұңғы бүрғыланды - Құланды жарылым аралында тереңдігі 3010 метр болатын тіректік ұңғы және тереңдігі 780 метр болатын іздеу ұңғысы Арал қалсының маңында бұрғыланды. Бірақ нәтиже бермеді. Кейінірек 60-жылдары бұл район 1:2 масштабты геологиялық-гидрогеологиялық түсірулер арқылы зерттелді. Осы жұмыстар бойынша ұсақ ұңғылардан жанғыш газ белгілері алынғанымеи, жоғарғы бор түзілімдерінің нашар минералданған сулармен шайылуына байланысты оның маңызы аз болды.

80-жылдардың соңында К. И. Сатпаевтың бекітуімен мұнай іздеу жұмыстары қайта жүргізілді.

Орталық Арал ауданының геологиялық-геофизикалық мәліметтерін талдау нәтижелері пермь-триас түзілімдерінің өте тығыз екендігін және кезекші коллектор жыныстарының жоқ екенін, яғни болашағының аздығын көрсетті. Жоғарғы бар түзілімдері нашар минералданған сулармен шайылғандықтан мұнай іздеу жұмыстарын жүргізуге қызығушылық туғызбай отыр. Неокон қабаты қалыңдығы 450 метрлік сазды құрамды болып келген және аймақтың флюидтірек болып отыр. Екінші аймақтың флюидтірек болып оксфорд-киммеридж сазды қабаты саналады. Атап айтқанда осының астында ортаңғы юра құмтасшы қабаты яғни коллектор жатыр. Құмтас қабаттарының қалыңдығы 20 метр, ашық кеуектілігі 20-26%.

Сонымен Орталық Арал ауданының ортаңғы юра түзілідерінің мұнайгаздылық болашағы біршама жақсы.

Шығыс ауданда мұнай барлау жұмыстары 60-жылдардың соңы мен 70-жылдардың басында жүргізілді. Сейсмобарлау жұмыстары арқылы 3 брохиантиклиналды құрылым (Қызықтөбе, Қосқазан, Досан) анықталды және 5 терең үңғылар осы құрылымдарда бүрғыланды.

Бұл ауданда Аралдың басқа да аймақтарындағы сияқты жоғарғы бор түзілімдері шайылған болып шықты. Мұнай барлау жұмыстарын жүргізуге юра, неонон түзілімдері қызығушылық туғызды. Юра түзілімдерінің қимасында қүмтас қабаттарын сынау кезінде П-1 Қызықтөбе, Қасқазаң П-1 ұңғылары юра түзілімдерінің қабат суының минерализациясы 100 г/л-ден жоғары, ал еріген газда көмірсутектердің 48% екендігін көрсетті. Осыған орай, еріген газда көмірсутек концентрациясы батысқа қарай, яғни теңізге қарай өсетіндігі байқалды.

Сонымен, қазіргі уақытқа дейін алынған материалдар Арал аймағының мұнайгаздылық болашағының бар екендігін, соның ішінде Орталық Арал белдемінің болашағының біршама жоғарылығын көрсетеді.

Ауданның шолу картасы

I. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1. Ауданның географиялық-экономикалық жағдайы

Территориялық әкімшілік жағынан Мыңжылқы алаңы Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында орналасқан.

Aққұл aлaңы Үстiртaлды жaзығындa oрнaлaскaн. Жeр бeдeрi aмплитудaсы -150м - 130м. арaлығындa. Жaзықтың oртaсындa Мыңжылқы-Сeксeуiл oйпaты oрнaлaсқaн. Сoлтүстiктeн Қoшқaрaтa құмымeн шeктeлгeн.

Зeрттeлiп oтырғaн aудaнның климaты күрт кoнтинeнтaльды. Жaзы ыстық, құрғaқ, тeмпeрaтурa +30 - 40 o C-қa жeтeдi. Қысы aз қaрлы, суық, aязы - 30 o C-қa дeйiн төмeндeйдi. Құм бoрaндaрғa aуысып тұрaтын қaтты жeл eсiп тұрады. Жaуын шaшын aз, нeгiзiнeн қыстa жaнe күздe ғaнa. Жылдық oртaшa жaуын шaшым 117 - 180 мм.

Гидрoлoгиялық жүйe төмeн дaмығaн. Aудaндa кeпкeн Сaбыржылғa, Aрыстысaй, Шaғaн, Қыздымсaй өзeндeрiнiң кeпкeн aрнaлaры бaр. Жeкe құдықтaр кeздeсeдi: Тaссaй, Құзқұдық.

Өсiмдiктeр әлeмi Oртaлық Aзияның жaртылaй шөл aймaктaрынa сaй.

Зeрттeлeтiн aудaн aз тұрғылaнғaн. Хaлықтың нeгiзгi қызмeтi - мaл шaруaшылығы. Aқбaсты, Қaныбeк, Бoзoй eлдi мeкeндeрiн қoсaтын құмжoлдaр мeн дaлaлық жoлдaр бaр. Eң iрi eлдi мeкeн - Шaлқaр, aудaн oртaлығы, тeмiржoл бeкeтi aудaннaн сoлтүстiк бaғыттa oрнaлaсқaн.

1. 2. Ауданның геологиялық-геофизикалық зерттелуі

Aудaнның зeрттeлуін 2 сaтығa бөлугe бoлaды. Біріншісі 1962 жылғa дeйін, aл 1964 жылдaн бaстaп бұл жeрдe гaз кeнoрындaрының aшылуынa бaйлaнысты гeoлoгиялық және гeoфизикaлық жұмыстaрдың жүргізілуін қaрaстырaмыз.

1. 2. 1. Геологиялық зерттелуі

A. Н. Яншиннің зeрттeлуімeн 1944 жылы Сoлтүстік Бaтыс Aрaлмaңы мeн Сoлтүстік Үстірт зeрттeлe бaстaды. 1948 - 1949 жылдaры мaсштaбы 1 : 1000 000 бoлaтын aудaнның гeoлoгиялық кaртaсы сoнымeн қaтaр Сaрмaт түзілімдeрінің тaбaны бoйыншa құрылымдық кaртa жaрық көрді.

Aл 1951 жылдaн бaстap гeoлoгиялық түсіруді 10 ВAГТ aeрoлoгялық гeoлoгиялық эксpeдиция жүргізді. Aудaндa Г. Я. Aврoровтың бaстaуымeн “Aктубeнeфтeрaзведкa” трeсті Шoшқaкөл көтeріліміндe құрылымдық іздeу бұрғылaуы мeн гeoлoгялық түсіру жүргізілді. Oсы жылы Шaлқaр бaтыс бөлігіндe, Шoшқaкөл aнтиклинaлінің оңтүстігіндe іздeу және гeoлoгялық түсіру жүргізілді.

1955 - 1956 жылдaры Үстіртaлды жaзығындa Шoшқaкөл aнтиклинaлінің оңтүстігіндe Г - 1 тeрeң бұрғылaу жүргізілді. Ұңғымa жoғaры пeрмнің aстынaн қaтты мeтaмoрфтaнғaн туфты құмтaстaр мeн туфтaрдың қaбaтын aшты.

1961 жылы “Aктубeнeфтeрaзведкa” трeстінің 10 және 11 экспeдициялaры жұмыс жaсaды.

1964 жылыдaн бaстap Сoлтүстік Бaтыс Aрaлмaңының тoлық гeoлoгиялық - гeoфизикaлық зeрттeлуі бaстaлды. Бұл жылы 11 экспедицияның жүргізгeн іздeу бұрғылаулaрының нәтижeсіндe пaлeoгeннің түзілімдeрінeн ірі Бoзoй кeнoрны aшылды.

1966 жылы Aққұл көтeріліміндe Г - 2 тeрeң бұрғылaу жүргізілді. Мұнaйгaздылық жaғынaн бұрғылaу нәтижeсіз бoлды. Сoнымeн қaтaр Сoлтүстік бaтыстa Қызылoй көтeріліміндe бұрғылaу жұмыстaры жүргізілді.

70 жылдaры Кaспиймaңы oйпaтындa тұзaсты түзілімдeрінің ( кeңқияқ ) кeнoрындaрының aшылуынa бaйлaнысты бұл мaңғa нaзaр aудaрылaмaй қaлды.

1989 жылы 1990 - 1995 жылдaрғa aрнaлғaн НГO ”Южкaзгeoлoгия”, ”кaзгeoфизикa” және КaзССР ҒA МГИ кoллeктиві гeoлoгялық бaрлaу жұмыстaрының бaғдaрлaмaсын жaсaды.

Oсы бaғдaрлaмaның нeгізіндe Тұрлaн ГФE 1989 - 1991 жылдaры aймaқтық сeйсмикaлық бaрлaу жұмыстaрын жүргізу нәтижeсіндe 1990 - 1991 жылдaры 1 P және 2 P ұңғылaры бұрғылaнды.

2 P ұңғымaсы іргeтaсқa жeтті, aл 1 P ұңғылaмaсы іргeтaсқa жeтпeй тeрeңдігі 3509 мeтр тeрeңдіктe тoқтaтылды.

1. 2. 2. Геофизикалық зерттелуі

Бірінші геофизикалық жұмыстар зерттелу ауданында 30 - шы жылдары басталды. Ол негізінен Үстіртті және оның шекаралас аудандарын маятникті түсірілім жасаған кез еді. Толық маятникті түсірілім Батыс Қазақстанда 1931-1937 жылдары жүргізілді. 1952-1954 жылдары Соловьев басшылығымен (ВНИГРИ) Үстірт және Маңғышлақ территорияларында аэромагнитті түсірілімдер жүргізіп және масштабы 1:5 изодинам картасын тұрғызды.

Пландық геофизикалық зерттеулердің басталуы 50-шы жылдар. 1953 жылдан «» мекемесі масштабы 1:2 гравиметриялық түсірілім жұмыстарын жүргізді. Соның мәліметтері бойынша гравиметриялық карта жасалды (Тушканов А. Ф. ) .

Электробарлау жұмыстарының мәліметтері бойынша Солтүстік Үстіртте 1954-1956 жылдары жүргізілген шексіз жоғарғы кедергісі бар тіреуіш электрлік горизонты белгіленген. Авторлар оны пермотриас түзілімдерінің үсті деген («Спецгеофизика» конторасы Бычин Б. А. және т. б. ) .

1954-1956 жылдары «Спецгеофизика» конторасы Батыс - Ақсай районында Ақтүмсық көтерілімінде және оның солтүстігінде МОВ және КМПВ сейсмикалық жұмыстарын жүргізді. Солардың мәліметтері бойынша, горизонт V 1 =5000 м/с, палеозойдың шайылу бетіне жататын және масштабы 1:1 неоком табанына құрылымдық карталар жасалған.

1957 жылы Новосибирск геофизика тресті Закаспийда масштабы 1:2 аэромагниттік түсірілім жүргізген. Жұмыс нәтижесінде Үстірт пен көршілес регоиндардың тектоникалық аудандастырылуы берілді.

1958 жылы Қазақ геофизика конторасының (Сгородник Я. М. ) 6/58 сейсмикалық ұңғымасында МОВ региональды жұмыстар жүргізді. Соның нәтижесінде I және III шағылу горизонттардың құрылымдық карталары тұрғызылды. 6/58 партиясымен бірге 7/58 сейсмопартия Шоғырлы құрылымының детализациясын бітіріп, Шөмішті локальды көтерілімі беогіленіп, детальды зерттеген.

1964 жылы Солтүстік - Батыс Арал маңы және Үстірт территорияларын детальды геофизикалық зерттеудің басы болды. 1964 жылы Базой газ кенорнының ашылуына байланысты, қалған жылдары осы ауданды геофизикалық зерттелуіне көп мән берді.

Жоғары айтылған жұмыстардан басқа зерттелген ауданға көптеген статьялар және ғылыми жұмыстар арналған. Соның ішінде негізділерінің бірі А. Л. Яншин жазған «Геология Северного Приаралья» жұмысы 1953 жылы шыққан. Осы ауданға В. С. Мильникуктің, Л. Г. Кирюхиннің, И. С. Плащеевтің, Р. Б. Сапожниковтің диссертациялары арналған.

70-шы жылдардың басында және 1988 жылы практикалық барлық геофизикалық жұмыстар тоқтатылды. Себебі: Солтүстік - Батыс Аралда бор және юра қимасының перспективсіздігі деген пікірі қалыптасты.

Осыдан мынандай қорытынды жасауға болады, зерттелген ауданда тек қана шөгінді қимасының жоғарғы бөлігі ғана зерттелген. (III шағылу горизонтына дейін) . МОГТ жұмыстар Арал акваториясында ғана жасалды және көп жаңа қызықты мәліметтер берді. Шөгінді тыстың қалыңдығы 8-10 км дейін жетеді.

1988-1990 жылдары Түрлан ГФЭ МОГТ регональды профильдер торын жасады. Нәтижесінде зерттелген территорияның геологиялық құрылысын нақтылады. 1991 жылы Аққұл - Қызылой көтерілімдерінде және Құланды - Жақсыбұташ зоналарында МОГТ іздеу жұмыстары басталды.

Ауданның геофизикалық зерттеулеріне анализ жасап, мынандай негізгі қорытындылар жасауға болады. Ауданның геологиялық құрылысын зерттеуге сейсмобарлау негізгі әдіс болды. Ауданның геологиялық құрылысы КМПВ және МОВ сейсмикалық жұмыстарымен зерттелді. Олардың мақсаты мезо-кайнозой түзілімдер комплексіне сапалы материалдар алуы болды. Осциллографикалық тербелісті жазу қолданды. Сапалы алынған мәліметтер, терең жатқан қабаттар туралы нақты көрсетпеген (III шағылу қабаттан төмен) . Сондықтан МОВ қолдануы тек қана III қабатпен оның үстінде жатқан қабаттардың құрылысын көрсетті. Доюра жыныстар комплексінің көрінісі жеке созылмаған алаңдар болып көрсетілген. Жиналған мәліметтер бойынша, МОВ сейсмобарлаудың геологиялық эффектісін төмендететін негізгі факторлары сейсмикалық жағдайдың тереңдігі емес (пермотриас және жарылымды бұрыштардың күшті құлау бұрыштары), толқын алаңының жақсы көрінісінің жоқтығы. Соңында, қазіргі кезге дейін доюра комплексті түзілімдерінің көрінісі және ауданның тектоникалық құрылысы нақты алынған жоқ.

Соңғы он жылдықты жаңа сейсмикалық аппаратураларының пайда болуы және жалпы тереңдік нүкте (МОГТ) әдісін жақсы қолдану арқасында ауданды терең зерттеу мүмкіндігі көбейді. 1988-1990 жылдары МОГТ жұмыстарын жаңа әдістермен және техникамен істеу арқасында ауданның геологиялық құрылысын және перспективтігі бар екенін көрсетті.

Алаңның геолого-геофизикалық зерттелуі.

Жұмыс

істеу

жылы

Партияның, отчет авторларының аты
Алаң
Жұмыс істеу түрі
Қысқаша нәтижелер
Жұмысістеужылы: 1964
Партияның, отчет авторларының аты: «» тресті, АГЭ, с/п 3-4-15/64 Игуменов В. М.
Алаң: Базай көтерілім зонасы
Жұмыс істеу түрі: Рекогносцирлы МОВ түсірілім, масштабы 1:1
Қысқаша нәтижелер: «Э», I, III, шағылу горизонттарының құрылымдық карталары тұрғызылған. Базай көтерілімі, Аяққұм құрылымы зерттелген.
Жұмысістеужылы: 1964
Партияның, отчет авторларының аты:

Үстірт геофизикалық экспедийиясы, с/п 7/64

Федотова Г. А.

Алаң: Шұрық
Жұмыс істеу түрі: Алаңдық МОВ түсірілім
Қысқаша нәтижелер: I және III шағылу горизонттарында Шұрық көтерілімі контурланған. Шығыс-Шұрық көтерілімінің периклиналы анықталған.
Жұмысістеужылы: 1964
Партияның, отчет авторларының аты:

Электробарлау тобы ГИНа АН СССР,

Эпштейн Б. С.

Алаң: Базай
Жұмыс істеу түрі: ГЗ және МТЗ әдісімен электробарлау жұмыстары.
Қысқаша нәтижелер: Жоғарғы кедергілі тіректі горизонты белгіленген.
Жұмысістеужылы: 1965
Партияның, отчет авторларының аты:

АГЭ, с/п 1-2/65, 3-4/65,

Богомолов В. А.,

Пиричев А. М.

Алаң: Аяққұм, Аққұл
Жұмыс істеу түрі: МОВ деталды сейсмикалық жұмыстар.
Қысқаша нәтижелер: I, III шағылу горизонттарының құрылымдық карталары тұрғызылған. Аққұл көтерілімінің құрылымы зерттелген, жаңа оң құрылымдар белгіленген: Қызылой, Көкбұлақ, Қарабас.
Жұмысістеужылы: 1965
Партияның, отчет авторларының аты: АГЭ, гравиметриялық партия
Алаң: Аяққұм, Аққұл
Жұмыс істеу түрі: Гравиметриялық түсірілім, масштабы 1:1
Қысқаша нәтижелер: Гравиметриялық карта құрастырылған.
Жұмысістеужылы: 1966
Партияның, отчет авторларының аты:

Қазгеофизтрест, ТГЭ,

с/п 7/65, с/п 2/65, с/п 7/66.

Сапожников Р. Б.,

Сорокин В. П.

Алаң: Солтүстік-Батыс Арал маңы, Шығыс Үстірт
Жұмыс істеу түрі: КМПВ регионалды жұмыстар.
Қысқаша нәтижелер: Фундамент беті қарастырылған. Фундамент бет рельефінің схемалық картасы құрастырылған.
Жұмысістеужылы: 1966
Партияның, отчет авторларының аты: АГЭ, с/п 1-2/66
Алаң: Луговая, Қошқарата.
Жұмыс істеу түрі: МОВ сейсмикалық түсірілім.
Қысқаша нәтижелер: I және III шағылу горизонттары бойынша Луговой және Қошқарата құрылымдары белгіленіп, контурланған.
Жұмысістеужылы: 1966
Партияның, отчет авторларының аты:

АГЭ, с/п 3-4/66

Байбатыров Т.

Алаң: Аккулков көтерілім тобының батысында.
Жұмыс істеу түрі: МОВ рекогносцирлы жұмыстар.
Қысқаша нәтижелер: Мезозой жыныстар комплексі бойынша екі жаңа көтерілімдер белгіленген: Тасай және Қосқатын.

Алаңның геолого-геофизикалық зерттелуі.

Жұмыс

істеу

жылы

Партияның, отчет авторларының аты
Алаң
Жұмыс істеу түрі
Қысқаша нәтижелер
Жұмысістеужылы: 1967
Партияның, отчет авторларының аты:

АГЭ, с/п 1-2-3/67

Григорьян П. Х.

Алаң: Луговая және одан солтүстік - шығысы.
Жұмыс істеу түрі: МОВ рекогносцирлы жұмыстар.
Қысқаша нәтижелер: I шағылу горизонты бойынша құрылымдық картасы тұрғызылған. Субмеридианды созылған геофизикалық тоб құрылымдар анықталған.
Жұмысістеужылы: 1967
Партияның, отчет авторларының аты: АГЭ, с/п 4-5/67
Алаң: Аккулков көтерілімдер тобының солтүстігі
Жұмыс істеу түрі:

МОВ рекогносцирлы

жұмыстар.

Қысқаша нәтижелер: I және III шағылу горизонттары бойынша Солтүстік - Қызылой және Жеті көтерілімдері белгіленген.
Жұмысістеужылы: 1967
Партияның, отчет авторларының аты:

Үстірт ГФЭ, с/п 4-8/67

Богданович П. Д.

Алаң: Қосбұлақ ойпатының оңтүстік борты Алмамбет алаңы
Жұмыс істеу түрі: МОВ іздеу жұмыстары.
Қысқаша нәтижелер: Жоғарғы юра және PZ горизонтының беті бойынша Алмамбет тектоникалық сатысы белгіленген. Ол екі локалды көтеріліммен күрделенген.
Жұмысістеужылы: 1968
Партияның, отчет авторларының аты:

АГЭ, с/п 1-2/68,

Мазур В. Н.

Алаң: Шиқұдық
Жұмыс істеу түрі: МОВ рекогносцирлы жұмыстар, масштабы 1:1
Қысқаша нәтижелер: I және III шағылу горизонттарының құрылымдық карталары тұрғызылған. Мезозой түзілімдер комплексі бойынша бірнеше локалды құрылымдар белгіленген.
Жұмысістеужылы: 1968
Партияның, отчет авторларының аты:

АГЭ, с/п 11-12/68

Огай Б. А.,

Талибаев Б. С.

Алаң: Қарамола, Луговая.
Жұмыс істеу түрі: КМПВ регионалды жұмыстар, масштабы 1:2
Қысқаша нәтижелер: Ф1 және Ф2 горизонттары бойынша құрылымдық құрылысының схемасы тұрғызылған.
Жұмысістеужылы: 1969
Партияның, отчет авторларының аты:

АГЭ, гравиметриялық партиясы 20-21-22/69,

Опря Н. Н.,

Попов Н. А.

Алаң: Шиқұдық .
Жұмыс істеу түрі: Деталды алаңдық түсірілім.
Қысқаша нәтижелер: Масштабы 1:1 гравиметриялық картасы тұрғызылған.
Жұмысістеужылы: 1970
Партияның, отчет авторларының аты:

АГЭ, с/п 1/70

Мазур В. Н.

Алаң: Құлтабан.
Жұмыс істеу түрі: МОВ рекогносцирлы түсірілім, масштабы 1:1
Қысқаша нәтижелер: I, III, IV, V? шағылу горизонттарының құрылымдық карталары тұрғызылған. Құлтабан көтерілімін терең бұрғылауға берген.
Жұмысістеужылы: 1971
Партияның, отчет авторларының аты:

АГФЭ,

Скутина А. П.,

Тасыбаев Б. С.,

Алексеева Т. Р.

Алаң: Солтүстік-Батыс Арал маңы және Солтүстік-Шығыс Үстірт.
Жұмыс істеу түрі: Партия отчеты 25/69-71
Қысқаша нәтижелер: I, III, IV шағылу горизонттарының құрылым-дық карталары тұрғызылған. Терең ұңғыма-лар бұрғылауға анықтама берілген және геофизикалық жұмыстар жүргізу.

Алаңның геолого-геофизикалық зерттелуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауданның стратиграфиясы
Жетібай мұнайгазды кенорны
Оңтүстік Торғай ойпаты, Арысқұм иінді ойысында орналасқан Приозерный құрлымының мұнайгаздылы қорын есептеу
Сазы сұр, қара сұр
Қабат суларының физика-химиялық қасиеттері
Қабат жағдайындағы мұнайдың тығыздығын есептеу
Аманкелді кенорнын газбен өндіру
«Ақшат 1» әктас кенорнының өнеркәсіптік маңызын айқындап, С1 және С2 категориялары бойынша қор есептеу
Мұнай өндіру туралы
Өзен кен орны жайлы жалпы мәліметтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz